Катон - Қарағай мемлекеттік ұлттык табиғи бағы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
... жалғасыКатон-Қарағай мемлекеттік ұлттык табиғи бағы 2001 жылдың 17 шілдесінде Қазакстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген. Бұл Қазақстандағы үлкен ерекше қорғалатын табиғи территория, оның көлемі 643477 га.
Оның құрамына Алтайдың биік шыңы - Белуха тауы (теңіз денгейшен 4506 м биік одан кететін Листвяга жотасы тізбегі мен Бұхтарма мен Берел өзенаралық биік тауы кіреді. Бұхтарма аңғарынан кейін оңтүстік-Алтай таулары тізбегі: оңтүстік Алтай (ең биік нүктесі Жағыртау тауы - 3871 м), Тарбағатай (Хрустальная тауы - 3094 м) және Сарымсақты (Бурютауыл тауы - 3373 м) көтеріп тұр. Барлық тау жоталары субендж бағытта созылып жатыр және анық асимметриялы беткейлер болып табылады, солтүстік беткейлері өзен ангарларына жар болып туседі, ал оңтүстік беткейлері eдәуір жайпақ жене созылмалы.
Кебі - шағын су айдыны көлемі бір шаршы квадрат шақырым. Ең үлкен көл - Бұхтарма ол орманды алқаптың жоғарғы шекарасында теңіз деңгеиінен 2056 м биіктікте. Бұхтарма өзені қайнар көзіне жақын орналасқан. Оның ұзындығы 5, 6 шақырым, ені 1, 1 шақырым. Ең терең жері 22 м. Дәл түбінде Үлкен Рахман көлі орналасқан. Оның көлемі екі есе кіші, бірақ тереңдігі 30 метрге жетеді. Мұнда көп жылдан бері ыстық, радонды бұлақ кезінде Рахман бұлақтары санаториі жұмыс істеді. Тірек - қозғалыс мүшелері ауыратын адамдар үшін баға жетпес табиғи емдік орын болып табылады. Тағы үш ірі көл - Язевое, Черновое және Марал. Листвяга жотасында орналасқан. Бұл көлдерде балық өте көп. Әсіресе ақ қайран мен хайрус көп.
Катон - Қарағай ұлттық бағы жері Нивальды ( теңіз деңгейінен 2000 - 2800 м биік ), Тундра - Шалғынды ( 2000 - 2800 ), Таулы орманды ( 1200 - 2300 ) және орманды - шалғынды - далалы 900-1200 м болып, төрт табиғи биік аймақта өлшенді.
Жер көлемінің үш бөлігін; қылқан жапырақты орманы басым орманды ландшафт алып жатыр. Алтайдағы айға ормандарында балқарағай, самырсын, ciбip шыршасы қауіпті жағдайда тіршілік етіп өседі. Мұндай жағдайды әртүрлі әсерлер: Катон, континентальды ауа райы, Орта жене Орталық Азияның құрғақ ауасының жақындығы, ұзак уақыт бойы адамның кepi әсерлерді туғызады. Дәл осында, ciбip тайгасыньң оңтүстік шекарасында қоршаған орта өзгepici жалпы көлемде және екі дәрежеде қатты байқалады. Сондықтан ақтың қорғалатын территориясы нэтижесінде шаруашылык, әcepi мен басқа кepi жағдайлардың нәтижесінде өлшеген.
Ормандардың табиғи қайта қалпына келуін бақылауға әбден мүмкіншіліктер бар.
Бактың фауна мен флорасы кұрамында әр түрлі табиғи аймақтар мен ipi географиялық аймақтар белгілері: Тундра мен Сiбip тайгасы, орта Азиялык, далалар мен шелейттер, Орта Азия мен Тянь-Шань таулары бар. Осы белгілердің көбi бұрынғы геологиялық әдеyip қалдықтары, Алтай эндемиктері болып табылады немесе өз таралу аймағының шетінде кездеседі. Мұндағы мәліметтер бойынша жоғарғы өлшемдері 1000-га тарта түpi . Олардың 30-дан астамы Қазақстан Қызыл кітабына ipi гулдер: қалампыр, сепкіл шолпанкебектер, Верещагин саздақ шөбі, Алтай қасқыр жидегі, қарғакез, Людвиг қуртқашашы, Сiбip қандығы, бұйра лалагул, Ледебур бадамы, жапырақсыз орашық, дала таушымылдығы, мақсыр маралтамыры, Алтай рауғашы, қызғылт ceмізот, теңге жапырақ, Алтай таутобылғысы, аюқулақ, ала күлте қызғалдақ жене басқалар енгізілген. Көптеген пайдалы қасиеттері бар. Дәрілік өciмдіктep - етжапырақ, бадан, шай теңгетағы, шайқурай, мыңжапырак, акониттер жене тағы басқалары кең таралған. Кей жылдары саңырауқұлақтар, «самырсын жаңгақтары» және әр түрлі жидектер - Алтай булдіргені, қызыл жене қара қарақаттар, ит бүлдірген, мойыл, сонымен қатар Қазақстанда сирек кездесетін, Қазақстан Қызыл кітабына eнгiзiлгeн ұсақжеміс мүкжидекшектен тыс кеп болады.
Омыртқалы жануарлар фаунасына 400 түр жатады. Олар: дөңгелек ауыздылар (1 түр), балықтар (15 түр) қосмекенділер (3), бауырымен жорғалаушылар (6), құстар (шамамен 280), сүтқоректілер (60 түр) . Қызыл кітап тізімінe 15 түр енгізілген: балықтардан - таймен, ұялайтын құстардан - қара дегелек, тұрпан, балықшы тұйғын, қаракух, бүркіт, лашын, алтай ұлары, ақбас тырна, үкі, сүтқоректілерден - барыс, тас сусары мен алтай тау қойы (арқар) .
Тек Алтайда ғана кездесетін және Қазақстанның басқа жерлерінде кездеспейтін жануарлар турлерін, яғни хайрус, қур, тундра, бұлғын және басқаларды қорғауда ұлттық бақ маңызы зор.
Бұрынғы Бұхтарма болыстығы, яғни дәл осы өлкеде марал өcipy шаруашылығы өркендеді, оларды кебейтіп өcipy және пантокрин өндірісінде паидаланылатын бағалы фармакологиялық шикізат (бұгы) алу үшін арнайы қоршалған жерде ақмаралдар өсірді.
Ұлттық бақта алғашқы күннен бастап, фауна мен флораны тізімдеу, омыртқалы жануарлардың биологиясы мен санын зерттеу, кешенді биотехниқалық шаралар жүргізу жұмыстары icкe асып жатыр. Территорияны қорғау Tәpтібі бұзылғанын ғана анықтап қоймай, оларды болдырмау шаралары жайлы үнемі жұмыстар жүргізуде, сондықтан тұрғылықты хальқ, әcipece оқушылар арасында экологиялық насихат-ағарту жұмыстарын жургізудің маңызы зор. Жергілікті халық саяхатын, дамуына белсенді ат салысады. Саяхат кешендерін кеңейту және дамыту құрылысы жайлы жобалар жасалып, табысты жұмыс icтeп жатыр. Ғылыми зерттеу жұмыстары Қазақстан және басқа да мемлекеттер, оның ішінде Ресей мамандарының тікелей қатысуымен жургізілуде . . .
Алтай табиғаты ғажап қой. Маңдайымен көк тіреген тәкәппар шыңдар, арқырай аққан ақжал өзендер, түйе жасырардай құрақ, қарағай, қайың, тал, терек, ен табиғатта кездесер сандаған көріктіи өсімдіктермен көмкерілген көкжиек тым-тым алыстан мұнартып, магниттей өзіне тартады-ай! Жұмағи өлке, жұмбақ өлке!
Төбеңізден дүр етіп көтеріліп, дүр етіп қонатын сан алуан қанаттылар, тайганың шынайы қожайындары - тұз тағыларының молдығы сізді тағы да айранасыр күйге түсіреді.
Оңтүстік Алтайдың осынау табиғаты ғажап өлкесін талан-таражға түсірмей, ел мен жұрттың алтын алқасы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа қылау түсірмей табыстап отыруды мақсұт еткен Үкіметіміз 2001 жылдың жазында өзінің жарғысымен Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғат паркін құрған. Осы біз аз уақыт аралығында нендей игілікті шаруалар атқарылды, болашақта не істелмекші, жалпы ұлттық парктың бүгінгі бет-бейнесі қандай, міне, осы жайында біз парк директоры Ерен Жұмағұловпен жолығып, сауалдасқан едік.
- Ереке, ен бірінші. Қазақи сұрақтан басталық; тірліктеріңіз қалай, тыныштық па?
- Тыныштық қайдан болсын, жаңадан құрылған мекемеміз ғой, жұмыс бастан асады. Дегенмен, біраз шаруаның бетін бері каратқан секілдіміз.
Ең бірінші бас-аяғымыз түгелденген соң табиғатты қорғау насихатын бастадық. Бұрыннан табиғатты беталды ресуелеуге қалыптасқан турғылыкты халықтың көзін табиғат байлығынсыз Өр Алтайдың құнының болмайтынына жеткіздік. Дүниежүзілік "Парктер шеруі - 2002", халықаралық "Мұзтау - 2002" фестивальдерінің өтуіне мұрындық болдык.
Парк құрылған бірінші куннен бастап табиғат байлығын (өсімдік, ағаш, аң-құс) заңсыз түрде, жеке бас мүддесі үшін кұрбандыққа шалатындармен (браконьерлер) аяусыз, бітіспес күрес жүргізіп келеміз. Парк аумағының 219235 гектары - орманды алқал. Бұрындары жыл сайын өте сирек кездесетін балкарағай, тағы да басқа самырсын, қарағай ағаштары 90 мың текше метрге дейін жығылатын болса, қазір ол үзілді-кесілді тыйылды. Қазір біз тек қана жасы жеткен немесе "сырқатқа" ұшыраған ағаштарды ғана тазалаймыз. Олар жергілікті халыққа отындық ағаш ретінде сатылады.
Өрт - орманның аса қатерлі жауы. 70-жылдары Алтаи табиғатын өрт жалмап, тіпті, адам шығыны да болған. Көп мәселені насихат, түсіндіру шараларымен шешпесек, құрғақ тыйым салумен мақсатқа жету қиын. Сол себепті ауыл турғындары, шаруа қожалықтарымен үнемі байланыс жасап отырамыз. Бұл мәселеде аудандық газеттің де ролі зор. Әсіресе, өрт қаупі жоғары екі маусымда турғындарға орманға баруға тыйым салынады.
Табиғат паркінің штаты - 124 адам. Ал қадағалау аумағы өте үлкен. Алайда, бар мүмкіндікті пайдаланып жағдайдан шығуға тырысамыз. Сол күзет қызметі арқасында заңсыз 18 отты кару тәргіленді. 132 айып хаттамасы толтырылды, 391879 теңге айыппул өндірілді.
Қыр өңірлерінде кеңшар, ұжымшарлардың тарап кетуіне байланысты қасқырлар тым көбейіп кетті. Қасқыр - қолдағы мал мен жан-жануарлар үшін аса қауіпті жыртқыш. Сондықтан солармен аяусыз курес жургізіп жатырмыз. Өткен жылы тұрғылықты халықтар мен өзіміздің аңшылар бірлесе отырып 27 қасқыр. 15 бөлтіріктің көзін құртса, биылғы үш айдың ішінде олардың саны 52-га жетті. Тіпті, аңшыларды ынталандыру мақсатында әр ауланған қасқыр үшін оған 5 текше метр отынды тегін босатып отырмыз. Скориков деген аңшы 7 касқыр, Әкімаев - 6 қасқыр, Құсаиынов - 4 қасқырдың көзін құртты.
Біздің негізгі бағыттарымыздың бірі - орманды қалпына келтіру, жас өскіндер отырғызу. Біздің жас өскіндер питомнигіміз Белқарағай ауылында. Қазір онда Сібір самырсынының 1, 6 миллион жас өскіні бар. -Бірте-бірте питомникті кеңейту де ойымызда бар. Сонда жыл маусымдарында 30-50 адамды жұмыспен қамтуға болады.
Алайда, іске кедергі де жоқ емес Катонқарағай аудандық жер ресурстарын бөлу комитеті 2002 жыпдың желтоқсанында бізге ескертпей әлгі питомник аумағын {25 гектар) "АСТ" деген шаруа қожалығының иелігіне беріп қойыпты. Ал мемлекеттік табиғат паркінің аумағындағы - жер ерекше қорғауда
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz