Саяси билік туралы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

І тарау. Саяси биліктің қажеттілігі және мәні.

ІІ тарау. Демократияның антикалық теориясы

ІІІ тарау. Демократияның алуан түрлілік және төбе тоб

теориялары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Саяси билік - саясат туралы ғылымның алтын өзегі, темір қазығы, басты категориясы, түбегейлі түсінігі. Саяси биліктің мәнін, оның механизмдері мен басты принциптерін, әлеуметтік рөлін білу арқылы ғана қоғамдағы сан қилы әлеуметтік, экономикалық, рухани және саяси процестердің өзара байланысын, қызмет атқаруын және дамуын жан - жақты түсінуге, олардың ішкі қатпарларына зер салып үңілуге болады. Сондықтан бұл тақырыпқа қатысты мәселелерді қарастыруды мына сұрақтар төңірегіне топтастырған ыңғайлы сияқты.

Демократия деген сөз гректің « демос » - халық және « кратос » - билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.

Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олвардың ұлттық, тарихи және т. б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады.

1. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден - бір бастауы саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Ол жоғары органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың төртінщі президенті А. Линкольн демократияға «халық үшін халық сайлаған халық билігін» жатқызды.

2. Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Б. з. б. V ғасырда өмір сүрген гректің атақты тарихшысы Геродот сол кездің өзінде демократия деп теңдікке негізделген мемлекетті айтады деген болатын. Теңдік барлық салада - халық жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда және т. т. болуға тиіс.

3. табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т. с. с. ерешеліктеріне байланысты адамтар әр түрлі болды.

Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз.

І тарау. Саяси биліктің қажеттілігі және мәні.

Билік пен саясат өзара біртұтас, олар бірін бірі қуаттайды және бірінен бірі тәуелді. Сөйте тұра олар тепе - тең емес. Олардың мазмұны әр басқа. Билік - саясатты іске асыру құралы. Ал билік тұтқасы үшін, оны ұстап тұрып, өз мүддесіне пайдалану үшін күрес - саясаттың негізгі мазмұны. Билік - субъектілердің, немесе субъекті мен объектінің қарым - қатынасы бар жерде мәнге ие. Яғни, билік - субъектілер арасындағы қатынас.

Саясат пен биліктің пайда болу негізі бір. Билік те саясат сияқты адам бойындағы табиғи қасиеттерден, оның ішкі қайшылықтарынан бастау алады: адам, бір жағынан, өзіне тән ерекшеліктерімен даралануға, дербестікке ұмтылады, екінші жағынан, нақты әлеуметтік ортадан аулақтап, оқшау өмір сүре алмайды. Ол сол ортадағы дәстүрлер мен қалыптасқан нормаларға, күшінде тұрған заңдар мен талаптарға бағынуға тиіс.

Ал биліктің қоғамдық ролі мен қажеттілігі түптеп келгенде мындай екі түрлі жағдаймен анықталады. Біріншіден, қоғамның түп негізі, тіршілік тұтқасы өндіріс процесі екені белгілі. Оны ұйымдастыру, жүйелі арнаға түсіру өте қиын әрі күрделі. Ең бастысы, өндіріс процесіне қатысушылардың барлығын бір ерікке бағындыру керек. Онсыз өндірісте береке болмайды, іс ілгері баспайды. Олай болса билік тұтқасы осы процесті басқарып, реттеп, бақылауға алып отыруға тиіс. Екіншіден, қоғамдағы таптар мен топтардың жағдайы мен орны әртүрлі дедік. Айталық, бір топ билік тұтқасын қолына ұстап отыр. Екінші топ - билік тұтқасына таяу тұр, оған ықпал жасағысы, немесе оны жеңіп алып өз мүддесіне пайдаланғысы келеді. Ал үшінші топ биліктен мүлде алыста, ол да билік тұтқасына ұмтылады, т. б. Яғни, биліктің арғы негізінде әлеуметтік топтардың мүдделері жатыр. Алайда билік тұтқасы үшін ең маңызды нәрсе - қоғамның тұтастығы мен бірлігін сақтау. Онсыз билік өз құдіреті мен құзырынан айрылып қалады. Сондықтан да ол бүкіл қоғам үшін маңызды, жалпыға ортақ мәнді мүдделерді іске асыруды бірінші кезекте ұстайды.

Билік - күрделі, терең мәнді, сан қырлы ұғым.

Саясат туралы ғылымда биліктің барынша қолдау тауып, кең тараған анықтамасы мынандай. Билік дегеніміз - адамдардың қызметіне, іс - әрекеті мен мінез - құлқына түрлі құралдар мен әдістер арқылы - яғни ерік - жігер, бедел. Құқық, күштеу, т. б. - арқылы әсер ету мүмкіндігі мен қабілеті.

Саяси билік - биліктің аса маңызды түрі. Саяси билік - дара адамның, топтың, таптың, ұйымдасқан әлеуметтік күштің саясат арқылы өз еркін іске асыру қабілеті. Саяси билік кең ауқымды. Ол тек мемлекеттік билікпен шектелмейді, сондай - ақ түрлі партиялардың, саяси қозғалыстар мен қоғамдық - бұқаралық ұйымдардың іс - әрекеті арқылы да жүгізіліп отырады. Мемлекеттік билік өмірге келмеген дәуірде де саяси биліктің нышандары болғаны белгілі.

Мемлекеттік билік - өздігінен заң шығарып, өктемдік жүргізе алатын, оның орындалуын мемлекет аумағындағы бүкіл халықтан талап етіп, бақылауға алу үшін арнайы күштеу аппаратын пайдаланатын билік түрі.

Саяси билік, біріншіден, әрқашанда қоғамдық сипатқа ие, арнайы құрылымдар арқылы жүргізіледі. Зорлауға, күш көрсетуге, сондай - ақ, адамгершілік негіздеріне, дәстүрлер мен түрлі сезімдерге және арнайы атқарушы адамдар тобына сүйенеді. Екіншіден, оған жалпыламалық қасиет тән, яғни ол қоғамның барлық салаларындағы қарым - қатынастарды қамти отырып, қызмет атқарады. Үшіншіден, ол қоғам өміріндегі іс - әрекеттің, қызметтің барлық түріне етене араласып, адамдарды, түрлі топтарды өзара байланыстырып отырады. Тұтастай алғанда саяси билік үш деңгейде өмір сүріп, қызмет атқарады: билік пирамидасының табаны, негізі - бүкіл қоғам, одан кейінгі деңгейде - түрлі әлеуметтік - саяси күштер, ал пирамиданың төбесінде - билік жүргізу өкілеттігіне ие болғандар. Осы деңгейлер екі түрлі нысанда көрініс табады: ашық ресми билік және оппозицияны, беделді адамдар ықпалын, қысым топтарын құрайтын ресми емес билік. Бұл екеуінің арасында дәйекті қарым - қатынас бар жағдайда қоғамның тұтастығы мен тыныштығы берік болмақ.

Биліктің субъектісі бұл қарым - қатынаста бастаушы, белсенді әрі шешуші роль атқарады. Билік тұтқасына ие екендігі оның бұйрықтары мен өкімдерінен көрініс тауып отырады. Ал оның билік жүргізуші ретіндегі өкілдігі, бұйрықтары мен өкімдерінің парменділігі және олардың бағынушылар тарапынан міндетті түрде орындалу қажеттілігі тиісті қоғамдық нормалар мен заңдар арқылы бекітіледі. Әрине, субъекті қолындағы билік тұтқасын жете меңгерген, бағынышты жақтың жай күйін жақсы білетін, сол негізде ұтымды саяси шешім қабылдай алатын, ел алдындағы жауапкершілікті өз мойнына толық алатын қабілеттерге ие болуға тиіс. Бұл қабілеттер билік жүргізудің негізгі принциптері болып есептеледі. Оларсыз билік өз міндеттерін атқара алмай, елді тұрақсыз аума - төкпе күйге ұшыратады.

ІІ тарау. Демократияның антикалық теориясы

Демократиялық мемлекеттің ең бірінші түріне Афины республикасы жатады. Ол б. з. б. V ғасырда пайда болды. Онда жоғарғы билік ұдайы шақырылып тұратын халық кеңесінің қолында еді. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты барлық мәселелерді шешетін. Мысалы, оған басқарушы қызмет адамдарын сайлау және олардың жұмысына бақылау жасау; салық мөлшері және мемлекеттік қаржы - қаражатты жұмсау тәртібі; соғыс ашу және келісімге келу; одақтастарды айқындау; басшылардың іс - әрекеттерін айыптау немесе ақтау және т. с. с. жататын. Халық кеңесіне 20 жасқа жеткен афинылық әрбір азамат қатыса алатын. Саясатқа қатынасу оның бірден - бір лайықты ісі болып саналатын. Бірақ онда толық құқықты азаматтар көп болған жоқ. Құлдардың, әйелдердің, басқа қалалардан афиныға көшіп келгендердің мұндай құқығы болмады. Көшіп келгендердің жеке бастары бос болғанымен халық кеңесіне, сотқа қатыстырылмады, мемлекеттік қызметтерге сайланбады. Олар тек мемлекетке сіңірген ерен еңбегінің, асқан зор қызметінің арқасында ғана оңдай дәрежеге жететін. Толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиынға түседі деп, оңдайлардың санын аса көбейтпеді.

Халық кеңесімен қатар демократиялық жолмен сайланатын бесжүздік (бес жүз адамнан тұратын) кеңесі де болды. Ол атқарушы орган ретінде күнделікті басқару мәселелерімен шұғылданды. Сонымен бірге ол халық кеңесінде қаралатын істерді дайындады.

Афины мемлекеттік құрылысының үшінші маңызды демократиялық органын он бөлімнен тұратын халық соты құрды. Істің қандай бөлімде қаралатындығы сот болатын күні жеребе арқылы шешілетін. Бұл пара алушылық сияқты зиянды әдеттерге жол бере қоймайды. Оның үстіне сот мәжілістері ашық жүргізілетін. Ол да сотты әділ жүргізуге кепілдік ететін. Заңдар халық жиналысында қабылданатын. Афинаның азаматтары өзін еркін санайдын. Себебі, олар жеке адамдарға емес, заңға ғана бағынатын. Олар соғыс кезінде болсын, бейбіт шатқа болсын мемлекетке қызмет ететін.

Антикалық демократия тура демократияға жатты. Әрбір еркін азамат мемлекеттік билеуге қатысуға құқықты және міндетті болатын. Сондықтан адам мен мемлекеттің арасында қазіргідей партия, парламент, бюрократия сияқтылар болған жоқ.

Афиндық демократия Периклдің (б. з. б. 490-429) ) басшылық еткен дәуірінде әсіресе гүлденіп өркендеді. Бұл кез афинылық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Шынында да, асқан саясаткер, керемет шешен, білімді де білгір Перикл халық көсемі болып есептелді және тиранияға қарсы тұрды. Оның басшылығымен жүргізілген реформаларда билікті барлық ерікті адамдарға мүмкіндігінше біркелкі бөліп беру қарастырылды. Ол орта және ұсақ жер иелерін демократияның тірегі ретінде санап, оларды қолдады.

Ол өлгеннен кейінгі жылдары саяси және экономикалық теңдік біртіндеп бұзылып, жойыла бастады. Азаматтардың мүлік теңсіздігі ұлғайды, әдет - ғұрып бүлініп, көпшілік тарапынан азшылыққа бассыздық, зорлық - зомбылық көбейді. Осының бәрі демократиялық принциптерді әлсіретіп, төмендетті.

Б. з. б. 322 жылы афинылық демократия құлап, қала Македонияға тәуелді болып қалды. Афиныда демократиялық басқару түрі сақталып, бірақ халық кеңесі шын мәніндегі биліктен айрылды.

Афиныдағы сияқты демократиялық мемлекет Ежелгі Римде де болды. Мұнда демократия одан әрі дамыды. Институционалдық және әлеуметтік билік бөлінді. Басы бос, бірақ саяси тең құқы жоқ төменгі топтың адамдары мен ақсүйектер арасындағы дау - жанжалдың нәтижесінде халықтық трибунат деп аталған, халық билігін білдіретін жаңа орган пайда болды. Соның арқасында адамзат тарихында бірінші болып биліктің аралас түрі дүниеге келді.

Сонымен, мемлекеттік биліктің демократиялық түрі алғаш рет Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде пайда болды. Жоғарыда көрсетілгендей, олар көптеген жақсы жақтарымен сипатталады. Сонымен қатар олардың осал жерлері де бар. Ең алдымен азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ. Қоғам адамдардың ішкі өміріне көп араласты. Биліктің шексіздігі және өмірдің барлық саласына араласуы демократияны көпшіліктің рақымсыздығына, жауыздығына (дисперсияға) айналуы мүмкіндік тудырды. Биліктің мұндай түрінде халық заң бойынша емес, зорлықпен шексіз үстемдік құратын жауыз патша сияқты болып, ал қоғамдық құрылыс көбіне тирания сияқты болып көрінді. Демократияның мұндай түрі тобырды басқаратын көпірме, лепірме, даурықпаларға (демогогтарға) қолайлы болды. Дегенмен, антикалық демократияны саясатшылар, тарихшылар, фәлсафашылар ғасырлар бойы зейін қойып зерттеп, оған сүйініп, жүгініп келді. Ежелгі грек, рим демократиясының нысандары жаңа тарихқа енді.

ІІІ тарау. Демократияның алуан түрлілік және

төбе топ теориялары

Алуан түрліліктің (плюрализмнің) элементтері демократияның классикалық теориясын қалаушылардың еңбектерінде байқалған. Оған ең алдымен Дж. Локк пен Л. Монтескье атап көрсеткен биліктің тармақталу теориясы кіреді.

Демократияның алуан түрлілік теориясы саяси процеске барлық азаматтардың тікелей қатысу теориясынан бас тартты. Демократияның антикалық және классикалық теорияларында жеке азамат бас кейіпкер болатын. Енді сол дауыс беруге ғана қатысады. Өкілдік демократия оны шешімдер қабылдаудан ығыстырады. Яғни, азамат саяси процестің негізгі тұлғасы болуынан қалады. Демократияның алуан түрлілік теориясы саяси процестің өзін бұрынғыдай жеке адамдардың қатынасы ретінде қарамайды, топтардың және топ мүдделерінің өзара қатынасы ретінде қарайды. Сонымен, бұл теорияны жақтаушылар қазіргі демократиялық мемлекетте саясатты жеке тұлға емес, халық емес, топ деп тұжырымдайды. Бұл теория дарашылдық және ұжымдық теориялардың арасында ортаңғы орынды алып тұрғандай.

Саясатты топтың қатынас тұжырымдамасын жасаған Артур Бентли (1870-1957) . Ол кең мағынасындағы мемлекеттің мақсаты - саяси процеске әр түрлі топтардың мүдделерін тартып, оларды келісімге келтіру. Мемлекетке либерализм сияқты «түнгі күзетші» ретінде емес, топтың мүдделер күресіне бақылау жасайтын, қоғамда әлеуметтік әділеттілікті қолдайтын қазы ретінде қарайды.

Демократияның алуан түрлілік теориясының тағы бір ерекшелігі - биліктің араласуы, сіңуі (диффузиялануы), яғни саяси жүйеде биліктің ыдырауы, бөлініп - бөлініп кетуі.

Демократияның төбе топ (элитарлық) теориясы жоғарыда көрсетілген теорияға ұқсас. Ол халықтың саясаттан шеттетілуімен келіседі. Сонымен қатар саяси шешімдерді аз ғана, санаулы адамдар қабылдайды дейді. Олардың айтуынша, саяси процеске таңдаулы, іріктелген, қалаулы топтар арасындағы күрес жатады.

Бұл теорияны жақтаушылар халыққа өз мүдделерін қорғап, саяси шешім қабылдаушы кәсіби саясаткерлерге жүктеуге көздерін жеткізгілері, сендіргілері келеді. Себебі, ысылған, төселген, жоғары кәсіби маман ғана саяси шешімдерді қабылдаудың еркіндігі мен мүмкіндіктерін сақтай отыра демократиялық тетіктерді ұтымды пайдалана алады. Төбе топтар өзара күресе берсін, ал халықтың оған ақылы жетпейді, ол қызба келеді, көңіл күйдің жетегінде лепірме серкелердің құлығына еріп кетеді деп түсіндіреді.

Жоғарыда аталған теориялардан басқа демократияның марксистік теориясы бар. Ол Руссоның ұжымдық теориясына ұқсас. Бірақ, марксистер демократияның таптық мәніне баса көңіл бөледі.

Демократияны тура, плебисцитарлық, өкілдік демократия деп бөледі. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда, билік жүргізуде тікелей қатысады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін - өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік пұрсатын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтауына, шенеуніктердің бюрократталуына жібермейді.

Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығарушы немесе, ішкі және сыртқы мәселені түпкілікті шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Ол парламент, үкімет басшысы немесе халықтың бастамасымен өткізілуі мүмкін. Тура демократия Франция, Италия елдерінде кең тараған. Италияда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін референдум арқылы монархиялық билік тоқтатылды. Қазақстан Республикасында референдум арқылы Президенттің өкілдігі ұзартылды, 1995 жылғы Конституция қабылданды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси билік теориясы
Биліктің қызметтері мен жіктелуі
Билік - қоғамдық феномен
Саясаттанудың пәні, әдіс-тәсілдері мен міндеттері
Құқықтық билік
Билік - әлеуметтік феномен ретінде
Саяси билік: ұғымы және құрылымы
Саяси билік және оның мәні
Саяси билік жайлы
Билік саяси феномен
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz