Қазақ тілі тарихын зерттеудің әдістері



Тілдің тарихи дамуын зерттеуде қолданылатын басты әдіс — тарихи-салыстырмалы әдіс. Түркі тілдерінің тарихын жасау сонау Менинский, Шотт, кейінгі Радлов заманынан-ақ осы тарихи салыстырма әдіс арқылы жүріп келе жатыр. Бұл әдістің басты шарты — жай салыстыру, қалай болса солай салыстыру емес, тілдердің, тілдік фактілердің тарихи байланысы мен жүйесін сақтай отырып салыстыру. Тарихи-салыстырма әдістің қолданылатын мынадай негізгі орындары бар: 1) бір тілдің әр кезеңге қатысты, бірақ бір жүйеге жататын, қызметі мен семантикалық жағынан бір-біріне эквивалент болатын фактілерін салыстыру; 2) бір уақытта өмір сүрген, өмір сүретін, бір-біріне тілдік, тарихи жақындығы бар тілдер материалдарын салыстыру. Алайда, бір топқа жататын тілдердің өзара байланысы, бір-біріне қатыс дәрежесі бірыңғай болып келмейтін еске алынады. Бір тілдің екінші бір тілмен ұқсастығы, жақындығы мол да, үшінші бір тілмен байланысы одан гөрі алыс, ал төртінші бір тілмен байланысы одан да алыс. Оның үстіне, олардың тарихи жағынан бір-бірімен ұштасуы да әр түрлі. Кейде бір-бірімен ете ұқсас, өзара жақын тілдер тарихи жағынан бір-бірімен өте алыс кезеңде ғана ұштасады. Мысалы: қазақ тілі мен қарақалпак, не ноғай тілдері, қазақ тілі, ноғай тілі арқылы татар, башқұрт тілдерімен немесе бүкіл қыпшақ тілдерімен ұштасады, қазақ тілі қыпшақ тілдері арқылы оғыз тілдерімен үштасады, содан кейін ғана якут немесе чуваш тілдерімен салыстыруға мүмкіндік туады. Ал екінші ерекшелікке қазақ тілі мен қырғыз тілдерін жатқызуға болады.
Тарихи-салыстырма әдісті қолданудың мақсаты — қазіргі тілдегі дыбыстар мен морфемалар жүйесінің алғашқы сипатының жобасын (реконструкция) жасау. Казіргі түркі тілдерініқ арасындағы фонетикалық, морфологиялық, лексикалық айырмашылықтарды анықтап, оларды сол тілдер құрамындағы диалектілік айырмашылықтармен салыстыра отырып, сол тілдердің көне дәуір ескерткіштеріне қатысын айқындауға мүмкіндік туады. Бұл ретроспективтік тәсіл деп аталады.Тарихи-салыстырма әдісті ретроспективтік тәсілмен іске асыру — зерттеудің негізгі бағыттарының бірі( Екінші сөзбен, зерттеу бүгінгі , тілдің сипатын айқындаудан басталып көне дәуірге қарай жүреді. Мысалы: айақ~адақ, шор: азақ, якут: атах, көне түркі: адақ. Сонда й-з<д/т дыбыс ауысуы келіп шығады. Қазіргі тілдердің ішінде якут тілі ғана көне түркілік сипатқа жақын қолданысты сақтаған. Олай болса, қазақ тіліндегі ел адақтау тіркесі де көненің «қалдығы», айақ сөзімен
Пайдалынылған әдебиеттер

1. М.Таманов «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» Алматы 1998 ж.
2. Ғ.Мұсабаев «Қазақ тілінің тарихи мәселелері» Алматы 1988 ж.
3. А.Қайдаров М. Оразов «Түркі танымға кіріспе».
4. Т.Қордабаев «Қазақ тілінің даму тарихынан» Алматы – 1987 ж.
5. Ә.Н. Нұрмаханова «Түркі тілінің саласы грамматикасы» Алматы – 1971 ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ТІЛІ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ
Тілдің тарихи дамуын зерттеуде қолданылатын басты әдіс — тарихи-
салыстырмалы әдіс. Түркі тілдерінің тарихын жасау сонау Менинский, Шотт,
кейінгі Радлов заманынан-ақ осы тарихи салыстырма әдіс арқылы жүріп келе
жатыр. Бұл әдістің басты шарты — жай салыстыру, қалай болса солай салыстыру
емес, тілдердің, тілдік фактілердің тарихи байланысы мен жүйесін сақтай
отырып салыстыру. Тарихи-салыстырма әдістің қолданылатын мынадай негізгі
орындары бар: 1) бір тілдің әр кезеңге қатысты, бірақ бір жүйеге
жататын, қызметі мен семантикалық жағынан бір-біріне эквивалент
болатын фактілерін салыстыру; 2) бір уақытта өмір сүрген, өмір
сүретін, бір-біріне тілдік, тарихи жақындығы бар тілдер материалдарын
салыстыру. Алайда, бір топқа жататын тілдердің өзара байланысы, бір-
біріне қатыс дәрежесі бірыңғай болып келмейтін еске алынады. Бір тілдің
екінші бір тілмен ұқсастығы, жақындығы мол да, үшінші бір тілмен байланысы
одан гөрі алыс, ал төртінші бір тілмен байланысы одан да алыс. Оның
үстіне, олардың тарихи жағынан бір-бірімен ұштасуы да әр түрлі. Кейде бір-
бірімен ете ұқсас, өзара жақын тілдер тарихи жағынан бір-бірімен өте алыс
кезеңде ғана ұштасады. Мысалы: қазақ тілі мен қарақалпак, не ноғай тілдері,
қазақ тілі, ноғай тілі арқылы татар, башқұрт тілдерімен немесе бүкіл
қыпшақ тілдерімен ұштасады, қазақ тілі қыпшақ тілдері арқылы оғыз
тілдерімен үштасады, содан кейін ғана якут немесе чуваш тілдерімен
салыстыруға мүмкіндік туады. Ал екінші ерекшелікке қазақ тілі мен қырғыз
тілдерін жатқызуға болады.
Тарихи-салыстырма әдісті қолданудың мақсаты — қазіргі тілдегі дыбыстар
мен морфемалар жүйесінің алғашқы сипатының жобасын (реконструкция) жасау.
Казіргі түркі тілдерініқ арасындағы фонетикалық, морфологиялық, лексикалық
айырмашылықтарды анықтап, оларды сол тілдер құрамындағы диалектілік
айырмашылықтармен салыстыра отырып, сол тілдердің көне дәуір
ескерткіштеріне қатысын айқындауға мүмкіндік туады. Бұл ретроспективтік
тәсіл деп аталады.Тарихи-салыстырма әдісті ретроспективтік тәсілмен іске
асыру — зерттеудің негізгі бағыттарының бірі( Екінші сөзбен, зерттеу
бүгінгі , тілдің сипатын айқындаудан басталып көне дәуірге қарай жүреді.
Мысалы: айақ~адақ, шор: азақ, якут: атах, көне түркі: адақ. Сонда й-здт
дыбыс ауысуы келіп шығады. Қазіргі тілдердің ішінде якут тілі ғана көне
түркілік сипатқа жақын қолданысты сақтаған. Олай болса, қазақ тіліндегі ел
адақтау тіркесі де көненің қалдығы, айақ сөзімен түбірлес, бірі ескі
күйді, бірі жаңа дәуірді танытады. Ретроспективтік тәсіл, сонымен, туыс
тілдер фактілерін көне мұралар тілі фактілерімен салыстыруды
мақсат тұтады. Салыстырылатын фактілер семантика, функция, грамматикалық
жақтарымен қатар, диахрондық өзгерістер тұрғысынан да қарастырылады. Бұл
тәсілдің бір тіл фактілерін синхрондық тұрғыдан салыстыруға негізделген
түрін іштей реконструкция тәсілі деп атайды. Іштей реконструкция тәсілі
синхрондық фактілерді салыстыру арқылы диахрондық қорытынды жасауды
көздейді. Бұл тәсіл бойынша тіл құрамындағы элементтер өзара салыстырылады
да, өзгерістің бағыты мен түрі айқындалады. Мысалы, ке-л, ке-т және бе-рі,
д-рі, алдыңғыларда ортақ түбір ке-, екінші топ сөздерде қосымшалар ортақ,
түбірлердің ортақтығын түсіндіру үшін жазба ескерткіштер мен туыс тілдер
фақтілеріне жүгіну керек: бұжақ, о жақ, со жақ, ана жақ ортақ түбір екі
түрлі: о~а және бұ~ со. Алдыңғы ортақ түбір соқғымен (бұ)~(со)
салыстырғанда ерекше көрінетіндер б, с элементтері. Бұ және со сөздерінің
екі түрлі мәнде ұғынылуы да {бұ — осы жерде — менің, айналамда, со — эл
жерде, сенің айналанда) б және с элементтеріне байланысты. Осылардың бәрін
еске алсақ, бұ және со сөздерін екі түрлі элементтерден құралған: б, с —
локативтік мән бергендер, ұ және а — сілтеулік мән бергендер деп қарауға
әбден болады. Дегенмен, тілдің бір саласына ғана қатысты синхрондық
фактілерді салыстыру ретроспективтік тәсілге жатады. Өйткені, әдеби тіл мен
диалектідегі бір-біріне эквивалент фактілер әр түрлі кезең мен
өзгерістердің (тіпті таза лингвистика емес, экстралингвистикалық, әлеумет-
тік жағдайлардың нәтижесі) нәтижелері болуы мүмкін.
Зерттелетін мәселенің ерекшелігіне қарай типологияялық салыстыру әдісі
қолданылады (бұл жердегі салыстыру — сопоставление:хронологиялық жүйе
сақталынбайды). Типологиялық салыстыру әдісі жеке морфемаларды, жеке
тілдік элементтерді қарастырмайды, материалдық элементтердің ұқсас, ұқсас
еместігіне қарамай, жүйелік қатынастар (системные отношения) арқылы
көрінетін тілдік ярустарды салыстыруда қолданылады. Қазіргі түркологияда
қыпшақтық вокализм, оғыздық вокализм, алтайлық (қырғыз) покализм,
қарағас вокализмі тәрізді дауысты дыбыстар жүйелерін анықтау көбіне көп
типологиялық салыстыра қарастырудық нәтижесі. Түркі вокализмінің аталған
түрлерін анықтау сол тілдердің фонологиялық жүйелерін синхрондық тұрғыдан
салыстыруға негізделеді. Тілдің грамматикалық құрылысы тарихын
зерттеуде анықтау көбіне-көп типолог
жесі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл білімінің өзекті мәселелері пәнінің оқу -әдістемелік кешені
Баспасөз тарихын зерттеудiң ғылыми-методологиялық негiздерi
XIX ғасыр тіл білімінде қолданылған әдістер
Ғалымдардың зерттеулері
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жолдары
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Ежелгі дәуір тіл білімі
Күлтегін ескерткішінің зерттелу тарихы
Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы жайлы
Пәндер