Саяси партия туралы



Кіріспе 3

1 . тарау. Саяси партия саяси институт саяси институт ретінде және Қазақстандағы саяси партиялардың дамуы. 6

2 . тарау. Қазақстанның саяси партиялары 13

3 . тарау. 19.09.2004 жылы өткен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне сайлау 19

Қорытынды 23

Пайдаланған әдебиет 24
Қазіргі таңдағы қоғамның саяси өмірі – аса күрделі, әр қилы әрі қарама – қайшылықтарға толы. Оған қатысушылардың саны орасан көп, олрадың ішінде ең көрнекті орын саяси партияларға тиесілі. Қоғамның саяси жүйесінің құрылымын қарастыру барысында көз жеткізгеніміздей, саяси партиялар саяси жүйенің билік жүргізуге тікелей қатысы бар құрамды бөлігі, негізгі элементтерінің бірі болып табылады. “Партия” деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.
Бастапқы кезде “партия” өздерінің ұстанымдарын қоғайтын жария топтарды білдіретін. Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса, экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан, олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын.
Партия феодалдық қоғамның буржуазияға өту кезеңінде, яғни 17 ғасырдың соңы мен 18 ғасырдың басында Еуропада қалыптаса бастаған еді. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Бірақ, саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті: 1) аристократиялық үйірмелер, 2) саяси клубтар, 3) көпшілік партиялар.
1. Н. Қапесов «Саясаттану» оқу құралы, Алматы «Жеті Жарғы» – 2003.

2. Ұлықпан Сыдықов «Саясаттану», Алматы – 1996.

3. Исмагамбетов.Т.Т «Политический процесс и политическая система Республики Казахстан» Алматы – 2002.

4. Егемен Қазақстан – 2004, 1 қазан (№ 38 – 39) – 2 б.

5. Алматы ақшамы, 2004, 7 қазан – 3 б.

6. Ақиқат, 2004, шілде( № 9 ) 36 – 44 б.

7. Дала мен қала, 2004, 19 наурыз – 7 б. 2004, 6 ақпан.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3

1 - тарау. Саяси партия саяси институт саяси институт ретінде және
Қазақстандағы саяси партиялардың дамуы.
6

2 - тарау. Қазақстанның саяси партиялары
13

3 - тарау. 19.09.2004 жылы өткен Қазақстан Республикасы Парламент
Мәжілісіне сайлау
19

Қорытынды 23

Пайдаланған әдебиет
24

Кіріспе.
Қазіргі таңдағы қоғамның саяси өмірі – аса күрделі, әр қилы әрі қарама
– қайшылықтарға толы. Оған қатысушылардың саны орасан көп, олрадың ішінде
ең көрнекті орын саяси партияларға тиесілі. Қоғамның саяси жүйесінің
құрылымын қарастыру барысында көз жеткізгеніміздей, саяси партиялар саяси
жүйенің билік жүргізуге тікелей қатысы бар құрамды бөлігі, негізгі
элементтерінің бірі болып табылады. “Партия” деген сөз латын тілінен
шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.
Бастапқы кезде “партия” өздерінің ұстанымдарын қоғайтын жария топтарды
білдіретін. Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда
болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын
топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының
мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ
шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады.
Еңбекші топтар болса, экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында
еді. Сондықтан, олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын.
Партия феодалдық қоғамның буржуазияға өту кезеңінде, яғни 17 ғасырдың
соңы мен 18 ғасырдың басында Еуропада қалыптаса бастаған еді. Бұған сол
кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік
биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен
парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі
бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Саясатқа
көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған
байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Бірақ, саяси партиялар
бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы,
немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында
мынадай кезеңдерді атап көрсетті: 1) аристократиялық үйірмелер, 2) саяси
клубтар, 3) көпшілік партиялар.
Партиялардың құрылу әдістері де әр қилы. Негізінен партия құрылуының үш
жолы “жоғарыдан”, “төменнен”, “бірігу әдісі” туралы айтуға болады.
“Жоғарыдан” – бұл әр түрлі парламенттік топтардың, саяси элитаның, қысым
жасау топтарының негізінде құрылған партиялар. “Төменнен” – бұл қоғамдық
қозғалыстар негізінде кәсіподақ, кооператив құрылған, яғни этникалық
қауымдастықтардың әлеуметтік топтарының мүдделерін қорғау мақсатында
ұйымдастырылған партиялар. “Бірігу әдісі” – бұл элиталық адамдар мен
қатардағы азаматтардың күш біріктіруі нәтижесінде ортақтасуы. Ресейде
партиялар 19 ғасырдың ортасы мен 20 ғасырдың басында құрыла бастады.
Ресейдегі алғашқы бұқаралық партия – бұл РСДРП еді.
Саяси партияларды зерттеумен айналысатын ғылым қазіргі таңда партология
деп аталады. Оның көшбасында Дж.Брайс, М.Я.Острогорский және Р.Михельс
тұрды. Саяси партиялардың жалпы теориясының негізін француз ғалымы
М.Дюверже қалады.
Американың белгілі саясаттанушысы Дж. Ла Паломбараның ойынша партиялар
мынадай 4 белгімен сипатталады: 1) партия белгілі бір идеологияны қорғайды
немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше көре біледі; 2) партия –
адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясаттың
әр түрлі деңгейінде әжептәуір ұзақ біріктіретін ұйым; 3) партияның мақсаты
– билікті қолға алып, жүзеге асыру; 4) әр партия өзіне халықтың дауыс
беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.
Осы заманғы саяси партия дегеніміз не?
Саяси партия – бұл белгілі бір қоғамдық топтар мен таптардың саяси
мүдделері және қажеттіктерін білдіретін, мемлекеттік билікті жеңіп алу
жолымен өз мақсаттарын жүзеге асыруды көздейтін және сол билікті жүзеге
асыруға ұмтылатын мүдделі адамдардың ұйымдасқан тобы.
Саяси партия - әлеуметтік топтың немесе таптың неғұрлым белсенді және
ұйымдасқан бөлігі. Олар саяси билікке қол жеткізу үшін күреседі. Партиялар
ұйымдасқан таптар мен әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін, мүдделері мен
істеуіне белсенді түрде қатысады немесе оған белгілі бір дәрежеде ықпал
етеді. Партияның атқаратын қызметінің тұжырымды мәні мынада – ол халыққа
идеологилық әсер етеді, саяси сананы қалыптастыруда айтарлықтай рөл
атқарады. Саяси партиялар халықты үкіметпен, азаматтық қоғамды саяси
қоғаммен, мемлекетпен байланыстыратын тетік болып табылады. Саяси
партиялардың басқа ұйымдардан, қозғалыстар мен клубтардан негізгі
ерекшеліктері мыналар – олар саяси билікке, билік тетігіне қатысуға
таласады.
Партия саясаттың маңызды құрылымы болып саналады. Қазіргі таңда көз
алдыңа ең болмағанда бір партиясы жоқ мемлекетті елестету мүмкін емес.
Халық партия арқылы өздерінің топтық талаптарын билікке мәлім етеді,
басшылықты сынайды, саяси бағыттың және биліктің өзінің қол жеткізеді.
Партия топтардың биліктік мәні бар мүдделерін, олардың әрқилы мақсаттары
мен қажеттіліктерін рәсімдеп, оларды жоғары мемлекеттік институттарға
жолдайды. Сонымен қатар билік құрылымдары өздерінің алдында тұрған
міндеттерді шешу барысында қолдауға ие болу мақсатында партияларды халыққа
үндеу жолдау үшін де пайдалынады. Сонымен, партияның негізгі мақсаттары -
саяси жүйелерде билікті жүзеге асыруға бағытталады. Осы мақсаттарды
негізге ала отырып, партияның бағдарламасы жасалынады.

1 – тарау. Саяси партия саяси институт ретінде және Қазақстандағы саяси
партиялардың дамуы.

Саяси партияларды саясаттануда саяси институт ретінде жіктеп, жүйелеудің
көптеген белгілері мен өлшемдері бар. М.Дюверже 20 ғасырдың 50 жылдарында
сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты партияларды кадрлық және
бұқаралық деп екіге бөледі. Кадрлық – қатарында сайлаушылардың 10 % - ынан
кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Оның әрбір мүшесінің
партия билеті болады, мүшелік жарналарын уақтылы төлейді, жарғысында
қаралған тәртіпті мүлтіксіз орындайды. Мысалы, оған Австрия халық партиясы,
Англия консерваторлар партиясы. Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап дауыс
беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп болады. Бірақ олардың
ресми мүшелері болмайды. Мысалы, мұндайларға АҚШ – тың республикалық және
демократиялық партиялары, Англия лейбористер партиясы т.б. 60 жылдардың
аяғында жоғарыда аты аталған Ла Паломбараның көрсеткен екі партиясының
басқа әмбебап партиялар деген үшінші түрін бөліп шығарды. Олардың
ерекшелігі – партияның мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге
тырысуда. Мұндай партиялардың саны соңғы жылдары Еуропа мен Америка
елдерінде тез етек алуда.
Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды
төрт түрге топтастырады:
1. Авангардтық партиялар. Олардың үйымы жоғары орталықтанумен сипатталады,
өзінің барлық мүшелерінен партияның жұмысына белсенді қатынасуын талап
етеді. Мысалы, Үндістанның ұлттық конгресс париясы, бұрынғы СОКП.
2. Сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау
алдындағы науқанын ұйымдастыру – қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.б. Мысалы,
АҚШ – тағы республикалық және демократиялық партиялар.
3. Парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады – сайлауға
дайындалу және парламентке бақылау жасау. Мәселелерді алдын – ала
талқылап, қабылданатын шешімдерді сәйкестеу, келістіру үшін партиялар
парламенттер мен муниципалиттетрде жасайды. Мысалы, Германияда, Италияда,
Ұлыбританияда, Францияда солай.
4. Қауымдастықтың партиясы. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды
ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай өзара
қатынасып, маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі. Мысалы,
оларға “Жасылдар” партиясы жатады.
Саяси идеологиясына қарай партияларды бес түрге жүйелейді.
1. Коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы партиялар. Олар
К.Маркстің ілімін басшылыққа алады.
2. Социал – демократиялық партиялар. Олар қазіргі капиталистік қоғамды
еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы реформалап, өзгертіп отыруға
тырысады. Олар Австрияның, Германияның, Ұлыбританияның лейбористік
партиясы және т.б.
3. Буржуазиялық – демократиялық партиялар. Олар - қоғамда билік үшін
әрқашан ашық күрес жүруі керек, парламентте көпшілік дауыс алған партия
немесе партиялық бірлестік өкіметті билейді. Мысалы, Германияның еркін
демократиялық партиясы, Ұлыбританияның социал – либералдық партиясы және
т.б.
4. Консервативтік партиялар – негізінен ірі буржуазияның мүддесін қорғайды.
Мысалы, АҚШ – тың республикалық партиясы, Германияның христиандық -
әлеуметтік одағы, Ұлыбританияның консервативтік партиясы.
5. Фашистік партиялар. Олар жеке мүддеден мемлекеттік мүдденің басым
болғанын, басқаруда қатаң орталықтандырылуды, адамның құқықтары мен
бостандықтарын шектеуді қалайды.
Партияларды басты идеологиялық бағытына қарай революциялық,
реформистік, консервативтік, реакциялық деп те бөліп жүр. Революциялық
партиялар қоғамдық өмірді түбегейлі өзгертуге тырысады. Реформистік
партиялар қоғамда маңызды өзгерістер жасамақ, бірақ оның негізгі құрылысын
сақтап қалмақ. Консервативтік партиялар қазіргі әлеуметтік өмірдің негізгі
сипат, ерекшеліктерін тұрақты сақтап қалмақ. Реакциялық партиялар қоғам
дамуындағы өтіп кеткен формацияларға не дәуірлерге қайтып оралуды
көксеушілер.
Саяси тәртіпті қолдануына байланысты партиялар: демократиялық,
авторитарлық, тоталитарлық болып жіктеледі.
Саяси өмірдегі алатын орны, билікті жүзеге асыруға қатысына қарай саяси
партиялар: билеуші және оппозициялық болып бөлінеді. Билеуші партиялардың
қолдарына мемлекеттік билік тигендіктен оларға бүкіл қоғам дамуының басты
бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Белгілі бір қоғамдық
пікір тудырып билеуші партияға сырттай ықпал жасайды. Мұндай саяси
партияларды оппозициялық деп атайды.
Жұмыс істеу жағдайына, заңның рұқсат етуіне байланысты партияларды:
ресми, жартылай ресми, құпия деп жіктейді. Егер қоғамдық – саяси өмірге
қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіліп, мемлекеттік тіркеуден өтсе, жұмысын
ашық жүргізсе, ол ресми партия болып саналады. Біраз жағдайларда партияға
сырттай мойындаған сыңай білдіріп, шын мәнінде, жұмысына шек қойып,
кедергілер жасалады. Ал егер партияға заң бойынша тыйым салынып, жұмысын
астыртын, жасырын жүргізсе, ол құпия партияға жатады.
Партиялар жиылып, партиялық жүйені құрады. Партиялық жүйе – мемлекеттік
мекемелерді қалыптастыруға мүмкіндігі бар, елдің ішкі және сыртқы
саясатына ықпал ете алатын саяси партиялар жиынтығы. Билік үшін күреске
қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар: көппартиялық,
екіпартиялық және бірпартиялық болып топтастырылады.
Көппартиялық – мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси
партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару
түрін айтады. Онда үш және одан артық партия қатысады. Оларға – Австрия,
Бельгия, Даниядағы көппартиялықты жатқызуға болады.
Екі партиялық жүйеде (бипартизм) басқа да кішігірім партиялар болуы
мүмкін, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында
жүреді. Мысалы, АҚШ – тағы республикалық және демократиялық, Ұлыбританияда
– консерваторлар мен лейбористер, Германияда – христиандық демократтар мен
социал – демократтар жатады.
Бірпартиялық жүйе өзінен басқа, әсіресе бәсекелес партияларды
болдырмайды. Ол тоталитарлық және автолитарлық қоғамдарға тән. Ондай партия
бұрын КСРО - да болды, қазір Қытай, КХДР, Кубада бар. Демек, саяси
партиялық жүйе әр түрлі болады.
Саяси партиялардың жұмысы әдетте құқықпен немесе Конституциясымен
реттеледі. Себебі, олардың жұмысы саяси жүйенің принциптері мен
мақсаттарына қайшы келмеуі керек. Оларға жататындар: қоғамдық өмірде
партияның орнын конституциялық жолмен рұқсат ету, саяси жүйеде партияның
жұмыс істеу жағдайын белгілеу, сайлау жүйесінің жұмысына партиялардың
қатысуы, мемлекеттік бюджеттен партиялардың қызметін қаржыландыру.
ХХ ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік
жағдайы ауыр еді. Ресейдің отаршылдық езгісі күшейе түсті, одан қоныс
аударушылар қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алуын көбейтті, халықтың
жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың
жолын іздеді. Алғашында олар үміттерін Ресейдің кадет партиясына артты.
1905 жылдың желтоқсагында Орал қаласында А.Бөкейхановтың бастауымен
Қазақстанның бес облысының “ делегаттар съезі” шақырылды. Онда кадет
партиясының бөлімі құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Бірақ
кадеттер болсын, Уақытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан революциясынан
кейін де біздің өңіріміздегі ұлттық, аграрлық және т.б. мәселелерді шешуге
тырыспады. Ал қазақтардың өзін - өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөз
де қозғалмады. Осының бәрі А.Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, жаңа
“Алаш” партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы “Қазақ” газетінің 1917 жылғы
256 - санында арнайы мақала шыққан.
Бірінші бүкілқазақтық съезд Орынборда 1917 жылғы шілденің 21-26
арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірақ делегаттар басты
назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысын дайындау және қазақтың
саяси партиясын құру мәселелеріне аударды.
1917 жылы 21 қазанда Қазақ газетінде Алаш партиясы бағдарламасының
жобасы басылып шықты. Оның ең маңызды баптарына мыналар жатады: Ресей
демократиялық федеративтік республика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз
болуы керек. Ресей республикасында дініне, шыққан тегіне, жынысына қарамай
бәрі де тең болуы керек. Билік пен сот әр халықтың ерекшелігіне сай
құрылуы, би мен қазы жергілікті халықтың тілін білуі тиіс, барлық оқу
орындарында ақысыз білім және ол барлық адамдардың игілігі болуы керек және
басқалар.
1917 жылы желтоқсан айының бас кезінде Орынборда екінші жалпықазақтың
съезі шақырылды. Онда Алашорда үкіметі құрылды. Басшысы болып А.Бөкейханов
сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болды да, мақсатына жете алмады.
1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі кеңестік әскерлердің күшімен
талқандалды, “Алаш” партиясының басшылары мен мүшелері репрессияға ұшырады.
“Алаш” партиясы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар.
Біреулері ( В.Григорьев, П.Пахмурный, А.Сармурзин ) бұрыңғы коммунистік
идеологияның тұрғысынан оны “буржуазиялық – ұлтшыл” партия ретінде қарайды.
Екіншілері ( М.Қозыбаев, М.Қойгелдиев ) оны ұлттық – демократиялық партия
деп санайды. Шынында да, алаштықтар капитализмді құру немесе тек таза
ұлттық мемлекетті орнатуды өздеріне бағдарламалық мұрат етіп қойған жоқ.
Олар саяси еркіндікті аңсады, өркениетті адамгершілікті қоғам құрғылары
келді. Бұл буржуазиялық – ұлтшылдық емес, жалпы демократиялық мақсатқа
жатады. “Алаш” теориясы сияқты 1917 жылдың күзінде Қазақстанда “Үш жүз”
деген партия құрылды. Оның басшысы Қ.Тоғысов деген болатын. Ол
большевиктерге бағдар ұстап, “Алаш” партиясының басты оппоненті болды.
1918 жылы 1 қаңтарда Семейде большевиктердің партия ұйымы құрылып,
Кеңес өкіметі кезінде, республика тәуелсіздігін алғанға дейін жалғыз
басқарушы партия СОКП болды.
Қазақстанда көппартиялықтың қалыптасуының он жылдық тарихын үш кезеңге
бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезең 1991 мен 1995 жылдар арасын қамтиды. Бұл кезенде
қазақстандық қоғам мемлекеттің таразы саясатының сөның ішінде партиялық
құрылыстың арқасында қоғамның ұлттық нышанға қарай ыдырауының нақты
қатерінен аман қалды. Бастапқы кезде клубтық құрылымдар – жастардың саяси
клубтарын, “ресми емес бірлестіктерді”, “жасыл майданды” және басқа да
экологиялық топтарды құру арқылы басталған еді. Осыдан соң жалпы ұлттық
қозғалыстар ( 1989 – 1990 ) – “Невада – Семей қозғалысы”, “Мемориал”,
“Әділет”, “Желтоқсан”, “Қазақ тілі”, Тәуелсіз кәсіподақтың “Бірлесу”
қоғамдары құрылды. Ал 1990 – 1991 жылдардан бастап партиялық құрылымдарды
құрып қалыптастыру кезеңі басталды. Социал – демократиялық партиясы,
“Алаш”, “Желтоқсан”, партиялары, “Азат” азаматтық қозғалысы құрылды. “Қазақ
ССР – дегі қоғамдық бірлестіктер туралы” ( 1991 жыл ) заңның қабылдануы,
Қазақстан Коммунистік партиясының саяси аренадан кетуі ( 1991 жыл ), бұдан
соң КСРО - ның күйреуі Қазақстандағы көп партиялық жүйенің қалыптасу
үрдісін тездетті. 1991 жылғы 21 қазанда алғашқы партиялар – Қазақстан Халық
Конгресі, Қазақстан Социалистік партиясы, Қазақстан Республикалық партиясы,
Қазақстан Коммунистік партиясы, 1993 жылы Қазақстан Демократиялық прогресі
партиясы құрылып тіркелген.
1996 мен 1998 жылдар аралығында екінші кезенді республикадағы партия
құрылысының күрделі де қарама – қайшы процесінің тоқырау кезеңі деуге
болады. Осы уақыт ішінде партия саны 2 –ге ғана өсіп, 1998 жылдың аяғында
республикалық мәртебеге ие болып тіркелген 10 саяси және 8 қоғамдық – саяси
қозғалыс партия ресми түрде жұмыс жүргізді.
Үшінші кезең 1999 жылдан басталып қазіргі уақытқа дейін жалғасып отыр.
Қазақстанның және Орта Азия елдерінің тарихында тұңғыш рет 1999 жылы
болған Қазақстан Республика Парламентіне сайлау саяси партиялардың тепе –
тең өкілдері жүйесімен партиялық тізімдер бойынша жүргізілді. Бұл
Қазақстандағы партия құрылысына күшті болды. Сайлау екінші кезеңдегі
“тоқырауды жарғандай ” болды және жаңа саяси партиялардың қаулап өсуіне
себеп болды.
1999 жылы Қазақстанның азаматтық партиясы ( ҚАП ), Қазақстанның
Республикалық Халық партиясы ( ҚХРП ), “Азамат” демократиялық партиясы,
Қазақстан аграрлық партиясы, Республикалық “Отан” саяси партиясы құрылды.
Қазір республикада ресми түрде тіркеклген 26 партия жұмыс істейді.
Қазақстан қуатты және дербес партиялардың болуына мүдделі. Өйткені көптеген
партиялар халықтың кең көлемді қолдауына сүйене алмайды. Олардың қызметі
формалды сипатқа ие болуда, көпшілігінің бағдармалары бір – біріне ұқсас
және жекелеген партиялардың саясаты олардың жетекшілерінің ұстанған
бағыттарымен анықталады. Қазақстандық көппартиялық Партиялық
демократияда ең негізгі жүйе болып табылады, бірақ ол қоғам мен билік
арасындағы байланыстырушы ролін атқара алмай келеді.

2 – тарау. Қазақстан Республикасының саяси партиялары.

Республикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Партияның басшы органдары
Партия – саяси институт ретінде
Қазақстан Республикасындағы саяси партияларға түсінік
Саяси партия ұғымы
ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы
Партиялар типологиясы
Қазақстандағы саяси партиялар
Саяси партиялардың қоғамда алатын орны
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар имиджі
Саяси партиялардың пайда болуы ,құрылысы
Пәндер