Несиелік процесс



Кіріспе

1. Несиелік процесс, оның негізгі кезеңдері мен мазмұны

2. Несие беру жөнінде шешім қабылдау және несиені беру тәртібі

3. Клиенттердің алған несиені қайтару тәртібі

4. Несиелік құжаттамаларға талдау



Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Коммерциялық банктердің экономиканың нақты секторын және де сауда ұйымдарын несиелендіруі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін әрі тиімді, әрі пайдалы.
Біздің еліміздің банктік саласы – жоғары қарқынмен дамып келе жатқан экономикадағы салалардың бірі болып табылады. Банктік жүйе көп функционалды, ол ақша-несие саясатын жүргізеді, тәуекелдерді бағалайды, есеп айырысуларды жүзеге асырады, клиенттерге көптеген дәстүрлі және дәстүрлі емес қызметтерді ұсынады. Соның ішіндегі ең маңыздысы және ең бастысы - халыққа несие ұсыну.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында несие алу деген халықтың ойына кіріп-шықпаған болса, қазір керісінше несиесіз жұмыс жасау қиын. Кез келген кәсіпорын өзінің жұмысын бастау үшін немесе айналым қаражаттарын толықтыру үшін банкке келіп, қорықпастан қарыз алады. Сондықтан несиені ұсынбастан бұрын банк дұрыс стратегия құруы қажет, яғни ол дегеніміз - біріншіден, дұрыс менеджмент; екіншіден, жалпы несие процесін дұрыс ұйымдастыру. Несиені қарыз алушыға ұсынған күннен бастап, сол несиені қайтару күніне дейін бақылау. Яғни, неиселік процесті ұйымдастыруды қарастырып, артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасау.
1. «Қазақстан Республикасында бантер және банктік қызмет туралы»
1995 жылы 31 тамызда қабылданған заңы;
2. Банковское дело: Учебник/ Под редакцией Г.С. Сейткасымова. -
А.: Қаржы-қаражат, 1998. - С. 159-174.
6. Банковское дело: Учебник / Под редакцией О.И. Лаврушина. -
М.: Финансы и статистика, 1998. - С. 256-305.
7. Банки и банковские операции: Учебник для вузов / Под
редакцией Е.Ф. Жукова. - М.: РДЛ, 1997. - С. 471.
8. Давлетова М.Т. кредитная деятельность банков в Казахстане: Учебное
пособие / КазГАУ.- А.: Экономика, 2001.-196с.
10. Банковское дело. Учебник / Под редакцией В.И.Колесникова. -
М.: Финансы и статистика, 1995.
11. Мақыш С. Коммерциялық банктердің операциялары. А.: ИздатМаркет,
2003.
14. Банковское дело / Под редакцией Коволева. - М.: РДЛ, 2001.
15. Ларионова И.В. Оценка кредитоспособности предприятия,
Бизнес и банки, 2004. № 11.
16. Лобанов А. Кредитная деятельность банка, Деньги и кредит,
2003. № 12.
17. Козлов А.А., Хмелев А.О. Качество кредитной организации,
Деньги и кредит, 2005. № 1.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе

1. Несиелік процесс, оның негізгі кезеңдері мен мазмұны

2. Несие беру жөнінде шешім қабылдау және несиені беру тәртібі

3. Клиенттердің алған несиені қайтару тәртібі

4. Несиелік құжаттамаларға талдау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

К І Р І С П Е
Коммерциялық банктердің экономиканың нақты секторын және де сауда
ұйымдарын несиелендіруі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі,
басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық
сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің,
экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін әрі тиімді, әрі пайдалы.
Біздің еліміздің банктік саласы – жоғары қарқынмен дамып келе жатқан
экономикадағы салалардың бірі болып табылады. Банктік жүйе көп
функционалды, ол ақша-несие саясатын жүргізеді, тәуекелдерді бағалайды,
есеп айырысуларды жүзеге асырады, клиенттерге көптеген дәстүрлі және
дәстүрлі емес қызметтерді ұсынады. Соның ішіндегі ең маңыздысы және ең
бастысы - халыққа несие ұсыну.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында несие алу деген халықтың ойына кіріп-
шықпаған болса, қазір керісінше несиесіз жұмыс жасау қиын. Кез келген
кәсіпорын өзінің жұмысын бастау үшін немесе айналым қаражаттарын толықтыру
үшін банкке келіп, қорықпастан қарыз алады. Сондықтан несиені ұсынбастан
бұрын банк дұрыс стратегия құруы қажет, яғни ол дегеніміз - біріншіден,
дұрыс менеджмент; екіншіден, жалпы несие процесін дұрыс ұйымдастыру.
Несиені қарыз алушыға ұсынған күннен бастап, сол несиені қайтару күніне
дейін бақылау. Яғни, неиселік процесті ұйымдастыруды қарастырып,
артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасау.

Бұл курстық жұмыста келесідей мәселелерді қарастырдым:
• Несие процесінің мазмұнын ашу;
• Несие процесінің кезеңдерін толығымен ашып көрсету;

1. Несиелік процесс, оның негізгі кезеңдері мен мазмұны

Екінші деңгейдегі коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының Қаржы
нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агентігінен банкті ашу
туралы рұқсат пен банктік операцияларды жүгізуге лицензия алған жағдайда
ғана қызмет ете алады. Несиелеу келесідей заңдарға негізделіп жүргізіледі:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы, Қазақстан Республикасында
бантер және банктік қызмет туралы.
Банктер, несиелеу процесі кезінде, нарықтық қатынастардың орнығуына,
қоғамдық өндіріс тиімділігінің артуына, еліміздің экономикасы мен
қаржысының тұрақталуына, айналымдағы ақша массасының артылып кетуіне жол
бермеуге, инфляциялық процесті тежеуге сонымен қатар, ұлттық валютаның
тұрақталуына үлес қосулары керек.
Банктік қарыздар өндіріс тиімділігін, яғни оның ғылыми-техникалық
деңгейін арттыруға, өнімнің жаңа жоғарғы сапалы түрлерін шығаруға, халыққа
түрлі қызметтерді көрсетуге, халыққа және экспортқа қажетті тауарлы-
материалдық құндылықтарды шығаруға байланысты қызметтерді несиелеу үшін
берулері қажет. Осыған қоса, банктер нарықтық инфрақұрылымның орнатылуын,
сауда қарым-қатынастарының кеңейуін қолдап отыруы керек. Қарызды
жоспарлауға, алуға, өтеуге байланысты сұрақтарға жауапты қарыз алушы өзі
қызмет етіліп жатқан банктен таба алады. Яғни несиені бермес бұрын банк
қарыз алушымен келісім-шарт жасасады. Бұл келісім-шартта несие процесі
жайлы ақпарат толық әрі түсінікті берілуі қажет. Несиенің мерзімі, пайызы,
сомасы сияқты мәліметтер келтіріледі.
Несиелеу мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік және қарыздың мақсатты
жұмсалу шарттары негізінде беріледі. Банктер қарызды өздерінде бар
ресурстар шегінде ұсынулары қажет.
Қысқа мерзімді несиелеудің қызмет етіп жатқан механизмі келесі
элементтерді қарастырады:
- несиелеу объектілері;
- несиенің жоспарланған көлемі және оның мақсатты бағыттылығы;
- қарызды беру және өтеу шарттары, олардың қарыз алушы қызметінің
жақсаруына үлесі;
- қарыз бойынша пайыздық мөлшерлемелер, олардың төмендеуі немесе ұлғаюы;
- қарыз алушының несие өтелмей қалған жағдайда ұсынатын кепілдігі
(кепіл, кепіл зат, өкілділік және т.б.);
- несиелеуге қажетті есептері мен мәліметтер тізімі, оларды қарыз
алушыға ұсыну мерзімі және басқа да шарттары;
- несиелік келісім-шартта берілген шарттардың ең болмаса біреуі бұзылған
жағдайда қолданылатын жазалау шаралары.
Жалпы несие ұзақ, орта, қысқа мерзімді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді
несиелеу қарыз алушының ағымдағы қызметін ұлғайту үшін беріледі.
Несиелеу процесі мынандай кезеңдерді қамтиды:
• несиеге деген өтінішті қарау;
• несиелік қабілетін талдау;
• несиелік келісімшарт жасасу;
• несие беру;
• несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.
Несиенің қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте несиелер бойынша
мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді. Банк қызметкерлері
күнделікті қайтарылатын мерзімі жеткен несиелерді қарай отырып, қарыз
алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкім-ордерін береді.
Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзімді
міндеттеменің келесі бетіне тиісті белгілерін жасайды. Егер де қарыз
алушының ағымдық шоты басқа банкте ашылған болса, несие бойынша қарызды
және сыйақыны қайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негізінде
жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда, қарыз алушының уақытша қаржылық
қиындықтарға кезігуіне байланысты банк қайтару мерзімін кейінге қалдыруға
рұқсат етуі мүмкін, бірақ бұл қарыз жоғарғы сыйақымен құжатталады.
Сыйақы мөлшері оны төлеу мерзімі және тәртібі, сондай-ақ оларды
іздестіру механизмі несиелік келісімшартта анықталады. Сыйақы ай сайын,
тоқсан сайын және т.б. есептелуі және қайтару кестесіне сәйкес іздестірілуі
мүмкін.
Пайызды есептеу барысында әлемдік банктік тәжірибеде уақыт базасының 3
түрлі моделінің бірі қолданылады. ҚР-да Халықаралық Валюталық Қордың
ұсынысы бойынша уақыт базасының англо-саксон моделі қолданылады (уақыт
базасы 365 күнге тең, ал әрбір айдағы күндердің саны нақты күнтізбе бойынша
есептеледі).
Банк несиелік келісімшарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиені
пайдалануына және оны толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз
алушының шаруашылық қызметіне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап, қажет
болған жағдайларда, орнында ақшалай және есеп ейырысу құжаттарын,
бухгалтарлік жазуларды, есептік материалдарды тексереді. Осы жерде қарыз
алушыдан алған барлық қаржы ақпараттар түрлері мен басқа да ақпараттар,
сондай-ақ басқа да көздер пайдаланылады. әрбір банктің өзінің клиенттің
несиелік ісін жүргізі жүйесі болады.
Несиелік келісімшартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз
алушыларға қатысты банк қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы
ескерту жасауға; несиелік шартында қарсатырылғандай беруді тоқтатуға құқығы
бар. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орындамаған
жағдайда банк несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
Несиелеу процесіне жасалатын бақылау банктің несиелік портфелін
мерзімді түрде тексеріп отырумен де толықтырылады. өйткені банктің несиелік
портфелі оның табыс көзі және несиелік операцияларды жүргізу барысындағы
тәуекел көзі болып табылады.
Бухгалтерлік есепте клиенттерге берілген несиелер келесі баланстық
шоттарда есептелінеді:
1411 – клиенттерге берілген қысқа мерзімді зайымдар
1417 – клиенттерге берілген ұзақ мерзімді зайымдар

2. Несие беру жөнінде шешім қабылдау және несиені беру тәртібі

Кез келген банктерде сияқты, Қазақстан Республикасының екінші
деңгейдегі коммерциялық банктерінде клиентке қарызды беру несиенің мақсаты
бағытына байланысты дербес шоттар арқылы жүзеге асырылады. Өнімді өткізуден
түскен түсім және басқа да ақшалай қаражаттар қарыз алушының есеп – айырысу
шотына келіп түседі. Несие несиелік келісім – шартта көрсетілгендей қарыз
алушының тауарлы – материалдық құндылықтар мен қызметтер бойынша есепті –
қаржылық құжаттардың төлемін жүргізуге, аккредитивтерді ашу және қарыз
алушының басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін есеп – айырысу
шотында қаражаттар таусылған жағдайда беріледі. Ал кейбір жағдайларда, есеп
– айырысу шотында қаражаттар болса да, банк басшысының рұқсатымен несие
тауарлы – материалды құндылықтар мен көрсетілген қызметтер үшін шоттар
бойынша төлем жүргізілуі мүмкін. Несиені ұсыну процесі несиелік келісім –
шартта көрсетілгендей бір жолғы, күн сайын және басқа мерзімде жүргізілуі
мүмкін. Бір жолғы несиелер бір жолғы контракт пен келісім – шарт үшін
шоттар бойынша төлем жүргізуге беріледі.
Толық қамтамасыздандырылмаған несиелерді толық алмау мақсатында ай
сайын несиені қамтамасыздандыруды тексеріп отыру қажет. Егер ссудалық
қарыздан қамсыздандыру қалдығы асып түссе, яғни қарыз алушының өтініші
(ходатайство) бойынша қамсыздандырудың артықшылығы байқалса, онда банк
қарызды ең алдымен кешіктірілген несиені жабу үшін беріледі, ал қалған
қаражат есеп – айырусу шотына түседі.
Несиелік келісім – шартта көрсетілген несиені беру және өтеу ережелері
мен шарттарына сәйкес, банктің несиелік бөлімшесі несие беру туралы өкім
дайындайды. Егер клиент шаруашылық субъект атынан бірінші рет келіп тұрса,
ол кәсіпорын атынан жұмыс істеуге рұқсат қағазын тексеру керек. Несие
әдетте қолма-қолсыз түрде беріледі. Алайда банк басшылығының шешімі бойынша
кейбір жағдайларда, мысалы жеке тұлғаларды несиелендірі кезінде, сонымен
қатар тұтыну несиесін ұсынған жағдайда қарыз қолма-қол түрде берілуі
мүмкін.
Қазіргі кездегі несиелендіру тәжірибесінде банктік несиені арнайы
ссудалық шоттар арқылы беруде. Бұл жағдайда түсім арнайы ссудалық шотқа
келіп түседі, өткізілген тауар мен өнім бойынша шарушылық органдардың есеп
айырысу шоттарына бөлінеді. Бұл тәртіппен сауда, дайындау, жадбықтау
ұйымдары несиелендіреді. өйткені мұндай ұйымдарда тауарлы – материалдық
құндылықтар айналымы тез жүріп отырады.
Банк клиенттеріне қысқа немесе ұзақ мерзімді несиелер қолма-қол ақша
түрінде берілген уақытта
Дт – 1411 – клиенттерге берілген қысқа мерзімді зайымдар
1417 – клиенттерге берілген ұзақ мерзімді зайымдар
Кт – 1001 – банк касасындағы қолма-қол ақшалар
Банк клиенттеріне қысқа немесе ұзақ мерзімді несиелер басқа банкте
қызмет көрсетілетін клиенттерге берілген уақытта
Дт - 1411 – клиенттерге берілген қысқа мерзімді зайымдар
1417 – клиенттерге берілген ұзақ мерзімді зайымдар
Кт – 1051 – Комбанктің ҰБ-тегі корршоты
1052 – Комбанктің басқа банктердегі корршоты
2013 – басқа банктердің корршоты
Банк клиенттеріне қысқа немесе ұзақ мерзімді несиелер осы банкте қызмет
көрсетілетін клиенттің шотына аударылғанда
Дт - 1411 – клиенттерге берілген қысқа мерзімді зайымдар
1417 – клиенттерге берілген ұзақ мерзімді зайымдар
Кт – 2203 – клиенттердің ағымдағы есеп шоттары

Несиені қамтамасыздандыруды тексеру баланс мәліметтерінің мерзімдері
бойынша міндетті түрде тексеру өткізуі қажет. Осында бір мәселені айта кету
керек, банк басшысының рұқсатына негізделе отырып, тексеру қарыз алушының
қаржылық жағдайы тұрақты болмаған жағдайда да жүргізіле береді.
Несиені қамтамасыз етуге келесілер алынады: өндіріс қорларының қалдығы,
аяқталмаған өндіріс, баланстық құн бойынша дайын өнім. Тауарлы –
материалдық құндылықтар қамтамасыздандыру ретінде несиелік келісім – шартта
көрсетілген мерзім шегінде ғана қабылданады.
Қысқа мерзімді несиелендіру ережелеріне сәйкес қамтамасыздандыру
ретінде келесілер қабылданбайды:
• несиелендіруге арналған мерзімнен жоғары болатын тауарлы – материалдық
құндылықтар;
• сақтау шарттары толық сақтандыруды қамтамасыздандырмайтын тауарлы –
материалдық құндылықтар;
• сақтау мерзіміне байланыссыз өндірісте қолданылмайтын және сұранысқа
ие бола алмайтын тауарлы – материалдық құндылықтар;
• көп мерзімге сақтауда тұрған тауарлы – материалдық құндылықтар және
шектеулі көлемі ғана өткізілген материалдық құндылықтар және
қызметтер.
Қамтамасыздандыру ретінде қабылданатын материалдық қорлар мен
өндірістік шығындардың сомасынан несиелік берешек алынып тасталынады.
Қаматамасыздандырылмаған берешек қарыз алушының есеп – айырысу шотынан
төленеді, ал егер есеп – айырысу шотында ақша – қаражаты болмаса, онда ол
мерзімі өткен ссудалар шотына ауыстырылады. Сонымен қатар, банк қарыз
алушыны несиелендірудің мақсаттылығын қарастырады.
Егер несие бойынша қамсыздандыру сомасы артық болса, онда бірінші
бөлігі несие бойынша пайызды жабуға жұмсалып, қалған бөлігі қарыз алушының
есеп – айырысу шотында қалады.

3. Клиенттердің алған несиені қайтару тәртібі

Несиенi қайтару және оған сыйақы төлеуiне бақылау жасау - несиелiк
операцияның маңызды кезеңi. Несиелер бойынша қарызды қайтару тәсiлi банк
қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын
құраудағы рөлiне байланысты.
Іс жүзінде несиені қайтарудың төмендегідей көптеген варианттары
болады:
1) мерзімді міндеттемелернегізінде эпизодтық қайтару;
2) меншікті қаражаттардың жинақталуының және несиеге деген есеп айрысу
шотына қажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтару;
3) алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;
4) түскен түсімді бірден несиелік қарызды жабуға есептеу;
5) несиенің қайтарылу мерзімін созу;
6) мерзімі өткен қарызды мерзімі өткен несиелершотына аудару;
7) банк резерві есебінен мерзімі өткен несиелерді шегеру.
Неселік қарызды қайтару туралы қарастырылған варианттар бұл
процесті мынадай белгілеріне байланысты жіктейді:
Қайтаруына қарай:
1) несиені толық қайтару;
2) несиені жартылай қайтару;
Қайтару жиілігіне қарай:
1) несиені бірден қайтару;
2) несиені бөліп-бөліп қайтару;
Қайтарудың жүзеге асырылу уақытына қарай:
1) несиені жүйелі түрде қайтару;
2) несиені эпизодтық қайтару;
Қайтару мерзімдеріне қарай:
1) несиені мерзімді қайтару;
2) несиенің уақытын созып қайтару;
3) несиенің мерзімін өткізіп барып қайтару;
4) несиені иерзімінен бұрын қайтару;
Қайтару көздеріне қарай:
1) клиенттің меншікті қаражаттары;
2) жаңа несиені пайдалану;
3) кепіл берушінің шотынан шегеру;
4) басқа кәсіпорын шотынан түскен қаражаттар;
5) бюджеттік түсім және т.б.

Несиені қайтару мерзiмi беру уақытында мерзiмдi мiндеттемелермен
құжатталады: егерде несие тұтас қайтарылатын болса, онда бiр ғана
мерзiмдi мiндеттеме толтырылады, ал несие бөлiп-бөлiп қайтарылатын болса,
онда әр төлемге әр түрлi мерзiмдi мiндеттеме толтырылады. Несиенің
қайтарылуына бақылау жасау үшiн банкте несиелер бойынша мерзiмдi
мiндеттемелердiң картотекасын жүргiзедi. Коммерциялық банктердің
қызметкелерi күнделiктi қайтарылатын мерзiмi жеткен несиелерді қарай
отырып, қарыз алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкiм
ордерiн бередi. Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен
кезде мерзiмдi мiндеттеменiң келесi бетiне тиiстi белгiлерiн жасайды.
Егер де қарыз алушының есеп айырысу шоты басқа банкте ашылған болса,
несие бойынша қарызды және сыйақыны кайтару қарыз алушының төлем
тапсырмасы негiзiнде жүргiзiледi. Жекелеген жағдайларда қарыз алушының
қаржылық қиындықтарға кезігуiне байланысты банк қайтару мерзiмiн кейiнге
қалдыруға рұқсат етуi мүмкiн, бiрақ бұл қарыз жоғары сыйақымен
құжатталады. сыйақы мөлшерi оны төлеу мерзiмi және тәртiбi, сондай ақ
оларды iздестiру механизмi несиелiк келiсiм шартта анықталады. сыйақы ай
сайын, тоқсан сайын есептеледi және қайтару кестесiне сәйкес iздестiрiлуi
мүмкiн.
Қарыздың негізгі көлемін және ол бойынша пайызды өтеу екінші деңгейдегі
банктердің Несиелік Комитетімен жасалады.
Банктерде несие бойынша негізгі қарызды өтеудің түрлі схемасын қолдана
алады, соның ішінде:
• Несиелеу мерзімі кезінде периодтық тең мөлшермен өтеу
• Аннуитеттік төлемдер формуласымен өтеу
• Несиелеу мерзімінің соңында бір уақытта өтеу
• Өтеудің бастапқы кезеңінде кейінге қалдыру арқылы өтеу
• Өтеудің жүйелі тәсілі
• Талап еткенге дейінгі өтеу.
Кейбір банктерде Несиелік Комитетінің шешімі бойынша қарыз алушыға
қарызды өтеу мерзімін кейінге қалдыру рұқсат етілуі де мүмкін.
Егер несиелеу мерзімі үш айдан асса, онда Филиал өз еркімен несиелеу
мерзімінің төрттен үш бөлігінен астайтындай қарыз алушыға өтеу мерзімін
ұзарта алады. Несие бойынша негізгі қарызды өтеу мерзімі несиені өтеу
кезеңі деп аталады. Өтемнің соңғы үшінші бөлігінде жүргізілетін өтем несие
бойынша негізгі қарыздың жартысынан аспауы қажет. Егер несиелеу мерзімі үш
айдан асса және несие бойынша негізгі қарызды өтеу мерзімі несиелеу
мерзімінің төрттен үш бөлігінен асса, онда өтем Несиелік Комитетпен
шешіледі.
Банк клиенттері алған несиелерін несиелік келісім шартта көрсетілген
мерзімде қайтарып беретін болса, келесі проводка жасалынады:
Банк клиенттерінен қысқа немесе ұзақ мерзімді несиелерін қолма-қол ақша
түрінде қайтарып алғанда
Дт –1001 – банк касасындағы қолма-қол ақшалар
Кт – 1411 – клиенттерге берілген қысқа мерзімді зайымдар
1417 – клиенттерге берілген ұзақ мерзімді зайымдар
Банк клиенттерінен қысқа немесе ұзақ мерзімді несиелерін басқа банкте
қызмет көрсетілетін клиенттерінен қайтарып алғанда
Дт - 1051 – Комбанктің ҰБ-тегі корршоты
1052 – Комбанктің басқа банктердегі корршоты
2013 – басқа банктердің корршоты
Кт – 1411 – клиенттерге берілген қысқа мерзімді зайымдар
1417 – клиенттерге берілген ұзақ мерзімді зайымдар
Банк клиенттерінен қысқа немесе ұзақ мерзімді несиелерін осы банкте
қызмет көрсетілетін клиенттерінен қайтарып алған уақытта
Дт - 2203 – клиенттердің ағымдағы есеп шоттары
Кт – 1411 – клиенттерге берілген қысқа мерзімді зайымдар
1417 – клиенттерге берілген ұзақ мерзімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несие туралы жалпы ұғым
Несие мәні және қажеттілігі
Банктің несиелік саясаты және несиелік механизм
Несиелік процесс және несиелеу принциптері
Несие механизмі
«Казкоммерцбанк» ақ-ның несиелік процесті орындау тәжірибесіне талдау жасау
Коммерциялық банктердегі несиелік процесс және оның негізгі кезеңдері
Банктің несие саясатының құрылымын талдау
Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі және несиелеуді жүзеге асыратын мекемелер
Несиелік тәуекелді басқару туралы
Пәндер