Қазақстан — лагерьлер өлкесі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан - лагерьлер өлкесі. 30-жылдардың өзінде-ақ жазықсыз жазаланған, саяси қудалаудың құрбаны болғандарды қоғамнан бөліп ұстау үшін Қазақстан лагерьлер өлкесіне айналдырылған еді. Олардың ең үлкені Қарағаңды лагерьлер жүйесі (Қарлаг) болды. Екішні дүние-жүзілік соғыс қарсаңында және соғыс жылдары Қазкқстанға көптеген халықтар күшпен көшіріліп келгені (департация) белгілі. Олардың қатарында кәрістер, немістер, поляктар, қалмақтар, карашайлар, балқарлар, шешендер, ингуштар, месхеті түріктері, қырым татарлары, гректер, курдтар, литвандар, эстондар болды. Қазақстанға арнайы жер аударылғандардың ішінде орыстар да аз болған жоқ. Өздерінің атақоныстарынан зорлап көшірілген халықтар Қазақстанмен қатар, Орта Азия республикаларына (Өзбекстан, Қырғызстан), Батыс және Шығыс Сібір өңіріне орналастырылған болатын. КСРО Мемлекеттік кауіпсіздік комиссариатьшың III басқармасының 1946 жылғы қазан айындағы мәліметтері бойынша, күштеп жер аударылған адамдар саны 2463940, олардың ішінде 665674 еркек, 829084 әйел болды. Олар ауыр қасіретті бастан кешті. Бұлардың соңынан ұлы жеңіске өздерінің қомақты үлесін қосып елге оралған жауынгерлер күштеп жер аударылды. Жүз мыңдаған отбасы мүшелері бір-бірінен көз жазып қалды, олардың кейбіреулері балашағасьшан мәнгілікке айрылды.

Қазақ халқы сталиндік зорлық-зомбылықтың құрбаны болған халықтарға қолынан келген көмегін аяған жоқ. Оларға өздерінің отбасынан орын беріп, бір үзім нанын бөлісіп жеді, жаңа жағдай, бетен ортаға тез үйренісіп кетулеріне жәрдемдесті. Сол арқылы қазақ халқы өзінің ұлттық, адамгершілік, интернационалистік қасиеттерін іс жүзінде танытты.

Соғыстан кейінгі он жылдан астам уақыт бойы қазақтың кең сахарасының айтарлықтай бөлігі лагерьлер өлкесі болып қала берді. ОГПУ-дің, НКВД-нің "үштіктері" ("тройка") ешбір жазықсыз соттаған "халық жаулары" мың-мыңдап Қарлаг пен Степлагта, сонымен қатар Алжир атанған (Акмолинский лагерь жен изменников родины - халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагері) тозаққа айналдырылған аймақтарында қасірет тартты. Мәселен, бір гана Алжир лагерінде М. Тухачевскийдің анасы мен қарындасы, Гамарниктің үй іші, Т. Рысқұловтың әйелі мен қызы, Т. Жүргеновтың әйелі, С. Қожановтың әйелі, т. б. көптеген аналар азап шекті.

Соғыстан кейінгі жылдарда республика экономикасын қайта құру. Кеңес Одағының экономикасы соғыстан айтарлықтай әлсіреп шықты. Соғыс жылдарыңда 1710 қала және 70 мыңдай ауыл қирады. 25 млн. адам баспанасыз қалды. Тек қана Беларусьта 300 мың отбасы, ал бүкіл ел бойынша 2 млн. адам жүпыны жер үйлерде түруға мәжбүр болды. 32 мыңнан астам енеркәсіп орындары мен 100 мыңнан астам ауылшаруашылық кәсіпорындары орасан зиян шекті, олардың бір бөлігі түгелдей жойылды. Сталинград (қазіргі Волгоград), Киев, Минск сияқтьг қалалардың айтарлықтай бөлігі талқандалды. Экономика саласывдағы қиыншылықтар жұмыс қолы жетпегендіктен, одан әрі ауырлай түсті. Соғыс жылдарында Кенес Одағы өзінің 27 млнға жуық азаматтарынан айрылғаны белгілі. Өңдірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толтыру мақсатында КСРО үкіметі Кеңес Армиясы қатарынан сан мыңдаған адамдарды босатты. Армия қатарынан бірінші босату (демобилизация) 1945 жылдың шілде-қыркүйегінде жүзеге асырылды. Армия қатарынан бірінші кезекте жасы ұлғайған жауынгерлер және халық шаруашылығы мен мәдениетті қалпына келтіруге аса кажет инженер, мүғалім, агроном, механизатор сияқты мамаңдық иелері босатылды. 1945-1948 жылдарда армия 8, 5 млн. адамға қысқарды.

КСРО экономикасы бейбітшілік жағдайға сәйкес қайта құрыла бастады. Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған көптеген өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін кайта құрылды. КСРО-ның соғыста қираған экономикасын қалпына келтіру аса күрделі халықаралық және ішкі жағдайда жүргізілді. КСРО-ның және оның одақтастары АҚШ-тың, Англияның, тағы басқа мемлекеттердің фашистік Германияны жеңуі антигитлерлік коалицияның беделін айтарлықтай нығайтты. Фашистік Германияның, одан кейін милитаристік Жапонияның жеңіліске ұшырауы нәтижесінде Албания, Болгария, Чехословакия, Польша, Қытай сияқты елдерде екімет басына коммунистік бағдардағы партиялар келді. Отар және тәуелді елдерде ұлт-азаттық қозғалысы кең өріс алды, жұмысшы қозғалысы да қарқынды дамыды.

Кеңес Одағы Біріккен Ұлттар Ұйымын (БҰҰ) құрушылардың бірі болды және оның жұмысына белсене араласты. Осыған қарамастан, соғыстан кейінгі кезеңде әр түрлі әлеуметтік бағытта дамыған мемлекеттердің езара қатынастары шиеленісте болды. Әсіресе кешегі антигитлерлік коалицияда одақтас болған ірі мемлекеттер АҚШ пен КСРО арасындағы қарым-қатынас қиындай түсті. Бұл шиеленістің басты себептері олардың мемлекеттік құрылыстарының әркелкілігі мен соғыстан кейін жүргізілген саясаттарының кереғарлығы еді. Сталиндік басшылық бүрынғысынша КСРО жаулық пиғылдағы капиталистік қоршауда қалып отыр деп есептеді. Басқа мемлекеттерге деген бұл көзқарас елдің қыруар қаражатын әскери-өнеркәсіптік кешенді жетілдіру мақсаттарына жұмсауға мәжбүр етті.

Соғыс қажеттерін өтеп келген Қазақстанның кептеген зауыттары енді бейбіт тұрмыс өнімдерін шығаруға көшті. Бұған бір мысал ретінде Актөбе рентген аппаратураларын жасайтын зауытты айтуға болады.

Соғыс зардаптары Қазақстан үшін де жеңіл болған жоқ. Зауыттар мен фабрикаларда, сол сияқты ауыл шаруашылығында жұмыс колдары жетіспеді. Оның кептеген себептері болды: соғыс кезінде Қазақстанға көшіріліп альгп келінген кептеген мамандар өздерінің туған өңірлеріне кайтты, жүз мындаған қазақстаңдықтар майдан шебінде окка ұшты, ал тірі қалғавдардың бірқатары республикаға қайтпады. Соғыстан кейінгі Қазақстандағы демократиялық жағдайға 30-жылдардың басында күштеп ұжымдастыруға байланысты қазақ шаруаларының жаппай аштықтан қырылуы мен ата-мекендерін тастап, басқа елдерге ауа кешуінін салдары катты әсер етті. Мұның үстіне зауыттар мен фабрикаларда еңбек еткен жұмысшылардың кәсіби даярлығы төмен болды. Жұмыс қолдарының жетіспеуін жою, жұмысшы табының қатарын маман кадрлармен толықтыру мақсатында республикада еңбек резервтерінің мектептері мен училищелері көптеп құрыла бастады. Әскер қатарынан қайтқандар есебінен де жұмысшылар мен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің қатары айтарлықтай толықты.

Кеңес Одағының басқа республикалары сияқты, Қазақстан да фашистік оккупациядан зиян шеккен аудандарға мүмкін болған көмектің бәрін көрсетті. Республикада азык-түлік керуендері жасақталып, олар Ресей мен Украинаның жау езгісінен зардап шеккен аудандарына жөнелтілді. Қазақстандықтар Сталинградты, Ленинградты және соғыстың ауыр зардаптарын шеккен Солтүстік Кавказдың көптеген шаруашылықтарын қалпына келтіруге қомақты үлес косты. Бір ғана 1945 жылы Украинаға 500 трактор мен басқа да ауыл шаруашылық машиналары, 140 паровоз жөнелтіліп, ауыл шаруашылығының жүздеген мамандары жіберілді. Фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға жеңілдетілген бағамен млннан астам ірі қара, жылқы, қой сатылды. Сонымен бірге кен келемде тегін көмек те керсетілді. Мәселен, Қазакстан колхоздары басқыншылар езгісінде болған аудандарға 17, 5 мың ірі қараны, 22 мыңдай жылкыны және 350 мың бас қойды тегін берді.

1946 жылғы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінін бірінші сессиясы 1946 -1950 жылдар аралығын қамтитын халық шаруашылығын қалпына келтіру мен дамытуға арналған бесжылдық туралы Заң қабылдады. Бұл жоспарда Қазаксганның халык шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға үлкен мән берілді. Ауыр өнеркәсіптің дамуына, жана темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дакылдарының өнімін арттыруға айтарлықтай қаржы бөлінді.

Соғыстан кейінгі жаппай бейбіт құрылысқа кешу, тұрмыстың жақсаруына деген сенім төртінші бесжылдықты орындау барысында республика тұрғындарының енбек өрлеуін туғызды. Зауыттар, өнеркәсіп орындары мен оіщіріс салалары арасында социалистік жарыс өрістеді. Қарағанды көмір алабының шахтерлері елеулі табыстарға жетті. Бұл жылдары озық еңбек әдістерін насихаттау, тәжірибе алмасу, озат еңбеккерлерді наградтау кең құлаш жайды. Жоспарларды орындау барысы, жоғары табыстарға қол жеткізу жолдары партия жиналыстарында жиі-жиі талқыланып, тиісті корытындылар жасалып отырды. Кез келген кемшілік, сол сияқты қол жеткен табыстар қызу таіқылаудың тақырыбына айналды. Адамдар келешегіне және Коммунистік партияға үлкен сеніммен қарады.

Еңбекшілер кауымының қажырлы қайрат керсетуінін нәтижесінде 1946-1951 жылдары республикада болат прокатын, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Бесжылдық жшщарында қара металлургия қарышты қадаммен дамыды. Теміртаудағы металлургия зауытында үй прокат станы мен екі мартен пеші, Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында кәсіпорынның үшінші кезегі іске қосылды. 1947 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы мырышын берді. Екібастұз алабында көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Балқаш мыс қорыту зауытының қуатын арттыру жөніндегі жұмыстар жалғастырылды. Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері қатарға қосыла бастады. Мәселен, Қаратон, Мұнайлы және басқа кәсіпорындарының өнім беруінің нәтижесівде 1950 жылы мұнай өндіру соғысқа дейінгімен салыстырғаңда 52 процентке артты.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семейдегі илеу-сығынды зауыты, Қызылорда "Комсомолка" тігін фабрикасы өнім бере бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері зауыттарының құрылысы аяқталды. 50-жылдардың басына қарай республикада 65 кәсіпорын болды. Осы жылдарда Қазақстаңда оның қуатты индустриялық негізі жасалды. Ерекше көзге түскен жұмысшылар жоғары еңбек наградаларына ие болды. Атақты кеншілер I. Күзембаев, Ж. Әбдірахманов, П. Акулов, т. б. Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болды.

Қазақстан өнеркәсібінің дамуы көлік жүйесінің кеңейе түсуше ықпал етті. 1950 жылы ұзындығы 483 км Мойынты-Щу темір жол төсемін салу аяқталды. Солтүстіктен оңтүстікке қарай Трансқазақстан магистралінің төсемін салу жұмыстары жүргізілді. Жамбыл - Шолақтау темір жолымен пойыздар жүре бастады.

Осы жылдары барлық аудан орталықтары телефондандырылды: совхоздардың, ауылдык және селолық кеңестердің көпшілігі аудан орталықтарымен телефон байланысына ие болды. 1949 жыддың кектеміне карай Алматыда елдің 56 қалаларымен байланыстыратын автоматтық станция қызмет істей бастады, радиокабылдау және хабар беру, радио жүйесі 40-жылдармен салыстырғанда екі есе артты.

Республиканың экономикалық өмірііздегі өзгерістер мамаңданған жұмысшылар қатарының өсуіне ықпал етті. Егер 1945 жылы халық шаруашылығындағы жұмысшылар мен қызметкердің саны 1044 мың, олардың ішівде өнеркәсіпте еңбек ететіндер 304 мың болса, 1950 жылы олардын жалпы саны 1403, 3 мың, ал өнеркәсіптегілер 366 мың адам болды. Жоғары мамандығы бар жұмысшылардың негізгі бөлігі қалалар мен ірі кәсіпорындарында шоғырлаады. Қаражаттың басым көпшілігі ауыр өндірісті дамытуға жұмсалуы, осыған байланысты ауыл село тұрғындарының калаларға толассыз келуі әлеуметтік саясат пен халықтың әлауқат дәрежесіне кері әсерін тигізбей қалған жоқ, Тұрғын үй құрылысының қарқыны өмір талаптарынан кейін калғандықтан, еңбекшілердің айтарлықтай бөлігі баспанасыз болды, немесе жатақханаларда қысылып-қымтырылып өмір кешті. Вагондар мен шатырларда тұратын жұмысшылар саны да аз болмады. Тұрғын үй жағдайларының ауырлығы, тұрмысқа қажетті заттардың, азық-түліктің жеткіліксіздігі аз болғаңдай жұмысшылар мерзімінен тыс жұмыстарға тартылды, олар демалыс күндерінде де еңбек етуге мәжбүр болды.

Ауыл шаруашылығы. Соғыстан кейінгі алғашқы жыл ауыл шаруашылығы үшін аса ауыр болды. Жұмыс қолдарының жетіспеуі, соғыс жылдарында ауылшаруашылық машиналарының істен шығуы, жаңа техникамен қамтамасыз етудің мардымсыздығы ауыл шаруашылығындағы басқарудың әкімшілдік, күштеу әдістері, экономикалық заңдармен есептеспеу ауыл шаруашылығын дамыту жолындағы киын кедергі болды. Жер өңдеу мәдениеті төмен жағдайда қала берді, қоғамдық мал шаруашылығы баяу дамыды.

Министрлер Кеңесі мен БК(б) П Орталық Комитеті ауыл шаруашылығында орта алған ауыр жағдайдың себептеріне талдау жасай келіп, 1946 жылғы кыркүйектін, 16-сында қабылдаған қаулысында колхоздар мен совхоздарға байланысты бұрын жіберілген қателіктерді жоюды шаруашылық және партия органдарына міңдеттеді. Осы қаулыны орындау барысында 1949 жылдың басына қарай Қазақстанның колхоздарына әр түрлі ұйымдардың 214 млн. сом мөлшеріндегі карызы, көптеген мал басы, техника, заңсыз алынған 540 мың гектар жер қайтарылып, әкімшілік-шаруашылық басқару аппараты айтарлықтай қысқарды. Ауыл шаруашылығын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді күрт жақсарту үшін мемлекет қосымша қаражаттар бөлді. Ауыл шаруашылығы үшін кадрлар дайындау жүйесі женге қойыла бастады. Колхоздар мен совхоздарға қызмет ететін машинатрактор станцияларын (МТС) жаңа техникамен қамтамасыз ету біршама жақсарды. Техникалық қуаты күшейген МТС-тер төртінші бесжылдықтын соңына қарай республика колхоздарыньщ 95 процентіне қызмет етті. Бұл көрсеткіш 1946 жылы (бесжылдықтың басында) 76 процентке тен болатын.

Осыған карамастан, үкімет тарапынан жүзеге асырылған шаралар күткен үмітті ақтамады. Мұндай жағдайда өнім өндіруді арттыру мақсатымен ұсақ колхоздар біріктіріліп, олардың орнына ірі ұжымдық шаруашылыктар құру жүзеге асырылды. Колхоздарды ірілендіру шапшаң қарқынмен жаппай жүргізілді. Осының нәтижесінде республикада колхоздар саны азайды: 1945 жылы Қазақстанда 6737 колхоз болса, 1952 жылы олардың саны 2047-ге қыскарды.

Қабылданған шаралар ауыл шаруашылығындағы жағдайды біршама жақсартты. МТС-тарда шоғырланған техника бұрынғыға қарағанда тиімді пайдаланылатын болды, басқару аппараты қысқарды. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жоспарының артық орындалғаны үшін қосымша ақы төленетін болды. Малдың жалпы саны өсті. Бесжылдықта суарылмалы жер көлемі 16 процентке артты.

Республика ауыл шаруашылығы, бүкіл КСРО-дағы сияқты, халықтың азық-түлікке деген мұқтажын өнеркәсіптің шикізатқа деген сұранысын қанағаттандыра алмады. Ауыл шаруашылығының артта қалуының басты себебі де сол кезде орын алған экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне тікелей байланысты болды. Жергілікті жағдайлармен есептеспей, жоғарыдан жоспарлау, аппарат тарапынан бұйрық беру, "әскери коммунизм" кезеңінің азық-түлік салымы саясатын жалғастыру еңбекшіні өндіріс құралдарынан, еңбек өнімінің нәтижесінен шеттетті. Мұның үстіне колхозшыларда төлқұжат (паспорт) болмады, олардың есебі селолық кеңестердегі тізімдер арқылы ғана жүргізілді. Мұның өзі колхозшылардың өз еркімен мекен-жайын өзгертуіне мүмкіндік бермеді, олар заң жүзінде колхоздарға телінді, ал олардың еңбегі басыбайлылық сипатта болды.

Осындай қиыншылықтар, орын алған қателіктер мен асыра сілтеушілік ауыл еңбеккерлеріне қаншама ауыртпалықтар артқанына қарамастан, олар мүмкіндіктерінше елді асыраумен болды.

Еңбекшілердіқ тұрмыс жағдайының өзгеруі. Соғыс зардаптары өмірдің барлық саласын күйзелткен еді. 40-жылдардың екінші жартысы мен 50 -жылдардың басы КСРО азаматтарының басым көпшілігі үшін аса ауыр кезең болды. Осыған қарамастан, аға ұрпақ өкілдері арасында сол уақытты ризашылық сезіммен еске алып, тіпті, оны "алтын ғасыр" деп атаушылар да табылады.

Шындығында да, 1947 жылғы желтоқсанда карточка жүйесі және еңбекшілерді азық-түлік және өнеркәсіп өнімдерімен елшеулі қамтамасыз ету жойылды. Сол жылы ақша реформасы жүзеге асырылды. Негізгі өнімдердің, нан және наннан жасалған өнімдердің, еттін, өнеркәсіп өнімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар бағасы да темендеді. Тертінші бесжылдықта жалпы алғанда баға үш рет арзавдатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшілердің жалақысы да өсті.

Екінші дүниежүзілік соғыстың мүгедектеріне, соғыста өлгендердің отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді, Жасы ұлғайғандарға, асыраушысының қаза болуына байланысты және уақытша еңбекке жарамай қалғандарға зейнетақы тағайындалды. Көп балалы және жалғыз басты аналар жәрдем алып түрды. Шипажайлар мен демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне айтарлықтай жеңілдіктермен жолдамалар берілді. Осы жылдары кезектен тыс жұмыс істеуге тыйым салынды, ақылы демалыс алу калпына келтірілді.

Мемлекеттік күрделі қаражат пен кооперативтік кәсіпорындардың және баска ұйымдардың есебінен халық үшін тұрғын үйлер салу өрістеді.

Алайда кеңес адамдарын "әлеуметтік қорғаудың жоғарғы дәрежесі" туралы сол кездегі пайымдаулар мен олардың өмірлік талап-тілектерін қамтамасыз ету жөніндегі мысалдар көп жағдайда қисық айна сияқты еді. Мәселен, карточкалық жүйені жоюдың алдывда жеке сауда бағасының реформасы жүргізілді, ал олардың жалпы деңгейі 1940 жылмен салыстырғанда үш есе жоғары болды. Жұмысшылар мен қызметкерлердің айлық жалақысы бір жарым есе ғана өсіп, 1950 жылы 64 сомға тең болды. Ал мұның өзі еңбекшілердің сатып алу мүмкіндігін төмендетті. Мұның үстіне сол кезде жаппай орын алған "ерікті түрде" бір айлық жалақы көлемінде әр еңбеккердің мемлекеттік заемдарға жазылуға міндетті болғанын ескерсек, олардың қағанағы қарык, сағанағы сарық бола қоймағанын түсіну қиын емес. Сондықтан да олардың дүкен сөресінде бар затты керегінше сатып алуға мүмкіндіктері болған жоқ.

Әуел бастан негізсіз жасалған, соған қарамастан насихат кеңінен пайдаланған арзаңдату саясаты халықтың басым көпшілігі тұратын ауыл есебінен жүргізілді. Мәселен, 50-жылдардың басында колхозшы орта есеппен айына 16, 4 сом, немесе жұмысшы мен қызметкердің өз еңбектері үшін алатын жалақысьшан терт есе кем алды. Үкімет жүргізген азық-түлік саясаты да ауыл еңбеккерлерінің әл-ауқатын көтеруге қызмет етпеді, өйткені ауылшаруашылық өнімдерін мемлекет ете арзан бағалармен сатып алып отырды. "Алтын ғасыр" туралы, соғыстан кейінгі жылдардағы жеке сауда бағаларын арзандату жөніңдегі шындык міне, осындай. Кеңес тарихшылары 1946 жылы КСРО-ның көптеген аудандарын аштық жайлағанын жасырып келді. Нан, ет өнімдері, сүт жетіспеді, халық арасында аштық салдарынан өлу фактілері орын алды.

Мәдениеттің дамуы. Соғыстан кейінгі жылдарда да, одан бүрынғыдай, Қазақстанның мәдени өмірі "БК(б) П тарихының қыскаша курсында" анықталған мәдениеттін рөлі туралы қасаң қағидаға негізделген идеологиялық қыспақта болды.

Осы қағйда бойынша, мәдени құрылыс мәдени қызметтің әр түрлерінің - мектеп құрылысын дамытудың, жоғары оқу орындары санын өсірудің, мәдени ағарту жұмыстарын жүргізудің, т. с. с. жай жиынтығы ретінде түсіндірілді. Сонымен бірге ең басты мәселе мәдениеттің саясатпен байланысы екендігі баса көрсетілді. Мұндай байланыстың болуы социализмнің жеңілмейтіндігінің басты кепілдіктерінің бірі деп есептелді.

Осыған қарамастан, өсіп отырған халық шаруашылығы жоғары мамандығы бар, жан-жақты дайындалған кадрларды талап етті. Осы мәселені шешу мақсатында БК(б) П Орталық Комитеті мен Кеңес өкіметі 1947 жылы карашада "Қазақ КСР-інде жоғары және орта білімді бұрынғыдан әрі жетілдіру шаралары туралы" қаулы қабылдады. Қаулыға сәйкес республикаға мектеп пен басқа да оқу орыңдарының құрылысына және олардың материалдық-техникалық негізін жақсартуға қосымша каражат бөлініп, Қазакстанға маман кадрлар жіберілді. Негізгі халық жастарынан орталықтағы жоғары оқу орындарына алынатындардың саны көбейтілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде қысқа мерзімде Қазақстанның халық шаруашылығы үшін 60 мыңнан астам жоғары және арнаулы орта білімі бар мамандар дайындалды.

Мемлекет мектептерде білім алуды жетілдіру үшін қаражатты көп бөлетін болды. Егер 1946 жылы осы мақсатқа 85, 6 млн. жұмсалса, 1950 жылы 146, 5 млн. сом жұмсалды. Адамдар аз мекендеген аудандарда интернаттар жүйесі калыптасты. 1953 жылы оларда 40 мыңға жуық бала оқып, білім алды. 50-жылдарда республика үкіметі міндетті түрде білім алуға көшті, ал облыс орталықтары мен ірі өнеркәсіпті қалаларда онжылдық білім алуға бағытталған шараларды жүзеге асырды.

1950 жылы республикада 1 млн. 493 мың оқушыны қамтитын жалпы білім беретін 9088 мектеп жұмыс істеді. Қажет болуына қарай кешкі және сырттай оқитын мектептер ашылып жатты. Осыған қарамастан оку орындарында, мектептерде оку оқитын бөлмелер мен оқулықтар жетіспеді, ал кей жерлерде оқушылар саны аз болды.

Әдебиет те даму жағдайында болды. 1947 жылы Мұхтар Әуезов өзінің "Абай" атты романэпопеясының екінші кітабын аяқтады. 1949 жылы "Абай"- романының алғашқы екі кітабы үшін М. Әуезовке КСРО-ның бірінші дәрежелі Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Замавдастардың киыншылыктары мен қуаныштары С. Мүқановтың "Сырдария", Ғ. Мүстафиннің "Миллионер", М. Иманжановтың "Алғашқы айлар" ромавдарында, И. Шуховтың, Н. Ановтың прозалық шығармаларывда, А. Тоқмағамбетовтың, Т. Жароковтың, Ғ. Ормановтың, Ә. Тәжібаевтың, Қ. Бекхожиннің, т. б. өлен-жырларында көркемдік бейнесін тапты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасіретті жылдар. Қазақстан - лагерьлер өлкесі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік - саяси дамуы
Голощекин және оның сойылын соғушылар
КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫ, ХАЛЫҚТАР ДЕПОРТАЦИЯСЫ
Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру қызметі
Кеңес Одағында тоталитарлық жүйенің қалыптасуы
Саяси репрессия, басталуы және себептері
Германияға қарсы
Инвестиция және қазіргі таңдағы оның жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz