О.Бөкеев, Д.Исабеков повестеріндегі подтекст мәселесі



М А З М Ұ Н Ы

К І Р І С П Е ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І Т А Р А У
О.Бөкеев, Д.Исабеков повестеріндегі подтекст мәселесі ... ... ... ... 10

ІІ Т А Р А У
1970.80 жылдар прозасындағы трагизм сипаты
2.1 Трагедиялық образ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.2 Трагедиялық сюжет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
2.3 Трагедиялық финал ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45

ІІІ Т А Р А У
Д.Исабеков, О.Бөкей повестеріндегі стильдік ерекшеліктер ... ... 50

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
К І Р І С П Е

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл жұмыста 70-80 жылдардағы қазақ прозасында трагизмнің қандай сипатта, қандай ауқымда орын алғанын қарастырамыз. Негізгі теориялық сипатын ашу үшін жұмыста О.Бөкей және Д.Исабеков повестеріне сүйене отырып қарастырамыз. 70-80-жылдар қазақ прозасының жанрлық түрлерімен қоса, тақырыптық, ішкі құрылымдық жағынан құнарланып, молайған шағы болды. Нақты айтсақ, жанрлық тұрғыдан романнан гөрі повесть, әңгіме жанр түрлерінің саны мен сапасының толысып шығармалардың көбі философиялық ой-толғамдарға ден қойды, сонымен қатар образдардың ішкі дүниетанымы, психологиялық ізденістердің толыққанды дәлелі болды.
Көркем шығармадағы образдар арасындағы кейіпкерлердің ішкі психологиялық тартыстары драматизмге толы. Сонымен қатар, трагедиялық шешім үлкен орын алады. Аталған екі жазушымыздың повестерінде сол заманның келбеті бейнеленеді. Ондағы адамдар арасындағы, адам мен қоғам арасындағы, адамның ішкі дүниесіндегі қарсылықтың нәтижесінде әртүрлі трагедиялық ситуациялар туды. Жалпы бұл ұғым осы ХХ ғасырдың 70-80 жылдары трагизм, адамның рухани құлдырауына байланысты туған трагедия, қоғамдағы әділетсіздіктен туған трагедия төңірегінде сөз қозғалады. Жалпы осы трагизм нақты түрде М.Әуезовтің 20-жылдардағы әңгімелерінде Ш.Айтматовтың шығармаларынан, шетел әдебиетінен көрініс берді. Сол алдыңғы буын әдебиет өкілдері кейінгі кезең әдебиетіне жол ашып берген.
ХХ ғасырдың 70-80-жылдары қазақ прозасында жетекші жанр ретінде повесть және әңгіменің ролі басым болды. Повесть жанры алға шығып, осы жанр арқылы заманның көкейкесті мәселелерін көтерді. Бұл жанрдан қазақ әдебиеті де құр қалған жоқ. Оның дәлелі халқымыздың көркемсөз шеберлері Ж.Аймауытовтың “Күнікейдің жазығы”, М.Әуезовтің “Көксерегі”, “Қараш-қараш оқиғасы”, “Қилы заман”, Б.Майлиннің “Он бес үйі”, “Шұғаның белгісі” секілді т.б. – осы жанрлардың аса шұрайлы туындылары.
Қазақ повестері 1970-1980 жылдары тақырыптық, идеялық жағынан бұрынғыдан да кеңейе түседі.
Ұлттық рухани байлығымызға М.Мағауиннің “Қара қыз”, “Тазының өлімі”, Т.Әбдіковтің “Әке”, “Оралуы”, Б.Нұржекеевтің “Кінәлі махаббаты”, С.Мұратбековтың “Жусан иісі”, “Басында Үшқараның”, Д.Исабековтың “Пері мен періште”, “Гауһар тас”, “Сүйекші”, О.Бөкейдің “Қар қызы”, “Сайтан көпір”, “Қайдасың, қасқа құлыным”, “Қамшыгер” т.б. секілді елеулі повесть-әңгімелері келіп қосылды.
Диссертация жазу негізінде тақырыпқа байланысты негізгі қарастыратынымыз О.Бөкей және Д.Исабековтың шығармалары төңірегінде болады.
О.Бөкейдің творчествосына тоқталсақ, О.Бөкей - өр Алтайдың аясында туып, өзінің сүйікті оқырмандарына жаңаша көркем сипатпен келген қажырлы қаламгер. Ол – қазақ прозасына романтикалық сарын, өзіндік философиясын қоса ала келген дарын иесі. Жазушы шығармашылығы туралы алыс – жақын шетел жазушыларынан бастап, қазақтың маңдай алды жазушылары, сыншылары бір сыпыра жазды. Суреткермен замандас жазушы Ақселеу Сейдімбек былай дейді: «Оралханды және онымен тұтас тегеурінді суреткерлерді тудырған замана толғағы біреу болғанымен, сол Оралханның шығармашылық әлемі мүлде оқшау құбылыс болғанын мойындаймыз. Кез келген дарын иесі сияқты Оралхан да халқының тағдыры қыл үстінде ілініп тұрғанын ертерек сезінген суреткер».
Оралханның әлеуметтік - философиялық, әсіресе философиялық ойларының терең іздері оның хйуанаттар жайлы жазған бірді-екілі шығармаларынан айқын көрініс тапты. Әсіресе, адам мен табиғат арасындағы байланысты суреттейтін әңгімелерінде жазушының ерекше таланты таныла түсетіндей. әлемді толғандырып отырған табиғат экологиясымен қатар адам экологиясы, рух дағдарысы құрбанына айналған дала еркелерінің халі «Кербұғы», «Бура» әңгімелерінде көркем баяндалған. Қаламгердің бұл тораптағы ізденістеріне дала тағылары мен түрлі хайуанаттар тағдырын бейнелей отырып жалпы адамзаттық мәселелер тереңіне бойлай алған Дж.Лондон, У.Фолкнер, Ш.Айтматов т.б. суреткерлердің әсері болғаны сөзсіз.
Кейіпкер тағдыры мен жаратылыс тұтастығы О.Бөкейдің тек «Кербұғы», «Бурада» ғана емес бірнеше шығармалардың негізгі типі іспеттес. Оралхан кіндік кескен жері, қазақтың ең шұрайлы өлкелерінің бірі – Алтайды жырлау арқылы адамды жырлады. Оның шығармаларындағы кезікті де қатал, сұлу да сырбаз Алтай образдық дәрежеге көтеріліп кетті. Жазушының көркем туындыларындағы адам бейнесі Алтаймен қарым-қатынасқа түспей ашылу қиын. «Қамшыгер», «Мезгіл әуендері», «Табиғат - өмір - Адам», әңгіме новеллаларында, «Мұзтау», «Елең-алаң», «Сайтан көпір», «Жетім бота», «Қыр қызы», «Өліара», «Құм мінезі», «Атау кере» повестерінің қайсысын алмасақ қаһармандар мен табиғат арасындағы жанды байланысқа көзіміз жетіп
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1. Ахметжан Т. Жазушылық дегеніміз шындыққа жүгіну. Қазақ әдебиеті, 1997, №20, 20 мамыр.
2. Егеубаев А. Сµз ж‰йесі. –Алматы: 1985.
3. Єуезов М. Жиырма томдыќ шыѓармалар жинаѓы. 20.Т. –Алматы: Жазушы, 1985. –456 б.
4. Ожигова С.И. “Словарь русского языка”. Изд.: Русский язык. –Москва, 1988, -750 с.
5. Бөкей О. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Том І. Повестер. –Алматы: Жазушы, 1994, -495 б.
6. Мигдал А.Б. Что я читаю сегодня: Ответ на анкету. // Лит. Газета. –Москва, 1989, 4 январь, №1.
7. Хамзин М. 60-80-жылдардағы қазақ романының стилі мен типологиясы. Ф.ғ.д. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. –Алматы, 1997, -339 б.
8. Этов В.И. Современный роман и его герой. – Москва: Знание, 1989, -64 с.
9. Иванов В.В. И дышет почва и судьба. // Лит. газета. Москва, 1988, 1 июнь, №22.
10. Әшімханұлы Д. Сағыныштан жаралған еді. //Қазақ әдебиеті, 2003, №39, 4-бет.
11. Исабеков Д. Екі томдық таңдамалы шығармалар. І Том. Повестер. –Алматы: Жазушы, 1993, -544 б.
12. Жарылғапов Ж.Ж. ХХ ғасыр соңындағы қазақ прозасының идеялық-эстетикалық мәселелері. Қарағанды, 2003, -175 б.
13. Поспелов Г.Н. Теория литературы. –Москва: Высшая школа, 1978, -351 с.
14. Волков И.В. Теория литературы. –Москва: Просвещение, Владос, 1995, -256 с.
15. Грицанов А.А., Овчаренко В.И. Человек и отчуждение. –Минск: Высшая школа, 1991, -127 с.
16. Апухтина В.А. Современная советская проза (60-70 гг). –Москва: Высшая школа, 1984, -272 с.
17. Майтанов Б. Қазақ прозасындағы замандас бейнесі. -Алматы: ҚазССР-нің Ғылым баспасы, 1982, -140 б.
18. Бөкей О. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Том ІІ. Повестер. –Алматы: Жазушы, 1994, -493 б.
19. Левитан Л.С. Сюжеты в художественной системе литературного произведения: -Москва, писатель, 1990, -395 с.
20. Сыздыќова Р. Сµз ќ±діреті. –Алматы: Санат, 1997 –223 б
21. Исабеков Д. Өмір деген ертегі. // Егемен Қазақстан, 4 қазан, 2003, -3 б.
22. Құтжанұлы Ә. Көркем сөздің құлагері. // Орталық Қазақстан, 6 шілде, 2004, 8-б.
23. Тоқбергенов Т. Үш тоғыс. –Алматы: Жазушы, 1977, -196 б.
24. Бөкеев О. Біздің жақта қыс ұзақ. Повестер жинағы. –Алматы: Жалын, 1984.
25. Бөкеев О. Ұйқым келмейді. –Алматы: Жалын, 1987.
26. Оралхан. Күлейменова Б. Неге біз осындаймыз? /Кітапта: Оралхан. (Құраст. Р.Мәженқызы). –Алматы, Өнер, 2000, -320 б.
27. Рай Қ. Мұзтаудың мұзбалағы. Жұлдыз, 1992, №7, 181-187-б.
28. Қирабаев С. Шығармалар. Екінші том, Сын мақалалар мен зерттеулер. –Алматы: Жазушы, 1992, -544 б.
29. МәмесейітовТ. Парасат жыры. Кітапта: Бөкей О. 2 томдық шығармалар. І том. –Алматы: Жазушы. 1994, -496 б.
30. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік.: Сын мақалалар, портреттер, эссе. –Алматы: Жазушы, 1993, -624 б.
31. Пірәлиева Г. Оралхан шығармаларындағы қияли бейнелер. Жалын, 1993, №9-10, 93-97-беттер.
32. Бөкей О. Қайдасың, қасқа құлыным. Повестер, әңгімелер. –Астана, Елорда, 1999, -328 б.
33. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. –Алматы: Ана тілі, 1996. –240 б.
34. Ќирабаев С. Шыѓармалар жинаѓы. Сын маќалалар мен зерттеулер. ІІ том. –Алматы: 1992.
35. Ќирабаев С. Талантќа ќ±рмет. Маќалалар, зерттеулер, портреттер. –Алматы: 1988.
36. Єдебиеттанудыњ µзекті мєселелері. Ѓылыми жинаќ. Алматы: 2002.
37. Тоќбергенов Т. ‡ш тоѓыс. Алматы, 1977.
38. Тоќбергенов Т. Ай м‰йіз. Алматы, 1990.
39. Кєрібаева Б. Талап дењгейі. –Алматы: 1984.
40. Елеукенов Ш. Замандас парасаты. –Алматы: 1997.
41. Єуезов М. 20 том (монография, маќалалар). –Алматы: Жазушы, 1985.
42. Ж±малиев Ќ. Єдебиет теориясы.-Алматы: Жазушы, 1964.
43. Н±рѓалиев Р. Арќау. ІІ том. -Алматы: 1991.
44. Кєкішев Т. Оњаша отау. –Алматы, 1982.
45. Кєкішев Т. Ќазаќ єдебиеті сыныныњ тарихы. –Алматы: Санат, 1994.
46. Кєкішев Т. Сын сапары. –Алматы, 1971.
47. Ќабдолов З. Арна. –Алматы: 1988.
48. Хамзин М. Ќазіргі ќазаќ романы. «Шыѓарма арќауы – тарихи т±лѓалар µмірініњ шындыѓы». Ќараѓанды, 2001.
49. Єуезов М. Єр жылдар ойлары. Алматы: Кµркем єдебиет. 1959.
50. Ќаратаев М. Єдебиет жєне эстетика. / Єдеби-сын зерттеулер. –Алматы, 1970.
51. М‰сірепов Ѓ. Суреткер парызы. –Алматы: Жазушы, 1970.
52. Н±рѓалиев Р. ¤нердіњ эстетикалыќ нысанасы. –Алматы: Мектеп, 1979.
53. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. –Алматы: Ғылым, 1991, –208 б.
54. Дәдебаев Ж. Қазіргі кезеңдегі қазақ тарихи прозасының дамуындағы Әуезов дәстүрі. –Алматы, 1989, –47 б.
55. Дәдебаев Ж. Қазақ тарихи романы: Дәстүр мен жаңашылдық. –Алматы, 1989, –78 б.
56. Ахметжанов Т.Жазушылық дегеніміз шындыққа жүгіну. // Қазақ әдебиеті, 1997, №20, 4-5 бб.
57. Алтай А. Сайтан көпірден өткн суреттер. // Қазақ әдебиеті, 2003, 3 қазан, 5 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

К І Р І С П
Е ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3

І Т А Р А У
О.Бөкеев, Д.Исабеков повестеріндегі подтекст мәселесі ... ... ... ... 10

ІІ Т А Р А У
1970-80 жылдар прозасындағы трагизм сипаты
2.1 Трагедиялық
образ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .22
2.2 Трагедиялыќ
сюжет ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 37
2.3 Трагедиялық
финал ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 45

ІІІ Т А Р А У
Д.Исабеков, О.Бөкей повестеріндегі стильдік ерекшеліктер ... ... 50

Ќ О Р Ы Т Ы Н Д
Ы ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...61

К І Р І С П Е

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл жұмыста 70-80 жылдардағы қазақ
прозасында трагизмнің қандай сипатта, қандай ауқымда орын алғанын
қарастырамыз. Негізгі теориялық сипатын ашу үшін жұмыста О.Бөкей және
Д.Исабеков повестеріне сүйене отырып қарастырамыз. 70-80-жылдар қазақ
прозасының жанрлық түрлерімен қоса, тақырыптық, ішкі құрылымдық жағынан
құнарланып, молайған шағы болды. Нақты айтсақ, жанрлық тұрғыдан романнан
гөрі повесть, әңгіме жанр түрлерінің саны мен сапасының толысып
шығармалардың көбі философиялық ой-толғамдарға ден қойды, сонымен қатар
образдардың ішкі дүниетанымы, психологиялық ізденістердің толыққанды дәлелі
болды.
Көркем шығармадағы образдар арасындағы кейіпкерлердің ішкі
психологиялық тартыстары драматизмге толы. Сонымен қатар, трагедиялық шешім
үлкен орын алады. Аталған екі жазушымыздың повестерінде сол заманның
келбеті бейнеленеді. Ондағы адамдар арасындағы, адам мен қоғам арасындағы,
адамның ішкі дүниесіндегі қарсылықтың нәтижесінде әртүрлі трагедиялық
ситуациялар туды. Жалпы бұл ұғым осы ХХ ғасырдың 70-80 жылдары трагизм,
адамның рухани құлдырауына байланысты туған трагедия, қоғамдағы
әділетсіздіктен туған трагедия төңірегінде сөз қозғалады. Жалпы осы трагизм
нақты түрде М.Әуезовтің 20-жылдардағы әңгімелерінде Ш.Айтматовтың
шығармаларынан, шетел әдебиетінен көрініс берді. Сол алдыңғы буын әдебиет
өкілдері кейінгі кезең әдебиетіне жол ашып берген.
ХХ ғасырдың 70-80-жылдары қазақ прозасында жетекші жанр ретінде
повесть және әңгіменің ролі басым болды. Повесть жанры алға шығып, осы жанр
арқылы заманның көкейкесті мәселелерін көтерді. Бұл жанрдан қазақ әдебиеті
де құр қалған жоқ. Оның дәлелі халқымыздың көркемсөз шеберлері
Ж.Аймауытовтың “Күнікейдің жазығы”, М.Әуезовтің “Көксерегі”, “Қараш-қараш
оқиғасы”, “Қилы заман”, Б.Майлиннің “Он бес үйі”, “Шұғаның белгісі” секілді
т.б. – осы жанрлардың аса шұрайлы туындылары.
Қазақ повестері 1970-1980 жылдары тақырыптық, идеялық жағынан
бұрынғыдан да кеңейе түседі.
Ұлттық рухани байлығымызға М.Мағауиннің “Қара қыз”, “Тазының өлімі”,
Т.Әбдіковтің “Әке”, “Оралуы”, Б.Нұржекеевтің “Кінәлі махаббаты”,
С.Мұратбековтың “Жусан иісі”, “Басында Үшқараның”, Д.Исабековтың “Пері мен
періште”, “Гауһар тас”, “Сүйекші”, О.Бөкейдің “Қар қызы”, “Сайтан көпір”,
“Қайдасың, қасқа құлыным”, “Қамшыгер” т.б. секілді елеулі повесть-
әңгімелері келіп қосылды.
Диссертация жазу негізінде тақырыпқа байланысты негізгі
қарастыратынымыз О.Бөкей және Д.Исабековтың шығармалары төңірегінде болады.

О.Бөкейдің творчествосына тоқталсақ, О.Бөкей - өр Алтайдың аясында
туып, өзінің сүйікті оқырмандарына жаңаша көркем сипатпен келген қажырлы
қаламгер. Ол – қазақ прозасына романтикалық сарын, өзіндік философиясын
қоса ала келген дарын иесі. Жазушы шығармашылығы туралы алыс – жақын шетел
жазушыларынан бастап, қазақтың маңдай алды жазушылары, сыншылары бір сыпыра
жазды. Суреткермен замандас жазушы Ақселеу Сейдімбек былай дейді:
Оралханды және онымен тұтас тегеурінді суреткерлерді тудырған замана
толғағы біреу болғанымен, сол Оралханның шығармашылық әлемі мүлде оқшау
құбылыс болғанын мойындаймыз. Кез келген дарын иесі сияқты Оралхан да
халқының тағдыры қыл үстінде ілініп тұрғанын ертерек сезінген суреткер.
Оралханның әлеуметтік - философиялық, әсіресе философиялық ойларының
терең іздері оның хйуанаттар жайлы жазған бірді-екілі шығармаларынан айқын
көрініс тапты. Әсіресе, адам мен табиғат арасындағы байланысты суреттейтін
әңгімелерінде жазушының ерекше таланты таныла түсетіндей. әлемді
толғандырып отырған табиғат экологиясымен қатар адам экологиясы, рух
дағдарысы құрбанына айналған дала еркелерінің халі Кербұғы, Бура
әңгімелерінде көркем баяндалған. Қаламгердің бұл тораптағы ізденістеріне
дала тағылары мен түрлі хайуанаттар тағдырын бейнелей отырып жалпы
адамзаттық мәселелер тереңіне бойлай алған Дж.Лондон, У.Фолкнер, Ш.Айтматов
т.б. суреткерлердің әсері болғаны сөзсіз.
Кейіпкер тағдыры мен жаратылыс тұтастығы О.Бөкейдің тек Кербұғы,
Бурада ғана емес бірнеше шығармалардың негізгі типі іспеттес. Оралхан
кіндік кескен жері, қазақтың ең шұрайлы өлкелерінің бірі – Алтайды жырлау
арқылы адамды жырлады. Оның шығармаларындағы кезікті де қатал, сұлу да
сырбаз Алтай образдық дәрежеге көтеріліп кетті. Жазушының көркем
туындыларындағы адам бейнесі Алтаймен қарым-қатынасқа түспей ашылу қиын.
Қамшыгер, Мезгіл әуендері, Табиғат - өмір - Адам, әңгіме
новеллаларында, Мұзтау, Елең-алаң, Сайтан көпір, Жетім бота, Қыр
қызы, Өліара, Құм мінезі, Атау кере повестерінің қайсысын алмасақ
қаһармандар мен табиғат арасындағы жанды байланысқа көзіміз жетіп отырады.
Сонымен қатар О.Бөкей шығармаларының көбінде лейтмотив болатын соғыс
тақырыбы. Бұл тақырыпта жазушының Бәрі де майдан, Біздің жақта қыс
ұзақ, Сайтан көпір, Қар қызы, Мынау аппақ дүние т.б. шығармаларын
айта аламыз.
Соғыс аяқталғанымен, оның адамзатқа салған қайғысы, қасіреті, ұлы
жарасы әлі де ұмытылған жоқ. Сол майданға қатысып тылда жұмыс істеген
адамдардың ішкі күйініш-өкінішіне үңіліп түсінуге, бейбітшіліктің құнын бір
мезгіл болса да бағалауға үйретеді.
Бәрі де майдандағы Ақан мен Құмырай, Алма образдары, Сайтан
көпірдегі Аспан, жамандық дүниесі - Жаңғырық; Айқай, Анау, Қар
қызындағы Нұржан, Бақытжан, Аманжандарды өте шебер бейнелеген. Ол суреткер
Алапат – сойқанды көзімен көрмесе де тылдағы ауыр еңбекке қатысқан қамкөңіл
жандармен замандас болды.
Ұлы драматург Б.Шоу Әрбір талантты жазушы ең әуелі өз замандастары
жайлы жазуы тиіс деген.
О.Бөкей өзі: Әйтеуір не жазсам да өз заманымды сол заманда табан ет,
маңдай терін жұмсап жүрген қарапайым еңбек адамдарын тілге тиек етуге
тырысамын дейді [1,3 ]. Осы сөзінің дәлелі болатын автордың Ауыл
хикаялары ауыл адамдарының , ауыл тірлігінің дара сипаты көріністерін
байқатады. Көк тайынша, 200 грамма энергия, Тоқадан қалған тұяқ,
Апамның астауы, Құмар қол бұлғапты т.б. ауыл әңгімелері қазақ
тірлігінің қайталанбас суреттерін бедерлеп түсірген. Асқар Егеубаев
ағамыздың тілімен айтсақ: Жазушының шығармасы – ХХ ғасырдағы қазақ
ауылының күрделі полотносы, - дейді [2, 4 ].
Оралхан ағамыздың шығармаларында оқыған сайын жүрегіңді жанитын өршіл
рух, мұңлы сағынышқа толы әдемі сезім, өзіңді өзіңе танытатын, қиын қыстау
кезінде өмір үшін күресе алатын рухы күшті кейіпкерлерді кездестіреміз.
Жалпы жазушының шығармаларына алдынғы тарауларда кеңінен тоқталамыз.
Қаламгерге тән жазу мәнері, көркем әдебиеттің ең басты объектісі. Адамды,
адам жанының терең иірімдерін қапысыз тани білетін талантты
суреткерлеріміздің бірі – Д.Исабеков.
Дулат ағамыздың қаламынан бүгінге дейін оннан аса повесть бір роман,
көптеген әңгімелер, драмалық шығармалар туған. Тоқырау деген таңба
басылған кезеңмен тұспа-тұс келіп, бұл кезеңнің зар-зардабын
замандастарымен бірге бөліскен жазушының шығармаларында замана келбеті
көрініс тапты.
Жазушының Бекет, Мазасыз түндер, Пері мен Періште, Гауһартас,
Сүйекші, Тіршілік, Өкпек жолаушы, романы Қарғын т.б. шығармалары
дәлел бола алады.
Адам баласының мәңгі тақырыбы жақсылық пен жамандық. Автор
шығармаларында жақсылықпен жамандықтың күресі лирикалық - психологиялық
тұрғыдан жеткізеді. Мысалы, Гауһартаста жақсылық пен жамандықтың,
тұрпайлылық пен әдеміліктің арасындағы қағыс-қақтығысты ішкі иірімімен
суреттейді, ізгілік, сұлулық деген бағалы ұғымдарды автор Пері мен
періштеде көрсетеді.
Ал, Сүйекші, Тіршілік повестерінде жалғыздық, жатсыну мәселелерін
қозғайды. Автор кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесіне терең үңіле отырып, оның
қайғы – мұңының негізгі себебі неде екенін ашып береді. Әрі бір ерекшелігі
осы екі шығарманың басты философиялық ой түйіні Өмірдің мәні неде? деген
сұраққа келіп тіреледі, оқырманның ойына түрткі салады.
Расында адамдардың қазіргі қоғамымызда да рухани құлдырауы жиі
кездеседі. Автор еңбегінде осы трагедиялық образдар арқылы бұл қоғамның
үлкен трагедиясы екенін астарлы оймен жеткізеді. Адамның туған туыстарынан
айырылып, тіпті, өзінің кім екенін ұмытып, әрі тірі, әрі өліге айналып
кету қаупін көрсетеді. Адам атаулының бойындағы ең басты құндылық – рухани
байлығы, адамгершілік, мейірімділік, бір-біріне деген қамқорлық болмаса,
осындай трагедиялық ситуацияларға әкеп соғатынын аңғартады.
М.Әуезов: “Біздің әдебиетіміз ұлы орыс әдебиеті мен мәдениеті кешіп
өткен шыңдала шынығу дәуірін бастан кешкен жоқ. Сол себепті біздің
жазушыларымыздың мойнында тұрған аса жауапты міндет – оқушыны тәрбиелегенде
оның мәдниет көтеріп интеллектін тереңдетуіміз керек. Олай болса,
әдебиеттегі интеллектуал дәстүрді туғызып, өсіре беруіміз керек”, - деген
еді [3, 55].
Бұл ойы шынымен орындалған сияқты. Әлеуметтік өмірдегі әртүрлі
оқиғаларға үн қосып, онда да асығып-аптықпай, әліптің атын бағып, әбден
пәсуі жетіп, тиісті бағасын алған соң барып, болған жағдайларды жазуға
отыратын қаламгерлердей емес, Оралхан Бөкей бүгінгі таңда қылаң беріп келе
жатқан құбылыстарға назар аударып, өзі көтеретін мәселені тереңнен қозғап,
түп-тамырын қопара көрсетуге ұмтылды. Сол үшін жазылуы ұзақ уақытқа
созылмайтын ұшқыр жедел жанрға жүгінді.
Қазіргі әңгімеде алдымен шағын жанрдың әлеуметтік жүгі анықталып, оның
адамдық, ар-инабаттылық, адамгершілік мәселелерінің салмағы кемімеген қайта
арта түскен. Бас-аяғы жинақы, шағын әңгіменің жүрекке жетер сыры, кесіп
айтар үкімі мен көкейкесті ойы бар.
1970-1980-жылдары қазақ прозасында осыған дейін жетекші жанр болып
келген романның осы лидерлік ролін бірте-бірте повесть пен әңгімеге бере
бастағаны анық байқалады. Сондықтан нақ осы дәуір қазақ әдебиетінде повесть
пен әңгіме жанрларының гүлденген дәуірі болды десек қателесе қоймаспыз.
Тақырыптың өзектілігі.1956 жылы өткен съез ХХ ғасырдың 70-80-
жылдардағы қоғамдық-саяси беталыстағы жаңалықтар мен партияның жеке басқа
табыну кезінде кеткен қателіктерді сынап, демократиялық нормаларды қалыпқа
келтіру саласындағы жаңа істерге мұрындық болды.
Әдебиеттің дамуы жайындағы кейбір жалған теориялар соның ішінде,
тартыссыздық, шындықтың сыртын жылтыратып бейнелеу сияқты ұғымдар жойыла
бастады. Елімізде демократиялық ұстанымдардың бұзылуы, қоғам дамуының
қайшылықтары өткір сыналды. Халқымыздың бай әдеби қазыналары ғылыми тұрғыда
зерттеле бастады. Осының негізінде әдебиет пен табиғатты зерттеу
саласындағы бұрынғы қателіктер түзетіліп, мәдени мұраны әділ бағалауға жол
ашылды.
Ұлттық әдеби процестегі мұндай екпін өзінің бастауын 60-жылдардан
алған болатын. Осы кездегі әдебиет өкілдері С.Мұратбеков, М.Мағауин,
Д.Исабеков, Ш.Мұртаза, О.Бөкей, С.Жүнісов, Р.Тоқтаров, А.Нұрманов т.б.
көрнекті жазушылар қазақ прозасының деңгейінің көтерілуіне үлкен ықпал
жасады. Ал 70-80-жылдар бұл бағыттың жетіле түскен уақыты болды. Әдеби
қазынамызда рухани эстетикалық серпіліс болды. Кеңестік қоғамда өмір сүрсе
де, өздерінен бұрын қаламгерлік еркіндігіне тұсау болған тың игеру,
жұмысшылар өмірі, партияшылдық, жеке басқа табыну сияқты тақырыптардан бас
тартып, заман шындығын көркемдік таным негізінде адаммен тығыз байланыста
қарастырды. Жалпы сол кезеңде әдебиетте адамтану мәселесі басты тақырып
болды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ әдебиеттану ғылымында бұл кезеңнің
әдебиеті толыққанды зерттелмеген. Бұл тақырып яғни, 70-80-жылдардағы қазақ
прозасындағы трагизм мәселесін нақты қарастырмаған, басқа қырынан, яғни осы
кезеңдегі әдебиеттегі жатсыну мәселесі, идеялық-эстетикалық қырынан,
тақырыптық ерекшеліктерін, әлеуметтік қырынан қарастырып жүр.
Ал О.Бөкей мен Д.Исабеков шығармаларына қатысты зерттеулер туралы
зерттеліп жүр, бірақ толық деп айту туралы зерттеліп жүр, бірақ толық деп
айту қиын. Бұл кезеңдегі әдеби процесс және аталып отырған жазушылардың
шығармашылықтары жайында С.Қирабаев, Р.Нұрғалиев, Т.Тоқбергенов,
Т.Мәмесейітов, С.Ақатаев, Р.Сыздықова зерттеулері бар. Сонымен бірге
қазіргі қазақ прозасы жекелеген мәселе ретінде Ж.Жарылғапов, А.Исмақова,
Т.Есембеков, М.Хамзин, С.Асылбеков, Т.Рахымжанов, т.б. зерттеушілердің
еңбектерінде маңызды ойлар айтылып, ғылыми тұжырымдар жасалды.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері.
70-80-жылдардағы қазақ прозасындағы трагизм мәселесін қарастыруда
мынадай мақсаттар қойдық:
- сол кезеңдегі прозадағы трагедия көрінісі, оның ролін анықтау.
- прозадағы трагедиялық жағдайлардың әлеуметтік мәнін, тақырыптық
ерекшеліктерін анықтау.
- қаламгерлердің стильдік ерекшеліктерінің көркемдік әсерін айқындау.
- подтексттің ролі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу нәтижесінде мынадай мәселелер
ғылыми шешімін тапты:
- 70-80-жылдардағы прозадағы трагизм мәселесі тұңғыш рет зерттеу
нысанасына алынды.
- осы кезеңдегі прозадағы тақырыптардың жаңашылдығы, актуальдылығы
қарастырылды.
- трагедиялық кейіпкерлердің терең психологиялық сомдалуына талдау
жасалды.
- трагедиялық сюжет және трагедиялық финалдың идеялық қатынасына
талдау жасалды.
- трагизмнің реалистік және символдық ерекшеліктерін ашу.
Зерттеу нысанасы. О.Бөкей мен Д.Исабеков повестері, атап айтқанда,
О.Бөкейдің “Құм мінезі”, “Өліара”, “Бәрі де майдан”, “Сайтан көпір”, “Қар
қызы”, “Жетім бота”, “Мынау аппақ дүние”, “Атау кере”, “Үркер” т.б.,
Д.Исабековтың “Бекет”, “Мазасыз күндер”, “Пері мен періште”, “Гауһар тас”,
“Сүйекші”, “Дермене”, “Тіршілік”, “Біз соғысты көрген жоқпыз”, “Өкпек
жолаушы” повестері талдау нысанасына алынды.
Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі.
Зерттеуде ұлттық және әлемдік деңгейдегі әдебиаттанушылар-дың,
сыншылардың еңбектерінде айтылған ой-пікірлер басшылыққа алынады. Әсіресе,
ХХ ғасырдың соңғы жылдарындағы қазақ прозасына қатысты жазылған зерттеулер
негіз болды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- Қаламгерлер шығармаларындағы трагедиялық жағдайлардың атқаратын ролі
өте зор.
- Трагизм мәселесінің тақырып өзектілігінің маңызы айқын.
- Бұл маңыздылықта жазушылардың адам мәселесіне эстетикалық,
философиялық және адамгершілік қатынастарының тұтастай көрінісі, яғни адам
тұлғасы жайлы ұлттық көзқарас кейбір әлемдік әдеби тенденциялардың
көркемдік ықпалын көрсетіліп, ғылыми талдаулар жасалды.
Жұмыстың сыннан өтуі. Ғылыми жұмыстың негізгі мазмұнын ашатын
мақалалар баспадан шықты. Оның бірі О.Бөкей мен М.Әуезовтің “Көксерек” және
“Кербұғы” әңгімесіндегі табиғи экологиялық проблемаларды сөз ететін екі
шығарманың “Рухани сабақтастығы” және екінші Д.Исабековтың “Сүйекші” және
“Тіршілік” повестеріндегі жатсыну мәселесі” атты мақалалар негізінде
баяндамалар жасалды.
Диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Т А Р А У
О.Бөкеев, Д.Исабеков повестеріндегі подтекст мәселесі

Повестерге тоқталмас бұрын “подтекст” терминінің төңірегіне қысқаша
тоқталып өтейік. Жалпы подтекстке анықтама сөздікте былай береді:
“Внутренний добавочный смысл текста, высказывания чувства и мысли,
которая вкалыдваются в текст чтецом или актером” [4, 441]. Бұл термин
негізінен лингвистика саласында тереңірек, әрі кеңірек қаралады. Ал, көркем
әдебиеттегі орнына тоқталсақ, ХХ ғасырдың басында ең көркейген, дамыған
кезі еді. Орыс әдебиетінде подтекст Э.Хеменгуэй шығармалары үлгі болған.
Орыс әдебиетінде подтекстті Андрей Плотонов қарастырған.
Ашық айтылмайтын, бірақ шығармалардағы ең салмақты ойын жасырып
тұратын сана түкпіріндегі жасырын ой процесі. Әдебиетте подексттің
негізінде шығарманың қоғамда адамдармен бірге өмір сүретін қомақты да,
күрделі мәселелерді оқырман назарына жеткізетін бірден-бір таптырмас терең
ой құралы.
Енді О.Бөкейдің және Д.Исабеков шығармаларындағы подтекст қандай терең
мағыналарды, ойларды қозғағанына назар аударайық. Алдымен О.Бөкейдің “Құм
мінезі” шығармасына тоқталсақ, бұнда бас кейіпкер Бархан самолеттің
ұшқанына көп көңіл бөледі. Неліктен? Бұл арқылы автор не айтқысы келеді?
“Аспан ашық, түнгі ауадан күздің қара суығы сезіледі. Қас қарайып,
алқара көктегі сансыз жұлдыздар тым алыстан сықырлана көз қысысады. Сол тұп-
тұнық аспаннан самолет ұшып барады-ау. Гуілдеп, жүрекке нендей бір қаяу
тастар үнін естігені болмаса, Бархан сол “құсты” әлі көрген жоқ. Көргісі-ақ
келетін, ұшқысы-ақ келетін. құрғыр, жол түспейді. Өз қыстағының дәл
төбесінен ұшар самолетты, кейде ойша санайтын. Және қай уақытта өтерін де
жатқа айтар еді, бірақ сол шіркіндердің қайдан ұшарын, қайда қонарын,
қандай адамдар ұшып бара жатқанын білмейтін. Оған төбесінен өткен
самолеттің бәрі-бәрінде өңкей бір төрт құбыласы тең, қағанағы қарқ бақытты
адамдар мініп отырғандай сезілетін” [5, 30].
Шығармада самолет уақыт символы ретінде берілген. Өмір өтіп бара
жатыр, бірақ адамның білетінінен, білмейтіні көп, уақыт та, білім де
шексіз. Оны түгел танып-білу мүмкін емес екенін көрсетеді. Бұл жерде
самолет подтексттік деталь ретінде қызмет етіп тұр. Яғни подтекстті ұғыну
үшін автор шығармасында осындай детальдар арқылы, кейіпкерлер арқылы бір-
екі ауыз сөз негізінде береді.
Пенденің бір басында жақсы да, жаман да қасиеттері бар. О.Бөкейде де
кейіпкерлерінің бір басынан осы екі ұдай сезімді қатар іздеп, жан дүниесіне
терең үңілумен болады. “Сайтан көпірде” Аспан шалдың сөзі бар: “Жақсылық
жаса – алар сыйың жақсылық, жамандық жасама – алар жазаң жамандық болады”
[5, 130]. Осы өмірлік қағиданы біле тұра, әрқашан есте сақтамаймыз. Табиғат
адамсыз тіршілік құра алады, ал адам табиғаттан тыс өмір сүре алмайтыны
белгілі. Керемет ақыл иесі – адамның өмірдегі ролі неде? Міне, шығармада
осындай терең ойды, ойлануды қажет ететін, әр оқырманына ой салатын
мәселелер сөз болады.
“Өліара” повесіне келсек, басты кейіпкер қойшының арман-мақсаты бар,
көңілі үмітке толы адал да, қанағатшыл образ. Оның болашағы үміті әйелі мен
балалары, бүкіл арманы солармен байланысты, ойлайтыны солардың бақыты. Оның
дүниедегі екі асылы, сенімі, яғни әйелі, екіншісі үміті, ұлы, осы екеуі
болса ол бәріне төзбек.
“Дүниеде ең жаман нәрсе, ең жиіркенішті нәрсе – алдау! Мен сені
алданыш, ермек үшін алғаным жоқ, жұрт әкеден қалған түтінді шығару үшін
алдым... ...Көлденең өткен көк аттының, арбауына түсіп, жанымды жаралама.
Онда мен өлгенім, ал өлгенім - әлемнен әділдік таба алмағаным, әлемге
дүниеде тірі пендеге сенбегенім!”.
Өмір дегеніміз аққат дейміз, ендеше ақиқат тек әділдік болғанда ғана
өмір сүреді. Қойшының бар сенері, бар үміті рухани тазалық, адалдық,
әділдік атты өмірдің мағынасы. Ендеше, адам өміріндегі ең сүйіктіні ақиқат
болмаса, оның орны алдау, арбау, әділетсіздік болса, онда өмірдің
мағынасының жоғалғаны емес пе? Автор қоғамымызда рухани құлдырау процесі
орын алып бара жатқанын ескертеді. Сол апаттан біз өзімізді, яғни қоғамды,
ұлтымызды қорғап қалуымыз керек.
Бұл туралы автор да өз ойын айтып кеткен болатын: “Жиырмасыншы
ғасырдың гуманистік ойы жазушылардан гуманистік шығарманы талап етіп қана
қоймайды, заманының тамыршысы, емшісі болуды талап етеді.[5, 440] Бұл
талапқа жазушы шығармалары жауап бере алғанына көзіміз жетіп отыр. Оған
тағы бір дәлел болатын қаламгердің “Атау кере” повесі.
Пенделік дүниенің ырду-дырдуынан қашып қызығына алданған бас кейіпкер
Ерік пен сол пенделік ғұмырдың тұтқыны Айнаның, талай шырғалаңды Тағанның,
мұсылманшылықпен тіршілік кешіп, християндық дініне елтіп дүниеден қайтқан
Нүркенің – Нюра Фадееваның ағдырлары тұтас бір әлеуметтік ғаламның, қауіпті
будан ғаламның азапты заңдылықтарын көзге тосады.
Кісілікті пір тұтқан, аналық табиғаты таза да хас асыл Нұрке – Нюра
Фадеевна өкінішіті күйде дүние салды. Тек екі дүниенің арасында жан алып,
жан беріскен алмағайып сәтте көзіне елестеген христиандық шіркеу
қоңырауының дүмбірі ғана кейуананың да өмірінде буданның лебі бар екендігін
аңғартады. Екі діннің арасында ұстараның жүзінде өткен тағдыр. Не ол емес,
не бұл емес Еркіннің дүбәрә өмірі де солай емес пе?
Асқар Егеубай “Мұзбалақ’’ атты эссесінде: “Осынау үрдістегі “Атау
кере” көркем шығарма болуымен бірге қоғамдық-әлеуметтік болмысты
социологиялық талдау, әлеуметтік-психологиялық зерделеу. Шығарманың екінші
аты – “Қауіпті будан”. Әуелгі бір басын ашып алатын жай, повесте жазушы
азып-тозған қоғамның кейіп-кескінін қалай батыл ашып көрсеткен, сол кездің
өзінде саяси құрсаудан қорықпай, азаматтық ерлік жасаған деген секілді
сарынмен тамсанып мадақтайтын шығарма бұл емес. Олай етсек, “Атау –
керенің” қадірін де кетіріп алар едік, әдебиет деген киелі болғанда қазақ
халқы тұрғанда, сол халықтың тағдырын түсінгісі келетін ұрпақтары тұрғанда
құнын жоғалтпайтын мәңгілік мұра деп бағалайды. Мен бұл пікірмен келісемін.
Шығармадағы негізгі идеялық жемісі европа елі, орыс елінің ақ- қарасын,
жаманы мен жақсысын айырмай, оған таңқала тамсанамыз, еліктейміз. Ал ол
еліктеудің арты өз ұлттық болмысымызға зиянын келтіретінін байқап та
жатпаймыз. Автордың астарлы ойы да осында жатыр емес пе? Ерік пен Нюраның
өмірлерінің трагедиямен аяқталуы, оларда да буданның лебі екені түсінікті.
“Қар қызы” мен “Бәрі де майдан” шығармаларын алсақ, адамдардың жалпы
мінезінің өзгешелігі, рухтарының бір қазанда қайнаса да қабыспайтын қарама-
қайшылығы бітіспес күрес сияқты. Мысалы, Ақтан мен Құмырай, Нұржан,
Аманжан, Бақытжан бір-бірімен еш уақытта бітіспейтін жақсылық пен
жамандықтың мәңгілік күресін көрсетеді. Сұрапыл соғыстың кезінде де
жақсылық пен жамандықтың күресі бітпейді. Адамның шынайы болмысы, бет-
бейнесі басына іс түскен қиын сәтте танылып, ақтарыла ашылады ғой. Бір
ауылда өскен, тіпті күні бүгінге дейін көрші тұратын Ақан мен Құмырайдың
образы соғыста тыл жұмысында ашылады. Нұржан, Бақытжан, Аманжандар да
табиғаттың апаттары кезінде істеген әрекеттері, мінез-құлықтары бірін-бірі
жақсы білеміз деп жүрген достар шын мәнінде жақсы білмейтін болып шығады.
Повесте бұл жағдайларды жазушы барынша шынайы, кейіпкер іс-әрекеттері,
характер қақтығыстары арқылы ашып отырады. “Бұға берсе де, сұға беруге
әбден үйренгенсіңдер, - деді қарға шырт түкіріп. – Ал енді тырп етіп
көріңдерші. Ең әуелі екеуіңді, содан соң өзім қан болайын. – Қалтасынан
бәкісін суырып алды. Екі жігіт шошына қарап қалған. Басқа-басқа, дәл осыны
күтпеп еді. Бір жасынан бірге өскен дос, замандас, ағайындас... тағысын,
тағылар – бәрі-бәрі быт-шыт, бәрі-бәрі бекер, әншейін қайғы-мұңсыз ерігіп
жүргенде айтылар шартты ұғым екеніне Нұржанның көзі тұңғыш рет жеткен еді”.
Туындыдағы суреткерлік шеберліктің қапысыздығы жазушының сюжет
іріктеуінен, шығарма құрылымынан, кейіпкер даралауының, баяндау стилінен де
айқын аңғарылып отырады. Мысалы, жазушы аңның дене бітімін ерекше бейнелеу
арқылы оның ішкі табиғатына тереңдей түседі. Көксерек арлан еді, сондықтан
бұның бойы биіктене берді. Атылып келе жатқан садақ оғындай үңілген,
сүйірленген бір бітімі бар [6, 260].
Осы суреттен көз алдыңызға жемтігіне шапқан аңның түр-тұлғасы анық
елестейді. Оны садақтың оғына теңеуі қасқырдың жыртқыштық қасиетін аша түсу
үшін сәтті пайдаланған.
Автор шығарма сюжетін ширықтыра отырып Көксеректі өзі тектес түз
тағысы Аққасқырмен үйлестіруі де драматизмді қалыңдата түседі. Көксеректің
Аққасқырдан күшігінен күштеп айырылуы, бөлтіріктің екі аяқтыларға деген
өшпенділігін біржола оятты. Көксерек трагедиясы оның жалғыздығында.
Сюжеттің ділі осындай ыңғайда дамуы Оралханның Кербұғысында қайталанады.
Мұнда қаламгер Әуезовтің тек қана үйреніп қоймай, ұлы жазушы дәстүрін
әрмен қарай тереңдете түседі. Бұғының ішкі психологиясын ашып көрсетуде
О.Бөкей Көксеректегі авторлық баяндауға емес, ішкі монологқа монологқа
салмақ артады.
Оның жанары жаутаңдаған көзінде бүкіл әлем көріністеніп, сол әлемнің
ендігі қожасы қатыгез Адам да, қоларасын сайлап әзір жүрді, ал сол адамның
қомағай қарашығында мүйізден айырылып пұшайман болар жас бұғы да тулап,
тұтқында тұрған екен.
Не нәрсе сұлу болса, отап тастауға, не нәрсе биік болса, құлатып
тастауға, не нәрсе аппақ болса қаралап тастауға, не нәрсе сау-саламат
болса, жаралап тастауға, не нәрсе адал болса, арамдап тастауға әуес жұмыр
басты пенденің өз оңбағандықтарынан ақталар ақиқаты әрқашанда дайын:
Жақсылық туғызбайтын бірде-бір жамандық жоқ. Кездейсоқ оқиға болмайды: бұл
дүниедегінің бәрі де – не сынап байқау немесе жаза немесе мақтау, күн бұрын
болжау [5, 315-316].
Сонымен қатар Оралхан адамзат алдындағы қордаланып қалған планетарлық
мәселе табиғат пен адам арасындағы шиеленістің көкейкестілігін айғақтау
үшін өткір публицистикаға барып отырады: Әлгінде ғана мейірім тілеп
жаудыраған қара көз әп-сәтте қанталап, ақиып шығып кетті. Еркіндіктің ерке
желімен жарысып, ой мен қырдың ара-жігін ажыратпай, бұла боп өскен бұл дәл
қазір өмірдегі жамандық пен жақсылықтың уланған бастауынан дәм татты. Дәм
татқызған – Адам!.. Кербұғы тоқал болып жаралмағанына өкінді. Қиянат! [5,
316].
Кейіпкер тағдыры мен жаратылыс тұтастығы О.Бөкейдің тек Кербұғысына
ғана емес бірнеше шығармаларының негізгі тіні іспеттес. Оралхан кіндік
кескен өңірі, қазақтың ең бір шұрайлы өлкелерінің бірі – Алтайды жырлау
арқылы Адамды жырлады. Оның шығармаларындағы кезікті де қатал, сұлу да
сырбаз Алтай образдық дәрежеге көтеріліп кетті. Жазушының көркем
туындыларындағы адам бейнесі Алтаймен қарым-қатынасқа түспей ашылуы қиын.
Қамшыгер, Мезгіл әуендері, Табиғат-Өмір-Адам, әңгіме-новеллаларында,
Мұзтау, Елең-алаң, Сайтан көпір, Жетім бота, Қар қызы, Өліара,
Құм мінезі, Атау кере повестерінің қайсысын алмайын, қаһармандар мен
табиғат арасындағы жанды байланысқа көзіміз жетіп отырады. Мына өмірдегі
жақсылық пен жамандықтың төрешісі, қатал сыншысы Оралханда – Алтай. Аспан
шал мен оның баласы Алмазға да (Сайтан көпір), үш тағдырдың, үш мінездің,
үш дүниетанымның иесі – Нұржан, Аманжан, Бақытжанға да (Қар қызы), адал
да арлы азамат Барханның да (Құм мінезі) рухы сыналатын кеңістік –
табиғат. Олардың өміріндегі шешуші қадам осы табиғатпен жеке-дара бетпе-бет
келген тұста жасалады.
Оралханның әлеуметтік-философиялық, әсіресе философиялық ойларының
терең іздері оның хайуанаттар жайлы жазған бірді-екілі шығармаларынан айқын
көрініс тапты. Әсіресе адам мен табиғат арасындағы байланысты суреттейтін
әңгімелерінде жазушының ерекше таланты таныла түсетіндей. Әлемді
толғандырып отырған табиғат экологиясы мен қатар адам экологиясы, рух
дағдарысы құрбанына айналған дала еркелерінің халі Кербұғы, Бура
әңгімелерінде және кейбір повестерінде көркем баяндалған. Қаламгердің бұл
тораптағы ізденістеріне дала тағылары мен түрлі хайуанаттар тағдырын
бейнелей отырып жалпы адамзаттық мәселелер тереңіне бойлай алған ДЖ.Лондон,
У.Фолкнер, Э.Хеменгуэй, Ш.Айтматов т.б суреткерлердің әсері болғаны сөзсіз.
Сондай-ақ ұлттық прозамыздағы М.Әуезовтың Көксерегі мен М.Мағауиннің
Тазының өлімі арасындағы көркемдік дәстүрдің ықпалын жоққа шығаруға
болмайды. Бізді әлемдік деңгейдегі шедевр-шығарма М.Әуезовтің Көксерек
әңгімесі мен О.Бөкейдің Кербұғысын салыстыра отырып қарастыру біраз
тұжырымдар жасауға жетелейді.
Типологиялық тұрғыдан алсақ, екі шығарманың тоқайласатын жері –
олардың тақырыбы, идеясы, яғни адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдіктің
бұзылуы. Дегенмен, қос шығармадағы тақырыпты ашудағы көркемдік әдіс-
тәсілдер мен идея айқындаудағы эстетикалық талғам табиғаттары арасында
әрине, айырмашылықтар да жоқ емес.
Кейінгі жылдардағы прозада адам және табиғат қарым-қатынасын әлемдік
және ұлттық концепцияларға сай дамытуда М.Әуезовтің бүкіл шығармашылығын
айтпағанда, жалғыз шығармасы Көксеректің өзі аса зор ықпал жасағанын
аңғарар едік. Адам санасындағы өзгерістер оның қоғам, тереңдей беретін
болсақ табиғатта алатын орны жайлы үлкен ізденістер әлі де жалғасын тауып
келе жатқанын аңғарып жүрміз.
С.Асылбеков былай дейді: “Шындықты шырақ алып іздеу дегеніміз – жазушы
суреттеп отырған ситуацияның идеялық-философиялық астарына тереңдеп еніп,
негізгі айтар ойдың інжу-маржанын көзге көрсетіп, көкірекке пайымдату’’.
[12,130]
Жақсылық істесең жақсылық орасың Табиғат екеш оған да оң көзбен қарап,
жұмсақ алақанмен аялап, жайсаңдық жасасаң өз үйің жұтына түседі. Әңгімеде
осы аксиоманы кейіпкері былайша толғайды: “Ұшқан құс, жүгірген аңды атқан
сайын немесе көл, орман-тоғайды құртқан сйын - өзімізді кеміктеп өлтіріп
жатқанымызды зерделеген емеспіз. Біз қазір алып өткелдің аузына – “Сайтан
көпірге” келіп тірелеміз” [5, 17].
Академик А.Б.Мигдал: “Сегодня нравственный закон внутри нас стал
вопросом жизни и смерти человечества. Мы начинаем понимать как отстала
общественная мораль от развития науки, и долг литературы – уменьшить этот
разрыв, утверждая нравственные ценности” [6, 3].
Бұл ойдың көрінісі О.Бөкейдің “Жетім бота” повесінде негізгі идея
желісі. Шығармадағы подтекстік детальға тоқталайық.
“Қарт Тасжанға: “балам, есіңде болсын, - деді шыншыл да қамқор
көңілмен, - жалғанда қаланың қатынына жолама – қарасы жұғады, әсіресе, ішіп
алып жырлағандарына... Апыра-ау, түбіне болар екенбіз?!” [5, 368]. Яғни,
“Атау кере” повесіндегі үлкен ғылыми-техникалық дағдарыс, цивилизация мен
адам атаулының рухани келбеті бетпе-бет келуі, ащы шындықты көрсетеді.
Автордың шығармасының негізгі идеясына, қосымша ой қосып тұрған подтекстік
детальдың қызметі.
Шынымен қарап отырсақ, уақыт өткен сайын адам атаулы қанағатсыз қалып
бара жатқан сияқты. Қазір адамдарды ештеңе таң қалдырмайды. Бұл біздің
ойымызша, ең қорқынышты мәселе. Уақыт ағымы, ғылымның дамуы мен ол әкелген
жаңалықтар күннен күнге өсіп барады, дамып барады. Сол жолды қуамыз деп
біз, кешегімізге көз жұмып, оған бей-жай қарау қаупі де бар. Бірақ біз
өзіміздің кім екенімізді ұмытпау үшін, білу үшін тарихқа көп зер салуымыз
керек емес пе?
Ғалым М.Х.Хамзин: “Уақыт ағымы шындықтың түр-түсін өзгертіп отырады,
кешегі ақиқат бүгінгі күні ол сипатынан айрылған, кеңістікке тікелей
байланысты” [7, 74]. Біз үшін нағыз ақиқат: кешегімізде. өйткені, біздің
кешегіміз, біздің болашағымызға жол сілтейді, әр затқа байыппен қарауға,
өткен қателікті қайталамауға үйретеді.
Сонымен қатар, 70-80-жылдардағы қазақ прозасындағы ауыл тақырыбы да
елеулі орын алды. Қаламгерлер ауыл көрінісін, ауыл өмірін, ауыл адамдарының
ішкі психологиясын, технократтық дәуірдің аса зор ықпалында қалған қала
өміріне қарсы суреттейді. Авторға ауыл – қоры сарқыла қоймаған рухани
байлық пен табиғи тазалықтың символы.
О.Бөкейдің “Мұзтаудағы” Ақтан, “Жетім ботадағы” Досым бейнелері куә.
Мысалы: Досым мен Тасжанның диалогында:
- Саған ризамын, Досым... Сен алғашқы күйіңде қалған екенсің.
- Өзің ше, өзгеріп кеттің бе?
- Мен баяғы Тасжан емеспін, мүлдем бөтен біреумін. “Жаны жоғалып, тек
“Тасы” қалған... [5, 399-400].
Әдебиет зерттеушісі В.И.Этов роман жарнына байланысты өз ойын айтады,
бірақ бұл ой жалпы осы кезеңдегі әңгіме-повесть жанрларының қозғаған өзекті
тақырыптарына қатысы бар: “Роман 70-80-х годов нередко роман итогов пожитой
жизни, что передается и композиционно, путем сопоставления разных эпох
ретроспективным изображением тех моментов в жизни личности и народа, когда
особенно ощутимы становятся перемены” [8, 63]. “Перемены” деп отырғаны
“өзгеріс”. Бұл ғылыми-техникалық дамудың өзгерісі, жақсылықнышаны ма? Әлде
керісінше ме? Біз оның жауабын өз өмір сүріп отырған ортамыздан табамыз.
Адам атаулы осы эволюциядан қалмаймыз деп, өзіне тән рухани болмысының
құлдырауына әкеп соғып отыр.
Көрнекті әдебиет зерттеушілерінің бірі В.В.Иванов: “Біз өз-өзімізді
түсініп алуымыз қажет, керісінше болған жағдайда барлық басқа ғылымдардың
нәтижелерін болашақта қолдануға жол жоқ” [9, 6].
Кейінгі жылдардағы прозада адам және табиғат қарым-қатынасын әлемдік
және ұлттық концепцияларда дамыту М.Әуезовтың шығармашылығы ықпал жасағанын
байқаймыз. Адам санасындағы өзгерістер оның қоғам, тереңдей берсек
табиғатта.
Оралханның суреткерлік жұмбақ кілттері жеке зерттеп, айрықша талдауды
қажетсінеді. Теңіз үстімен ботасын жетелеп күнге бет алған қыз суреті...
(“Жетім ботада”), Айқай мен жаңғырық (“Біздің жақта қыс ұзақ”). Иен далада
дүрсілдеп ары бері өтіп жатқан поездар... Аспанда ерсілі-қарсылы ұшып
жатқан самолеттер... Сол алып ғаламның бауырында құмырсқадай қыбырлаған
қарапайым пенделер тірлігі... Барлығы жұмбақ, барлығы тылсым, барлығы да
мынау сиқырлы тосын ғаламның сауалдары. Оқырмандарды да, авторды да,
ғаламды да ойланбасына қоймайтын түйіндер.
Ә.Құтжанұлы бұл туралы:
“Көркемдігі келіскен кесек туындыларына тән тақырыптардың өзі
таңданарлық “Сайтан көпір”, “Атау кере” деп аталуының өзінде үлкен түйін
жатыр. Неге десеңіз, тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен” аман қалған қайран
қазақ халқы қызылдардың қайдан жасаған жасанды жүйесінің “Сайтан көпірде”
ұзақ селкілдеп, “Атау кересін” ішудің аз-ақ алдында қалған жоқ па? Мұнда
қоғам дертінен өзектеріне өрт түскен жекелей адамдардың тонаулы тағдыры,
сондай-ақ, жекелей адамдардың жауапсыздығынан жапа шеккен замана зары тілге
тиек етіледі” [10, 8].
Д.Исабеков шығармаларында подтекст негізінен мейірімділік,
бауырмалдық, махаббаттың күші, сонымен қатар опасыздық, сатқындық,
шарасыздық төңірегінде сөз болады. Мысалы, “Бекет”, “Тіршілікті” алсақ,
өмірде кешірімді болу, мейірімді болу бұл адамның ең құнды, әрі қасиетті
белгілері екенін біз Бекет пенен інісінің арасындағы қарым-қатынастан
байқаймыз. Бір махаббат үшін екінші адамға деген махаббатын жоғалтпауы,
яғни бұнда бауырмалдық ағайынды екеуінің бір-біріне деген махаббаты биік
пе, әлде екі адамның махаббаты биік пе? Осы мәселе қозғалады.
“Тіршілік”, “Сүйекші”, “Мазасыз күндер”, “Пері мен періште”, “Гауһар
тас”, “Өкпек жолаушы” шығармаларында ортақ подтекст өмірдің мәні, мағынасы,
адамның өмірдегі орны деген идеялар жүктелген.
Тіршіліктегі Қыжымгүлдің өлімі оның өмірінің шарасыздық, мағынасыздығы
екеуін қартайды. Өмірдің барлық мәні, мағынасы ұрпақ жалғастығы, бала сүю,
балаға деген мейірім, шаттық, адам өмірінің ең бастымағынасы осы демек
автор. Шығарма соңында ұлының ұлы, яғни немересі үшін жанталасып барын
салып, екеуінің сағына күтуі, жалғыздық адамға жазылмағанын дәлелдей
түседі. “Күні бойы үй бетін көрмей ауыл-ауылды аралап, жасар тәуіпшілігін
жасап, өзіне керекті көкнәрін тауып, түннің бір мезгілінде қайтып оралғанда
шам жарығының алдында қыбырлап тірі отырған кемпірі де көп сүйеу екен ғой.
Енді мүлде жалғыз қалып, мына үй тірі молаға айналды. Шайды да өзі қояды,
өзі демейді, көкнәрін де өзі езіп, жападан-жалғыз кәйіпке түседі де,
таңертең сол отырған орнынан тұрады... Немересінен келесі аптада барам деп
хат келді, Киеван дәл былтырғыдай совхоздың кассасынан алты айлық
пенсиясының есебінен тағы да төрт жүз сом алып, немересін той жасап күтіп
алуға дайындалды. Ол оны күтіп алады. Бұл баланың суретін ғана көрді, әкесі
қандай еді, әкесінің әкесі кім – ол жағы бір құдайға ғана аян. Бірақ,
бәрібір ол Молдарәсілов боп жазылады, бұл тарыдай шашылып, қауындай жарылып
той жасайды” [11, 391].
Адамның табиғаты жалғыздыққа шыдауы өте қиын. Киеванның егде жасқа
келгенде өзіне ешқандай қатысы жоқ бала болса да, оның фамилиясына
жазылады, жалғыздықтан құтқарады.
Молдарәсілдің өмірінде бір үміт сәулесі қайта жанғандай болып,
қартайған шағында болса да өмір бойы таба алмаған бақытын енді тапқандай.
Бұл тіршілік нышанын өшкеннің жанғанын көрген қуанышына куә боламыз. Бұл
қуаныш – тіршіліктің мәні де, сәні де сол екен. Бір кездегі баласының
баласы. Қырық-елу жылдан соң табылған сәтте қайта тұтанған үміт, қайта
жанған қуаныш болады.

Жалғыздық мәселесі “Сүйекші” повесінің де негізгі өзегі.

Оның туғандарынан айрылғаннан кейін дүниеде жападан жалғыз қалады.
Одан кейін диуана кемпірге жолығып, оған бауыр басып қалады. Диуана
кеткенде ол шынында өзінің өмірде жалғыз екенін сол уақытта ғана сезеді.
“Арада бір жарым ай өтіп, жас диуана өз бетінше ел аралап, жаңа кәсіптің
жөн-жосығын айыра білетін болды-ау дегенде диуана кемпір екеуінің екі
ажырасар кезінің жеткенін айтты. Оң-солын танығаннан бері жат кісі
атаулыдан алғаш рет шын мейірбандық, шын жанашырлық тапқан. Тұңғыш мойны
қайтса да қанаты қатпай, дүрмегінен көз жазып жалғыз қалған соң бір
қырғидан жан сауғалаған бейшара торғай секілді көзі қарауытып кеп бірінші
кездескен диуананы паналай кетіп еді. Бірақ, “ажырасармын-ау” деп ойлаған
сайын бүкіл жарық дүниеде жалғыз өзі ғана қалатындай күні бұрын жаны
құлазып, жетімдік жапасын нақ бір енді шегетіндей іштей үгітіліп, мүсәпір
халге түсетін. Тұңғыш диуананың аузынан “айырылысайық” деген суық сөзді
естігісі келмеді” [11, 259].
Автор "Сүйекші" және "Тіршілік" повестерінде жалғыздық, жатсыну деген
мәселелерді көтереді. "Сүйекшідегі" Тұңғыш, "Тіршіліктегі" Қыжымгүл мен
Киевандардың жастық шақтарынан еңкейген егде шал болған уақыттарына дейінгі
тағдыр тәлкегіне түскен өмір жолдары суреттеледі.
Жазушы жекелеген адамдар тағдырын зерттеп, суреттей отырып, бүкіл
әлеуметтік өмірдің күнгейі мен көлеңкесіне, даму барысына үлкен мән береді.
Қаламгер шығармаларымен таныса келе, әлеуметтік мәселелерден гөрі автор
образдың ішкі әлеміне көп мән беретіндігі байқалады. Қаламгер
шығармаларында "жатсыну" құбылысы басты кейіпкерлерінде жиі байқалады.
Ж.Ж.Жарылғапов ағамыздың "ХХ-ғасыр соңындағы қазақ прозасының идеялық-
эстетикалық мәселері" атты еңбегінде жатсынуды үшке бөледі:
- біріншісі, адамдардың адамнан жатсынуы;
- екіншісі, адамның өз-өзінен жатсынуы;
- үшіншісі, адамның қоғамнан жатсынуы [12, 85].
Бұл жатсынудың үш түрі де біздің қазақ әдебиетіндегі кейбір
шығармаларында кездеседі. Мысалы, Д.Исабековтің "Сүйекшідегі" Тұңғыштан
адамдардың жатсынуы, оны адамдардың тек сүйекші ретінде қабылдауы, оның
"Үндемес" деген атқа ие болуы да дәлел болады. Бұл жатсынудың түрі
"Тіршілік" повестеріндегі Қыжымгүлдің тағдыры, оның келеңсіз жағдайға
ұшырауы, өзінің туған-туыстары, әкесі сол болған оқиғадан кейін қызын
Қыжымгүлді қаңғыртып жібереді. Бұл тек әкесінің жағынан жатсынумен
шектелмей, Қыжымгүлдің өзін-өзі жатсынуы, қоғамнан, әкесінен түңілуі де
бар. Яғни өз-өзінен де, қоғамнан да жатсынуды байқаймыз. Оған мысал
ретінде:
"Болды, Көке, даусыңызды естідім, әлі өзгермепті" [11, 360].
Бұл сөздерінде Қыжымгүл әкесінің әлі де өзгермегені, бір кезде қуып
жіберген әке сол әке екеніне көзі жетеді. Жүрегінде әкелік махаббаттан гөрі
өзімшілдігі басым, әкелік мейірімнен аттап, осындай әділетсіздікке жол
беруі әкесіне деген көзқарасын өзгертіп жібереді. Оған әкесінен гөрі қиын
кезде қол ұшын берген бес баласы бар Қымқаны туғанынан артық көреді.
Мына дүниеде қатыгездік пен мейірімсіздік, тоңмойын надандық деген
адам бойында кездесетін жаман қасиеттердің өмірде үстемдік етпеуі үшін
күресу керектігін “Гауһар тас” повесінде сөз етеді. Надандық, қатыгездік
адамның рухани тазалығын қорлайтын, үмітін өшіретін қоғамымыздағы ең
қауіпті жауымыз. Салтанат Ыбыштың бойынан қатыгездікті көре тұра, ат тонын
ала қашпауы қатыгездікке қарсы күресе алатын жігерлі образ. “Мен басқа
жақтан бақыт іздемеймін. Іздеп барып дәл үстінен түскен бақыттың маған
керегі де жоқ. Мен ол бақытты қиын жерден іздеймін, жоқ жерден іздеймін.
Өмір сонысымен қызық; сонысымен мағыналы” [11, 190]. Өмірдің мағынасы
шынымен тартыстан, қимыл қозғалыстан тұрады. Ең бастысы жаман қасиеттерге
қарсы тұра білу, жеңе білу. Шығарма соңында салтанаттың өмірі трагедиямен
аяқталғанымен, ол, Ыбыштың жүрегінде сүйіспеншілік сезімін оятқанына куә
боламыз. Салтанаттың өмірден өтсе де, оның мақсаты, арманы орындалды. Оның
махаббаты, табандылығы, жігерлілігі көпті тамсандырып қоймай, жүректеріне
үміт сәулесін жақты.
“Пері мен періштені” алайық. Құлахметтің, Сафураның бүкіл өзінің
алдындағы күнәсін кешіруі үлкен ерліктің, махаббаттың белгісі еді. Сонымен
бірге бүкіл адамзат атаулының бойындағы жаман да жағымсыз қасиеттерді
жеңетін қасиет кешірімділік. Автор шығарма соңында Сафура туралы: “Ол өз
арымен жекпе-жек арпалысып, отыз сегіз жыл ғұмырының ішінде осы сегіз айда
өмір сүру дегеннің не екенін, адамшылыққасиет пен адамшылдық парасаттың
барлық-барлық мақсаттардан әлдеқайда асқақ жататынын ұғынды... Ендігі оның
қалған өміріндегі жұбанышы да, тірегі де осы болмақ. Қамшының сабындай ғана
қысқа өмірінде адамбаласы жер бетіне мысқалдай болса да қайырымдылық пен
ізгілік ұрығын қалдыратын болса, мәңгілік көз жұмар сәтінде де өткен
өміріне, кеткен ғұмырына көңілі қанағат етіп, о дүние табалдырығынан
уайымсыз, алаңсыз аттанатынына көзі жетті. Кеш болса да ол осыны ұғынды”
[11, 166].
“Өкпек жолаушы” повесінде бір кезде едәуір мансап иесі болған, бірақ
сол мансаптың рақатынан гөрі азабын көбірек тартқан мосқал кісі өзімен тек
перзент қызығын, бала қуанышын өміріне талшық еткен ананың өкінішті өмірі
айтылады. Бұл шығарманың идеясының ерекшелігі туралы Ж.Түменбаев: “Былайша
қарағанда, кездейсоқ ұшырасқан тағдыр талайларының үш қайнаса сорпасы
қосылмайтын, тек қоғамы мен уақыты ғана ортақ мүлде екі басқа адамның ұзына
өміріндегі қадау-қадау, бірақ бір пенденің запыран жұтып өтуіне жетерлік
ащы сыбағалары біздің бүгінгі қоғамымыздағы қатерлі ауруларды меңзейді”
[11, 76].
Шынымен де автор алдыңғы қарастырған туындыларында қатыгездік пен
мейірімсіздікті жеке адам тағдыры арқылы көрсететін жазушы енді олардың
қоғамдық кеселге айналғанына, екі адамның бірінің тағдырына пышақ салатын
қанды қару болып алғанына көркемдік қуатпен көз жеткізеді.
Жалпы О.Бөкейдің бүкіл шығармаларын роман, повесть, хикаяттарын
тұтастырып тұрған идея – қарапайым қазақтың тағдыры, тарихы. Адамның жұмбақ
жаратылысы, Ел мен Жер тіршілігі. Сол идея, образдар арқылы жазушының
өмірдегі тіршілік жайлы көзқарасын танимыз. Д.Исабековтің де
шығармаларындағы басты идея – Адам, оның жанының күрделілігі, жалғыздығы –
автор шығармаларының түп қазығы.
Неге бұлай? Неге адамдар бір-біріне сонша мейірімсіз, сонша қатыгез?
Бұл сауал екі автордың да шығармаларында қойылады. Мысалы, “Гауһартастағы”
Ыбыштың өз жары Салтанатқа деген жібімес қаттылығы қайдан келген?
“Дерменедегі” Тоқсанбай шалды тақырға отырғызып кететін, Ергешті зар
жылатып қоятын Омаш, “Тіршіліктегі” туған перзенті Қыжымгүлді тағдыр
тәлкегіне ұшырағаны аз болғандай, өз қолынан қаңғытып жіберген әке
қатыгездігінің тамыры қайда жатыр? Осының бәрінің ақыры неге жеткізеді?
Олардың нәтижесі бірде бейкүнә Салтанаттың мезгілсіз қазасы. Сүйекшінің
аянышты өлімі, Қыжымгүлдің сұрқай тіршілігі, іштен шыққан перзентін бір
көре алмай көз жұмуы, бұлардың негізгі идеясы қатыгездікке мойынсұнбау,
жеңе білу, сонда ғана өмір өзінің мағынасын табады.
Қоғамдық-әлеуметтік тіршілік-тынысын басып айту сияқты сипаттар Дулат
Исабеков пен Оралхан Бөкей шығармаларына тән. Қаламгер өз оқырманының жан
дүниесіне кіре отырып, адам тағдыры, қоғам келбеті, кейіпкердің
психологиялық жиынтық болмысы сияқты қасиеттерді аса бір сыршылдықпен ашып
көрсетеді. “Адам. Қоғам.” дейтін қос мүддені назардан тыс қалдырмайды.

ІІ Т А Р А У
1970-80 жылдар прозасындағы трагизм сипаты
2.1 Трагедиялық образ

Қаламгерлер шығармаларындағы трагизм мәселесіне тоқталмай тұрып, осы
терминнің түп-төркініне тоқталатын болсақ, “трагизм” термині алғаш рет
Аристотельдің “Поэтика” еңбегінде жазылған. Бұл термин туралы Аристотель:
“Предметом подражания в трагедии, как и в эпосе, по Аристотелью, являются
не только “лучшие люди, но и “обыкновенное”, “кто не отличается
добродетелью и справедливостью и впадает в несчастье не по своей
негодности- и порочности”, но “по какой-нибудь ошибке” [13, 201]
Бұл термин туралы толыққанды тұжырымды пікірді Г.Н.Поспелов “Теория
литературы” атты еңбегінде: “Трагическая ситуация создается не только
столкновением с угражающими внешними силами, но прежде всего внутренним
противоречиями личности и признаваемыми ею сверхличными ценностями жизни”
[13, 201].
Ал И.Ф.Волков: “Теория литературы” еңбегінде: “Трагизм (трагическое) –
один из сложных типов художественного содержания, представляющих собой
творчески освоенные существенные противоречия между разными сторонами
внутренней и внешней личной и общественной жизни людей” [14, 116].
Екі ғалымның берген анықтамасында трагизм ол тек жеке адамның
болмысымен және қоғаммен келіспеушілік негізінде болатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ прозасындағы жатсыну мәселесі экзистенциализм
Қазақ повестеріндегі көркем уақыт пен кеңістік
Төлен Әбдіковтің прозалық шығармаларының жанрлық, тақырыптық және көркемдік ерекшеліктері
ДУЛАТ ИСАБЕКОВ ПРОЗАСЫНДА ПСИХОЛОГИЗМНІҢ КӨРІНУ ЖОЛДАРЫ
Оралхан Бөкейдің монологтары
Жазушы және өмір шындығы
Қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектері
Т. Әбдіковтің прозасын жанрлық, тақырыптық тұрғыдан кең көлемде қарастыру, қазақ прозасының түрлі жанрында жазылған шығармаларындағы көркемдік-идеялық ерекшеліктерді, қоғамдық-әлеуметтік көзқарастарды адам мәселесі тұрғысынан саралау, қаламгердің дара стильдік белгілерін көрсету
ШАҒЫН ПРОЗАДАҒЫ АУЫЛ ӨМІРІ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МІНЕЗ
Қазақ прозасындағы кейіпкер болмысы және авторлық ұстаным. Суреткерлік шеберлік және көркемдік әдіс-тәсілдер
Пәндер