Қазіргі мектептегі оқу-тәрбие ісі



Қазіргі мектептегі оқу-тәрбие ісінде мыңдаған мұғалімдеріміз техникалық құралдарын өте орынды пайдалануда. Ауылдық мектептерден магнитофон, телевизор, оқу диафильмдері, кодоскоп, эпидисакоп, грампластинка, кинопроекторлар, ЛЭТИ, СВЕТ-терді жиі кездестіруге болады. Мұғалім қазақ тілі сабақтарында диаграммалар, диафильмдер, диапозитивтер, магнитофондық жазбалар, кинофильмдерді кеңінен пайдалануда.
Дыбысты жазып алатын, оны қайта естіртетін аппаратты (магнитофонды) қолдану оқу процесін жетілдіретін, оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыратын жетекші құралдардың бірі деп есептеледі. Қазақ тілі сабақтарында магнитофон мынадай жұмыс түрлерінде пайдаланылады: дыбыстар мен сөздерді айтуға үйрету, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту, сөздік қорларын байыту, дұрыс сөйлей білуге жаттықтыру, өлеңдер мен әндерді жаттату, фабулалық мәтіндер мен диалогтарды тыңдату, сөз шеберлері, аса белгілі артистердің орындауындағы мәтіндерді, поэтикалық шығармаларды тыңдату, диафильм, кинофильмдердің мазмұнын дыбыс арқылы жандандыру секілді жұмыс түрлері оқушылардың өздігінен білім алуына көмектеседі.
Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Әрбір тілдің дыбыстық жүйесінің өзіндік сипатын, түрлі заңдылықтарын білудің маңызы зор. Тіліміздегі дыбыстарды, олардың жасалуын, қолданылу ерекшеліктерін білмей әдеби тілдегі сөздердің жазылу, айтылу заңдылығын игеру мүмкін емес.
Фонетика кез келген дыбыстардың барлығын тексермейді. Ол – тек тіл дыбыстарын ғана тексереді. Өмірде кездесетін дыбыстар көп. Жел соқса да, дыбыс шығады, борман тақтаға жазсақ та дыбыс шығады. Бұл - зат пен екінші заттың соқтығысуынан болып жатқан физикалық дыбыстар. Ал фонетиканың тексеретіні – тіл дыбыстары, сөйлеу дыбыстары. Адам баласы бірімен-бірі сөйлесу арқылы қатынас жасайды, пікір алысады. Ал осы қатынас жасау, пікір алысу сөйлеу арқылы іске асады. Буын жеке дыбыстардан, сөз буыннан, сөйлем сөздерден құралады. Демек, сөз дыбыстардан тұрады, ол - тіл дыбыстары. Дыбыс – тілдің материалдық
Пайдаланылған әдебиет тізімі:
1. Б. Құлмағамбетова, А. Исанова «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» - Алматы, 1988 ж.
2. І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі» - Алматы, 1975 ж.
3. А. Исабаев «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» - Алматы, 1988 ж.
4. Д. Әлімжанов, Ы. Маманов «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» - Алматы, 1965 ж.
5. Н. Сауранбаев «Қазақ тілі» - Алматы, 1953 ж.
6. С. Мырзабеков «Қазақ тілінің фонетикасы» - Алматы, 1981 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі мектептегі оқу-тәрбие ісінде мыңдаған мұғалімдеріміз техникалық
құралдарын өте орынды пайдалануда. Ауылдық мектептерден магнитофон,
телевизор, оқу диафильмдері, кодоскоп, эпидисакоп, грампластинка,
кинопроекторлар, ЛЭТИ, СВЕТ-терді жиі кездестіруге болады. Мұғалім қазақ
тілі сабақтарында диаграммалар, диафильмдер, диапозитивтер, магнитофондық
жазбалар, кинофильмдерді кеңінен пайдалануда.
Дыбысты жазып алатын, оны қайта естіртетін аппаратты (магнитофонды)
қолдану оқу процесін жетілдіретін, оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыратын
жетекші құралдардың бірі деп есептеледі. Қазақ тілі сабақтарында магнитофон
мынадай жұмыс түрлерінде пайдаланылады: дыбыстар мен сөздерді айтуға
үйрету, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту, сөздік қорларын байыту, дұрыс
сөйлей білуге жаттықтыру, өлеңдер мен әндерді жаттату, фабулалық мәтіндер
мен диалогтарды тыңдату, сөз шеберлері, аса белгілі артистердің
орындауындағы мәтіндерді, поэтикалық шығармаларды тыңдату, диафильм,
кинофильмдердің мазмұнын дыбыс арқылы жандандыру секілді жұмыс түрлері
оқушылардың өздігінен білім алуына көмектеседі.
Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Әрбір
тілдің дыбыстық жүйесінің өзіндік сипатын, түрлі заңдылықтарын білудің
маңызы зор. Тіліміздегі дыбыстарды, олардың жасалуын, қолданылу
ерекшеліктерін білмей әдеби тілдегі сөздердің жазылу, айтылу заңдылығын
игеру мүмкін емес.
Фонетика кез келген дыбыстардың барлығын тексермейді. Ол – тек тіл
дыбыстарын ғана тексереді. Өмірде кездесетін дыбыстар көп. Жел соқса да,
дыбыс шығады, борман тақтаға жазсақ та дыбыс шығады. Бұл - зат пен екінші
заттың соқтығысуынан болып жатқан физикалық дыбыстар. Ал фонетиканың
тексеретіні – тіл дыбыстары, сөйлеу дыбыстары. Адам баласы бірімен-бірі
сөйлесу арқылы қатынас жасайды, пікір алысады. Ал осы қатынас жасау, пікір
алысу сөйлеу арқылы іске асады. Буын жеке дыбыстардан, сөз буыннан, сөйлем
сөздерден құралады. Демек, сөз дыбыстардан тұрады, ол - тіл дыбыстары.
Дыбыс – тілдің материалдық көрсеткіші, яғни сөз құраудың негізгі кірпіші.
Мысалы, сыз – сіз, сөз – соз немесе тал – сал, бал – қал, дала – бала
десек, бір дауысты дыбыстың не дауыссыз дыбыстардың өзгеруіне қарай әр
түрлі сөздер туып тұр. Бұл – дыбыстың сөз құраушы элемент екенін
дәлелдейді. Ал сөз болса, ойды басқа адамға жеткізетін құрал болып
есептеледі. Осы сияқты нақтылы мысалдар алу арқылы мұғалім дыбыстардың
ерекшелігін, маңызын көрсете түсуі қажет. Дыбыс тілі – күрделі құбылыс,
оның әр түрлі ерекшеліктері бар. Сол ерекшеліктерді негізге ала отырып,
дыбыс тілінің физиологиялық, акустикалық, функционалдық ерекшелігін түсіну
керек.
Тіл – ойды жарыққа шығарады, сондықтан да К. Маркс Тіл – ақиқат шын
сана деп көрсетеді. Адам ойын сөз арқылы білдіреді, ойлаған ой сөз арқылы
басқа адамға жетеді. Тіл – ойды жарыққа шығаратын құрал. Ой сезім мүшелері
арқылы алынған мәліметтерді өңдейді, ойдың қамтитын өрісі өте кең.
Тіл – қоғамдық құбылыс, қоғам бар жерде тіл бар, қоғамнан тыс тіл
болуы мүмкін емес. Тіл – қатынас құралы, тілдің қатынас құралы болу
ерекшелігін функционалдық немесе лингвистикалық ерекшелігі (аспектісі)
дейді. Әрбір тілдің өмір сүруі, ұлттық мәдениеттің формасы болуы тілдің
функционалдық ерекшелігіне байланысты.
Мұғалімнің оқушыға жазбаша да, ауызша да сауатты болуына ерекше назар
аударғаны жөн. Ол үшін күнделікті сабақта дыбыстық-әріптік талдаулар
жүргізіліп, оқушының дыбыстық жүйені саналы түсінуіне толық мүмкіндік
жасалуы керек. Сондықтан фонетикалық талдауға мынадай талаптар қойылады:
1. Фонетиканы оқытумен орай мысалды үнемі сөйлем
түрінде алмай, жеке сөз, сөз тіркесі арқылы да
айтайын деген ойын дәлелдеуге бағыт беру
тиімді.
2. Оқушыларға берілетін мысал мен жаттығуларды,
прозалық, поэзиялық шығармалардан алған дұрыс.
Поэзиялық шығармалар мен қатар, мақал-мәтелдер,
жұмбақтар алу оқушыны өте қызықтырады, дұрыс
сөйлеуге үйретеді, логикалық ойын жетілдіреді.
3. Сабақта алынатын мысалдардың дұрыс жазылуына,
дұрыс айтылуына ерекше назар аудару қажет. Ол
үшін сабақ үстінде ретіне қарай мектеп
оқушыларына арналған орфографиялық, орфоэпиялық
сөздіктерді үнемі пайдаланып отыру керек.
4. Оқушының фонетика-графикалық талдау жасай білу
дағдысын қалыптастыра отырып, күнделікті
сабақта ішінара талдату, яғни өтіліп отырған
тақырыпқа ерекше көңіл аударту дағдыға айналуы
тиіс. Мәселен, жуан жіңіше дауысты дыбыстарды
оқытуға байланысты, сөздің буындық құрамына
ерекше көңіл бөле отырып, талдау жасату қажет.
5. Жазбаша және ауызша сауаттылық тіл білімінің
дыбыстық жүйесін жақсы игерумен тікелей
байланысты. Сондықтан қандай мысал алынбасын,
қалай айтылады, қалай жазылады? деген мәселе
естен шықпауы тиіс. Демек, оқушы дыбыс
үндестігі мен түрлі дыбыстық ерекшеліктерді
жаттанды қабылдамай, оны саналы түрде түсініп
меңгеріп, іс жүзінде пайдалана білетіндей болуы
қажет.
6. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың жергілікті
ерекшелікке байланысты екінші бір дыбыспен
алмасып айтылатын жағдайы болады. Мысалы, әдеби
тілдегі шана, шақыр деген сөздерді – чана,
чақыр деп айту бар.
Яғни оқушы фонетиканы оқу арқылы әдеби тілдің түрлі дыбыстық
заңдылықтарымен танысады, дауысты, дауыссыз дыбыстардың жеңіл ажыратуымен
бірге, түрлі орфографиялық ережелерді есінде сақтап, сауатты жазу дағдысын
меңгереді.
Алфавит, дыбыс пен әріптер туралы түсінік беру үшін мұғалім қазақ
алфавиті жазылған плакатты пайдалана отырып түсіндіру керек. Мұғалім кез
келген оқушыға алфавиті оқытып шығып, ол оқушының алфавиттегі әріптерді
дұрыс айтты ма, әлде қате айтты ма, соны бақылап сол бақылаудың негізінде
түсіндіруді бастау керек. Өйткені кейбір оқушылар ббе, гге, сэс, тте,
фэф деудің орнына ббы, ггі, сыс, тты, ффы деп қате айтады. Дыбыс пен
әріпте мұндай кемшілік болмас үшін тіліміздегі дыбыстардың дұрыс айтылуына
ерекше тоқтаған жөн. Дыбысты естиміз, айтамыз. Дыбыс дыбыстау (сөйлеу)
мүшелері арқылы жасалады. Дыбыстау мүшелерінің қызметін жақсы түсінген
оқушы кейін дауысты, дауыссыз дыбыстардың жіктелуін тез, саналы түрде
түсінетін болады, ондай оқушы фонетикалық талдауды да тез меңгереді.
Әріпті көреміз, жазамыз. Дыбыс – табиғи құбылыс, әріп – жасанды нәрсе.
Мұғалім дыбыс пен әріпті өткен кезде белгілі бір мысалды тақтаға жаздырып,
дыбыс қайсы, әріп қайсы, бұл сөзде қанша дыбыс, қанша әріп бар екенін
көрнекі құралды (таблица) көрсете отырып талдату керек. Мысалы, мұғалім
тақтаға сия, қияқ, сьезд, дария, оюлау сияқты сөздерді жазса, оқушылар әр
сөздің өзін жеке-жеке талдап, қанша әріп, қанша дыбыс бар екенін айтып
беруі керек.
Тіліміздегі дауысты дыбыстар дыбыс жасауға қатысатын тіл, жақ, ерін
сияқты актив мүшелердің қызметіне қарай жуан, жіңішке, ашық, қысаң,
еріндік, езулік болып бөлінеді. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар. Дауысты
дыбыстың тілдің қатысына қарай жіктелетінін мына түрде берген жөн.
Тілдің қатысына қарай а, о, ұ, ы Жуан
ә, ө, ү, і Жіңішке

Бұл схемаға ал - әл, ауа - әуе, от - өт, оз - өз, ұн – үн, құн – күн,
тыс – тіс түрінде жуанды-жіңішкелі тіркесте келетін мысалдарды пайдалану
қажет. Дауысты дыбыстың тіл қатысына қарай жуан, жіңішке болып бөлінетіні
сияқты жақтың қатысына қарай, яғни ауыздың ашылуына қарай ашық, қысаң
болуын үйреткенде көрнекілікті (схема, таблица), әсіресе магнитофонды
пайдаланып, оқушылардың дауысты дыбыстардың айтылуына және құлаққа естілу
сазына ерекше назар аударту қажет. Дауысты дыбыстың ашық, қысаң болып
бөлінуі оқушының есінде жақсы сақталуы үшін бір ашық, бір қысаң дыбыспен
келетін сөздерді магнитофоннан бірнеше рет тыңдата отырып, оқушылардың
өздеріне қайталату тиімді. Дауысты дыбыстың еріннің қатысына қарай еріндік,
езулік болып бөлінуін түсіндіру ешбір қиындық келтірмейді. Өйткені о, ө, ұ,
ү, у еріндіктерін айтқанда, еріннің қандай қалыпта болатынын осы дыбыстарды
өздеріне айттырып байқатуға болады. Ашық қысаң дыбыстардың және дауысты
дыбыстың еріндік және езулік ерекшелігін байқату үшін салыстыру әдісін
қолдану пайдалы. Дауысты дыбыстардың емлесін өткен кезде әрбір дыбыстың
айтылуы мен жазылуын қатарластыра айттыру жөн, өйткені әдеби тілдің
орфографиялық және орфоэпиялық нормасын саналы түрде игеру тіл білімінің
Фонетика бөлімін дұрыс өтуге тікелей байланысты. Әрбір дауысты дыбысты
оқыту барысында олардың қандай ерекшеліктері барлығына оқушының назарын
айрықша аударту қажет.
Мұғалім дауыссыз дыбыстарды меңгертумен байланысты дауысты дыбыс пен
дауыссыз дыбыстың тіркесінен сөз жасалатынын мысалдар арқылы еске түсіреді.
Мысалы: Ынтымақ – оқ өтпес сауыт, татулық – тамаша сауық. Дауыссыз
дыбыстардың үн мен салдырдың қатысына қарай жіктелетінін кейбір дауыссыз
дыбыстарды жұптап айту арқылы меңгерту орынды. Демек, мұғалім оқушының
өзінің табиғи есту қабілетін жетілдіруі қажет, сондықтан да фонетиканы өтіп
жатқанда оқушы үшін берілетін мысалдар тек жазылып қана қойылмауы керек,
сонымен қатар оқушылар ол мысалдарды әрі айтып, әрі естуі керек. Яғни,
берілген сөздерді айтып, жазып отыру арқылы әдеби тілдің нормаларын игеруге
жол ашылады. Тіліміздегі дауыссыз дыбыстардың үн мен салдырдың қатысына
қарай үш түрге жіктелетінін ең алдымен ұяң дыбыстарды үйретуден бастаған
әдістемелік жақ ыңғайлы. Өйткені оқушылардың бәрі бірдей қатаң, ұяң, үнді
дегенді жете түсіне бермейді.
Д а у ы с с ы з д ы б ы с т а р
Ұяң б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
Қатаң п, ф, к, қ, т, ш, с, х, щ, ц, ч
Үнді Мұрын жолды м, н, ң
Ауыз жолды р, л, й, у

Оқушылар мен студенттерге дауыссыз дыбыстардың емлесін үйреткен кезде
әріптің жазылуы мен дыбыстың айтылуына көңіл аудартып, белгілі бір дыбыстың
қолданылуындағы ерекшелікті жан-жақты түсіндіре отырып, дыбыстарды дұрыс
айта білуге дағдыландырған жөн. Мәселен, автор, сейф, чек сияқты сөздердегі
в, ф, ч дыбыстары қазақ айтуына көнбейтін мүлдем жаңа дыбыс деп қарауға
болмайды. Дауыссыз үнді дыбыстарды өткен кезде үнділердің мұрын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп тәрбие үрдісіндегі мұғалімнің кәсіби бағыты
Тұтас педагогикалық үрдісте тәрбиенің алатын орны
Тәрбиенің комплекстілігі
Тәрбие технологиясында тәрбие жүйесінің моделі
Орта мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі басқару үрдісі
Орта мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны және оны ұйымдастыру
Тәрбиенің оқу процесінен ерекшелігі
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер
Мектеп директорының қызметтік міндеттері
Мектептегі әлеуметтік жұмыс технологиясы
Пәндер