Кәсіптік білімнің электрондық оқулықтарын құрастырудың функционалдық – модульдік технологиясы


Кәсіптік білімнің электрондық оқулықтарын құрастырудың функционалдық - модульдік технологиясы.
Жалпы кәсіптік және арнайы циклдің пәндері бойынша электрондық оқулықтар құрудың теориялық негізі болып педагогика ғылымының жаңа саласы - «Кәсіптік білімнің теориясы мен әдістемесі» табылады.
Кәсіптік білім педагогикасы кәсіптік білімнің жекелеген (жеке) аспектіне мақсатталған. Білгілі мамандықты меңгерген келешек маман білімнің үш аспектімен кездеседі - мазмұнды, технологиялық және жекелік. Мазмұнды аспект келешек мамандықтың профилі бойынша арнайы пәндер бойынша білімді бейнелейді. Технологиялық аспект кәсіптік міндеттерді орындау үшін қажетті аспект келешек маманның кәсіптік бейімділігін көрсетуінде, мамандықты меңгеру үшін оң мотивтерінің қалыптасуында студенттің жеке басының қасиеттерінің таңдаған мамандығының ерекшеліктеріне сәйкес келуінде пайымдалады.
Келешек маманның қажетті білімді, шеберлікті және дағдыларды меңгеру тиімділігі оның кәсіптік қалыптасуында түбегейлі әсерін тигізген өз бетінше білім алу қабілетінің қалыптасуын болжамдайды немесе оның жоғары білім алғаннан кейінгі үздіксіз білім алу мүмкіндігін анықтайды. Ақпараттық - коммуникативтік технологияларының қайнап дамуы жағдайында, маманның алдында ақпараттық алаңның құшақ жетпес кеңшілік төселіп жатқанда осы саладағы жетістіктерді дамытудың деңгейіне тепе-тең кәсіптік оқытудың процесін ұйымдастыру маңызды. Сондықтан оқыту процесі мен білімнің мазмұнын компьютерлік технологияға аудару (ауыстыру) жай ғана мәселе емес, уақыт талабы болып табылады. .
Біз кәсіптік оқыту процесінің мектепте оқыту процесі сияқты құрылымдық компоненттермен сипатталатынын естен шығармаймых. Сондықтан кәсіптік білімнің электрондық оқулықтары да төрт компонентті құрылымнан тұрады: модуль, гипермәтін, интерактивті тапсырма және тестілеуші.
Бірақ, кәсіптік білімнің арнайы пәндері бойынша электрондық оқулықтар құрастыру ерекшелігі олардың кәсіптік қызметті функционалдық түрде талдауға деген бағдары мен өнімді дайындаудың технологиялық процесіде.
Кәсіптік білім бойынша электрондық оқулықтарды құрастыру кәсіптік жеке тұлға моделінің, әрбір жекелеген мамандықтың кәсіптік қызметінің маңыздылығының білімін студентттердің ой елегінен өткізуі арқылы қамтамасыз етілген жағдайда ғана тиімді бола алады.
Келешек мамандарды кәсіби дайындаудың мазмұнды жағын қарастыра келе, авторлар электрондық оқулықтардың тиімділігі маңыздылықты ғылыми жағынан тануға, қазіргі кездегі өндірістің дамуы мен қызмет етуінің заңдарына байланысты деген қорытынды жасады. Электрондық оқулықтарды құрастырудың маңызды шарттарының бірі - өндіріс туралы шашылып кеткен білімді жүйелі білімге шоғырландыру.
Көптеген кәсіпорындарда жұмысшы кадрларды дайындау деңгейі жұмыстың технологиялық күрделілігі 1-2 дәрежеге жұмысшылардың біліктілік деңгейінен озық жүретін өндіріс талаптарынан артта қалған. Бұл жағдай бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру оқу орындарында мамандарды жоғарылатады.
Сондықтан ксіптік білімнің электрондық оқулықтарында жүйе құрастырушы болып еңбек қызметінің функционалдық талдауы негізінде әзірленген мамандардың кәсіби жеке тұлға моделі саналады.
Функционалдық талдау - еңбек рыногының қарқынды өзгеріп отыратын қажеттілігіне кәсіптік релевенттық қызметке қойылатын талаптарды анықтау үшін қолданылатын әдістеме.
Функционалдық талдау - негізінде неге қол жеткізу керек екенін нәтижесі ретінде көрсететін кәсіптің негізгі мақсаты анықталды. Негізгі мақсатқа қол жеткізу осы функциялар үшін қаншалықты қажет болатын модульдер санына өз кезегінде бөлінетін мысал ретінде Г. К. Нұрғалиеваның ғылыми басшылығымен Д. К. Әлмағамбетова дайындаған. «Кондитер өндірісінің аранйы технолоигясы» пәні бойынша электрондық оқулық (ЭО) құрастырудың функционалдық - модульдік технологиясын айтуға болады. Білім стандарты бойынша «Қант өнімдерінің кондитері, бисквитті» мамандығы бойынша оқыту карамелші, кәмпитші, шоколадшы, мармеладшы, халва илеуші, орау машиналарының машинисті, бисквитші сияқты мамандықтарды меңгеруге бағытталған. Кондитердің кәсіптік қызметінің мазмұны 4 функцияға негізделген:
- шикізатты өндіріске даындау (А) ;
- кондитер өнімдерін дайындау және суыту (Б) ;
- кондитер өндірісінің жартылай өнімдерін әзірлеу технологиясы (В) ;
- дайын кондитер өнімдерін орау және сақтау (Д)
Бұл функциялардың әрқайсысы көлемі мен күрделілігіне байланысты белгілі модульмен ұсыныла алады.
Мысалы, шикізатты өндіріске дайындау 3 модульмен ұсынылған:
А 1. Шикізаттың сапасын тексеру және алу.
А 2. Шикізатты өңдеуге дайындау.
А 3. Шикізатты алғашқы қайта өңдеу.
Кондитер өнімдерін әзірлеу мен суыту процесі 14 модульден тұрады:
Б 1. Сироп дайындау.
Б 2. Карамель массасын суалдыру.
Б 3. Карамель массасын бөлшектеу үшін суыту және дайындау.
Б 4. Карамельге арналған начинканы дайындау технологиясы
Б 5. Кәмпит массасын дайындау және қажетті температураға жеткізу.
Б 6. Какао - бұршақтарды қайта өңдеу.
Б 7. Шоколад массасын дайындау және қажетті температураға жеткізу.
Б 8. Мармелад массасын суалдыру технологиясы
Б 9. Зефир массасын бұлғау.
Б 10. Халва әзірлеу технологиясы.
Б 11. Драже әзірлеу технологиясы.
Б 12. Печенье (тәтті нана) арналған қамыр дайындау.
Б 13. Вафлиге арналған қамыр дайындау технологиясы.
Б 14. Вафлиге арналған начинка дайындау технологиясы.
Кондитер өндірісінің жартылай өнімдерін дайындау технологиясы 10 модульден тұрады.
В 1. Карамельді қалыптау және суыту.
В 2. Кәмпит массасын қалыптау.
В 3. Кондитер өнімдерін әшекейлеу және суыту.
В 4. Шоколад массасын қалыптау.
В 5. Мармелад өнімдерін қалыптау және суыту.
В 6. Зефирді қалыптау және көбірек уақыт ұстау.
В 7. Карамельдің үстін өңдеу.
В 8. Печеньені қалыптау, пісіру және суыту.
В 9. Вафли нанын пісіру және суыту.
В 10. Вафли нандарына начинка жағу, біраз уақыт ұстау, содан соң жекелеген өнімдерге кесіп бөлшектеу.
Дайын кондитер өнімдерін орау мен сақтау 4 модельмен көрсетіледі:
Г 1. Дайын өнімді орау
Г 2. Дайын өнімдерді ұсақ салмақты етіп орнықтырып салу және орау
Г 3. Дайын өнімді ыдысқа салу
Г 4. Дайын кондитер өнімдерін сақтау
Осылай электрондық оқулықта модульдік принцип сақталады. Мектептің оқулықтарынан айырмашылығы бұл жерде модуль өнім дайындаудың технологиялық тізбегін қамтиды.
Пән мазмұнын модульдеу принципі оқытуды мынадай түрде құруды болжамдайды: барлық мамандықтарға арналған жалпы модульдерді топ түгелімен оқыса, нақты мамандықтар бойынша модульдерді мамандықтарға қарай іріктеу мүмкіндігі болар еді.
Мысалы, егер А 1, А 2, А 3, Г 1, Г 2, Г 3, Г 4, Б 1 модульдері біз қарастырып отырған мамандық үшін жалпы болып саналса, онда карамель жасаушыларды оқыту үшін мынадай модульдерден блок құрастыруға болады: Б 2, Б 3, Б 4, Б 11, В 1, В 7;
Кәмпит жасаушылар үшін - Б 5, В 2, В 3;
Шоколад жасаушылар үшін - Б 6, Б 7, В 4;
Мармеладшылар үшін - Б 8, Б 9, В 5, В 6;
Халва илеуші үшін - Б 10;
Бисквитші үшін - Б 12, Б 13, Б 14, В 8, В 9, В 10;
Электрондық оқулықта кондитер өнімдерін әзірлеудің процесін түгелімен әрбір өнім түрін дайындаудың технологиялық сызбасын (схема) көрсете отырып, кіріспе модульде сызба түріндеұсынуға болады. Осы модульдің өзі де кез - келген кондитер өнімін өндіру процестері бірдей функциялардан тұратындығын көрсетеді. Яғни, үйретуші (оқушы) карамельді орауды үйренсе, кәмпитті орау жұмысы оған қиын емес. Сондықтан электрондық оқулық нақты операцияларды орындауды үйретуге бағытталуы қажет. Оқулықтың гипермәтіні бейне немесе мультимедиялық нақты ақпараттан тұруы қажет.
Осындай принцип бойынша электрондық оқулықты өндірістік процеске байланысты басқа да мамандықтар бойынша дамытудың және оның жұмыс істелуінің заңдарын, маңызын білу, егер жекелеген қасиеттері туралы бытыраңқы білімді жүйелі білімге шоғырландырған жағдайда ғана мүмкін.
Аграрлық университеттің ректоры Т. И. Есполовтың басшылығымен А. Қозыбаев «Машина пайдалану» деген қазақ тілінде, студенттерді машина паркінің құрамымен, агрегаттарының жіктемелерімен таныстыратын негізгі және кіріспе модельдерден тұратын электрондық оқулық дайындады. 7 модуль ең негізгі болып табылады.
- Агрегаттық қуаты және қарқыны
- Агрегаттың тату кедергісі
- Машина - трактор агрегатының құрамы және жұмыс режимі
- Агрегаттың кинеметикасы және маневрлігі
- Агрегаттың өнімділігі және ауыстыру уақыт
- Агрегаттың жұмыс барысында пайдалану шығыны
- Агрегатты сынау
Негізгі модуль «Машиналарды агрегаттаудың негізі, агрегаттарды сынау туралы, Қазақстанның ауыл шаруашылығында машиналарды пайдалану жағдайы туралы түсініктер береді.
Студент негізгі модуль арқылы осы пәнді оқудың мақсаттарын және оны оқу барысында әрі білуге тиіс соңғы білім нәтижелерін анық түсінеді, агрегаттардың құрамы мен жұмыс режимі туралы, агрегаттың өнімділігі мен ауыстыру уақыты, агрегатты пайдалану барысында шығындары туралы білімдер де бар.
Гипермәтін модульдің әрбір бөлігі бойынша бағдарлама құрастырған негізгі мәліметтерді қамтиды. Бұдан басқа гипермәтінде материалдың негізгі мәнін түсінуге және негізгі нәрселерге назар аударуға көмектесетін негізгі сөздерді көрсету арқылы білім иерархиясы ұсынуы мүмкін. Атап айтсақ, мысалы «Көлік паркі» тақырыбын талдау барысында мынадай негізгі сөздерді назарға ұсындық: ауыл шаруашылығы жүктерін артуға - түсіруге және тасымадауға арналған машиналар және оларды пайдалану көрсеткіштері; автомобилдік және трактор тіркемелері және оларды пайдалану көрсеткіштері; технологиялық Көлік және мобильдік компенсатор автомобильдердің түрлері маркалары және оларды шығару орындары; өздері төгетін, бортты және арнайы автомобильдер; көлік агрегатын пайдалану көрсеткіштері. «Агрегаттың қуаты» деп аталатын бірінші кіші модуль машина - трактор агрегатының қозғалысының тепе-теңдігі туралы және әрекет жасаушы күштер туралы, агрегаттық күш балансы мен қуаты туралы, қозғалтушы агрегат күші мен ілініс (сцепление) күші туралы, сонымен қатар трактордың ілініс қасиеттерін жақсарту жолдары туралы оқу материалын қастиды. Мынадай түсініктер айшықтала түседі: Трактордың тарту күші және қозғалу жылдамдығы; пайдалану жағдайларының трактордың тарту қасиеттеріне тигізетін әсері, трактордың пайдалы іс - әрекеттерінің коэффициенті және оны жоғарылату жолдары.
Суреттеу, бейнелеу процестерін жақсы түсіну үшін гипермәтінге схемалар, көрнекті құралдар директордың мәтін оқуы арқылы енгізілген. Атап айтсақ, «Қазақстан республикасының фермерлік, ұжымдық және де басқа шаруашылықтаында машина паркін пайдаланудың қазіргі заманғы жағдайы» атты кіріспе бөлімнің слайды анимациямен және ұжымдық сүйемелдеумен толықтырылған, бұл гипермәтінде суретке басу барысында белсенділікті қамтамасыз етеді.
«Машина пайдалану» курсын оқытудағы механизмдер «Ауыл шаруашылығындағы машина паркінің құрамы және жіктемесі» деп аталатын кіші модульде ұсынылған. Бұлар студенттерге оқу объектілері туралы толық мағлұмат береді.
«Агрегаттардың жіктемесі» атты тақырыпты оқу барысында бейнеқыстырма (видеовставка) көмегімен студенттерге ең күрделі және әмбебап агрегат - дәнді дақылдар жинау комбайны көрсетіледі. Студенттердің негізгі механизмдерді және оларда болып жатқан технологиялық процестерді анық көруге мүмкіндігі бар.
«Агрегаттың қуаты» бөлімінде дизель қозғалтқышының пайдалану сипаттамасының анықтамасы ұсынылған бейнематериал берілген.
Гипермәтіннің негізгі мазмұны статистикалық схемалармен де, анимациялық эффектілерімен толықтырылған статистикалық схема ретінде « «Машина - трактор паркінің құрамы» атты сурет көрсетілген. Электрондық оқулықтың ең маңызды артықшылығы болып графиктер құруды көрсету мүмкіндігі табылады. Атап айтсақ, «Агрегат қуаты» кіші модульде «агрегаттағы күш және алымдық балансы» тақырыбын қарау барысында біліктің айналу жылдамдығына байланысты қозғалтқыштың негізгі пайдалану көрсеткіштерін бейнелейтін графикті құру тәртібінің анимациялық көрнекілігі берілген.
Гипермәтін түрлі - түсті суреттермен көрнектелген, бұл студентке әрбір агрегаттың айрықша ерекшеліктерін көруге мүмкіндік береді (қажет болған жағдайда суреттерді компьютердің мониторныда үлкейтуге болады, студент агрегаттың кез-келген механизмін егжей - тегжейлі көре алады) .
Мысалы, дәнді дақылдар жинайтын комбайнды оқу барысында студенттер алғашқыда комбайнның жалпы түрін көре алады, содан соң жекелеген негізгі механизмін үлкейтілген түрде көре алады: дестелегіш (жатка) (43-сурет), қозғалғыш бөлігі, кабинасы (45-сурет) .
Электрондық оқулықта көрнекілік принципі мәтінді түрлі - түсті етіп көрсетудің көмегімен оқу материалын көрсету арқылы жүзеге асырылады, мысалы, «Агрегаттың қызмет көрсету уақытының, жанармай шығынының өнімділігінің нормаларын белгілеу әдістемесі» тақырыбын ашу барысында формулалардың атаулары, формулалардың өздері, олардың нөмірлері және мәтін түсі және шрифтер бойынша араластырылған.
Бұдан басқа гипермәтінде карталар, кестелеп енгізілген, олар студенттердің оқу объектісі туралы түсініктерін айтарлықтай кеңейтеді және тереңдетеді. Мысалы, кіріспе модульді оқу барасында Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы аймағын қамтитын карта берілген (46-сурет) .
Әрбір тақырыпты оқуды аяқтаған кезде студенттер модульдің бейнесіне қайта оралып, модульдің қандай да бір бөлігін ескермей қойған жоқ па, барлық терминдер мен қисынды байланыстар оларға түсінікті ме? Соны жетік талдаулары қажет. Өз беттерінше немесе оқытушының айтуы бойынша модульдің схемасы оқыған тақырыпты қайталау және қорытындылау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Электронды оқулықпен жұмыс жаасудың үшінші маңызды кезеңі болып тапсырмалармен жұмыс жасау табылады. Тапсырмалар құрастыру модульге және гипермәтінге сәйкес жүзеге асырылады. Тапсырмалар диапазоны ауқымды - репродуктивтен шығармашылық - зерттеуге дейін.
Тапсырмалардың мақсаты - оқыған материалдар бойынша білімді пысықтау және меңгерген білімді тексеу. әрбір кіші модуль тапсырмамен сүйемелденген. Студенттер семинарлық сабақтарда оқытушының көмегімен де, оның бақылауымен немесе үйінде, әйтпесе өз бетінше электрондық оқу залында тапсырмаларды орындай алады.
Әрбір модульдегі тапсырмалар күрделілігі жағынан бір-бірінен ерекшеленеді:
- біреулері материалды жай ғана жаңғыртуды, оқуды талап етеді;
- екіншісі - салыстыру және талдай білуді талап етеді;
- үшіншісі - жаңа шығармашылық ойға бағыттап, жаңадан пайда болған жағдайда білімді пайдалануға жетелейді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz