Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі.

ХVІІІ ғасырда Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерінің географиялық жағдайына қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Оның әрбір жүзінің өзі Еуропадағы әлденеше шағын елдер мен мемлекеттерді сыйдырарлық көлемдегі жерлерді жайлады. Қазіргі Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарын мекендеген Кіші жүз, Орталық Қазақстанға жататын аймақтарды мекендеген Орта жүз, елдің Оңтүстік және Оңтүстік - Шығысын қоныс еткен Ұлы жүздің әрқайсысының өз хандары болды. Кіші жүзде - Әбілхайыр, Орта жүзде - Сәмене /Шахмұхамбет/. Ұлы жүзде - Жолбарыс, Түркістан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке еді. Бұл хандардың ақылшысы болған, үш жүздің басын біріктіріп, даулы істеріне билік айтып, береке бастаушы болған Кіші жүздегі Әлім руынан шыққан Әйтеке биді, Орта жүздің биі арғын, Қаракесен руынан шыққан Қаз дауысты Қазыбек биді, Ұлы жүздің биі үйсін, жаныс руынан шыққан атақты шешен Төле биді, Үлкен Орданың сарай ақыны Бұқар жырауды бүкіл қазақ жұрты, алты алаштың адамдары жақсы біледі.

Қазақ және ойрат әміршілерінің арасында жайылымдық жерлер үшін ірі қақтығыстар ХV ғасырдың өзінде басталған болатын. ХV ғ. Аяғында ойраттардың шағын бір бөлігі сәтсіз шабуылдан кейін қазақ ханы Тәуекелге бағынышты болып шықты. 1635 ж қоңтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Осыдан соң, олар ХVІғ аяғында ХVІІ ғ басында қазақ хандығына бытыраңқы ойрат тайпалары қарсы болса, ХVІІ ғ екінші ширегінде күштердің ара салмағы жоңғар тайпаларының пайдасына өзгере бастады. Қазақ-жоңғар қатынастары, әсіресе Батур-Қоңтайшы /1634-54 ж/ билік құрған кезде ерекше шиеленісе түсті. Одан кейін Ғалдан - Бошакту (1670-1697) билеген кезде, оның мұрагері Цеван-Рабтан (1697-1727) өкімет басына келгенде қазақ-қалмақ қатынастары қатты шиеленісіп кетті.

1698 жылдан ойраттар мен қазақ хандары арасындағы қарулы қақтығыстардың жаңа кезеңі басталды. Жоңғарлардың әскер басшылары маңызды сауда (басшылары) жолдары өтетін және ірі сауда орталықтары орналасқан Оңтүстік Қазақстан жерін басып алуды көздеді. Қазақтың Сығанақ, Түркістан, Отырар, Сайрам, әсіресе Созақ қалалары жоңғарлармен күресте өзіндік стратегиялық тірек бекетіне айналды. Тәуке ханның ойраттармен күрестегі кейбір сәтті шайқастары оған үлкен жеңіс әкелмеді, соғыс барысындағы басымдық ойраттардың жағында болды.

Жан-жақты әскери дайындығы бар және шабуыл жасайтын жерлердегі жағдай жөнінде толық мағлұмат жинаған жоңғарлар 1710-1711жылдары қазақ жеріне басып кіріп, қырғын соғыс жүргізді. Көп олжа алып, кері оралған олар 1711 ж жазда Аякөз өзенінің жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандап жеңді. Келесі жылы жоңғарлардың әскері тағы да қанды жорыққа аттанып, Бөген, Шаян, Арыс өзендерінің бойында қазақтарды қырғынға ұшыратты.

1718 ж Тәуке хан өліп, билік оның баласы Болат ханға өткен тұста қалмақтардың қазақ жерлеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің артиллерия сержанты Иогани Густав Ренаттың тигізген әскері үлкен. 1709 ж Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалады, осында Ертістің бойымен жоғары өрлеп бара жатқан Бухгольцтың экспедициясы құрамында Кереку қаласының маңында 1715 ж қыста ол қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 ж дейін қалмақтардың қолында болған ол қалмақтарды темір балқытып зеңбірек жасауға, оның оғын дайындауға, тіпті баспахана жасап, әріп қоюға үйретеді. Сонымен бірге қазақтарды өз қол астына түсуге мәжбүр еткісі келген Ресей қалмақтарға Сібір бойындағы бекіністерден зеңбірек берген деседі. Ренаттың көмегімен зеңбірек атыс жарақтарын жасап, жүз мыңнан астам әскер құрап, қалмақтар қазақтарға қарсы соғысқа дайындалып жатқанда қазақтар жағы олардан қауіп күтпей, ішкі талас-тартыспен жүрген болатын. Бұл тұста қазақтар мен қалмақтардың шекарасы Ертіс өзені, Балқаш көлі, Шу, Талас өзендерінің аралығымен өтетін.

1723 ж көктемінде қазақ жерін бет қаратпай басып алуға әбден бекінген жоңғарлар шешуші жорыққа шықты. Мол әскер жинап, барынша толық қаруландырып, оның қолбасшылығына Шуно Дабо деген қалмақ баһадүрін тағайындайды. Оның тактикалық жоспары бойынша қалмақ әскерлері стратегиялық екі бағытта қимыл жасауға тиісті болды. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен Талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт - қазақтарға ес жиғызбай соққы беріп, Шыршық өзенінің қойнауына жету еді. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзенінің күншығыс бойына, Кеген өзенінің күншығыс жағындағы Кетпен тауының баурайына орналасты.

Сөйтіп, Алатау баурайын жайлаған қаннен-қаперсіз отырған қалың елге шабуылға шыққан қалмақ әскерлері қазақтардың қанын судай ағызды. Еркек кіндікті адамдарды қырып, әйелдерді, қыздарды байлап-матап алып кетті. Бейғам отырған ел басқыншыларға ешқандай қарсылық көрсете алмады. Шапқыншылықтың басты ауыртпалығы Ұлы жүздің, Жетісудың халқына түсті. Ешбір бөгетсіз, қарсылықсыз, жолындағының бәрін жайпап келе жатқан зұлым жау араға көп уақыт салмай Орта жүз бен Кіші жүздің жеріне жетті.

Малын, қонысын тастап, бала-шағасынан, туысқандарынан айырылып босқан халық беті ауған жаққа қашып-пысуға мәжбүр болды. Ұлы жүз бен Орта жүздің қазақтары Самарқанд пен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұқараға ағылды. Босқындардың біразы Алакөл маңына келіп паналады. Мұхаметжан Тынышбаевтың айтуынша, орта Азияда осындай екі көл болған. Оның біріншісі - сырдың сол жақ бетінде, Бетпақдала каналы екіге бөлінетін жерде, ал екіншісі - Ташкенттің 90 шақырым жерде, ол да Сыр бойында. Халық осылардың алғашқысына барып паналаған. Бұл кезеңді қазақ «Ақтабан шұбырынды. Алқакөл сұлама» деп атады. Яғни, қазақтардың табаны ағарғанша шұбырып, Алқакөлге жетіп азап пен аштықтан сұлаған жерлер еді дейді. Сол сұлағаннан талай қазақ жан тәсілім қылып, басын қайта көтермеген. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы, ән ұраны сияқты «Елім-ай» әнін білмейтін, оны айтқанда тебіреніп, қатыгездіктің құрбаны болған боздақтарын еске түсіріп, бүгінге дейін көзіне жас алмайтын қазақтың кәрі-жасы кемде-кем. «Елім-ай» әнінің сөзі былай болып келеді, авторы Қожамберді би:

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Ел жұртынан айырылған қиын екен,

Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.

Мына заман қай заман, бағы заман?

Баяғыдай болар ма тағы заман!

Атадан ұл, енеден қыз айырылды.

Көздің жасын көлдетіп ағызамын.

Мына заман қай заман, қысқан заман?

Басымыздан бақ-дәулет ұшқан заман!

Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды.

Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман! . . .

Мұнан үш жүз жылға жуық уақыт бұрын ығарылған осы өлеңмен оның әні қазақтың басына түскен сол бір ауыр күндердің өшпес ескерткіші іспеттес. Қазақты бірлікке, елдікке, ерлікке үндейтін бұл өлеңді білу, ұмытпау жастар үшін бүгінгі таңда да тарихты білу болып табылады.

Ақтабан шұбырынды да ауа көшкен жұрт көптеген қалалар мен елді мекендердегі отырықшы халықтарды жұтқа ұшыратты. Оның нәтижесінде Самарқанд, Бұқар, Хиуа, Ферғана сияқты қалалар қаңырап қалды. Сол жылдарда Хиуа маңындағы мекендер мен егіндік жерлер иесізденіп, қаланың өзінде қырық шақты ғана отбасы қалған.

1729 ж көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен қалмақтардың арасында тағы бір қатты қырғын соғыс жүрді. Бөкенбай, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлеріне екінші рет күйрете соққы берді. Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты. Көбі қырылып, жаралы болып, жаны шықпай жатқан жау әскерінің аңыраған дауысы бірнеше күн даланы басына көтерді. Бұл жер кейін «Аңырақай» деп аталып кетті. Сөйтіп, Аңырақайда аяусыз соққыға душар болған Шуно Дабо басқарған қалмақ әскерлері Іле өзенінің бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды.

Аңырақайдағы жеңіліске ұшырағанына қарамастан жоңғар мемлекетінің қазақ жеріне қайта шабуыл жасау қаупі жойылмады. 1734 ж жоңғарлар Қазақ хандығының жеріне тағы да бір үлкен жорығын ұйымдастырды. Жауға қарсы тұра алмайтын болғандықтан, Орта жүз ханы сол жылы Ресейдің қол астына өтуге тілек білдірді. Қалмақтардың жойқын шабуылы өте-мөте Жетісу жеріне ауыр тиді. Өйткені Ұлы жүз қазақтары қаһарлы жауға жалғыз өзі тойтарыс беруге күштері жетпеді.

1742 ж 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығыстарға байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғар басқыншылары оған құлақ аспады. Олар қазақ қоныстары мен орыс қамал-бекіністеріне шектес жатқан жерлерде 20 мың әскер ұстап, қазақтарды мазалауын қоймады.

Ендігі жерде қазақ халқының тек өзінің күшіне ғана сену керек екеніне, үш жүздің басын қосып, жоңғарлардың феодалдық әскер күшіне соққы беру арқылы ғана өз жерін жаудан босатуға болатынына көзі жетті. Осы идеяны орнықтыруға Абылай хан зор еңбек сіңірді.

1711ж «қанішер» Абылай ханның баласы Уәли сұлтанның шаңырағында қазақ тарихында үлкен орын алған бала дүниеге келген, оның азан шақырып, қойған аты - Әбілмансұр болатын. Қалмақтар Түркістанды алып, Уәли ханды өлтіріп, оның 13 жасар ұлы Әбілмансұрді тұтқындағы басқа адамдармен бірге Хиуа базарына апарып құлдыққа сатпақшы болды. Осы жерде ол тұтқыннан қашып елге келіп ауқатты адамдардың малын бағуға жалданады. Үйсін Төле бидің түйесін, одан соң Дәулеткелді байдың жылқысын бағады. Ұйпа - тұйпа болып жүргені үшін жұрт оны Сабалақ деп атаған. 1731 ж Сабалақ ауыл адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы шайқасқа қатысып, өзінің асқан ерлігі, батылдығымен көзге түсті.

Осы ұрыста «Абылай, Абылай!» - деп ұрандап, жігіттерге жігер беріп, жаудың тобына ұмтылған ол қалмақтардың әскер басшысы Шарыш батырды жекпе-жекте өлтіреді. Атой салып шайқасқа үш рет кірген ол ұрыста жауды талқандап, жеңіске жетуге үлкен еңбек сіңіреді.

Әбілмәмбет хан жаудан жеңіспен оралған Сабалақтың өз туысы екенін түсінеді. Риза болған ол оған «Абылай» деп ат беріп, хандық тағын ұсынады. Абылай есімін алған Сабалақ хан болудан бас тартып, Әбілмәмбет қайтыс болғанға дейін сұлтан дәрежесінде бас ақылшы, кеңесші болады.

1741 ж жазда Ұлытаудың маңында аң аулап жүргенде қапыда қалмақтарға қолға түскен Абылайдан жоңғарлардың ұлы қоңтайшысы Қалден - Серен: «Менің ұлымды өлтірген сен бе?» дегенде, ол: «Сенің балаңды өлтірген мен емес, халық, менің қолым халықтың бұйрығын орындаушы ғана», - деп жауап берген. Абылай 1743 жылдың қыркүйек айына дейін Жоңғарияда болып, Ресей мемлекеті және Қазақтың үш жүзі атынан Төле би бастаған елшілік жүргізген келіссөз барысында тұтқыннан босатылды. Осыдан кейін ол Орта жүз жерінде уақытша жоғалтып алған билік тізгінін қайта қолға алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVIII ғасырдың басындағы қазақ жерінің Ресей империясының құрамына қосылуының алғышарты
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.)
Жоңғар хандығының құрылуы және оның басқыншылық саясаты
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі
Қазақ хандығы
Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы
Қазақ хандығының ішкі саясаты
XVII-XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ЖОҢҒАР МЕМЛЕКЕТІ
Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі
Жоңғар.Жоңғар шапқыншылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz