Қазақ мемлекеттігінің құрылуы


Қазақ мемлекетігінің құрылуы
Хандық билік түрінде өмірге келген қазақ мемлекеттігінің құрылуының негізінде, әрине, қазақ ұлысының қалыптасу процесі жатты. Жоғарыда айтылған Керей хан мен Жәнібек сұлтан бастаған жұрттың Әбілқайыр хан билеген өзбек ұлысынан бөлек көшіп, Шу бойына келуі, жүріп жатқан терең тамырлы этносаяси процестің сыртқы көрінісі ғана болатын. Сондай-ақ бұл көне жаңа мемлекеттік құрылымның өмірге келуіне ғана емес, сонымен бірге бұдан бұрынғы ғасырларда басталып, енді біржола аяқталуға бет алған ұлттық ұю процесін де тездете түскен оқиға, кезең болды.
Шамамен Хиджраның 870 жылы, яғни 1465-1466 жыл қазақ мемлекеттігің құрылған мезгілі ретінде қабылданған. Мұхаммед Хайдар бұл тарихи оқиғаны Жошы ұрпағы Керей хан мен Жәнібек сұлтан бастаған жұрттың Әбілқайыр ұлысынан бөліке көшіп, сол кезде Мағұлстанға қараған Шу бойындағы Қозыбашы атты мекенге келіп дербес хандықтың шаңырағын көтерулерімен байланыстырады. Бұл әрине көздейсоқ оқиға емес-тін. Деректік материалдар Әбілқайыр ұлысынан біраз жұрттың жаңадан өмірге келген хандыққа бет бұрып, жарыла көшуі бір емес, бірнеше мәрте қайталанғандығын білдіреді. Демек, Керей хан мен Жәнібек сұлтан бастаған жұрттың Өзбек ұлысынан бөліне көшуіне себепші болған негізгі жағдай - халықтың қалың арасындағы ықпалды билеуші топтарының ішінде саналы әрі мақсатты түрде мемлекеттік құрылымды көздеген әрекеттің орын алғандығы. Өкінішке орай, хандар мен сұлтандардың қызметін қырағы бақылай отырған ортағасырлық деректер қара халықтың терең ортасынан бастау алған белсенді әрекеттерге самарқау қараған. Сондықтан да болу керек тарихи маңызы бар істерге келгенде қара халықтың шешуші қызметі мен рөлі қалтарыста қала береді, халық үнсіз тобырдың орнында жүреді.
Басқаша айтқанда, кезінде XIVғ. соңына қарай Жетісуда біраз уақыт патшалық құрған Ұрыс Ханның ұрпағы Жәнібек пен Керей сұлтандардың XVғ. екінші жартысында мұнда қайта оралып жаңа хандықтың негізін қалауы, әрине тіптен де кездейсоң құбылыс емес. Жәнібек пен Керей сұлтандарға Ұрыс хан “атасының ұлысын” жаңғырту жөніндегі ұсыныстың жергілікті халықтың билеуші топтары тарапынан да түскендігі анық. Ал Ұрыс хан болса, тарихшы Қадырғали бидің айтуына қарағанда, Алтын Орда тарихында аласапыран кезеңі басталғанда (XIVғ. 60-70жж. ) өз әскерімен Жетісуға келіп хандық құрады. Оның ұлы Құйыршық сұлтан да әкесінің ұлысын билейді. Ал бұл оқиғалар қазақ хандығы шаңырақ көтерген тұста “өмірде кеше ғана болып өткен істер” еді.
Сонымен, Шыңғыс хан Әулеті билеген ортағасырлық кеңістікте кең қолданыста болған “әке ұлысы”, “ата ұлысы” деген ұғымдар қалыптасып, артынша ыдырай жатқан мемлекеттік құрылымдарды мұраға иемденушіліктің өзіндік бір көрінісі болатын.
Сондай-ақ XIV-XVI ғасырларда ортаазиялық кеңістікте ру-тайпааралық сапырылыс, аралсумен бір мезгілде пәрменді жүріп жатқан ұлттық екшелеу және қалыптасу процестеріне “ата ұлысы” бейімделген аса қолайлы идеологиялық және саяси фактор есебінде ешқандай кедергі жасаған жоқ.
Жергілікті билеуші топтардың төре тұқымына Жетісу жерінде мемлекеттік дәстүрді қайта жандандыру жөнінде ұсыныспен қайрылуына негіз жетерлік еді. Солардың негізгісі, әрине, Жетісуға көрші жоңғар қалмақтары тарапынан төнген қауіп болатын.
XVғ. орта тұсына қарай бүкіл батыс мағұлдарды (ойраттарды) мемлекеттік шеңберде біріктірген Тоған тайшаның ұлы Есен тайша шығысындағы Мин империясы әскерімен болған шайқаста жеңіске жетіп, император Чжу Цисженді тұтқындайды. Бұл жеңістен соң қанаттанған Есен тайша енді құнарлы Жетісу өңіріне көз сала бастайды.
1452ж. Есен тайшаның қолдары Моғолстанға басып кіріп, сонан соң Жетісуға еніп, одан ары оңтүстікке бет алып Сыр бойы өңірін, Түркістан, Ташкент. Отырар сияқты орталықтарды тонап, Сығанаққа жақын Көк Кесене атты жерде Әбілқайыр ханның әскерімен кездесіп, оны талқандай жеңеді. Қалмақтардың бұл жорығы 1455 жылы Есен тайшы өлгеннен соң аяқталады.
Қуатты қалмақ мемлекетінің өмірге келуі бұл кездегі Мағұлстан билеушісі Исабұғы ханды, көрші қырғыз жұртын, Алаш елі мен оның билеушілерін де терең ойға батырғандығы анық. Сондықтан да Исабұғы ханның жергілікті қазақ жұртының басшыларына, Керей мен Жәнібек сұлтандарға қызу қолдау көрсетіп Шу бойындағы Қозыбашыда қазақ хандығының шаңырағын көтеруге ықылас білдіруін қалмақтар тарапынан төнген қауіпке тосқауыл қою қажеттігінен туған шара есебінде қарауға толық негіз бар. Бұдан былайғы кезеңдегі тарихи оқиғалар бұл шешімнің әбден орынды қабылданғандығын көрсетті. Қазақ хандығы XVI-XVIII ғасырларда мағұл хандығы ортаазиялық кеңістікте ыдырай жоқ болғаннан кейінгі кезеңде тұрақтылыққа, сондай-ақ түрлі мүделер арасындағы ара салмақты теңестіруге қажет саяси күшке айналды.
Қазақ елінің тарихына қатысты ішкі және сыртқы дерек көздерімен жақсы таныс болған тарихшы Қадырғали би Қосымұлының көрсетуіне қарағанда қазақ елі өмірге тайпалар одағы ретінде келген, ал бұл одақтың бастапқы аты “Алаш мыңы” қалыптасқан мезгілі шамамен ХІІІғ. орта тұсы - XVIғ. бас кезі. Бұл Орталық Азиядағы көне түркі және мағұл елдері арасында ерте кезеңдерден орныққан ру-тайпа аралық дәстүрлі қатынасқа сүйенген бұл одақтың құрамында кейіннен, яғни уақыт өте қазақ ұлтының негізін құраған үйсін, қаңлы, дулат, арғын, найман, қыпшақ, керей, алшын сияқты ірі ортағасырлық тайпалардың бөліктері болғандығы күмән тудырмайды. Өйткені Әбілқайыр хан ұлысы, яғни Өзбекия (XVғ. алғашқы жартысы) құрамында болған Алаш мыңы үш сан, басқаша айтқанда үш жүз ұлы, орта, кіші жұрттан тұрды. Үш жүзге бөлудің негізінде мағұлдар империясы кезіндегі қатал әскери өмірге, қажеттілікке бейімделумен қатар, одан да бұрын тамыр жайған ру-тайпалық қауымдастықтың ішкі өмірін оның әрбір мүшесіне тиесілі орынын анықтау арқылы реттеу дәстүрлі жатты.
Қазақ тарихына қатысты аса құнды деректерді айналымға қосқан тарихшы Мұхаммед Хандар “қазақ” есімін белгілі бір себептерге байланысты көрші елдердің бергендігін білдіріп, ал оның орныққан мезгілі ретінде XVғ. орта тұсын атайды.
Сонымен “Алаш мыңы”, “Алаш” ХІІІғ. екінші жартысынан бері келе жатқан халықтың бастапқы ішкі өз аты, ал “қазақ” шамамен XVғ. орта тұсында оған Өзбек ұлысындағы көршілері берген есім. Алаш мыңы осы аталған мерзімде қалыптасқан қазақ ұлты мен оның мемлекеттігінің ұйытқы элементі болды.
Сонымен біздің көз алдымызға қазақ хылқының қалыптасу кезеңдегін жетерліктей айғақтайтын екі кезеңнің сұлбасы келеді. 1) XVғ. алғашқы жартысы - Әбілқайыр хан ұлысы (Өзбекия) құрамындағы үш сан жұрттан тұратын Алаш мыңы одағы; 2) XVIғ. екінші он жылдығы - көрші мемлекеттер дербес ел ретінде мойындаған Қасым хан билігіндегі үш жүзден тұратын қазақ ұлты. Яғни, бұл арада қазақ ұлтының қалыптасу процесінің аяқталуы қазақ мемлекеттігінің құрылуымен тұс келіп, бұл екі процесс өзара үйлесімділік тауып, бірін-бірі толықтырды.
Қазақ мемлекетігінің нығаюы
Дербес қазақ хандығының өмірге келуі Өзбек ұлысының ханы Әбілқайырға жайсыздық туғызып, бөліне көшкен сұлтандарды жазалау үшін 1468 жылы Жетісуға жорыққа аттанған хан кенеттен жолда өз ажалынан қазаға ұшырайды. Әбілқайыр қазасынан соң Өзбек ұлысында берекесіздік етек алады. Билік үшін тынымсыз талас бұл кездегі жалпы ортаазиялық кеңістіктегі мемлекеттерге тән құбылыс-тын. Бұл жағдай жаңа ғана өмірге келген мемлекеттің нығаюына қолайлы жағдай туғызған еді.
Өзбек ұлысындағы дағдарыс Керей хан мен Жәнібек сұлтанға 1468 жылдан кейінгі уақытта стратегиялық тұрғыдан аса маңызды аймақ Сырдың орта ағысындағы қалалар, Түркістан үшін күрес жүргізуге мүмкіндік береді. 1470ж. бастап Сыр өңірінде қазақ қолдары көріне бастайды. Осы кезден бастап XVIғ. екінші он жылдығына шейінгі мезгілде бұл өңір үшін күрес қазақ хандары қызметінің негізгі мазмұнына айналды. Сыр өңірі және Қаратау етегіндегі қалалар үшін табанды күрес жүргізудің мынадай себептері бар еді.
Орта Сыр өңірі қалалары ерте кезеңдерден дәстүрлі экономикалық, саяси және рухани орталық міндетін атқарып келді. Ал Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығы кезеңінде көшпелі мал шаруашылығы аудандары мен отырықшы егіншілік оазистерін жалғастырып жатқан бұл өңірдің стратегиялық маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Сондықтан да қазақ хандарының қазақ мемлекеттігінің болашағын Түркістан мен оған таяу орналасқан Отырар, Сығанақ, Сауран, Сайрам, Созақ сияқты қалалармен байланыстыруы толық негізді шешім еді.
Қазақ хандары мен Әбілқайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани хан арасындағы Сыр бойы қалалары үшін күрес XVғ. 80-90-шы жылдары ымырасыз және тынымсыз соғыс жағдайында өтті. Бұл талас нәтижесіне әмір Темір мұрагерлері мен Мағұлстан хандары да мүдделілік танытып, ауық-ауық араласып отырды. Дегенмен, қазақ ханы Мұрындықтың (1474-1511ж. билік құрған) бұл соғысты XVғ. соңына қарай жеңіспен аяқтау мүмкіндігі болған жоқ. Тынымсыз күрес нәтижесінде шайбанилар Отырар, Ясы (Түркістан), Арқұқ және Өзгеннен әмір Темір мұрагерлерін ығыстырады. Кезінде Сырдың сол жақ бетіндегі Арқұқ, Өзгеннен басқа Сығанақ, Созақ және Аққорғанды (1446ж. ) Әбілқайыр ханның уақытша иемденгені болмаса, өзге қалаларды Мұхаммед Шайбанидың ата мұрасы санауға ешқандай да негізі жоқ-тын. Ал Ташкент пен Сайрамда бұл кезде Мағұлстан ханы Сұлтан Махмұд билік құрды.
Қазақ хандары Сығанақты, Сауранмен қоса Түркістанның солтүстік жақ бетін, Қаратаудың Созақ және басқа елді мекендерімен бірге солтүстік және оңтүстік беткейін, Сырдария төменгі ағысы өңіріп, Арал жағалауын иемденді.
XVғ. соңғы он жылдықтарында шайбанилар мен қазақ хандары арасындағы күрес Түркістан мен Қаратау өңірі қалалары үшін жүргендей көрінгенімен, шын мәнінде бұл күрес белгілі дәрежеде Орталық және Оңтүстік Қазақстан далалы аймақтарын мекендеген халықтарды да өз биліктеріне қарату үшін болған талас еді. Сондықтан да Жетісу, Түркістанның солтүстік бөлігін, Қаратау мен Сырдың төменгі ағысы өңірлерін билеген қазақ хандары, осы аймақтарға жалғасып жатқан дала халқын да біртіндеп өзіне қарата бастайды. Мұхаммед Шайбани болса бұл мезгілде Түркістанның тек оңтүстік бөлігін ғана иемденіп, одан ары ұзап шыға алған жоқ.
Соынмен, XVғ. соңы алғашқы қазақ хандарының қазақ мемлекеттігін нығайта түсуге тікелей қатысы бар маңызды шараларды атқарған тарихи кезең болды. Мұхаммед Шайбани хан атасы Әбілқайыр ұлысын енді қайтып сол бұрынғы аумағында қалпына келтіре алған жоқ. Дегенмен, бұл тарихи мезгіл қазақ хандығының нығая түсуінің алғашқы кезеңі ғана еді. XVIғ. бас кезінде Мауреннахрды әмір Темір мұрагерлерінен тартып алған Мұхаммед Шайбани ханмен күрес жаңа қарқын алды. Тура осы мезгілде Шығыс Түркістанды (Қашғария) билеген Мағұл хандары бірнеше мәрте қазақ хандарынан Жетісуды тартып алу әрекетін жасап көрді. Қайткенде де Сыр бойы қалаларына орнығу міндетін алдына қойған Мұрындық хан Жетісу, Орталық және Оңтүстік соңынан біртіндеп Батыс Қазақстан өңіріндегі көшпелі ру-тайпаларды хандық билігінің төңірегіне жұмылдыра білді.
XVIғ. алғашқы он жылдығы қазақ хандығы үшін Мұхаммед Шайбани хан қолдарының тегеурінді шабуылына топтарыс беру жағдайында өтті.
XV ғасырдың соңғы ширегі мен XVI ғасырдағы Қазақ хандығының саяси құрылысы
- Әкімшілік құрылымы
- Құқық
Билік органдары. Қазақ хандығында жоғарғы заң шығарушы билікке қауым өкілдері мен сұлтандар құрылтайы - мәслихат ие болды. Мәслихат жылына бір рет жиналып, бітім жасау, соғыс жариялау, жайылымды бөлу, көші-қон жолдарын белгілеу сияқты маңызды мемлекеттік мәселелерді шешті.
Сонымен қатар мәслихат меритократия қағидасымен хандарды сайлады және орнынан алды. Мәслихат жұмысына тек ер адамдар ғана қатыса алды.
Атқарушы билік тұтасымен хан қолыңда болды. Хандық билік Шыңғыс хан ұрпағы саналатын төре тұқымына ғана тиесілі болды. Хан мәслихатта сайланды және өз міндетін өмірлік орындады. Хан келесі функцияларды атқарды:
- Мемлекетті сыртқы жаулардан қорғауды ұйымдастыру.
- Мемлекеттің сыртқы саясаттағы бағытын анықтау.
- Жоғарғы сот билігі функциясын.
- Қоғамдық құрылым мен тәртіпті қорғау.
XV-XVIғғ. қазақ хандары өздерінің атқаратын функцияларына байланысты зор µкілеттілікке ие болды. Хан жоғарғы бас қолбасшы ретінде соғыс жариялауға, бітім жасауға құқығы болды, хандықтың бүкіл аумағына өкімін жүргізді, ұлыс әкімдері мен қала билеушілерін тағайындады. Сонымен қатар ханға өз бағыныштыларына өлім жазасын кесу және мемлекеттің барлық халқына міндетті заңдар мен өкім шығару құқығы берілді.
Ханды таққа отырғызу рәсімі оны ақ киізге көтерумен сипатталды. Осы ежелгі дәстүр орындалғанда ғана хан заңды сайланған болып саналды.
Хан жанында мәжілістік орган - билер кеңесі жұмыс жасады. Оған беделді билер мен қауымдастық өкілдері енді. Сонымен қатар хан жанында іс жүргізуші кеңсе болды. XV-XVIғғ. хандықтың орталық аппараты бір жерде тұрақты орналасқан жоқ, хан ауылымен бірге көшіп жүрді. Мемлекеттің тұрақты астанасы болған жоқ, тек Мұрындық пен Қасым хан ордаларын аз уақытқа Сарайшық қаласына орнатты.
Әкімшілік құрылым
Хандық аумағы мен халқы хан туысқандары - сұлтандарға тиесілі үлестерге бөлінді. Әр үлес құрамында 50-60 мың жанұя болды. Үлес өз кезегінде орташа 10 мың жанұядан тұратын ұлыстарға бөлінді. Ұлыс басында хан тағайындаған сұлтандар тұрды. Олар ханға тікелей бағына отырып, ұлыс аумағында азаматтық, соттық және әскери билікті іске асырды.
Қазақ қоғамының негізгі әлеуметтік және саяси ұяшығы қандас туысқандар ұжымы - қауым болды. Бірнеше қауымның бірігуі қауымдастықты құрды. Осындай бірнеше қауымдастықтан ұлыс құралды. Күнделікті өмірде жергілікті ру-тайпа, қауым билігінің тізгіні беделді ақсақалдар мен билердің қолында болды. Мұндай дәрежеге олар сайлау арқылы емес, ел мойындаған қызметі мен ақыл-парасаты, беделі арқылы жеткен. Хандық әскері хан, сұлтандардың тұрақты жасағынан және ұлыс қосынынан тұрды. Бір қауымнан, қауымдастықтан немесе ұлыстан жинақталған жауынгерлер өздерінің туы, ұранымен жеке қосындар құрды. Бейбіт уақытта хан мен сұлтан жасақтары ішкі тәртіпті сақтауға, салық жинау, дипломатиялық міндеттерді және тағы басқа ханның тапсырмаларын орындауға қызмет етті.
Құқық
XVIғғ. ғасырдың басында, Қасым ханның тұсында ішкі қоғамдық қатынастарды қатаң белгілі бір жүйеге түсірген “Қасым ханның қасқа жолы” атты қалың бұқара мойындаған заңдар жинағы өмірге келді. Ол бес негізгі тараудан тұрды:
- 1. Мүлік Заңы. Оған жер, мал және мүлік дауын шешу туралы ережелер кірді.
- 2. Қылмыс Заңы. Мұнда қылмыс пен жазалаудың әр түрі қарастырылған.
- 3. Әскери Заң. Онда соғыс уақытында халықтың әскерді қамтамассыз етуге міндеттілігі, әскери міндеткерлік, қосын құру қағидалары, соғыс олжаларын бөлу мәселелері айтылған.
- 4. Елшілік жосыны. Бұл тарауда халықаралық құқық, елшілік әдеп мәселелері айтылған.
Жұртшылық заңы. Бұл тарау қауым және қауым аралық өзара көмек міндеттеріне, мереке мен сарай әдебі ережесіне арналған.
Мұрындық хан
Жас Қазақ хандығы өзінің құрылғанынан бастап барлық қазақ тайпаларын біріктіру мен Сырдария маңы қалалары үшін күрес жүргізді. Мұса мырзаның өлімінен соң ноғайлықтардың бір бөлігі Қазақ хандығына қосылды да оның аумағы батыста Еділге дейін жетті.
Керей өлген соң 1474 жылы оның ұлы Мұрындық хан болды (1474-1511) . Оның билігі тұсында мемлекеттік билікті орталықтандыру, хандықтың Қазақстанның батыс және оңтүстік аудандарында позициясын нығайту жолында едәуір шаралар жүргізілді.
80 жылдардың басынан Мұхаммед Шайбанимен сырдария жағалауы қалалары үшін күрестің жаңа кезеңі басталды. Ферғана мен Сырдарияның орта ағысын иемденуге ұмтылған моғол хандарының араласуымен бұл күрес тіпті шиеленісіп кетті. 1482-1485 жылдары Ж‰ніс хан Сайрам мен Ташкентке ие болып, Мұрындық Мұхаммед Шайбани иеліктеріне таяу келді. Соңғыға аз уақытқа Сығанақты иеленудің сәті келді. Қазақтар Отырарды, Түркістанды, Арқұқты қоршап, Шайбаниді бұл жолы Хорезмге қашуға мәжбүр етті. Сайрам мен Ташкентте билік еткен Моғол ханы Сұлтан Махмұд Түркістанда өзінің ықпалын кеңейтуге тырысты және осы мақсатпен 90 жылдардың басында Мұхаммед Шайбаниді одақтасы ретінде қолдап, Отырарды бағындырды. Бұл стратегиялық қатынаста маңызды қаланы иеленген Шайбани Сауран мен Түркістанды басып алды. Сауранда Мұхаммедтің бауыры Махмұд сұлтан отырғызылды.
Моғолдардың өзбектермен одақтасуына алаңдаған қазақ сұлтандары әскерлерін Сырдария алқабына тағы қозғады. Екі рет болған шайқаста моғолдар талқандалды, ал Сауран тұрғындары өзбек гарнизонына қарсы көтеріліс жасап, Махмұд сұлтанды серіктерімен қазақтарға ұстап берді. Мұрындық хан Отырарды бағындырғысы келгенімен, оның сәті түспеді, Отырар Түркістан сияқты Шайбанидың қолында қалды. Сонымен XV ғасырдың соңына таман Сырдария алқабы үш мемлекеттің - Өзбек, Қазақ және Моғол арасында бөлінді.
Қасым хан
- Шекарасы
XVI ғасыр басындағы Қазақ хандығының нығаюы Қасым ханның есімімен тығыз байланысты. Деректердің хабарлауынша, “Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хан сияқты ешкім сондай құдіретті болған жоқ және Мұрындық туралы ешкім ойламады да”. Мұрындық хан тұсында-ақ Қазақ хандығында барлық билік тұтасымен Қасымның қолында болды. 1519 жылы Мұхаммед Шайбанидің қазақ даласына шабуылы кезінде Қасым ханның қоластында 200 мың жауынгер болды. “Тарих-и рашидиде” өте қызғылықты мағлұмат бар: “Қасым ханның әмірлерінің бірі Бойын Мір Хасан Шайбанидің басып кіргенін естіп, өз адамдарын жинап, бұл тобырлы жиынға қарсы тұрды және де Қасым хан келе жатыр деген қауесет таратып, өзі осы қауесетті растау үшін алыстан бой көрсетті. Өздерінің алдарында Қасым ханның өзі екендігіне шүбәсіз сенген Шахибек ханның (Шайбани) әскері өздері тартып алған және өздерімен ала келгендерінің бәрін тастап, байбалам мен абыржуда Шахибек ханға оралып, Қасым ханның жақындағаны туралы хабар жеткізді. Бір сәт Шахибек хан шегіну дабылын қақтырып ешкімді күтпей қозғалды, үлгергені кетті, қалғаны қалды. Қыс соңында олар Самарқанға жетті”.
XVI ғасырдың екінші онжылдығының басында Қасымның жеңісімен аяқталған Мұрындық пен Қасымның арасында билік үшін күрес жүрді. 1511 жылы беделден айырылған Мұрындық қуылды да, Қасым хан билігіне толық ие болды. Осы мезгілден бастап жоғарғы билік ұзақ уақытқа Жәнібек ханның ұрпағына өтті.
XVI ғасырдың алғашқы он жылдығы Мауреннахр билеушісі Мұхаммед Шайбанимен шиеленіскен күрес кезеңі болды. Мауреннахр билеушісінің 1503-1504, 1505-1506, 1509-1510 жылдары қазақ жеріне жасаған жорықтары ол қалағандай нәтиже бермей, әр кез оңтүстікке шегінуіне тура келді. 1510 жылдың соңында Мұхаммед Шайбани хан Иран шахымен болған шайқаста қаза тапты. Қасым хан осы сәтті пайдалануға ұмтылды. 1513 жылы қазақ қолы Сайрамға таянды. Қала билеушісі Қатта бек Қасым хан жағына шығып, қаланы соғыссыз берді. Қасым хан Ташкентті де иеленуге тырысты, алайда өзбектермен болған шайқаста жараланып, кері шегінуге мәжбүр болды. Осылайша сырдария өңіріндегі қалалар қазақтарға түпкілікті бекітілді.
Қасым ханның моғол билеушілерімен қарым-қатынасы сәтті орайласты. Моғолстанның негізі аудандары болған Жетісу мен Тянь-Шань маңы Қазақ хандығының құрамына кіргендіктенде, моғол билеушілері бұл жерлерден айырылған еді. Моғол хандары негізінен Оңтүстік-батыс Моғолстанда ғана билігін жүргізіп, қазақ хандарымен одақтасуға мүдделі болды. Бұл кезде Қазақ хандығының батыстағы аумағы да кеңейе түсті. Батыстағы маңғыт жұртында билік үшін өзара күрес жүріп, ауыр дағдарысты бастан кешіруде еді. Маңғыт жұртының біраз бөлігі өз ішіндегі берекесіздіктен қашып қазақ хандығына келіп паналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz