Салыстырмалы-тарихи тіл білімі



Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Франц Бопп
2. Расмус Раск
3. Якоб Гримм
4. А.Х. Востоков

Қорытынды
Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, оны зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бет бұрыс болған бұл жайт XIX ғасырдың алғашқы он жылдығында орын тебе бастады.
Жаңа әдістің қалыптасуы – ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. XVIII ғасырдың соңғы жартысы мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында лингвистиканың даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.
Өткен ғасырдың бас кезінде әр елде салыстырмалы тарихи әдіс негізінде жазылған бірнеше еңбек жарық көрді.
1816 жілі неміс ғалымы Франц Бопптың санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, парсы, герман тілдеріндегі етістіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі шықты. Онда аталған тілдердің туыстастығы дәлелденді. Ол бұл тілдерден жинаған материалдарын, иран, славян, балтық бойы халықтары, армян тілдері фактілерімен толықтыра келіп, 1883-1849 жылдар арасында «Үнді-европа тілдерінің салыстырмалы грамматикасын» жазды.
Ғалымдардың айтуына қарағанда, Бопптың бұл еңбегіне үнді лингвистикасының, әсіресе Панини еңбегінің әсері тигені болуы керек, Панини сияқты Бопп та, негізгі зерттеу объектісі етіп морфологияны алады да, фонетиканы соған тәуелді жағдайда қарайды, синтаксис саласы тіпті сөз болмайды.
Тіл білімі тарихында Бопп салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізгі салушы деп саналады. Бопп еңбектері шынында да, зерттеу ісіне салыстыру әдісін қолдану арқылы тілдер туыстастығын айқындауға болатындығын көрсетті.
Осы үнді-европа семьясына жататын тілдерден жиналған орасан мол фактілерді бір-біріне салыстыра зерттеу арқылы олардың туыстастығын, бастапқы күйін, шыққан төркінін ашпақ болады. Екіншіден, европа тілдері грамматикасына тән флективті құрылыстың тарихи сырын жан жақты айқындауды көздейді. Ф. Бопп еңбектері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің дамуына ықпалын тигізді.
1. Қордабаев Жалны тіл білімі Алматы 1987ж.
2. Аханов Тіл білімінің негіздері Алматы 1985ж.
3. Қасенов А. Тіл бідімі Алматы 1986ж.
4. Қасенов Тіл біліміне кіріспе Алматы 1990ж.
5. С. Қирабаев Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері Алматы 1992ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Орталық Азия Университеті
Гуманитарлық факультет

Реферат
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі

Орындаған: Болатбекова
Р.
Қабылдаған:
Оспанғазиева Н.

Алматы 2006

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Франц Бопп
2. Расмус Раск
3. Якоб Гримм
4. А.Х. Востоков

Қорытынды

Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын
тарихи құбылыс деп танудан, оны зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті
қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бет бұрыс болған бұл
жайт XIX ғасырдың алғашқы он жылдығында орын тебе бастады.
Жаңа әдістің қалыптасуы – ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-
пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. XVIII ғасырдың соңғы жартысы мен
XIX ғасырдың алғашқы жартысында лингвистиканың даму қарқыны, бағыты жаңа
зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.
Өткен ғасырдың бас кезінде әр елде салыстырмалы тарихи әдіс негізінде
жазылған бірнеше еңбек жарық көрді.
1816 жілі неміс ғалымы Франц Бопптың санскрит тіліндегі етістіктердің
жіктелу жүйесін грек, латын, парсы, герман тілдеріндегі етістіктердің
жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі шықты. Онда аталған тілдердің
туыстастығы дәлелденді. Ол бұл тілдерден жинаған материалдарын, иран,
славян, балтық бойы халықтары, армян тілдері фактілерімен толықтыра келіп,
1883-1849 жылдар арасында Үнді-европа тілдерінің салыстырмалы
грамматикасын жазды.
Ғалымдардың айтуына қарағанда, Бопптың бұл еңбегіне үнді
лингвистикасының, әсіресе Панини еңбегінің әсері тигені болуы керек, Панини
сияқты Бопп та, негізгі зерттеу объектісі етіп морфологияны алады да,
фонетиканы соған тәуелді жағдайда қарайды, синтаксис саласы тіпті сөз
болмайды.
Тіл білімі тарихында Бопп салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізгі
салушы деп саналады. Бопп еңбектері шынында да, зерттеу ісіне салыстыру
әдісін қолдану арқылы тілдер туыстастығын айқындауға болатындығын көрсетті.
Осы үнді-европа семьясына жататын тілдерден жиналған орасан мол
фактілерді бір-біріне салыстыра зерттеу арқылы олардың туыстастығын,
бастапқы күйін, шыққан төркінін ашпақ болады. Екіншіден, европа тілдері
грамматикасына тән флективті құрылыстың тарихи сырын жан жақты айқындауды
көздейді. Ф. Бопп еңбектері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің дамуына
ықпалын тигізді.
Франц Бопп (1791-1867) Майнц қаласында туған. Гимназияда оқып жүрген
кезінде-ақ санскрит, парсы, араб, көне еврей тілдерін оқып үйренген. 1829
жылдан академик. Оның ең басты еңбегі Снскрит, зенд, армян, грек, латын,
литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Бұл
еңбек үш томнан тұрады: 1833-1852 жылдары бірінші рет, 1856-1861 жылдарда
жөнделіп екінші рет, 1868-1870 жылдары үшінші рет басылды.
Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың екіншісі Дания ғалымы
Расмус Раск. Ол өзінің 1818 жылы басылып шыққан Исланд тілінің шығу тарихи
жайлы еңбегінде тілдер туыстастығын білдіретін негізгі белгілер не
екендігін жан-жақты көрсетеді. Ол тілдердің сөздік жағынан бір-біріне
ұқсастығы тіл туыстастығының кепілі бола алмайды, бір тілден екінші тілге
сөз ауыса береді, тіл туыстастығының белгісі – олардың грамматикалық
жағынан ұқсас болуы, грамматикалық формалар бір тілден екінші тілге
ауыспайды,- деп дұрыс қорытынды шығарды. Тілдер туыстастығының екінші бір
кепілі – дыбыстар алмасуындағы заңдылықтар мен негізгі сөздік қордың
ұқсастығы – дегенді Раск бірінші болып көрсетті.
Өзінің осы тұжырымына сүйене отырып, Раск көптеген европалық тілдер
фактілерін бір-біріне салыстыра зерттеді, бірақ Раск Бопп сияқты салыстырып
отырған тілдердің түпкі төркінін, бастапқы күйін ашуды көздеген жоқ. Ол,
негізінде, скандинавия халық тілдерінің европалық тілдермен туыстастығын
айқындауды мақсат етті. Скандинавия филологиясының негізін салды. Ф. Бопп
еңбегінде жете ескерілмеген фонетика мәселелері, дыбыс құбылыстарының
заңдылықтары Раск еңдегінде едәуір кең көлемде қойылды.
Расмус Кристиан Раск (1787-1832) Копенгаген университетінде оқыған,
1823 жылдан бастап осы университеттің профессоры. Ол 20-шақты тілді білген,
испан, итальян, француз, көне ағылшын, швед, т.б. тілдердің грамматикасын
жазған. Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі
Ежелгі солтүстік тілдері және неміс исланд тілдерінің шығуы туралы
зерттеулер деп аталады. Бұл еңбегінде автор гот тілдерінің латын, грек
тілдерімен туыстастығын дәлелдейді.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі – неміс
ғалымы Якоб Гримм. Бұл ғалымның төрт томнан тұратын Неміс грамммтикасы
атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы
басылады. Мұнда автор неміс тілінің қалыптасу, даму жолдарын оның
құрамындағы әр түрлі диалектілерді бір-біріне салыстыру, неміс тілін герман
тіліне жататын басқа тілдермен қатар қоя қарау арқылы айқындайды.
Гримм зінің еңбектерінде тілдің, тілдік элементтердің даму тарихын
зерттеуге баса көңіл бөледі. Тіл тарихын зерттеуге талпыну XVII-XVIII
ғасырларда да болған, бірақ ол кезде тіл фактідері храналогиялық жолмен
салыстырылмай, бір-бірінен мейлінше алшақ жатқан дәуірлерге тән фактілер
қалай болса солай салыстырылса, тілдік құбылыстарды түсіндіруде, көбінесе,
ойдан шығарылған жорамалдарға сүйенсе, Гримм оның орнына тарихи
салыстырудың баспалдақты, хронологиялық жолын енгізіп, қалыптастырды.
Сөйтіп, тілдегі өзгеріс құбылыстардың қай-қайсысы да оның бірте-бірте
дамуының табиғи нәтижесі екенін дәлелдеді. Тілдік құбылыстарды зерттейтін –
тіл тарихы ғылымының лингвистика ғылымының құрамында болуы қажеттілігіне
көз жеткізді.
Гримм тіл тарихының қоғам тарихымен байланыстылығын, тілдің қоғам
тарихын зерттеуде орасан зор роль атқаратындығын баса айтты. Тіл дамуындағы
заңдылық дегенді Гримм сөйлеудегі дыбыстардың өзгеру заңдылығы деп
түсіндірді. Дыбыс құбылыстарының заңдылығын айқындауда Гримм Раск еңбегіне
де сүйенді. Бұл саладағы Гримм ашқан заңдылық XIX ғасыр лингвистикасының
елеулі табысы болды. Ол тілдің дыбыстық жүйесін зерттеуге бетбұрыс жасады.
Сөйтіп, ттіл ғылымында фонетиканың өз алдына жеке бір сала болып
қалыптасуына игі әсерін тигізді.
Ф. Бопп еңбектері сияқты, Гримм еңбектері де салыстырмалы-тарихи тіл
білімін зор беделге ие етіп, оның даму бағытына елеулі ықпал жасады. Ф.
Энгельс Гриммді герман тілі салыстырмалы грамматикасының негізін салушы деп
жоғары бағалады.
Якоб Гримм (1785-1863) Ганау қаласында туған. Кассель қаласындағы
лицейде, кейін Марбург университетінің заң факультетінде оқыған. Ол
Геттинген, кейініректе Берлин университеттерінің профессоры болған. Оның
негізгі лингвистикалық еңбегі төрт томнан тұратын Неміс тілі
грамматикасы. Мұнда бүкіл герман тілдерін бір-біріне тарихи тұрғыда
салыстыра зерттейді. Бұл еңбек салыстырмалы-тарихи тіл білімінің теориялық
жағынан да, практикалық жағынан да, ілгері дамуына зор еңбегін тигізді.
Салыстырмалы әдісті тіл білімінің зерттеу әдісіне айналдыруда славян
тілдерінің маманы А.Х. Востаковтың да еңбегі бар. Ол1820 жылы жарияланған
Славян тілдері жөніндегі пікірлер дейтін кітабында славян тілдері
фактілерін, әсіресе олардың дыбыстық жақтарын бір-біріне салыстыра зерттеу
арқылы олардың арасындағыұқсастық өзгешеліктерді көрсетті.
Александр Христофорович Востаков (1781-1864) Петербург көркемөнер
академиясын бітірген. Жас кезінен фольклорлық шығармалар бастырумен
шұғылданған. Лингвистикалық еңбектері ішіндегі ең көрнектілері: Славян
тілдері жөніндегі пікірлер, Орыс тілі грамматикасы, Шіркеулік славян
тілі сөздігі дейтін еңбектері. Айтылғандардың біріншісінде Востаков славян
тілдерінің өзара жақындық дәрежесін ашуға тырысады.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушылардың жолын ұстанған
басқа да ғалымдар болды. Олар салыстырмалы тарихи әдіспен үнді-европа
семьясына жататын тілдерді жекелеп, топтап зерттей отырып, олардың
арасындағы бірлік пен өзгешеліктерді, бір-біріне жақындық дәрежелерін
айқындады. 1836-1845 жылдар ішінде Ф. Дицтің Роман тілдері грамматикасы,
1852 жылы Ф. Миклошичаның Славян тілдерінің салыстырмалы грамматикасы,
1853 жылы И. Цейстің Кельт грамматикасы, 1858 жылы Ф. И. Буслаевтің
Литва тілін зерттеуге жетекші атты еңбектері жарияланды. Бұл еңбектер
салыстырмалы тарихи тіл білімінің өрісін кеңейте түсті. Осылардың
нәтижесінде Үнді-европалық тіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX ғасыр тіл білімінде қолданылған әдістер
Xix ғасырдағы салыстырмалы-тарихи тіл біліміне ғалымдардың қосқан үлесі
Тарихи грамматика мен салыстырмалы тарихи тіл білімінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері. Салыстырмалы тарихи тіл білімінің қалыптасу тарихы
XIX ғасырдағы тіл білімі
Лингвистикалық ілім тарихы Ежелгі дәуір тіл білімі
Фонетиканың зерттеу нысандары
Тіл білімі тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі
XXI ғасыр лингвистикасы
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Ежелгі дәуір тіл білімі
Пәндер