Ластаушы ретінде локомотив жөндеу депосының («сұлтанбай»жшс) негізгі қызметінің сипаттамасы


МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

1. Кәсіпорын сипаттамасы және негізгі қызметі 4

1. 1 Кәсіпорынның орналасу жері 4

1. 2 Ауданның климаттық және географиялық сипаттамалары 4

1. 3 Ластаушы ретінде Локомотив жөндеу депосының («Сұлтанбай»ЖШС) негізгі қызметінің сипаттамасы 6

2. Есептеу бөлімі 9

2. 1 Шламның қауіптілік класын анықтау 9

3. Экологиялық сараптама 14

Әдебиеттер тізімі 25

КІРІСПЕ

Қазақстан республикасының айтарлықтай территориясы мен экономиксының шикізаттық дамуын ескерсек, жүк тасымалының негізгі көлемін теміржол көлігі жүзеге асырады. Көлікпен шығарылатын жалпы ластаушы заттардың 25%-н теміржол көлігі мен станциялары құрайды.

Тұщы судың ең ірі тұтынушысы теміржол көлігі болып табылады. Деполарда локомотивтерді және қондырғыларда торап детальдарын ластан жуу мен тазалау нәтижесінде өндірістік ақаба сулары пайда болады. Су қоймаларының ластануымен күрес өндірісте тазалау ғимараттарын жетілдіру мен су айналыс жүйесімен қамтамасыз ету жолымен шешіледі. Сондықтан ақаба суларды тазалауды жоғары деңгейде, әрі барынша тиімді жүргізу қажет.

Кәсіпорынның ақаба суларының физикалық-химиялық құрамында кейбір ластаушы зат концентрациялары шектеулі рауалы концентрациялардан артық мөлшерде екені белгілі, осылайша, төгілетін ақаба суларда мұнай өнімдерінің артық концентрациялары байқалады. Мұнай өнімдерінің қоршаған ортаға зиянды әсерін ескерсек, ақаба суларды бұл заттардан тазалау қажеттігі туады.

Жұмыстың мақсаты тәжірибелік жағдайда кәсіпорының ақаба суларын мұнай өнімдерінен бентонит сазымен тазалану әдістерін зерттеу және оның қолдануын тиімді екенін дәлелдеу.

Осыған орай келесі міндеттер мен тапсырмалар шешілді:

  • ақаба суларды мұнай өнімдерінен тазалау әдістерін бағалау;
  • ақаба сулардан Таған кен орнының бентонит саздарының мұнай өнімдерін сорбциялау қабілетін анықтау;
  • ақаба суларды тазалау барысында бентонит саздарының мөлшерін және тазалану дәрежесін анықтау;

Қойылған тапсырмалар мен міндеттер талдау және тәжірибелік әдістермен шешілді.

1. КӘСІПОРЫН СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ

  1. Кәсіпорынның орналасу жері

Кәсіпорын Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Защита станциясында орналасқан. Кәсіпорынның айналасында:

  • Солтүстік батыс бағытында МТҚ базасының территориясы мен локомотив пайдалану депосы орналасқан;
  • Оңтүстік батыс бағытында 40м қашықтықта тазалау ғимарттарының территориясы, тазалау ғимараттарының артында Алматылық материалдық техникалық қамтамасыздандыру орталығының территориясы орналасқан;
  • Шығыс бағытында -СМП-16 территориясы;
  • Солтүстік шығыс бағытында теміржол жолдары орналасқан, оның артында бос жер.

Тұрғын үй құрылыстары солтүстік шығыс және оңтүстік батыс бағыттарында орналасқан. Солтүстік шығыс бағытында кәсіпорынның шекарасынын тұрғын үй құрылыстарына дейінгі қашықтық 250м құрайды.

Оңтүстік батыс бағытында тазалау ғимараттарынан тұрғын үй құрылыстарына дейінгі қашықтық 150м құрайды[5] .

Защита кенті экология жағынан қолайсыз аудандардың бірі. Территориясында 7 кәсіпорын орналасқан, бірақ олар негізінде кенттің энергиямен, жылумен, сумен қамтамасыздандыру жүйелерін тексеру және пайдалану жұмыстарымен айналысады, оған қоса территорияларында өндіріс цехтары жоқ. Локомотив жөндеу депосы («Сұлтанбай»ЖШС) кенттегі қоршаған ортаны ластау бойынша дәрежесі жоғары кәсіпорын.

  1. Ауданның климаттық және географиялық сипаттамалары

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының климаты қатаң континентті, қысы суық, жазы ыстық. Осы территорияны І климаттық ауданға жатқызуға болады[9] . Оған тән:

  • қаңтар айында ауаның орташа айлық температурасының ең төмен - (-14 және одан төмен) ºС;
  • шілде айында ауаның орташа айлық температурасы ең жоғары -(0-20) ºС;
  • ауаның орташа айлық салыстырмалы ылғалдылығы -75%-тен жоғары;
  • қыстың үш айында желдің орташа жылдамдығы -( 5 және одан көп) м/с;
  • кейбір жерлерде қар көшкінінің үлкен көлемдері байқалады -1000м3/м дейін.

Көп жылдық уақыт кезеңіндегі орташа жылдық температура 1, 4 ºС құрайды. Максималды жазғы температура шілде айында 41 ºС, минималды желтоқсан және ақпан айында -(40-49) ºС құрайды. Аязсыз кезеңнің жалғасуы 128 күн.

Жауын-шашынның орташа жылдық сомасы - 470мм, қар ерігенге дейінгі қардағы су қоры - 200мм. Жауын-шашынның тәуілік максимумы 43-48мм.

Қар жамылғысы қараша айының ортасында тұрақтанып, сәуір айында кетеді. Қар жамылғысының жоғары биіктігі - 90см, орташасы - 50см, төменгісі - 17см. Қардың ең үлкен тығыздығы - 0, 27г/м 3 . Сазды топырақтың нормативті қату (мұздау) тереңдігі 180см, құм топырақтың қату(мұздау) тереңдігі 210см[9] .

Айлар бойынша ауаның орташа температуралары -16 ºС-ден +20 ºС-ге дейін болады.

Желдің орташа жылдық жылдамдығы 2, 7м/с. Желдің басым бағыттары - оңтүстік шығыс (22%) және солтүстік батыс (17%) . Румб бойынша жел бағыттарының қайталануы Б қосымшасында келтірілген.

Геологиясы бойынша сипатталған аудан палеозой тобына жатады, құрамында магмалық тау жыныстары (интрузивті) бар.

Сипатталатын аудан орманды дала, дала табиғи белдеулеріне жатады. Мұнда топырақтың келесі түрлері басым: даланың қара топырағы (типтік, дағдылы кәдімгі, оңтүстік), құрғақ дала каштан топырағы, сұр орманды топырақ.

Ауданның жер бедері жазық, жер бедерінің эрозиясы кездеседі. Құрғақшылық пен шаң дауылдары топырақтың эрозиясының пайда болуына мүмкіндік жасайды.

1. 3 Ластаушы ретінде Локомотив жөндеу депосының («Сұлтанбай»ЖШС) негізгі қызметінің сипаттамасы

Локомотив жөндеу депосы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Защита станциясында орналасқан. Кәсіпорынның әсер ету аумағында демалу орындары және санитарлық жағдайы жоғары санитарлық талаптар қойылатын аудандар жоқ.

Кәсіпорын ІІІ қауіп категориясыны жатады. Ауаны ластаушы негізгі көздер: қазандық, пісіру орны, ұста дүкені (горны), механикалық цех, реостат.

Атмосфералық ауаға шығарылатын зиянды зат көздерінің жалпы саны 20. Оның 14 -ұйымдасқан, 6 -ұйымдаспаған.

Ауаға лақтырылатын негізгі қауіпті заттардың құрамы 1. 1 кестеде келтірілген.

Кәсіпорынның қауіп категориясына сәйкес санитарлық қорғау белдемесі 300м құрайды.

Солтүстік -шығыс және оңтүстік -батыс бағыттарында санитарлы қорғау белдемесі тұрғын үй орналасуына байланысты қабылданады.

  • солтүстүстік-шығыс бағытында (№ 0001 ластаушы көзден) -260м;
  • оңтүстік-батыс бағытында (№ 0008 ластаушы көзден) -235м;

Солтүстік -батыс және шығыс бағыттарда санитарлық қорғау белдемесі 300м құрайды.

Кәсіпорынның өндіріс үрдісінде ақаба сулары пайда болады; олар тазалау ғимараттарына түсіп, қалалық су ағызу желісіне төгіледі.

Қалалық канализацияға тазалау ғимараттарынан өткен ақаба суды лақтырған кездегі кәсіорын су балансының мәліметтері 1. 2 кестеде келтірілген. Суды пайдалану мөлшері тәуілігіне 528м 3 құрайды. Гальваника цехынан шығатын ақаба сулары жинақтағышта 3-4 жыл ішінде жиналып, зиянсыздағаннан кейін су ағызу желісіне түседі.

Кесте 1. 1 - Негізгі ластаушы заттар

Ластаушы заттардың аты

ШРК

макс. бірретті,

мг/м 3

ШРК

орташа тәуіліктік,

мг/м 3

Қауіпсіздік класы

Шығарынды қуаты,

т/жыл

Ластаушы заттардың аты: 1
ШРКмакс. бірретті,мг/м3: 2
ШРКорташа тәуіліктік,мг/м3: 3
Қауіпсіздік класы: 4
Шығарынды қуаты,т/жыл: 5
Ластаушы заттардың аты: 20-70% кремний қасындысы (күл) бар бейорганикалық шаң
ШРКмакс. бірретті,мг/м3: 0. 3
ШРКорташа тәуіліктік,мг/м3: 0. 1
Қауіпсіздік класы: 3
Шығарынды қуаты,т/жыл: 152. 208(97. 242)
Ластаушы заттардың аты: Күкірт диоксиді
ШРКмакс. бірретті,мг/м3: 0. 5
ШРКорташа тәуіліктік,мг/м3: 0. 05
Қауіпсіздік класы: 3
Шығарынды қуаты,т/жыл: 121. 373
Ластаушы заттардың аты: Азот диоксиді
ШРКмакс. бірретті,мг/м3: 0. 085
ШРКорташа тәуіліктік,мг/м3: 0. 04
Қауіпсіздік класы: 2
Шығарынды қуаты,т/жыл: 26. 948
Ластаушы заттардың аты: Көмір шаңы
ШРКмакс. бірретті,мг/м3: 0. 5
ШРКорташа тәуіліктік,мг/м3: 0. 15
Қауіпсіздік класы: 3
Шығарынды қуаты,т/жыл: 0. 0002
Ластаушы заттардың аты: Пісіру тозаңы
ШРКмакс. бірретті,мг/м3: 0. 5
ШРКорташа тәуіліктік,мг/м3: 0. 15
Қауіпсіздік класы: 3
Шығарынды қуаты,т/жыл: 0. 2243
Ластаушы заттардың аты: Марганец оксиді
ШРКмакс. бірретті,мг/м3: 0. 01
ШРКорташа тәуіліктік,мг/м3: 0. 001
Қауіпсіздік класы: 2
Шығарынды қуаты,т/жыл: 0. 01
Ластаушы заттардың аты: Көміртектер
ШРКмакс. бірретті,мг/м3: 1. 0
ШРКорташа тәуіліктік,мг/м3: -
Қауіпсіздік класы: 4
Шығарынды қуаты,т/жыл: 1. 547
Ластаушы заттардың аты: Күйе
ШРКмакс. бірретті,мг/м3: 0. 15
ШРКорташа тәуіліктік,мг/м3: 0. 05
Қауіпсіздік класы: 3
Шығарынды қуаты,т/жыл: 0. 003
Ластаушы заттардың аты: Фторлы сутегі
ШРКмакс. бірретті,мг/м3: 0. 02
ШРКорташа тәуіліктік,мг/м3: 0. 005
Қауіпсіздік класы: 2
Шығарынды қуаты,т/жыл: 0. 0031
Ластаушы заттардың аты: 20% кремний бар бейорганикалық шаң
ШРКмакс. бірретті,мг/м3: 0. 5
ШРКорташа тәуіліктік,мг/м3: 0. 15
Қауіпсіздік класы: 3
Шығарынды қуаты,т/жыл: 0. 097
Ластаушы заттардың аты: Көмір күлі
ШРКмакс. бірретті,мг/м3: 0. 5
ШРКорташа тәуіліктік,мг/м3: 0. 15
Қауіпсіздік класы: 3
Шығарынды қуаты,т/жыл: -
Ластаушы заттардың аты: Абразивті шаң
ШРКмакс. бірретті,мг/м3: -
ШРКорташа тәуіліктік,мг/м3: 0. 04
Қауіпсіздік класы: 3
Шығарынды қуаты,т/жыл: 0. 067
Ластаушы заттардың аты: Ағаш шаңы
ШРКмакс. бірретті,мг/м3: -
ШРКорташа тәуіліктік,мг/м3: 0. 1
Қауіпсіздік класы: 3
Шығарынды қуаты,т/жыл: 1. 345

Кәсіпорының негізгі қызметі: локомотивтерді жөндеу мен олардың диагностикасы, реостат сынақтарын және маневрлі жұмыстарын өткізу[5] .

Депоның негізгі ластаушы көзі - қазандық. Онда келесідей бу қазандары бар: КЕ 2, 5/13 - екі дана және «Л» немесе «СО» - төрт дана. Бір уақытта үш қазандық жұмыс істей алады. Зиянды заттар атмосфераға ЦН-15 циклонынан өтіп, диаметрі 0, 8м, биіктігі 38, 4м мұржасы арқылы шығарылады. Қазандықтан атмосфераға 20-70% кремний бар бейорганикалық шаң (күл), күкірт диоксиді, азот диоксиді, көміртегі оксиді, күйе бөлінеді. Онда көмір қоймасы бар (№ 6001 ластушы көз), ауданы 40м. Қойма төрт жақтан жабылған. Қоймадан ауаға көмір шаңы бөлінеді. Күл үйіндісінің ауданы 150м (№ 6002 ластаушы көз), төрт жақтан жабылған. Күл үйіндісінен атмосфераға 20-70% кремний бар бейорганикалық шаң бөлінеді.

Кәсіпорында басқа да ластаушы көздер бар. Территорияда 16 цех жұмыс істейді:

  • электрмен пісіру цехы (№ 0002 ластаушы көз) . Онда тор және саңылаулы сүзгілерді жууға арналған ММД-6 жуғыш машинасы бар. Кальций содасының шығыны тәуілігіне 444кг немесе жылыны 155, 3 тонна. Жұмыс істеу режімі тәуілігіне 14 сағат; жылына 3500 сағат. Ванна айнасының ауданы 1, 5м2. Электрмен пісіру цехынан атмосфералық ауаға биіктігі 3, 5м, диаметрі 0, 4м мұржа арқылы сілті бөлінеді.
  • ұста цехы (№ 0003 ластаушы көз) . Ұстаханада детальдарды шыңдау жүргізіледі. Екібастұз кен орны көмірінің жұмсалуы жылына 110, 9 тонна құрайды. Ұста дүкенінің жұмыс істеу уақыты жылына 2000 сағат. Биіктігі 10м, диаметрі 0, 6м, мұржа арқылы атмосфералық ауаға 20-70% кремний бар бейорганикалық шаң (күл), күкірт диоксиді, азот диоксиді, көміртегі оксиді бөлінеді.

II Есептеу бөлімі.

2. 1 Шламның қауіптілік класын анықтау.

Осы әдістемеге сай шламның 1-3 негізгі компонентін таңдап, және солар үшін қауіптілік индексін есептеу қажет (К I ) . 2. 10 кестеде келтірілген шламның қауіптілік класын есептегенде, екі компонент таңдалды:

  • темір гидрототығы;
  • мұнай өнімдері;

Мұнай өнімдерінің қауіптілік индексі ең улы компонент ксилол бойынша есептелінеді. Оның топырақтағы шектеулі рауалы концентрациясы ШРК топырақ =0, 3 мг/кг және суда еруі нөлге тең деп айтуға болады.

Қауіптілік индексін (К I ) келесі формула бойынша анықтаймыз:

ШРК І ТЗ

К І = S + C В , (1)

мұндағы, ШРК І ТЗ - топырақтағы заттың шектеулі рауалы концентрациясы мг/кг;

S - судағы ергіштігі, немесе ергіштік көбейтіндісі;

C В - қалдықтардың жалпы массасында компонент мөлшері мг/кг.

20

К Fe(OH) 3 = 3, 8 * 10 -38 + 0, 043 = 465

0, 3

К МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ = 0 + 0, 009 = 33, 3

Шламның қауіптілік индексін есептеу мәліметтері және нәтижелері 2. 9 кестeде келтірілген.

Есептеу әдістемесінде келтірілген, тұнбалардың улылық классификациясы бойынша шлам ІV қауіптілік класына жатады, яғни улылығы төмен.

Шлам тығыздауышынан және сүзгілеу қондырғысынан кейін ІV қауіптілік класына жататын шламды ашық әдіспен, қатпарлы түрде (нормативті құжаттарға сай) өндірістік (өнеркәсіптік) қалдықтар полигонында жинақтайды.

Шламды көмуге арнайы шаралар талап етілмейді. Оның жинақталуы қалалық СЭС бақылауында болатын, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында да рұқсат етіледі.

Кесте 2. 9 - Шламның қауіптілік индексін есептеу нәтижелері және мәліметтері.

Компоненттер
Шламдағы мөлшері
ШРК топырақ
Ерігіштік

Қауіптілік индексі

%
С В , мг/кг
Компоненттер: Темірдің гидрототығы
Шламдағы мөлшері: 4, 3
ШРКтопырақ: 0, 043
Ерігіштік: 20
Қауіптілік индексі: 3, 8 * 10 -38
465
Компоненттер: Мұнай өнімдері
Шламдағы мөлшері: 0, 9
ШРКтопырақ: 0, 009
Ерігіштік: 0, 3
Қауіптілік индексі: 0
33, 3
Компоненттер:
Шламдағы мөлшері:
ШРКтопырақ:
Ерігіштік:
Қауіптілік индексі:

Су ресурстарын пайдалану көрсеткіштері ретінде келесі коэффициенттер қолданылады: су пайдаланудың жалпы көлемінде айналымдағы суды пайдалану коэффициенті, қайтымсыз тұтыну мен таза су шығынының коэффициенті, қалалық су құбырынан алынатын суды пайдалану коэффициенті, ақаба судың көлемін тұтынатын таза су көлеміне (кәсіпорында қайта қолдану үшін арналған басқа тұтынушылардан келетін ақаба суды қоса алғанда) қатынасымен анықталатын су ағызу коэффициенті, сәйкес формулалармен есептелетін кәсіпорындағы суды қолдану коэффициенті.

Кесте 2. 10 - Локомотив жөндеу депосының канализация желісіне төгілетін ластаушы заттардың концентрациялары.

Ластаушы заттар:

Ластаушы заттар

23 мамыр -24 мамыр,мг/дм3:

23 мамыр -

24 мамыр,

мг/дм 3

5 маусым -6 маусым,мг/дм3:

5 маусым -

6 маусым,

мг/дм 3

26 шілде - 27 шілде мг/дм3:

26 шілде - 27 шілде мг/дм 3

Ластаушы заттардың ШРК, мг/дм35:

Ластаушы заттардың ШРК, мг/дм 3

5

Ластаушы заттар:

Қалқыма заттар

23 мамыр -24 мамыр,мг/дм3: 38, 2
5 маусым -6 маусым,мг/дм3: 42, 9
26 шілде - 27 шілде мг/дм3: 16, 8
Ластаушы заттардың ШРК, мг/дм35: 120
Ластаушы заттар: Мұнай өнімдері
23 мамыр -24 мамыр,мг/дм3: 0, 8
5 маусым -6 маусым,мг/дм3: 0, 8
26 шілде - 27 шілде мг/дм3: 0, 7
Ластаушы заттардың ШРК, мг/дм35: 0, 3
Ластаушы заттар: Сульфаттар
23 мамыр -24 мамыр,мг/дм3: 110
5 маусым -6 маусым,мг/дм3: 287
26 шілде - 27 шілде мг/дм3: 116, 4
Ластаушы заттардың ШРК, мг/дм35: 160
Ластаушы заттар: Хлоридтер
23 мамыр -24 мамыр,мг/дм3: 29
5 маусым -6 маусым,мг/дм3: 22
26 шілде - 27 шілде мг/дм3: 19
Ластаушы заттардың ШРК, мг/дм35: 100
Ластаушы заттар: ОХС
23 мамыр -24 мамыр,мг/дм3: 48
5 маусым -6 маусым,мг/дм3: 32
26 шілде - 27 шілде мг/дм3: 49
Ластаушы заттардың ШРК, мг/дм35: 80
Ластаушы заттар: Темір
23 мамыр -24 мамыр,мг/дм3: 0, 46
5 маусым -6 маусым,мг/дм3: <0, 05
26 шілде - 27 шілде мг/дм3: 0, 16
Ластаушы заттардың ШРК, мг/дм35: 0, 25
Ластаушы заттар: Майлар
23 мамыр -24 мамыр,мг/дм3: 0, 8
5 маусым -6 маусым,мг/дм3: 0, 9
26 шілде - 27 шілде мг/дм3: 0, 8
Ластаушы заттардың ШРК, мг/дм35: 8
Ластаушы заттар: ББЗ
23 мамыр -24 мамыр,мг/дм3: 0, 934
5 маусым -6 маусым,мг/дм3: 0, 318
26 шілде - 27 шілде мг/дм3: 0, 794
Ластаушы заттардың ШРК, мг/дм35: 0, 12

А) Су пайдаланудың жалпы көлемінде айналымдағы суды пайдалану коэффициенті:

Q АЙН

К АЙН = Q АЙН + Q КӨЗ + Q Ш. З *100, (2)

мұндағы, Q АЙН - айналымда қоданылатын су мөлшері, м 3 /тәу;

Q КӨЗ - су көзінен, яғни қалалық су құбырынан түсетін су мөлшері, м 3 /тәу;

Q Ш. З - шикізатпен су қамту жүйесіне түсетін су мөлшері, м 3 /тәу;

Б) Қайтымсыз тұтыну мен таза су шығынының коэффициенті:

Q көз + Q ш. з - Q төг. су

К тұт = Q көз + Q ш. з + Q қ. қолд + Q айн *100, (3)

мұндағы, Q төг. су - су қоймасына, біздің жағдайда қалалық канализацияның коллекторына, төгілетін ақаба су мөлшері, м 3 /тәу;

Q қ. қолд - қайта қолданылатын, су мөлшері, м 3 /тәу;

В) Қалалық су құбырынан алынатын суды пайдалану коэффициенті:

Q көз + Q ш. з - Q төг. су

К су құб. = Q көз + Q ш. з ≤1, (4)

г) Су ағызу коэффициенті:

Q төг. су

К с = Q көз + Q ш. з - Q т. су тұт * 100, (5)

мұндағы, Q т. су тұт - кәсіпорында таза су ретінде қайта қолдануға арналған басқа тұтынушылардан алынатын ақаба су мөлшері;

Д) Кәсіпорында суды қолдану коэффициенті:

Q көз + Q ш. з + Q қ. қолд + Q айн - Q төг. су

К қол = Q көз + Q ш. з + Q қ. қолд + Q айн + Q кәс. ор , (6)

мұндағы, Q кәс. ор - ШРК дейін су тұтынушының ақаба суларын сұйылтуға қажетті су мөлшері, м 3 /тәу; ақаба су ластаушыларының көлемі мен нақтылы концентрацияларын ескерумен келесі формула бойынша анықталады:

N C i

Q кәс. ор = Q төг. су ∑ ПДК i , (7)

I =1

мұндағы, C i - і-ші зиянды заттың концентрациясы,

ПДК i - қалалық канализация жүйесіне төгілгендегі ластаушы заттың шектеулі рауалы концентрациясы, мг/л;

Мысал ретінде, жалпы су тұтыну көлеміндегі, айналымдағы суды пайдалану коэффициентін есептейік (К АЙН ) :

Q айн = 0 м 3 /тәу; Q көз = 433, 89 м 3 /тәу; Q ш. з = 0 м 3 /тәу.

0

К айн = 0 + 433, 89 + 0 *100 = 0 м 3 /тәу;

Алынған есептеулер нәтижелері 2. 10 кестеде келтірілген.

Осылайша, ішінара су айналымын енгізгенде төгілетін ақаба су мөлшері екі есе азаяды. Өйткені өнімнің бірлігіне кететін су мөлшері төмендейді, ол ең бастысы таза суды пайдаланудың азаюымен байланысты.

III. Экологиялық сараптама

45-бап. Экологиялық сараптама түрлерi

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.

46-бап. Экологиялық сараптаманың мақсаттары

Экологиялық сараптама:
1) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық, норма шығару және өзге де қызметтi iске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал терiс зардаптарын айқындау және шектеу;
2) экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерiнiң балансын сақтау, сондай-ақ табиғат пайдалану процесiнде үшiншi тараптарға залал келтiрудi болдырмау мақсатында жүргiзiледi.

47-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама oбъектiлерi

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Локомотив депосының құрылымының сызбасы
Темір жол вагон арқылы жүк тиеу
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ
НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ТЕРБЕНБЕС ЖШС - ТЕГІ ЕСЕБІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Маманданған жүк стансасы
Тасымалдаудың келтірілген жоспары
Қабылдау паркі Сұрыптау паркі Сұрыптау паркі Жөнелту паркі
«Еcodos» ЖШС депо филиалы
«Локомотив-2030» ЖШС-дегі локомотивтік бригадалардың локомотив машинисттер мен нұсқаушы-машинисттердің беделін көтеру іс шаралары
Батыс Қазақстан темір жолы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz