Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі


Мазмұны
Кіріспе . . . 5
- Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі . . . 10Әкімшілік жауапкершіліктің тарихи дамуы, түсінігі, белгілері, оның басқа құқықтық жауапкершілік түрлерінен айырмашылығы . . . 10Әкімшілік жауапкершіліктің қағидалары, жүйесі (құрамы) және ерекшеліктері . . . 19Әкімшілік жауапкершілікті бекіту және қолдану . . . 23
- Әкімшілік жауапкершіліктің негіздері және шаралары . . . 28Әкімшілік құқық бұзушылық, оның басқа құқық бұзушылық түрлерінен айырмашылығы, құрамы . . . 28Әкімшілік жауапкершіліктің құқықтық және процессуалдық негіздері . . . 34Әкімшілік жазалар: түсінігі, жүйесі, түрлері және қолдану тәртібі . . . 38
- Әкімшілік жауапкершіліктен және әкімшілік жазадан босату - әкімшілік құқық бұзушылықтармен күресудің нысаны ретінде . . . 45Әкімшілік жауапкершіліктен және әкімшілік жазадан босатудың түсінігі, маңызы . . . 45Әкімшілік жауапкершіліктен шектеу және босату және әкімшілік жауапкершілікті болдырмайтын мән-жайлардың айырмашылығы . . . 49
Қорытынды . . . 55
Қолданылған әдебиеттердің тізімі . . .
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысында әкімшілік жауапкершілік түсінігі мен оның туындау негіздері, негізгі қағидалары мен әкімшілік жазалардың қолданылу мәселелерінің теориялық негіздері қаралады.
Тақырыптың өзектілігі. Негізінде мемлекеттегі қандайда болмасын заңдардың талаптарын бұлжытпай орындау қоғам мен мемлекетке әрқашанда тиімді болып келеді және олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылмауын әрі сақталуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, меншік түрлеріне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, заңды тұлғалардың мүдделеріне, сондай-ақ басқарудың белгіленген тәртібіне қиянат жасайтын, сол үшін заңдармен әкімшілік жауапкершілік көзделген құқыққа қарсы (қайшы), кінәлі (қасақана немесе абайсызда) әрекет не болмаса әрекетсіздік әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.
Республикамыздың әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде осы саладағы заңдар бір жүйеге келтірілген. Кодексте қандай әрекеттердің немесе әрекетсіздіктің әкімшілік құқық бұзушылыққа жататындығы, оған қандай жазалар қолданылатындығы, сол жазаларды қолдану және орындау тәртіптері нақтыланып, сараланып көрсетіліп отыр.
Мемлекеттік биліктің адам мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қызметіндегі маңызды институттары: әкімшілік жауапкершілік пен әкімшілік шараларының маңызы зор болып келеді. Әкімшілік құқықтың маңызды құрамдас бөлігі әкімшілік-деликттік құқық болып табылады, оның дамуының негізгі бағыты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы конституциялық нормаларды негізге ала отырып жаңартумен байланысты.
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнама бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге, қоғамдағы құқықтық даулардың алдын әкімшілік-құқықтық шаралармен алуға барынша бағытталуы тиіс» делінген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында [1] .
Сондықтан мемлекет құқықтық нормаларда міндетті ереже-тәртіптерін бекіте отырып, сонымен бірге оларды бұзғаны үшін мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану мүмкіндігі қарастырады. Соның ішінде әкімшілік шараларды қолданудың маңыздылығы олардың ауырлық дәрежесінде емес, әкімшілік жауапкершіліктің және әкімшілік шаралардың міндетті түрде орын алуы, бұлтартпастығы болып табылады. Яғни қазіргі таңдағы әкімшілік деликттік құқық теориясындағы маңызды рольды әкімшілік жауаптылықтың және әкімшілік шаралардың міндетті түрде орын алуы болып табылады.
Мұндай теорияның бұрыннан қалыптасып, дамуының себебі осында болады. Оған мысал ретінде құқық бұзушылық және жаза контекстінде Чезаре Беккарияның айтуынша, «қылмыс жасаған адамға қатысты оның ішкі дүниесіне терең және ұзақ уақытқа созылатын, ал тәніне неғұрлым аз дәрежеде әсерін тигізетін тиісті мөлшердегі жаза түрлері қолданылуы керек» [2, 103 б. ] .
Бұл айтылған жайтты қазіргі әкімшілік деликттік құқық теориясы мен тәжірибесіне сай айтатын болсақ, жасалған әкімшілік құқық бұзушылық үшін адамдардың санасы мен еркіне неғұрлым ұзақ мерзімге және қатты әсерін тигізетін әкімшілік шаралар мен өзге де әкімшілік-мәжбүрлеу шараларын және міндетті түрде тиісті мөлшерде ғана қолдану керек. Мұның барлығы құқық бұзушының мінез-құлқының жеке-индивидуалды қасиеттерін және оның мәдени-этикалық, ар-ождан, моральдық көзқарастарын ескере отырылып қолданылуы қажет. Яғни белгілі бір әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша әкімшілік-мәжбүрлеу шарасын қолданатын орган немесе лауазымды тұлға міндетті түрде құқық бұзушының жеке басының ерекшеліктеріне мән беруі тиіс. Осыдан шығатын түйін, әрбір әкімшілік-құқықтық әсер ету шарасы жазаның орындалуын ғана қамтамасыз етіп қоймай, яғни оның әсері жалпы тұрғыда емес, құқық бұзушыны жөнделуге бағыттауы тиіс, яғни жеке-индивидуалды сипатта болуы тиіс.
Әкімшілік-деликттік құқық теориясы мен тәжірибесіне сәйкес өзінің әкімшілік құқық бұзушылықтармен күресте тиісті орнын тапқан әкімшілік мәжбүрлеу институты әкімшілік жауапкершілік институты шеңберінде жүзеге асырылса, әкімшілік жауапкершілік институты әкімшілік жаза институты аясында жүзеге асырылады.
Бірақ қазіргі уақыттағы еліміздегі қолданыстағы заңдарға және әкімшілік құқық бұзушылықтармен күрестегі тәжірибеге сүйенетін болсақ, бұл аталған әкімшілік құқық бұзушылықтармен күресте жалғыз және дұрыс жолы болып табылмайды. Ұзақ уақыт бойына қалыптасқан құқық теориясы мен тәжірибесіне сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықпен күресте өзге де неғұрлым адамгершіл және әділ жолдар бар екендігі көрініп отыр. Бұл өзінің бастауын еліміздің конституциялық ережелерінің негізінен алып отыр. Онда « . . . оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары» делінген [3, 4 б. ], яғни олардың мемлекеттің өзге құндылықтарынан басым екендігін айтып кетуімізге болады. Осыдан келе, елдегі барлық қызмет аясының күштері, соның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық аясындағы мемлекеттің қызметі адамның пайдасына шешілуге тиіс, яғни жоғарыда аталған конституцияның бастауларынан шықпауға, оны сақтауға тиіс.
Сонымен қатар Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында былай деген: «Ашық, демократиялық қоғам негіздерін дәйекті түрде бекітуде, демократия мен құқықтық тәртіп - бір-бірінсіз болуы мүмкін емес, ажырамас заттар. Сондықтан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын тиімді жүйе қажет» [4] . Сондай-ақ ол өзінің келесі «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру -
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты халыққа Жолдауында: «Құқық қорғау және сот жүйесі қазақстандықтардың құқықтарын әділ әрі тиімді қорғауды қамтамасыз етуі қажет . . . Бұл салада басым мақсат ретінде - жазалау шараларын қолдану емес, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен оларды болдырмау болуы қажет» деген [5] .
Осыған орай қазіргі ӘҚБтК-те әкімшілік құқық бұзушылықпен күресте әкімшілік жауапкершілік ретінде тек әкімшілік жазалау шараларын емес, сонымен қатар «әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату» деген тарау бекітілген.
Мұндай әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату институтын заңда бекітіп, оны қолдану әкімшілік құқық бұзушылықтармен күресте ролі өте зор. Бұл, біріншіден, мемлекеттің әкімшілік құқықтық саясатының дамуында негізгі бағыттарының бірі ретінде, екіншіден, адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын білдіретін әлеуметтік қатынастарды гуманизациялауда маңызды болып келеді.
Дегенмен құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату адамды ақтады немесе оны кінәлі емес ретінде тану деп түсінбеуіміз керек. Кінәлі емес құқық бұзушылықтар болмайды.
Профессор М. С. Нарикбаевтың айтуынша, «аталған заңнама нормалары, керісінше, құқық бұзушылықтар үшін кінәлі адамдарға бағытталған және оларды босатуға негіз болған мән-жайлар адамды ақтап шығару болып табылмайды» [6, 68 б. ] .
Мұндай шараның қолданылуы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның өзінің іс әрекетін неғұрлым жауапты түрде анализдеп, оған дұрыс баға беруіне шарт болып табылады. Өз қателіктерін, кінәсін түсініп, одан енді алдағы уақытта заңдылықтың сақталуына кепілденіп, өзіне қорытындылар шығарады. Яғни мұнда құқық бұзушылық жасаған адамды оған сенім білдіре отырып, оны жүндеу жолымен жүзеге асады. Яғни кейбір жағдайларда құқық бұзушыға әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолданбай, оны жөндеуге, өзгертуге болады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Диплом жұмысын жазу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың әкімшілік жауапкершіліктің түрлі аспектілерін қарастыратын тұжырымдары басшылыққа алынды.
Осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген отандық ғалымдар мыналар: А. А. Таранов, М. С. Нарикбаев, А. Е. Жатканбаева, Л. Т. Культемирова, Б. A. Жетписпаев, Х. Ю. Ибрагимов, Е. Баянов.
Әкімшілік жауапкершілік мәселесіне жан-жақты көңіл бөліп, өз ойларын ортаға салған Ресей ғалымдарының, профессорларының тұжырымдары бұл жұмысты жазуда үлкен үлесін тигізді. Оларға: Г. А. Кузмичева, Г. Х. Ефремова, Ч. О. Беккариа, Д. Н. Бахрах, А. П. Алехин, А. А. Кармолицкий, Ю. М. Козлов.
Аталған тұлғалардың еңбектері қазіргі заманғы заң ғылымының дамуына зор үлестерін қосқан болатын.
Жұмыстың мақсаты, міндеттері . Жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасында әкімшілік жауапкершіліктің ролін айқындап, талдау жүргізу. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу керек:
- әкімшілік жауапкершіліктің түсінігін, оның негізгі белгілерін айқындап, ерекшеліктерін белгілеу;
- әкімшілік жауапкершіліктің фактілік, нормативті, процесуалды негіздеріне сипаттама беру;
- әкімшілік жауапкершіліктің заңды көрінісі - әкімшілік жаза: түсінігі, түрлері, қолданылу ерекшеліктерін анықтау;
- әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босатуға талдау жасау және оның әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмайтын мән-жайлардан айырмашылығын көрсету.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысында Қазақстан Республикасындағы әкімшілік жауапкершілік ролінің маңызы жаңаша көзқарас тұрғысынан тұңғыш рет кешенді түрде қарастырылып, ғылыми айналымға түсті. Әкімшілік жауапкершілік түсінігіне анықтама берілген және оның мазмұны жан-жақты қарастырылған. Осы мәселе жетілдіру мақсатында заңнамаға кейбір түсініктерге анықтама беру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар бар. Әкімшілік жауапкершілікті түрлі нысанда қолдана отырып, елдегі әкімшілік құқық бұзушылықтар санын төмендетуде тек теориялық тұрғыда ғана емес, тәжірибелік тұрғыда да маңызды негіз болып табылатындығы, мемлекеттің міндеті - Конституцияға сәйкес азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңды түрде сақтап, оны қорғауда әкімшілік жауапкершілікті дұрыс қолданудың маңызы ерекше екендігі айқындалып қарастырылды.
Қорғауға шығарылатын тұжырымдар:
- әкімшілік жауапкершілік - әкімшілік құқықтың негізгі институттарының бірі, әкімшіліқ құқық бұзушылықтармен күресте маңызды орынды иеленеді. Қазақстанның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының заңды түрде сақталып, елдегі заңдылық пен тәртіпті орнатуда бірден-бір кепілі болып табылады;
- әкімшілік құқық бұзушылық - әкімшілік жауапкершіліктің фактілік негізі;
- әкімшілік жазалар - мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы ретінде әкімшілік жауапкершіліктің орын алуының көрінісі;
- әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату - әкімшілік құқық бұзушылықтармен күресте қолданудағы жаңа бағыты.
Зерттеудің объектісі. Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісін мемлекеттегі заңдылықты қамтамасыз етуде, құқық бұзушылықтармен күресуде адамдардың құқықтары мен бостандықтарын басшылыққа ала отырып, әкімшілік жауапкершілікті және оның мемлекет тарапынан қолданатын жазалау, ықпал ету шараларын қолдану барысында туындайтын қоғамдық қатынастардың жүйесі құрайды. Әкімшілік-құқықтық, соның ішінде әкімшілік-деликттік мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері жұмыстың пәні болып табылады.
Зерттеудің әдістері және әдістемесі. Зерттеу жұмысының жазылу барысында қолданылған әдістемелі негізі ретінде дидактикалық материализм әдісі, диалектикалық, жүйелеу, салыстырмалы-құқықтық, тарихи, талдау-қорыту, құрылымдық және тарихи-әдістемелік әдістері қолданылды. Диплом жұмысы жалпы қоғамдық ғылымдар саласындағы, соның ішінде заң ғылымындағы зерттеу әдістеріне негізделіп жазылды. Ұсынылып отырған дипломдық жұмыстың нормативтік негізін Қазақстан Республикасының ағымдағы заңдары құрайды. Дипломдық жұмыстың эмпирикалық базасын ізденуші өткізген және баспасөзде жарияланған әлеуметтік зерттеулердің деректері мен статистикалық мәліметтер құрайды.
Жұмыстың құрылымы. Диплом құрылымы зерттеудің негізгі мақсаты мен міндеттеріне сай келеді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, сегіз бөлімшеден, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі
- Әкімшілік жауапкершіліктің тарихи дамуы, түсінігі, белгілері, оның басқа да құқықтық жауапкершілік түрлерінен айырмашылығы
Құқық бұзушылықтармен қарсы күресте әкімшілік тәсілдерінің орны зор, олардың қатарына әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту кіреді.
Көптеген жылдар бойына құқық бұзушылықтармен күресте әкімшілік жауапкершіліктің ролі біртіндеп өсіп келді, әсіресе 80-жылдардың екінші жартысынан бастап белсенді түрде дамыды. Әкімшілік жауапкершілік неғұрлым қаталдау бола бастады, көптеген құқық бүзушылықтар үшін санкциялар ауырлатылды. Жасағаны үшін әкімшілік санкциялар көзделген іс-әрекеттердің саны артты. Сонымен қатар, қазір әкімшілік құқық бұзушылық болып саналатын кейбір іс-әрекеттер бұрын қылмыс, тәртіптік құқық бұзушылықтар немесе азаматтық-құқықтық деликттер ретінде бағаланған. Сөйтіп әкімшілік жауапкершілікті көздейтін нормалар саны көбейген. Олардың қатарында заңды тұлғалар үшін де әкімшілік жауапкершілікті көздейтін нормалар да бар.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар мыңдаған адамдардың, азаматтардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметімен байланысты, олардың мүдде-мақсаттары мен қажеттіліктеріне әсерін тигізеді, себебі ол барлық қалыптасқан салаларда және мемлекеттік басқаруда да кездеседі.
Осындай өзгерістердің барлығы елде жаңа кодекстің қабылдануына түрткі болды. ҚР-сының Әкімшілік құқық бұзушылық турады кодексі - бұл әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы демократизациялау мен гуманизациялауда жаңа және үлкен қадам болып отыр.
Осы уақытқа дейін аталған қолданыстағы әкімшілік заңнамада әкімшілік жауапкершілік институты түсінігіне анықтама беріліп, ашылып көрсетілмеген [7, 17 б. ] .
Заң шығарушы ӘҚБтК-те тек әкімшілік жауапкершілікке тартылатын тұлғалар ретінде: заңмен белгіленген тиісті жасқа толған, ақыл-сі дұрыс адамды және заңды тұлғаны атап көрсетумен шектелген. Одан кейін жеке тұлғалар үшін әкімшілік жауапкершілік туындайтын жас мөлшерін, ақыл-есінің кемдігі, лауазымды адамдар мен өзге де басқару функциясын орындайтын тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің, жеке нотариустар мен адвокаттардың әкімшілік жауаптылығына көңіл аударған.
Әкімшілік жауапкершілік түсінігіне анықтама бермес бұрын, бірінші, құқықтық жауапкершілік деген ұғымға анықтама беріп кететін болсақ, ол - құқық бұзушыға белгіленген процессуалды түрде мемлекетпен қолданылатын салдар және жеке, мүліктік, арнайы сипаттағы жағымсыз салдардың орын алу мүмкіндігі. Өкілетті орган ретіндегі мемлекеттің және құқық бұзушының арасында туындайтын құқықтық қатынас. Мемлекеттік органның кінәліні жауапкершілікке тарту құқығы пайда болады, ал құқық бұзушыда өзінің іс-әрекеті үшін жағымсыз салдарды өтеу міндеті туындайды. Бұл құқықтық қатынастың туындауының негізі - құқық бұзушылықтың орын алуы, ал оның аяқталуының құқықтық фактісі - жазаны атқару (орындау) болып табылады [8] .
Әкімшілік заң ғылымында әр түрлі авторлар заңда көрсетілмеген әкімшілік жауапкершілікке түрлі анықтамалар берген.
Қазіргі әкімшілік жауапкершілік институтын анализдеуде ғылымда оны басқа құқықтық жауапкершілік түрлерімен және мемлекеттік, құқықтық мәжбүрлеумен салыстыру кеңінен тараған.
Республикада қоғамдық тәртіпті, басқару тәртібін орнату, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, азаматтардың демалу мен еңбек етуі үшін қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында сақталуы кажетті болатын ережелер өте көп. Ондай ережелерге жолда жүру, санитарлық, мал дәрігерлік, өртке қарсы, кедендік, кауіпсіздік, табиғи ресурстарды қорғау ережелері жатады. Егер осы ережелердің бұзылуы үлкен қоғамдық зиян келтіретін болса, онда олар қылмыстық жауапкершілікті туғызады. Көпшілік құқық бұзушылықтар мардымсыз қоғамдық зиян келтіреді. Сондықтан ондай кұқық бұзушылықтар әкімшілік құқық бұзушылықтар деп саналады және әкімшілік жауапкершілікті тудырады.
Әкімшілік жауапкершілік жасалынған әкімшілік кұқык бұзушылыққа деген мемлекеттің реакциясы болып табылады. Әкімшілік жауапкершілік - қылмыстық, тәртіптік және азаматтық-құкықтықпен қатар жауапкершіліктің бір түрі.
Әкімшілік жауапкершілік - құқықтық жауапкершілік түрлерінің ішіндегі ең көп кездесетін түрі болып табылады. Қоғамда күніне мыңдаған адамдар мен ұйымдар (мекемелер) әр түрлі ережелер мен заңдарды бұзып отырады, нәтижесінде ол үшін жауаптылық, одан жаза туындап отырады. Яғни әкімшілік жауаптылықтың негізі болып құқық бұзушылық табылады.
Қазақстан Республикасындағы әкімшілік жауапкершілік институты посткеңес кезеңінде айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ. [9] . Қазіргі қолданыстағы 2001-жылғы еліміздің ӘҚБтК-ті кеңестік құқықтық реттеуден теңдік қағидасына негізделген еуропалыққа көшудегі негізгі акт деп қарастыру керек.
1961 жылға дейін әкімшілік құқықты бұзуға байланысты оған қолданылатын әкімшілік жауапкершілікті көздейтін шешімдердің шығарылуында жергілікті басқару органдары кең құқықтарды (билікті) иеленген. 1961 жылдың 21-шілдесінде КСРО-ның Жоғарғы Кеңес Президиумының қабылдаған Жарғысында жергілікті басқару органдарының шешім шығаратын мәселелер аясын шектеу қажеттілін бекіткен. Осы аталған Жарғы негізінде қабылданған құқықтық актілер бойынша жергілікті Кеңестер тек әкімшілік жауапкершілікті көздейтін шешімдерді ғана шығару құқығына иеленген. Бұл жауапкершілік тек ескерту немесе айыппұл ретінде ғана болуы мүмкін. Құқық бұзушылық үшін айыппұлды көздейтін шешімдерді шығару құқығын тек облыстық, аумақтық және қалалық Кеңестер иеленген.
Әкімшілік жауаптылық әрбір азаматтың қоғамдық-саяси белсенділігін арттырып, қоғам мен мемлекетке деген адамгершілік және құқықтық борышының және құқыққа сай жүріс-тұрыстың қалыптасуында қажетті ынталандырушы ролін атқарады.
Әкімшілік құқық әдебиеттерінде әр түрлі авторлар әкімшілік жауапкершілік терминіне әр түрлі анықтамалар берген. Н. Д. Бахрахтың берген анықтамасы бойынша: «Әкімшілік жауапкершілік дегеніміз - құқықтық жауапкершіліктердің арасындағы ерекше түрі және ол құқықтық жауапкершіліктің барлық белгілерін иеленеді (құқық нормаларын бұзғаны үшін құқық нормалары негізінде туындайды, мемлекеттік мәжбүрлеумен байланысты және лауазымды тұлғалардың құқықтық актілерімен нақтыланады) . Сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілік әкімшілік мәжбүрлеудің бір бөлігі болып табылады және оның барлық қасиеттерін иеленеді» [10, 25-26 б. ] .
Н. Д. Бахрахпен берілген анықтаманы анализдейтін болсақ, ол әкімшілік жауапкершілікке анықтама берген кезде құқық нормасын бұзғаннан туындайтын құқықтық салдарды негізге алған. Ондайда мемлекеттің реакциясы ретінде құқық бұзушыға белгілі бір мәжбүрлеу шарасының (санкцияның) қолданылуы. Қазіргі уақытта бұл анықтама оның түрлі көріністерінде негізгі болып табылады және ол кеңестік және посткеңестік әкімшілік құқықтың дамуы кезеңіндегі әдебиеттердің көпшілігінде өз көрінісін табады.
Г. А. Кузьмичева мен Л. А. Калинина әкімшілік жауапкершілікке берген дәстүрлі емес анықтамасын бойынша: «құқықтық жауапкершіліктің бір түрі ретінде әкімшілік жауапкершілікті түсінуде тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін оған қатысты құқық нормасымен көзделген әкімшілік жаза ретіндегі жеке немесе мүліктік сипаттағы жағымсыз салдардың туындауына көңіл аудару қажет» [11, 19 б. ] .
Бұл анықтаманың кемшілігі «әкімшілік жауапкершілік» түсінігін «әкімшілік жаза» түсінігімен теңестіруге болмайды, себебі әкімшілік жауапкершілік түсінігі әкімшілік жаза түсінігінен неғұрлым кеңірек болып табылады, сонымен қатар әкімшілік жазалар да, өзге де әкімшілік құқықтық ықпал ету шараларының түрлері әкімшілік жауапкершілікке кіреді.
Қылмыстық құқық пен криминологияда жауапкершілік пен жазаны неғұрлым толығырақ және пәні бойынша айыруға қол жеткізілген, яғни бұл әкімшілік құқықтың артта қалғанының көрінісі. Сонымен қатар бірқатар авторлар қылмыстық құқық пен криминологияда қылмыстық жауапкершілік пен жазаны теңестіріп, оларды бір құбылыстың түрлі қырлары бола тұра тұтас болып табылады деген [12, 79-80 б. ] . Бұл айтылған көзқарас қылмыстық жауапкершілікті зерттеу мәселесіне арналған зерттеулердің
дерлік барлығымен жоққа шығарылып отыр. Бұған себеп ретінде мынаны айтып кетуге болады, тіпті XX ғасырдың 80-жылдарының өзінде заң шығарушы қылмыстық жауапкершілік пен жазаны бөлек көрсетіп кеткен, осыған сәйкес қазір сот тәжірибесін жүзеге асыру кезінде бұл екі институттардың айырмашылығы қатаң түрде сақталады [13, 24-25 б. ] .
Дегенмен барлық әкімшілік құқықтың зерттеушілері бұл ережеге қосылмайды. Оған дәлел А. П. Алехин, А. А. Кармолицкий, Ю. М. Козловтың бұл туралы ортақ ойға келуі, яғни «әкімшілік жауапкершілік - уәкілетті органмен немесе лауазымды тұлғамен құқық бұзушылық жасаған тұлғаға қатысты әкімшілік шараны (жазаны) қолдануда көрінетін құқықтық жауапкершіліктің бір түрі. Әкімшілік жауапкершілік құқықтық жауапкершілікке тән жалпы белгілерді иеленеді» деген [14, 269-270 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz