Жалпы тіл білімінің әдістері мен тәсілдері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Зерттеу әдістері

1. 1 Сипаттамалы әдіс

1. 2 Салыстырмалы әдіс

1. 3 Салғастырмалы әдіс

1. 4 Структуралық әдіс

1. 5 Статистикалық әдіс

1. 6 Лингвистикалық әдіс

1. 7 Эксперименттік әдіс

2. Зерттеу тәсілдері

2. 1 Бақылау тәсілі

2. 2 Есепке алу тәсілі

2. 3 Салғастыру тәсілі

2. 4 Картотекалық тәсілі

Қорытынды

Тіл білімі жеке ғылым саласы болып, XIX ғасырдың бірінші жартысында қалыптасты. Бұл, әрине, XIX ғасырға дейін тіл туралы, тіл білімі туралы ешқандай ұғым болған жоқ дегендік емес. Тіл туралы зерттеулер XIX ғасырға дейін де болған.

Лингвистикалық әдебиеттерге қарап отырсақ, тіл білімі- басқа ғылымдармен иық тіресіп, қатар тұра алатын жеке бір ғылым саласы екен. Әрбір ғылымның өзіне тән тарихы, теориясы және зерттеу әдістері болатындығы белгілі. Тіл білімінің де өз тарихы, өз теориясы, өз зерттеу әдіс-тәсілдері бар.

Ғылымның алға қоятын негізгі мақсаты- өз нысанын жан-жақты танып білу, оның белгісіз сырларын, заңдылықтарын ашып айқындау. Мұндай мақсат орындау үшін ғалымдар зерттеудің әр түрлі амал-тәсілдерін қолданады. Ондай амал-тәсілдердің жүйесі мен жиынтығын зерттеу әдістері деп атайды.

Тіл білімінің зерттеу әдістеріне тоқталмас бұрын біз әдіс (метод), әдістеме (методика), әдіснама (методология) және тәсіл (прием) деген терминдердің мән-мағыналарын түсініп, бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар екенін біліп алалық. Алдыңғы үшеуінің ішіндегі ең жлпысы және мағынасы жағынан ауқымдысы- әдіснама да, ал нақтылысы әдістермині. Бұл жердегі бізге ең керегі осы соңғысы.

Әдіснама (методология) - жаратылыс пен қоғам өміріндегі құбылыстарды зерттеудің, танып-білудің, түсіндірудің жалпы ғылымдық, философиялық бағыт-бағдарын, жолын көрсетеді. Ол барлық ғылым салаларына ортақ. Мысалы бұрынғы Кеңес одағындағы мұндай әдіснамалық принцип - тарихи материализм немесе маркстік диалектика деп аталғандығы мәлім. Ол барлық ғылым салаларына басшылық жасады және бірден-бір ғылыми жол деп есепінеді.

Ал әдіс дегеніміз - әр ғылымның тек өзіне ғана тән арнаулы зерттеу жолы, амалы. Яғни ол -әр ғылымның өз нысанын теориялық тұрғыдан зерттеуде қолданылатын амал-тәсілдердің жиынтығы. Мысалы, биология ғылымында - биологиялық әдіс, тіл ғылымында - структуралық әдіс деген сияқты, т. б.

Әдіс белгілі дәрежеде, әдіснамаға тәуелді, соған бағынады. Өйткені жоғарыда айттық, әдіснама дүниедегі алуан түрлі құбылыстарды ғылыми тұрғыдан танып- білудің жалпы ұстанымдарын белгілейді. Әрбір ғылым өз нысанын зерттеуде қандай әдіс қолданса да, оны ортақ әдіснамалық ұстанымға бағындырады.

Тәсіл дегенге келсек, ол бір әдістің ішіндегі одан гөрі майдарақ, одан гөрі нақтылау келген іс-жүргізу амалы. Тәсіл қажетті материалдықалай жинауды, қалай екеш сұрыптауды, қалай топтап жіктеуді айқындап береді. Бұл жағынан алғанда тәсіл әдістің көмекші құралықызметін атқарады.

Қысқасы, әдіснама жалпы және тұрақты болады. Ол барлық ғылымға ортақ. Әдіс одангөрі нақтырақ және өзгермелі. Ал тәсілге келсек, ол-әдістің көмекші құралы. Зерттеу әдістері мен тәсілдерін таңдау-зерттеушінің өз еркіндегі нәрсе емес, ол-жұмыстың тақырыбына және алдына қойған мақсаты міндеттеріне байланысты айқындалатын нәрсе.

Әр ғылымда бірнеше әдіс болуы мүмкін. Мәселен, тіл білімінде мынандай әдістер бар: сипаттамалық әдіс, салыстырмалы әдіс, тарихи салыстырмалы әдіс, салғастырмалы әдіс, струтуралық әдіс, статистикалық әдіс немесе сандық әдіс, т. б.

Сипаттамалы әдіс

Бұл әдіс лингвитикалық әдістердің ішіндегі ең көнесі және ең көп тарағаны. Ол зерттеліп отырған нысанның өткендегі күйін, тарихын ескермейді. Тек оның белгілі дәуірдегі қалпын, синхрондық күйін сипаттаумен ғана тынады. Сондықтанда зерттеудің кейде статикалық немесе синхрондық әдісдеп те аталынады да, ол әдіс бойынша жазылған еңбектер, әдетте, осы әдістің атымен -сипаттамалы фонетика, сипатамалы лексика, сипаттамалы грамматика деген сияқты атауларға ие болады. Мектептерде болсын, жоғарғы оқу орындарында болсын оқу құралы ретінде жарияланып жүрген қазіргі тілдердің грамматикалары, фонетикасы мен лексикалары, міне, осы сипаттамалы әдіспен жазылған.

Сипаттамалы әдістің кемшілігі: Онда тіл тарихы мен басқа тілдердің дәл сондай тілдік материалдары зерттеуден тыс қалып қояды.

Салыстырмалы әдіс

Бұл да тіл білімінде кең тараған әдіс.

Әдетт, кез келген салыстыруды - салыстырмалы әдіс деп атап жатады. Салыстырмалы әдісті лингвистикалық талдаудың барлық салаларында қолдана беруге болады.

Салыстырмалы әдіс арқылы салыстырылып отырған тілдік материалдардың жалпы, ортақ белгілері мен олардың жеке белгілері айқындалады. Яғни онда бір тектес фактілердің арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары көрсетіледі.

Алайда салыстырудың да салыстыруы бар.

Бір тілдің тілдік материалдарын бір-бірімен салыстыруға болады. Екі не одан да көп тілдің тілдік материалдарын бір-бірімен салыстыруға болады. Бір тілдің сәйкес материалдарын салыстырудың бір-бірінің принципті айырмашылықтары бар. Біріншісі-тілішілік салыстыру деп, ал екіншісі- теларалық деп аталынады.

Егер тілішілік салыстыруда бір тілдің екі дәуірдегі тілдік құбылыстары мен категориялары бір-бірімен салыстырылса, тіларалық салыстыруда екі не одан да көп тілдің бір дәуірдегі материалдары салыстырылады. Осыған орай бұл салыстырулар тіл білімінде жеке-жеке атаулармен аталынады. Айталық, тілішілік салыстыру-тарихи-салыстырмалы әдіс немесе тарихи әдіс деп аталынса, тіларалық салыстыру- салыстырмалы тарихи әдіс және салыстырмалы-салғастырмалы әдіс деп аталынады. Бұл әдістер бір-бірінен қанша тілді және қандай тілдерді салыстыратындығына, ол салыстырулардың немен шектелетіндігіне, сондай-ақ, зерттеушілердің алдарына қандай мақсат қоятындықтарына байланысты ажыратылады.

1. Тарихи-салыстырмалы әдіс

Бұл кейде қысқартылып, тарихи әдіс деп те аталынады.

Тарихи-салыстырмалы әдіс арқылы бір тілдің әр түрлі кезеңі, дәлірек айтсақ, бір тілдің тарихи қалыптасқан варианттары бір-бірімен салыстырылады. Одан да гөрі дәлірек айтсақ, белгілі бір тілдің кейінгі кездегі тілдік мәнбілері сол тілдің өткен дәуірлердегі дәл сондай тілдік мәнбілерімен салыстырылып, оның даму заңдылықтар, өзгерістері көрсетіледі.

Мұндай бір тілдің бүкіл бір дәуірдегі даму тарихы айқындалады. Көнетілдің бұған дейін белгісіз болып келген және еш жерде тіркелмеген, тілді мәнбілері ашылады. Олардың қазіргі кездегі мінбілерден айырмашылықтары көрсетіледі.

Тарихи-салыстырмалы әдіс тілдің өзгеру, даму жолдарын, ол өзгерістердің заңдылықтарын және оған түрткі болған ішкі, сыртқы мәнбілерді айқындау үшін пайдаланылады. Бұл әдіс XX ғасырда пайда болған. Тарихи әдіс сипаттама әдіске қарама-қарсы. Егер сипаттама әдіс белгілі бір дәуірдегі статикалық, синхрондық күйін айқындауды көздесе, тарихи әдіс оның даму, өзгеру үстінде, динамикалық, диахрондық күйде алып қарастырады. Тілдік өзгерістерге түрткі болған ішкі-сыртқы себептерді ашады. Ол үшін белгілі бір тілдің белгілі бір дәуірдегі құрылымдық күйін оның соған жалғас екінші бір дәуірдегі құрылымдық күйімен салыстыра зерттейді.

2. Салыстырмалы-тарихи әдіс

Егер тарихи-салыстырмалы әдіс арқылы бір тілдің әр кезеңдегі өз материалдары салыстырылса, салыстырмалы тарихи әдіс арқылы бірнеше туыстас тілдердің материалдары бір-бірімен салыстырылады. Яғни бұл соңғы әдіс бір негізден тараған туыстас тілдердің генетикалық туыстығына негізделеді. Басқаша айтсақ, салыстырмалы-тарихи әдісті қолдану үшін, жоғарыда айтқанымыздай, салыстырғалы отырған тілдердің бір ата тілден тарауы шарт. Ол тілдердің бір-бірімен туыстық негізде болуы міндетті.

Туыстас болған соң, ол тілдердің тілдік құбылыстары мен категориялары, тілдік формалары мен дыбыстары бір-біріне жақын ұқсас болып келетіндігі заңды. Бірақ бұл жақындық пен ұқсастықтар мүлде абсолютті емес. Ондай тілдік материалдардың көпшілігі бір-бірімен толық сәйкес келе бермейді. Олардың кейбіреулерінің бір-бірінен айырмашылықтары әжептәуір болады.

Салыстырмалы-тарихи әдістің мақсаты- туыс тілдердің арасындағы осы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсету.

Салғастырмалы әдіс

Бұл әдіс толық күйінде салыстырмалы-салғастырмалы әдіс деп аталынады. Өйткені ссалғастырудың өзі де салыстыру.

Егер тарихи-салыстырмалы әдіс бір тілдің өткені мен бүгінгісіне көңіл бөлсе, салғастырмалы әдіс бірнеше тілдің қазіргі кезеңіне ғана көңіл аударады. «Бірнеше тіл» болғанда ол салыстырмалы-тарихи әдіс сияқты бірнеше туыс тілдерді емес, бірнеше туыс емес тілдердің материалдарын бір-бірімен салыстырады.

Салғастырмалы әдістің мақсаты- екі не одан да көп туыс емес тілдердегі бір типтес тілдік құбылыстар мен категорияларды бір-бірімен салыстыра отырып, олардың бүкіл тілдік материалдарын сипаттап беру. Сол арқылы әлгі тілдердің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық құрылымындағы айырым-өзгешеліктерін көрсету. Мұның өзі әр түрлі тіл дердің өзіндік ерекшеліктерін жете түсінуге мүмкіндік беретіндігі сөзсіз.

Структуралық әдіс

Тілдің құрылымдық ерекшелігін зерттеуде қолданылатын әдісті - структуралық әдіс деп атайды. Бұл әдіс тіл білімінде XX ғасырдың бірінші ширегінен бастап қолданыла бастады. Оның тууына себеп болған нәрсе- қазіргі кезде көпшілікке белгілі структурализм ағымының пайда болуы жіне оның дамуы.

Структуралистердің айтуынша, тіл дегеніміз-бір бүтін құрылым. Ол көптеген тілдік элементтерден құралады. Тілдік элементтер бір-бірімен тығыз байланыста болады. Тіл туралы зерттеу - осы тілдік элементтермен олардың арасындағы қарым-қатынастар, байланыстар жайында болуы керек.

Структуралық әдістің мақсаты - жоғарыда айтқанымыздай, тілді бір тұтас құрылымдық эүйе ретінде қарастыру. өйткені тілдік элементтер мен элементтердің, қабаттар мен қабаттардың арасында тығыз байланыс, өзара қарым-қатынас бір-біріне тәуелді. Бірақ ажырамас бірлікте бар. Структуралық әдіс тілді зерттеу үстінде оның осы қарым-қатынастары мен байланыстарын ашуға, оның жүйелілік құрылымын көрсетуге талаптанады.

Статистикалық әдіс

Бұл әдіс кейде сандық әдіс немесе математикалық әдіс деп те аталынады. Ол XXғасырдың 50-жылдарында дүниеге келген.

Статастикалық әдістің негізгі міндеті- тілдік бірліктер мен тілдік құбылыстарды математика ғылымының әдіс-тәсілдерімен зерттеу; сол арқылы олардың сандық сипатын, заңдылықтарын ашу. Біз математика ғылымының әдіс-тәсілдері деп- санды, санауды , мөлщерлеуді, бір сөзбен айтқанда, математикалық логиканы айтып отырмыз.

Статистикалық әдістің сыры мынада: Кез келген бірліктертің, оның ішінде тілдік бірліктердің де, сапалық белгілерімен бірге олардың сандық белгілері де болады. Тіл білімі ғылымындағы басқа әдіс-тәсілдердің бәрі тілдік элементтердің сапалық жағын сипаттауға арналған. Тек статистикалық әдіс қана олардың сандық жағына көңіл аударады.

Тілдік бірліктердің біреулері көп болса, екішілері одан әлдеқайда аз болады. Олардың біреулері жиі қолданылса, екіншілері жиі қолданылады. Бір тілдік элементтер өнімді, актив қызмет атқарса, екіншілері өнімсіз, пассив қызмет атқарады. өте сирек қолданылатын элементтер де аз емес. Бұларды есепке алу, айқындау- тіл ғылымы үшін қажет-ақ. өйткені тілдік элементтердің қызметі олардың көп аздығымен немесе қаншалықты жиі, қаншалықты сирек қолданылатындығымен ерекшеленеді.

Лингвистикалық география әдісі

Бұл әдіс кейде картографиялық әдіс деп те аталады. Ол тіл білімінің, әсіресе диалектология саласында жиі қолданылады. Сондықтан болу керек кейбір әдебиеттерде оны диалектография деп атаушылық та бар. Лингвистикалық география әдісінің негізгі мақсаты- диалектілік ерекшеліктердің тараған аймақтарын шартты белгілері арқылы картаға түсіру.

Эксперименттік әдіс

Эксперименттік әдісті айтқанда бізге екі түрлі әдіс туралы сөз еткуімізге тура келеді. Оның біріншісі- жай, қарапайым, кәдімгі эксперименттік әдіс те, екіншісі- аспапты эксперименттік әдіс, яғни зертханалық әдіс.

Олар қандай техникалық құралдар дейсіздер ғой ?

Санап көрелік: магнитофон, спектрограф, осциллограф, палатограф, рентнограф, интонограф, кимограф, сепаратор, және электронды есептеуіш машинасы мен компьютер, т. б.

Техниканың жетістіктері болып табылатын осы электро- акустикалық, электро-өлшемдік құралдарды пайдалана отырып, зерттеуші тіл білімінің фонетика саласын жан-жақты зерттейді. Сол зерттеу нәтижесінде алынған нақтылы, дәл мәліметтерге сүйене отырып, ол тіл дыбыстарының өздері, олардың құрамды бөліктері, бірегей үлгілері туралы нақтылы тұжырымдар жасайды.

Зерттеу тәсілдері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы лингвистиканың әдістері мен тәсілдері
Тіл білімін зерттеу әдістері
Тіл білімі немесе лингвистика
ҚАЗАҚ ТІЛІ ФОНЕТИКАСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Тіл білімі тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі және оны оқыту әдістемесі
Тіл мәдениетінің сипаты
Қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлем теориясының дамуы
Ономасиология және оның тіл білімі салаларымен арақатынасы
Тілдің құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz