Қазақ тіліндегі толымсыз көмекші етістігінің табиғаты



Мазмұны.

Кіріспе

1. Жұмыстың жалпы сипаттамасы

І тарау. Қазақ тіліндегі толымсыз көмекші етістігінің табиғаты.
1.1. Толымсыз көмекші етістіктің зерттелуі.
1.2. Толымсыз көмекші етістіктің толымды көмекші етістіктен айырмашылығы.
1.3. Толымсыз көмекші етістіктің түрлері.
Толымсыз көмекші етістіктің зерттелуі
Сөз таптарының ішінде грамматикалық тұлғаға да, мағынаға да бай сөз таптарының бірі –етістік. Сондықтан да бүгінгі күнге дейінгі жарық көрген түрлі ғылыми оқулықтарда етістікке баса назар аударып, арнайы тоқталып, сөз етеді. Мәселен, А.Ысқақов “Етістіктің күрделілігі мен қарымдылығы оның аса өрісті лексика-семантикалық сипатымен, бай лексика – грамматикалық формаларымен, көселіңкі синтаксистік қызметімен тығыз байланысты.
Етістіктің лексика –семантикалық сипатының мейлінше өрісті болатын себебі – ол семантика тек субъектінің іс-әрекетін ғана емес, табиғат ауқымында, қоғам өмірінде ұшырасатын, адамның абстркты ойы мен санасы арқасында туатын неше алуан амал, әрекет, іс, қимыл, қозғалыс, жай, күй сияқты процестерге қатысты ұғымдырды түгел түр-түрі, қашан да болсын, мезгіл я шақ ұғымымен ұштас болады” – деп көрсетеді [1,233].
1967 жылы қазақ тілінің грамматикасында етістікті сөз еткенде “Етістік тобын құрайтын жатқан құбылыстарды, белгілі мезгілдік сипаттарды білдіреді. Осының бәрінде де етістіктер сан-салалы динамикалық процестерді адам санасында абстракцияланған жүйелі тілдік материалдар негізінде жеткізеді” –деп көрсеткен [2.125].
Соңғы кезде, яғни, 2002 жылы Астана қаласында жарық көрген қазақ грамматикасында етістікті сөз ете отырып, “Етістіктер басқа да мағыналы сөз таптары сияқты түбір күйінде де өзіне тән әр түрлі грамматикалық тұлғаларда да қолданылады деп асығыс айтып жүрміз. Бірақ етістіктің осындай түр-тұлғаларының қолданылуында бірден сырт көзге іліне бермейтін ерекшеліктер бар екенін көрсеткен жөн” – деп көрсетілген [3,494].
Осы секілді академиялық оқулықтардағы және жекелеген ғалымдардың етістікке берген анықтамаларын саралай отырып, А.Хасенованың өз еңбегіндегі етістіктің зерттелу жайын сөз ете келе “Бірақ соған қарамай етістік сөз табы әлі де болса алда зерттеле беруге тиісті проблемалар қатарына жатады” – деп көрсеткен[4,5]. Бүгінгі біздің зерттеу объектіміз болып отырған, кейінгі кезге дейін көп зерттелінбеген етістіктің грамматикалық категорияларының бірі – толымсыз етістіктер.
Толымсыз етістіктер жөнінде еңбек жазған Ж.Масалиева “Осындай толық зерттелмеген саланың бірі – толымсыз көмекші етістік. Түркологиялық зерттелулерде бұл етістіктер әлі де болса өзіне тиісті орнын таба алмай келеді” – деген [5.5].
Қазіргі кезге дейінгі қазақ тіл білімінде толымсыз етістіктер жөнінде ғылыми пікірлер айтқан және ол жөнінде өз еңбектерінде қарастырған бірнеше ғалымдардың пікірлеріне және толымсыз көмекші етістік жөнінде тұжырымдарға назар аударсақ.
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясын толықтай біршама жете зерттеген ғалымдардың бірі – А.Ысқақов. Ғалым өз еңбегінде “Көмекші етістіктердің саны аз болғанымен, тілімізде атқаратын қызметі орасан зор. Олардың көмегі арқасында, мағыналары қаншалықты олқы тұрса да, мағынасы толық дербес сөзарқылы білдіре алмайтын неше алуан өте нәзік семантикалық, грамматикалық абстракты мағыналар жасалып я беріліп отырады ” – дей келе “көмекші етістіктердің қолданылу шеңбері де, жетекші етістіктерге қосатын семантикалық үлестеріде, түрлену жүйесі және басқа сипаттары да бәрінде бірдей емес. Солай болғандарымен де, ортақ сипаттарын ескере отырып, оларды, ең әуелі толымды көмекшілер және толымсыз көмекшілер деген екі салаға бөліп қарауға болады. Бұл етітіктер тұрақты және ауыспалы деп аталады” – деген[1,259; 6,246]. Ғалым одан әрі “Қазіргі қазақ тіліндегі толымсыз етістіктер көп емес, бірақ олардың атқаратын қызметі орасан көп. Олар “е”(ер) етістігі негізінде өрбіген тұлғалардан сақталып жүрген еді (ер+ді) екен (ер+кен), емес (ер+ме+с) сөздері және еміс-еміс деген қос сөз ғана жатады”-деп көмекші толымсыз етістіктерді көрсеткен[1,262].
Толымсыз көмекші етістіктер туралы айтылған пікірлер біршама бар болғанымен, олар бірізді емес, тіпті қарама-қарсы да болып келген жағдайлары бар. Бұның бұлай көрсетілуі, біріншіден, толымсыз көмекші етістіктердің толық зерттелінбеуі, табиғатның дұрыс ашылынбауы,

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.

Кіріспе
1. Жұмыстың жалпы сипаттамасы
І тарау. Қазақ тіліндегі толымсыз көмекші етістігінің табиғаты.
1. Толымсыз көмекші етістіктің зерттелуі.
2. Толымсыз көмекші етістіктің толымды көмекші етістіктен айырмашылығы.
3. Толымсыз көмекші етістіктің түрлері.

Толымсыз көмекші етістіктің зерттелуі
Сөз таптарының ішінде грамматикалық тұлғаға да, мағынаға да бай сөз
таптарының бірі –етістік. Сондықтан да бүгінгі күнге дейінгі жарық көрген
түрлі ғылыми оқулықтарда етістікке баса назар аударып, арнайы тоқталып, сөз
етеді. Мәселен, А.Ысқақов “Етістіктің күрделілігі мен қарымдылығы оның аса
өрісті лексика-семантикалық сипатымен, бай лексика – грамматикалық
формаларымен, көселіңкі синтаксистік қызметімен тығыз байланысты.
Етістіктің лексика –семантикалық сипатының мейлінше өрісті болатын
себебі – ол семантика тек субъектінің іс-әрекетін ғана емес, табиғат
ауқымында, қоғам өмірінде ұшырасатын, адамның абстркты ойы мен санасы
арқасында туатын неше алуан амал, әрекет, іс, қимыл, қозғалыс, жай, күй
сияқты процестерге қатысты ұғымдырды түгел түр-түрі, қашан да болсын,
мезгіл я шақ ұғымымен ұштас болады” – деп көрсетеді [1,233].
1967 жылы қазақ тілінің грамматикасында етістікті сөз еткенде
“Етістік тобын құрайтын жатқан құбылыстарды, белгілі мезгілдік сипаттарды
білдіреді. Осының бәрінде де етістіктер сан-салалы динамикалық процестерді
адам санасында абстракцияланған жүйелі тілдік материалдар негізінде
жеткізеді” –деп көрсеткен [2.125].
Соңғы кезде, яғни, 2002 жылы Астана қаласында жарық көрген қазақ
грамматикасында етістікті сөз ете отырып, “Етістіктер басқа да мағыналы сөз
таптары сияқты түбір күйінде де өзіне тән әр түрлі грамматикалық тұлғаларда
да қолданылады деп асығыс айтып жүрміз. Бірақ етістіктің осындай түр-
тұлғаларының қолданылуында бірден сырт көзге іліне бермейтін ерекшеліктер
бар екенін көрсеткен жөн” – деп көрсетілген [3,494].
Осы секілді академиялық оқулықтардағы және жекелеген ғалымдардың
етістікке берген анықтамаларын саралай отырып, А.Хасенованың өз еңбегіндегі
етістіктің зерттелу жайын сөз ете келе “Бірақ соған қарамай етістік сөз
табы әлі де болса алда зерттеле беруге тиісті проблемалар қатарына жатады”
– деп көрсеткен[4,5]. Бүгінгі біздің зерттеу объектіміз болып отырған,
кейінгі кезге дейін көп зерттелінбеген етістіктің грамматикалық
категорияларының бірі – толымсыз етістіктер.
Толымсыз етістіктер жөнінде еңбек жазған Ж.Масалиева “Осындай толық
зерттелмеген саланың бірі – толымсыз көмекші етістік. Түркологиялық
зерттелулерде бұл етістіктер әлі де болса өзіне тиісті орнын таба алмай
келеді” – деген [5.5].
Қазіргі кезге дейінгі қазақ тіл білімінде толымсыз етістіктер жөнінде
ғылыми пікірлер айтқан және ол жөнінде өз еңбектерінде қарастырған бірнеше
ғалымдардың пікірлеріне және толымсыз көмекші етістік жөнінде тұжырымдарға
назар аударсақ.
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясын толықтай біршама жете зерттеген
ғалымдардың бірі – А.Ысқақов. Ғалым өз еңбегінде “Көмекші етістіктердің
саны аз болғанымен, тілімізде атқаратын қызметі орасан зор. Олардың көмегі
арқасында, мағыналары қаншалықты олқы тұрса да, мағынасы толық дербес
сөзарқылы білдіре алмайтын неше алуан өте нәзік семантикалық, грамматикалық
абстракты мағыналар жасалып я беріліп отырады ” – дей келе “көмекші
етістіктердің қолданылу шеңбері де, жетекші етістіктерге қосатын
семантикалық үлестеріде, түрлену жүйесі және басқа сипаттары да бәрінде
бірдей емес. Солай болғандарымен де, ортақ сипаттарын ескере отырып,
оларды, ең әуелі толымды көмекшілер және толымсыз көмекшілер деген екі
салаға бөліп қарауға болады. Бұл етітіктер тұрақты және ауыспалы деп
аталады” – деген[1,259; 6,246]. Ғалым одан әрі “Қазіргі қазақ тіліндегі
толымсыз етістіктер көп емес, бірақ олардың атқаратын қызметі орасан көп.
Олар “е”(ер) етістігі негізінде өрбіген тұлғалардан сақталып жүрген еді
(ер+ді) екен (ер+кен), емес (ер+ме+с) сөздері және еміс-еміс деген қос сөз
ғана жатады”-деп көмекші толымсыз етістіктерді көрсеткен[1,262].
Толымсыз көмекші етістіктер туралы айтылған пікірлер біршама бар
болғанымен, олар бірізді емес, тіпті қарама-қарсы да болып келген
жағдайлары бар. Бұның бұлай көрсетілуі, біріншіден, толымсыз көмекші
етістіктердің толық зерттелінбеуі, табиғатның дұрыс ашылынбауы, екіншіден,
көмекші сөздерге тән болған ерекшеліктерді анықтамаудан, оның әр тобының
өз ерекшелігін белгілемеуден туған құбылыс. Көпшілік ғалымдар көмекші
етістік сөз болғанда жол-жөнекей сипаттама беріп қана қойылады [7.135].
1967 жылғы жарық көрген академиялық грамматиканың авторлары көмекші
етістіктерді екі топқа (мәнсіз, мәнді деп) бөледі де, бірінші топқа“-е, ет,
де, жазда көмекші етістіктерінің жеке лексикалық мағынасы жоқ, өз алдына
дербес сөйлем мүшесі бола алмайды. Басқа сөздермен тіркесіп, грамматикалық
қызметі де әр басқа. Кейбіреулерінңі жартылай лексикалық мағынасы болса,
кейбіреулері мүлдем мағынасыз болады. Сондықтан бұлар мәнсіз көмекші
етістіктер деп аталады.
... Лексикалық мағынасы жоқ –е көмекші етістігі жедел өткен шақ
(едім, едің, еді) және өткен шақ есімше (екен) формаларымен түрленіп
қолданылуы” – деген [2,155]. Бұл жолдардан толымсыз көмекші етістіктердің
табиғатын ашып, анықтау мүмкін емес секілді.
Етістікті өзінің зерттеу объектісіне айналдырған И.Е.Маманов “Қазақ
тілінде көмекші етістіктер лексикалық мағынасына қарай екі топқа бөлінеді.
Бірінші топқа е, ет, жазда, де көмекші етістіктері жатады. Бұлар сөйлемде
дербес қызмет атқара алмайды, лексикалық мағынасы жоқ, тек басқа толық
мағыналы атауыш сөздермен тіркесіп, солардың шылауында қолданылады да,
тіркескен сөздеріне грамматикалық мағына үстейді. Бұлардың әрқайсысының сөз
тіркесінде атқаратын грамматикалық қызметі мен семантикасы әр басқа.
Сонымен қатар кейбіреулерінің лексикалық мағынасы бүтіндей жоқ болса,
кейбіреулерінікі жартылай. Сондықтан бұлар мәнсіз көмекші етістіктер деп
аталады.
Е көмекші етістігінің сөздік мағынасы бүтіндей жоқ және ол жедел
өткен шақ (едім, едің, еді) және өткен шақ есімше (екен) формаларымен ғана
түрленеді де етістіктің басқа формаларымен өзгермейді. Түркологиялық
еңбектерде мұның әрқайсысы өз алдына жеке еді, екен, көмекші етістіктері
деп те аталады. Еді көмекші етістігі есім сөздермен жән кейбір етістік
формаларымен тіркесіп, күрделі өткен шақ формаларын тудырады” – деп
көрсеткен[8.56]. Жоғарыдағы келтірілген бір-біріне жуық болса, А.Ысқақовтың
соңғы жылдары жарық көрген оқулығында толымсыз көмекші етістіктерді
қарастырғанда оларға аналитикалық форманттарды да қоса қарастырып, ғылыми
пікір айтқан [6,248-251].
Қазақ грамматикасында “Көмекші етістіктердің даму дәрежесі тілде
түрліше. Көмекші етістіктердің бір тобы алғашқы лексикалық мағынасынан ғана
айрылып қана қоймай, өзінің түпкі дыбыстық құрамынан да айрылған. Қазіргі
тіліміздегі еді, екен, емес, ет түркі жазбалары тілінде ер түрінде көмекші
етістік қызметінде қолданылған. Ол кейін соңғы р дыбысының түсіп қалуы
нәтижесінде е көмекші етістігі болып, кейін оның түркі грамматикалық
тұлғаларынан түрлі көмекші етістіктер жасалған. Мысалы, Жедел өткен шақ
тұлғасынан еді, есімше тұлғасынан екен, болымсыз есімше тұлғасынан емес,
өзгелік етіс тұлғасынан ет көмекші етістіктері қалыптасқан [3,537].
Жалпы тіл тарихына саралай қарайтын болсақ, толымсыз көмекші
етістіктердің ерекшелігі, оның қасиеті тұрғысында тілші ғалымдардың
еңбектерінде ерте кезден-ақ айтыла бастаған. Бірақ толымсыз көмекші
етістіктерді анықтауда, сондай-ақ көпшілік мақұлдап, мойындаған терминмен
аталмауы, оның ерекшелігін анықтауда түрліше көзқарастардың бар екендігі,
бұл тұрғыда түркі халықтарының тілдерін зерттеуші лингвист ғалымдардың әлі
де еңбектенуі керек екендігін көрсетеді. Енді осы тұрғыда сөз етер болсақ.
Мәселен, түркологтардың бір тобы “вспомогательный глагол” –десе [9,69;
10,89-95; 11,22-24; 12,195-198; 13,3843], екінші бір топ ғалымдар “Элемент
образующий сложный глагол” – дейді [14,391; 15,140; 16,348; 17,217]. Ал
А.Қазем-Бек е толымсыз көмекші “вспомогательный глагол” – деп те
атаған[18.180]. Көбіне бұл тұлғалар етітіктің өткен шағының аналитикалық
көрсеткіштерінің бір элементі ретінде сөз болады.
П.М.Мелиоранский қазақ тіліндегі өткен шақ тұлғаларын сөз ете келе,
иди, имиш, икән, исә тұлғаларының бар екендігін ескертіп өтеді [19,110].
М.Терентьев иди, имек (быть) формасынан пайда болған деп, етістіктің өткен
шағымен қарастырады[20,46-47]. Түрік тіліндегі ашақ райы туралы сөз еткен
В.А.Гордлевский толлымсыз етістік жетекші етістіктерге тіркесіп жаңа шақтық
мағына жасайды деп жазады. Бірақ автор бұл сөздерді “предикативное
местоимение, местоимние сказуемости” деп атаған [21,30]. Ал өзбек
тілшісі Ш.Шукуров иди, имш, икән формаларын етістіктің өткен шағының
аналитикалық форманттары құрамында сөз етеді[22,162]. Әзірбайжан тіліндегі
етістік шақтары туралы сөз ете отырып А.Ахундов иди көмекші етістігін
“особая категория” ретінде бөліп қарастыруды ұсынады [23,37-38]. Толымсыз
көмекші етістікті шақ формалары құрамында, өткен шақ көрсеткіші ретінде
қарастырушылар бұл формалардың өзі тіркескен сөзге шақтық мағына үстейтін
қызметін жоғары бағалайды. Еді, екен,етістіктеріндегі –ді, -кен
қосымшаларының мағынасымен байланысты айтылған пікірлер де бар. Әйтсе де
толымсыз етістіктер өздері тіркескен сөздерге нақтылық шақтық мағына үстей
алмайды. А.Ходжиевтің тілімен айтқанда, э дауыстысы жеке мағынасын
сақтамағаны сияқты, оған қосылған қосымшалар да бұл форма шеңберінде өз
ерекшелігін толық сақтамаған немесе өз ерекшеліктерінен бүтіндей айырылған.
Толымсыз көмекші етістік шақтық мағынаны белгілі бір шақ көрсеткіштермен
келген жетекші етістіктерге тіркесіп келіп білдіреді. Мысалы, барған екен
дегендегі бар және е- етістіктерінің түбіріне жалғанып тұрған есімше
тұлғасы. Шақтық мағынаны жетекші сөздегі (барған) есімше көрсеткіші
білдіріп тұр. Ал екен оның барғанын кейін естіп білгендік реңк үстейді.
Демек, бұл қосымшалар е- түбіріне қосылып, өз мағынасын сәл де болса
өзгерткен. Сәл де болса деп айтуымыздың да өзіндік себебі бар. Өйткені,
толымсыз көмекшілердің есімшенің келер шақ формасымен тіркесіп, өткен
шақтық мағынамен байланыстыру қабілетін естен шығармаған жөн. Әрі есім
сөздерге тіркесіп келіп өткенде болған амал-әрекеттік мағына үстейді.Бұл
көмекшілер “ертеректе бар қалыпты білдіріп, өткен шақпен қатысты болып
тұрады, бірақ оның накқтылы шақтық мағынасы жоқ[24,142]. Бұл формаларды тек
белгілі бір шақ немесе рай категориясы шеңберінде ғана сөз ету жеткіліксіз.
Өйткені еді, екен тек етістік формаларымен ғана емес, өзге де сөздермен
тіркесіп қолданылады. Мысалы,О гүлді алқап, неғылған байтақ едің ?!
Төсіңе ал да, жырымды шайқа менің. Дән бе екен, әлде сүт пе екен. Қарашы
мына жауынға. Қайсысы биыл мықты екен, Егін бе әлде сауын ба ?!
(М.Мақ.).
Алғаш рет әзірбайжан тіл білімінде З.И. Алиева (Будагова) бұл
формалар мен көмекші етістіктердің ара жігін ашуға әрекет етіп, оларды
“связка” деп түсіндіреді. Автор белгілі бір тіл даму этапында иди, имиш
етістігінің болғанын жоққа шығармайды. Алайда иди, имиш түрлі сөздермен
тіркесіп келіп, оларды өткен шақ көрсеткіші құрамынан ығыстырады, сондықтан
да бұл форманы қазіргі тілде етістік емес,“связка” деп атау тиімдірек
болады деп жазады[5,7]. Е- етістік формаларын “связка”, “глагол-связка” деп
қарастырушы ғылымдарымыз олардың амал-әрекетті өткен шақпен байланыстыруға
байланыстыру қызыметімен негізделеді. Егер амал-әрекет не қалыпты шақпен
байланыстыру “связканың” негізгі қызметі дер болсақ онда шақ және рай
қосымшаларын да, осы термин астына біріктіру болу керек еді. Тағы бір
ескере кететін жай, қазақ тіл білімінде өзге туыс тілдердегідей “связка”
термині қолданылмайды. В.Гузев бір кездердегі і-етістігінің толымсыз
етістік қызметінде қолданылғанын мойындай отырып, енді idi, imis, ise
формаларын бұл термин астына біріктіру негізсіз, сондықтан “категория
сказуемости” ретінде аналитикалық форманың құрамында қарастыру керек деген
пікір айтады[5,7].
Түркітанымда айтылып жүрген пікірлерді қазақ тілімен байланыстырып
пікір айтатын болсақ, мынадай тұжырым жасауға болады. Біріншіден, толымсыз
көмекші етістіктер сан жағынан көп емес. Олар көне түркі тілдерінде
қолданылып эр, ер, етістігі негізінде қалыптасқан еді, екен, емес(едім,
едің, еді, ем, ең) сөздеріне ғана байланысты қолданылады. Екіншіден, бұл
етістіктер есім сөздерге де, етістіктерге де тіркесіп қолданылады.
Үшіншіден, толымсыз көмекші сөз қызметінде ғана қолданылады. Олар түркі
тілдерініің тарихында толық мағынала сөз ретінде қолданылса да, қазір ол
мағынасын жоғалтқан. Төртіншіден, олардың ең негізгісі етістіктерге тән
болған грамматикалық категориялардың қосымшаларын толық
қабылдамайды[7,137]. Осы соңғы белгімен байланысты проф. М. Оразов қазақ
тілінде толық мағыналы етістік ретінде мүлдем қолданылмайтын жазда
етістігін толымды көмекші етістік құрамында қарау керек деп
есептейді[7,137]. Сонымен қатар ғалым А. Ходжиевтің толымсыз көмекші
етістіктерді көмекші етістіктерге қоспай жеке бөліп алу керек дегеніне
қосылуға болмайды деп есептейді. Себебі, біріншіден, еді, екен, емес
дегендер етістікке тән болған шақтық, болымсыздық мағыналарын сақтаған.
Мәселен, барған екен, барған емес. Екіншіден, олар есімдер үлгісінде де
қосымшалар қабылдамайды. Әрі олардың грамматикалық категорияларына тән
болғанмағынада да, синтаксистік қызметте де қолданылмайды. Үшіншіден,
оларды жеке бір лексика –грамматикалық топ ретінде де бөліп алуға мүмкіндік
жоқ. Олардың тек өздеріне ғана тән түрлену үлгісі де, синтаксистік қызметі
де жоқ. Екен, еді толымсыз етістігінің жіктеліп барып күрделі баяндауыштың
құрамында қолданылуында етістіктің ашық рай формасынан ажыралып жатқан
ерекшелік жоқ[7,137].

Толымсыз көмекші етістіктің толымды көмекші етістіктен айырмашылығы
Көмекші сөздердің болмысын анықтау, олардың грамматикалық табиғатын,
түрлену ерекшелігін, синтаксистік қызметін белгілеу қажет. Сондықтан
грамматикалық табиғаты өте жақын көмекші сөздерді салыстыру артықшылық
қылмайды. Осындай сыбайлас категорияның бірі толымды көмекші етістік пен
толымсыз көмекші етістік.
Көмекші етістіктер көне жазба ескерткіштерден бастап қазіргі түркі
тілдерінің барлығында да кездеседі. Түркі тіл білімінде көмекші етістік
арнайы зерттелінбеген, басы ашылмай жатқан мәселелері мол. Тіл тарихына
тиісті материалдардан көмекші етістіктердің, жалпы көмекші сөздердің, бір
кездерде толық мағыналы сөз болғандығын, оның тіл дамуымен, тіл
заңдылықтарының ықпалымен пайда болғандығын дәлелдеп жатудың қажеттігі жоқ.
Қазақ тіліндегі көмекші етістіктердің тарихы ертеден-ақ, қазақ төңкерісінен
бұрын жарық көрген еңбектерде сөз бола бастаған. Мысалы, бірнеше
ғалымдардың бірлесуімен жарық көрген “алтай тілі грамматикасында”,
П.М.Мелиоранский, Н.Пантусов, Н.И.Ильминскиий т.б. ғылыми еңбектерде бұл
мәселе сөз бола бастаған. Түркі тіліндегі көмекші етістіктердің тарихын сөз
өте отырып. Д.М. Насилов көне жазба ескерткіштерден бастап, өзінің
семантикасы жағынан ерекшеленіп тұратын етістіктер тобының кездесіп
тұратындығын, әрі олардың көмекші сөздерге тән белгісі бар екіндігін
жазады. Сондай-ақ автор мұндай көмекші етістіктердің көне түркі тілінде 20
шақты, ал қазір әрбір жеке түркі тілдерінде сан жағынан әртүрлі болса да,
жалпы тілдерінде орта есеппен 25 деп көрсетеді[25,151]. Қазақ тіліндегі
көмекші етістіктің нақтылы саны анықталып, толық зерттелмеген. Н. Оралбаева
“түркі туыстас тілдер көмекші етістіке бай, тек қазақ тілінің өзінде отызға
тарта көмекші етістік бар” дейді [26,49]. Мұндай пікір А.Ысқақов оқулығында
да кездеседі [27,246]. “Не все глаголы в казахском языке могут быть
вспомогательными. Число вспомогательных глаголов ограничено, и всовременном
языке они состовляют замкнутую систему вспомогаттельных средств (выполняют
только функцию вспомогательных глаголов)” - дей келе Ы.Е.Маманов қазақ
тіліндегі көмекші етістік қызметінде жұмсалатын етістіктер саны жиырма
шақты ғана деп жазады [28,76]. Біз, қолда бар материалдардын көрсетуіне
және көрнекті ғалымдарымыздың пікірлеріне сүйене отырып, мына төмендегі
етістіктерді көмекші етістік деп санаймыз: ал, баста, бер, бол, бақ, біт,
біл, еді, екен, емес, ет, жатыр, жүр, жөнел, жібер, де, қой, қал, қара,
кет, кел, өт, таста, тұр, түс, сал, шық, отыр т.б.
Өзбек ғалымы А.Хожиев өзбек тілінде бүтіндей көмекші етістікке
айналған етістік жоқ. Бірақ толық мағыналы етістік көмекші етістік қызмет
етеді деп жазады[29,77]. Әйтсе де толық мағыналы етістіктердің барлығы
бірдей көмекші етістік қызметін атқара бермейді. Көмекші етістіктер белгілі
бір қосымша көмегімен жетекші сөзге тіркесіп, оның мағынасына қалыптық,
шақтық мағына үстеп нақтылайды.
А.Ысқақов ”Толымды көмекшілердін бірде біреуі негізгі етістікке
дәнекер қосымша (-а, -е, -й, -п, -ып, -іп, әредік-ған, -тын, -р...)
жалғанбаса, яғни жетекші етістікке айналмаса, көмекші етістікке тән
жұмсалмайды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Етістікті тіркестер
Екі етістіктен біріккен күрделі етістіктер
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰРАНДЫ ЕТІСТІКТЕР
ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШТЫ ЕСІМДІ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Етістік форманттарының қазақ тіліндегі құрылымдық жүйесі
Етіс категориясы - түбір етістіктен туатын грамматикалық форма
Баяндауыштың жасалу жолдары жайлы
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы есімді сөйлемдер
Сөйлемдердің түрлі грамматикалық құрылымдарда жасалу және қалыптасу ерекшеліктері
Қалып етістіктерінің грамматикалық қасиеті
Пәндер