Кәсіби педагогиканың негізгі категориялары


СОДЕРЖАНИЕ
Кәсіптік - техникалық педагогика негіздері1
1. 2. Кәсіби педагогика-педагогика ғылымының бір тармағы мен оқу пәні. 7
1. 3. Кәсіби педагогиканың негізгі категориялары. 8
2. 2. Педагогикалық жүйе мен оның құрылымдық компоненттері. 12
2. 4. Кәсіптік білімді басқару теориясы14
Мемлекеттік жұмысшы кадрларды дайындау -17
әлеуметтік және ғылыми мәселе. 17
Қазақстан Республикасы бастауыш және орта19
кәсіптік білім беру жүйелерінің құрылымы мен жалпы сипаттамасы. 19
3. 3 Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебі. 20
Қазақстан Республикасында жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім беру. 21
Білікті жұмысшы мамандар дайындау мәселесіне22
қазіргі ғылыми көзқарас. 22
Жұмысшының жеке қасиеттерінің қалыптасуына22
Профессиографиялық тұрғыдан қарау. 22
Кәсіби шеберлікті жетілдірудің акмеологиялық24
негіздері. 24
Акмеология пәні және оның міндеттері. 24
Бастауыш кәсіптік білім стандарттарын әзірлеудің29
методологиясы. 29
Құзыреттілікке негізделген стандарттар. 31
Кәсіптік мектептерде білім мазмұнын қалыптастыру принциптері. 33
КӘСІПТІК МЕКТЕПТЕРДЕ КӘСІБИ ОҚЫТУ ҮРДІСІ. 34
Кәсіби оқыту принциптері. 34
Кәсіби оқыту принциптерінің ерекшеліктері35
Кәсіби жұмылдыру принципі35
Кәсіби оқытуды модульдеу принципі35
Кәсіби оқытудың әдістері мен тәсілдері. 36
Кәсіби оқыту әдістері. 36
Кәсіптік оқыту құралдары мен олардың түрлері. 40
Кәсіби оқытуды кешенді әдістемелерімен қамтамасыз ету. 41
Кәсіби оқытуды ұйымдастыру түрлері:41
Кәсіптік - техникалық педагогика негіздері
Адам - эволюциялық дамудың ең жоғарғы сатысы, жер бетіндегі тіршілік иесі десек, бұл ілім сол адамзат зерттеушісі. Екіншіден, біздің ғылымымыз бірқалыпты емес диалектикалық қарама-қайшылықтарға толы. Әрбір адамның тәрбие туралы өз ұғымы бар, кез-келген болмысты өзінше найымдай алады. Ұлы ойшылдардың өзінде адамзат пен қоғам дамуы туралы пікірі, бағамы әркелкі. Жүздеген мемлекет қайраткерлері, ойшыл философтар мен дарынды педагогтар еңбегінде қаншама қарама - қайшылықтар жатқанын білесің бе? Кімге сенеміз? Неге олай? Үшіншіден біздің ғылымдарымыз ұшы - қиыры жоқ шексіз, өткен жәйттер ешқандай дәлелсіз жаңа идеялар туғызуды.
Педагогика шыңына жеткен том - том кітаптар жазылғанымен, жеке тұлғаны тәрбиелеу мен кәсіби біліктілігі сапасын көтеру мәселесі әлі де зерделеуді қажет етеді. Қазіргі қоғамға жаңаша көзқарасты талап етіп отыр.
Сөйтіп, Кәсіби педагогика өте қызық ғылым! Ол тек зерттеу ауқымы емес, өзінің даму тарихымен әр кезеңдегі ашылған жаңалықтарымен, тұлғалар тағдырындағы текетірестер мен адасулар, түпсіз тұңғиыққа тірелген ойлар әлемімен қызықты.
Кәсіби педагогика жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде кәсіптік білім беру жүйесін жетілдірумен қалыптасты. Бұл енді дамып, қанат жайып келе жатқан жас ғылым саласы.
Басқа ғылымдар сияқты мұның өз ұғымы мен түсіну аппараты бар, оның іргелі ғылым екендігін, сапалық ерекшеліктерін айғақтайтын дәйектемелері бар. Қазіргі кезде нарық талабына сай бәсекеге қабілетті жұмысшылар дайындау мен олардың біліктілігін арттырудың жаңа тұжырымдамалары әзірленіп, оқыту әдістері мен оны ұйымдастыру формалары жетілдіру үстінде. Кәсіби педагогика осындай меселелермен шұғылданып, егемен елімізде білікті маман жұмысшы дайындауда. Әлемдік өркениет деңгейіне көтермекші. Қазіргі нарық жағыдайына бейімделген ақпаратты әлемде білімді тез, негізді түрде әрі тиімді игере білуіміз қажет. Білікті педагог, өз ісінің білгір маманы болу үшін, ғылымды игеру жеткіліксіз, оны практикалық тұрғыда өмірге қолдана біліп, кәсіптік әлемдік деңгейіне дейін жеткізіп, нақты іске асыра білетін жан - жақты кәсіп иелері болуымыз керек.
Жас талап, осы қиын да күрделі, әрі қызықты жолда саған сәттілік тілейміз!
Енді, біздің оқулығымыздың құрылымы, мазмұны, өз бетімен қалай білім алу керек жөнінде ақыл - кеңесімізді ортаға салмақпыз. Оқу құралымен жұмыс істей білу - бұл бағыттағы алғашқы қадам.
Жас талапкер, егер біз өзара түсіністікте ғылым негіздерін басты мақсатқа нысана етіп игеретін болсақ, онда жұмысымыздың нәтижесі болғаны. Ол үшін өмір көрсеткендей дамушы педагогиканың негізгі принциптеріне сүйенуіміз керек.
Ол үшін не қажет?
Біздің тараптан - ақпараттарды оның әрі түсінікті ғылыми тілмен сіздерге қызықты етіп жеткізе білу.
Ал, сіздер ілімді игеруде, танып - білуде өнімді еңбек ете алуларымыз қажет. Өз бетінше шығармашылықпен ізденбей, бойкүйездікті жеңбей, ілім негізін, ақпараттық ақиқатты игеру мүмкін екенін естен шығармағанымыз жөн.
Оқыту кәдімгі классикалық үрдісте берілген материалдарды оқу, оны байыту және білім сапасын игеруді бақылау сияқты процестерден тұрады. Барлық тараулар бөлімдерге бөлінген оқу блоктарынан тұрады. Блоктар алдын - ала дайындалған танымдық процесті дамытатын ақпараттық және ойтүрткі қиялына әсер ететін мәселелерді қамтиды. Білім негізі дидактикалық бірліктерді ірілендіру принципін бетке ұстайды: өйткені ол оқу материалының басты идеясы мен логикасын, ойлау салдарынан туатын қабілеттілікті арттыруды жетілдіруге арналған. Мына төмендегі блок түрлері мен ондағы шартты белгілерге назар аударыңыз:
АБ - ақпаратты блок
КБ - кеңейтуші блок
ПБ - проблемалы блок
ЖБ - жағдаятты блок
ББ - өздік бақылау блогы
ТБ - түзетуші блок
ҚҚБ - құзыреттілікті қалыптастыру блогы
Барлық тараулар тестік бақылау жүйесі мен өзіндік білім көтеруге арналған әдебиеттер тізімін көрсетумен аяақталады. Курстағы негізгі білім арқылы ақпараттық блокта баяандалады
Олар ықшам құрылымда, негізгі идеялар мазмұнын топтастырып, логикалық ойлар мен тұжырымдарды қысқа әрі нақты сұлбалар арнайы белгілейді.
Ақпараттық блокқа органикалық түрде тығыз байланыса орналасқан кеңейтуші блоктың (КБ) негізгі қызметі түсінуге қиын кейбір мәліметтер мен ақпараттарды толықтырып, талдап беріп отырады. Кеңейтуші блок қажет теориялық ақпараттарға «жан бітіріп» нақты факторлар мен мысалдарды жадта ұстайды. Кеңейтуші блокты оқып, үйрену міндетті емес, бірақ ол қажет кезінде өте пайдалы екенін ұмытпауымыз керек.
Проблемалы блок (ПБ) жеке ойлар мен идеяларды оятып, оған түрткі беріп, жинақталған ақпараттық мәліметтер мен білім негіздері арқылы өздік пайымдауларды, топшылауларды іске асыруға мүмкіндік туғызады. Бұл жерде халқымыздың «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас» деген дана мақалы есімізге түседі, яғни түрлі түзетулер мен қателіктер, өз бетінше пайымдаулар мен дайын тұжырымды алғаннан гөрі ескертулер, жеке тұлғаның интелектуалдық қабілетін дамытып, өз еңбегі арқылы түпкі нәтижеге жетуіне септігін тигізеді. Мәселе, кім көп білетінінде емес, кім оны практикада дұрыс қолдана білетінінде болып отыр.
Нақты педагогикалық жағдаятта алған білімін танымдық процесте логикалық іске асыра білу мүмкіндігі назарда болуы тиіс. Қандай да практикаға жауап бере алмаған теория, нашар теория мұндай сәтте сізге жағдаятты блок (ЖБ) көмекке келеді, бұл сәтті жібермеңіз, өйткені ол кері байланыс процесін тудырады; яғни өмір - теория; теория - өмір.
Өздік бақылау, түзетуші және құзыреттілікті қалыптастыру блоктары (ДБ, ТБ, ҚҚБ) негізгі идеяларды дұрыс түсінгенін тексеруге, дағдыларды қалыптастыруға арналған.
Оларда жауапты дұрыс табудың түрлі жолдары, машинасыз программалау құралдарының тиімділігі көрсетіледі. Бәрінен де педагогикаға тән басты қасиет: кәсіби сенімділік пен кәсіби құзыреттілік негізгі нысанға айналуы тиіс. Мынаған назар аударыңыз ; берілген құрылымды блоктар бір орында тұрмауы мүмкін, кейбір сұлбаларда ол бірізділікпен ауысып отырады. Әр студент өз мүмкіншілігімен мақсатына қарай оқытудың тиісті сұлбаларын таңдап алады. Есте болар жәйт, қандай да бір педагогикалық теорияны толыққанды игеру үшін оны блоктардың көмегінсіз мұқият өңдеуден өткізу мүмкін емес.
Оқулық халықаралық ынтымақтастық аясында педагогика ғылымының докторы Күмісбек Өстеміровтың басшылығымен Қазақстан мен Украйна ғалымдарымен бірлесіп жасалды. Оқулықтың келесі басылымында, авторлық ұжымның тұжырымдамасына сай, оқытудың мультимедиялық бағдарламалы компьютерлік жүйесі жасалынбақ, ол осы құрылымға ұқсас материалдарды қамтиды. Бағдарлама бойынша жұмыс істей отырып, сіз ақпараттарды игеріп қана қоймай электронды - есептеу машиналары арқылы программалап оқыту мен тестік бақылау жүйесі туралы да нақты мағлұмат ала аласыз.
1 Бөлім.
Кәсіби педагогика негіздері.
1 тарау.
Кіріспе.
Кәсіби педагогиканың міндеттері.
1. 1 Кәсіби педагогиканың философиялық және әдістемелік негіздері.
Кәсіби педагогика - жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде енді өркендеп, дамып келе жатқан жас ғылым. Ол ескі грех сөзінен «пайдос» - бала және «аго» - жетелеу ұғымын береді. Сөзбе - сөз аударғанда «бала жетелеу» деген мағынаны білдіреді.
Ежелгі Грецияда педагог деп өз қожайынының баласын мектепке жетектеп апарып, әкелетін құлды айтқан. Ол мектепте дәріс беретін құлдығалым деп атаған.
Бертін келе педагогика сөзі қазіргі мәніне жақын өмірге жетелеуші ғалым ретінде қалыптаса бастады, яғни оны оқытып, тәрбиелеп жан және рухын беретін өнер деп түсіндік. Атақты адамдардың қасына оны тәрбиелеген педагогтарды да қоса айта бастайтын болды. Бертін келе балаларды тәрбиелеу туралы ғылым да өзгешеленіп, дараланды.
Осылайша педагогика балаларды оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылым ретінде қалыптаса бастады.
Педагогика туралы бұл көзқарас XX ғасырдың ортасына дейін сақталды. Тек соңғы онжылдықта ғана кәсіби педагогикалық біліктілік тек балаларға ғана емес, ол үлкендерге де қажет екендігі сезіле бастады.
Қазіргі педагогиканың нақты және дәл анықтамасы - адамды тәрбиелеу жөніндегі ғылым екендігінде. Бұл жерде тәрбие сөзі кең мағынада: оқыту, білім беру тәрбиелеу және жеке тұлғаны жан - жақты дамыту.
Сөйтіп, тәрбие ғылым ретінде қалыптасқан бастапқы мағынасына қайшы келіп отыр. Сондықтан, әлемдік педагогика лексиконына жаңа термен:
«андрогогика» (грек сөзі «андрос» - ер, «аго» - жетелеу) немесе «антропогика» - адам жетелеу деген ұғым пайда болды.
Кәсіби білім беру педагогикасы немесе кәсіби педагогика атауында негізінен адамның кәсіби дайындығы жүйесінің оның жасына, білім деңгейіне, еңбек және кәсіби түрі мен сипатына қарай теориялық және педагогикалық қарастыратын ғылым деп түсіну керек. Бұл тұжырым жеке тұлғаны кәсіби дайындаудағы рөлі мен орнын көрсетіп беруі тиіс.
Кәсіби педагогиканың «философиялық - әдіснамалық негізі» деген ұғымда мынаны есте ұстауымыз керек: Білім берудің теориялық және практикалық нәтижелеріне жетуде қандай әдіс - тәсілдерді тиімді пайдалану мәселелері сөз болуға тиіс. Әрине, педагогикаға, оның ішінде әсіресе, кәсіби педагогикаға түпкі нәтижелі нормативті білімге жету ерекше мәнге ие, өйткені ол термологиялық, практикалық бағдар беруі әдістемелік қондырғылар арқылы ұйымдастырылған білім беру үрдісімен тікелей байланысты. Сондықтан да соңғы уақытта ғалымдар білім беру философиясын біртұтас жалпы білім беретін мәселелердің мәні мен сипатын білдіретін интеграциялы, пәнаралық ғылымдар мен байланыстырып зерттеп жүр. Сайып келгенде, кәсіби білім беру арқылы ерте ме, кеш пе философиялық - білімдік негіздеме аймағына кірері даусыз құбылыс.
(КБ) Ұлы орыс ғалымы Д. И. Менделеевтің ғылыми жаңалықтары туралы ой топшылай келе, әрбір ғылыми теорияда 2 негізгі мақсат болуы тиіс: ол - болжау мен тиімділік иайдасы. Бұл жалпы қағидадан педагогика да тысқалмауы тиіс. Оның қызметі - түпкі нәтижеге бағытталған тәрбиелеу, білім беру мен оқыту қағидалары негізінде педагогикалық практикаға енгізілген танымдық үрдіс жолдары мен әдістерін игере білу. Теория педагог - практиктерді әртүрлі жас ерекшеліктеріне сай тәрбиелеу ісін, әлеуметтік түрлі жағдайларда білім беру, кәсіби біліктілігін жетілдіру, дағыларын қалыптастыруда оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыру. Тәрбиелеу мен білім берудегі, оқытудағы жаңа технологиялар, тиімді тәсілдер алдымен педагогикалық зертханаларда туындайды. Педагогика ілімі дамуының қайнар бұлақтары; тәрбиелеудің сан ғасырлық жинақталған тәжірибелері; халықтық педагогика қағидалары; қоғамдық саяси, философиялық және психологиялық құнды еңбектер; ағымдағы әлемдік және Отандық тәрбие практикасы; арнайы ұйымдастырылған педагогикалық ғылыми - зерттеулер мәліметі; заман ағымына сай идеялар мен тәрбиелеу жүйесін қамтитын жаңашыл - педагогтардың іс - тәжірибесі;
Өздік бақылау әрбір алынған ақпараттық блоктан соң бізді өзін-өзі бақылау «Күтіп» тұрады. Ол үшін түрлі деңгейдегі тапсырмалар пайдаланылады. Сұрақтарға қажет тікелей және жанама жауаптардан басқа, баламалы дайын жауаптардың ішінен дұрысын таңдай білу мүмкіндігі де болады. Ол үшін асықпай, барлық жауаптарды мұқият ой елегінен өткізген жөн.
Педагогика - мәнді ғылым, дұрыс орнын таппаған сөз, оның ұғымын өзгертіп жібереді. Сондықтан педагогикалық терминдер мен сөз тіркестері дұрыс, өз ороында нақты сөйлемдегі мағынасына қарай қолдануды талап етеді.
- Педагогика дегеніміз қандай ғылым?
Мына төмендегі жауаптардың дұрысын таңдап беріңіз.
1. Педагогика - сәбилердің даму заңдылықтары мен оларды
тәрбиелеу жолдарын анықтап береді.
2 Педагогика - адамдарды тәрбиелеу, білім беру және
оқыту жөніндегі ғылым.
3. Педагогика - тәрбиешілер тәрбиеленушілердің дүние
танымын қалыптастыруды үйрететін өнер.
4. Педагогика жеткіншек ұрпақтарға білім беру мен оқыту
мәселесімен шұғылданады.
5 Педагогика - адам тәрбиесі жөніндегі ғылым.
II. Тәрбие туралы білімді мына төмендегі терминдердің қайсысы
дәл анықтап бере алады?
- Педагогика(грек тілінде «пайдос» - бала және «аго» - жетектеуші деген мағына білдіреді. )
- Андрогогика(грек тілінде «андрос» - ер адам және «аго» - жетектеуші)
- Антропогогика(грекше « антропос» - адам )
- Антропология(грекше «антропос» - адам, «логос» ғылым)
- Педология -(грекше «пайдос» - бала, «логос» - ғылым) .
III. Педагогика ғылымының алдына қандай міндеттер
қандай міндеттер қойылады?
- Жас жеткіншектерді тәрбиелеу, оқыту.
- Тәрбие қағидаларын танып - білу, педагог - практиктерді оқу-тәрбие үрдісінің теориясымен қаруландыру
- Тәрбиені адамдардың рухани дамуының бір тармағы ретінде қарау .
- Қазіргі заманғы адамдарға білім беру мен оқыту мәселелерін зерттеуді үйрету.
- Адамзат табиғатын зерттеу.
1. 2. Кәсіби педагогика-педагогика ғылымының бір тармағы мен оқу пәні.
Қазіргі ғылымның даму үрдісі оның ғылымдар ықпалдастығы мен жіктелуімен сипаталады. Ғылымдар ықпалдастығында кейбір ғылым салаларының өзі дербес ғылым ретінде танылып, тың мәнге ие болып отыр. Ғылымдар тоғысында олардың құбылыстар мен болмыстардың мәнін анықтаудың жалпы заңдылықтары анықталып, зерттеудің ортақ ғылыми әдіс - тәсілдері саралана түсетіні белгілі болып отыр. Бұл педагогика ғылымына да тән құбылыс. Атап айтатын болсақ, соңғы кезде ғылымдар ынтымақтастығы педагогиканың мына салаларына даралық сипат бере бастады.
- мектеп алды педагогикасы;
- жасөспірімдер педагогикасы;
- жалпы білім беретін мектеп педагогикасы;
- кәсіби педагогика (кәсіптік мектептер педагогикасы) ;
- мектептану (білім және оқу - тәрбие мекемелерін басқару) ; т. б
Осыған орай кәсіби педагогиканың да өз салалары қалыптаса бастады. Ол:
- бастауыш кәсіптік білім беру педагогикасы (кәсіптік мектептер мен лицейлердегі тәрбие мен оқыту мәселелерімен шұғылданады) ;
- жағары білім педагогикасы (институт, университет және академияларда тәрбиелеу мен оқыту ісімен айналысады) .
Атап кету керек, кәсіби педагогика жалпы білім беретін мектеп ісімен шектеліп жалпы педагогика аясында қала алмайды. Оның қалыптасуы, зеттеу нысаны кәсіптік - техникалық ең жоғарғы оқу орны, ғылым, техника, экономика және өндіріс өркендеуімен тікелей байланысты. Жалпы педагогика аясында кәсіби педагогика іргелі ғылым ретінде мына салаларды да қамтиды:
- жалпы және педагогикалық психология;
- инженерлік психология ;
- еңбек психологиясы
- еңбек физиологиясы;
- акмеология (кәсіби шеберлік шыңына жету туралы ғылым)
Бұдан басқа кәсіби педагогика тиісті техникалық және экономикалық ғылымдарға да арқа сүйейді.
Кәсіби педагогиканың пән ретінде зерттеу нысандары мынадай:
- Кәсіптік мектептердегі тәрбиенің мақсаты мен өзіндік ерекшеліктеріжалпы пндагогика арасында сабақтаса жүргізілуі тиіс.
- Кәсіптік білім мазмұны қоғамдық және ғылым - техникалық прогресс сұранымына сай анықтап отырады;
- Жеке тұлғаға ғылыми - техникалық білім мен кәсіби біліктілік дағдыларын қалыптастыру өзіндік ерекшеліктерін меңгеру;
- Кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқу - тәрбие үрдісін басқару негіздерін жоғарыдағы аталған мәселелерді тұжырымдай келе кәсіби педагогика саласын сипаттайтын мынадай анықтама беруге болады;
Кәсіби педагогика - жеке тұлғаға кәсіп пен кәсіби біліктілік қалыптастыратын заңдылықтарды зерттейтін, әлеуметтік сұранысты қанағаттандыратын педагогика ғылымының негізгі саласының бірі.
Педагогика көп жылдар бойы философия ілімінің қарапайым бір тармағы ретінде дамып келді. Тек XXVII ғасырда ғана дербес ғылым ретінде танылып, сан ғылымдар тоғысына айналды. Педагогика адамзат болмысы, оның тұрысы мен дамуын зерттеп нысанының өзі оны философия ілімінен чех халқының ұлы педагогы Ян Амос Каменски (1592 -1670) ажыратуға болмайтынын дәлелдеді. Педагогиканы философиядан алып, оның ғылым ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосты. Оның 1854 жылы Амстердамда шыққан «Ұлы педагогика» кітабы - педагогика саласына арналған тұңғыш ғылыми - педагогикалық еңбек болды. Ондағы айтылған пікірлер мен идеялар қазірге дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ, актуалды деп айтса да болады. Оның сыныптық білім беру жүйесі педагогикалық теорияның негізі болып дамып келеді. Ағылшын философы әрі ағартушысы Джон Локк (1632 -1704 ж) Я. А. Каменскиден айырмашылығы ол тәрбие теориясына басты назар аударды. Ол «тәрбие туралы ойлар» атты еңбегінде білімде, іскер, өз ісіне сенімді, адамгершілігі мол «джентельмен» тәрбиелеуді мақсат етіп қояды.
1. 3. Кәсіби педагогиканың негізгі категориялары.
Кәсіби педагогиканың негізгі категориялары (кәсіптік білім, кәсіптік оқыту және кәсіби тәрбие) мен оның басты ұғымдары (кәсіп, мамандық, біліктілік және құзыреттілік, құзырлылық) оның тезаурусын құрайды.
Кәсіби педагогиканың негізгі категорияларын анықтайық.
Кәсіптік білім - бұл белгілі бір жүйеде кәсіп бойынша алынған білім, білік және дағды жиынтығы және оны тиісті кәсіптік ортада пайдалана білудің ережелері мен нормалар тәртібі.
Кәсіптік оқыту - бұл оқушы мен инженер - педагогтың кәсіп бойынша ғылыми - техникалық ілімді игеру мен кәсіби білік, дағды қалыптастыруда бірлескен іс - әрекеті.
Кәсіби тәрбие - оқушы мен педагогтың белгілі бір кәсіптік ортада жеке тұлғаның өзін-өзі алып жүру ережелері мен нормаларының жиынтығы, әлеуметтік қалыптасуы.
Кәсіби педагогика негізгі ұғымына жататындар: кәсіп, мамандық, біліктілік құзыреттілік және құзырлылық болып табылады. Енді осыларға жеке анықтама берейік:
Кәсіп - қоғамдық еңбек бөлінісінде жалпы адамзаттық мораль нормаларымен келісілген еңбек түрі және адамзат үшін материалды игіліктер бастамасы. Кәсіп саласына қарай еңбек бөлінісіне ие. Мысалы: слесарь кәсібі мына түрлерге бөлінеді: слесарь - құрастырушы; слесарь - жөндеуші және аспапшы - слесарь т. б. Сондықтан кәсіп саласы белгілі бір мамандықтар бойынша еңбек бөлінісіне ие болады.
Кәсіп иесі - слесарь, мамандығы аспапшы - слесарь немесе кәсіп иесі - дәрігер, мамандығы терапевт, оташы, көз дәрігері, неврапотолог т. б.
Мамандық - белгілі бір кәсіп саласы бойынша шағын ауқымды еңбек түрін қамтиды. Кейбір кәсіп саласының қызметіне орай мамандандыру процесі жүргізіледі.
Кейбір кәсіп саласындағы мамандық қызметінде мамандандыру процесі де жүргізіледі. Мысалы: дәрігер кәсібінің оташы мамандығы және оның нейрохиругия (бас сүйекке операция жасаушы) бойынша маманды. Сөйтіп, мамандық - кәсіп қызметіне қарағанда ұғымы тар, ол мамандану - мамандыққа қарағанда әлдеқайда тар ұғым.
Біліктілік - бұл белгілі бір кәсіптік қызмет саласын атқаруға тиісті дайындық деңгейі бар адам. Яғни, біліктілік дегеніміз - кәсіпті тиісті дәрежеде игеру дағдысы.
Академик В. С. кәсіптік даярлықтық біліктілік деңгейін мына төмендегідей етіп көрсетеді:
0 - дік деңгейі - біліктілігі жоқ жұмысшылар;
1 - ші деңгей - жұмысшы мамандар;
2 ші деңгей - орта дәрежелі мамандар (техниктер)
3ші деңгей-жоғары дәрежелі мамандар (инженерлер, дәрігерлер, мұғалімдер)
4- деңгей - ғылыми блокты мамандар (ғылым саласы бойынша кандидаттар мен докторлар)
Жұмысшы мамандығында кәсіби біліктілікті игеру деңгейінің тиісті разрядтар орнына белгілейді. 2 - 3 ші деңгейдегі мамандар біліктілігін санат класқа бөлу орныны анықтайды. Мысалы, 1 - ші санатты мұғалім, жоғары санатты дәрігер, 3 ші санатты заңгер.
Белілі бір кәсіп не мамандық саласы бойынша дайындық деңгейі кәсіби біліктілік сипаттама арқылы айқындалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz