Соғыстан кейінгі экономиканың қалыптасуы



1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Экономиканы соғыстан кейін байта құру. Өнеркәсіп пен транспорттың даму
2.2. КСРО.дағы қоғамдық.саяси жағдайдың көрінісі
2.3. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудiң экологиялық, экономикалық және әлеуметтiк.демографиялық салдары
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты. 32 мың өнеркәсіп орны, сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты, олардың біраз бөлігі толығымен жойылды. Сталинград (Волгоград), Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Минсксияқты қалалар жер мен жексен етілді. Экономикалық қиындықтар жұмыс қолының жетіспеуіне байланысты күрделене түсті. Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі, одан да көп болуы мүмкін. Өндірістегі жетпейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін КСРО үкіметі Кеңес Армиясы қатарынан ірі көлемдегі демобилизация жүргізді. Бірінші демобилизация 1945 жылы шілде-қыркүйек айларында өтті. Алдыңғы кезекте солдаттар және жасы ұлғайған кіші офицерлер, инженер, мұғалім, агроном т.с.с. мамандар демобилизацияланды. 1945-1946 жылдары армия қатарындағылардың саны 8,5 млн-ға азайды. Қазақстандағы тек қана әскери тапсырыстар орындаған көптеген зауыттар жаңа жағдайда бейбіт өнімдер шығаруға көшті. Дегенмен соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші жетіспеді. Бұл жағдай бірнеше себептерге байланысты еді. Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған мамандардың көпшілігі туған жерлеріне кайтты. Көптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және соғыстан оралмады. 1930-1934 жылдардағы шаруалардың зорлап ұжымдастыру кезіндегі жаппай қоныс аударуы, сондай-ақ республиканың ауыл шаруашылық аудандарының жартысына жуығының қырылуына алып келген аштық салдарлары айқын сезілді. Зауыт және фабрика жүмысшыларының мамандану дәрежесі, жалпы алғанда, жоғары болмады. Жетіспейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін республикада жер-жерлерден еңбек ресурстары мектептері мен училищелері құрыла бастады. Жұмыс күшінің орны Кеңес Армиясы катарынан демобилизацияланған әскерлер, сондай ақ фашистік тұтқыннан оралған репатрианттар есебінен толығып отырды. Қолданылған ісшаралар нәтижесінде егін алқабының деқаншылары мен еңбекшілерінің қатары толықты. 1946 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып Жумабай Шаяхметов тагайындалды. Кеңес Одағының басқа республикалары сияқты Қазақстан да фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға қолдан келген көмекті аямады. Республикада тұтастай азық-түлік керуендері жасақталды. Қазақстандықтар Сталинградтың, Ленинградтың, Солтүстік Кавказдың соғыстан зардап шеккен шаруашылықтарын қалпына келтіруге белсене катысты. Тек 1945 жылдың өзінде Украинаға 500 трактор және басқа да ауыл шаруашылық машина, 140
1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009.
2. Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық — гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық/М.Қойгелдиев, Ө.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007.
3. С. Бекенов. Қазақ тұтқыны; бас. ред. Б. Аяған. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2007. — 256 б.
4. тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық - гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық/М.Қойгелдиев, Ө.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Экономиканы соғыстан кейін байта құру. Өнеркәсіп пен транспорттың даму
2.2. КСРО-дағы қоғамдық-саяси жағдайдың көрінісі
2.3. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудiң экологиялық, экономикалық және әлеуметтiк-демографиялық салдары
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты. 32 мың өнеркәсіп орны, сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты, олардың біраз бөлігі толығымен жойылды. Сталинград (Волгоград), Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Минсксияқты қалалар жер мен жексен етілді. Экономикалық қиындықтар жұмыс қолының жетіспеуіне байланысты күрделене түсті. Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі, одан да көп болуы мүмкін. Өндірістегі жетпейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін КСРО үкіметі Кеңес Армиясы қатарынан ірі көлемдегі демобилизация жүргізді. Бірінші демобилизация 1945 жылы шілде-қыркүйек айларында өтті. Алдыңғы кезекте солдаттар және жасы ұлғайған кіші офицерлер, инженер, мұғалім, агроном т.с.с. мамандар демобилизацияланды. 1945-1946 жылдары армия қатарындағылардың саны 8,5 млн-ға азайды. Қазақстандағы тек қана әскери тапсырыстар орындаған көптеген зауыттар жаңа жағдайда бейбіт өнімдер шығаруға көшті. Дегенмен соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші жетіспеді. Бұл жағдай бірнеше себептерге байланысты еді. Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған мамандардың көпшілігі туған жерлеріне кайтты. Көптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және соғыстан оралмады. 1930-1934 жылдардағы шаруалардың зорлап ұжымдастыру кезіндегі жаппай қоныс аударуы, сондай-ақ республиканың ауыл шаруашылық аудандарының жартысына жуығының қырылуына алып келген аштық салдарлары айқын сезілді. Зауыт және фабрика жүмысшыларының мамандану дәрежесі, жалпы алғанда, жоғары болмады. Жетіспейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін республикада жер-жерлерден еңбек ресурстары мектептері мен училищелері құрыла бастады. Жұмыс күшінің орны Кеңес Армиясы катарынан демобилизацияланған әскерлер, сондай ақ фашистік тұтқыннан оралған репатрианттар есебінен толығып отырды. Қолданылған ісшаралар нәтижесінде егін алқабының деқаншылары мен еңбекшілерінің қатары толықты. 1946 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып Жумабай Шаяхметов тагайындалды. Кеңес Одағының басқа республикалары сияқты Қазақстан да фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға қолдан келген көмекті аямады. Республикада тұтастай азық-түлік керуендері жасақталды. Қазақстандықтар Сталинградтың, Ленинградтың, Солтүстік Кавказдың соғыстан зардап шеккен шаруашылықтарын қалпына келтіруге белсене катысты. Тек 1945 жылдың өзінде Украинаға 500 трактор және басқа да ауыл шаруашылық машина, 140 паровоз, бірнеше жүздеген ауыл шаруашылық мамандары жіберілді. Фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға жарты миллионнан астам ірі қара мал, жылқы, қой жеңілдетілген бағамен сатылды. Сондай-ақ тегін көмек көрсетілді. Қазақстан колхоздары неміс оккупациясынан азат етілген аудандарға көмек ретінде 17,5 мың ірі қара мал, 22 мындай жылқы және 350 мың қой жіберді.Кеңес өкімет өз кезегінде Қазақстанның халық шаруашылығын және мәдениетін дамытуға ерекше назар аударды. КСРО экономикасы біртіндеп бейбіт калыпқа түсе бастады. Бұрын әскери өнім шығарып келген өнеркәсіп орындары күнделікті тұтыну заттарын шығаруға қайта бейімделді.

Жұмыстың тақырыбы: Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан. Жұмыстың мақсаты: 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қазақстанда қалыптасқан саяси-экономикалық жағдайға тоқталу. Жұмыстың көлемі кіріспеден, 3 бөлімнен тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

2.1. Экономиканы соғыстан кейін байта құру. Өнеркәсіп пен транспорттың даму
II дуниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны - 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды .
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.
1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.
Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды.
Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды.Төртінші бесжылдық құрылыстары:1946- 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау заводында үй прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші кезегі, Өскеменде қорғасын-мырш (1947 ж.) комбинаты салынды. Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны - 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай - 1,5 газ- 1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды.
Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты - Шу темір жолы салынып, Жамбыл - Шолақтау темір жолы іске қосылды.
Байланыс ісі жақсартылды. Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды. 1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды. Радио жүйесі, 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты. Маманданған жұмысшылар қатары өсті. 1945 жылы 1,044 мың болса, 1950 жылы - 1403 мың адам болды. 1950 жылы елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн. 403000-ға жетті.
Ауыл шаруашылығы. Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар: ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу т.б.
1946 жылғы 16 қыркүйекте ауыл шаруашылығында орын алған ауыр жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес савхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан ауыл шаруашылығында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар болды. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда 76% МТС-тер жұмыс істейді.
Осы жылдарда ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада 1952 жылғы қантарда 3670 колхоз қалды, немесе олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.
1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электірле- ндіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталығы электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті.
Республикада тортінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89% -ға асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының, жаңа тұқымдары өсіп жетілді. Малдың жалпы саны өсті ірі қара мал 27 қой мен ешкі 70, жылқы 71% -ға көбейіп, шошқа 2,7 есе артты. Дегенмен, ауыл шаруашылығын өркендетуде елеулі қиыншылықтар болды. 1946 жылы қуаншылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек - өнімділігі төмен еді. Ауыл шаруашалық жарғысын (уставын) бұзушылық етек алды. Колхозшыларға еңбек күнге өнім өте аз мөлшерде бөлінді. Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Жергілікті жағдаймен есептеспей, жогарыдаң жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беріліп отырды. Әскери коммунизм кезеңінің азық-түлік салғырты саясаты жалғастырылды. Колхозшылардың еркін жүріп-тұруын шектейтін соғысқа дейінгі нормалар сақталды:
-Төлқұжаттары болмады.
-Ауылдық кеңестердегі тізімге тіркелді.
Осындай қателіктер мен қиындықтарға қарамастан, шаруалар елді асырап отырды.
Халықтың әлеуметтік жағдайы .
Соғыстан кейін 1946-1953 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор қиыншылықтарға, әсіресе ауыл шаруашылығында болған орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының әл-ауқаты бірден-бірге жақсара берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады. Нан және наннан жасалған өнімдердің, еттің, сүттің, өнеркәсіп өкімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар бағазы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы алғанда баға үш рет арзандатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшелердың жалақысы да өсті.
Кеңес өкіметінің еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту шаралары:
1. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді.
2. Жасы ұлғайғандарға, асыраушысы қайтыс болғандарға және уақытша еңбекке жарамай қалғандарға зейнетақы тағайындалды.
3. Көп балалы және жалғыз басты аналарға жәрдемақы белгіленді.
4. Шипажайлар, демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне жолдамалар берілді.
5. Кезектен тыс жұмыс істеуге тыйым салынып, ақылы демалыс алу қалпына келтірілді.
6. Тұрғын үй салу қарқыны арттырылды.
Бірақта соғыстан кейінгі бірінші бесжылдық жылдарында халықтың әлеуметтік жағдайы әлі ауыр болды. Тұрғын үйлер жетіспеді, халықтың өнеркәсіппен азық-түлік товарларын керек етушілігі толық қамтамасыз етілмеді. Республиканың сауда орындары жұмысты әлі нашар істеді. Медицина мекемелері санының өсуіне (39%) қарамастан, халыққа медициналық қызмет көрсетуде әлі елеулі кемшіліктер болды.

2.2. КСРО-дағы қоғамдық-саяси жағдайдың көрінісі
50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.
КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.
1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. Жылымық жылдары аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.
Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.
1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай - жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын - сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде Жеке адамға табыну және осының салдары туралы қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.
1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.
Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП - ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.
Республиканың индустриялық дамуы.
Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркәсіп 50-жылдардан кейін жаңа өзгерістерді қажет етті.
Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Осы жылдары салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы, Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент заводы, Жезказған кен байыту фабрикасы, Соколов - Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Өскемен таукен жабдықтарын шығаратын машина жасау заводының 1-кезегі т.б.
1958 жылы жалпы өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. 1956-1958 жылдар аралығында елімізде көлік және коммуникация жүйелерін дамытуға 146,4 млн. сом жұмсалды. Республикада темір жол құрылысына ерекше көңіл бөлінді.
1960 жылы қазақ КСР теміржолынаң ұзындағы 11,42 км. болды. 1958 жылы Қазақ КСР-де Қазақ теміржол басқармасы құрылып, республикадағы барлық теміржол осы басқармаға бағындырылды. 1951-1955 жылдар аралығында Одақта салынған теміржолдың 30%-ы Қазақстан аумағында салынды. 1960 жылға қарай Одақта өндірілген темір кенінің 5,4%-ы Қазақстанға тиесілі болды. Қазақстан магниткасы аталған Қарағанды металлургия заводы Қазақстан мен Орта Азияны, Сібір мен Оралды темір өнімдерімен қамтамасыз етті. Республикада электр энергиясы өндірісі де біршама жақсы дамыды. 1960 жылы Қазақстанда 10,5 млн. кВтсағат энергия өндірілді. Дегенмен индустрияның дамуы болмаса, сапа жағы өзгеріссіз қалды.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің баяндамасы бойынша Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер мен ведомстволардың көпшілігі таратылды. Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. Экономикалық әкімшілік аудандарда халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) құрылды, өнеркәсіп пен құрылысқа тікелей осылар (совнархоздар) басшылық етті. Сөйтіп, реформа негізінде 1) экономикалық әкімшілік аудандар ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды. Сонымен баскарудың екі түрін көруге болады.
1. Орталықтандырылған басқару Территиориялық басқару
2. Салалық халық шаруашылық министрлік Кеңестері
1957 жылғы реформаның кемшіліктері :
1957 жылдан бастап аумақтық принциптер негізінде экономикаға басшылық ету ісін қайта құру ойдағыдай нәтижелер бермеді. Керісінше, 1) экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік болмады, 2) жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау ісіне нұқсан келтірді, 3) өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын алған қатынастар өзгеріссіз қалды, 4) бұрын кәсіпорындар министрліктер тарарапынан бақылауда болса, енді оларды халық шаруашылық кеңестері жүргізетін болды, 5) экономикалық тетіктер дұрыс жұмыс істемеді. Қазақстан коммунистік партиясының съездері мен пленумдарында кәсіпорын жетекшілері жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың тиімсіздігін ашық айтып жүрді.
Сәтсіздіктер күйгеліктік туғызды, экономиканы басқаруда ғылымға негізделмеген ойластырмай жасалған субъективтік шешімдерге жол берілді. Мұндай шешімдер көп жағдайда Н.С.Хрущевтің жеке басымен байланысты болды. 1962 жылы Қазақстанда халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында реформа жасалды: партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта құрылды. Олар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық партия үйымдары болып бөлінді.

Сөйтіп, жасалған реформалар басқару аппаратындағы абдыраушылықты, бесжылдық жоспардың орындалуындағы іркілістерді туғызды. 1956-1960 жылдарға арналған (6-шы) бесжылдық жоспар 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына шаққанда өнім өндіруден дамыған капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды.
Ауыл шаруашылығы
1953 жылғы қыркүйекте болып өткен КОКП-ның ОК Пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтады. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына көп көңіл бөліне бастады. Колхоздарға біраз дербестік берілді, ауыл-село еңбеккерлерінің өнім өндіруге деген материалдық ынталылығы арттырылды, ауыл шаруашылық өнімін дайындау және сатып алу бағасы көтерілді, аграрлық секторды техникамен жабдықтау біршама жақсарды, онда электр қуаты кеңірек қолданатын болды, колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті қарыздарынан босатылды. Бірақ елде қалыптасқан басқару жүйесі ауыл шаруашылығының дамуын экстенсивті жолмен жүргізе берді.
Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді идеясы пайда болды.
1954 жылы қантарда болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа - П.Пономаренко (1954-1956 жж.), екінші хатшылыққа - Л.И. Брежнев (1955-1956 жж.) сайланды.
1954 жылғы қантар-наурыз - КОКП ОК-нің Пленумы Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары.
Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды.
1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты.
1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.
Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;
1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га).
2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты.
3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті.
4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды.
5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті.
6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.
7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді.
8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.
Тың игерудің салдары : Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интеллектуалдық әлеует пен этномәдени өмірдің өзара ықпалдастығын зерделеу
Модернизация-жапондық феномен ретінде
Халықаралық экономикалық ұйымдар туралы
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі францияның саяси жүйесі
ҚР-ғы экономикалық өсу және өндірістің тиімділігін арттырудың негіздері
Шығыс Европа елдерінің одан әрі дамуы
Жапония экономикасының қазіргі жағдайы
Жапония экономикасының қазіргі жағдайын талдау
Қазіргі кезең
Экономикалық өсу қоғамның әл-ауқаты мен өндірістің тиімділігін арттыру ретінде
Пәндер