Қаржылық менеджменттің мәні, мақсаты, бағыттары және құрылымы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

СОДЕРЖАНИЕ

1. Қаржылық менеджменттің мәні, мақсаты, бағыттары және құрылымы 1

2. Қаржылық менеджменттің функциялары 2

3. Қаржылық менеджменттің ақпарат базасы 3

4. Қаржылық ресурстар: маңызы және құрылымы 4

5. Акшаның уақытша құнының тұжырымдамасы. 4

6. Тәуекелдік менеджмент - қаржылық менеджменттің элементі 6

7. Капиталдың экономикалық маңызы. Капитал құрылымы 8

8. Басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін шығындарды топтастыру 9

9. Қаржылық левередж 9

10. Операциялық (өндірістік) левередж 10

11. Заласыздық (өзін - өзі өтеушілік) нүктені анықтау. CVP талдау 11

12. Фирманы қаржылық сауықтыру әдістері 13

13. Кәсіпорынның дивидендтік саясаты 13

14. Тауарлы - материалдық қорларды басқару саясаты 15

15. Дебиторлық борыштарды басқару саясаты 17

16. Ақша қаражаттарын басқару саясаты. 18

17. Баумоль және Миллер - Орр модельдері (үлгілері) бойынша ақша қаражаттарының оптималды деңгейін анықтау 19

18. Қаржылық жоспарлау және болжау 20

19. Капитал құны тұжырымдамасы 23

20. Коммерциялық банктегі қаржылық менеджмент 25

1. Қаржылық менеджменттің мәні, мақсаты, бағыттары және құрылымы

Қаржылық менеджмент - кәсіпорын және ұжымдардың ақша қаражаты айналымын ұйымдастыру, қаржы ресурстарының құрылуы, бөлінуі және пайдаланумен байланысты басқару мәселелерін жүзеге асыру және оған әзірлік әдісі мен принциптерінің жүйесі болып табылады. Қаржылық менеджмент - қаржы ресурстарының айналымын басқаруға, сонымен қатар осы ресурстардың қозғалыс үрдісі барысында нарық субъектілерінің арасында пайда болатын қатынастарды басқаруға бағытталған. Қаржылық менеджмент фирманың қаржысымен жұмыс атқарады, яғни фирманың өндірістін әрекетіне жұмсалған фирманың өз капиталы және қарыз капиталымен жұмыс атқарады (үлестірілмеген пайда, амортизациялық қорлар, банк несиелері, құнды қағаздар эмиссиясы) . Сонымен қатар қаржылық менеджмент басқа да экономикалық пәндермен тығыз байланысты теориялық пән болып табылады. Қаржылық менеджмент міндеті - фирма кірісінің қалыпты деңгейін сақтай отырып, қарапайым акциялар бойынша мүмкін болатын дивидендтің барынша көбейтілуін қадағалау, яғни фирманың оңтайлы қызмет ету тәртібін анықтау. Қаржылық менеджменттің басты мақсаты - қазіргі кезде және болашақта кәсіпорын иелерінің әл - ауқатын барынша көбейту. Бұл мақсат кәсіпорынның нарықтың құнын барынша көбейтуді қамтамасыз ету барысында көрінеді, бұл өз кезегінде кәсіпорын иелерінің қаржы мүдделерін жүзеге асырады. Кәсіпорынның нарықтық құнын барынша көбейту үрдісі оның пайдасын барынша көбейту арқылы жүзеге асырылады. Қаржылық менеджмент өзінің басты мақсатын жүзеге асыру үрдісінде келесі негізгі тапсырмаларды шешуге бағытталады: 1) Алдағы уақытта кәсіпорынның даму тапсырмаларына сәйкес қаржы ресурстарының жеткілікті көлемін құрауды қамтамасыз ету. Бұл тапсырма кәсіпорынның алдағы уақытта қажетті жалпы қаржы ресурстарынанықтау, ішкі көздер есебінен өзінің қаржы ресурстары көлемін барынша көбейту, сыртқы көздер есебінен өзінің қаржы ресурстарын құраудың мақсатқа лайықтылығын анықтау, қарыз қаржы - қаражаттарды жұмылдыруды басқару, ресурстың қаржы потенциалын құру, және көздерінің құрылымын оқтайландыру арқылы жүзеге асырылады. 2) Кәсіпорынның негізгі бағыт разрезінде қаржы ресурстарының құрылған көлемін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Қаржы ресурстарының құрылған көлемін бөлуді оқтайландыру оларды кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік даму мақсаттарына қажетті пропорцияны анықтауды, кәсіпорын иелеріне инвестицияланған капиталға кірістің қажетті дәрежесін төлеуді және т. б. көздейді. Кәсіпорынның негізгі жұмыс бағыты разрезінде құрылған қаржы ресурстарын өндірісте тұтыну үрдісінде дамудың стратегиялық мақсаттары және жұмсалған қаражаттың қайтарылуы мүмкін дәрежесі есепке алыну керек. 3) Қаржы айналымын оқтайландыру. Бұл тапсырма кәсіпорынның ақша айналымы үрдісінде ақша ағымын тиімді басқару, жеке кезеңдер бойынша ақша қаражатының түсуін және шығындалуын синхронизациялауды қамтамасыз ету, айналым активтердің қажетті өтімділігін қолдау жолымен шешіледі. Осындай оқтайландыру нәтижесінде бос ақша активтерінің орташа қалдығы азаяды, бұл өз кезегінде тиімсіз қолданудан және инфляциядан болатын шығынды азайтуды қамтамасыз етеді. 4) Көзделген қаржы тәуекелі дәрежесінде кәсіпорынның пайдасын көбетуді қамтамасыз ету. Пайданы көбейту кәсіпорын активтерін тиімді басқару, қарыз қаржы - қаражатын шаруашылық айналымға енгізу, операциялық және қаржы әрекетінің тиімді бағыттарын таңдау арқылы жүзеге асырылады. Экономикалық даму мақсаттарына жету үшін кәсіпорын баланстың пайданы емес, таза, өз иелігінде қалатын пайданы барынша көбейтуге тырысуға тиіс, ол үшін салықтық амортизациялық және дивидендтік саясатты тиімді жүзеге асыру қажет. 5) Көзделген пайда дәрежесінде қаржы тәуекелі дәрежесін азайту. Егер кәсіпорынның пайда дәрежесі алдын - ала жоспарланған немесе тапсырылғн болса, ең басты тапсырма қаржы тәуекелін азайту болып табылады, бұл осы пайданы алуды қамтамасыз етеді. Қаржы тәуекелін азайту операциялық және қаржы әрекеттері түрлерін диверсификциялау арқылы, сонымен қатар қаржы инвестициялық қоржынын диверсификациялау арқылы, қаржы тәуекелінін алдын алу арқылы, ішкі және сақтандырудың тиімді түрлері арқылы жүзеге асырылады. 6) Кәсіпорынның даму барысында, оның қаржы теңдігін үнемі қамтамасыз ету. Бұл тепе - теңдік қаржы тұрақтылығының жоғары дәрежесімен және кәсіпорынның барлық даму кезеңіндегі төлем қабілеттілігімен сипатталады және капитал мен актив құрылымын оқтайлы құруды қамтамасыз етеді, әртүрлі көздер есебінен қаржы ресурстарын құру көлеміндегі тиімді пропорциялармен, инвестициялық қажеттілікті өзін - өзі қаржыландырудың жеткілікті дәрежесімен сипатталады. Қаржылық менеджмент келесі бөлімдерден тұрады:Қаржылық талдау және шешім қабылдау жүйесі. 1Қысқа мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау: (коммерциялық несие) қамсыздандырылмаған қысқа мерзімді қаржыландыру; қамтамасыз етілмеген қысқамерзімді қаржыландыру; қысқа мерзімдік жалды қаржыландыру. 2Ұзақ мерзімді қаржы ресурстарынқолдануды жоспарлау: капиталды бюджеттендіру; лизинг немесе ұзақ мерзімді несие; қарапайым және артықшылығы бар акциялар шығару; инвестициялық жобаларды бағалау және тнвестициялық қоржынды басқару; алдағы кезеңдегі кірістерді ескере отырып, ақшаның құнын бағалау (дисконттау) . 3Мүмкін болатын тәуекелді талдап, бағалау. 4Шешімнің нұсқамасы және орындалуы. 5Шешімнің орындалуын бақылау. 6Шешімнің жүзеге асырылуы барысын талдау және оның оорындалуын туралы есеп беру. Қаржылық менеджменттің ең негізгі екі буыны - пайда және тәуекел, және олардың ара - қатынасы, әрбір нақты бір кезеңде корпорацияның қаржы менеджерінің нақты шешімін анықтайды. Осыған байланысты қаржылық менеджмент құрамына қаржы әрекетінің екі түрі енеді: біріншіден - пайданы көбейту, екіншіден - компанияның нақты өтімділік деңгейін қамтамасыз ету.

2. Қаржылық менеджменттің функциялары

Қаржылық менеджменттің 2 негізгі функциясы бар: басқару объектісінің функциялары және басқару субъектілердің функциялары. Басқару объектісінің функцияларына мыналар жатады: ақша айналымының үйымы, қаржылық құралдар және инвестициялық жабдықтармен жабдықтау, қаржылық жүмыстарды ұйымдастыру жэне т. б. Басқару субъектілердің функциялары қаржылық жұмыста және шаруашылық процесте адамдардың қарым-қатынасына әрекет жасауға бағытталған жалпы қызмет түрі. Бүл функциялар, яғни нақты басқару қызмет түрі жинақтардан, табыстардан, ақпаратты сақтаудан, шешімдерді қабылдаудан тұрады. Мынандай функциялар қаржылық менеджментке тән: жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, реттеу, үйлестіру, ынталандыру, бақылау. Қаржылық менеджментте жоспарлау маңызды орын алады. Басқару функциясы - қаржылық жоспарлау - мемлекеттің қаржысымен байланысты қатынастарын реттейтін қүқық саласы. Қаржылық жоспарлау экомомикалық және әлеуметтік жоспарлаудың негізгі бөлігі болып, қаржылық механизмнің косалқы жүйесі болып табылады. Қаржылық жоспарлау - ақша ресурстарын құру, бөлу, қайта бөлу және пайдалану процестерін жоспарлы түрде басқару. Болжау қаржылық менеджментте - белгілі бір құбылыс, объекті, процестің нақты болашақ дамуында болжамды әзірлеу болып табылады. Қаржылык менеджментте ұйымдастыру формасы әр түрлі ережелер арқасында қаржылық бағдарламаны бірге тудыратын адамдар жиынтығы. Реттеу қаржылық менеджментте- қаржылық жүйенің тұрақтылық жағдайына жету құралы арқылы басқару объектісіне әсер етуі. Реттеу ағымдағы іс - шараларды құрайды. Үйлестіру қаржылық менеджментте - мамандар және басқару ақпараттарының, басқару жүйелердің барлық бөлімдерінің жұмысын ыңғайлату. Ынталандыру - өзінің еңбегінің қорытындысына қызығушылығы қаржылық қызметтегі жұмысшыларды ынталандыру болып табылады. Шығындалған еңбектің сапасы мен санына байланысты қажеттіліктердің бөлінуі арқылы ынталандыру жүзеге асырылады. Қаржылық менеджменттегі бақылау - бұл жиынтық қозғалыстық өнімнің құндық бөлінуі, ақшалай қаражатпен және оның нақты мақсатқа шығындалуына сай бағытталған спецификалық қызмет. Қаржылық менеджментегі бақылаудың бар болуының объективтілігі - ол қаржыларға экономикалық категория ретінде бақылау функциясы. Бүл функция бойынша қаржылар болып жататын бөлу қатынастары, қорлар ара қатынасы, олардың қалыптасу негіздері ескеріліп отырады. Бүл функциясының қоғам жағынан ықпал жасау мүмкіншілігі бар, ең алдымен мемлекеттен өндірістік процестерге айырбастауға, игіліктерді бөлу және пайдалануға әрекет жасайды. Сонымен, қаржылық менеджментте бақылау функциясы бақылау құралы ретінде қолдануы объективті шарттарды тудырады, ал саналық қолдану қаржының қозғалыстық өндірісте қызмет етуімен жүргізіледі. Қаржылық менеджментте ең негізгісі - бұл басқару объектісіне қатысты қаржылық қозғалыстарға жауап беретін нақты қойылатын мақсат.

3. Қаржылық менеджменттің ақпарат базасы

Кәсіпорындағы қаржылық менеджменттің тиімділігі қолданылып отырған ақпараттың базаға тәуелді және сонымен анықталады. Нақты бір кәсіпорын үшін қаржылық менеджменттің ақпарат көрсеткіші жүйесін құру оның салалық ерекшеліктеріне, құқықтық - ұйымдастырушылық формасына, шарушылық қызметінің әртараптандыру көлемі мен деңгейіне және басқа да жағдайларға байланысты. Сондықтан қаржылық менеджменттің ақпараттық базасына енетін көрсеткіштер жиынтығы ақпарат көздерінің түрлері бойынша топтастырылуы мүмкін. Бірінші топқа елдің жалпы экономикалық дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жатады. Бұл топтың ақпарат көрсеткіштерінің жүйесі қаржы қызметі саласында стратегиялық шешімдерді қабылдау барысында кәсіпорынның қызмет етуіне сыртқы орта жағдайының әсерін болжайды. Аталған топқа төмендегі көрсеткіштер жатады:мемлекеттік бюджет табысының көлемі; мемлекеттік бюджет шығынының көлемі; бюджет дефициті размерінің көлемі; тұрғындардың ақшалай табысы; тұрғындардың банктегі салымы; инфляция индексі; Қазақстан Республикасынның ұлттық банкінің есептік мөлшерлемесі. Бұл топқа көрсеткіштерін құру басылымдағы мемлекеттік статистика мәліметтеріне негізделеді. Екінші топқа кәсіпорынның салалық керек - жарағын сипаттайтын көрсеткіштер жатады. Осы топтың көрсеткіштер жүйесі оперативті қаржы қызметінің сұрақтары бойынша басқарушылық шешім қабылдау үшін қолданылады. Бұл топқа төмендегі көрсеткіштер жатады:өнім бағасының индексі; негізгі қызмет бойынша пайдаға салық салу мөлшерлемесі; қолданылған капиталдың жалпы сомасы, соның ішіндегі меншік капитал; өндірілген (өткізілген) өнім көлемі және т. б. Бұл топқа көрсеткіштерің құру көзі ақпараттың қызмет нарығында ұсынылатын ақылы бизнес - анықтамалар, есеп беру материалдарының жариялануы, сәйкесінше рейтингтер болып табылады. Үшінші топқа қаржы нарығының жағдаятын сипаттайтын көрсеткіштер жатады. Бұл топтың ақпатар көрсеткіштерінің жүйесі ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары портфелін құру және қысқа мерзімді қаржы салымдарын, сонымен қатар өзге де операцияларды жүзеге асыру саласындағы басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қызмет атқарады. Бұл топқа төмендегі көрсеткіштер жатады:биржалық және биржалық емес қор нарығындағы айналымдағы негізгі бағасы белгіленген қор аспаптарының түрі (ақция, облекациялар) ; қор аспаптарының негізгі түрлеріне сұраныс пен ұсыныстық белгіленген бағасы; қор аспаптарының негізгі түрлері бойынша мәмілелердің бағасы мен көлемі; қор нарығындағы баға серпілінің жиынтық индексі; коммерциялық банктердің депозиттік және несиелік мөлшерлемері; жеке валюталардың ресми курсы; коммерциялық банктер және банкаралық валюталық биржадағы жеке валюталардың сату және сатып алу курсы және т. б. Бұл топтың көрсеткіштер жүйесін құру көзі - байланыстың ұялы каналдар технологиясы бойынша ұсынылған немесе сәйкес электронды көздерден алынған коммерциялық басылымдар. Төртінші топқа кәсіпорынның басқаршылық және қаржылық есеп беру мәліметтері бойынша ішкі ақпарат көздерінен құрылған көрсеткіштер жатады. Бұл топтың көрсеткіштер жүйесі - қаржы менеджмент ақпараттың база негізі. Бұл көрсеткіштер жүйесі негізінде кәсіпорынның қаржы қызметінің барлық бағыттары бойынша шұғыл басқарушылық шешімдерді талдау, болжау, жобалау және қабылдау жүргізіледі. Бұл топтың көрсеткіштерінің артықшылығы: бірізділігі, реттілігі және сенімділігі, бұл жалпы қаржы көрсеткіштерімен және сәйкесінше қаржылық есеп беру мәртебесімен анықталады.

4. Қаржылық ресурстар: маңызы және құрылымы

Қаржы ресурстары ұдайы өндірістің ж/емемлекеттің шығындарын жабу үшін қажет. Қаржы ресурстары-бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу ж/е қайта процесінде жасалынатын мем-тің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ж/е халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен басқа жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге пайдаланылады. Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза табыс( пайда, ққс, акциздер, кеден төлемдері) ж/е амортизациялық аударымдар алады. Қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің жартысын құра отырып, мем-тің қаржы қуатының көрсеткіші болып табылады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу ж/е қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып олар түпкілікті пайдалануға, яғни негізгі құрал-жабдықтарды толтыруға, ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге ж/е жалпы мемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қоғам жұмсайтын материалдық ресурстардың бір бөлігінің ақша көрінісі болып табылады. Қоғамдық өндіріс процесінде қаржы ресурстары неғұрлым көп жасалса, соғұрлым ол тиімдірек болады. С. б. бүкіл ұдайы өндірістің тиімділігін арттыру проблемасын шешу ж/е экономикалық өсудің қарқынын тездету ұлттық шаруашылықта қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты. Қаржы ресурстарының қозғалысы жиынтық қаржы баланысында қамтып көрсетіледі. Қаржы ресурстарының құрамында олардың аса маңызды 2 бөлігін бөліп көрсетуге болады: 1 мемлекеттің кірістері. Олар республикалық ж/е жергілікті бюджеттерде шоғырланады. Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар, қарыздар мен лотереялар, сыртқы көздерден түсетін түсім. 2Бюджеттен тыс қаражаттар. Олар шаруашылықжүргізуші субъектілердің қарамағында болады. Олардың пайда болуы мемлекеттің мақсатты шығыстарымен байланысты. Бюджеттен тыс қорлар автономды арнаулы қорлар, арнаулы қаржы сметалары, қазнашылық шоттар түрінде болып келеді. Қаржы ресурстарының көздері макродеңгейде ж/е микродеңгейде (шаруашылық жүргізуші субъект) іс-әрекет ететін көздер болып бөлінеді: Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері: жалпы ішкі өнім, ұлттық байлық, тартылған ресурстары. Микродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері: меншікті қаржы ресурстарының көздері: өнімді өткізуден түскен табыс.

5. Акшаның уақытша құнының тұжырымдамасы.

Ақшаның уақытша құндылығы - бұл ақша қаражатының объективті мінездемесі. Оның мәні келесіде - бүгін бар ақша және болашақта алынатын ақша бір құндылы еместігінде тұрады. Бұл бір құндылық еместік үш негізгі себептермен анықталады: 1) Инфляция. Инфляция жағдайында ақшаның құндылығын жоғалту, бір жағынан оларды салым жасауға шақырады, яғни инвестициялық үрдісті инвестицияларды; ал басқа жағынан - қалдығы бар ақшаның және болашақта алынытын ақшаның айырмашылығын түсіндіреді. 2) Болашақта алынатын ақшаның алуаның тәуекелділіге. Әр шарт бойнша болашақта ақша түсетіндігі орындалмау, немесе жартылай орындалуы мүмкін. 3) Ақша айналымы - ақша қаражаттары, басқа әр актив сияқты, уақыт өтуімен пайда түсіруге пайдаланылады. Бұл мәнде, аз уақыттан кейін алынатын сома шешім қабылданып жатқан уақытта сомадан асу керек. Ақша мен уақыт байланысы келесіде:ақшаны пайда табу үшін жұмсайды; жұмсалған ақшаны шығару үшін, қаржы салымынан қосымша пайда болуы тиіс немесе үнемділікті қамтамасыз етуге тиіс. Салымды ақтау үшін, пайда мен кіріс көлемі жоғару болу керек; қаржы салымдарын тиімді деп санауға болады, егер салымнан түскен пайда немесе кіріс инвестордың осы кірісті алғанға дейінгі шығындарын жауып, өзіне қажетті пайда түсіреді. Сондықтан, қаржы салымдарын бағалау барысында, қаржы салымдарының мерзімі әртүрлі екенін ескере отырып, одан түсетін пайданың көлемін анықтау қажет. Ақша ағымдарын дисконттау әдісі - бұл ақша құнының уақыт бойында өзгеріп отыратынын есепке ала отырып, бағалау әдісі. Ағымдағы бағаға пайыз қою арқылы болашақта қолма - қол қаражат алу үрдісі - дисконттау деп аталады, ал алынған қолма - қол қаражат көлемі - дисконтты баға деп аталады. Пайыздар деп капиталды әртүрлі формада (несие, ссуда) қарызға беруден немесе өндірістік және қаржылық сипаттағы инвестициядан түскен табыс. Пайыздарды есептеу үшін екі әдіс қолданылады:декурсивті әдіс - пайыздар әрбір есептеу интервалдың аяғында есептелінеді. Олардың мөлшері алғашқы капиталдың көлемінен есептелінеді. Декурсивті пайыз ставкасын ссудалық пайыз (r) деп атайды. Практикада декурсивті әдіс қолданылады. антисипативті әдіс - пайыздар әрбір есептеу интервалдың басында есептелінеді. Олардың мөлшері болашақ капиталдың көлемінен есептелінеді. Антисипативті пайыз ставкасын есептеме пайыз (d) деп атайды.

Барлық есептеу кезеңінде алғашқы ақша жиынтығына қолданылатын пайыздар жай пайыздар деп аталады және келесі формуламен есептелінеді:I = PV*n*r, (1) I - табыс көлемі немесе пайыздық төлем; PV - алғашқы капитал; n - қаржы операцияның ұзақтығы (жыл) ; r - ондық бөлшек түріндегі пайыз мөлшері (мысалы 10% = 0, 10) . Егер қаржы операциясының ұзақтығы бір жылға толмаса, онда n = t / T, мұнда t - күнмен есептелінген қаржы операциясының ұзақтығы, Т - бір жылдағы күн саны. Күрделі пайыздарды есептеу - дисконттауға қарсы үрдіс, себебі қазіргі кезде қолда бар ақшаның болашақтағы құны күрделі пайыздар көмегімен анықталады:I = PV*((1 + rс) n - 1) 2) Ақшаның болашақ құны (FV) - бұл қазіргі кезде инвестицияланған ақша қаражатының болашақтағы құны.

Ақшаның ағымдағы құны (PV) - болашақ ақша ағынының дисконтталған құны. Декурсивті әдіс: жай пайыздар схемасы: FV=PV*(1+n*r)

Әр түрлі қаржы операциялары бойынша есептеулер жүргізу барысында, көп жағдайда эквиваленттік пайыздық ставкаларды анықтау қажеттілігі туындайды.

Балама пайыздық мөлшерлемені қаржы операцияларын таңдау мүмкіндігі болған жағдайда және әр түрлі пайыздық мөлшерлемелерді дұрыс салыстыру үшін аспап қажет болған жағдайда білу өте маңызды. Балама пайыздық мөлшерлемені анықтау үшін балама теңдігі қолданылады, осы теңдікті құру принципі келесі: әр түрлі пайыздық мөлшерлемелерді қолдана отырып, есептеуге болатын қандай да бір көлем (шама) таңдап аламыз (әдетте FV), осы шамаға сәйкес екі теңдеуді негізге ала отырып балама теңдігі құрылады, бұдан арасындағы өзара тәуелділікті көрсететін қатынас пайда болады.

Қаржылық және коммерциялық есептеулердегі негізгі ұғымдардың бірі болып аннуитет табылады. Аннуитетті төлемдердің схемасының логикасы қарыздық бағалы қағаздарды бағалауда, инвестициялық жобаларды талдауда және аренданы талдауда қолданылады.

Аннуитет - бұл дүркін-дүркін төленетін ақшалай сома (жарна, рента немесе табыс) . Сақтық ісінде ол рентаны немесе зейнетақыны сақтандыру жөніндегі төлемдердің шамасын (мөлшерін) көрсететді.

1) Мерзімді аннуитетті есептеу. Аннуитет ақша ағымының жекеленген түрі болып табылады. Оны анықтаудың 2 жолы белгілі. Біріншісі бойынша аннуитет элементтері бірдей уақыт интервалдары арқылы орын алатын бір бағыттығы ақша ағымы болып табылады. Екіншісі қосымша шектеуді енгізеді: ақша ағымының элементтері көлемі бойынша бірдей болады. Егер бірдей уақыттық интервалдардың мөлшері шектеулі болса, аннуитет мерзімді деп аталады.

Аннуитеттің 2 типі бөлініп көрсетіледі: постнумерандо және пренумерандо.

Постнумерандо мерзімді аннуитетінің мысалы болып кезекті кезең аяғында ретті аренда төлемдері келісіммен көзделген жағдайда жалға берілген жер учаскесін қолданғаны үшін ретті түсіп отыратын ренталық төлемдер бола алады.

Пренумерандр мерзімді аннуитет мағынасына, мысалы, ірі зат сатып алу үшін жеткілікті соманы жинақтау мақсатымен банк шотына кезеңді ақша салымдарының схемасы жатады.

Бастапқы тарихи кезеңде жыл сайынғы ақша түсімдері қарастырылған (кезең 1 жылға тең), бұл «аннуитет» атауына негіз болды (латынша «жыл» - «anno») . Кейіннен кезең ретінде кез-келген уақыт аралығы қолданыла бастады, ал бұрынғы атау қала берді. Аннуитетті қаржылық рента немесе жай рента деп те атайды. Кез-келген ақша түсімі рента мүшесі деп аталады. Ал тізбекті ақша түсімдерінің аралығындағы тұрақты уақыт интервалының мөлшері аннуитет периоды деп аталады.

2) Мерзімсіз аннуитет. Егер ақша түсімдері ұзақ уақыт бойы жалғастырылса аннуитет мерзімсіз деп аталады. Мерзімсіз аннуитетке мысал: кейбір мемлекеттердің шығаратын үкіметтік облигациялары, олар бойынша ретті купонды төлемдер жүргізіледі, алайда олардың белгіленген мерзімі болмайды. Батыс практикасында мерзімсіз аннуитетке 50 жылдан жоғары уақытқа белгіленген аннуитет жатады. Мерзімсіз аннуитет өмірлік рента деп те аталады.

6. Тәуекелдік менеджмент - қаржылық менеджменттің элементі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық менеджменттің маңызы
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Банктік менеджмент және оның ерекшеліктері
Банк менеджменті
Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердегі қаржылық менеджменттің мәні мен маңызын анықтау
Банктің несиелік ресурстарын қалыптастырудың теориялық негізі
Банктік менеджменттің сипаты
Қаржылық менеджмент туралы ақпарат
Қаржылық менеджменттің механизмі
Банктің басқару қызметін ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz