Қазақ фольклорының тарихы
«Қазақ фольклорының тарихы» деген ұғым мен зерттеу дәл өз мағынасында осы уақытқа дейін арнайы түрде күн мәселесіне қойылған емес. Оның бірнеше себебі болды. Біріншіден, ғылымда фольклорды жеке көркем жүйесі бар, көп өзіндік белгілерімен ерекшеленетін руханият деп түсінбей, оны көркем әдебиеттің бір саласы деп ұғыну орныққан еді. Соның салдарынан фольклор тарихы - әдебиет тарихы деп қарастырылып жүрді. Екіншіден, фольклортану ғылымының өзі де көп уақыт бойы әдебиеттанудың ішінде жүрді және сол әдебиеттанудың теориялық, әдіснамалық амал-құралдарына сүйеніп, соларды пайдаланып келді. Әлбетте, одан ол үлкен зиян шеккен жоқ, бірақ фольклордың көптеген қасиетін толық тани алмады. Үшіншіден, әдебиет тарихы жүйелі түрде, кезең-кезеңге бөлініп зерттелді де, фольклор синхронды түрде, бізге жеткен қалпы бойынша сипатталып, оның тарихи даму жолдары, қандай дәуірлерді бастан кешкені ескерілмеді, жеке-жеке жанрлар ғана зерттеліп жүрді. Әрине, фольклордың, дәлірек айтқанда, қай шығарманың нақ қай жылы немесе қай ғасырда туғанын, оның қандай өзгеріске ұшырағанын дөп басып айту мүмкін емес. Сол себепті де бұрынғы Кеңес Одағы тұсындағы ғалымдар да, қазіргі кезеңдегі оқымыстылар да фольклордың тарихын дәуір-дәуірге бөліп зерттеуге көп бармады, ал барған күннің өзінде маркстік-лениндік әдіснамадан шыға алмай, таптық формациялар бойынша қарастыруға мәжбүр болды. Бірақ бұл жол тұрпайы социологияға ұрындырды. Мәселен, 1950-1960 жылдар аралығында орыс фольклортану ғылымында орыс фольклорының тарихына арналған бірнеше еңбек жарық көрді. Бұл кітаптарда фольклордың тарихы феодализм дәуіріндегі, капитализм кезеңіндегі, совет тұсындағы деп жіктеліп қаралды да, әр дәуірлеудің өзі ғасырлар мен нақты жылдарға бөлінді және фольклордың тарихы көркем ойдың даму тұрғысынан емес, әлеуметтік тұрғыдан, езілуші таптың шығармашылық қабілетін дәріптеу мақсатында зерттелді. Кезінде ол еңбектер үлкен сынға да ұшыраған болатын.
Қазақ ғалымдары да қазақ фольклорының тарихына арналған алғашқы үлкен

Қазақ фольклорының тарихы деген ұғым мен зерттеу дәл өз мағынасында осы
уақытқа дейін арнайы түрде күн мәселесіне қойылған емес. Оның бірнеше
себебі болды. Біріншіден, ғылымда фольклорды жеке көркем жүйесі бар, көп
өзіндік белгілерімен ерекшеленетін руханият деп түсінбей, оны көркем
әдебиеттің бір саласы деп ұғыну орныққан еді. Соның салдарынан фольклор
тарихы - әдебиет тарихы деп қарастырылып жүрді. Екіншіден, фольклортану
ғылымының өзі де көп уақыт бойы әдебиеттанудың ішінде жүрді және сол
әдебиеттанудың теориялық, әдіснамалық амал-құралдарына сүйеніп, соларды
пайдаланып келді. Әлбетте, одан ол үлкен зиян шеккен жоқ, бірақ фольклордың
көптеген қасиетін толық тани алмады. Үшіншіден, әдебиет тарихы жүйелі
түрде, кезең-кезеңге бөлініп зерттелді де, фольклор синхронды түрде, бізге
жеткен қалпы бойынша сипатталып, оның тарихи даму жолдары, қандай
дәуірлерді бастан кешкені ескерілмеді, жеке-жеке жанрлар ғана зерттеліп
жүрді. Әрине, фольклордың, дәлірек айтқанда, қай шығарманың нақ қай жылы
немесе қай ғасырда туғанын, оның қандай өзгеріске ұшырағанын дөп басып айту
мүмкін емес. Сол себепті де бұрынғы Кеңес Одағы тұсындағы ғалымдар да,
қазіргі кезеңдегі оқымыстылар да фольклордың тарихын дәуір-дәуірге бөліп
зерттеуге көп бармады, ал барған күннің өзінде маркстік-лениндік
әдіснамадан шыға алмай, таптық формациялар бойынша қарастыруға мәжбүр
болды. Бірақ бұл жол тұрпайы социологияға ұрындырды. Мәселен, 1950-1960
жылдар аралығында орыс фольклортану ғылымында орыс фольклорының тарихына
арналған бірнеше еңбек жарық көрді. Бұл кітаптарда фольклордың тарихы
феодализм дәуіріндегі, капитализм кезеңіндегі, совет тұсындағы деп жіктеліп
қаралды да, әр дәуірлеудің өзі ғасырлар мен нақты жылдарға бөлінді және
фольклордың тарихы көркем ойдың даму тұрғысынан емес, әлеуметтік тұрғыдан,
езілуші таптың шығармашылық қабілетін дәріптеу мақсатында зерттелді.
Кезінде ол еңбектер үлкен сынға да ұшыраған болатын.
Қазақ ғалымдары да қазақ фольклорының тарихына арналған алғашқы үлкен
еңбекті 1948 жылы жарыққа шығарды. Бұл еңбек те (қолжазба күйінде-ақ)
кезінде сынға ұшырады, бірақ сын ғылымнан аулақ, саяси-идеологиялық сипатта
болды да, аталмыш кітап зиянды деп танылып, ғылыми айналымнан алынып
тасталды. Ал, шындығына келгенде, бұл еңбек - үлкен жұмыстың игілікті
бастамасы еді, өйткені, сол тұстың өзінде-ақ қазақ әдебиетінің тарихын
бірнеше том етіп жазу көзделген-ді. Сөз жоқ, бұл кітап - өз дәуіріне тән
ғылыми тұжырымдарға сүйенді, сондықтан оның теориялық сапасынан гөрі
идеологиялық, саяси ұстанымы басым болды. Дей тұрғанмен, бұл еңбекте
фольклордың тарихын жанрлар арқылы зерттеуге талпыныс болғанын айтпасқа
болмайды. Мәселен, тоғыз бөлімнен тұратын томның бірінші бөлімі қазақ
фольклорының зерттелуіне арналса, содан кейінгі екінші бөлімді пайда болу
мерзімі жағынан ең көне деп есептелетін ғұрыптық фольклор мен ескі діни
нанымдарға, сондай-ақ шаруашылыққа байланысты туған жанрлар құрайды: салт
өлеңдері; мал, шаруашылық туралы өлеңдер; дін салт өлеңдері; наурыз; бақсы
сарыны; бәдік, арбау, жалбарыну; жарамазан және жарамазанның батасы; үйлену
салт өлеңдері: әдет, салт; тойбастар; жар-жар, сыңсу-жұбату; беташар; мұң,
шер өлеңдері: қоштасу, естірту, көңіл айту; жоқтау.
Осыдан әрі қарайғы бөлімдер: ертегілер; батырлық жыры; ғашықтық жырлары;
айтыс өлеңдері; шешендік сөздер; тарихи өлеңдер; қазақ совет фольклоры деп
берілген. Аталған бөлімдер, негізінен, фольклордың ХХ ғасырға жеткен
күйіндегі көркем жанрларды қамтыған, алайда, мұнда ол жанрлардың қай
дәуірде қандай күйде болғаны сөз болмайды, неден, қайдан пайда болғаны,
қалыптасу барысында нелерге сүйенгені айтылмайды. Сондай-ақ Қазақ совет
фольклоры деген жеке бөлімнің болуы - зерттеушілердің сол тұстағы одақтық
фольклортану мен әдебиеттануға тән ұстанымды басшылыққа алғанын айқын
аңғартады. Мәселен, осы бөлімнің тараушалары мынадай: революциялық күрес
кезеңіндегі өлең, жырлар; ауылды советтендіру жөніндегі өлең, жырлар;
колхоз, өнеркәсіп өміріне байланысты халық әдебиеті; терме, мақалдар;
қазақтың халық әдебиетіндегі Ленин, Сталин образы; ерлік туралы жырлар;
халық әдебиетіндегі Аманкелді образы; Отан соғысы кезінің жырлары. Көріп
тұрғанымыздай, тараушалардағы проблемалар азаматтық тарихтың ізімен, таза
әдебиеттану шарттарымен қарастырылған және талданған шығармалардың дені -
авторлық өлеңдер мен жырлар. Олар түгелдей таптық, советтік идеология
тұрғысынан бағаланып, фольклорға ғана емес, бүкіл әдебиетке тән көркемдік-
эстетикалық құндылығы жағынан қарастырылмаған. Сонымен қатар бұл бөлімде
сол кездегі концепцияға сәйкес халық ақындары шығармашылығы мен фольклордың
ара жігі ашылмай, біртұтас халық әдебиеті деп ұғыну орын алған. Сондықтан
Ақмолда, Күдері, Жамбыл, Сәттіғұл, Иса, Нұрлыбек сияқты ақындардың өлеңдері
совет фольклоры үлгісінде қаралған. Соның салдарынан бар деп есептелген
совет фольклорының өзін дәуірлеу түгелдей дерлік ХХ ғасырдағы тарихи-
қоғамдық кезеңдерге сәйкестендіріліп, фольклор өмір ағымына сай жедел
өзгеріп отыратын рухани дүние емес екені ескерілмеген. Ал, совет
фольклоры деген ұғымға келсек, ол көпке шейін ғылымда мойындалып келді.
Совет фольклоры - толыққанды шығармашылық деген тұжырымды халық ақындарының
өлеңдері мен жыр, толғаулары негізінде дәлелдемек болған еңбектің бірі -
1955 жылы жарыққа шыққан Очерки казахской народной поэзии советской эпохи
атты кітап болды. Бұл кітапта жоғарыда айтылған концепциялық кемшіліктер
толығымен көрініс тапты, ақындардың ауызша, импровизациямен шығарған өлең-
жырлары халық поэзиясы деп танылды, ақындардың айтысы да халық поэзиясының
туындысы санатына жатқызылды. Дәл осындай көзқарас кейінгі еңбектерде де
орын алды. Мәселен, 1960 жылғы кітапта Тарихи жырлар бөлімінде 1916 жылғы
көтеріліс туралы халық поэзиясын сөз еткенде ақындардың шығармалары
талданады. Ал, 1968 жылы жарыққа шыққан еңбекте Советский фольклор деп
аталатын тараушада дәстүрлі фольклор жанрларының жай-жапсарына қысқаша шолу
жасалып, содан соң Жамбылдың, Исаның, тағы басқа ақындардың импровизаторлық
өнері мен өлең-толғаулары туралы жазылады.
Жалпы, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін бүкіл Кеңес Одағы фольклортануында
орныққан қағида бойынша еңбекші бұқараның шығармашылығы ретінде жекелеген
жыршылар мен сказительдердің ескі фольклорлық дәстүрге негіздеп жырлаған
туындылары советтік эпос деп танылды. Сөйтіп, орыс фольклористикасында
Марфа Крюкова секілді сказительдер шығарған былиналар, бізде ұлы Жамбыл,
Нұрпейіс, Доскей, т.б. ақындарымыз шығарған жырлар фольклор деп қабылданды,
ал, оларды зерттегенде әдебиет заңдылықтары басшылыққа алынды. Осы
концепцияның айқын көрінісі - 1964 жылы шыққан Қазақ әдебиетінің тарихы
атты еңбек болды. Бұл том түгелдей совет фольклорына арналды да, қазақ
совет фольклоры туралы ғылымның даму тарихы; қазақ совет фольклорының даму
жолдары деген екі үлкен бөлімді қамтыды, сондай-ақ совет фольклоры есебінде
атақты халық ақындарының авторлық дастандары мен поэмалары да қарастырылды.
Бір тәуірі - бұл шығармаларды талдағанда зерттеушілер олардың ежелгі
фольклор поэтикасының ізімен, дәстүрімен шығарылғанын атап көрсетеді.
Әсіресе, шығыс дастандарының үлгісінде туғандарын да, әрі өзіміздің жазба
әдебиетіміздің әсерінен жазылғандарын да нақты мысалдар арқылы нанымды
дәлелдеген. Ал, советтік өмірді бейнелеген шығармаларды реалистік көркем
әдебиеттің талаптары негізінде талдау арқылы ғалымдар халық ақындарының
дүниелері фольклорға келе бермейтінін мойындаған деуге болады.
Совет өкіметі кезінде фольклор болды ма, жоқ па, болса - ол қандай еді -
деген сауалдар төңірегінде ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында бүкіл одақтық
фольклортануда үлкен пікірталас туды. Қорыта келе, совет фольклоры деген
фольклор болған жоқ, сол ұғымның өзі де қате, ғылыми жағынан дәлелсіз
дейтін тұжырым орнықты. Осыған орай есте ұстайтын нәрсе - фольклор деп тек
қана ежелден келе жатқан авторы жоқ шығармаларды айту керек пе, әлде әр
заманда туып, ел ішінде айтылып жүретін халық шығармашылығын да тану дұрыс
па? Біздіңше, дәстүрлі фольклормен қатар бүгінде ел арасына тарап кеткен
авторы беймәлім әртүрлі жаңа өлеңдер (әсіресе, қара өлең), мақалдар,
әңгімелер мен анекдоттар - халық шығармашылығы ретінде фольклор болып
саналуға тиіс. Әрине, бұлар ерте заманнан келе жатқан фольклордан ерекше,
мұнда дәстүрлі фольклорлық поэтика жоқ, бірақ халықтық этика мен ұғым-
түсініктер бой көрсетеді. Демек, бүгінгі таңдағы халық шығармашылығынан
ежелгі фольклорды іздемеу керек. Сонымен бірге заманның, қоғамның талап-
талғамына сай халық шығармашылығының түрі, орындалу мәнері өзгеше болуы
ықтимал екенін, сондай-ақ халық шығармашылығы жаңа формада, айталық,
отбасылық ансамбль түрінде де болуы мүмкін екенін де ескеру қажет. Қазақ
фольклорының тарихын зерттегенде осының бәрі есте болуға міндетті.
Фольклордың өзінің де тарихы, қалыптасу, даму жолдары бар екені, оның әр
дәуірде әр түрде болатындығы - бүгінгі күнде күмән туғызбайтын ақиқат.
Өткен ХХ ғасырдың өзінде-ақ қазақ фольклорының тарихи кезеңдерін
қарастыруға ұмтылыс болды. Мысал ретінде жоғарыда аталған История
казахской литературы атты еңбектің фольклорға арналған бірінші томын
атауға болады. Кітапта Очерк истории казахского фольклора деген тарау
беріліп, ол төмендегі тараушаларға бөлінген: фольклор времени этногенеза
казахского народа; фольклор ХVІ-ХVІІІ вв.; фольклор ХІХ - начала ХХ вв.;
советский фольклор. Бұл жерде айтатын нәрсе - қазақ фольклорының тарихын
дәуірлеуге ғалымдардың көңіл бөлгенін құптай отырып, дәуірлерді анықтау
принциптерімен келісу қиын. Өйткені, мұнда азаматтық тарихтың ізімен жүру
шарты қолданылған да, фольклор тарихы майда кезеңдерге бөлініп кеткен, әрі
фольклордың ішкі даму заңдылықтары ұмыт қалған, соның нәтижесінде фольклор
тарихы әдебиеттің даму жолдарына сай болып шыққан. Рас, бұл еңбекте
жекелеген жанрларды тарихи дамуы тұрғысынан зерделеуге күш салған жәйт
бар, алайда, авторлар көбінесе кеңес өкіметіне дейінгі және кеңес тұсындағы
деп, екі кезеңді бөле көрсетеді. Бірақ, жалпы алғанда, бұл кітап - қазақ
фольклоры - өзіндігі мол мұра екенін, оның өз даму жолдары болғанын алғаш
мәселе етіп қойған еңбек болды.
Сонымен, ойымызды қорыта айтар болсақ, қазақ фольклоры - әдебиеттің бастауы
бола тұра, өзіндік қасиеттерге де бай. Оның ұзақ тарихын баяндамастан
бұрын, фольклордың мәні мен мағынасын ашып, оның теориялық мәселелерін сөз
етіп алған жөн сияқты. Алдымен фольклор деген не, оның статусы қандай,
теориялық негіздері мен жанрлық табиғаты қалай әрі неден көрінеді деген
проблемаларды қарастырып, олардың фольклор қалайша және қандай жолдармен
қарапайымдықтан көркем сөз өнеріне көтеріліп, бүгінгі заманға жеткен
классикалық түріне айналуындағы рөлін көрсету - бұл еңбектің басты мақсаты.
Аса көңіл бөліп айтатын нәрсе: бұл монография - оқулық емес. Егер оқулыққа
қойылатын талап - ғылымда қабылданған, тұрақты қағидаға айналған тұжырымдар
берілуі керек болса, мұнда фольклортанудың әрқилы мәселелері жаңадан
жазылған зерттеулердің нәтижесін пайдалана отырып, өзіндік ізденістер мен
талдауларға негізделген соны пікірлер ұсынылады, қазақ фольклоры жалпы
адамзаттық руханияттың даму заңдылықтары аясында қарастырылып, оның ежелгі
түр-сипаты басқа құрлықтардағы ХХ ғасырға дейін көне рулық-тайпалық салтта
өмір сүрген жұрттардың рухани мәдениетімен тарихи-стадиялық әрі тарихи-
типологиялық әдістермен салыстыру арқылы анықталады.
Оқырман назарын мына жағдайларға да аударуды жөн санаймыз. Бұл еңбекте
жанрлардың зерттелу тарихы баяндалмайды, оған жеке зерттеу жұмысын арнау
керек. Кітаптың мақсаты - ұлттық фольклорымыздың даму жолдарын көрсету,
оның жекелеген жанрларының туу, қалыптасу, өркендеп-өзгеру үдерістерін
айқындау. Әрине, бұл жерде белгілі дәрежеде шарттылық болатыны күмәнсіз,
өйткені қай жанрдың болса да пайда болған мезгілін дәл осы уақыт деп кесіп
айту қиын. Сондықтан бір жанр бір дәуірде қарастырылса, ол нақ сол кезеңде
туған деп түсінбеу керек, себебі ол жанрдың бастауы бұрыныраққа барады, ал
қалыптасуы, немесе өркендеуі сол қарастырылып отырған шаққа дөп келеді.
Айталық, Қазақ хандығы тұсындағы фольклор құрамында қаралатын кейбір
жанрлар тап сол заманда тумаған, олар ертеректе пайда болып, хандық
кезінде өркендеп, көркем фольклорға айналған. Сол сияқты Жаңа дәуірдің де
біраз жанры өз бастауын орта ғасырда алып, көркемделіп дамуын ХVІІІ-ХІХ
жүзжылдықтарда басынан кешірген. Сонымен бірге бұл дәуірде жаңа жанрлар
мен шығармалар да өмірге келіп отырған. Ал, ХХ ғасырдағы фольклор туралы
сөз болғанда жаңадан пайда болғандармен қатар бұрынғы жанрлардың
өзгергені, жаңа сипатқа ие болғаны айтылады.Тағы бір ескертетін нәрсе:
еңбектің құрылымында бірізділік сақталмағандай көрінуі мүмкін. Оның себебі
үлкен жанрларға жалпы сипаттама беріледі де, олардың ішкі шағын жанрлық
түрлері жеке тараушаларға бөлінеді. Мәселен, дастан жанрын сөз еткенде оған
жалпы сипаттама беріліп, ал ішкі шағын түрлері діни дастандар, хикаялық
дастандар, ғашықтық дастандар деп бөліне, жеке қарастырылады. Басқа да
үлкен жанрларға осы шарт қолданылды. Және үлкен жанрларға жататын кейбір
шығармалар жеке талданды, ондағы мақсат - фольклордың сөз өнеріне
айналғанын, оның өнерлік қасиеттерін көрсету болды.
Ұжымдық монографияның жазылуы барысында жаңа зерттеулермен қатар ертеректе
жазылған белгілі ғалымдар З.Ахметов, Б.Уахатов, Д.Шалабеков еңбектері де
ықшамдалып пайдаланылды. Мұның себебі, біріншіден, олардың жұмыстарында әлі
күнге құнды тұжырымдардың болуы, екіншіден, ғылымда әрқашан жалғастық
болатындығы. Әрине, кітаптағы айтылған кейбір ойлар мен пікірлер,
тұжырымдар даулы болуы да мүмкін, кей тұстары күмән тудыруы да ықтимал.
Бұлай болуы орынды, себебі қазақ фольклоры нақ осы тұрғыда зерттеліп көрген
емес және ешбір елде фольклор тарихы арнайы түрде бұлайша жүйелі сипатта
әлі күнге дейін зерделенген жоқ. Егер ғалымдар мен мамандар тарапынан
ескертпелер, тілектер айтылып жатса, авторлық ұжым оған түсіністікпен
қарап, ризашылығын білдіреді.
Еңбектің тараулары мен тараушаларын жазған ғалымдар: ҚР ҰҒА академигі,
филология ғылымдарының докторы, профессор С.Қасқабасов (Кіріспе, Қазақ
фольклоры: статусы мен теориялық негіздері, Ежелгі замандағы рухани
мәдениет: жалпы сипаты, Орта ғасырлардағы фольклор: жалпы сипаты, Жаңа
дәуірдегі фольклор: жалпы сипаты, Миф, Хикая, Этиологиялық ертегі,
Қиял-ғажайып ертегі, Хайуанаттар туралы ертегі, Батырлық ертегі,
Ғашықтық жыр, Аңыз, Әпсана, Хикаят, Новеллалық ертегі, Сатиралық
ертегі, Тарихи жыр: жалпы сипаты, Кенесары туралы тарихи шығармалар,
Лиро-эпикалық (балладалық) жыр, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының
докторы, профессор Р.Бердібай (Көне эпос, Батырлық жыр: жалпы сипаты);
филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Ыбыраев (Көне эпос); ҚР ҰҒА
академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор З.Ахметов, филология
ғылымдарының кандидаты Б.Ақмұқанова (Қазақ хандығы кезеңіндегі фольклор
тарауына Мақал-мәтел); филология ғылымдарының докторы, профессор
Б.Абылқасымов (Арбау, Бәдік, Бақсы сарыны); филология ғылымдарының
докторы, профессор К.Матыжан (Үйлену ғұрып фольклоры, Балалар
фольклоры, Жаңылтпаш); филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Керім
(Егіншілік жөніндегі фольклор, Жұмбақ, ХХ ғасырдағы фольклор тарауына
Мақал-мәтел); филология ғылымдарының докторы Б.Әзібаева (Дастан: жалпы
сипаты, Хикаялық дастан, Діни дастан, Ғашықтық дастан); филология
ғылымдарының докторы М.Жармұхамедұлы (Қыз бен жігіт айтысы, 1916 жылғы
көтеріліс туралы фольклор); филология ғылымдарының докторы Б.Уахатов
(Наурыз мейрамы мен фольклоры, Қара өлең, Тарихи өлең); филология
ғылымдарының докторы, профессор А.Сейдімбек (Күй аңызы, Қара өлең);
филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Қоңыратбай (Түркі қағанаты
кезіндегі фольклор, Тарихи аңыз); Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және
этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының
кандидаты, доцент А.Тоқтабай (Наурыз мейрамы мен фольклоры,
Қымызмұрындық тойы мен өлеңдері); филология ғылымдарының кандидаты
Д.Шалабеков (Жұмысшылар фольклоры); филология ғылымдарының кандидаты
С.Сәкенов (Тарихи жыр); филология ғылымдарының кандидаты Ж.Ахметжанова
(Тарихи өлең); филология ғылымдарының кандидаты С.Дәрібаев (Егіншілік
жөніндегі фольклор); филология ғылымдарының кандидаты Р.Әлмұханова
(Жарапазан, Оғыз-қыпшақ дәуіріндегі фольклор, Алтын Орда тұсындағы
фольклор, Алпамыс батыр, Айтыс: жалпы сипаты, Мысал айтыс, Шешендік
сөз); филология ғылымдарының кандидаты, доцент П.Әуесбаева (Әңгіме);
фольклортану бөлімінің ғылыми қызметкері Д.Жақан (Жерлеу ғұрпының
фольклоры, Қобыланды батыр, Лирикалық өлең, Өлең); фольклортану
бөлімінің ғылыми қызметкері А.Тойшанұлы (Терімшілік пен аңшылыққа қатысты
фольклор, Мал шаруашылығына байланысты фольклор, Арбау, Жалбарыну,
Алғыс (бата), Қарғыс, Ант, Едіге, Әлеуметтік-сүйіспеншілік
дастан). Кітапты баспаға дайындауға институттың ғылыми қызметкерлері
Д.Жақан мен А.Тойшанұлы, Д.Рахметова қатысты.
Ежелгі әдебиет тарихы
Әдебиет өмір шындығының көркем бейнесі десек, әдебиет тарихы да халық
тарихымен тығыз байланысты. Еліміздің рухани өмірінің жарқын көрінісі,
елеулі бір саласы ретінде көркем сөз өнері ел тарихымен бірге қалыптасып
дамыды. Адам санасы, ой-өрісі мыңдаған жылдар бойы жетілетін тарихи құбылыс
екендігін ескерсек, әдебиет адамзат тарихындағы көркем ой жетістіктерінің
бірі екендігі даусыз ақиқат.
Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ертедегі темір дәуіріндегі (б.з.
д. VІ-VІІ ғ.ғ.) сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары, б.з. ертедегі орта
ғасырлық мемлекеттер тұсындағы қарлұқ, оғыз, қимақ тайпалары, дамыған орта
ғасырлық мемлекеттер кезіндегі наймандар, керейіттер, жалайырлар, қыпшақтар
тарихы мыңдаған жылдарға созылғандығын назарға алсақ, қазақ әдебиетінің
тарихы да бұрынғы кеңес кезіндегідей XV ғасырдан емес, одан арғы дәуірден -
көне заманнан басталады. Сол себепті ұлттық әдебиет тарихының негізгі
мәселелерінің бірі дәуірлеу болып табылады. Себебі Қазақстан тәуелсіздік
алғанға дейін екі мың жылға жуық тарихы бар қазақ әдебиетінің бүкіл
елімізге ортақ дәуірлеу мәселесі қолға алынбаған еді. Бұл проблемаларға
байланысты тоталитарлық жүйенің өзге ұлттардың тарихының даму процесін
кеңестік тарихпен ғана байланыстырған біржақты ұстанымдарына қазіргі
тәуелсіздік талаптары тұрғысынан батыл тойтарыс бере отырып, қазақ
әдебиетінің көне заманнан бүгінгі күнге дейін дамуының өзіндік
ерекшеліктерін есепке алу негізінде әдебиет дамуының кезеңдерін халықтың
жалпы тарихи даму процесін дәуірлеуден бөлек алып қарауға болмайды.
Қазақстан аумағындағы феодалдық мемлекет кезеңі VІ ғасырдан басталып, ХХ
ғасырға дейін созылған ұзақ мерзімді қамтыды. Қазақ әдебиеті тарихының
өткен дәуірлері де осы қоғамдық құрылыстың негізгі даму кезеңдері -
қалыптасуы мен нығаюы, дамып өркендеуі, дағдарысы мен тоқырауы, қайта дамып
күшеюі, ең соңында, құлап ыдырауы сияқты тарихи жолдарына сәйкес келеді
және де осы қоғамдық даму процесінің ерекшеліктеріне толыққанды сипаттама
жасайды.
Қазақ әдебиетінің жүздеген ғасырлар бойғы дамуының әр тарихи дәуірлерін
бажайлағанда әр кезеңді бір-бірінен даралап тұратын өзіне тән белгілері мен
қасиеттерін, жанрлық, көркемдік ерекшеліктерін анықтап алу қажет. "Ежелгі
дәуір және орта ғасырлардағы әдебиет" ұжымдық монографиясында қазақ
әдебиетінің көне заманнан ХІ ғасырға дейінгі аралықты қамтыған кезеңі көне
дәуір, ал ХІІ ғасырдан бастап, Қазақ хандығы құрылған XV ғасырға дейінгі
кезең орта ғасыр кезеңі деп аталады. Көне дәуірдегі түркі жазба әдеби
ескерткіштеріне сақ-ғұн дәуіріндегі әдебиет туындылары, түркі және қытай
халықтарына ортақ мәдени мұралар, Иран мен Тұран әлеміне ортақ әдеби
шығармалар.
түркі-моңғол бірлігі заманындағы әдеби мұралар, көне түркі әдебиетіне
жататын Орхон-Енисей руна жазба ескерткіштері, оғыз-қыпшақ дәуіріндегі
әдебиет мұралары - "Қорқыт ата кітабы", құмандардың "Кодекс Куманикус"
жазба туындысы, "Оғызнама" дастаны, Қарахандықтар тұсындағы әдебиеттің
көрнекті өкілдері Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" ("Құт әкелетін білім")
еңбегі, Махмұд Қашқаридің "Диуани луғат-ит-түрік" ("Түркі сөздерінің
жинағы") кітабындағы аңыздар мен әпсаналар, әдеби-поэтикалық үзінділер
енеді. Бұл шығармалардың барлығын дерлік түркі халықтарының ортақ рухани
байлығы деп бағалаған жөн. ХІ-ХІІ ғасырлар түркі халықтарының жазба
әдебиетінің туып, қалыптасуымен байланысты болса, әрі бұл аралық кезең
қазақ халқының қалыптасуы алдындағы дайындық кезең болғандығын да ескеру
керек.
Біздің заманымызға дейін сақталып жеткен көне түркі әдебиетінің жазба
ескерткіштерін көрнекті түркітанушы ғалым Х.Көроғлы шартты түрде екі топқа
бөліп көрсетеді: руна жазуымен бедерленген тарихи-эпикалық туындылар және
көне соғды жазуына барып тірелетін ұйғыр жазуы пайдаланылған этикалық-
дидактикалық шығармалар. Түркілер ислам дінін қабылдағаннан кейін көне
түркі әдебиетіндегі ұйғыр жазуы біртіндеп ығыстырылып, араб жазуы кеңінен
қолданысқа енді.
Руна жазуындағы тарихи-эпикалық түркі жазба ескерткіштерінің ең көне
үлгілері түркі халықтары тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткерлері,
ержүрек қолбасшы Күлтегін туралы Кіші және Үлкен жазулар, Шығыс түркі
қағанатының атақты қағандарының бірі Білге қаған туралы және оның кеңесшісі
әрі әскер басы Тоныкөкті мадақтауға арналған жазулар Солтүстік Монғолиядағы
Орхон өзенінің бойынан табылғандықтан "орхон жазба әдеби ескерткіштері", ал
Енисей өзені бойынан табылған жазулар "енисей жазба ескерткіштері" деп
аталады. Көне түркі әдебиетінің бұл көне үлгілері құлпытастарға қашап
жазылғандықтан руна жазулары деген атқа ие болған.
Күлтегін және Тоныкөк жазба ескерткіштерінде түркі қағанаты құрыла бастаған
кезден VІІІ ғасырдың басына дейінгі тарихи оқиғалар әңгімеленеді. Шығыс
түркі қағанатының құрылуы мен нығаюы, түркі халқының Қытай билеушілер
құлдығынан құтылуы, қаһарман қолбасшы Күлтегін мен басқа қағандардың,
қағанның дана кеңесшісі әрі әскербасы Тоныкөктің сыртқы жауға қарсы әскери
жорықтары баяндалады. Халық қошеметіне бөленген батырлар мен қағандарды
дәріптеу, олардың ерлік істерін қаһармандықтың үлкен өлшемі ретінде
мадақтау - Орхон ескерткіштеріне тән басты белгілер. Жазулардағы мәтіндер
ел билеушілері мен халықты ата-бабаның арман-мұратына адал болуға, мемлекет
басқарған қағандармен ауыз бірлікте болуға, елдікке, адамгершілікке
шақырады, түркі мемлекетінің беріктігі мен біртұтастығын өзекті идея етеді.
Орхон ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz