Қазақ халқының шығу тегі



Кіріспе
1. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІНДЕГІ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ЖАҚТАРЫ
2. Ғұндар
3. ҒҰНДАРДЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЭТНОС РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕРІ.
4.ҒҰНДАР МЕН ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ҰҚСАСТЫҚТАРЫ
5. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ
«Өткенді білмейінше-болашақ бұлдыр» деген тарихтан тағалым алу керек. Тарих-ұлы мектеп, ұлы ұстаз және ұзақ жол. Тарих-халық зердесі. Әр халықтың, ол үлкен болсын, кіші болсын, өзінің төл тарихы болады.Бірінің тарихы мыңдаған алып томдарға хатталып қалды да, бірінікі «Уақыт» деген қайырымсыз алыптың аяғаның астында тапталып, ғасырлар тұңғиығына батып кетті. Көне түркі даласын мекен еткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, кұнарлы тарихы бар. «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз,- дейді Қазыбек би. Бұл даналық нақылдардан «ешкімге соқтықпай жай жатқан елдің»ежелден кұт-береке тілеп, бейбітшілік аңсаған ел екенін көреміз. Бірақ, «Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды». Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу-тарихқа жасалған қиянат. Біз оны бар қайғы-қуанышымен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауымыз керек. Себебі, ол – тұтас құбылыс. Халқымыз өзінің қалыптасу жолында талай қилы-қилы белдерді асып, тар жол, тайғақтарды кешті. «Біз-қазақ, ежелден азаттық аңсаған» демекші, бірде қайғылы, шерлі, бірде азат, айбынды, рухты тарихымыздағы әрбір оқиға, әрбір қанды шайқас-азаттыққа жасалған бір қадам. Жұқа бүктеу оңай жіңішкені үзу оңай ... Егер сен түркі
халқы, қалғаныңнан,өз бектеріңнен жарық кетпей Отаныңнан жырақ кетпей,бірге жүрсең,сен өзің де бақытты өмір сүресің,

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Өткенді білмейінше-болашақ бұлдыр деген тарихтан тағалым алу керек. Тарих-
ұлы мектеп, ұлы ұстаз және ұзақ жол. Тарих-халық зердесі. Әр халықтың, ол
үлкен болсын, кіші болсын, өзінің төл тарихы болады.Бірінің тарихы мыңдаған
алып томдарға хатталып қалды да, бірінікі Уақыт деген қайырымсыз алыптың
аяғаның астында тапталып, ғасырлар тұңғиығына батып кетті. Көне түркі
даласын мекен еткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан
өткізген мол, кұнарлы тарихы бар. Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ
ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, елімізден құт-береке қашпасын деп,
жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан
басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз,- дейді Қазыбек би. Бұл
даналық нақылдардан ешкімге соқтықпай жай жатқан елдіңежелден кұт-береке
тілеп, бейбітшілік аңсаған ел екенін көреміз. Бірақ, Тамырсыз ағаш,
тарихсыз халық болмайды. Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу-тарихқа
жасалған қиянат. Біз оны бар қайғы-қуанышымен, жеңіс-жеңілісімен бірдей
қабылдауымыз керек. Себебі, ол – тұтас құбылыс. Халқымыз өзінің қалыптасу
жолында талай қилы-қилы белдерді асып, тар жол, тайғақтарды кешті. Біз-
қазақ, ежелден азаттық аңсаған демекші, бірде қайғылы, шерлі, бірде азат,
айбынды, рухты тарихымыздағы әрбір оқиға, әрбір қанды шайқас-азаттыққа
жасалған бір қадам. Жұқа бүктеу оңай жіңішкені үзу оңай ... Егер сен түркі

халқы, қалғаныңнан,өз бектеріңнен жарық кетпей Отаныңнан жырақ кетпей,бірге
жүрсең,сен өзің де бақытты өмір сүресің, өзіңнің отбасында еш нәрседен
мұқтаждық көрмейсің.Ер жүрек халық- күшті халық.Бізге жеміс әперген-
Отанымыз деп білу керек – деп жазылған ежелгі Күлтегін жазбасында.Он бес
ғасыр бұрын жазылған бұл жолдау бүкіл тарихқа тән нәрсе сияқты.Яғни,
бүкіл тарихтан алатын тәліміміз, қысқаша айтқанда – бүктеу оңай, жіңішкені
үзу оңай.
Міне, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеніне он төрт жылдың жүзі болды.
Осы бір аз ғана мезгіл ішінде біршама істер тындырылды. Бұрынғы кеңестік
дәуірдегі пышақтың қырындай ғана қазақ тарихы толысып, жеке- жеке салаларға
бөлініп, тұтас тарихты зертеулерге күш жұмсап жатырмыз. Менің алған
тақырыбымның өзі де соның бір кішкентай айғағы іспеттес. Сонау Европаны
табан асты етіп, әлемді тітірткен Еділ Атила бабамыздың аты да арамызға
оралады. Ғұндар көшкінінің ғаламат кезеңін бастан кешкен сайын даламызда
соның айғақтары да толып жатыр. Соның бір тұтас қазақ халқының этностық
және әлеументтік құрылымына ғұндардың әсері болып табылады. Біз шағын
жұмысымызда осы тақырыпқа бойлап еніп, жан – жақты зертеулерге ұмтыламыз.

1. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІНДЕГІ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
ЭТНИКАЛЫҚ ЖАҚТАРЫ
Демограф ғалымдарының зертеулері негізінде қазіргі кезеңде дүние жүзінде
мыңнан астам халықтар бар деп есептеледі. Әрбір халықтың жеке халық болып
қалыптасуы үшін көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуіне тура келеді.
Бұл күрделі процесс бір немесе екі ғасырлар ішінде болмайды, халық болу
үшін бірнеше ғасырларды керек етеді. Мәселен, Қазақстан жерінде халық болып
құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі мен
б.д.д. 2-1 м.ж. кезеңі темір дәуірі б.д.д. 7-8 ғғ. кезеңдерінен немесе
бұл кезде өмір сүрген ру- тайпалардың өсіп- өркендеуінен басталады. Олар
негізінен Қазақстанның ұлар- ғайыр территориясын ежелден мекендеген байырғы
автохонды тайпалар ментайпалар бірлестіктерінен құралған. Археологиялық
деректерге сүйенетін болсақ, олар мал шаруашылығымен, егіншілікпен, металл
өндіру және оны өңдеумен айналысқан. Орта
Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың
пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі Андрон, Беғазы-
Дәндібай мәдениеттері мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың сақ,
сармат т.б. иран тілдес болғандығы айтылады. Сондай – ақ, ғалымдардың
көрсетуінше бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық
белгілері бар европеидтік нәсілдер екендігі көрсетіледі. Қазақ халқының
бастауы болып табылатын, керек болса, сақ тайпаларының тікелей жалғасы
болып үйсін, қаңлы тайпалары саналады. Оны қытай деректері өзі сары, көзі
көк, ат жақты сэ сақ тайпалары үйсіндердің арасында жүр – деп көрсетеді.
Бұл сақтардың жалғасы үйсіндер екендігіне ешбір талас тудырмаиды.Қазақ
халқының шыққан тегі туралы көптеген аспектілер ішінен өзкеті ретінде
лингвистикалақ және антропологиялық мәселелерін бөлшектеп алған жөн.
Жоғарыда айтылғандай Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің
екеуі де қатар дамып отырған.Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты
кезеңге: үнді- еуропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Бірнеше
кезенде лингивистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үнді- еуропалық
топтың ежелгі иран тобына кіреді, яғни бұл кез б.з. дейінгі 111-1
мыңжылдықтарды қамтиды.
Екінші кезеңде Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі
тайпалардың, соның ішінде ғұндардың, Батысқа қарай қоныс аударуына
байланысты, сақ және сармат тайпаларының жалғасы- үйсін мен қаңлылар ғұн
тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.
2. Ғұндар
Б.з.б. 1 мың жылдардың екінші жартысынан бастап Байкалдан Оңтүстікке және
Ордосқа дейін созылып жатқан дала және шөлейт аудандарда қарабайлар мал
шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп
жүрді. Солардың басты бір тобы б.з.б. 4-5 ғасырларда Солтүстік Қытайдың
шекарасына дейінгі жерді мекендеген тайпалық екі одақ Сюнну және Дунху
бірлестіктері еді.Сюннулар (хунну немесе ғұндар деп аталады), әсіресе,
б.з.б. 111 ғасырларда мейлінше күшейді. Тайпалардың бұл тобының аты қайдан
шыққаны белгісіз. Ғұн деген атаудың өзі кейінірек сюнну (хунну) деген аттан
шыққан деп болжам жасалынды.
Ғұндардың этникалық тегі туралы мәселе әлі анықталып болған жоқ.
Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды.
Ғұндардың құдіреті тасып тұрған кезде, олардың бірлестігіне басқа бірнеше
тайпалар қосылған, сондықтан Ғұн атауы этникалық болудан гөрі саяси одақ
атауына қарай айналыңқыраған. Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігуіне негізгі
себеп қытайлардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескілескен сорғысы
деу керек. Хань империясы кезінде қытайлықтар ғұндарды талай рет басып
алмақшы болады, бірақ ғұндар іргелес тайпалармен бірігіп, қытайлардың
шабуылдарына батыл тойтарыс беріп отырады.Ғұн тайпалардың бірігіп топтасуы
б.з.б. 209 жылы ғұн үйінің өрлеуі кезінде іске асты. Оларды бір одаққа
біріктіру әйгілі Мөде Боғда батырлардың есімімен байланысты. Оның туған
жылы 230, ал өлген кезі б.з.б. 174 жыл.
Мөде ғундарды күшті державаға айналдыру үшін әскери реформалар
жүргізеді. Мөденің басшылығымен ғұндар Саян – Алтай тайпаларына және
Үйсіндерге шабуыл жасап, оларды өзіне қаратты. Мөде батыста Юечжей
тайпаларына жорық жасап оны бағындырды. Б.з.б. 200- ші жылдары ғұндар
Ордосты қаратып алды. Ал б.з.б. 200 жылы қытай Хань әулетінің негізін
қалаушы Лю Баньмен соғысып оны жеңді. Ұлы Қытай қорғаны салуының бір себебі
осы ғұндардың шабуылынан қорғану амалы еді. Қытайдың Жылнама атты
байырғыкітабынада айтылатын тұрағы жоқ, үйі жоқ ғұндар бәле болды ғой деп
келетін жолдар ғұндардың Қытай еліне қатты қауіп төндіргенін көрсетеді.
Б.з.б. 188 жылы Мөде мен Қытайдың Хань императоры тыныштық және туыстық
жайлы шартқа қол қойады. Мөде қытай ханшысын өзіне әйелдікке алады, ал Хань
империясы ғұндарға жыл сайын салық төлеп тұруға тиісті болды. Соғыстың
нәтежесінде Забайкальден Тибетке және шығыс ТүркістаннанХуанхэ өзенінің
орта бойына дейін созылып жатқан жердің бәрі ғұндардың қол астына көшті.
Ғұн державасы орасан зор үлкен болғанымен оның осал ұрымтал жері де
бартын.Мұның өзі олардың арасындағы берік бірліктің болмауымен байланысты
еді. Осыдан келіп б.з.б. 59 жылы ғұндардың өз арасында соғыс басталды.
Б.з.б. 47 жылы ғұндар державасы оңтүстік және солтүстік ғұндар болып
екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндарға қытайдың Хань империясына бағынды. Ал
Чжи – Чжи шаньюй бастаған солтүстіктегі ғұндар өздерінің тәуелсісдігін
сақтап, Солтүстік Моңғолия және шығыс Түркістанның Солтүстік аймақтарында
көшіп – қонып жүрді. Бұлардың бір бөлігі Тянь – Шаньнан өтіп, Қаңлы
тайпаларымен шарттасып, олардың шығыс жағына қоныстанды.
Мұның өзі ғұндардың Қазақстан мен Орта Азия жеріне тұңғыш рет жаппай
өтуі еді. Екінші бір толқыны біздің заманымыздың 1 ғасырында басталды. 930
жылы Хань империясының әскерлері ғұндардың күштерін ығыстырып, олардың
солтүстіктегі тайпаларының бірін өздеріне бағындырып, енді біреулермен одақ
жасап, үшіншілерін батысқа қарай ығыстырады.
Олар Тарбағатайға дейін келіп, Оңтүстік – Шығыс Балқаш өңірін жайлаған
Юебань тайпалары пайда болды. Ғұндардың осы жылжуымен байланысты болса
керек, кейінірек бұлар Орталық Қазақстан және Сырдариядан солтүстікке
қарай созылған жерлерді алып жатты. Арал теңізі мен Каспий маңына шығып,
алаңдар мен ассаларға шабуыл жасап, олардың батысқа қарай
ығыстырады.Сөйтіп, ғұндардың Қазақстаннан Шығыс және Орталық Еуропа жеріне
жеткенше үш ғасырдан астам уақыт өтті.
Ғұндар Рим империясына үлкен қауіп туғызды. 5 ғасырдың 30 – шы жылдары
ғұндардың басшысы Аттила Еділ Румыния және Венгрия елдерінднгі көшпелі
тайпаларды өзінің қол астына жинап, Рим империясының аудандары Паннония мен
Мезияны бастап алған соң, Франция жеріне өтеді. Жаулап алған жерлердегі
халықтарды қырып- жойып, қалаларды бүлдіріп, селоларды өртеп, бүкіл Еуропа
елдерінің үрейін ұшырды. Н.А. Машкин Ертегі Римнің тарихы деген кітабына,
375-376 жылдары вестготтаодың Қазақстан даласынанкелген ғұндармен біріккен
күрестері ежелгі Рим империясының құлауына әкеп соқты деген қорытынды
жасайды.
3. ҒҰНДАРДЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЭТНОС РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНА
ӘСЕРІ.

Ғұндардың басты шаруашылығы мал өсіру, соның ішінде жылқы және қой
бағу.Оларда сонымен қатар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақ» атауының төркіні туралы
Қоңыраттардың шығу тегі және этнонимі
Тарихи этнонимдердің ерекшеліктері
М. ТЫНЫШБАЕВ - ИНЖЕНЕР - ТАРИХШЫ
ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ ТӘРБИЕ, ОҚЫТУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІР (ҮІ-ХУІІ ғ.ғ)
Қазақтың шығу тегі
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Қазақ ғалымдарының шежіренің маңызы мен ерекшелігі туралы ойлары
Қазақ халқының қалыптасуы жайлы
Шежіре. қазақ жүздері
Пәндер