Қылмыс құрамы туралы



Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Қылмыс құрамы, ұғымы мен мәні.
2. Қылымыс құрамының элементтері және белгілері.
3. Қылмыс құрамының түрлері.
Қорытынды.
Қылмыстың құрамы ұғымы (corpus delicti) ортағасырлық қылымыстық құқық ғылымында пайда болды және сол кезде тек іс-жүргізулік мағынасы болды. Қылыстың құрамы ұғымы материалдық құқықта тек 18 ғасырдың 19 ғасырдың басында Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі кейбір қылымыстарға байланысты енгізілді. Қылмыстың құрамы деп қылмыстық заңмен көрсетілген қылмыстың белгілерінің жиынтығын айтады.
Қылмыс құрамы-бір қылмыстың заңға сәйкес қоғамға қауіпты әрекетті құрайтын және міндетті объективті және субъективті элементтерінің жиынтығы. Қылмыстық заңда «қылмыс құрамы» деген түсінік сирек пайдаланылады.
Қылмыстық заңда «қылмыс құрамы» ұғымы ҚР ҚК 3 бабында қарастырылған, онда қылмыстық жауапкерліктің бірден бірі негізі болып , қылмыс жасау, яғни Қылмыстық кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет танылады делінген. Қылмыстың құрамына қылмыстық іс жүргізу заңы да осындай мағына береді. Бір қылмыс белгілерінің жиынтығы қылмыстың нақты құрамын құрайды.
Қылмыстың жалпы құрамы әр қылмыстың құрамындағы құрамды сипатайды, олардың да арасында айырмашылықтар болады. нақты қылмыстың құрамы қылмыстық жауаптылықты дәлелдеуге маңызды роль алады, өйткені тұлғаның әрекетінде нақты қылмыстың құрамы болғанда ғана бір қылмыстың бар екендігіне, қылмыстық жауаптылыққа таратуға болатын әрекеттің орын алуын байқауға болады. Қылмыстың жалпы құрамы мұндай роль атқарады:
Қылмыстың құрамы әртүрлі түсініледі, яғни:
-қылмыстың заңнамалық модельі ретінде;
-ғылыми абстракция ретінде;
-нақты қылмыстың мазмұны, ядросы ретінде.
«Қылмыстық құқық» кітабы. Әбілезов. Е.Т.
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі»
«Қылмыстық құқық» Ағыбаев. Н.А.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Қылмыс құрамы, ұғымы мен мәні.
2. Қылымыс құрамының элементтері және белгілері.
3. Қылмыс құрамының түрлері.
Қорытынды.

Кіріспе.
Қылмыстың құрамы ұғымы (corpus delicti) ортағасырлық қылымыстық құқық
ғылымында пайда болды және сол кезде тек іс-жүргізулік мағынасы болды.
Қылыстың құрамы ұғымы материалдық құқықта тек 18 ғасырдың 19 ғасырдың
басында Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі кейбір қылымыстарға
байланысты енгізілді. Қылмыстың құрамы деп қылмыстық заңмен көрсетілген
қылмыстың белгілерінің жиынтығын айтады.
Қылмыс құрамы-бір қылмыстың заңға сәйкес қоғамға қауіпты әрекетті
құрайтын және міндетті объективті және субъективті элементтерінің жиынтығы.
Қылмыстық заңда қылмыс құрамы деген түсінік сирек пайдаланылады.
Қылмыстық заңда қылмыс құрамы ұғымы ҚР ҚК 3 бабында қарастырылған,
онда қылмыстық жауапкерліктің бірден бірі негізі болып , қылмыс жасау, яғни
Қылмыстық кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет
танылады делінген. Қылмыстың құрамына қылмыстық іс жүргізу заңы да осындай
мағына береді. Бір қылмыс белгілерінің жиынтығы қылмыстың нақты құрамын
құрайды.
Қылмыстың жалпы құрамы әр қылмыстың құрамындағы құрамды сипатайды,
олардың да арасында айырмашылықтар болады. нақты қылмыстың құрамы қылмыстық
жауаптылықты дәлелдеуге маңызды роль алады, өйткені тұлғаның әрекетінде
нақты қылмыстың құрамы болғанда ғана бір қылмыстың бар екендігіне,
қылмыстық жауаптылыққа таратуға болатын әрекеттің орын алуын байқауға
болады. Қылмыстың жалпы құрамы мұндай роль атқарады:
Қылмыстың құрамы әртүрлі түсініледі, яғни:
-қылмыстың заңнамалық модельі ретінде;
-ғылыми абстракция ретінде;
-нақты қылмыстың мазмұны, ядросы ретінде.

Қылмыс құрамы ұғымы мен мәні:
Құрамның бірінші мағынасы, өлшем ретінде роль атқарады, яғни іс
әркеттегі қоғамға қауіптілік деңгейінің оны қылмыс деп тануға жеткілікті
немесе жеткіліксіз екендігін анықтайды. Бұл заңдылықтың сақталуы, қылмыстық
саясаттың бірқалыпты жүргізілуіне, азаматтардың құқықтары мен заңдды
мүдделерінің сақталуына кепіл болады.
Қылмыс құрамының екінші мағынасы тек қана іс әрекеттің қылмыс
екендігін анықтап қана қоймай қылмысты қай санаттағы қылмыстар тобына
жататындығын анықтайды, өйткені қылмыстың құрамының белгілерін анықтау
қылмыстың түрін, қоғамдық қауіптілік деңгейін және мінез ерекшеліктерін
анықтау болып табылады.
Үшінші мағынасы заңдық тұрғыда қылмыс құрамы мен қылмыстық жазалау
шектерін байланыстырады.
Сонымен қылмыс құрамының маңызы ретінде төмендегілер танылады:
-қылмыс құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі болып табылады;
-қылмыс құрамы қылмысты саралау мақсаттарына қызмет етеді, яғни
жасалған іс әрекеттегі қылмыстың құрамын анықтайды;
-қылмыстық жазалауға жататындық шегін анықтайды.
Қандай да бір жасалған әрекетте қылмыс белгілерінің бар-жоғы туралы
мәселені шешу үшін сол әрекетті жасалған адамды қылмыстық жауапқа тартуға
негіз болатын мән жайлардың белгілі бір жиынтығын анықтау қажет.
Жасалған әрекетті қылмыс деп тану үшін оны қылмыстық құқықтық
нормаларда бекітілген тиісті қылмыс құрамынымен салыстыру қажет.
Нақты қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын қылмыстық
заңда белгіленген объективті және субъективті белгілердің жиындығын
қылмыстық құқықта қылмыс құрамы деп атау қабылданған.
Қылмыс пен қылмыс құрамы өзара ұқсас, бірақ бірдей ұғымдар емес.
Қылмыс-нақты адамның іс жүзінде жасаған нақты әрекеті немесе әрекетсіздігі
және ол өзіне тән көптеген жеке белгілермен сипатталалады. Ал қылмыс құрамы-
қандай да бір қылмыстық әрекеттің тек жалпы белгілерін ғана бекітетін
нормативті к категория.
Егер қылмыс, яғни оны жасау қылмыстық жауаптылыққа тартуға іс жүзінде
негіздеме бола алса, қылмыс құрамы оның заң жүзіндегі негіздемесі. Бұл екі
негіздеме өзара байланысты, екеуі бір бүтінді құрайды: қылмыс құрамы заң
бойынша анықтадып, бекітілмесе қоғамға қауіпті әрекет қылмыс болып
саналмайды, қандай да бір қылмыс құрамының белгілерінің болуы егер жасалған
әрекетте осы әрекеттер болмаса, қылмыстық жауапқа негіз бола алмайды. Бұл
жерден қылмыс құрамының мәні түсінікті бола түседі. Сондықтан да жалпы ҚК-
тің 3 бабына сәйкес, заң шығарушы да, теория да, тәжірибе де Қылмыстық
заңда қарастырылған қылмыс құрамының барлық белгілері бар қоғамға қауіпті
әрекетті ғана қылмыстық жауаптылықтың бірден бір негізі ретінде
қарастырады. Бұл қандай да бір басқа мән жайлар (сол субъектінің жеке басын
сипаттайтын деректер, жасалған әрекеттің саяси маңызы) қылмыстық
жауаптылыққа негіздеме бола алмайды дегенді білдіреді.
Мұндай негіздеме болмаса қылмыстық жауаптылық жайында сөз де болуға
тиіс емес. Егер адам, өзінің жасаған әрекетінде қылмыс құрамы болмаса да
қудалауға түссе, қылмыс құрамы жоқ екендігі қай кезде анықталса, дәл сол
кезден бастап оған байлынысты қудалау тоқтатылуы тиіс.
Заң әдибеттері-қылмыс құрамының берліқ белгілері бар әрекетті жасау
қылмыстық жауаптылық үшін бірден бірі және жеткілікті негіздеме; қылмыстық
қудалауды жүзеге асыратын органға адамды жауапқа тарту үшін оның жасаған
әрекетінде қылмыс құрамының юар екендігін анықтау жеткілікті; қылмыстық
жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін басқадай мән жайларды анықтаудың
қажеті жоқ-деп дұрыс көрсетілген.
Бұл әрине қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органың басқа ешқандай
мән жайды анықтауы тиіс емес деген түсінік бермейді. әлбетте басқа мән
жайлар да ескеріледі. Мысалы, қылмыс жасаған адамның қылмыс жасауға дейінгі
мінез құлқын, жүріс тұрысын сипаттайтын деректердің іс үшін маңызы өте зор,
олардың бәрін сот үкім шығарылғанда ескеріледі, бірақ олар қылмыстық
жауаптылыққа негіз бола алмайды.
Сонымен қылмыс құрамы болмаса қылмыстық жауаптылық жүзеге аспайды.
Осындай маңызды, өзекті рольмен қатыр қылмыс құрамы да қызметтік деп
танылатын өте қажетті міндеттерді анықтайды. Қылмысты саралау процессі тек
қылмыс құрамы негізде ғана жүзеге асырылады, себебі ол қажетті қылмыстық
құқықтық үлгі (эталон)болып саналады; онымен салыстыру арқылы жасалған
қылмыстың мазмұны мен сипатын толық және дәл көрсететін, тиісті қылмыстық-
құқықтық норманы таңдауға болады.
Ерекше бөлімнің баптарында әдетте аяқталған немесе орындаушының
тікелей істеген қылмыстары көрсетіледі. Алдын ала қылмысты әрекеттерде
немесе қылмысқа қатысушы адамдардың: ұйымдасытырушы, айдап салушы,
көмектесуші әрекеттеріне сол немесе басқа қылмыстың құрамының барлық
белгілері болмайды. Мысалы, әйеллді зорлауға оқталғанда онымен зорлап
жыныстық қатнас жасау орындалмайды, немесе кісі өлтіруге оқталғанда
қылмыстың зарбады-адам өлімі жоқ. Бірақ та осы жағдайларда кінәлінің
әрекеттерінде Ерекше бөлімдегі аталған баптарда көрсетілген қылмыстың
барлық белгілерінің болмауы олардың іс әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деуге
негіз болмайды. Бұл жағдайда да қылмыс құрамы бар, бірақ ол оның құрамы
Ерекше бөлімнің, солсияқты Жалпы бөлімнің тиісті баптары көрсетіле отырып
белгіленеді. Мысал, әйел зорлауға оқталғанда кінәлінің әрекетінде Қылмыстық
кодекстің 120 және 24 баптарында көрсетілген қылмыс құрамының белгілері
бар. Қылмыс құрамының заңдылықты сақтауда және оны нығайтуда маңызы зор.
Заңдылықты қатаң сақтау, бұлжытпай жүзеге асыру, тәуелсіз мемлекетіміздің
нығайуының негізгі шарты. Заңдылық қағидасын сақтау, жүзеге асыру құқық
органдарының қызметкерлерінің қасиетті борышы. Бұл азаматтардың
конституциялық құқығын, бостандықтарын жүзеге асырудың негізгі кепілі болып
табылады. Заңдылық талабын дұрыс жүзеге асыру қылмыс істеген адамға заңды
дұрыс қолданып, оның әрекетіне заң талабына сай баға беру болып табылады.
Қылмыстық заңды дұрыс қолданудың маңызды шарттарының бірі қоғамға қауіпті
іс әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, әрекет немесе әрекетсіздікке қылмыстық
заң нормасының талабына сай баға беріп саралау болып табылады.
Қылмыстық саралау дегеніміз-адамның қоғамға істеген қауіпті іс
әрекетін қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамының белгісі бар
бапқа дәлме дәл жатқызу болып табылады. Қоғамға қауіпті іс әрекет қылмыстық
заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған
деп саналады. Қылмысты саралауда іс әрекеттің қылмыс құрамының тиісті
баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай келетіндігін дәлме дәл
көрсету қажет. Егер адамның іс әрекетінде бірнеше қылмыс құрамы болса, онда
оның іс әрекетізаңның бірнеше баптары немесе баптардың бірнеше бөліктері,
тармақтары бойынша сараланады. Қандай түрде болсада қылмысты дұрыс
сараламау, ол заңдылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін
органдардың беделіне нұқсан елтірумен байланысты болады. мұндай құбылысқа
жол бермеу үшін қылмыстық заңды дұрыс қолданып, істің мән жайын терең
зерттей білу, істеген іс әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай ақ қылмысты
қылмыс еместіліктен немесе соған ұқсас басқа қылмыстардан ажырататын
белгілерді анықтау керек. Міне бұл жерде қылмыс құрамының, оның
белгілерінің қылмысты саралаудағы, заңдылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше
болып отыр. біздің құқықтық мемлекетімізде бірде бір адам, егер оның
істеген іс әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса, қылмыстық жауапқа тартылуға
немесе жазалануға тиісті емес. Өйткені жаңа Қылмыстық кодекстің негізгі
талабы қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенде , яғни
қылмыстық заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс әрекетті қасақана немесе
абайсыздықтан істеген кінәлі адамды ғана тарту болып табылады. Қылмыстық
заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты
қылмыстар жеке-жеке көрсетілген. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген ұғымды
ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясында ғана береді. Қылмыстың
құрамы деп-қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс әрекеттерді белгілі бір
қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективті және
субъективті жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің
жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының әр қайсысы оның субъективті және
объективті белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың
құрамы да белгілі бір жүйеден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің
ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының
тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері
деп қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компонентерді айтамыз.
Қылмыс құрамының мынандай 4 түрлі элеметтері бар:
-объект.
-объективті жағы.
-субъект.
-субъективті жағы.
Мысалы, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы
(187бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу,
екіншіден осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден осы әрекетті қасақана
істеу, төртіншіден бұл іс әрекеттер ауырлататын жағдайда істелсе ол үшін 14-
ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ
болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен абайсызда бүлдірсе
немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады.
себебі, бұл жерде 187 бапта көрсетілген қылмыстың басты белгісі қылмысты
қасақаналықпен істеу жоқ. әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше
бөліміндегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның Жалпы
бөлімінде оның тиісті баптарында да айтылады. Ерекше бөлімнің баптарының
диспозицияларында әр түрлі қылмыстың көптеген белгілері аталып көрсетілген.
Мұның өзіне диспозициялардың қылмыстың ерекшелігіне анықтайтын және оны
басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін береді.
Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән
белгілер Жалпы бөлімнің баптарында анықталады. Мысалы, бөтенің мүлкін
ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175 бабының диспозициясында осы
қылмыстың не субъектісі, не кінәлінің нысаны аталмаған.
Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 және 20 баптарында
көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 175 бабында ұрлықтың оған тән белгісі-
басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана көрсетілген. Осы белгі
арқылы ұрлық тонаудан ерекшеленеді. Әрбір қылмыс істеген уақытында көптеген
белгілермен сипаталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс құрамына
жатпайды. Қылмыс құрамына мұқиятылықпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана
жатады. Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға
қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиындығының көрінісі
болады. түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тән белгілер
қылмыс құрамына қосылмайды.сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады
да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы,
біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, құжат) немесе ол ұрлықтың қашан
болғаны қылмысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық жайлы
Қылмысты ашу
Қылмыс заты
Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
Қылмыс құрамы, қылмыс құрамының белгілері
Қылмыстың обьектісі және оның қылмыстық құқықтық маңызы
Қылмыстық жауаптылықтың негізі
Аса ауыр қылмыстар
Қылмыс құрамының ұғымы
Қылмыс құрамының түсінігі
Пәндер