Батыс түрік және Түргеш қағанаттары


БАТЫС ТҮРІК ЖӘНЕ ТҮРГЕШ ҚАҒАНАТТАРЫ
Халықтардың ұлы коныс аудару дәуірі (П-V ғғ. ) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Европаның этникалық және саяси картасын едәуір дәре-жеде өзгертті. V ғасырда түркі тіддес теле (тирек) тайпалар одағының саны көп топтары Солтүстік Монғолиядан Шығыс Европаға дейінгі далалық өңірге қоныстанды, оңтүстігінде олардың көшіп жүретін жерлері Әмуд-арияның жоғарғы ағысына дейін жетті.
VI ғасырда Қазақстан жерлері кұдіретті держава - билеушілері түрік тайпасының әулеттік ашин руынан шықкдн Түрік қағанатының билігіне түсті. Түрік этносының езі қағанаттың курылар алдындағы кезенде Ганьсу, Шығыс Түркістан және Алтай аудандарында III ғасырдан VI ғасырға дейін кезен-кезенмен қалыптасты.
Түрік қағанаты. «Түрік» 1 этнонимінін алғаш рет аталуы қытай жылна-маларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюн-нулердің (ғүндардың) ұрпақтары деп санаған. Шежірелерде бұл кезде қыт-айдың Вэй князьдігінің солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс жақтың бірінен келген түріктер (туцзюе) жыл сайын шапқыншылык жасап, ойран-дап кететін болды деп хабарланады. Олар туралы келесі бір мәліметтер бүкіл қүрылыктағы тарихтың талай ғасырлар бойғы дамуына өзек болған окиға-ларға байланысты. . •
546 жылы тирек тайпалары кдзіргі Монғолияның оңтүстігі мен орталык, беліктерін мекендеген және бұл жерлерге үстемдік егкен аварларға (жу-ань-жуань) қарсы жорық жасайды. Батыс жақтан қаптай енген тиректер армиясының сан жағынан қаншалықты көп болғаны белгісіз, бірақ олар-дың нөпірі сүсты болған деп топшыланады, өйткені тиректердің күрамына көптеген тайпалар енген, ал олардың куатты аварларға аз күштермен қа-рсы тұра алуы екіталай еді. Түрік кдғаны Бумынь күтпеген жерден катты шабуыл жасай отырып, бей-берекет жаткдн тирек армиясын қапылыста басып, кескілескен шайқастан кейін оны күйрете жеңеді де, тиректердің 50 мыңнан астам әскерін түріктер түтқынға алады. Даланың әдеттегі қүқығының қағидаларына сәйкес тұткынға алынған әскерлер өзінен-өзі женушінің армиясына қосып алынатын еді. Осы кезден бастап, бұрын авар-ларға вассалдық тәуелділікте болған түріктер енді олардың бәсекелестеріне айналады. Мүның бір көрінісі авар қағанына келіп, авар қағаны үйінің ханшасын Бумынға әйелдікке бер деп үзілді-кесілді талап еткен түрік елшілігі болды.
Мұның өзі қағанмен тең күқықтылығын көрсетуден гөрі оны басынғандық еді. Авар кағаны Анағұй: «Маған бас иетін - вассал. Бұлай деуге қайтіп дәтің барды?» деп Бумыньға жаушыларын жібереді 2 . Бірақ аварлар калы-птаса бастаған Түрік кағанатының күшін бағалай алмады, ал түріктер тара-пынан мұның өзі осылай болуға тиіс деп дұрыс ойластырылған әдіс қана болатын. Енді бүрынғы вассалдардың бұрынғы билеушілеріне қарсы соғыс ашуға дәлелі табылады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңгені соншалык, Анағұй өзін өзі өлтіреді. Осы кезден бастап түрік билеп-төстеушілері қағандар атағын алады, сөйтіп аварлардың бұрынғы күш-қуатына да, олардың барлык иеліктеріне де өзін мұрагер ретінде орныклырады.
Бумынь өлгеннен кейін такқа оньщ інісі Қара-Еске отырады, оның бас-тауымен түріктер Орхонның жоғары жағында бір жердегі Букрат (Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мұрагері деп шежі-реші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол қағандықтағына Мүқан-қаған (Мугань) деген атпен отырады, онын лақап аты Йанту болады. Мүның бәрі 552-554 жылдардың арасында болған. Бұл уақытгың ішінде түріктер шығы-ста қайлар (татабтар), квдандар және отыз-татарлар тайпаларын, солтүстікте Енисей кырғыздарын өздеріне қаратып алады.
Бүл жылдары түріктердің батыста жасаған соғыс жорықтары бүлардан да күшті бола түседі. Бүларды Бумынның басқа бір інісі Иштеми бастайды, кейін оны батыс түріктерінің түпкі атасы және Батыс Түрік кдғанатының негізін салушы деп атайды. 552 не 553 жылы батысқа жасалған жорықтар-дың бірінде Иштеми Бумынмен бірге болып, «он ұлы жетекшіні (немесе қауым бастығын) баскдрды, он түмен әскері болды; ху елін (соғдылыктар-ды?) жуасытуға аттанды және «Он тайпалық» деп атап өзін қағанмын (Ши-син було қаған) деп жариялады». Бұл - өте-мөте назар аударарлык хабар. Мұны шежіре дәстүрінің өзі де ескермеген, бұл дәстүр бойынша тайпа-лық-әскери үйымның ондык жүйесінің шығуы Жетісу түріктерінде 651 жылы ғана болады, сол жылы Ашбара-Териш-қаған (Шаболо-Дилиши) «әзінің мемлекетін күтпеген жерден он ұлысқа бөледі: әрбір үлыс оны ба-сқарушы бір адамның қарамағында болады» 6 . Оны шэ (шад) деп атаған. Әрбір шадқа бір жебеден сыйлық береді, осыдан келіп Он жебе-деген ат шығады. Тайпалық-әскери санаудың ондык дәстүрі Жетісудың ежелгі түрік тілді тайпаларында VI ғасырдың орта кезінде-ақ болған және Батыс Түрік қағанатының этникалык-саяси қүрылымында айқын бейнеленеді.
552-553 жылдары түріктер «батыста идті (эфтал) бағындырады». Әңгіме Орта Азия эфталиттері туралы болып отырмағаны күмәнсіз, өйткені олар-ды жаулап алу үшін алдымен Алтайдан Тоқарстанға дейінгі жолдағы мем-лекеттердің бәрін бағындырып алу керек еді, ал ондай мәліметгер бізде жоқ. Оның бер жағында түріктердің Орта Азия эфталиттерін 563-567 жылдары, яғни он жылдан кейін жаулап алғаны баршаға мәлім. Сондықтан «батыста идті талқандады» деген сөзді география тұрғысынан Алтай аумағымен шек-теу керек. Түріктерді қараэфталит аймағына орналастыратын шежіреші олар осы жерде болған дейді 7 . VIII ғасырдың орта шенінде ұйғыр жансыздары да оларды осы жерден тапқан. Сөйтіп, батысқа түріктердің Бумынь мен Иштемидің бастауымен жасалған жорығы туралы айтылып отырғандықтан (соңғыға Жетісу түріктері қағанатының құрамына кіретінін көрсететін «Он тайпа» атағы берілген болатын), нак, осы ауданды түріктердің 552 жылғы әскери экспедОтырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түріктердің батыс-тағы, Орта Азиядағы онан арғы саясатының негізі болды. Олар эфталит-терінің батыс тармағына міне осы арада кездесті, ал эфталиттердің иелік-тері Каспий теңізінен Солтүстік Үндістанға және Шығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан еді. Өзінің армиясының орасан зор да, икемді құрамына кдрамастан, мұндай күшті жалғыз жеңіп алуға түріктердің шамасы келмейтін. Олар үшін соғыс сасанилік Иранмен әскери одак жаса-сқаннан кейін ғана табысты бола бастады. Эфталиттерге вассалдық тәу-елділікте болған Иран оларға үзақ уақыт бойы жыл сайын күміспен салық төлеп тұрды, мүны осы мақсат үшін арнайы соғылған пехлеви жазуымен қоса эфталит жазуы бар теңгелер көрсетеді. Сондықтан түріктердін эфта-литтерге кысым жасауы Иранның сасанилік билеушілеріне колайлы болды. Түрік қағанымен жасалған келісім бойынша Хұсрау I Ануширван шах өзінің армиясын Тоқарстанға аттандырып, оны 564 жылы эфталиттерден тартып алды, сөйтіп эфталиттер өздерінің берік те қамсыз тылынан уақыт-ша айрылып қалды. Мұның өзі түрік кдғаны Силзибулға 563-567 жылдары эфталит патшалығын талқандауға мүмкіндік берді. Түрік-эфталит соғысы біткен бойда-ақ Шығыс пен Батыстың арасындағы керуен жолдары бойы-нда жатқан жерлерді бөлуге келгенде одақтастар арасында араздык бастал-ды. Бұл жерлерді иелену жол асуларын кеңінен пайдалануға, жібек, тәтті тағамдар, сәндік заттар т. б. саудасын бақылауға, Шығыс пен Батыс ара-сындағы товар айырбасына белсене катысуға мүмкіндік беретін еді.
Бұл саудада бүкіл Орта және Орталық Азия аумағында негізгі делдал-дар соғды көпестері болды, олар өздеріне колайлы жағдайды сақтап калуға бәрінен де гері мүдделі болатын. Сондыктан бұрынғы одақтастармен араз-дасып қалған түрік кағаны Хұсрау I Ануширванға Персия арқылы Визан-тияға жібек және баскд товарлар өткізуге рұқсат сұрап, елшілік жіберуге үйғарғанда, бүл елшілікті соғды көпесі Манйах бастап барғанына танда-нуға болмайды. Алайда елшілік сәтсіздікке ұшырады. Хүсрау I Ануширван қағанэтпен қатынасты көрінеу біржолата үзуге батылы бармай, әкелген жібектің бәрін сатып алуға бұйрық берді, сөйтті де, оны Маниахтың көзінше өртеді. Екінші елшілік те осылай сәтсіз болып шықты.
Бұл жағдайда түріктер тікелей Константинопольге, Византияның импе-раторы II Юстинге сөз салуды дұрыс керді. Тағы да сол Маниах бастаған елшілікке енді Кавказ аркылы жүруге тура келді. Маниахтың Константи-нопольдегі келіссөзі сәтті болды, ол кейін қайтқанда түріктердің жаңа одак-тасының екілі, Византия елшісі Земархты алып кдйтты. Земарх елшілігі Кавказдан асып, Каспий теңізін жағалап, Хорезм аркылы Сырдарияға жетті. Бұл елшіліктің сипатталып жазылуы Менандрда сақталған. Ол елшілердің екі оттың арасынан етіп, тазалану рәсімін жасауға тиіс болғанын әңгімелейді, қаған шатырының ішкі жиһаздарын, дөңгёлектері бар алтын тақты суреттеп жазады. Византия елшісінің түрік қағанымен келіссөзде түріктер мен Визлнтия арасында жібекпен тікелей сауда жүргізу туралы және олардың арм ияларының сасанилік Иранға қарсы бірлесіп қимылдауы туралы сөз болады.
Алайда бірінші тармақта екі жақ келісімге келе алмайды, өйткені бұл кезде Византия жібек құртын өсіруді өзі үйреніп алған болатын, сондықтан ол сырттан жібек әкелуге зәру емес еді. Византиялыктар түріктерден Иранға қарсы әскери көмек қана күтті. Қаған сарайының бұған оң карицияларының батыстағы жеткен шегі деп санау керек. Тегі, бұл Иран мен Византияны әлсіретуді кездеген дипломатиялық есеп болса керек: егер бұлар езара соғыс жағдайында болса, түріктерге бұл қолайлы болып шығар еді. Солай болып шықты да. Өздерінің араларын-дағы қатынастарды соғыс жолымен анықтап алудан қолдары босамаған Иран мен Византия қағанаттың істеріне ықпал жасай алмады.
Бірақ 575 жылы жағдай өзгерді. Византия мен Иран өзара уақытша бітім жасасты. Тіпті Византия түріктерге карсы күреске олардың бүлікшіл вас-салдары уархун (вархонит) -түріктерді тарту үшін Кавказдың арғы жағына және Кавказға кіруге әрекет жасады. Бұған жауап ретінде түрік атты әскері Киммерия Боспорына, онан кейін Қырымға және Батыс Кавказға жойқын жорық жасады.
Батыс түрік кағанаты .
Бірақ осыншама ұлан-байтақ жер енді ғана калы-птаса бастаған мемлекеттіктің шеңберінде ұзақ уақыт қала алмайтын еді. Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлык өзара бай-ланысты біртұтас экономикалық және этникалық-саяси организм болма-ды. Тек қарудың күшімен ғана құрылған империя оған ұзақ уақыт сүйеніп тұра алмады. Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттарымен және ашаршылықпен ушыға түсуі, Суй Қытайының кағанат шекараларына ша-буыл жасауы (581-618 жылдар), ақырында, онын аудандарының автоно-миялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес кағанатқа - Шығыс және Батыс кағанаттарына бөліну-мен аяқтадды; Батыс қағанаттың орталығы Суяб (Жетісу) болды. Бөлінуі-не қарамастан, Батыс түрік қағанаты Шығыс түрік қағанатына біршама сая-си тәуелділікте болды, онда екімет билігі түріктердің каған руы - ашина-лардың колында бодды.
Батыс түрік қағанаты «ежелгі усун жерлеріне» ірге тепті, демек, оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанатгың негізгі этникалық-саяси ұйытқысы - «он тайпа» он-оқ будунның мекендеген жері де осы еді. Сонымен қатар ол Түрік қағанатынын. Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқанд, Маймург, Кеш, Нахшеб. Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Андхой) отырық-шы-егіншілік шүраттарындағы басып алған барлық жерлерінін, . мұрагері бодцы. Батыс түріктеріне тәуелді деген аты ғана болған Соғды мен Бұхара-да да қағанның наместниктері, яғни, дүрысырағы, оның өкілдері болды.
Шаруашылық-экономикалық жағынан алғанда, қағанат екі негіздің - мал шаруашылығын кешпелі әдіспен жүргізуге негізделген қоғамның және бұл кезде феодалдық қатынастар едәуір дамыған отырықшы-егіншілік қоға-мның ұштасуы болды.
Бұл кезде феодалдық қатынастар Византия мен сасанилер Иранында дамыған болатын. Соғыс және сауда бәсекелестігіне қарамастан (бәлкім, соның арқасында да болар), феодалдык қоғамдық қатынастар Кавказ еңірінің Хазар патшалығының көшпелі ортасына, тиректер мен Алтайдың ертедегі түріктері жеріне өтіп ұлғая түсті.
Батыс түрік (сондай-ақ Шығыс түрік) қағанатының халықаралық ша-руашылық және саяси байланыстар аясына тартылуында Соғды мен Жеті-судың соғдылык көпестері ерекше рөл атқарды. Жетісудың кұжаттарда көбінесе «соғды» қалалары деп аталатын қалалары ежелгі түрік дәуірінде 300
тоқтап қана өтетін мекендер болған жоқ. Қалалардың соғды халқы да, түрік халқы да саудамен, қолөнермен, диқаншылыкпен бірдей дәрежеде шұғыл-данды. Қала мен дала кдғанат кұрамында бірін-бірі толыктыратын және біріне-бірі өзара керек болып отыратын біртүтас шаруашылық-саяси орга-низмнің екі бөлегі болды.
Транзит сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да ақша айналысын туғызды, сейтіп Батыс түрік қағанатының вассалдық шет аймактарының да, орталығының да халкы осы айналыс ерісіне тартылды.
Қағанатта коғамдық-экономикалык катынастардың дамуы Евразияның басқа аудандарындағы осы сияқты үрдістерге байланысты жүріп, феодал-дық катынастардың орнығу арнасында жүргенімен, онйң өз ерекшеліктері де болды.
Батыс түріктері мемлекетінің бірінші басшысы - каған, жоғарғы биле-уші, билеп-төстеуші, әскербасы болды. Ол накты алғанда шығыс түрік қағ-анатына тәуелді болды, бүл оның таққа отыруына ез келісімін беретін не-месе бермей де қоя алатын еді. Бірақ іс жүзінде шығыс түріктері де өздерінің інілеріне талай рет бағынышты болды. Алғашында қаған тағына мүрагерлік бойынша қағанатгың сол қанатынан шұмұк (ашна) фратриясының өкілдері отыратын, бірақ бұл тәртіп тұғлүктар мен оншадыпыттар топтарының ара-сындағы өзара тартыс күресінде мезгіл-мезгіл бүзылып отырды. Кей кез-дерде қағанатга бірнеше қаған болып, олардың өкілеттік дәрежесі әр түрлі болды. Қаған мемлекеттін ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне бас-шылық етті, ру басшыларын тағайындады. Ол әулеттік фратриялардан шыққан шонжарларға сүйенді.
Қағанаттың астанасы және қағанның қысқы ордасы Шу аңғарындағы Суяб қаласы болды. Саяхатшылардың хабарлауына қарағанда, Суябқа жақын жазғы резиденция - Цзедань қағанның ордасы болған.
Кдған тек билеуші ғана емес, сонымен қатар қағанаттың барлық жерінің иесі де болуы мүмкін. Алайда көшпелі қоғам жағдайында (дала халқын ала-тын болсақ) билік негізінен алғанда жерге емес, ол жерді пайдаланатын адамдар ұжымына жүргізілді.
Техника мен жер суарудың тым кдра дүрсін болуы жағдайында ауыл шаруашылығына жарамды жерлер тапшы, ал мал жайылатын жерлер кеп болды. Көшпелі қоғам жылжып көшіп, тіпті үдере көшіп кете алады, ал егіншілік ұжымы жөнінде бұлай деуге болмайды. Мал шаруашылығы үжы-мдарының көшіп-қонып жүруі қағанаттың жоғарғы өкіметіне енжар ка-рсылық жасап, қағанат әскерлерінің қолы жетпейтін алысқа үдере көшіп кетуіне мүмкіндік беретін еді.
VII ғасырдың бас кезінде Батыс түрік қағаны Ябғудың ордасында бо-лған будда монахы Сюань Цзанның жазғандары каған руынын, байлығы туралы біраз үғым береді. Қағанды аң аулап жүрген жерівде кездестірген саяхатшы аңшылар киімдерінің сәнділігіне таң-тамаша қалады. «Қаған жасыл жібек желбегей киген, - дейді ол. - Оның қасына ерген екі жүзден астам тарханы бар, олар қамқа желбегейлер киген, шаштарын бұрымдап өрген. Басқа сарбаздары аң терісінен тігілген ішік киген, бөріктері жұмсақ матадан тігілген, қолдарына айбалта, садақ, ту үстаған. Аттары өңшең сайгүлік. Түйе, ат мінген адамдардың көптігіне көз сүрінеді» 8 . Одан әрі қаға-нның киіз үйі туралы айтқанда, оның алтынмен сәнделгені соншалық, тіпті «кез қаратпайды» дейді ол
Мемлекетте қағаннан кейінгі екінші адам ұлық болған. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар - ябғу, шад және елтебер - қаған руының өкілдеріне тиесілі еді; оларды қаған вассал тайпаларды билейтін лауазымдарға қойған. Сот қызметтерін бұрықтар мен тархандар аткарды. Бектер - тайпа бастық-тары мен өкілдері - жергілікті жерлердегі ақсүйектер сословиесінің басты тірегі болған.
Тағы бір категория - үй-қаған барынша назар аударарлык. Деректеме оны былай деп сипаттайды: «Дәрежесі ябғудан төмен қағандар болады. Сондай-ақ бір үй болып түратын бір атадан тараған көп адамдар да (фами-лиялар) өз басшысын үй-қаған деп атайды; түріктер үйді үй деп атайды, демек бүл үй қағаны деген сөз» 10 . Әңгіме бұл жерде кауымнын, негізгі эко-номикалық бөлінісі партиархаттық отбасылық қауым жөнінде болып отыр.
Қағанаттың канауда болған бұқарасы мал өсіретін ерікті ұсақ кауым мүшелері болды. Батыс түрік қағанатында олардың қалай аталғаны белгісіз, бірақ шығыс түрік әлеуметтік терминологиясына ұқсастырып, оларды «қара бұдун» («тобыр», «қара халык») деп атаған деп топшылаиады. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда тайпалар да, бір- жағынан, ақсүйек тайпалар, ал екінші жағынан, оларға бағынышты, вассалдык, тәуелді тайпалар болып бәлінген.
Бағынышты тайпаларға және карапайым көшпелі бұқараға жүктелген міндеткерліктер туралы жазба деректер аз. Солай бола тұрса да, басты міндеткерліктердің бірі әскери міндеткерлік (басқаша айтканда «канмен төлейтін салық») болғаны белгілі; бүл міндеткерлік бойынша, вассал тай-палардың барлык жауынгер-еркектері тайпа көсемі армиясының кұрамы-на кіреді. Соғыстың негізгі ауыртпалығы, демек адам шығынының ең кебі бағынышты тайпалардың мойнына түседі. Кейде «келімсек» деп аталған бұл тайпалар соғыс шайқастары кезінде «алдағы шеп» ретінде пайдаланылған, яғни алғы шепке койылған. Бүл дәстүр барлык жерлерге тараған.
Бағыныштылық әркашанда алым-салық төлеумен катар жүріп отырған. Оның үстіне бағындырылған тайпалардан, сондай-ақ соғыс қимылдары кезінде тұтқынға алынғандардан қүлдар тобы калыптасқан. Бірақ ертедегі түріктердегі «кұл» деген терминді жалпыға мәлім «классикалық» түрде түсінуге болмайды. Құл тайпалар - үстем тайпаға мал және аң терісі т. б. түрінде салық төлеп түруға міндетті вассал тайпалар.
Түріктердің көршілес тайпаларға шапқыншылық жасағандағы мақсат-тарының бірі кұлдар алу болған, бүл орайда, әдетте, ұлдар мен кыздарды алған. Мысалы, түріктің Баһадүр-қағанының 620 жылы бірнеше мың кыз баланы тұтқынға алғаны мәлім. «Жорықтарда түтқынға алынған ұлдар мен қыздар, яшма мен жібек - мұның бәрі каған меншігіне түседі», - делінеді сол кездегі кұжаттардың бірінде 11 . Түріктің Білге-қағанының 720 жылы басмылдарды жеңуін баяндай келіп, автор түріктер «олардын (басмылдар-дың) ұлдары мен қыздарын алып, кейін қайтты» деп хабарлайды. Дерек-темелерде мұндай мәліметтер жиі кездеседі. Тұтқын балаларды үлкен от-басылы қауымда әдетте «бала қылып алып», шаруашылыкка пайдаланды. Мұның бәрі кағанатта кұлдықтың басқа түрлері болғанын (мысалы, қо-лөнерші, қала салушы т. с. құлдар еңбегі болғанын) теріске шығармайды, бірақ кұл еңбегін пайдаланудың негізгі түрі үйдегі, яғни отбасындағы күлдық деп есептеуге мүмкіндік береді.
Тәуелділердің тағы бір категориясы болды. Білге-қаған ескерткішінің текстерінде бектерге және халыққа арналған сездер бар. Онда мынадай жол
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz