Қазақ зиялылары және Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы Кеңестерінің Орталық Атқару Комитеті жанындағы Қазақ бөлімінің қызметі (1920-1922 жылдар)



Түркістан АКСР-і (1918-1924 жылдарда өмір сүрген автономиялы республика) Кеңестерінің Орталық Атқару Комитеті (Түрікатком) жанында қүрылып, қызмет атқарған Қазақ бөлімінің тарихы отандық тарих ғылымы тарапынан әлі күнге дейін толық зерттелініп, ғылыми түрғыдан таразыланған жоқ. XX ғасырдың 20-жылдарының басында Түркістан өлкесі қазақтарының саяси, әлеуметтік, қоғамдық, мәдени өмірінде үлкен орны мен ықпалы болған аталған бөлімнің сан-саналы қызметін жан-жақты да толық ашып көрсету үшін іргелі монографиялық зерттеудің қажет болатындығын ескерте отырып, біз бүл мақаламызда Қазақ бөлімінің қызметі хақында қысқаша мағлүмат беріп, шолу жасауды жөн санадық.
Түрікатком жанында қызмет атқарған Қазақ бөлімінің қүрылуының өзіндік тарихы бар, ол 1917-1920 жылдары Түркістанда орын алған қым-қиғаш саяси процестердің нәтижесінде дүниеге келген еді.
Тарихтан белгілі, 1917 жылы қарашада Ташкент болыпевиктерінің қарулы төңкерісінің нәтижесінде Түркістан өлкесінде Кеңестердің саяси билігі орнайды. Аталмыш кеңестер өлке халқының небары 5 пайызынан аспаған орыс-еуропалық келімсектердің жүмысшы - мүжық - солдат бүқарасының мүң-мүқтажын жоқтаған, мүддесін күйттеген, сойылын соққан саяси-әскери органы болды. Қүрылған кеңестердің қүрамында алғашында Түркістанның жергілікті мүсылман - түркі халықтарының өкілдері саусақпен санарлықтай болса, ал Ташкенттегі Орталық билік орындарында (Комиссарлар Кеңесінде) бірде-бір жергілікті үлт өкілдері болмады. Қара шекпенді патшалық империяны қызыл түсті кеңес империясы алмастырды.
Орыс болышевиктері билеп-төстеген кеңестердің билігіне балама түрде Түркістанның мүсылман-түркі халықтарының зиялылары 1917 жылы күздің соңында Қоқан қаласында, Түркістанның жергілікті халықтарының еркін орындай отырып, «Түркістан Мүхториятың» (Түркістан автономиясын) дүниеге әкелді, бірақ бүл қүрылым 1918 жылы ақпанда Ташкент большевиктерінің агрессиясы нәтижесінде қанға бөктеріліп, қиратылды [1].
Түркістанда монополиялы саяси билікке ие болған орыс большевиктері үзақ уақыт бойы өлкенің саяси статусын анықтау мәселесі бойынша ешқандай нақты қадам жасамай, саяси көрсоқырлық танытты. Тек 1918 жылы сәуір айының аяғында ғана Түркістан өлкесі - революцияға дейінгі Ресей империясының Түркістан генерал-губернаторлығы «Ресей Социалистік Федерациясының Түркістан Республикасы» деп жарияланды [2]. Бірақ республиканың барлық ресми құжаттарында қысқаша «Түркістан Республикасы» деген атау қолданылды.
Дуниеге келген Түркістан Республикасында үзақ уақыт империялық - отарлық саясат жүргізіліп, Түркістанның жергілікті халықтарын «бұратаналар», «түздіктер» деп кеміте атауды жалғастыра берді. Тек 1919 жылдың көктемінен бастап белгілі қайраткер Т. Рысқүловтың

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ зиялылары және Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік
Республикасы Кеңестерінің Орталық Атқару Комитеті жанындағы Қазақ
бөлімінің қызметі (1920-1922 жылдар)

Түркістан АКСР-і (1918-1924 жылдарда өмір сүрген автономиялы
республика) Кеңестерінің Орталық Атқару Комитеті (Түрікатком) жанында
қүрылып, қызмет атқарған Қазақ бөлімінің тарихы отандық тарих ғылымы
тарапынан әлі күнге дейін толық зерттелініп, ғылыми түрғыдан таразыланған
жоқ. XX ғасырдың 20-жылдарының басында Түркістан өлкесі қазақтарының саяси,
әлеуметтік, қоғамдық, мәдени өмірінде үлкен орны мен ықпалы болған аталған
бөлімнің сан-саналы қызметін жан-жақты да толық ашып көрсету үшін іргелі
монографиялық зерттеудің қажет болатындығын ескерте отырып, біз бүл
мақаламызда Қазақ бөлімінің қызметі хақында қысқаша мағлүмат беріп, шолу
жасауды жөн санадық.
Түрікатком жанында қызмет атқарған Қазақ бөлімінің қүрылуының өзіндік
тарихы бар, ол 1917-1920 жылдары Түркістанда орын алған қым-қиғаш саяси
процестердің нәтижесінде дүниеге келген еді.
Тарихтан белгілі, 1917 жылы қарашада Ташкент болыпевиктерінің қарулы
төңкерісінің нәтижесінде Түркістан өлкесінде Кеңестердің саяси билігі
орнайды. Аталмыш кеңестер өлке халқының небары 5 пайызынан аспаған орыс-
еуропалық келімсектердің жүмысшы - мүжық - солдат бүқарасының мүң-мүқтажын
жоқтаған, мүддесін күйттеген, сойылын соққан саяси-әскери органы болды.
Қүрылған кеңестердің қүрамында алғашында Түркістанның жергілікті мүсылман -
түркі халықтарының өкілдері саусақпен санарлықтай болса, ал Ташкенттегі
Орталық билік орындарында (Комиссарлар Кеңесінде) бірде-бір жергілікті үлт
өкілдері болмады. Қара шекпенді патшалық империяны қызыл түсті кеңес
империясы алмастырды.
Орыс болышевиктері билеп-төстеген кеңестердің билігіне балама түрде
Түркістанның мүсылман-түркі халықтарының зиялылары 1917 жылы күздің соңында
Қоқан қаласында, Түркістанның жергілікті халықтарының еркін орындай отырып,
Түркістан Мүхториятың (Түркістан автономиясын) дүниеге әкелді, бірақ бүл
қүрылым 1918 жылы ақпанда Ташкент большевиктерінің агрессиясы нәтижесінде
қанға бөктеріліп, қиратылды [1].
Түркістанда монополиялы саяси билікке ие болған орыс большевиктері үзақ
уақыт бойы өлкенің саяси статусын анықтау мәселесі бойынша ешқандай нақты
қадам жасамай, саяси көрсоқырлық танытты. Тек 1918 жылы сәуір айының
аяғында ғана Түркістан өлкесі - революцияға дейінгі Ресей империясының
Түркістан генерал-губернаторлығы Ресей Социалистік Федерациясының
Түркістан Республикасы деп жарияланды [2]. Бірақ республиканың барлық
ресми құжаттарында қысқаша Түркістан Республикасы деген атау қолданылды.
Дуниеге келген Түркістан Республикасында үзақ уақыт империялық -
отарлық саясат жүргізіліп, Түркістанның жергілікті халықтарын
бұратаналар, түздіктер деп кеміте атауды жалғастыра берді. Тек 1919
жылдың көктемінен бастап белгілі қайраткер Т. Рысқүловтың жетекшілігімен
қүрылған Мұсылман Бюросының [3] ұлт мәселесі бойынша жүргізген позициялы
күресінің нәтижесінде ғана жергілікті халықтарды кемсіте атаушылыққа тыйым
салынып, ресми қүжаттарда Түркістанның жергілікті халықтары, түркі
халықтары, мұсылмандар деп атау дәстүрі қалыптасады. Республика
коммунистері де осы уақыттан бастап, мұсылман коммунистері және
еуропалық коммунистер деп аталатын екі үлкен топқа жіктеледі.
Т.Рысқүловтың төңірегіне топтасқан мұсылман коммунистері Түркістандағы
орыс коммунистерімен және Түркістанға арнайы аттандырылған Мәскеудің
коммиссарлы органы - Түріккомиссиямен ымырасыз күресе отырып, Түркістан
Республикасын түркі тілдес халықтардың үлттық мемлекетіне айналдыруға,
республика егемендігіне, яғни Ресей Федерациясы құрамында болса да, саяси,
экономикалық, дипломатиялық, әскери және мәдени мәселелер бойынша нақты
болуы тиісті дербестік қүқықтарына ие болуға үмтылады. Ол үшін, ең алдымен,
Түркістанның түркі халықтарының ішкі бірлігін қамтамасыз етіп, барлығын
(қазақтарды, өзбектерді, қырғыздарды, түрікмендерді, қарақалпақтарды және
түркілермен мың жылдық байланысы бар тәжіктерді) Біртұтас Түркістан,
Біртүтас түркі халқы идеясына топтастыру қажет еді. Сондықтан да
Т.Рысқүлов 1920 жылы қаңтар айында Ташкент қаласында болып өткен Мұсбюроның
III конференциясында арнайы баяндама жасап, Түркістан Республикасының
автономиялылығы туралы деген атақты тезистерін қабылдатқан еді.
Тезистердің 6-бабында: Түркі халықтарының - татар, қазақ, қырғыз, башқүрт,
өзбек және т.б. болып бөлініп, жеке үсақ республикалар құруға үмтылу
идеясын жою, біртүтастық мақсаты үшін... түркі халықтарын Түрік Кеңес
Республикасының төңірегіне топтастыру [4] қажеттілігі ерекше атап
көрсетілген болатын. Өз идеяларын іске асыру мақсатында Т.Рысқүлов
басқарған Түркістан делегациясы 1920 жылы 7-мамыр - 12-шілде аралығында
арнайы сапармен Мәскеуге барып, В.И.Ленинмен ауыр келіссөздер жүргізгені
белгілі [5]. Нәтижесінде Біртұтас Түркістан идеясынан шошынған В.И.Ленин
Түркістан Республикасын тез арада жою, республиканы мекендеген түркі
халықтарын үлттық белгілеріне қарай жіктеу, Орталық Азияда саяси жағынан
Мәскеуге толық бағынышты ұлттық республикаларды құру туралы тапсырма
береді [6].
Әрине, Біртұтас Түркістан идеясын көтерген кезде Т.Рысқүлов Түркістанды
мекендеген түркі тілдес халықтардың жеке үлттық белгілерін тіптен жоққа
шығарған жоқ, тек Ресейдің отарлық саясатына, қызыл империяға бірлесе қарсы
түру, бостандық пен егемендік жолында күш біріктіру, бөлініп бөріге жем
болмау жолында тактикалық әрекеттерге барған еді. Тегі мен қаны қазақ
болған соң, Т.Рысқүловтың жаны да үнемі қазаққа тартып түрды әрі шешуші
мәселелерде қазақ үлтының мүддесін бәрінен де жоғары қоятын еді. Қазақ
жерлерін бір республика аясына біріктіру, автономиялы статуста болса да
қазақ мемлекетін қалпына келтіруді назарда үстады. Т.Рысқүлов 1919 жылы
қарашада Орынборға арнайы хат жазып барлық қазақ жерлерін бір республикаға
біріктіру, Қазақстанның астанасын Ташкентке көшіріп әкелу туралы үсынысын
жеткізеді [7]. 1920 жылы Түрікатком төрағасы болып сайланған соң,
Т.Рысқүлов өзі басқарып отырған органның жанынан таза қазақ істерімен
шүғылданатын арнайы бөлім қүруға күш салады. Бірақ 1920 жылы шілдеде, яғни
жоғарыда біз тоқталып өткен Мәскеудегі саяси тартыстар нәтижесіз аяқталған
соң, Т.Рысқүлов бастаған саяси топтың өз қызметтерін тастап шығуларына
байланысты Түркістан қазақтарының арнайы бөлімін қүру, Жалпытүркістандық
қазақ сиезін үйымдастыру ісі аяқсыз қалады [8].
Бүкіл қазақ жерлерін біріктіру, біртүтас Қазақ республикасын қүру
мәселесін көтеруде 1920 жылы 4-12 қазан аралығында Орынбор қаласында болып
өткен Қазақ АКСР-і Кеңестерінің 1 сьезінің маңызы зор болды [9]. Сьездің
жүмысына Қазақстанның барлық қиырынан өкілдер қатысады, олардың арасында
Алаш қайраткерлері де аз емес еді. Баку қаласында аяқталған Шығыс
халықтарының I сьезінен оралған қуғындағы Т.Рысқүлов та Орынборға арнайы
келіп, сьезде сөз сөйлейді. Түрікатком төралқасының 1920 жылғы 1-қазандағы
шешіміне сәйкес Түркістан қазақтарының атынан Ташкенттен Орынборға Болатов,
Есіркепов, Жандосов, Сыдықов, Омаров, Қожықов, Османов, Ершин, Күзембаев,
Қожанов, Өтембаев, Асфандиаров келеді [10].
Орынборда болып өткен Жалпықазақ сьезінен оралған түркістандық қазақ
қайраткерлері сьезде белгіленген түпкілікті мақсаттарды орындау үшін
Түркістан Республикасы мен Қазақ Республикасының өзара ынтымақты
байланыстарын нығайтуды қолға алады. Түрікатком төралқасының 1920 жылы 1-
қарашада өткен мәжілісінде Түркістан-Қазақстан мәселесі арнайы талқыланып,
өзара байланыстарды жолға қою мақсатында Орынборда Түркістан
Республикасының, ал Ташкентте Қазақ Республикасының өкілдіктерін ашу,
саяси, экономикалық, әкімшілік мәселелерін бірлесе шешіп отыру, екі
республика арасында тиімді сауда байланыстарын өрістету туралы шешім
қабылданады[11]. Түркістан Республикасының жекелеген комиссариаттарына
республиканың қазақ облыстарында (Жетісу және Сырдария) атқаратын өз іс-
шараларын мүмкіндігінше Қазақ Республикасының тиісті комиссариаттарымен
келісе отырып жүргізу қажеттігі туралы нүсқаулар беріледі. Сол жылы 9-
қарашада өткен Түрікатком төралқасының кезекті мәжілісінде қазақ мәселесі
тағы да арнайы талқыланып, республиканың Халық Комиссарлар Кеңесі мен Азық-
түлік, Жер шаруашылығы және Халық ағарту комиссариаттарына қазақ
облыстарында іске асыратын шаралары туралы нақты жоспарларын даярлау
тапсырылады [12]. Түрікаткомының жаңа қүрамының мүшелері
С.Асфандиаров пен С.Қожановқа Түрікатком жанынан құру көзделініп
отырған Қазақ Бюросының іс-жоспарын даярлау міндеті жүктеледі [13].
С.Асфандиаров пен С.Қожанов бір ай көлемінде Қазақ Бюросының іс-жоспары мен
ережесін даярлап, оны 1920 жылы 1-желтоқсанда Түрікатком төралқасының
талқысына үсынады және мәжілісте толық қолдау тауып қабылданады [14]. Бірақ
мәжілістің шешіміне сай алғашқы аты Қазақ Бюросы емес, Қазақ бөлімі деп
өзгертіледі [15]. Ал бүл оқиғадан тура 1 ай бүрын, яғни 1920 жылы 1
қарашада, қазақ қайраткерлерінің күш салуымен, Түрікатком жанында өмір
сүріп келген казак (орыс-казак) бөлімі таратылып жіберілген еді. Кезінде
республикалық статусқа ие болып, қате қүрылған Казак бөлімінің Ташкенттегі
штаты жойылып, ол облыстық дәрежеге төмендетіледі де, Жетісу облыстық
ревкомының қүрамына жібертіледі. Түрікатком
жанынан қүрылған Қазақ бөлімінің түңғыш мәжілісі 1920 жылы 2 желтоқсанда
үйымдастырылады [16], жалпы 1920 жылдың соңына дейін аталған бөлімнің
барлығы 5 мәжілісі өткізілген [17]. Қазақ бөлімінің түрақты мүшелігіне
(алғашқы қүрамы) төмендегі адамдар: Нәзір Төреқүлов - Түрікатком
төралқасының төрағасы, Гиоргий Сафаров - 1920 жылы тамызда қүрылған
Түрікбюроның мүшесі және Түрікатком төралқасының мүшесі, Санжар
Асфандиаров - Түрікатком төралқасы төрағасының орынбасары,
Сүлтанбек Қожанов - Түрікатком төралқасының мүшесі, Қоңырқожа Қожықов -
Түрікатком төралқасының мүшесі және Жетісу облысына тағайындалған облыстық
ревкомның мүшесі, Қайғысыз Атабаев - Түркістан Республикасы Халық
Комиссарлар Кеңесінің жаңа төрағасы, сондай-ақ М.Юмакаев - Түрікатком
төралқасының хатшысы енді. 1920 жылы 11 желтоқсанда
бөлімнің мүшелігіне Қазақ Республикасының Түркістан
Республикасындағы Түрақты өкілдігінің төрағасы ретінде Ташкентке
келген Баймен Алманов қабылданады [18]. Қазақ бөлімінің алғашқы қүрамында
қысқа уақытқа белгілі алаш қайраткері Халел Досмүхамедов [19] те болып,
артынан оның орнына Нығмет Жалелов бекітіледі [20]. Х.Досмүхамедов
бөлімнің барлық мәжілістеріне еркін қатынасып түру қүқына ие болады.
Соңғы аталған екі қайраткердің, яғни Халел Досмүхамедов пен
Нығмет Жалеловтың Түркістанға қызметке келулеріне бірден-бір септігін
тигізген адам Түрар Рысқүлов болған еді. Мәскеу қаласында Түркістан
Республикасының өкілетті делегациясын басқарып, РКП(б)
Орталық Комитетімен ауыр саяси келіссөздер жүргізіп жатқан Т.Рысқүлов 1920
жылы 11 маусымда Халел Досмүхамедовпен үшырасады да, хал-
жағдайынан хабардар болған соң, оны Түркістанға қызметке келуге көндіреді,
әрі жол азабын азайтып, өз отбасын тезірек іздеп табуы үшін арнайы
мандатпен қамтамасыз етеді: Бүл мандат Түркістан Республикасының
өкілетті делегациясы Ташкентке аттандырған жолдас Досмүхамедовке
берілді. Делегация жолдас Досмүхамедовке Орынбор мен Ақтөбе бекеттері
арасында бес адамнан түратын өз отбасын іздестіріп, оларды өзімен бірге ала
кетуге қүқық береді. Жоғарыда аталғандарды басшылыққа ала отырып, өкілетті
делегация барлық эшелондардың бастықтарына, осы эшелондармен Орынбор -
Ақтөбе аралығында қатынап жүрген барлық жауапты қызметкерлерге жолдас
Досмүхамедовты отбасымен бірге жолсапармен баратын Ташкентке дейін поезға
отырғызып ала кетуді өтінеді [21]. Бұған қосымша ретінде сол күні
Т.Рысқүлов Мәскеуден Ташкентке жеделхат жолдап, Түрікатком төралқасына ...
дәрігер маман ретінде Досмүхамедовқа қызмет беруді [22] тапсырады. Ал 1920
жылы 18 маусымда Бүкілресейлік Халық Шаруашылығы Кеңесінің Жер шаруашылығы
Бас басқармасына жазған хатында Т.Рысқүлов осы мекеменің өкілі Н.Жалеловты
... агрономдық, әсіресе мал шаруашылығы бойынша арнайы білім алған
түркістандық болғандықтан және Түркістан үшін аса қажетті, таптырмайтын
маман ретінде [23] өзімен бірге Түркістанға ала кететіндігін ескертеді.
Өз жүмысын 1920 жылы 2 желтоқсанда бастағандығына қарамастан, өйткені
дәл сол күні Қазақ бөлімінің түңғыш мәжілісі өткізіліп, №1-ші хаттамасы
толтырылған, бөлімнің 11 желтоқсанда өткізілген мәжілісінде С.Қожановтың
үсынуымен Қазақ бөлімінің қызметке кіріскен күні деп 13 желтоқсанды
жариялау туралы үсынысы қабылданады, осылайша, ресми түрде Қазақ бөлімінің
қүрылған күні 2 желтоқсан, ал қызметке кіріскен күні 13 желтоқсан деп
танылады [24].
Жалпы алғанда, Қазақ бөлімі 1920 жылы желтоқсан айында барлығы 5
мәжіліс өткізген, ал 1921 жылы қанша мәжіліс өткізгені белгісіз, Өзбекстан
Республикасы Орталық Мемлекеттік Мүрағатында Түрікатком жанындағы Қазақ
бөлімінің бүл жылы өткізген 8 мәжілісінің ғана хаттамалары (5 қаңтар, 9
ақпан, 22 ақпан, 6 наурыз, 16 сәуір, 10 мамыр, 17 мамыр, 20 мамыр)
сақталған [25].
Алғаш қүрылған кезде Қазақ бөлімі Түрікаткомның жанындағы арнайы үйым
дәрежесін иеленген болса, ал 1922 жылы бүл бөлім Түркістан Республикасының
қайта қалпына келтірілген ¥лт істері жөніндегі халық комиссариатының
қүзырына беріледі. Мүрағат қүжаттарының арасынан Қазақ бөлімінің 1922 жылы
өткізген 10 мәжілісінің хаттамалары табылды, ол мәжілістер - 22 наурыз, 27
наурыз, 29 наурыз, 30 наурыз, 4 сәуір, 8 сәуір, 11 сәуір, 12 мамыр, 2
маусым, 16 маусым күндері үйымдастырылған [26].
1920 жылы желтоқсан айында қүрылып, іске кіріскен Қазақ бөлімінің
түрақты мүшелері сайланғанымен де, төрағасы белгіленбеген, республиканың
көптеген жауапты басшылық қызметтерінде жүрген қазақ қайраткерлері бөлім
мәжілістерінде кезектесе төрағалық етіп отырған, тек 1921 жылы қаңтар
айының соңында ғана түрақты төрағасы болып белгілі қайраткер С.Қожанов
белгіленеді. Қазақ бөлімі 1922 жылы ¥лт істері жөніндегі халық
комиссариатының қүзырына берілгеннен кейін оның түрақты төрағасы қызметіне
қазақ қайраткері А.Қадыров бекітіліп, ол бір мезгілде аталған комиссариат
басшысының орынбасарылығына жоғары латы л ады.
Қүрылған Қазақ бөлімінің орталық басқару аппаратында: төралқа (түрақты
мүшелер кірген), заң бөлімі, ақпарат-инструкция бөлімі, әскери бөлім, оқу-
ағарту бөлімі, бухгалтерлік бөлім, мәдениет бөлімі және арыз-шағымдарды
тексеру бюросы сияқты арнайы бөлімдер жұмыс істеді.
Қазақ бөлімі 1920 жылы өткізген5 мәжілісінің өзінде-ақ (оның бірі,
яғни 12 желтоксандағы кеңейтілген мәжіліске бөлімнің тұрақты мүшелерінен
басқа көптеген қазақ қызметкерлері шақырылған) Түркістан қазақтарының
өміріне қатысты көптеген аса өзекті мәселелер бойынша шешімдер қабылдап
үлгереді, олардың бастылары мыналар бодды:
Қазақ бөлімінің Орталық және жергілікті басқару аппараттарын қүру;
Түркістанда іске асырылуы жоспарланып жатқан жер-су реформасы
және қазақ халқының мүдделері;
Түркістан қазақтарының I сьезін үйымдастыру және т.б. 1920 жылы желтоқсан
айында өткен мәжілістерде барлығынан да көп талқыланған мәселе - Түркістан
қазақтарының I сьезін өткізу мәселесі болды. Сьезді қай қалада өткізу, әр
уезден қанша делегат шақыру, сьездің күн тәртібіндегі мәселелерді белгілеу,
сьезді қаржыландыру және т.б. мәселелер бойынша қызу пікірталастар орын
алады.
Қазақ бөлімінің 1920 жылы 2 желтоқсанда өткізген мәжілісінде, үзақ
талқылаудан соң, Түркістан қазақтарының I сьезін 1921 жылы 15-қаңтарда
Әулиеата қаласына шақыру туралы шешім қабылданады [27]. Сьезге Түркістан
Республикасының әр уезінен 2 өкілден шақыру, шешуші және кеңесші дауысы бар
делегаттардың қүқын республика заңдарының талаптарына сай белгілеу туралы
келісіледі. Республиканың әр облысы бойынша сьезге сайлау жүмыстарын
үйымдастыратын қүрамына 3 мүшеден кіргізілген арнайы өкілеттігі бар
облыстық комиссиялар тағайындалады [28]. Түркістан қазақтарының I сьезін өз
деңгейінде өткізу мәселесіне Қазақ бөлімі көп көңіл бөлді, бүл мақсатта
республиканың орталық билік орындарының, облыстық атқару комитеттері мен
ревкомдарының, республика комиссариаттарының әкімшілік ресурстары да
кеңінен пайдаланылды. Қазақ бөлімінің 1920 жылы 11 желтоқсанда өткен
мәжілісінде баяндама жасаған С.Қожанов республика облыстарында өтетін
сайлау жүмыстарына қатаң жауапкершілікпен қарау керектігін, салғырттық
танытқан қызметкерлерді заң алдында жазалау қажеттілігін атап көрсетіп,
жергілікті жерлердегі барлық үйымдастыру шараларына ең алдымен атқару
комитеттері мен ревкомдардың төрағалары тікелей жауапты болатындығын
ескертті [29].
Қазақ бөлімінің1920 жыЛы 22 желтоқсанда және 1921 жылы 5 қаңтарда өткен
мәжілістерінде Әулиеата қаласына шақырылған Түркістан қазақтарының I
сьезінің күн тәртібі бекітілді:
1. Ағымдағы жағдай (Баяндамашы Н. Төреқүлов);
2. Үлт мәселесі және Кеңестік Автономия (Г.Сафаров);
3. Кедейлер мәселесі және жергілікті билік орындарын үйымдастыру
(С.Қожанов);
4. Жергілікті үйымдардың баяндамалары;
Түркістан Республикасындағы азық-түлік саясаты (Долженко);
Түркістан Республикасындағы жер саясаты (С.Асфандиаров,
Н.Паскуцкий, Испулов);
Әйелдер мәселесі (С.Қожанов);
Қазақ кедейлерінің оқу-ағарту мәселелері (Ахмадиев);
Қазақ Республикасымен қарым-қатынас мәселесі (Б.Алманов);
10. Ағымдағы мәселелер [30];
Сьездің 15 қаңтарға шақырылуына байланысты аталған баяндамашылар өз
баяндамаларының тезистерін алдын-ала талқылау үшін 8 қаңтарға дейін Қазақ
бөліміне өткізуге міндеттеледі.
1921 жылы 15-30 қаңтар аралығында Әулиеата қаласьшда болып
өткен
Түркістан қазақтарының I сьезінің саяси-әлеуметтік маңызы зор болды.
Сьездің стенографиялық есебі мен мәжіліс хаттамалары өте нашар сақталған,
қаламсаппен толтырылған түпнүсқасы қазіргі таңда Ташкентте, Өзбекстан
Республикасы Орталық Мемлекеттік Мүрағатында сақталынып түр [31]. Тек Қазақ
бөлімінің 1922 жылы 29 наурыздағы мәжілісінде 1921 жылы қаңтар айында
Әулиеата қаласында болып өткен Түркістан қазақтарының I сьезінің қүжаттары
мен материалдарын жеке кітапша етіп бастырып шығу туралы мәселе қаралған
соң ғана аталған сьездің біршама материалдары жарық көрген еді. Мәжілісте
сиездің қолда бар барлық материалдарын О.Омаровқа тапсырып, оған 1922
жылдың 3 сәуірінен кешіктірмей қүясаттарды тиісінше реттеген соң, баспаға
өткізу міндеті жүктеледі. Түркістан Республикасының Мемлекеттік баспасынан
I сиез материалдарын 800 дана қазақ тілінде, 500 дана орыс тілінде 15
мамырға дейін кітап етіп бастырып беруді сүрайды [32]. Аталған кітап сол
жылы жарық көреді, бірақ біз жоғарыда атап өткен мүрағаттағы сьез
материалдарының көп бөлігі оған енбей қалған [33].
Түркістан қазақтарының I сьезіне республиканың барлық облыстарынан 600-дан
аса делегат қатынасады. Сьезде күн тәртібіндегі баяндамалр бойынша қызу
пікірталастар орын алады. Сьезде жасалған баяндамалардың ішіндегі ең
қызықты да маңыздылары - жергілікті жерлердің баяндамалары болғаны
талассыз. Мүрағат қүжаттарының арасында Түркістан уезінің, сондай-ақ,
Перовск, Шымкент, Ташкент, Мырзашөл, Әулиеата, Қазалы, Жызақ, Катта-Қорған,
Ходжент, Ушин, Әндіжан, Наманган, Маргелан, Қапал, Жаркент, Верный, Нарын,
Пішпек уездерінен келген қазақ делегаттарының баяндамалары сақталған [34].
Баяндамашылар өз уездерінде 1916-1920 жылдары орын алған сүмдық оқиғалар
мен қүбылыстарға, саяси, әлеуметтік, үлтаралық процестерге бүлтартпас
деректер негізінде баға беруге тырысқан. Түркістан өлкесінде аталған мерзім
ішінде қаншалықты ауыр, қым-қиғаш, апатты процестердің болғандығын осы
жергілікті жерлердің мысалынан айқын байқауға болады. 1916 жылғы үлт-
азаттық көтерілісі, оның қанға бөктіріліп басып-жаншылуы, 1917 жылғы қос
төңкеріс және оның зардаптары, сүрапыл аштық пен індет, қатыгез азамат
соғысы, босқыншылық, болыиевиктік биліктің оспадарсыз саясаты, тәркілеу мен
тап күресі және т.б. Түркістан қазақтары үшін қаншалықты зобалаңды болғаны
мәлімделеді. Мысалы, баяндамашылардың деректері бойынша 1920 жылдың соңында
Сырдария облысының Түркістан уезінде революцияға дейінгі малдың небәрі 5
пайызы қалған [35], астық екпейтін осы уезд тұрғындарына кедес билік
орындары 75 мың пұт астық салығын салған [36]. Перовск уезінің халқы: ...
Кеңес өкіметін тонаушы, қарақшы өкімет деп санады [37]. Жетісу облысының
Қапал уезінде ... қаруланған келімсектер большевиктердің дем беруімен
қазақтардың қанын шелектеп ішті [38]. Верный уездерінің қазақтарынан ...
17 мың жылқы, 65 мың сиыр, 98 мың қой тартып алынды, қираған шаңырақ пен
тоналған мүліктің есебі жоқ [39]. Пішпек уезінің жергілікті халқынан ...
42 мың жылқы, 29 мың сиыр, 1 млн. 225 мың қой, 38 мың түйе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы өкілдерінің қызмет кезеңі (1917-1925 жж)
Түркістан АКСР-і зиялылардың шығыстағы ордасы
КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ЖҮЙЕГЕ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАРСЫЛЫҒЫ
Орта Азия Республикаларындағы ұлттық-территориялық межелеудің барысы
Сталиндік репрессия және қазақ зиялылары
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
Ұлттық элитаның қалыптасуы
1917 – 1939 жылдардағы қазақ халқы
Қазақстанның ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындығы әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайы
Сібір және Түркістан автономиялары мәселесі
Пәндер