Қазақ халқының XVIII ғасырдағы мәдениеті



Қазақ халқының XVIII ғасырдағы мәдениеті өткен дәуірдің мәдениетімен, оның озық дәстүрлерімен сабақтасқан байланыста болды. Сонымен қатар бұл кезде онда жаңа құбылыстар да бой көрсетті. Халықтық мәдениет пен феодал - байлар мәдениеті арасындағы қайшылық айқынырақ білінді, рас, ол әлеуметтік-экономикалық жағынан неғұрлым дамыған мемлекеттер мәдениетіндегідей онша айқын көрінетін нысандар ала қойған жоқ еді.
XVIII ғасырға дейін қазақ ақындарының есімдері, олардың әрқайсысының шығармашылығы, олар өмір сүрген уақыт белгісіз дерлік еді. Сыпыра жырау, Шалкиіз жырау және басқалар шежірелерде, аңыз-әңгімелер мен эпостарда ғана аталады, бірақ олардың өмірі мен шығармашылығы жайлы нақты деректерді біз білмейміз. Тек XVІII ғасырдың орта кезіңен, қазақ жерінің едәуір бөлігі Ресейге қосылған кезден бастап орыстың ғалымдары мен казақ зиялыларының жекелеген өкілдері ақындар, импровизатор-әншілер, жыршылар туралы деректер жинап, олар шығарған өлендер мен жырлардың текстерін жинауды қолға алған. Ақындар мен жыршылардың кейбіреулері шығармаларын өздері жазып алып отырған. Соның арқасында олардың өлеңдерінің түпнұсқа текстері сақталып қалған.
Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алған XVIII ғасырдың белгілі жырауы Бұхар жырау Қалқаманұлының (1685-1777) бірнеше туындысы сақталған, ол осы күнгі Павлодар облысының Баянауыл ауылында туып-өскен. Жырау феодалдық құрылысты сақтап, нығайту идеясын білдіретін көптеген дидактикалық өлең-толғаулар шығарды. Орта жүздің ханы Абылайды қолдап, кейбір жағдайларда оның ел басқару жөніндегі істеріне, әр түрлі таластар мен дау-жанжалды шешуіне елеулі ықпал жасап отырған.
Бұхар жырау сонымен қатар шығармаларында өз заманындағы кейбір маңызды тарихи оқиғаларды дұрыс бейнелеп көрсетті, өзекті тақырыптарының бірі - Отанына деген сүйіспеншілік, патриотизм. Ол қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресін жырлады, халықты бірлікке, ерлікке шақырды, бұл күрестің қаһармандары -Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек батырларды мадақтады.
XVIII ғасырдың импровизатор ақыны әрі жырауы Тәтіқара еді. Ақын

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ XVIII ҒАСЫРДАҒЫ МӘДЕНИЕТІ
Қазақ халқының XVIII ғасырдағы мәдениеті өткен дәуірдің мәдениетімен,
оның озық дәстүрлерімен сабақтасқан байланыста болды. Сонымен қатар бұл
кезде онда жаңа құбылыстар да бой көрсетті. Халықтық мәдениет пен феодал -
байлар мәдениеті арасындағы қайшылық айқынырақ білінді, рас, ол әлеуметтік-
экономикалық жағынан неғұрлым дамыған мемлекеттер мәдениетіндегідей онша
айқын көрінетін нысандар ала қойған жоқ еді.
XVIII ғасырға дейін қазақ ақындарының есімдері, олардың әрқайсысының
шығармашылығы, олар өмір сүрген уақыт белгісіз дерлік еді. Сыпыра жырау,
Шалкиіз жырау және басқалар шежірелерде, аңыз-әңгімелер мен эпостарда ғана
аталады, бірақ олардың өмірі мен шығармашылығы жайлы нақты деректерді біз
білмейміз. Тек XVІII ғасырдың орта кезіңен, қазақ жерінің едәуір бөлігі
Ресейге қосылған кезден бастап орыстың ғалымдары мен казақ зиялыларының
жекелеген өкілдері ақындар, импровизатор-әншілер, жыршылар туралы деректер
жинап, олар шығарған өлендер мен жырлардың текстерін жинауды қолға алған.
Ақындар мен жыршылардың кейбіреулері шығармаларын өздері жазып алып
отырған. Соның арқасында олардың өлеңдерінің түпнұсқа текстері сақталып
қалған.
Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алған XVIII ғасырдың белгілі
жырауы Бұхар жырау Қалқаманұлының (1685-1777) бірнеше туындысы сақталған,
ол осы күнгі Павлодар облысының Баянауыл ауылында туып-өскен. Жырау
феодалдық құрылысты сақтап, нығайту идеясын білдіретін көптеген
дидактикалық өлең-толғаулар шығарды. Орта жүздің ханы Абылайды қолдап,
кейбір жағдайларда оның ел басқару жөніндегі істеріне, әр түрлі таластар
мен дау-жанжалды шешуіне елеулі ықпал жасап отырған.
Бұхар жырау сонымен қатар шығармаларында өз заманындағы кейбір маңызды
тарихи оқиғаларды дұрыс бейнелеп көрсетті, өзекті тақырыптарының бірі -
Отанына деген сүйіспеншілік, патриотизм. Ол қазақ халқының жоңғарларға
қарсы азаттық күресін жырлады, халықты бірлікке, ерлікке шақырды, бұл
күрестің қаһармандары -Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек батырларды мадақтады.
XVIII ғасырдың импровизатор ақыны әрі жырауы Тәтіқара еді. Ақын
қатардағы жауынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысты. Жорықта туған
өлеңдерінде ол жауынгерлерді бостандық жолындағы күресте ешқандай қиыншылық
алдында бас имеуге шақырды.
Шал, Көтеш, Жанкісі сияқты ақындар өлеңдерінде әлеуметтік теңсіздікті,
хандардың халыққа жасаған зорлық-зомбылығын әшкереледі. Импровизатор
ақындардың өлеңдері халық бұқарасында ұғымды, түсінікті тілде орындалатын.
Ақтамберді жырау (1675-1768) эпикалық жанрдың ақыны еді. Батырлардың
қаһарман ерлігіне тәнті болған ол жас ұрпақты табандылық пен ерлікке
шақырды. Қаһармандыққа, жауынгерлік ержүректілікке үндеу, жаудан қаймықпай,
батыл қарсы шабуылға, ешқашан оның алдында шегінбеуге шақырған үндеуі -
жыраудың бүкіл шығармашылығының арқауы.
Кедей ортадан шыққан Көтеш ақын (1745-1818) өмір бойы жоқшылық тауқыметін
тартты. Оның шығармасының басты сарыны - кедейдің азапты өмірін көрсету,
қоғамдағы әділетсіздікті әшкерелеу.
Көптеген жыраулардың шығармасына тән қайшылықтарына қарамай, олар
қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алды.
Қазақгардың ауызекі әдебиетінің барлық негізгі белгілері мен
дәстүрлерін сақтаған өлендерде жазба поэзияға тән элементтер де бар. XVIII
ғасырдың тарихи жырларының негізгі тақырыбы қазақтардың жоңғар феодалдарына
қарсы айбынды күресі болды. Халықтың жоңғарлармен шайқастары туралы өлең,
жыр, аңыз-әңгімелерінде батырлар мен қатардағы жауынгерлердің ерлігі
мадақталады, олардың дұшпанға деген өшпенділігі, өз халқының бостандығы
және тәуелсіздігі үшін күрестегі табандылығы мен қаһармандығы дәріптеледі.
Халықтың ауызекі әдебиетінде қазақ билерінің шешеңдік сөзі ерекше орын
алады. Халықты бірлікке, сырт дұшпанға қарсы ынтымаққа, қарулы көтеріліске
шақырған: үйсін руынан шыққан Төле бидің, Қаракесек руынан шыққан қаз
дауысты Қазыбектің, Алшын руынан шыққдн Әйтекенің пафосқа толы нақыл
сөздерінің кезінде зор саяси маңызы болды.
XVIII ғасырда туған фольклорлық үлгілер сол дәуірдегі халықтың рухани
өмірін сипаттайды. Эпикалық өлеңдер, тарихи әңгімелер, халық әдебйетінің
тағы басқа үлгілері халықтың даналығына көз жеткізіп, оның тарихи
оқиғаларға тура баға бере алуымен қайран қалдырады.
XVIII ғасырдың аяғында халықтың сауаттылығы бұрынғысынша өте төмен
деңгейде болды. Тек қана дін қызметкерлері мен үстем феодал-сұлтандар
тобының жекелеген өкілдері оқу-жазуды білетін ал үстем дін ислам
болғандықтан оқу тек мұсылмандық сипатта ғана еді.
Мектептер жеке адамдардікі болды да, шәкірттердің ата-аналарының
есебінен ұсталды. Олардың көпшілігінде араб тілін нашар білетін молдалар
дәріс берді.
Білім алуын жалғастыру үшін ауқатты ата-аналардың балалары Бұқар,
Самарқан, Ташкент және ортаазиялық мұсылман мәдениетінің басқа да
орталықтарына жіберіліп отырды, мұнда олар араб тілін, араб философиясын,
т.б. оқып үйренді.

Ақындар поэзиясының мән-жайын тануда, оның жасаушы шеберлерін
бағалауда аталмыш қағидалар шешуші рөл атқарады.
Әрбір өнер туындыларының өз шебері, жасаушы өнерпаздары болатыны,
ешбір өнер туындысының көктен даяр күйінде түспейтіні әркімге ақиқат.
Сондай-ақ қазақ поэзиясын жасаушылар да өз халқының арасында туып-өскен
халқының талантты перзенттері. Әр тұста ағаштан түйін түйіп, қыш пен тасқа
ою ойып, мәрмәрден мүсін салған шеберлер сияқты сөз кестесін құра білген,
тіл құдіретін игерген асыл сөз шеберлері болған. Оларды халық әр түрлі
атаулармен атап, қадірлеген. Айталық, қапияда сөз тауып, өз сөзінің жүйелі-
логикалы күшінің арқасында асқынған дауды шешкен, бітіспес жауды бітімге
жүгіндірген, күлместі күлдіріп, жүрместі жүргізген өнерпазды халық шешен
деп атап, олардың билігін әділ қазылық деп ұққан. Заманының қоғамдық ойын
жүйелеп, түйінді пікір айтып, асыл сөз термелеп, афористік ақылдарға
толы жыр шығарған сөз өнерпаздарын жырау деген атауларға ие еткен. Белгілі
ақындар мен жырау-шешендер шығармаларын қайталап айтып, елге кең
таратушыларды — жыршы, өлеңші, термеші, ертегіші, мысалшы-мысқалшы деген
тәрізді атаулармен атап келген, Бұлардың әрқайсысының талант-талғам,
қабілет-мүмкіншіліктері әр түрлі болғандықтан олар өз талантына лайықты
бағаланған. Жыр орындаушылар ішінен шеберлігі өсе келе шешен, жырау, ақын
боп кететіндер де, белгілі автор шығармаларын қайта жырлап, тіпті иеленіп
кететіндер де болған.
Осы сияқты жағдай тек сөз өнерін қуған өнерпаздарда ғана емес, басқа
өнер салаларыңда да кездеседі. Мысалы, ән-музыка өнерін, ән-күй шығарушы
композиторлар (әнпаз, күйпаздар) қауымын алайық. Асқак, дауыс иелері —
әншілер деп аталса, музыкалық туыңдыны — күй шығарушыны, күйшілер деп
атаған. Музыкалық шығарманы, әуен-әуез туыңдыларын орындаушылар тобы онша
жіктелмей бір атауға ие болып, домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, т. б. деп
(қолданған аспабына сай) атанған. Кейде осы өнер иелерін іс-әрекет
ерекшеліктеріне қарай (жеке басын ұстауына) жіктеп, оларды сал, сері деген
тәрізді атаулармен атап отырған.
Көркем сөз өнерінің көне шеберлерін қазақ халқының жырау деп атап
келгені мәлім. Жыраулар поэзиясының өріс алған кезеңі — XIV—XVІІ ғасырлар.
Бұл тұстағы әдебиетіміздің қай саласы болмасын оған жыраулардың қатысы мол
болды. Ауыз әдебиеті туындыларын ілкі жасаушылар да ескі әдеби дәстүрлерді
кейінге жалғастырушылар да шешендер мен жыраулар еді. Олар шығарған әдебиет
үлгілері — негізінен замана, қоғам, өмір туралы ойлы-сырлы толғаулар, ақыл-
өсиет түріндегі шешендік сөздер, мақал тақылетті тұспал-дидактикалық
термелер, сондай-ақ, елді жеңіске бастаған батырлардың көзсіз ерлігін
жырлаған ерлік эпосы, ел қожаларын дәріптейтін мадақ жырлар, қайғылы қазаға
байланысты азалы сөз, естірту, жоқтау немесе қара қылды қақ жарған әділ
қазы ия болмаса табан асты тапжылтпастан сөз бастап, терең ойымен жұртты
ұйытқан ақыл иелерін қошемет тұтар арнаулар болатын.
Ақын сөзінің мән-мағынасын тап қазіргі кезде түсіндіріп жату
мүлде артық. Ол туралы жазылған арнайы зерттеулер де баршылық. Бұл сөздің
шығу тегін проф. Е. Ысмайылов өзінің „Ақындар" атты (1956) еңбегінде егжей-
тегжейлі түсіндірген. Сондай-ақ оның жырау, жыршы, сал, сері, өлеңші
деген атаулар туралы берген анықтамалары да талас тудырмайды. Бұлар—
қазақтың байырғы ұғымдарының балама төл атау сөздері. Сөйте тұрса да, осы
тұста кейбір деректерді келтіре кетудің ар-тықшылығы жоқ. Араб тіліндегі:
шәғири — шайыр, ақын; шиғыр — тақпақ, тұспал, терме; шигіри— поэзия деген
ұғым беретін сөздердің қазақтың жырау, жыр, шайыр, термеші деген сөздерінің
қалыптасуына ықпалы болмады ма екен деген сұраудың ойландыратынын ескерте
кеткіміз келеді. Бұл— әрине, арнайы зерттеуді қажет ететін мәселе.
Ақын деген жалғыз сөзде қанша мән-мағына, қадір-құрмет жатыр?!
Халықтың көкейіне бірден қона қалатын және оның ойы мен бойына терең дарын,
қуат нұрын құйып, көңіліне көтеріңкі сезім беріп, еліктіріп жіберер ерекше
күші бар сөз ғой бұл. Мұны айтқанымызда ақын сөзінің ілкі мағынасын еске
алып, ақын-импровизатор өнерінің құдірет-күшін де беретін сөзді қоса
білдіріп отырмыз. Табан асты суырып салып, дайындықсыз өлең арнасын ашып
жіберіп, нөсерлі сөз тасқынын төге салатын ақпа ақыңдық өнер иелерінің
қабілеттері — таңданарлық құбылыс.
Ақын терминінің бұл ұғымы қазір әлдеқайда кеңейді. Онымен енді жазба
әдебиет өкілдерінің поэзиясымен айналысатын тобын да атайтын болды. Халық
арасында қалыптасқан импровизаторлар да, оқып тәлім-тәрбие алған
профессионал қаламгерлер (поэтттер) де ақын деп аталды. Поэт деген жаңа
сөзге көңілі толмаған халық өзіне үйреншікті және қадірлі ақын атауын
жаңа мағынада қолданып кетті. Асылы, ақын сөзін қазіргі „поэт" деген ұғым
беретін грек тілінен шыққан сөздің аумағына сыймайтын, өзінің ұлттық төл
мағынасы бар ұғым беріп, естіген құлақты елең еткізбей қалмайтын қасиетті
сөз деп ұғады халық. Халықтық ұғымдағы ақын сөзінен ойға оралатын сөз
кестесі өлең ғана емес, асқақ ән, әзіл-оспағы аралас ойнақы терме-жыр, оны
сүйемелдейтін әсерлі әсем сазды музыка үнімен ақыңды тыңдаған қошаметшіл
топ, думанды алқа бар. Ондай ортаға құйқылжыған көңіл-күй, жаны жас,
көкірегі кең, арманы асқар, қиялы ашық аспанды шарлап қанат қағар сері
жандар тән болса керек.
Иә,байырғы қазақ ұғымындағы ақын сөзі, міне, осындай көп мағыналы ұғым
туғызатын сөз екен. Сондықтан, нағыз ақын атқарар қоғамдық мәні зор
міндетті кез-келген ақтай алмайды. Көкірегінде ақындық бұлақтың көзі бар
нағыз талант иесі ғана ақтайды.
Ақындық — ең қиын өнердің бірі. Тереңнен толғанып, тебірене тер
төгілмесе, сөз маржаны терілмейді. Өнерпаздың бойында қайнауы жетіп,
қисынын тауып, санасында пісіп, жетіліп, дүниеге келген туынды ғана ақын
атағын шығарады. Халқының қадір-құрметіне бөленіп, өнер көкжиегінде із
қалдырады. Көркем сөзге әуестің бәрі ақын емес, тек жай өлеңші, термеші,
жыршылар ғана. Асылы, елден-елге даңқы кең жайылып, өнерін асырған жандар
ғана осы бір қадірлі атақты ақтай алған. Ал, „қазақта не көп, ақын көп"
деушілік — ақын деген сөздің мәнін әлсіретіп, арзандатып жіберуден туған
жақсақ ұғым. Кейде әлі танылмаған әуесқой талапкерлер де осы атаққа оңай ие
болғысы кеп, көкірек соғып, өзін-өзі ақын деп жариялайды. Сөйтіп, ондай
жандар ақын деген қасиетті ұғымға кір жұқтырады.
Өткен қоғамының менменшіл, тәкаппар топас тобы ақындық өнердің қадірін
түсіруге тырысып отырған, олар өнерді қорлап, өктемдік көрсетіп, ақындық
өнерді бақсылық кәсіп деп те ұғындырмақ болған. Өздерінің бой-ына жат
ақындық өнерге барынша қарсы шығып, оны кемітіп асыл сөздің құнын
арзандатып жіберуді көздеген. Кейде, тіпті, ақын деген қадірлі атақты аяққа
басып, күлкі-мазаққа айналдырып қорлауға дейін барған. Бұған өткен
замаңдағы Ақан сері мен Біржан салдар өмірі айғақ... Осындай себептердің
салдарынан өткен замаңдағы озбыр ортада өскен кейбір ақындар өзінің ақындық
талантын жасырған немесе басқа бір адамның атынан өз жырларын шығарып
отырған. Кезінде ақыңдық дарынын ұзақ жылдар жасыруға душар болған ақындар
ішінде қазақ әдебиетінің кемеңгер тұлғасы Абай Құнанбаевтың да брлғанын
айтуға болар еді. Ұлы ақынның жасырақ кезінде шабытты шағын кемел пайдалана
алмай, қырық бестің ол жақ, бұл жағында ғана өз бойыңдағы ақындығын ашуға
мүмкіндік алғаны мәлім. Бірақ Абай ақындық атақты жасынан иемденбесе де,
оның еңбегі еш кеткен жоқ. Ол өз бойындағы табиғи талантын ұзақ іздену
арқылы жетілдіре жүріп, ой-бойы әбден толысқасын барып, шабыты қанаттанып,
поэзия маржанын игеріп, мүлде өзге, жаңа тұрпаттағы ақын болып шықты.
ТӨЛЕ ӘЛІБЕКҰЛЫ
(1663—1756)
Қазақтың төреші, әрқашан әділ төбе биі. Тәуке ханның тұсында лауазымы
ханнан кем түспеген, ал Тәуке өлгеннен (1715 ж.) кейін бар билікті өз
қолында ұстаған сенімді ел басшысы. Зор ақыл иесі дана адам. Жоңғар
шапқыншылығы кезінде қызмет етіп, талай қасіретті халқымен бірге тартқан,
зарына зар қосып, тарихтың ең ауыр жүгін арқалаған қайыспас қара нары. Ел-
жұртының тыныштығын көздеп, ұтымды саясат жүргізе білген көреген көсем.
Шабылған, босқын күй кешкен халқына дем беріп, жоңғар қонтайшыларының ауыр
салығын төлеп, өз баласын оларға кепілдікке беріп, жауын келіссөзге
келтірген. Орта азиялық көршілерімен де келісім жасап, оларды жоңғарларға
қарсы жұмылдыру әрекетін жасап баққан. Ташкент жұртын өз аузына қаратып,
қоқандардың қоқан-лоқысын басқан. Ал кейінірек өз бетімен патша өкіметімен
де тілдесіп, олардан қашпайтындарын, тату-тәтті алыс-беріс жасап, сауда-
саттықты жолға қою, тіпті патшаға бас июге де тартынбайтынын айтқан.
Шабылған қазақ елінің сол тұстағы ауыр жағдайы оны бұған мәжбүр еткен.
Халық арасына тараған аңыздар Төле бидің бала кезінде-ақ ел билігіне
араласқан, тапқыр әділ билік айтқын болғанын растайды. Сыртқы жаудан
ығысып жүрсе де, өзара жер, суға таласқан дауды ол бала кезінде шешіп,
оларды келістіріпті. Сондағы Төле сөзі:
Ақты ақ деп бағалар,
О, игі жақсы ағалар!
Өзегі талса ел біткен
Өзен бойын жоғалар.
О, игі асқар тауымыз,
Әділ ме осы дауымыз?
Жар астында тұрғанда
Жасырынып жауымыз?!
Осыңдай төрелігін қабыл алған ел билері оған былай деп бата берген
екен:
Үй баласы ма деп едім,
Ел баласы екенсің.
Ай маңдайлы арысым,
Талабың алдан өтелсін.
Ауылыңның таңы бол,
Маңдайдағы бағы бол.
Бөгенбай екеуі басшылық етіп өткізген Қарақұмдағы түгел қазақтардың
құрылтайындағы тебіренісі деп болжауға болады.
Төле бидің бір топ толғау-термелері 1991 ж. „Мұраттас" ғылыми-зерттеу
орталығынан шыққан „Төле би" жинағында жарияланды (Оны баспаға даярлаған С.
Дәуітов). Аталмыш жинақта жарық көрген толғаулары Төленің жәй қара бидің
бірі емес, талантты жырау, көркем сөздің шебері екенін анықтай алады. Ең
алдымен, Төле би ел мақсатын жоғары қоя білген, тәуелсіздік үшін жан аямай
күрес жүргізуге үндеген халық қамқоры болып көрінеді. Ел басшылары
арасындағы алауыздыққа қарсы шығып, бүкіл қазақты бірлікке, ерлікке
үндейді.
ҚАЗЫБЕК КЕЛДІБЕКҰЛЫ
(1667—1765)
Қазақтың тұтас бір елдігін көксеп, жарғақ құлағы жастыққа тимей, өле-
өлгенше ұзақ та нәтижелі өмір кешкен аты шулы шешен биіміз Қаз дауысты
Қазыбек. Қазақтың үш жүзін бір хандыққа қаратып, оның орта жүзінің тізгінін
берік ұстаған беделді биі, әділ қазы, асқан талант иесі. Тәуке ханның
беделін беркітіп, халқының бірлігін нығайту, қаптаған қалың жоңғарға қарсы
ерлік күрес ашып, ер жүрек қазақ ұлдарын ел мүддесін, ұлтының ар-намысын
қорғауға үндеп өткен дана басшы, салиқалы сөз, салмақты мінез танытып,
жастайынан ақыл-парасатымен жоғарыдан көрінген, өзіндік жол-жосық
бастаулары бар ұшқыр ойлы, жаны таза кемеңгер. Шешімсіз дау қалдырмай, қиын
түйіннің жігін тауып, бойындағы сөз маржанын жеріне жеткізе, өзіндіре,
серпілте сөйлеп, күмәнсіз сендіре білген қызыл тілдің шебері, айтыс-
тартыста озып шыққан жүйелі сөздің жүйрігі, тайынбай, тайсалмай, шындықты,
әділетті жақтаған абзал азамат. Халқымыздың басына қайғылы күн туып,
берекесі кеткен ауыр заманында ел-жұртын сақтап қалу үшін өмірін сарп еткен
ардагер асқан ақыл иесі. Қара түнек қаптаған қазақ аспанына өмір сәулесін
шашқан жарық жұлдызы.
Жоңғардың басым кезінде, оның аузынан от шашқан қонтайшыларынан
жасқанбай, ешбір қатерден қорықпай, өзіне төнген найзаның бетін қайтарар
қаһарлы тапқыр, алғыр, батыл қимылдарын, өжет сөздерін қоя білген ер жүрек
адам. Қонтайшылардың үш рет тонап кеткен елінің есесін ол осы бір қасиетті
істері арқылы түгел қайтарған екен. Қара күшке қасқайып қарсы барып жеңіске
жеткен.
Қазыбектің:
„ Алтын ұяң — отаның қымбат,
Құт береке — атаң қымбат,
Мейірімді анан, қымбат,
Асқар тауың — әкең қымбат,
Туып өскен елің қымбат,
Кіндік кескен жерід қымбат,
Ұят пен аp қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат"—
деген сөздері қазақ жастарының ғасырлар бойы өнегелі өсиет ретінде
естерінде сақталып келеді, сақтала бермек. Осындай өнегелі өсиет сөздерді
Қазыбек көп айтқан. Мысалы:
Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма —
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десен,
Өршіл болма —
Өскенінді өшірерсін,.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма —
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын-қыстау күндерде,
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба!
Бақталас батырларға, өркөкірек тақ иелеріне, шешенсінген ділмарларға,
келешегінен дәмелі жас ұрпаққа қаратып айтқан ақыл-нақылдарының мән-маңызы
өз тұсында да көп кейінде көпшіліктің ең керек сөздерінен саналған.
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Көшінің ең соңы болады.
Немесе:
Көшерлік жерде түйе азады,
Жетімдік көрсе қыз азады,
Елінде жаугершілік болса,
Тағында хан азады,
Табындағы бие азады.
Қазыбектің бізге жеткен мұралары — хан, би, батыр, ел азаматтары
арасыңда жүріп, кезі келген тұста, әр салада айтылған шешендік тұспал,
өсиетті өрнекті сөз, екеуара тіл қағыс-диалог немесе улы жиында айтылған
монологке ұқсас толғаулар. Алқалы топ алдында ақтарыла айтылған терең
тебіреністі тұспал сөздер, ақылдың терең кенінен бұрқырап атқан асылдың
ұшқындарындай жарқ-жұрқ етіп көз тартады, көңіліңді байытады.
Қазыбек шешендігін тек ел басылар ғана емес, соған қоса қарапайым жұрт
жоғары бағалап, одан ақыл-кеңес алып, төресіне жүгінген. Әділдікті
Қазыбектен ғана тауып оны ерекше бағалаған. Кейде оған қарапайым сұрақтар
қойып, пікірлер қоздырып, әділет пен адамгершілік ережелерін туындатқан.
Мысалы, елінің бір адамы биге келіп, оған: „Кім жақын, не қымбат, не
қиын?"—деген сұрақтар қойған. Осы үш сұраққа ол үш шумақ өлеңмен жауап
берген екен. Кім жақын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан мәдениеті
XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Қазақстанның XV-XVIII ғасыр мәдениеті
Қазақ халқының музыкалық мұрасы
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
XVII-XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ӨМІРІ
Ежелгі славяндардың мәдениеті
XVIII ғасырдағы қазақ халқының әлеуметтік өмірі және мәдениетіндегі ескерткіштер
Тарихи деректерді жіктеу
XVIII-XX ғасырлардағы қазақ мәдениеті
Пәндер