Макроэкономика


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Макроэкономика ғылым ретiнде экономикалық құбылыстар мен үрдiстердi экономикалық теориялар мен үлгiлер түрiнде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика бiртұтас жүйе ретiнде қарастырыла отырып, тауарлар өндiрiсi мен қызмет көрсетудiң жалпы көлемiн және оның өсуiн, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейiн, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейдi. Сондай-ақ макроэкономика өндiрiс көлемiнiң, жұмысбастылықтың, тауар мен ақша нарықтарындағы тепе-теңдiктiң ұзақ мерзiмдегi өзгерiстерiмен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзiмдi тербелiстерiн зерттейдi.

Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның құлдырауы тұсындағы жағдайы, өндiрiлетiн өнiмнiң өсуi мен инфляция мен жұмыссыздық кезеңiндегi төлемнiң балансы, айырбас курсы туралы түсiнiк бередi.

Сонымен бiрге макроэкономика экономикалық өзгерiстерге, оның iшiнде экономикалық қаржылық саясатқа, тұтыну және қаржы, доллар мен саудадағы байланыстарға, жалақы мен баға өзгерiстерiне, ақша қорына, мемлекеттiк бюджетке база назар аударады.

Қысқаша айтқанда, экономиканы даму барысындағы әр алуан пiкiр-таластарды, бүгiнгi таңдағы экономикалық проблемаларды да кеңiнен қарастырады. Тұрмысқа қажеттi тауарлардың көлемiн, ұлттық экономиканың әрекеттестiгi, шаруа қожалықтары мен фирмалар жұмысын, нарық бағасын анықтайды. Нарық туралы сөз болғанда, алдымен жалпы ауыл шаруашылық өнiмдер, медициналық қызмет пен бөлшек сауда еске түседi. Ал баға жайына келсек, жұмысшы еңбегiн дәрiгер еңбегiнен ЭВМ бөлшектернiң бағасын, Рембрандт суреттерiнiң бағасы арасындағы өзгешелiктердi ажырата бiлу қарастырылады.

Макроэкономика миркоэкономикамен тiкелей байланысты. Жеке өнеркәсiптiң базасын зерттеу барысында микроэкономика басқа өнеркәсiптiң бағаларын назардан тыс қалдырмайды. Микроэкономикада тұтынудан түсетiн табысты әр түрлi тауарларға бөлу көзделсе, макроэкономикада керiсiнше, сол екi аралықтағы өзгерiстер зерттелiнедi.

Макроэкономиканы зерделеудің маңыздылығы:

  • ол макроэкономикалық құбылыстар мен үдерістерді жай ғана баяндамай, олардың араларындағы заңдылықтар мен тәуелділіктерді тауып, экономикадағы себеп-салдар байланыстарды зерттейді.
  • макроэкономикалық тәуелділіктер мен байланыстарды білу арқылы экономикадағы жағдайды бағалап, оны жақсарту үшін не істеу керегін көрсету, ең алдымен саяси қайраткерлердің іс-қимылдары, яғни экономикалық саясатының қағидаларын әзірлеуге мүмкіндік береді.
  • макроэкономиканы білу арқылы келешекте үдерістердің дамуын болжауға, яғни болашақ экономикалық мәселелерді көріп, болжам жасайды.

Макроэкономикалық талдаудың 2 түрін айырады: ex post талдауы және ex ante талдауы. Макроэкономикалық талдау ex post немесе ұлттық есеп жүргізушілік, яғни статистикалық мәліметтер талдауы экономикалық қызметтің нәтижелерін бағалауға, мәселелер мен жағымсыз құбылыстарды тауып шығаруға, оларды шешу мен жеңу бойынша экономикалық саясатты әзірлеуге, әр елдердің экономикалық әлеуетінің салыстырмалы талдауын өткізуге мүмкіндік береді. Макроэкономикалық талдау ex ante, яғни белгіленген теориялық тұжырымдамалардың негізіндегі экономикалық үдерістер мен құбылыстардың болжамдық модельдеуі. Бұл экономикалық үдерістердің даму заңдылықтарын анықтап, экономикалық құбылыстар мен ауыспалылар арасындағы себеп салдар байланыстарын табуға мүмкіндік береді. Осы ғылым ретіндегі макроэкономика.

Макроэкономикалық талдаудың ерекшелігі - оның ең маңызды қағидасы ретінде ойша жіктеу болып келеді. Тұтастай экономика деңгейінде экономикалық тәуелділіктер мен заңдылықтар зерделенуі мүмкін, егер жиынтықтарды немесе агрегаттарды қарастырса. Макроэкономикалық талдау агрегаттауды талап етеді. Агрегаттау - ол жеке элементтердің біртұтас, агрегатқа, жиынтыққа бірігуі. Агрегаттау әрқашан ойша жіктеуге негізделеді, яғни экономикалық үдерістер мен құбылыстардың ең маңызды қасиеттерін, заңдылықтарын көрсетеді.

Нарықтардың агреттауы 4 макроэкономикалық нарықты айыруға мүмкіндік береді:

- тауарлар мен қызметтер нарығын (шынайы нарық) ;

- қаржы нарығын (қаржы активтер нарығы) ;

- экономикалық ресурстарды (қорлар) нарығы;

- валюталық нарықты.

Макроэкономикада тепе-теңдік жағдайларды зерделеудің зор маңызы бар. Тепе-теңдіктің 3 түрін айырады: тұрақты, тұрақсыз және бейтарап. Жүйедегі тепе-теңдік тұрақты деп саналады, егер тепе-теңдік жағдайдан шығарылып, жүйе өз бетімен оған қайта келсе, тұрақсыз - орнына қайтпаса және бейтарап - жүйе алғашқы жағдайына келе ме, жоқ па анық айтуға болмаса. Макроэкономикалық үлгілерде уақыт факторының маңызы зор. Талдауда осы фактор қалай есептелуіне байланысты макроэкономикалық үлгілердің 3 түрін айырады:

- статискалық;

- салыстырмалы статика;

- динамикалық.

Статискалық модельдер уақыттың белгіленген сәтіндегі экономикалық ахуалды сипаттайды. Салыстырмалы статиска модельдері экономикалық жүйенің бір тепе-теңдік жағдайдан екінші жағдайға көшу нәтижесін көрсетеді, бірақ, бұл көшудің қалай болатындығын зерттемейді. Бұл процестің (үдерістің) механизмі динамикалық үлгілерде зерделенеді. Динамикалық үлгілерде дисконттау қағидасы маңызды рөл атқарады, яғни болашақ табыстардың құнын қазіргі мерзімге келтіру (PV) . Дисконттау әдісі инвестициялық жобалардың қаржыландыруына қаржыларды салу нәтижелілігін анықтауында, құнды қағаздарды сатып алғанда, тұтынудың уақытаралық таңдауында пайдаланады.

Жиынтық сұраным - тауар мен қызмет көрсетудің әртүрлі көлемін байқататын модель. Сондықтан тұтынушы, кәсіпорын және үкімет кез келген баға деңгейінде сатып алуға дайын.

Жиынтық ұсыным - кез келген баға деңгеціндегі нақты өндіріс көлемі деңгейін байқататын модель.

Жалпы экономикалық тепе-теңдік деп ұлттық экономикалық жағдайда нарықта бір уақытта сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі қамтамасыз етілген жағдайда айтады.

Нақты өмірде тепе-теңдік сирек жететін, тез өтетін құбылыс болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты, макроэкономикалық теориялардың пайда болуын, макроэкономикалық көрсеткiштердi, макроэкономикалық тепе-теңдiк және олардың байланысын ашып қарастыру болып табылады.

«Мықты стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда кездесер кезкелген күрделі кедергілерді абыроймен еңсере аламыз»-дейді Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- Макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуын зерттеу;

- Макроэкономиканың негізгі теорияларын қарастыру;

- Макроэкономикалық талдаудың әдістері мен қағидаларын анықтау;

- Макроэкономикалық үлгілерді және олардық түрлерін қарастыру;

- Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары мен талдау құралдарын анықтау;

- Макроэкономикалық тепе-теңдік және олардың байланысын талдау;

- Қазақстан Республикасындағы макроэкономикалық деңгейді талдау;

Қазіргі таңдағы макроэкономиканың мәселелері мен даму болашағын анықтау.

Курстық жұмыстың объектісі: макроэкономикалық тепе-теңдік және макроэкономикалық көрсеткіштер.

Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.

Курстық жұмысты жазу барысында Президенттің жолдаулары, статистикалық көрсеткіштер, бағдарламалар, мақалалар, отандық және шет елдік авторлардың оқулықтары пайдаланылды.

1 Макроэкономиканың ғылым ретінде қалыптасуының теориялық негіздері

1. 1 Макроэкономиканың негізгі теориялары

Микроэкономика сияқты, макроэкономика да экономика теориясының бөлімі. Грек тілінен аударғанда: «макро» - үлкен, «микро» - кішкентай, кішкене, «экономика» - шаруашылықты жүргізу. Сонымен, макроэкономика - тұтастай экономиканың немесе оның ірі жиынтықтарының (агрегаттарының) тәртібін зерделейтін ғылым.

«Макроэкономика» терминін ең алғашқы болып 1933 жылы белгілі норвегиялық ғалым - экономист-математик, эконометриканың негізін салушыларының бірі, Нобель сыйлығының лауреаты Рагнар Фриш қолданды. Бірақ қазіргі макроэкономикалық теория атақты ағылшын экономисті, Кембридж мектебінің өкілі, Джон Мейнард Кейнстің басты (іргелі) еңбегінен басталады. 1936 жылы оның «Жұмыстылықтың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы» деп аталатын кітабы жарық көрді. Онда Кейнс макроэкономикалық талдаудың негізін қалады. Кейнс еңбегінің маңызы өте зор, тіпті экономикалық әдебиетте «Кейнсиандық төңкерісі» деген термин, кейнсиандық макроэкономикалық модель (үлгі) пайда болды. Оның алдындағы - микроэкономикалық талдау (классикалық модель, үлгі) . Микроэкономика жеке шаруашылық жүргізетін субъектілердің (тұтынушы немесе өндіруші) жеке нарықтағы экономикалық тәртіптерін (мінез-құлықтарын) зерделейді, ал макроэкономика экономиканы біртұтас ретінде зерделеп, барлық экономика үшін ортақ жалпы мәселелерді зерттейді. Макроэкономика жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, жиынтық сұраныс, жиынтық сұраныс, жиынтық тұтыну, инвестициялар, бағалардың жалпы деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, мемлекеттік қарыз деген жиынтық шамаларды қолданады. Макроэкономиканың негізгі мәселелері: экономикалық өсу және оның қарқындары; экономикалық цикл және оның себептері; жұмыстылық деңгейі мен жұмыссыздық мәселесі; бағалардың жалпы деңгейі мен инфляция мәселесі; пайыз мөлшерінің деңгейі мен ақша айналымының мәселелері; мемлекеттік бюджеттің жағдайы; бюджеттік тапшылығын қаржыландыру мәселесі мен мемлекеттік қарыз мәселесі; төлем балансының жағдайы мен валюталық бағам мәселелері; макроэкономикалық саясаттың мәселелері.

Барлық осы мәселелер макроэкономикалық талдау тұрғыларынан, яғни жеке тұтынушы, жеке фирма, тіпті жеке сала деңгейінде шешілмейді. Осындай бірқатар жалпы - немесе макроэкономикалық мәселелердің болуына байланысты экономика теориясының жеке бөлімі, жеке пәні - макроэкономиканың пайда болу қажеттілігі туды (туындады) .

Макроэкономиканы зерделеудің маңыздылығы:

  • ол макроэкономикалық құбылыстар мен үдерістерді жай ғана баяндамай, олардың араларындағы заңдылықтар мен тәуелділіктерді тауып, экономикадағы себеп-салдар байланыстарды зерттейді.
  • макроэкономикалық тәуелділіктер мен байланыстарды білу арқылы экономикадағы жағдайды бағалап, оны жақсарту үшін не істеу керегін көрсету, ең алдымен саяси қайраткерлердің іс-қимылдары, яғни экономикалық саясатының қағидаларын әзірлеуге мүмкіндік береді.
  • макроэкономиканы білу арқылы келешекте үдерістердің дамуын болжауға, яғни болашақ экономикалық мәселелерді көріп, болжам жасайды.

Макроэкономикалық талдаудың 2 түрін айырады: ex post талдауы және ex ante талдауы. Макроэкономикалық талдау ex post немесе ұлттық есеп жүргізушілік, яғни статистикалық мәліметтер талдауы экономикалық қызметтің нәтижелерін бағалауға, мәселелер мен жағымсыз құбылыстарды тауып шығаруға, оларды шешу мен жеңу бойынша экономикалық саясатты әзірлеуге, әр елдердің экономикалық әлеуетінің салыстырмалы талдауын өткізуге мүмкіндік береді. Макроэкономикалық талдау ex ante, яғни белгіленген теориялық тұжырымдамалардың негізіндегі экономикалық үдерістер мен құбылыстардың болжамдық модельдеуі. Бұл экономикалық үдерістердің даму заңдылықтарын анықтап, экономикалық құбылыстар мен ауыспалылар арасындағы себеп салдар байланыстарын табуға мүмкіндік береді. Осы ғылым ретіндегі макроэкономика.

Өз талдауында макроэкономика микроэкономикада пайдаланатын әдістер мен қағидаларды қолданады. Экономикалық талдаудың осындай жалпы әдістері мен қағидаларына мыналар жатады: ойша жіктеу (экономикалық үдерістер мен құбылыстарды зерттеп түсіндіру үшін үлгілерді пайдалану) ; дедукция мен индукцияны үйлестіру; нормативтік және позитивтік талдауды үйлестіру; «басқа да тең жағдайларда» қағидасын пайдалану; экономикалық агенттер мінез-құлқының (іс-әрекеттерінің) оңтайлылығы, тиімділігі жөніндегі болжам және тағы басқалары.

Макроэкономикалық талдаудың ерекшелігі - оның ең маңызды қағидасы ретінде ойша жіктеу болып келеді. Тұтастай экономика деңгейінде экономикалық тәуелділіктер мен заңдылықтар зерделенуі мүмкін, егер жиынтықтарды немесе агрегаттарды қарастырса. Макроэкономикалық талдау агрегаттауды талап етеді. Агрегаттау - ол жеке элементтердің біртұтас, агрегатқа, жиынтыққа бірігуі. Агрегаттау әрқашан ойша жіктеуге негізделеді, яғни экономикалық үдерістер мен құбылыстардың ең маңызды қасиеттерін, заңдылықтарын көрсетеді. Агрегаттау макроэкономикалық агенттерді, макроэкономикалық нарықтарды, макроэкономикалық өзара қатынастарды, макроэкономикалық көрсеткіштерді атап айтуға мүмкіндік береді. Экономикалық агенттер мінез-құлқының типтік қасиеттерін табуға негізделген агреттау 4 макроэкономикалық агентті атап көрсету мүмкіндігін қамтамасыз етеді:

- үй шаруашылықтары;

- фирмалар;

- мемлекет;

- шетел секторы.

1) Үй шаруашылықтары - ол жеке, тиімді, оңтайлы жұмыс жасайтын агент, оның экономикалық қызметінің мақсаты - ең жоғары пайдалыққа жету. Олар:

а) экономикалық қорлардың (еңбектің, жердің, капиталдың және кәсіпкерлік қабілеттіліктердің) иесі болып келеді. Экономикалық қорларды сатып, үй шаруашылықтары табыс табады, олардың көбін тұтынуға (тұтыну шығындарға) ұстайды;

б) тауарлар мен қызметтердің негізгі сатушысы болып келеді. Табыстың қалған бөлігін үй шаруашылықтары сақтайды;

в) негізгі сақтаушы немесе несие беруші (кредитор) болып келеді, яғни экономикада несие қаражаттарының ұсынысын қамтамасыз етеді.

2) Фирмалар - жеке дербес, оңтайлы әрекеттегі макроэкономикалық агент, оның экономикалық қызметінің мақсаты - пайданың өсуі. Фирмалар:

а) өндіріс үдерісін қамтамасыз ететін экономикалық қорлардың сатып алушысы ретінде;

б) экономикада тауарлар мен қызметтердің негізгі өндірушісі болып келеді. Өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтерді сатудан алынған түсімді фирмалар үй шаруашылықтарына факторлық табыстар түрінде төлейді. Өндіріс үдерісін кеңейтіп, капиталдың қорын өсіруге және капиталдың тозуының, ескіруінің орнын толтыруын қамтамасыз ету үшін инвестициялық тауарлар қажет (бірінші кезекте, жабдық) ;

в) инвесторлар, яғни инвестициялық тауарлар мен қызметтердің сатып алушылары болып табылады. Әдетте фирмалар өз инвестициялық шығындарын қаржыландыру үшін қаржы құралдарын пайдаланады;

г) экономикадағы негізгі қарыз алушы болып келеді, өйткені несие құралдарына сұраныс береді.

3) Мемлекет - экономиканы реттеуге, экономикалық процестер (үдерістер) барысына әсер ету саяси және заң құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жиынтығы. Мемлекет - ол дербес (жеке), оңтайлы әрекеттегі макроэкономикалық агент, оның негізгі міндеті - нарықтың сәтсіздікке ұшырауын болдырмау және қоғамдық игілігін жоғарылату. Мемлекет:

а) қоғамдық игіліктердің өндірушісі;

б) өзінің көптеген міндеттерін атқару үшін және мемлекеттік секторының (бөлігінің) қызметін қамтамасыз ету үшін тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алушысы ретінде табылады;

в) ұлттық табыстың (салықтар мен трансферттер жүйесі арқылы) қайта үйлестірушісі;

г) мемлекеттік бюджеттің жағдайына байланысты - қаржы нарығында қарыз, несие беруші немесе қарыз алушы.

д) нарық экономикасы қызметінің реттеушісі мен ұйымдастырушысы болып табылады. Ол экономика қызметінің институционал негіздерін (заңнамалық базасы, қауіпсіздік жүйесі, салық салу жүйесі, сақтандыру жүйесі және т. б. ) құрып, қамтамасыз етеді, яғни «ойын ережелерін» әзірлейді; елде ұсынысын қамтамасыз етіп, бақылайды, себебі ақша эмиссиясына (ақшаның шығарылуы мен айналымына) монополиялық құқығына ие, макроэкономикалық саясатын өткізеді. Макроэкономикалық саясат бөлінеді:

- экономикалық өсуді қамтамасыз ететін құрылымдық;

- экономиканың мерзімдік құбылуларын (тұрақсыздануын) басуға, ресурстардың жұмыспен толық қамтылуына, бағалардың тұрақты деңгейін және сыртқы экономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған конъюктуралық (тұрақтандыру) саясатына.

Тұрақтандыру саясатының негізгі түрлері:

а) Фискалдық (немесе бюджеттік-салықтық) саясат;

б) монетарлық (немесе ақша-несиелік) саясат;

в) сыртқы экономикалық саясат;

г) табыстар саясаты.

4) Шетелдік сектор (бөлік) - дүниежүзінің барлық басқа елдерін біріктіріп, жеке оңтайлы әрекеттегі (қызмет жасайтын) макроэкономикалық агент. Ол осы елмен келесілер арқылы өзара әрекеттестікті іске асырады:

а) халықаралық сауда арқылы (тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импорты) ;

б) капиталдардың ауысуымен (капиталдың экспорты мен импорты, яғни қаржы активтердің) .

Талдауға шетел секторының (бөлігінің) қосылуы ашық экономиканы алуға мүмкіндік береді. Нарықтардың агрегаттауы әрқайсысының қызмет атқару заңдылықтарын табу, атап айтқанда - нарықтың әр қайсысына сұраныс пен ұсыныстың қалыптасу ерекшеліктерін, олардың тепе-теңдік жағдайларын зерттеу, сұраныс пен ұсыныс ара қатынастарының негізінде тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік көлемді анықтау, әр нарықтағы тепе-теңдіктің өзгеру салдарын талдау мақсатымен өткізіледі.

Нарықтардың агреттауы 4 макроэкономикалық нарықты айыруға мүмкіндік береді:

- тауарлар мен қызметтер нарығын (шынайы нарық) ;

- қаржы нарығын (қаржы активтер нарығы) ;

- экономикалық ресурстарды (қорлар) нарығы;

- валюталық нарықты.

1. 2 Макроэкономикалық үлгілер, олардың түрлері мен көрсеткіштері

Модельдеу мен дерексіздендіру (абстракциялау), ойша жіктеу макроэко-номикалық талдаудың негізгі әдісі болып табылады. Барлық макро-экономикалық үдерістер модельдерді (үлгілерді) салу негізінде зерделенеді. Макроэкономикалық модельдер араларындағы негізгі өзара қатынастарды табу мақсатымен экономикалық үдерістер мен құбылыстардың графикалық немесе алгебралық баяндалуы. Модельді салу үшін әр зерттелетін құбылыстың ең маңызды сипаттарын айырып, мәні, маңызы аз құбылыстар мен факторлардан дерексіздену қажет. Сонымен, модель (үлгі) дүниенің, шындықтың қарапайым көрінісі, ол экономикалық үдерістер дамуының негізгі заңдылықтарын тауып, экономикалық өсу, инфляция, жұмыссыздық сияқты күрделі макро-экономикалық мәселелердің шешу нұсқаларын әзірлеуге мүмкіндік беретін жеңіл түріндегі көрініс болып келеді. Макроэкономикалық модельдердің түрлері көп: функциялар, графиктер, сызбалар мен кестелер, олар макроэкономикалық шамалар араларындағы, экономикалық құбылыстар араларындағы себеп - салдар байланыстарын түсінуге мүмкіндік береді. Макроэкономикада функциялардың әр түрлерін айырады.

а) іс-қимылдық, олар экономикалық агенттердің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын сипаттайды (мысалы, тұтыну функциясы) :

,

мұнда,

a - табыс деңгейінен тәуелсіз жеке тұтыну;

(V - T) - қолдағы табыс;

b - іс-қимылдық коэффициент, ол тұтынуға шекті бейімділік деп аталады да қолдағы табыс шамасының бірлікке өзгеруіндегі тұтыну шамасының өзгеруін көрсетеді.

б) технологиялық, олар өндіріс технологиясын баяндайды (мысалы, өндірістік функция) :

,

мұнда,

Y- жиынтық шығарудың шамасы, ол капитал қоры (К) және еңбек қорымен (L) анықталады, яғни негізгі экономикалық ресурстардың (қорлардың) санымен.

в) институционалдық, олар институционалдық факторлардың (мемлекеттік басқару параметрлерінің) макроэкономикалық шамаларға жасайтын ықпалын көрсетеді, мысалы, салықтар функциясы:

,

мұнда,

Т - салық түсімдерінің шамасы;

- табыс деңгейінен тәуелсіз ерікті салықтар;

t - салық мөлшері;

Y- жиынтық табыс деңгейі (шығару) .

г) дефинициондық, олар кез келген макроэкономикалық шаманың анықтауын көрсетеді (мысалы, жиынтық сұраныс функциясы, анықтау бойынша, ол барлық макроэкономикалық агенттер сұранысының сомасы) :

мұнда,

С - үй шаруашылықтардың сұранысы (тұтыну шығындары) ;

I - фирмалар сұранысы (инвестициялық шығындар) ;

G - мемлекет сұранысы (тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алулары) ;

Xn - шетел секторының сұранысы (таза экспорт) .

Барлық функцияларды графиктер мен кестелер түрінде көрсетуге болады. Модельдерге (үлгілерге) көрсеткіштердің 2 түрі кіреді: экзогенді және эндогенді.

  • Экзогенді шамалар - ол сырттан берілетін, үлгіден тыс қалыптасатын көрсеткіштер. Экзогенді шамалар тәуелсіз болып келеді.
  • Эндогенді шамалар - үлгінің ішінде қалыптасатын көрсеткіштер.

Үлгі экзогенді шамалардың (сыртқы күш, қозғалу) өзгеруі эндогенді шамалардың өзгеруіне әсер етуін көрсетуге мүмкіндік береді, мысалы егер тұтыну функциясының түрі

С=C (Yd, W) болса,

мұнда,

С-жиынтық тұтыну шығындардың шамасы;

Yd-қолдағы табыс және W-байлық;

онда Yd және W - экзогенді шамалар, ал С - эндогенді болып табылады. Бұл үлгі қолдағы табыстың немесе байлықтың өзгеруі тұтыну шығындар шамасын қалай өзгертетінін талдауға мүмкіндік береді. Сонымен, тұтыну тәуелді шама ретінде (функция), ал қолдағы табыс пен байлық шамасы - тәуелсіз шамалар (функцияның негізі) ретінде саналады. Әр түрлі үлгілерде бір шаманың эндогенді де, экзогенді де болуы мүмкін. Солай, тұтыну үлгісіндегі тұтыну шығындары (С) эндогенді (тәуелді) шама ретінде, ал жиынтық сұраныс үлгісінде тұтыну шығындары (С) экзогенді (тәуелсіз) шама, яғни ауыспалы болып келеді, ол жиынтық шығару мен жиынтық табыстың шамасын анықтайды. Бұған мемлекеттік басқарудың ауыспалылары жатпайды, олар, әдетте, экзогенді болып келеді. Мысалы: тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алулары, аккордты салықтар, салық мөлшерлері, трансферттердің шамасы, пайыздың есептеу мөлшері, міндетті резервтер (қорлар) нормалары, ақша базасы. Ауыспалылардан басқа, үлгілерге параметрлер мен константалар кіреді. Олар тұтынуға деген шекті бейімділік, сақтауға шекті бейімділік, депозит ретінде енгізу нормасы, артылып қалған резервтер (қорлар) нормасы және икемділік көрсеткіштері, мысалы, инвестициялардың (қаржы салымының) пайыз мөлшерінің өзгеруіне икемділігі, табыстың өзгеруіне ақшаға деген сұраныс икемділігі, капитал ұтқырлығының дәрежесі және тағы басқалары.

Макроэкономикалық ауыспалылардың маңызды ерекшелігі - олардың 2 топқа бөлінуі: ағындар көрсеткіштері мен қорлар көрсеткіштері.

Ағын - ол белгіленген мерзім ішіндегі сан. Макроэкономикада уақыт бірлігі ретінде жыл саналады. Ағындар көрсеткіштеріне жатады: жиынтық шығару, жиынтық табыс, тұтыну, инвестициялар, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, жұмыссыздардың саны, экспорт, импорт және басқалар, олар жыл сайын есептеседі.

Қор - уақыттың белгіленген сәтіне келетін сан, яғни белгіленген уақытқа (мысалы, 2000 жылдың 1 қаңтарына) . Қорлардың көрсеткіштеріне жатады; ұлттық байлық, жеке байлық, капитал қоры, жұмыссыздардың саны, өндірістік әлеует, мүмкіндік, мемлекеттік қарыз және тағы басқалары. Макроэкономикалық көрсеткіштер абсолюттік және салыстырмалы деп бөлінеді. Абсолюттік көрсеткіштер ақша (құндық) түрінде (бұған адам санымен өлшенетін жұмыссыздар санының көрсеткіштері енбейді), ал салыстырмалы - пайыздарда немесе салыстырмалы шамаларда өлшенеді. Салыстырмалы көрсеткіштерге жұмыссыздық деңгейі, дефлятор (бағалардың жалпы деңгейі), инфляция қарқыны, экономикалық өсу қарқыны, пайыз мөлшері, салық мөлшері және тағы басқа кіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы
Макроэкономикалық саясат және құралдары
Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясаты және экономикалық өсу
Макроэкономикалық көрсеткіштер туралы ақпарат
Макроэкономика пәнінің негізгі проблемалары
Макроэкономикаға кіріспе.Макроэкономиканың пәні және әдістемесі
Макроэкономикалық өлшемдер
Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері
Ұлттық шаруашылықтың экономикалық өсуі қарқыны
Жұмыссыздықты топқа бөліп қарастыру және циклдік, құрылымдық жұмыссыздық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz