Қаратау қорығынның экотуризмді мүмкіндіктерін жете зерттеу


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 95 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3-6

I - ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДА ТАБИҒИ ҚОРЫҚТАРДЫ

ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

1. 1. Экотуризмнің анықтамасы және оның түрлері . . . 7-19

1. 2. . ҚР экотуризмуінің даму жағдайы . . . 20-23

1. 3. Қазақстан қорықтарының табиғат зоналары мен ландшафт жүйесі . . . 24-33

II - ТАРАУ. ҚАРАТАУ ҚОРЫҒЫНДА ЭКОТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ.

2. 1. Қаратау қорығына физикалық-географиялық сипаттама . . . 34-55

2. 2. . Қаратау қорығындағы экотуризм маршруттары . . . 56-62

2. 3. Қаратау қорығында экотуризмді дамыту . . . 63-90

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 91-93

ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 94-99

ҚОСЫМШАЛАР


КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі қазіргі заманда Қазақстан экономикасы дағдарыс кезеңінен өтіп экономикасы жаңа үрдіс алып келе жатқан кезде экотуризмді дамыту қажеттілігінің туындауында. Экономиканың материалды өнім өндіретін салаларымен бірге, табиғатты қорғау салалары да қалыптасуда. Осының ішінде, Қазақстанның мемлекеттік табиғи қорықтары географиясының алатын орны ерекше. Атап айтқанда, Қаратау қорығында экотуризді дамытудың маңызы зор. Себебі, экотуризмді дамыту бұл табиғи ресустарды пайдаланудың ең жоғарғы формасы.

Біздің көз алдымызда экотуризмді дамыту ісі - Қазақсатан дағдарыс кезеңінен өткеннен соң, белсенді қолға алынып отыр. Ол еліміздегі табиғи тардың толық пайдалану мүмкіндігін арттырып, ел экономкасының дамуына өз ықпалын тигізеді. Қаратау қорығындағы экотуризмді дамыту ондағы табиғи обьектілерді қорғаудың белгілі бір сигменті.

Қаратау қорығы- бұл табиғит обьектілерін қорғаудың ең жоғары формасы. Қорық аймағы шаруашылық айналымнан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң - құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тиым салынған. Сонымен қатар, қорық жеріне улы химикаттарды шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен хайуанаттарын жерсіндіруге болмайды. Адам оның бақылаушысы, зерттеушісі ғана. Сол себептіде, қорықтарды соңғы кезде ашық аспан астындағы нағыз «табиғат лабораториясы» деп те атап жүр.

Шындығында да, кең - байтақ республикамызда қорықтардың жетіспеуі кімді болса да ойландырмай қоймайды. Қазақстанда әр жылдары ұйымдастырылған «Ақсу - Жабағылы» (1926), «Алматы» (1934), «Наурызым» (1959), «Барсакелмес» (1939), «Қорғалжын» (1968) және «Марқакөл»(1976), «Үстірт» (1984), «Батыс Алтай» (1992), «Алакөл» (1998) қорықтары бар.

Осы орайда Қазақстан қорықтары республиканың табиғат байлықтарын қорғау ісіне орасан зор үлес қосып отырғандығын айта кетпесек болмайды.

Қорық ісін ғылыми зерттеулер оның географиямен тығыз байланыста екендігін дәлелдеді. Сол себепті дипломдық жұмыстың тақырыбы - Қазақстанның қорықтарының өткені мен бүгінін анықтауға негізделеді.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.

Жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстанның ерекше қорғалатын аймақтары, соның ішінде қорық жүйесін жан - жақты талдау жасай отырып анықтау.

Осы мақсатты орындау үшін мынандай міндеттерді шешу қажеттілігі анықталды:

1. Қазақстан қорықтарының ғаламдық және аймақтық маңыздылығы мен мүмкіндіктерін анықтау.

2. Қазақстан қорықтарының табиғи алғышарттарына талдау жасау.

3. Ерекше қорғалатын аймақтар, соның ішінде қорықтардың қорғайтын табиғи обьектілерін анықтау.

Диплом жұмысының зерттеу нысанасы: Қазақстан территориясындағы ерекше қорғалатын аймақтар, соның ішінде қорықтарда қорғалатын табиғат обьектілері.

Зерттеу жұмысының әдістемесі.

Дипломдық жұмыста зерттеліп тоырған аумақтағы қорық ісі дамуының табиғи және қоғамдық - әлеуметтік алғы шартт арын анықтау барысында салыстырмалы - географиялық, картографиялық, тарихи әдістер қолданылыпбасқа авторлардың зерттеулерінің нәтижелері талданды.

Физикалық географиялық ғылыми - теориялық қағидалары негізге алынды.

Қорғауға ұсынылған мәселелер:

1. Қазақстанның территориясындағы орналасқан қорықтардағы қорғалатын табиғат обьектілерін есепке алу.

2. Ерекше қорғалатын аймақтар, соның ішіндегі қорықтардың табиғатты қорғаудағы маңызын анықтау.

3. Қорық территориясындағы сирек кездесетін және жойылып кету хаупі төніп тұрған фауна мен флора өкілдерінің тізімін құрастыру.

4. Қазақстандағы перспективалық және перпективасыз қорықтар тізімін құрастыру.

5. Жергілікті жердегі орта мектептің оқушыларына табиғатты қорғауды оқытуда Қазақстанның қорықтары географиясының танымдық білім мен патриоттық тәрбие берудің мүмкіндіктерін іздестіру.

Теориялық маңызы.

Қазақстанда ерекше қорғалатын аймақтар, соның ішінде қорықтардың географиялық жүйесі құрастырылды. Осы жүйені республикадағы ерекше қорғалатын аймақтар жүйесін дамытуда ғылыми - практикалық негіз болады. Жоғары мектептерде және орта мектептерде «Экология негіздері», «Табиғат - тану» сияқты пәндерді өткенде, сонымен қатар, «Өлкетану» факультатив сабағын өткенде осы дипломдық жұмыс материалдарын пайдалануға болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі.

Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Дипломдық жұмыстың мазмұны 4 кестемен, 2 карта - схемамен және 3 суретпен жабдықталған.

Жұмыстың бірінші тарауында Қазақстанда табиғи қорықтарды ұйымдастырудың алғы шарттары, оның ішінде жекр бедері, геологиялық құрылысы жөнінде баяндалған. Сонымен қатар, Қазақстан қорықтарының климаты мен ішкі сулары, сондай - ақ, табиғат зоналар мен ландшафт жүйесі жайында мәліметтер қарастырылған.

Жұмыстың екінші тарауында - табиғи қорықтардың жүйесі, оның көкейтесті мәселелеріне талдау жасалып, Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын аймақтар, соның ішінде қорықтар туралы Заңы қарастырылып, қорықтағы табиғи обьбектілердің тізімі құрастырылып, оның қорық ісін дамытудағы мүмкіндіктері қарастырылған. Сондай - ақ, табиғи қорықтардың даму тарихы мен жүйесі қарастырылып, қорықтардың көкейтесті экологиялық проблемалары қарастырылған.

Жұмыстың мазмұны 80 парақта баяндалған.


I-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДА ТАБИҒИ ҚОРЫҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ.

1. 1. Жер бедері, геологиялық құрылысы.

Қорықтар - бұл табиғат обьектілерін қорғаудың ең жоғары формасы. Қо - рық аймағы шаруашылық айналымнан босатылып, онда кен өндіру мен құ - рылыс жұмыстарын жүргізу, аң - құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тиым салынған. Сонымен қатар, қорық жеріне улы химикаттарды шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен жануарларын жерсіндіруге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты, сол аймақтың ландшафтылы - географиялық белдеуінің үлгісі, ретінде қорға - луы қажет. Бұл жерлердегі экологиялық процестердің барлығы адамның ара - ласуынсыз табиғи жағдайда өтеді. Адам оның бақылаушысы, зертеушісі ғана. Сол себептіде қорықтарды соңғы кезде ашық аспан астындағы нағыз «таби - ғат лобараториясы» деп те атап жүр. Өйткені мұнда ұзақ жылдар бойына та - биғат комплекстерін табиғи жағдайда ғылыми зерттеу, «табиғат жылнамала- рын» жүргізу сияқты алуан түрлі жұмыстар жүзеге асырылады. Қорықтарда тек саны азайып, жойылып кетуге жақын тұрған хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар, өлкеміздің кө - рікті табиғат ландшафтылары, жалпы табиғат комплекстері сол қалпында сақталады. Міне, сондықтан да болашақ ұрпаққа табиғат байлықтарын кеме - ліне келтіре көркейген қалпында табыс етуде қорықтардың алатын орны ерек ше.

Қазақстан Республикасы бойынша 9 мемлекеттік қорық, 66 қорыққор (оның 44 зоологиялық, 20 ботаникалық, 2 палеонтологиялық), 6 ұлттық парк және 24- тен асатм табиғат ескеткіштері бар. Әрине, біздің аумақтың көлемінде шаққанда, қорғалатын жерлер барлық жердің 3 пайызын қаитиды. Мұның өзі табиғат қорғау проблемасының өз шешімін таппай отырғанын көрсетсе керек. Дегенмен, республикамызда қорықтар ұйымдастыру соңғы жылдары қолға алына бастады. Мәселен, соңғы жылдары Батыс Алтай мен Алакөл қорығының ұйымдастырылуы, Алтынемел, Ордабасы, Қарқаралы, Іле Алатауы ұлттық парктерінің құрылуы осының айғағы болса керек. (1)

Егеменді Қазақстан жері жақын арада Қаратау, Бетпақдала, Кент, Қапланқыр, Балқаш, Ерейментау, Торғай, т. б. көптеген қорықтар мен ұлттық парктердің отанына айналары сөзсіз.

Негізінен ландафтарды қорғаудың 10 категориясы бар:

- қорыққорлар;

- ұлттық парктер;

- табиғат ескерткіштері;

- қорғалатын ландшафтар;

- табиғат ресурстарының қорық - қорлары,

- биосфералық қорықтар;

- микроқорықтар; (омыртқасыз жәндіктер мен өсімдіктерге арналған ) ;

- табиғат обьектілері мен көп мақсатты қорғауға алынатын жерлер.

Қандай да болмасын тіршілік иелері, мейлі ол өсімдіктер дүниесі я болмаса түз тағыларының өкілі болсын, оларды өздері бейімделіп, тіршілік ететін табиғи ортасынан ажыратпай қорғау және мейлінше қорын молайту ісі, бүгінгі күн тәртібінде тұрған көкейтесті мәселелердің бірі. Неге десеңіз, қазіргі өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының, транспорттың қарышты қадамы оларға өзінің ықпалын тигізуде. Оларға кері әсер етпеу үшін, адам ғылыми - техникалық прогресс пен табиғат қорғау ісін ғылыми негізде ұштастыра білуі қажет. Яғни, табиғатта өтетін экологиялық процестерге игі ықпал етіп, қоршаған ортаны көркейтумен қатар, небір қайталанбас көркі бар табиғи ландшафтарды барлық компоненттерімен қамқорлыққа алғаны жөн.

Қазақстан жері жасыл өсімдіктер әлемі мен жабайы жануарлар дүниесі өкілдеріне бай өлке. Өздеріңізге белгілі, олардың арасында туған өлке топырағына ғана тән хайуанаттар мен өсімдіктердің эндемикалық түрлері мен қатар, сонау мұздану дәуірінен бері бізге жеткен реликт және толып жатқан себептерге байланысты азайып кеткен түрлері де аз емес. Айталық, жойылып кету қаупі бар және сиреп кеткендер тізіміне хайуанаттардың 87, өсімдіктердің 306 түрі іліккен екен. Қайткен күнде де, олардың жерімізден ғайып болып кетпеуіне жағдай жасау мол міндеттер жүктейді. Бұл міндеттердің дұрыс шешілуінің көптеген жолдары бар. Солардың ішіндегі ең тиімді жолы - қорықтар мен табиғи парктер, қорыққор мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырып, ботаникалық бақтар мен хайуанаттар парктерін құру. (2)

Табиғат - қоғам байлығы. Шындығында да, кең - байтақ республикамызда қорықтардың жетіспеуі кімді болсын ойландырмай қоймайды. (3) Қазақстанда әр жылдары ұйымдастырылған «Ақсу - Жабағылы» (1926), «Алматы» (1934), «Наурызым» (1959), «Барсакелмес» (1939), «Қорғалжын» (1968), «Марқакөл» (1976) «Үстірт» (1984), «Батыс Алтай» (1992) және «Алакөл» (1998) қорықтары бар. Осы орайда Қазақстан қорықтары республикамыздың табиғат байлықтарын қорғау ісіне орасан зор үлес қосып отырғандығын айта кетпесе болмайды. (4)

Табиғат - қоғам байлығы. Ол қашанда жер бетіндегі тіршіліктің қайнар көзі. Елімізде табиғи ресурстарды пайдалану ісі бұл процестің екінші жағы - табиғатты қорғау ісімен тығыз байланысты. Міне, осы екі міндетті комплексті түрде шешу нәтижесінде еліміздің бай табиғаты бұрынғыдан да гүлденіп, ол өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы шапшаң қарқынмен дамыған алдыңғы қатарлы айналып отыр. Біздің заманымызда жер қойнауының алуан түрлі қазба байлығы өндіріліп, сан мыңдаған кәсіпорындар мен фабрик - зауыттар бой көтерді. Елімізде ғасырлар бойы тусырап жатқан тың және тыңайған жерлер игеріліп, онда көптеген ауыл- елдімекендер мен қалалар орнады. Шөл - шөлейтті аймақтарды суландыру, оны жайқалған оазиске айналдыру міндеті жүзеге асырылуда. Отанымыздың жасыл алқасы - орман тоғайларды қорғау жұмысы зор мәнге ие болып, терісі бағалы аңдар қатары қалпына келтіріліп, кейбір түрлердің саны көбейтілді.

Алайда, табиғат қазынасы сарқылмас қор емес. Оның адам игілігі үшін ұзақ мерзім пайдаланылуы, өніп - өсіп, артып отыруы адамның қамқорлығын керек етеді. Қоршаған орта тазалығы, орман, қазба байлықтар, су байлығы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі қазіргі күннің үнемі назарында тұрған басты мәселелердің бірі болып отыр. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, оны қорғау - өте күрделі жұмыс. Ол үшін ең алдымен адам мен табиғат арасындағы өзара қатынасты дұрыс шешу, табиғат байлығын «тонай» бермей, оны арттыра түсу ісіне атсалысу, күтіп - баптау шараларының дұрыс жолға қойылуы қажет. Қысқаша айтқанда, табиғаттағы биологиялық тепе - теңдік бұзылмауы тиіс.

Алуан түрлі өнеркәсіп пен өндіріс орындарының қанат жайып, ауыл шаруашылығының қарыштап дамыған қазіргі кезеңінде түрлі шаруашылық әрекеттің қоршаған ортаға тигізетін әсерін табиғаттағы биологиялық тепе -теңдік заңдылықтарын білуіміз шарт. Бұл міндетті ойдағыдай шешуде табиғи лаборатория - қорықтардың ролі өте зор. Қорықтарда көп жылдар бойы табиғатта өтіп жататын өзгерістерге бақылау жүргізіліп, оның даму заңдылықтары зерттеледі. Соның негізінде табиғи процестердің дамуына, келешегіне болжам жасалады. Онда болатын өзгерістерді зерттеу нәтижелеріне қарай алдын - ала шамалауға болады. Сондықтан да қорықтар нағыз күрделі табиғи лаборатория болып табылады. Табиғаттың қорғауға алынған бұл аумағы - ауа - райы, топырағы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі арасында бірнеше мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан биологиялық байлықтарды сақтайды. Қорықтар - табиғат эталоны. Мұндағы орман - тоғай, жайқалған шабындық, аң - құс, айдын көлдер мүмкіндігінше сол бұрынғы әсем қалпында сақталуы тиіс. Ұлан - байтақ жері бар Қазақстан бірнеше табиғи - географиялық аймақты - солтүстігінен оңтүстігіне қарай орманды - дала, дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиды. Территориясында Д. М. Менделеев кестесіндегі элементердің барлығы дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5 000 - нан астамы, аңның 150 - дейі, құстың 480 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 50 -і, қосмекенділердің 12- ден астам түрі тіршілік ететін бұл аймақты шын мәнінде табиғи байлықтың мекені деуге болады. Бірақ, бұл інжу - маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын, өзінен - өзі өне беретін қор емес. Сондықтан да оны пай - даланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек. Осы бағыттағы шаралардың бірі - «жер жаннаты» деп орынды аталып кеткен небір тамаша өңірлерді қорыққа айналдыру болып табылады. (5)

Алматы мемлекеттік қорығы. Алматы қорығы Іле Алатауының теріскей беткейінен орын тепкен. Биік шыңдарын мәңгі мұз бен қар басқан сұлу шыршалы ормандарына қараса көз тоймайтын әсем тау кімді болса да қызықтырмай қоймайды. Ғажап қой, тау іші шіркін! Тау шыңынан күн сәулесі көтеріле орман іші құстардың әніне бөленеді. Алатау бауырында сыл- дырап аққан мөп - мөлдір өзендер мен көкорай шалғындары, шыршалары, қия - шатқалдары көздің жауын алып, «табиғаттың бізге тартқан жомарт сыйын ардақтап, қорғаңдар» дегендей болады. Алматы қорығына Іле Алатауының орталық бөлігі - теңіз деңгейінен 1400 - 1500 м. биіктік аралығында орналасқан Талғар тау жоталары енеді. Жер бедері күшті тілім - денген. Жерінің 25 мың гектарын тасты құздар алып жатыр. Топырағына эрозия зор әсер еткендігі көзге ұрып тұрады. Оның үстіне қорық территория - сына «ән салатын» құмды таулар кіреді. Шағын ғана жері бар осы қоныста табиғаттың әр алуан көріністерінің ұштасуы ғажап - ақ. «Әнші тау» құпиясы. Қорыққа қарасты «Әнші тау» биіктігі 150 метрдей, ұзындығы 3 шақырымға жуық құмы сусылдаған ақ шағылды төбе. Кейде оны «Жаңғырық тау» деп те атайды.

Ғажайып «Әнші тау» халық арасында неше түрлі аңыз - әңгімелер тудыр - ған. Мәселен, бұл құмды төбелерде өзінің жырымен жолаушыларды еліктіріп, хауіпті сусыз шөлдерге апарып, қырғынға ұшырататын әйел кескін ді мақұлық ән салады - мыс. «Әнші тау» туралы әр қилы хиқаялар дінге сенуден, жоққа нанушылықтың салдарынан туған. «Жаңғырық таудың» ете - гінде ерте замандағы бейіттер ұшырасады. Көне дәуірдегі аңыз - әңгімелерге арқау болған «Әнші тау» құпиясына бұл күндері ғалымдар зерттеу жүргізуде.

Қазір ғалымдар құмның айрықша үн шығаруын қалайша түсіндіреді? Енді со- ған тоқталайық. Ол туралы айтылатын болжамдар көп - ақ, бірақ солардың ешқайсысы бұл сырды нақты ашып бере алмайды. Тек құмның дыбыс шыға - руының кейбір себептері ғана белгілі болып отыр. Мұндай қасиеттер өте құр- ғақ, кремнезем қоспасы бар сусымалы, таза құмдарда ғана байқалатындығы анықталды. Ондай құм түйіршігі ұсақ және біркелкі мөлшерде қиыршық бо- лып келеді. Құмның тек қозғалыс кезінде ғана дыбыс шығаратындығы ақи - қат. Егер құм сусып қозғалса, оның шығарған дыбысы бірте - бірте күшейіп, реактивтік самолеттің гүрілі сияқты қуатты гуілге ұласады. Мәселен, Іле өзенінің оң сағасында орналасқан «Әнші таудың» күшті жел тұрғанда шығар ған дыбысының әсерінен одан үш шақырымдай жерде тұрған үй терезесінің әйнегі сықырлайды. Осы төбе құмға шығып, оның дауысын естіген адамға, ол сондай бір ұмытылмас әсер қалдырады. Құмға алғаш аяғыңызды тигізе берге- ніңізде - ақ одан иттің ырылдағанына ұқсас дыбыс құлаққа шалынады. Енді оған толық көтерілген уақытта құм шыр ете түседі. Кенеттен соққан самал жел екпінімен құм қозғалып, сырнайдай таза үн шығарады.

«Әнші тауды» зерттеумен кеңес ғалымы В. И. Аравади айналысқан. Әр түрлі жағдайда құм шығарған дыбыс диктофонға жазылып алынып, одан соң қазіргі акустикалық құралдар көмегімен лаборатория жағдайында тексерілген. Өзінің көп жылғы зерттеулерінің арқасында В. И. Аравади құмның жоғарғы қабатының астында жел әсерінен пайда болатын «құм тол - қындары» осындай дыбыс шығарады деген қорытындыға келеді. Құмның үс - тіңгі беті жел, немесе басқа күштер ықпалымен қозғалып, төменгі толқынды қабатпен жанасқанда, үйкеліс тудырады да, одан біз еститін әсем «ән» пайда болады дейді. Бұл тұжырым әлі де зерттей түсуді қажет етеді. Ғалымның бұл пікірі әлі де болжам есебінде қалып отыр. Өйткені, ешбір толқынды қабаты жоқ осы «Әнші таудан» алынған құм да дыбыс шығарады. Бұл жұмбақтың құпия сырлары әлі шешіле қойған жоқ. «Жаңғырық таудың» құпияларын ғы - лыми тұрғыдан зерттеу ісі қызу жүргізіліп жатыр. Қорғауға алынған табиғат - тың осы бір қызық құбылысын өз көзімен көруге асыққан жолаушылар тас - қыны «Әнші тау» бағытында еш толастамайды.

Ақсу - Жабағылы мемлекеттік қорығы. Ақсу - Жабағылы қорығы Талас Алатауының солтүстік - батыс бөлігінің біразын және көршілес Өгем жотасын алып жатыр. Оның негізгі территориясы Оңтүстік Қазақстан Түлкі - бас, Леңгір және Алғабас аудандары жерінде орналасқан. Сонымен қатар, қорық құрамына екі полентологиялық учаске кіреді: бірі - Қарабастауда, жер көлемі 126 га., екіншісі - «Әулие», жер көлемі 100 га. Екеуі де Алғабас ауда - ны территориясында, қорықтың негізгі территориясынан 120 шақырымдай қашық орналасқан.

Қазірде қорықтың жалпы жер көлемі 74 416 га. оның 2616 га. - ры Түл - кібас ауданында, 50 576 га - ры Ленгір ауданында болса, 224 га - ры Ал - ғабас ауданының үлесіне тиеді. Қорықтың орталығы Түлкібас темір жол станциясынан 18 - 20 шақырымдай жердегі Ново - Николаевка селосында. Ең биік шыңдары мәңгі мұзбен таласқан, ірі құзды Талас Алатауы шығыста Та - лас өзенінің жоғарғы ағысынан батыста - Шыршық пен Келес өзендерінің жоғарғы ағысына дейін 250 шақырымнан аса қашықтыққа созылып жатыр. Талас Алатауының оңтүстік беткейі Өгем, Піскем, Шатқал тау жоталарына бөлініп, батысқа және оңтүстік - батысқа қарай созыла түседі. Талас Алата - уының солтүстік жағы Шоқпақ және Майдантал асулары арқылы Қаратаумен жалғасып кетеді. Ақсу мен Жабағылы өзендерінің басталар жоғарғы жағынан жан - жаққа Жабағылы, Алатау, Балдыбірек және басқа да біраз тау жоталары кетеді. Арнасын осы жоталардан алатын өзендер Арысқа келіп құяды. Жаба - ғылы тауының ең биік шыңы теңіз деңгейінен 2915 м., Алатаудікі - 4042 м., Өгем жотасынікі - 4072 м биіктікте. Таудың беткейлері көбіне тік келеді. Алатау жотасы мен Балдыбірек тауының солтүстік беткейі 1800 - 2500 м. биіктікте жайпақтала келіп, жазыққа айналады. Тау беткейлеріне тән қасиет - онда орман ағаштары жоқ. Тек кейбір учаскелерде ғана ойдым - ойдым бо - лып өскен орманды көруге болады. Көбіне тау қойнаулары тастақ келеді. Биік құздары көп - ақ. Судың жуып шаюынан өзендер бойында терең, бет - кейлері тік аңғарлар - каньондар мұнда едәуір. Мәселен, Ақсу өзені бойын - дағы осындай каньондар қашықтығы 30 шақырымдай болады да, тереңдігі 500 - 600 метрдей келеді. Одан кішірек, бірақ сондай әсем аңғарлар -коньон - дар Үлкен және Кіші Балдыбірек, Кіші Қайыңды өзендері бойында да бар.

Талас Алатауының жоталары негізінен қалыңдығы 2000 метрге дейін жететін палеозойлық әктастық тау жыныстарынан құралған. Гранит пен сиенит жы - ныстары аз кездеседі. Олардың әктаспен араласқан жерлерінде мрамор пайда болады. Таудың 1800 биіктігіне дейін әктастың бетін бор (70-110 млн. жас) және үштік (70 млн. кем жас) дәуірлеріне құмтастар, балшық, сланец, конгломерат жыныстары басқан. Бұл жыныстар қабаттарының қалай жатқа - нын қорықтағы өзендер бойындағы аңғарлардан жақсы байқауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда туристерге қызмет көрсету
Экологиялық туризм ерекшеліктері
Экологиялық туризм түсінігі
Экологиялық туризмнің негізгі міндеті – табиғатты сырттай бақылау
ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛАР ЭКОТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Туристік қызметтерді жобалау
Қазақстандағы экотуризмнің дамуы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әлеуметтiк-экологиялық-экономикалық тиiмдiлiгi (Ақсу-Жабағылы қорығы мысалында)
Экологиялық туризмнің түрлеріне тоқталдық
Экотуризм бойынша халықаралық бағдарламалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz