Mіcrosoft Excel электрондық кестесі



Кіріспе
1. Wіndows жүйесіндегі Excel программасы
2. Excel программасын іске қосу
3. Excel менюімен жұмыс атқару
4. Ұяшықтардағы мәліметтер
5. Мәтін енгізу
6. Сандарды енгізу
7. Формулаларды енгізу
8. Бағаналар ені мен жолдар биіктігін өзгерту
9. Ұяшықтағы мәліметтерді түзету
10. Көшірме алу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі кезде бағдарлама жобалау және бағдарламалық логиканы тусіну үшін бейсик тілін меңгеру алғашқы қадам болып саналады.
Бейсик бағдарламалау тілі әртүрлі математикалық амалдарды тиімді есептеуге, яғни есептеуге ыңғайлы және дәлірек нәтиже алуға өте қолайлы бағдарламалау тілі. Сондықтан бұл курстық жұмыста есепті шығару үшін бейсик тілі қолданылады. Бейсик тілінде барлық есептің түрлерін шығаруға болады. Есепте берілген бірнеше рет қайталанатын амалдарды қайталанатын амалдарды қайта-қайта жазбай ортақ бір, көмекші бағдарламада есептеу арқылы есептеуді жеңілдетеді. Бұның бәрі бейсик бағдарламалау тілінің ыңғайлы да, тиімді бағдарламалау тілі екендігін көрсетеді.
1. Балапанов Е.Қ., Бөрiбаев Б.Б., Дәулетқұлов А.Қ - Алматы 2001. Шартарап.
2. Балапанов Е.Қ., Бөрiбаев Б.Б. - Информатикадан 30 сабақ. Алматы 2003.
3. “100 000 рефератов” CD.

Кіріспе

Қазіргі кезде бағдарлама жобалау және бағдарламалық логиканы тусіну
үшін бейсик тілін меңгеру алғашқы қадам болып саналады.
Бейсик бағдарламалау тілі әртүрлі математикалық амалдарды тиімді
есептеуге, яғни есептеуге ыңғайлы және дәлірек нәтиже алуға өте қолайлы
бағдарламалау тілі. Сондықтан бұл курстық жұмыста есепті шығару үшін бейсик
тілі қолданылады. Бейсик тілінде барлық есептің түрлерін шығаруға болады.
Есепте берілген бірнеше рет қайталанатын амалдарды қайталанатын амалдарды
қайта-қайта жазбай ортақ бір, көмекші бағдарламада есептеу арқылы есептеуді
жеңілдетеді. Бұның бәрі бейсик бағдарламалау тілінің ыңғайлы да, тиімді
бағдарламалау тілі екендігін көрсетеді.

Wіndows жүйесіндегі Excel
программасы
Excel программасы туралы жалпы мағлұматтар

Бұл сабақта Mіcrosoft Excel электрондық кестесімен танысасыздар.
“Электрондық кесте” термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерде
өңдеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланылады. Кестеледрді
өңдеуге жататын іс әрекеттер:
1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулерді
жүргізу.
2. Түрлі-түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу.
3. Тиімді ету мәселесін шешу.
4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап
алу.
5. Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу.
6. Мәліметтерді статистикалық талдау.
Электрондық кестелердің құндылығы олардағы мәліметтерді өңдеу
тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы болып табылады.
Mіcrosoft фирмасының Excel программасы – кестелік процессорлар немесе
электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалардық
кестелердің бірі. Бірақ Excel жәй программа ғана емес, оны көптеген
математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін
пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі
диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді,
сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.
Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана
емес, сондай-ақ, оқып-үйренуде, ғылыми зерттеу істерінде, әкімшілік және
жәй шаруашылық жұмыстарында да кеінен пайдалануға мұрсат береді.
Бұл программамен жұмыс істеуді үйренуалдында бірнеше жаңа ұғымдарды
енгізелік.
Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және
жатық жолдар) тұрады. Жолдардың максималдық саны 16384-ке, ал бағаналар
саны 256-ға тең. Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды, ол
ұяшыққа мәліметтерді (мәтін, сан, формула) енгізеді.

Excel программасын іске қосу

Excel программасын іске қосу үшін осы программамен байланысқан
пиктограмманы тауып, оны тышқанмен екі рет сырт шерту керек. Ол Excel
программасын іске қосқаннан кейін компьютер экранында 1-суреттегідей терезе
шығады(программаны баптауға байланысты өзгеруі ықтимал).
Енді осы стандартты Excel терезесінің элементтерін қарастырайық.
Экрандағы Excel терезесінде мынадай объектілер орналасқан:
Жоғарғы жол – басқару батырмалары бар терезе тақырыбы.
Екінші жол – Excel менюі.
Үшінші және төртінші жолдар – Стандартты және Форматтау аспаптар
тақтасы.

1-суретт. Электрондық кесте терезенің алғашқы көрінісі

Бесінші жол – енгізу мен түзету жолы немесе формулалар жолы.
Бесінші және соңғы жолдың арасына электрондық кестенің жұмыс парағы (беті)
орналасқан. Жұмыс парағындағы жолдар мен бағаналар белгілі бір тәртіппен
белгіленеді.
Терезенің ең төменгі жолы – қалып-күй (қалып) жолы. Төменгі жолдың
сол жақ шетінде Excel жұмыс режимдерінің индикаторы (көрсеткіші)
орналасқан. Мысалы, Excel мәлімет енгізуді күтетін сәтте, ол Дайынң
режимінде болып, режим индикаторын - Дайынң (готов) деген сөзді
көрсетеді.

Excel менюімен жұмыс атқару

Меню жүйесін екпінділеу WіnWord программасындағыдай стандартты
тәсілмен жүргізіледі: яғни ALT не F10 пернесін басу қажет. Сол сәтте
менюдегі сөздердің бірі ерекшелініп басқа түске боялады. Керекті меню
пункті басқару пернелері көмегімен таңдалынады. Enter пернесін басқанда,
сол таңдап алған менюдің ішкі командалары ашылады, оларды пернелермен
ауыстырады, ал команданы таңдау үшін Enter пернесін басу керек. Менюден
шығу үшін Esc пернесін басады.
Excel менюімен жұмыс істеу үшін тышқан көмегімен пайдалану өте
ыңғайлы, қажетті меню пунктін таңдап алып, тышқан курсорын оған қойып,
тышқанның сол жақ батырмасын шерту керек. Осы тәрізді тәсілмен менюдің ішкі
командалары таңдалынып, қосымша беті ашылады да, жалаушалар орнатылады.
MS-Word редакторындағыдай Excel-де де орындалып жатқан әрекетке
сәйкес берілетін контекстік тәуелді анықтамалық жүйе бар. Әрбір істеп
жатқан жұмысыиызға байланысты әрқашанда көмек ала аламыз.
Енді электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысалық.
Жол нөмірі – электрондық кестедегі жолды анықтайды. Ол көлденең
орналасқан жұмыс аймағының сол жақ шекарасында нөмірімен белгіленген.
Бағана әрпі – электрондық кестенің бағаналарын (тік жолдарын)
анықтайды. Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында орналасқан.
Бағаналар мынадай ретпен белгіленеді: А – Х, содан соң АА – АZ, BA – BZ
және т.с.с.
Ұяшық – элетрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі.
Әрбір ұяшықта бағана әрпі мен жол нөмірінен тұратын адресі бар. Мысалы, В3
адресі В бағанасы мен нөмірі 3-жолдың қиылысындағы ұяшықты анықтайды.
Ұяшық көрсеткіші – ағымдағы ұяшықты анықтайтын көмескіленген
тіктөртбұрыш. Көрсеткіші пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте
бойынша ұяшыққа орын ауыстыруға болады.
Ағымдағы ұяшық – көрсеткішпен белгіленіп тұрған ұя. Келісім бойынша
мәліметтер енгізу операциясы және басқа іс-әрекет осы ағымдағы ұяшыққа
жатады.
Блок (ұялар жиыны, аймағы) – Тіркесе орналасқан ұяшықтардың
тіктөртбұрышты аймағы. Блок бір немесе бірнеше жолдардан, бағаналардан
тұрады. Блок адресі қос нүктемен бөлінген қарама қарсы бұрыштар
координатынантұрады. Мысалы: В13:В19 блогы – бұл В13- D13-D19-B19-B13
торларымен шектелген ұяшықтар жиыны, A1:H1, A1:A20, A12:D27 немесе D:F – D,
E, F бағаналарының барлық торлары, т.с.с. Әртүрлі формулалар енгізу
кезінде немесе командаларды орындау сәттерінде блокты диагональ бойынша
қарсы орналасқан торлар адрестерімен немесе экран бетінде тышқанмен
(пернелермен) белгілей отырып енгізуге болады.
Жұмыс парағымен және кітаппен жұмыс істеу. Excel-де электрондық кесте
үш өлшемді құрылымнан тұрады. Ол кітап секілді парақтардан (16
парақ) тұрады. Экранда тек бір парақ – кітаптың ең үстіңгі ашық тұрған беті
көрініп тұрады. Парақтың төменгі шетінде кітаптың қалған беттерінің
нөмірлерін таңдау арқылы кез келген бетті ашып көруге болады.
Кестені, блоктарды, жолдарды және бағаналарды ерекшелеу. Осы
объектілермен белгілі бір жұмыс атқару үшін тышқанмен былай ерекшелейді:
➢ бағананы белгілеу – бағана атына сәйкес әріпті тышқанмен таңдап
алып, оны бір рет шерту;
➢ бірнеше бағананы ерекшелеу – алдыңғы шерткен тышқан батырмасын
басулы күйінде ұстап, курсорды оңға не солға жылжыту;
➢ жолды ерекшелеу – жол нөміріне сәйкес санды тышқанмен ерекшелеп
алып, оны бір рет шерту;
➢ бірнеше жолды ерекшелеу – алдыңғы шерткен тышқан батырмасын
басулы күйінде ұстап курсорды жоғары не төмен созу;
➢ блокты ерекшелеу – тышқан батырмасын блоктың алғашқы ұясында
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
MS EXCEL
Электрондық кестелерді пайдалану
Windows жүйесіндегі Excel электрондық кестесі.
Мәліметтерді сұрыптау
Ұяшық - деректерді қамтитын кестенің негізгі элементі
MS Word мәтіндік редактор, MS Excel кестелік процессор
MS Excel электрондық кестесінде формуламен, функциямен жұмыс жасау және диаграммаларды құру
Кестеде орналасқан ақпараттары бар беттерді құру
Берілгендерді ұяшыққа енгізу
Кестені енгізу сұхбаты терезесі
Пәндер