Linux операциялық жүйесінің функциялары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1 Linux.пен танысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Linux.тің таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.3 Жүйе дистрибутивтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

2 Linux жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.1 Көпқолданбалы операциялық жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.2 Көптапсырмалы операциялық жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

3 Ядро. Ядро туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
3.1 Ядроны конфигурациялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
3.2 BSD . жүйесіндегі ядроның құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
3.3 Жүйенің аппараттық құрамының құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
4 Linux ядросы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
4.1 Жүктемелі модуль ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

5 Ядроның функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
5.1 Операциялық жүйедегі басқарылатын объектілер ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
5.2 Ядроны баптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
5.3 Linux жүйесінің конфигурациялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
5.4 Файлдық жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Linux операциялық жүйесі көптеген жерлерде, яғни ұжымдық мекемелер мен ғимараттарында оқуда тегін және өте қарапайым OS Unix альтернативінде кең таралды.
Бүгінгі барлық операциялық жүйелердің жақсы қасиеттерін Linux өзінде қамтып тұр. Оны OS/2 операциялық жүйе сияқты жеңіл қондыруға болады. Оның графиктік интерфейсі WindowsXP-мен пара-пар және желінің жасалу мүмкіндігі WindowsNT-дан жоғары, ал көпқолданбалы жұмыс тәртібі Unix принципі арқылы жасалған.
OS Linux-тің болашағы жоқ деп айтылуда. Бірақ бұл операциялық жүйенің он бір жылдық тарихы бізге керісінше ойлануға кепілдік береді.
Бұл жұмыстың мақсаты Linux-тің мүмкіндіктері мен жұмыс ережелерімен танысу болып табылады. Бөлімдерде операциялық жүйенің жалпы мағлұматтары және оны дербес компьютерде қондырудың процесі келтіріледі. Сонымен бірге операциялық жүйеде графиктік және мәтіндік режимдермен жұмыс істеуге болатыны көрсетіледі. Және де кейбір администраторлау мағлұматтары мен OS-тің жан-жақты қамтылуы беріледі.
Linux – те инструменттердің жинағы қамтамассыздандырылған, осы инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP – серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады.
1. Ч. Рассел “Unix и Linux”: книга переводов. СПБ, Питер, 1999-296с.

2.С. Ивановский “Операционная система Linux”. Позновательная книга плюс, Москва, 2000 – 511с.

3. У.Девис. “Операционные системы”. Москва, “Мир”,1980ж.

4. Гардеев А.В., Молчанов А.Ю. “Системное программное обеспечение”. С-Петербург, “Питер”, 2001ж.
5. Р. Петерсен “Linux” 2000. Руководство по операционной системе, Киев, 1997 – 687с.

6. К. Петцке “Linux от понимания к применению”. ДМК, Москва, 2000 – 572с.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қолданбалы информатика кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Linux операциялық жүйесінің функциялары

Оқытушы:Скакова А.

Студент:

Мамандығы: ЕТ және БЖ
Тобы: 205

Алматы 2007ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1 Linux-пен
танысу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...4
1.2 Linux-тің
таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 5
1.3 Жүйе
дистрибутивтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 6

2 Linux
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...7

2.1 Көпқолданбалы операциялық
жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

2.2 Көптапсырмалы операциялық
жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

3 Ядро. Ядро туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .9
3.1 Ядроны
конфигурациялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 10
3.2 BSD – жүйесіндегі ядроның
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
3.3 Жүйенің аппараттық құрамының
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

4 Linux
ядросы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 13
4.1 Жүктемелі
модуль ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 14

5 Ядроның
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 15

5.1 Операциялық жүйедегі басқарылатын
объектілер ... ... ... ... ... ... . ... ... .16

5.2 Ядроны
баптау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..17
5.3 Linux жүйесінің
конфигурациялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1
8

5.4 Файлдық
жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..21

Кіріспе

Linux операциялық жүйесі көптеген жерлерде, яғни ұжымдық мекемелер мен
ғимараттарында оқуда тегін және өте қарапайым OS Unix альтернативінде кең
таралды.

Бүгінгі барлық операциялық жүйелердің жақсы қасиеттерін Linux өзінде
қамтып тұр. Оны OS2 операциялық жүйе сияқты жеңіл қондыруға болады. Оның
графиктік интерфейсі WindowsXP-мен пара-пар және желінің жасалу мүмкіндігі
WindowsNT-дан жоғары, ал көпқолданбалы жұмыс тәртібі Unix принципі арқылы
жасалған.

OS Linux-тің болашағы жоқ деп айтылуда. Бірақ бұл операциялық жүйенің
он бір жылдық тарихы бізге керісінше ойлануға кепілдік береді.

Бұл жұмыстың мақсаты Linux-тің мүмкіндіктері мен жұмыс ережелерімен
танысу болып табылады. Бөлімдерде операциялық жүйенің жалпы мағлұматтары
және оны дербес компьютерде қондырудың процесі келтіріледі. Сонымен бірге
операциялық жүйеде графиктік және мәтіндік режимдермен жұмыс істеуге
болатыны көрсетіледі. Және де кейбір администраторлау мағлұматтары мен OS-
тің жан-жақты қамтылуы беріледі.

Linux – те инструменттердің жинағы қамтамассыздандырылған, осы
инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды,
WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де
компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux
жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып
табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі
интернет тораптарын және FTP – серверлерін құруға рұқсат береді. Осының
арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің
достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла
алады.

1 Linux операциялық жүйесімен танысу

Linux – Unix операциялық жүйесінің толық функционалды нұсқасы. Бұл
операциялық жүйеге, Unix операциялық жүйесінің ең қуатты мүмкіндіктері
кіргізілген, және де Linux – ке Unix операциялық жүйесінің қазіргі кездегі
қолданбалары қосылған. Бұл қолданбалар GNU тізбегімен таралып өзіне кәсіби
деңгейдегі қолданбаларды кіргізеді. Linux – те инструменттердің жинағы
қамтамассыздандырылған, осы инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке
қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды, WEB парақтарыңызды,
презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де компьютерлік
графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды
компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып табылады. Интернетте
жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және
FTP – серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар
(мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux
жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады.
Linux-тің бірінші түрі шыққаннан кейін екі айдан соң Линус
Торвальдс жаңа оперциялық жүйені таратты және басқаларды Linux-ті дамыту
жұмысына шақырды. Сондықтан Linux операциялық жүйесі бүгінгі күнде
көптеген жер шарының программистерімен дамытылуда және олардың жемісі
көптеген Интернет сайттарында жазылған. Осы топтың басқарушысы әлі күнге
дейін Линус Торвальдс болып саналады.

Linux Unix-тің жеңілдетілген түрінің қорында орналасқан, ол Minix
деп аталады. Алғашынан бастап Linux тез бейімделген, кіші және арзан
операциялық жүйе ретінде жасалады.

Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері:

• Толық көпқолданбалы операциялық жүйе. Ол бір мезгілде бірнеше жұмыстарды
орындауда компьютердің барлық ақпараттық ресурстарын қолданады.
• Виртуалдық жадының жәрдемі. Linux қатты дискінің бөлімін виртуалдық жады
ретінде пайдалана алады. Операциондық жадыда активті процестерді сақтайды
және дискіге програманың аз қолданылатын бөлімдерін кіргізеді. Жүйенің
барлық жадысы қолданылады (виртуалдық және операциялық), Linux үшін
бағдарламалармен дискінің жалпы жадысы сипатталады.
• Операциялық жүйенің графиктік ортасы. XWindow – бұл стандартты интерфейс,
ол Unix-те графиктік мүмкіндіктерді орындайды.
• Linux барлық қолданбалы тор хаттамаларын, сонымен бірге Интернет-
хаттамасы TCPIP, желілік хаттамалары SMB* және Novell, Nis ақпараттық
хаттамалары, NFS, WINS және т.б. желілік файлдық жүйенің хаттамаларына
жәрдемдеседі.*

• Кітапхана байлығы. Әрбір жұмыстағы қайталанатын
процедураларды сақтаудың орнына жүйе стандартты кітапхана
жиынын береді. Олар қажет уақытта бағдарламаларға қосылады.

• SysV, BSP және IEEE POSIX 1 стандарттарына ұқсас болуы. Linux көбінесе
стандарттарды қолданады.

• Операциялық жүйенің ашық мәтіні. Linux AT&T* сияқты саудалық
дамытылуларын пайдаланбайды. Сондықтан әрбір адам өзінің OS модулін
жазуға мүмкіндік алады.

• Басқа операциялық жүйелерге қарағанда өте арзан.

• Вирустарға толық қарсы тұруы. Қазіргі уақытта Linux-ке арналған он вирус
қана белгілі. Олардың ешқайсысы операциялық жүйеге зиян келтіре алмайды.

2. Linux-тің таралуы

“Linux тегін” – бұл Linux-тің әрбір түрі мен дистрибутивтерін
таратушылардың негізгі постулаты. Linux GNU GPL лицензиялық
сәйкестенушілікке байланысты таралады. Бұл мазмұнды және көлемді құжатты
қысқаша былайша беруге болады:

• Жүйе тегін таралады.
• Операциялық жүйе жиынын және оған кіретін мағлұматтарды сатуға
дайындалғаны үшін сатушының кез келген баға қоюға құқығы бар.
• Лицензияда көрсетілген сатып алушының құқықтарына сатушының қарсы құқысы
жоқ.

Соңғы бөлімше ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Дистрибутив
құраушысы және сатушы сатып алушыға дистрибутивті пайдалану құқығын
береді, сатып алушының оны көбейтуге және тегін таратуға мүмкіндігі бар.
Бірақ Linux тегін деп те айтуға болмайды: сатып алушы сатушыға оның
компакт-дискіге жазуға, қапталуы мен сатылу орнына әкелінуіне кеткен
қаражатты төлейді.

Бұл бойынша Қазақстан Республикасында әрбір Linux дистрибутивінің
лицензиялық көшірме күнделікті 300-1500 теңге бағасымен сатылады.

Linux ұсынатын жабдықтардың әр түрлілігін ескере отырып, ол арзан
тұрмайды деп аңғаруға болады. Дегенмен ол бұлай емес! Linux ядросы мен оған
жазылған бағдарламалардың көп бөлігін Іnternet арқылы, негізінен көшірме
жасауға және таратуға ешбір шектеу қойылмаған, олар тегін таратылады.
Ең алдымен, Linux ядросы GNU GPL (General Public License жалпы
түрдегі қоғамдық лицензия) лицензиясы негізінде таралады. Бұл тегін
бағдарламалық қамтамалар фондымен (Ғrее Software Foundation) құрылған тегін
бағдарламалық қамтамаларды таратуға негізделген арнайы лицензия. GNU
лицензиясы бойынша бағдарламалық қамтаманы тегін немесе ақшалай GNU
лицензиясының шарттары орындалған жағдайда таратуға рұқсат етіледі.
GNU лицензиясының тағы бір маңызды ерекшелігі барлық бағдарламалық
қамтамалар бастапқы мәтіндерінің толық жиынымен таралуы қажет. Бастапқы
мәтіндерге қол жеткізбейтіндіктен өзгертулер енгізуге болмайтын саудалық
бағдарламалық қамтамалармен салыстырғанда, GNU бағдарламаларын
модификациялауға рұқсат етілумен қатар толық еркіндік беріледі.
Linux операциялық жүйесін және оған арналған бағдарламаларды құрудың
осындай тәсілінің сәтті болуы соншалық - оны Netscape компаниясы өзінің
Communicator бағдарламалар тобы үшін қабылдады.

3. Жүйе дистрибутивтері

Дистрибутив үшін құжаттар бөлек беріледі. Бірақ оған көптеген
ережелер, анықтамалық файлдар және HOWTO кіреді, сондықтан сауатты
қолданушы құжатты қажет етпейді.

Linux-ті мықты құрастырушылар: Red Hat Inc., және Mandrake S.A.
өздерінің нұсқаларын дистрибутивке енгізеді, бірақ бұл OS* жиынының
бағасының көтерілуіне әкеліп соғады.

Linux дистрибутивтері көптеген әр түрлі компаниялармен шығарылады.
Бүгінгі күні Linux-тің 90 түрі бар, бірақ олардың барлығы Unix
стандарттарымен ұқсас. Батыстағы Linux-тің негізгі құрастырушылары:

• Red Hat, Inc. – Red Hat Linux-тің үш түрін: Home, Standard және
Professional шығарады;
• Caldera, Inc. – Caldera Open Linux түрін шығарады;
• Debian Group – Linux Debian;
• Corel, Inc. – әмбебап саудаға қондырылуы ыңғайлы Corel Linux шығарады, ол
Linux Debian қорында сақталады;
• SUSE Group – S.U.S.E Linux-ті шығарады, әсіресе еуропалық тілдер үшін
локальданған.

Келесі дистирбутивтер ТМД территориясында өте танымал:

• “Процедура” қоғамынан Red Hat Linux. Бұл компания ТМД саудасы үшін
ыңғайлы бағамен сатылатын Red Hat дистрибутивтерінің көшірмелерін
шығарады.
• Ресей-француз “Mandrake S.A.” компаниясынан Mandrake Linux дистрибутиві.
Linux-тің бұл түрі жақсы орыстілдік локализациямен, көлемді құжаттарымен
және арзан бағамен танымал.
• Black Cat Group, BC Linux дистрибутивімен танымал. Бұл Red Hat
дистрибутивінің түрі, бірақ ол Украинаға ғана локальданған.

Техникалық аспектісінде бұл барлық дистрибутивтерінің айырмашылығы
өте бос қарастырылады (айырмашылықтар динамикалық кітапханаларда,
аудармаларда және қондырушы бағдарламалардың түрлерінде бар). Таңдаудың
негізгі критериі тек дистрибутивтің қателерінің, аударманың және бағаның
болмауы болып табылады.

2 Linux жүйесі

“Linux” терминінің мағынасы толығымен анықталмаған. Ең алдымен ол
ядроны, Linuх-тің кез келген версиясының жүрегі ретінде білдіріледі. Ал кең
ауқымдағы мағынасы — дистрибутив деп аталатын, осы ядрода орындалатын
бағдарламалар жиынтығы. Ядроның мақсаты – бағдарламалар, соның ішінде
базалық аппараттық бағдарламалар мен есептеулерді немесе бағдарламалардың
орындалуын басқаратын жүйелер сияқты бағдарламалар орындалатын базалық
ортаны қамтамасыз ету.
Нақтырақ айтсақ, белгілі бір уақыт мезетінде Linuх-тің тек бір ғана
ағымдағы түрі бар, ол — ағымдағы ядро түрі. Торвальдс Linuх әлемінде ядроны
өз иелігі ретінде белгілеп, күллі дүниедегі мыңдаған құрастырушыларға осы
ядро үшін қолданбалы бағдарламалар мен қызметтер құруға мүмкіндік берген.
Кез келген анықтамадан шыққанда Linuх операциялық жүйе болып табылады.
Linuх-ті басқа дербес компьютерлерге арналған операциялық жүйелерден
айыратын ядроның ерекшелігі сонда — бұл жүйе көптапсырмалы және
көпқолданбалы болып табылады.
Linux операциялық жүйесін түрлі бағдармаларды құру үшін пайдалануға
болады. Қазіргі кезде Linux-ке арналған мынадай бағдарламалық қамтамалар
бар:
DOS пен Windows-тің бағдарламалық қамтамалары. Linux-те орнықтылықтың
жоғары деңгейінде DOS бағдарламаларын орындауға болады. Windows-ке арналған
бағдарламаларды орындаудың да бірнеше әдістері бар.
XWindows қабықшасы. Бұл өте ыңғайлы, әрі көрнекті және оңай
конфигурацияланатын орта, ол сонымен қатар Linux көптеген жүйелерінде жұмыс
істейді. XWindows ортасында орындалатын көптеген бағдарламалар Linux-ті
қарапайым және ыңғайлы операциялық жүйеге түрлендіреді.
Мәтіндік редакторлар. WordPerfect, StartOffice және ApplixWare сияқты
коммерциялық мәтіндік редакторлардан басқа Linux-тің өзіне енген қуатты
мәтіндік файлдарды түзететін жабдықтары бар.
Бағдарламалау тілдері. Көптеген бағдарламалау мен бағдарлама дайындау
тілдері, т.б. Linux операциялық жүйелеріне арналған жабдықтары бар.
Бағдарламалау жабдықтарының мол болуы бағдарламаларды құрастыруды
жеңілдетеді.
Деректер қоймалары. Барлық Linux платформаларындағыдай Linux клиент-
сервер деректер қоймалары үшін берік негізді қамтамасыз етеді. Linux
әрқашан да mSQL және Postgre сияқты деректер қоймаларын қолдайды. Жүйенің
дамуы, әсіресе корпоративті ақпарат әлемінде, Linux-ке арналған саудалық
реляциондық деректер қоймаларының серверлер санын арттыра түсті. Бүгін
Linux үшін реляциондық деректер қоймалары Огасlе, Sybase, Informix сияқты
компаниялармен ұсынылады.
Іnternet жабдықтары. Linux белгілі Netscape Communication және Моsаіс
сияқты бағдарламаларды қолдаумен қатар өзінің де Іnternet-ке арналған
бағдарламалық қамтамалары бар. Оларға электронды поштаны оқитын мәтіндік
және графиктік бағдарламалар, Іnternet серверлерін (Web-серверлер,
электронды пошта мен жаңалықтар серверлері) құруға арналған толық
бағдарламалық қамтамалар жатады. Іnternet-ке жергілікті желі немесе модем
арқылы қосылуды толық қолдау қамтамасыз етілген.

2.1 Көпқолданбалы операциялық жүйе

Windows-тің барлық версиялары мен МасОS жүйелері бірқолданбалы (яғни
бір қолданушыға арналған) болып табылады. Windows NT кейбір қызметтері
көпқолданбалылық жайында сөз етуге себеп береді, бірақ әр уақыт мезетінде
жүйемен тек бір адам жұмыс істей алады. Жақын арада Windows NТ-ді
көпқолданбалы платформа негізінде жаңа Windows NT Terminal Server Edition
жүйесін құру әрекеті ұйымдасқан болатын.
Linux бір уақытта бірнеше қолданушының жұмысын қамтамасыз етеді, бұл
оның көпқолданбалылық артықшылықтарын түгелдей пайдалануға мүмкіндік
береді. Бұдан үлкен құндылық шықпақ: Linux-ті қосымшалар сервері ретінде
дамытуға болады. Қолданушылар терминалдан немесе өздерінің дербес
компьютерлерінен жергілікті желі арқылы Linux серверіне шығып, өз
компьютерінен емес, осы серверден бағдармаларды жүктей алады.

2.2 Көптапсырмалы операциялық жүйе

Көрқолданбалылықпен қатар Linux-тің көптапсырмалылық қасиеті бар.
Бір кездерде есептеу жүйелері Windows 3.1-ден Windows 95-ке ауысқанда,
жаңа жүйенің көптапсырмалылығы негізгі құндылығы болып саналды.
Жүйенің көптапсырмалылығы - оның бірнеше операцияларды (үрдістерді)
бір уақытта орындай алуы. Сонда жалғыз процессордан құралған компьютер
бірнеше операцияны параллель орындай алады. Әрине, шынын айтсақ процессор
бірнеше әрекетті бір уақытта орындай алмайды, көптапсырмалылық негізіне бір
әрекеттен екіншіге шапшаң ауысуы жатады.
Әрқашан да Uniх жүйелеріндегі көптапсырмалылық Windows
жүйелеріндегіден гөрі жоғары деңгейде болды. Linuх бірнеше әрекетті үлкен
корпоративтік серверлер мен қуатты жұмыс станциялары үшін ерекше тәсілмен
орындайды. Қазіргі күндері тек Windows 2000 мен Windows NT ғана дәл сондай
көптапсырмалылықты қамтамасыз ете алады. Бір кездерде керемет шу көтерген
Windows 95-тің өзі бір уақытта орындалатын әрекеттердің көп санын әрең
орындап үлгереді.
Linux жүйесі, Windows NT мен Windows 2000 сияқты, Реntium II екілік
жүйесі тәрізді көппроцессорлы компьютерлерді қолдайды. Бұл компьютерлер шын
мәнінде екі бір уақыттағы әрекетті орындайды. Көппроцессорлық
көптапсырмалылықпен бірге бір компьютерде орындалатын бір уақытта іске
асатын бағдарламалар санын айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік береді.

3 Ядро. Ядро туралы түсінік

ОЖ құрылымын қарастырайық. Тәжірибе жүзінде кез-келген ОЖ ядро ұғымына
ие. ОЖ ядросы – оның резидентті бөлігі болып табылады, ал жібе-ру үрдісіне
қатыспайды (үнемі жедел жадыда болады) және ОЖ режимінде жұмыс жасайды
немесе супервизор режимінде. ОЖ-де негізінен ядро құра-мына басқарудың
базалық құралы енгізілген және бірнеше физикалық құралдарды басқаруды
қамтамассыз ететін программалар жиынтығы енуі мүмкін. Ядроның негізгі
қызметіне көбінесе үзуді өңдеу кіреді. Біз програм-маларды кейде қорларды
басқарушы, құрылғылар драйверлері (физикалық және логикалық) деп атаймыз.
Мысалға, ОЖ ядросына жедел есте сақтау құрылғысының драйвері болуы қажет.

Ядро мәнмәтіні түсінігінде біріккен регистрлік мәнмәтін және жүйелік
мәнмәтін түсінігі берілген.Үрдіс іске қосылған жағдайда жүйе үрдіс
контекстінде орындалады. Егер жүйе ядросы басқа үрдісті іске қосуды жүзе-
ге асыру кезінде ол мәнмәтіннің аусып қосуын орындайды, себебі басқа үрдіс
өзінің мәнмәтінінде орындалу керек. Мәнмәтіннің қайта ауысу кезін-де
жүйе ядросы алдыңғы ақпаратты сақтайды, өйткені ол бірінші үрдіс
мәнмәтінінде қайта оралып оны аяқтауға мүмкіндік береді.
Үрдіс мәнмәтіні құрамында үрдіске бөлінген есептің мекен кеңістігі және
үрдістің құрамына кіретін аппараттық регистр және деректер ядросының
құрылымы болады. Пайдаланушы мәнмәтіні командалардан және үрдіс
деректерінен, есеп стегі және бірігіп қолданатын виртуалды үрдіс мекенінің
жады кеңістігінен тұрады.
Негізгі сәулеттік принциптері бойынша операциялық жүйені микроядро-лық
және монолиттіге бөлуге болады. Бір жағынан бұл бөлініс шартты түрде
көрсетілген. Мысал келтіретін болсақ микроядролық операциялық жүйеге QNX
негізгі уақыт операциялық жүйесін қатынастыруға болады. Ал моно-литті
операциялық жүйесі WIN 9598 немесе Linux операциялық жүйесі. Win
ядросын біз өзгерте алмаймыз , бізге оның алғашқы кодтары белгісіз және
бізде ядроны жинау үшін арналған программалар жоқ. Linux ОЖ-не біз керек
программалық модульдермен драйверларды қосып ядроны жинауы-мызға болады.
Есептеу жүйесінің қорларын басқару программалары ядроның айнала-сында
жетілдіріледі. Бірінші деңгей негізінен физикалық құрылғылардың
драйверлерінен тұрады. Келесі деңгей логикалық құрылғыларды басқару.
Осындай деңгейлер көп болуы мүмкін. Мысалы біздің сұлбада файлдарды басқару
драйверлері пайда болуы мүмкін, олар логикалық дискті басқару
драйверлерімен байланысты, ал басқалары өз кезегінде нақты физикалық
құрылғылар драйверімен байланысты. т.с.с. ОЖ- нің барлық компоненттері
супервизор режимінде және операциялық жүйе режимінде жұмыс істеуі міндетті
емес. Ядродан логикалық қашық орналасқан компоненттердің көпшілігі
қарапайым қолданбалы режимде жұмыс істей алады. Сол сияқты ОЖ-нің барлық
компоненттері резидентті режимде жұмыс істеуі міндетті емес. Функциялардың
көпшілігіне бұл талап етілмейді.

3.1 Ядроны конфигурациялау

Ядроның конфигурациясы келесі жағдайда жүргізіледі:

- жаңа машинаны іске қосқанда

- алғашқы конфигурацияға енгізілген артың компоненттер алынып тасталған
уақытта

- жаңа құрылғыларды қосу немесе қолда бар жабдықтардың модернизациясы
кезінде

- жөндеу кестесінің реконфигурациясы кезінде.

Негізінен конфигурация тапсырмасы 9 кезеңнен тұрады:

1. жабдық ревизиясы – апараттық құрылғылардың құрамын анықтау.
2. ядроны конфигурациялау, файлды түзету және құру
3. ядроның компиляциялық каталогын құру
4. түбір аймақты және свопинг аймағын тағайындау
5. ядроны тұрғызудың программалар байланысын шығару.
6. ядроның түзілуі
7. ескі ядроныархивтеу және жаңа ядроны инсталляциялау
8. тестілеу және жаңа ядроның өңделуі
9. жаңа ядроны құжаттау.

Тораптық интерфейстердің конфигурациялануы

Тораптық интерфейсті қосу немесе өшіру үшін қолданылады, IP- мекенінің
берілуі, кең таралымды мекенді анықтау және көмекші опциялар қатары.

Жиі қолданылатын опциялар:

- netmask – берілген интерфейс бойынша тораптық қалқа, төрт байтты
оналтылық санмен беріледі.

- broadcast – интерфейстің кең таралымды IP – мекені,

- metric – берілген интерфейспен байланысқан өтулер санының санашығы

route бағытының конфигурациялануы. route командасының тағайын-далуы:
ядроны бағыттау кестесіндегі элементтерді анықтау. Пакеттің түсуі. Басқа
машиналар үшін IP- мекені бойынша тағайындау пунктіне келген пакет ядро
бағыттауының кестелер бағытымен жалыстырылады. Тағайындалу пункт торабының
нөмерлерімен қандайда бір пакет бағытының торап нөмерімен сәйкес келген
кезде пакет келесі берілген бағытпен байланысқан ретқақпаның IP – мекені
бойынша беріледі.

ОЖ-де кейбір маңызды модульдер бөлшектері бөлінеді, олар әрқашан
оперативті жадыда өте тиімді есептеу үрдісін ұйымдастыру үшін орналасады.
ОЖ-нің бұл бөлігін ядро деп атаймыз, себебі бұл шынында да жүйенің
негізі.ядроныядроның құрылымын қалыптастырғанда 2 бір-біріне қарама-қарсы
сұраныстарды қарастыру керек. Ядро құрамына өте жиі қолданылатын жүйелік
модульдер кіру керек. Модульдердің саны ядро алатын жады көлемінен өте
үлкен болмауы керек. Ережеге сай, ядро құрамына жүйелік үзуді басқаратын
модульдер программасын санау қалпынан күту, дайындау және керісінше қалпына
ауыстыру құралдары, оперативті жады және процессор сияқты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы және операциялық жүйелердің тарихы
Windows операциялық жүйелерінің тізімі
Компьютерлік операциялық жүйелер
Операциялық жүйенің жоғары бөліктегі жазылуы
Linux операциялық жүйесімен танысу
Операциялық жүйелер туралы
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚҰРАМЫ
Операциялық жүйелер тарихы
Windows операциялық жүйесінің түсінігі мен қызметі
Операциялық жүйе (ОЖ)
Пәндер