Қорларды жіктеу және бағалау туралы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 5
1 Қорларды жіктеу және бағалау . . . 7
1. 1 Қорлар жайлы түсінік . . . 7
1. 2 Қорлардың жіктелуі . . . 11
1. 3 ЖШС «Арай» компаниясының экономикалық сипаттамасы . . . 14
2 ЖШС «Арай» компаниясы бойынша қорлардың қолданыстағы есебі . . . 19
2. 1 Сатылған тауарлардың өзіндік құнын анықтау әдістері . . . 19
2. 2 Қорларды бағалау әдістері . . . 21
2. 3 Қабылданған тауарды ресми құжаттау және синтетикалық есебі . . . 25
2. 4 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі . . . 27
2. 5 Материалдардың бухгалтериядағы есебі . . . 29
2. 6 Материалдық қорларды түгендеу . . . 31
Қорытынды . . . 36
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 38
Кіріспе
Зерттеу арқылы алынған білімдерді тәжірибеде қолдану болып табылады. Стандарт қорлардың өзіндік құнын анықтауда әр түрлі әдістерді қолдану, оларды, қолдану нәтижелерін өзіндік құнның мәнін жуықтап көрсету. Өнеркәсіп кәсіпорындарының қорлар қозғалысы үрдістерінің басқару стратегиясын ғылыми - теориялық негіздерін жан-жақты зерттеу негізінде құру.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі - өндірістік қорлар бұл бір өндірістік цикл процесінде толықтай тұтынылатын, өзінің құнын бірден өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына көшіріп, оның материалдық негізін құрайтын еңбек заттары. Сондықтан да өнеркәсіп кәсіпорындарында өндірістік қорлардың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес есбін жүргізіп, оларды түгендеуді қазіргі заманға сай орындай білу. Экономика тұрғысында зерттеу кәзіргі уақытта өзінің даму қадамының бастапқы сатысында тұр және көбінесе өзекті проблемаларды анықтауға бағытталған, сонымен қатар и оларды шешудің нұсқалары, әдістері және жолдары ғылыми жұмыстарда әзірге көп орын ала қойған жоқ. Қазақстанның одан әрі даму перспективалары және экономикалық дамуының тұрақтылығы мемлекеттің даму жолына түсуімен анықталады. Бұл курстық жұмыста арастырылатын тақырыптың өзектілігі барлық өндірістік кәсіпорындардағы қаржылық есептіліктің дұрыс рәсімделуі, оның ішінде қорлардың бағалау және бірнеше әдіс бойынша дұрыс есебін жүргізу болып табылады. Кәсіпорындағы үрдістердің басқару стратегиясына белсенділікті, факторларды және кәсіпорындар жағынан қозғалыс күштерін зерттеу негізінде құру және нәтижелеу арқылы жетуге болады.
Курстық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізіне өнеркәсіп кәсіпорындарында өндірістік қорлардың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес есбін жүргізіп, оларды түгендеуді қазіргі заманға сай орындай білуболғандықтан үрдістерді басқару стратегиясын қалыптастыру, болжау және экономиканы мемлекеттік реттеу, өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысын белсендіру саласындағы қазіргі заманғы отандық және шетел ғалым - экономистерінің еңбектері алынды. Зерттеудің стратегиялық мақсатын нәтижелеу үшін бірін - бірі толықтыратын әр - түрлі методологиялық әдістер қолданылды. Жұмыста логикалық, статистикалық талдау, экономико - математикалық моделдеу, кестелік және графикалық интерпретациялау әдістері қолданылды.
Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп, отандық және шетел ғалым ғалымдарының зерттеулерінің материалдары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңнамалары мен бағдарламалық материалдары және экономикалық зерттеулерді жүргізудің жалпы экономикалық ұстанымдары, ғылыми - практикалық конференциялар материалдары, интернет - қор және Халықаралық қаржылық есеп стандарты (ХҚЕС) 2 Қорлар, Типтік бухгалтерлік есеп шоттар жоспары Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелері, қосымша анықтамалық оқу құралдары, зерттеу материалдары пайдаланылды.
Нарықтық экономиканың қай саласында да өндірістік запастар кәсіпорынның айналым активтерінің құрамды бөлігі болып табылады. Олардың өндіріс шығындарындағы үлес салмағы түрлеріне, түсу көздеріне, бағалау әдістеріне байланысты. Агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыруда өндірістік шығындардың маңызды элементі болып материалды шығындар болып табылады.
Материалдар айналым активтерінің құрамды бөлігі ретінде өндіріс процесінде толықтай қолданылады және өзінің құнын өндірілетін өнімнің құнына толығымен алып барады.
ЖШС “МТС Құрылыс” мәліметтері негізінде «Қорлар есебі және аудиті» тақырыбына жазылған дипломдық жұмысты қорытындылай келе мынадай тұжырымға келуге болады. Осы жұмысты орындау барысында ең алдымен тауарлы-материалды құнды бұйымдарының есебін теориялық жағынан ашуға тырыстық. Тексеру жұмысы үшін методикалық база ретінде тауарлы-материалды құнды бұйымдарының есебі теориясы мен тәжірибесі бойынша Қазақстандық және Ресейлік ғалымдардың еңбектері алынды.
Көріп отырғанымыздай ЖШС “МТС Құрылыс” қаржылық жағдайы қарастырылған жылдары өзгеріске түскенімен жыл соңында табыспен аяқтап отыр. Тауарлы өнім көлемі есепті жылы жоғарылауда. Алайда алдыңғы екі жылмен салыстырғанда біршама өскендігін байқаймыз. Кәсіпорынның соңғы кезде қаржылық жағдайының жақсаруы және сомалар бойынша өсімдік шаруашылығы үлкен үлес алып отыр, тек өндіріс көлемін ұлғайтумен ғана емес, сондай-ақ бұдан шаруашылықтың өсімдік шаруашылығына мамандандырылғанын көреміз.
Қаржы және есеп жұмысының көлеміне қызметкерлерінің міндеттерін тиісті адамдарға бөліп, тиімді ұйымдастырылған. Жалпы есеп кәсіпорындарында журнал-ордерлік формада жүргізіледі.
Шаруашылық тауарлы-материалды құнды бұйымдардың есебін бекітілген нұсқаулықтар, ұсыныстар бойынша жүзеге асырады. Жалпы алғанда материалдардың жабдықтау-өндіру-сату процесіндегі үздіксіз қозғалысы сәйкес құжаттармен жабдықталады.
Осы ЖШС “МТС Құрылыс” есептерінің синтетикалық және аналетикалық есебінің жағдайына тоқтала келе мен үшінші бөлімнің аналитикалық есебіне тоқталдым. Шаруашылықта есептің ұйымдастырылуы жаман емес.
1 Қорларды жіктеу және бағалау
- Қорлар жайлы түсінік
Кәсіпорындардың көбісі қорлардың тұрақты және сатып алынған түрлерін ұстайды. Қор деңгейі әр түрлі болуы мүмкін. Ол өндірістің түрі мен сипатына байланысты болады. Нақты бір тұтынушыға жұмыс атқаратын кәсіпорындар қорлардың төменгі деңгейін сақтайды, олар тұтынушыларға өнімді дайын болған кезде жеткізіп қамтамасыз етеді. Егер тауар тез бүлінетін болса, онда кәсіпорындар өз қорларын азайтуға тырысады. Үлкен өндірістік циклы бар кәсіпорындар аяқталмаған өндіріске үлкен көлемдегі сомаларды инвестициялай алады. Кәсіпорын қандай болмасын қор деңгейін сақтаса да, бұл қымбат болуы мүмкін. Себебі, ол өзіне қорларды сақтау, сақтандыру, кәсіпорынның құлдырауы немесе ұрлануы, сонымен қатар құралдардың әрекетін тоқтату бойынша қаржылық шығындарды қосады.
Өндірістік қорлар - бұл бір өндірістік цикл процесінде толықтай тұтынылатын, өзінің құнын бірден өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына көшіріп, оның материалдық негізін құрайтын еңбек заттары.
Қорлар - бұл:
1) шикізат қорлары, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар мен кешендік бұйымдар, отын, ыдыс, ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және өндірісте немесе жұмыстарды, қызметтерді орындау кезінде пайдалануға арналған өзге материалдар.
2) аяқталмаған өндіріс.
3) субъектінің қызмет барысында сатуға арналған дайын өнім, тауар түріндегі активтер.
Қорлар есебін дұрыс және тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін қажеттісі:
- материалдық тауардың бірегей номенклатурасын әзірлеу
- құжат айналымының айқын жүйесі және қорларды кірістеу және шығару жөніндегі операцияларды рәсімдеу тәртібін сақтау
- бастапқы құжаттардың есептік нысандарын біркелкі қалыпқа келтіру
- қорларға тұрақты түрде түгендеу жүргізу
- бухгалтериядағы материалдардың есебі учаскесін компъютерлендіру
Өндірістік қорлар функционалдық бағыты бойынша былайша бөлінеді:
Шикізаттар мен материалдар - бұл өнім әзірленетін еңбек заттары. Олар өнімнің материалдық негізін қалайды. Ауыл шаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіптің өнімдері.
Негізгі материалдар - бұл ұсатушы өнеркәсіптің өнімдері.
Көмекші материалдар - бұл шығарылатын өнім құрамына енетін материалдар, бірақ негізгі материалдардан ерекшелігі - өнімнің заттық негізін қаламайды.
Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар - бұл белгілі бір өңдеу сатыларынан өткен, бірақ әлі дайын өнім болып табылмайтын шикізат пен материалдар.
Отын - бұл мұнай өнімдері, қуатты отын және газ. Олар:
-технологиялық;
-қозғалтқыш;
-шаруашылық болып бөлінеді.
Ыдыс және ыдыс материалдары - бұл әртүрлі материалдарды буып-түюге, тасымалдауға, сақтауға пайдаланатын заттар. Өзге материалдар - бұл өндіріс қалдықтары, түзілмейтін ақаудан қайтарылатын қалдықтар, негізгі құралдар шығарылуынан алынған материалдық құндылықтар.
Қорлардың барлық түрлерінің есебі 1300 - «Қорлар» бөлімшесіні негізгі, активтік, инвентарлық шоттарында жүргізіледі.
1310 - «Шикізаттар мен материалдар»
1320 - «Дайын өнім»
1330 - «Тауарлар»
1340 - «Аяқталмаған құрылыс»
Қорлардың түсуі мен шығыны тұрақты негізде есептеліп отырады, яғни қорлардың қозғалысын бақылап отыру үшін әр күн сайын орындалады. Қорлардың әрбір атауына жеке шот жүргізіледі. Сатып алу осы шоттардың дебетінде көрсетіледі. Қорлардың кез келген түрі өндіріске берілетін болса, соған сәйкес қор шоты аударылған қорлар сомасына кредиттеледі. Дәл осы сома өткізілген өнімнің өзіндік құны шотында дебеттеледі.
Салыстыру мақсатында қолданылмаған қорларды есептеу (инвентаризациялау) жүзеге асырылуы мүмкін. Егер инвентаризациялау мен үздіксіз есеп мәліметтерінің арасында ауытқулар пайда болса, онда кезең соңында үздіксіз есеп жүйесінде инвентаризациялау сомасы көлеміне дейін түзетулер енгізіледі. Осылайша, үздіксіз есеп жүйесі арқылы қолданылатын және кезең соңында қалған қалдықтардың санын қадағалап отыруға болады. Үздіксіз есеп жүйесі бухгалтерлік есептің ішкі бақылауының жоғарғы деңгейін қамтамасы етеді, сонымен қатар ол есепте көрсетілген сомалар мен тауарлардың фактілік саны арасындағы айырмашылықты тұтынушыға анықтап көрсетіп отырады. Барлық есептік кезең бойынша қорлардың өткізу өзіндік құны және қорлардың нақты түрлерінің қоймада болуы мәлімденеді.
Қорлардың кезеңдік есебі. Қорлар есебі біркелкі жүргізілмейді, олар физикалық қайта санау (дана, лтр, тонна, т. б. ) әдісі бойынша кезең соңында есептеледі. Қорларды сатып алу «Сатып алулар» синтетикалық шотының дебеті бойынша көрсетіледі, ол біруақыттық шоттарға (ауыстырылған) кредиттеледі. Келесі формула арқылы есептеледі:
Қорлардың есептік кезең басына қалдығы + сатып алынған қорлар = өткізуге дайын қорлардың өзіндік құны - қорлардың есептік кезең соңына қалдығы = өткізілген қорлардың өзіндік құны
Есептегі кезеңдік жүйенің ыңғайлылығының мәні оның канцелярлық жұмыс көлемін азайтуында. Кезеңдік жүйені шағын кәсіпкерлікте қолданған жөн, бірақ ұлттық бухгалтерлік есеп шегіндегі кезеңдік жүйе үшін арнайы қосымша синтетикалқ шоттарды енгізуге тура келеді.
Есептік кезең соңында үздіксіз есеп жүйесін қолдану барысында табыстың өзіндік құнына қатар қою жолымен өнімді өткізуден түскен табыс балансы жасалады. Өнімді өткізуден түскен табыс көрсеткіштері Шығыстар мен Кірістер Есебіне аударылады, аралық қорытынды негізінде өткізуден түскен жалпы табыс есептеліп шығарылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзір ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.
Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық үдерісіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнның көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.
Қорларды есептеудің негізгі міндеттері:
- Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.
- Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.
- Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.
- Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
- Материалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.
- Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.
Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажет:
- тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек;
- материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілігі материалдарды сақтайтын жерді таразымен, өлшеу аспаптарымен және ыдыстармен жабдықтап және оларды жиі тексеріп, дұрыстығын қадағалап отыруы керек. Ұйымның басшысы материалдарды қабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен материалдарға жауапкершілік туралы шарт жасайды. Сондай-ақ кәсіпорын басшысы материалдарға жауапты адамдарды жұмысқа алу, жұмыстан босату барысында ұйымның бас бухгалтерімен алдын ала келісіп отыруы керек. Қорларды кіріске алу және қоймадан босату құжаттарына қол қою құқығына ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу кәсіпорын басшысының немесе ол сенім білдірген адамның жұмысы болып табылады.
Қорлардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:
- материалдардың біріңғай наменклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу;
- құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу мен есептен шығару операциялардың тәртібін сақтау;
- біріңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар қорларды алдағы уақыттарда пайдалану үшін өндіріске босату және басқа жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзір ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.
Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық үдерісіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнның көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады.
Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.
Қорларды есептеудің негізгі міндеттері:
1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.
2. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.
3. Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.
4. Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
5. Материалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.
6. Дайындалған материалдардың өзіндік құндарын анықтап және пайдаланылған материалдардың құндарын әр объектілердің шығынына қосу.
- Қорлардың жіктелуі
Еңбек заттары бір тектес емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химимялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:
- шикізат;
- негізгі материалдар;
- көмекші материалдар;
- жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып табылады.
Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп, оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген дөнімдері - мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады.
Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері - ұн, мата, кірпіш және т. б. жатады.
Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар қатрына құрылыс ұйымдарында - бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда - шойын мен болатты жатқызуға болады.
Көмекші материалдарға - әр түрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс үрдісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандай да бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін тағы да басқа жақтарын өгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді жатқызуға болады.
Қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары, т. б. есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.
Қорлардың барлық түрін есепке алу үшін 1300 «Босалқылар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары пайдаланылады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: 1310 «Шикізаттар мен материалдар», 1311 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар», 1312 «Отын», 1313 «Ыдыс және ыдыстық заттар», 1314 «Қосалқы бөлшектер», 1315 «Өзге материалдар», 1316 «Өңдеуге берілген материалдар», 1317 «Құрылыс материалдары», 1320 «Дайын өнімдер», 1330 «Тауарлар», 1340 «Аяқталмаған өндіріс», 1350 «Басқалай босалқылар», 1360 «Босалқыларды есептен шығару резерві».
1310 «Шикізаттар мен материалдар» шотында шығарылған өнімнің негізін салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді шығаруға қатысатын немесе шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне септігін тигізетін көмекші материалдар да есепке алынады.
1311 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар» шотында сатып алынған жартылай фабрикаттар және өндірілген өнімді құрастыру үшін алынған дайын құрастырушы бұйымдар және жинауға немесе өңдеуге кеткен шығындар есепке алынады.
1312 «Отын» мұнай өнімдері, қатты және басқа да отын түрлері есепке алынады.
1313 «Ыдыс және ыдыстық заттар» ыдыстың барлық түрі (цистернаны, бочкілерді, флягтарды қоспағанда) және ыдысты жөндеуге арналған материалдар есепке алынады.
1314 «Қосалқы бөлшектер» жөндеуге және машинаның тозған бөлшектерін айырбастауға (бөлшектер, агрегаттар, аккумуляторлар, дөңгелектер т. б. ) аранлған қосалқы бөлшектер есепке алынады.
1315 «Өзге материалдар» өндіріс қалдықтары, жөнделмейтін ақау бөлшектер, негізгі құралды жою барысында алынған материалдар және т. б. алынады.
1316 «Өңдеуге берілген материалдар» шотында сыртқа өңдеуге берілген материалдардың және өңдеуден алынған бұйымның өзіндік құнға енгізілгені есепке алынады.
1317 «Құрылыс материалдары» құрылыс бөлшектерін, монтаждау жұмысын және құрылыс процесінде тікелей пайдаланатын құрылыс материалдарын есепке алады.
Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір шоттар бойынша субшоттар және материалдық есебі бойынша аналитикалық шоттар аша алады.
Қорлардың жіктелуі
Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:
- шикізат;
- негізгі материал;
- көмекші материал;
- жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып бөлінеді.
Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнім-нің құрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды. Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген өнімдері - мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады. Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өндеуші өнеркәсіп өнімдері - ұн, мата, кірпіш және тағы да басқалар жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz