Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты


ЖОСПАР
1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты1
2 Қаржылық жағдайды талдаудың ақпараттық негізі2
3. Қаржылық талдаудың әдістері мен тәсілдері3
4. Қаржылық жағдайды экспресс-талдау4
5. Кәсіпорынның төлем қабілеті мен баланс өтімділігін талдау5
6. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдаудың көрсеткіштері8
7. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін талдау10
8. Кәсіпорынның нарықтық белсенділігі көрсеткіштерінің жүйесі13
9. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштерінің жүйесі және оларға сипаттама15
10. Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдағын талдау16
1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
Кәсіпорынның қаржысын жемісті басқарудың ең негізгі шарты - оның қаржылық жағдайын талдау. Нарықтық қатынастар кезіндегі қаржылық жағдайды талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, меншік иелері, коммерциялық серіктестіктер және басқа да контрагенттер алдында өзінің өндірістік - кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржы құралдарының құрылуы мен қолданылуын үрдісін көрсететін көрсеткіштер жиынтығымен сипатталады. Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы қаржылық жағдайы оның қызметінің соңғы нәтижелерін көрсетеді. Кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелері тек қана оның жұмысшыларын ғана емес, сонымен қатар оның экономикалық қызмет бойынша серіктестерін де қызықтырады, олар: мемлекеттік, қаржылық, салық органдары және т. б. Осының барлығы кәсіпорынның қаржылық талдаудың өткізудің маңыздылығын анықтайды және экономикалық үрдісте осы талдаулардың ролін арттырады, қаржылық талдау элементі болып табылады.
Нарық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қаржы - есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері мен оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай - ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады.
Қаржылық талдау - тиімді дамуды қамтамасыз етуге және оның нарықтық құнын көтеруге мақсатында кәсіпорынның қаржылық-шаруашалық қызметінің негізгі нәтижелерін және қаржылық жағдайын зерттеу процесі.
Қаржылық талдаудың негізгі зерттеу объектілері - қаржылық ресурстар, ақшадай құралдар ағымы, кәсіпорынның қаржылық жағдайы. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның іскерлік активтілігі және сенімділігінің маңызды мінездемесі болып табылады. Ол кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін, іскерлік бірлестіктегі тұрақтылығын анықтайды, сол кәсіпорын сияқты, оның әріптестерінің тиімді қызметінің кепілі болып табылады. Қаржылық жағдай кешенді түсінік болып табылады және тұрақты қаржылық мүмкіндіктерді көрсететін көрсеткіштер жүйесімен мінезделеді. Жақсы қаржылық жағдай - бұл тұрақты төлем дайындығы, меншікті айналым құралдарымен жеткілікті қамтамасыз етілуі және оны шаруашылық бағытта тиімді қолдану, анық есептік ұйым, тұрақты қаржылық базаның болуы.
2 Қаржылық жағдайды талдаудың ақпараттық негізі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады. Қаржылық есеп беруге мыналар жатады:
- бухгалтерлік баланс;
- табыстар мен шығындар туралы есептеме;
- ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептеме;
- меншікті капитал ішіндегі өзгерістер туралы есептеме.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.
«Қаржылық есептің мақсаты - бухгалтерлік есептің № 2 БЕС көрсетілгендей, - бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдай және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:
1) ұзақ мерзімді активтер;
2) ағымдағы активтер;
3) меншікті капитал;
4) ұзақ мерзімді міндеттемелер;
5) ағымдағы міндеттемелер.
Баланс қаржылық есеп беруде 3 элементі сипаттайды: активтер, меншікті капитал және міндеттемелер. Қалған 2 элемент - табыс және шығын - қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетілген. Бухгалтерлік есеп - бұл қолданушы заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Басқарушылық шешімдерді қабылдау негізі есепті ақпаратта болады.
№ 4 БЕС сәйкес субъекттер жасаған “ Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп ” заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есепті кезең ішіндегі операциондық (кіріс алатын негізгі қызмет пен инвестициялық және қаржы қызметтеріне жатпайтын өзге қызмет), инвестициялық (ұзақ мерзімді алашақтарды сатып алу мен сату) және қаржылық қызметі (жеке капитала мен заем қаражаттарының мөлшері және құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын заңды тұлғаның қызметі) тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы туралы хабарламамен қамтамасыз етеді.
Меншік капиталының қозғалысы - бұл субъектінің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше класқа бөлінеді: жарғылық капиталы, қосымша төленген капиталы, резервтік капитал, таратылмаған табыс. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін мұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.
Қаржылық есеп беру қағидалары қаржылық есеп жүргізудің бастапқы жайы мен қаржылық есепті құрудан тұрады. БЕС № 30 қаржылық есеп саясыты мынандай негізгі қағидалардан тұру тиіс:
1) есептеу - қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады (көрініс табады), ал шығысы мен зияны орын алынған кезден бастап танылады;
2) толасыздық - субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды;
3) маңыздылық- қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс;
4) мәнділік - қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін;
5) дұрыстық - есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құрылады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса;
6) шындық және алалықсыз ұсыну - қаржылық есеп беру субъекттің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсынуы тиіс;
7) бейтараптық - қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал;
8) сақтық - кез келген шешімді қабылданған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай-ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек;
9) аяқтау және салыстыру - қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс;
10) жүйелілік - пайдаланушы субъектінің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезіңімен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керектігі.
Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін классқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп беру элементері болып табылады.
Қаржылық есеп беру элементтері
бух. баланс
элементі
Активтер- бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі.
Міндеттемелер- бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын көрсетеді.
Меншік капиталы- бұл субъекттің міндеттемесі шегерілген активі.
Табыстар- бұл субъекттің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі.
Шығыстар- өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары.
3. Қаржылық талдаудың әдістері мен тәсілдері
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды:
- ішкі (басқару) талдау;
- сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді қажет етеді.
Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иессіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есеп негізінде жүргізіледі.
Басқару талдау - бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі, мұндағы бәсекелестік нәтижесінде өзгеріп отыратын нарақтық конъюнктура жағдайында өзінің жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратетигиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативттер туралы ақпараттар, коммерциялық құпияға айналады.
Қаржылық талдауды іске асыру мақсатына байланысты ол бірқатар белгілеріне тәуелді әр түрлі формаларға бөлінеді:
а) жүргізу ұйымы бойынша:
- ішкі қаржылық талдау - кәсіпорынның қаржылық менеджері мен оның иелерінің барлық ақпараттық көрсеткіштердің жиынтығын қолдаумен жүргізіледі (мұндай талдау коммерциялық құпия болуы мүмкін) ;
- сыртқы қаржылық талдау - кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижесінің дұрыстығын тексеру мақсатындағы сақтандыру компанияларының, коммерциялық банктер, аудиторлық фирмалардың, салық органдарының жұмысшылары іске асырады;
б) аналитикалық зерттеу көлемі бойынша:
- толық қаржылық талдау - кәсіпорынның бүкіл кешеніндегі қаржылық жағдайын және қаржылық-шаруашылық қызметінің барлық аспектілерін зерттеу мақсатында жүзеге асырылады;
- тематикалық қаржылық талдау - кәсіпорынның қаржылық жағдайының жеке мінездемесі және қаржылық-шаруашылық қызметінің жеке жақтарын зерттеумен шектеледі;
в) қаржылық талдаудың объектісі бойынша:
- кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін жеке «жауапкершілік орталығын» талдау;
- кәсіпорынның жеке қаржылық операцияларын талдау;
г) жүргізу мерзімі бойынша:
- алдын ала қаржылық талдау;
- ағымдағы қаржылық талдау;
- келесі (ретроспективті) қаржылық талдау.
Қаржылық талдау әдісі - талдау жүргізуге қолданатын қабылдаулар мен тәсілдер. Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен 6 негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
1) Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқұларын анықтауға мүмкіндік береді.
2) Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді.
3) Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Трендтік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көосеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
4) Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау - бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.
5) Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау.
6) Қаржылық коэффициенттер әдісі. Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетіледі. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.
4. Қаржылық жағдайды экспресс-талдау
Экспресс - талдаудың мақсаты шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы мен даму динамикасын көрнекті түрде және қарапайым бағалау болып табылады. Экспрес - талдаудың үш кезеңде жүргізілуі орынды:
- дайындық;
- қаржылық есепке алдын ала шолу жасау;
- экономикалық оқу және есеп беруді талдау.
Бірінші кезеңнің мақсаты - қаржылық есеп беруді талдаудың мақсатқа сәйкестілігі тералы шешім қабылдау және оның оқуға дайындығына көз жеткізу.
Екінші кезеңнің мақсаты - балансқа қосымша түсіндірме хатпен танысу. Бұл есепті кезеңдегі жұмыс жағдайларын бағалау қызметтегі негізгі көрсеткіштердің тенденцияларын анықтау, сондай-ақ шаруашылық субъектісінің мүліктік және қаржылық жағдайындағы сапалы өзгерістерді анықтау үшін қажет.
Үшінші кезеңнің мақсаты - кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның қаржы-щарушылық қызметінің нәтижесін жалпылама бағалау болып табылады. Мұдай талдау түрлі көрсеткіштер мүддесінде белгілі бір нақтыланған деңгейде жүргізіледі. Сондықтан да объективті және әсіресе субъективті факторларының әсерін есептегенде бұл талдауды жүргізудің түрлі варианттары болуы мүмкін.
Экспресс - талдаудың негізгі элементтерінің бірі, жылдық есеппен жұмыс істей алу болып табылады, соның ішінде, кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалау мен талдау үшін оның негізгі ақпараттық үлгісі болып табылатын бухгалтерлік баланспен жұмыс істеу.
Экспресс - талдауды өткізгенде келесі коэффициенттерді есептеу керек:
- ағымдағы өтімділік коэффициенті:
Каө = АА / АМ = ағымдағы активтер / ағымдағы міндеттемелер
Каө ≥ 2
- меншікті айналым қаражаттарын қамтамасыз ету коэффициенті:
Кмақ= МАҚ / АА=меншікті айналым қаражаттары / ағымдағы активтер
МАҚ = МК - ҰМА = меншікті капитал - ұзақ мерзімді активтер
Кмақ ≥ 1
- егер аталған коэффициенттер нормативтеріне сай болса, төлем қабілеттігін қалпына келтіру көрсеткіштерін есептеу керек:
Ктққ = (Каөа + М / Ұ (Каөа - Каөб) ) / Каөн
М - төлем қабілеттігін қалпына келтіру мерзімі (6 ай) ;
Ұ - есеп беру мерзімінің ұзақтығы (ай) ;
Каөа, Каөб - ағымдағы өтімділік коэффициенттерінің есеп беру мерзімінің аяғына және басына;
Каөн - ағымдағы өтімділік коэффициенттің нормативі.
Ктққ ≥ 0, 1
Кесте 1 - Экспресс-талдау аналитикалық көрсеткіштер жүйесі
1) активтердің жалпы құны (жалпы капитал-валюта, баланс жиыны) ;
2) өндірістік мүліктің құны;
3) негізгі құралдардың құны және олардың активтердің жалпы құнындағы үлесі;
4) негізгі құралдардың тозу коэффициенті
1) меншікті капитал және оның жалпы капиталдағы үлесі;
2) қатыстырылған және меншікті капиталдың арақатынасының коэффициенті;
3) ағымдағы өтімділік коэффициенті;
4) ағымдағы активтердегі меншікті айналым қаражаттарының үлесі;
5) қорларды жабу (өтеу) коэффициенті
1) жабылмаған зиян;
2) қамтамасыз етілмеген несие
1) жалпы, жиынтық және таза табыс;
2) таратылмаған табыс;
3) негізгі қызметтің табыстылығы
1) өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан және жалпы (авансталған) капиталдан алынған (ақшаның) табыстың салыстырмалы өсу қарқыны;
2) жалпы, жиынтық және таза табыстылықтың өсу қарқыны;
3) меншікті капиталдың өсу қарқыны
1) ағымдағы активтердің айналымдылығы;
2) еңбек өнімділігі;
3) қор қайтарымдылығы;
4) өнімнің материалдық сыйымдылығы;
5) меншікті капиталдың табыстылығы;
6) жалпы капиталдың табыстылығы
5. Кәсіпорынның төлем қабілеті мен баланс өтімділігін талдау
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсінуі. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалары болуы керек.
Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.
Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем құралдарының сомасын осы мерзімдегі жедел (бірінші кезектегі) міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.
Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті арқылы көрінеді.
Есепті кезең ішіндегі ағымдағы төлем қабілеттілігі төлемдік күнтізбе көмегімен есептелуі мүмкін, оның негізінде ағымдағы жедел төлем қабілеттілігінің коэффициенті анықталады, кредиторлармен, банкпен, қаржылық және басқа органдармен өз уақытында есеп айырысуды қамтамасыз ететін шаралар жасалады. Қаржылық икемділік кәсіпорынның алдын ала болжамаған жағдайларға байланысты ақша қаражатының түсуі кезінде кездейсоқ үзілістерге қарсы тұру қабілеттілігімен сипатталады. Акша қаражатын қарызға алу қабілеттілігі әр түрлі себептерге байланысты және тез өзгеруге бейім. Ол кәсіпорын табыстылығымен, тұрақтылығымен, салыстырмалы өлшемімен, салалардағы жағдаймен, капиталдың қүрамы және құрылымымен анықталады.
Кәсіпорынның перспективті (ұзақ мерзімді) төлем қабілетін бағалау үшін өтімділіктің динамикалық, статистикалық көрсеткіштері пайдаланылады. Динамикалық көрсеткіштердің бірі өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыстың орташа ағымдағы міндеттемелерге қатынасы болып табылады.
Нарықтық экономика теориясы мен практикасында перспективті төлем қабілеттілігін талдауды нақтыландыру және тереңдету үшін колданылатын баска да көрсеткіштер белгілі. Олардың ішіндегі маңыздысы табыс пен табыс табу қабілеттілігі , себебі осы факторлар кәсіпорынның қаржылық саулығы үшін анықтаушылар болып табылады. Табыс табу қабілеттілігі деп болашақта кәсіпорынның негізгі қызметінен тұрақты табыс алу қабілеттілігі түсіндіріледі. Осы қабілеттілікті бағалау үшін ақша қаражатының жеткіліктігі мен оның капиталға айналдыру коэффициенттері талданады.
Ақша қаражатының жеткіліктілік коэффициенті (К АҚЖ ) кәсіпорынның күрделі шығындары, айналым қаражатының өсуі немесе дивиденттерді төлеуді жабу үшін табыс табу қабілеттілігін көрсетеді. Есептеу келесі формула бойынша жұргізіледі:
К АҚЖ = Өнім өткізуден түскен табыс / (Күрделі шығындар + Дивиденд төлеу + Айналым қаражатының өсуі)
1-ге тең ақша қаражатының жеткіліктілік коэффициенті кәсіпорынның сыртқы қаржыландыруға жүгінбей қызмет істей алатынын корсетеді. Егер бұл коэффициент 1-ден төмен болса, онда кәсіпорын өз қызметінің нәтижесі есебінен дивиденд төлеуге және өндірістің қазіргі деңгейін қолдауға қабілетті емес.
Ақша қаражатын капиталга айналдыру коэффициенті (К АҚА ) кәсіпорын активіндегі инвестиция деңгейін анык-тауда қолданылады жэне келесі формула бойынша есептеледі:
К АҚА =(Өткізуден түскен табыс - төленген дивидендтер) / (Алғашқы кұны бойынша негізгі кұралдар + инвестициялар + басқа активтер + меншікті айналым капиталы)
Ақша қаражатын капиталға айналдыру деңгейі 8 - 10 % шегінде жеткілікті болып саналады.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі баланстың өтімділігіне тығыз байланысты. Сонымен бірге төлем қабілеттілігіне басқа да факторлар әсер етеді. Төлем қабілеттілігін талдау кезінде осы факторларды кешенді түрде қарастыру маңызды, бұл талданатын кәсіпорынның қаржы жағдайын объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік - бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz