Қазақстан 1941-1945 ж. Ұлы отан соғысы дәуірінде


Тақырыбы: Қазақстан 1941-1945 ж. Ұлы отан соғысы дәуірінде.
1941ж. 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңес Одағына басып кірді.
Гитлершілер КСРО-ға қарсы соғысты Атлантикадан Сібірге дейін славян және түрік-маңғол тұқымдас «жабайылардан» «тазартылған» «герман-терреториялық-этностық тұтастығын» құрудың шешуші кезеңі және дүние жүзін жаулап алудың алғы шарты деп санады. Англия мен АҚШ-ты талқандағанға және «тұтастыққа» немістерді қоныстандырғанға дейін өзі-өзі басқаруға ұқсас Остланд, Украина, Мәскеу, Кавказ рейхскомисарияттаын құру белгіленді. 1914ж. аяғында-1942ж. Басында «қауырт» соғыс жоспарының күйрегені белгілі болған кеңес республикаларының «бірігу күшін» әлсіретудің жолын іздеуге әлсіретуге тура келді, жаңағылардан басқа Еділ-Орал және Гросс-Түркістан буржуазиялық ұлт мемлекеттерін, сондай-ақ Қарағанды, Новосібір және Кузнецк «индустриялық облыстарын» құру жоспары пайда болды.
Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысты. Соғыс қарсаңында оның стратегиялық маңызы бар мол адам және табиғи ресурстары болды. Бұған дейінгі өткен 20 жылдың ішінде жоспарланғандай патреархалдық феодализммен социолизмге аса зор секіріс жасауды, халықтардың экономикалық және мәдени жағынан іс жүзіндегі теңсіздігін жоюды жүзеге асыруға қол жетпегеніне қарамай, көп нәрсе жасалған еді.
Бірақ сол қаурт дамудың көлеңкелі жақтары да болды - ашаршылық, негізсіз жазалау, онсызда аз ұлттық интелигенттердің едәуір бөлігін қырып жіберу, Қазақ халқының санын азайту, ұлы даланы қудалауға түскен халықтарда көшіріп әкелетін зонаға айналдыра бастау, міне осының бәрі халықтарды әлсіретті, олардың санасын улады, өлкенің мүмкіндіктерін елдің қорғаныс қуатын нығайту үшін дамыту және пайдалану мүмкіндіктерін тежеді.
Ал Кеңес адамдарының көпшілігі жауға қызмет істеу деген ойдан аулақ болды. Отанға берілгендік, патриатизм жаңа дүние жасаушылардың саяси пафосымен астаса отырып, халықтың көпшілігіне сталинизмнің қайғылы әскерін жеңе отырып, отанды қорғау үшін топтасуға мүмкіндік берді.
1939ж. халық санағы бойынша Қазақстанның халқы 6, 2 млн. Адам еді. Соғысушы армия қатарына соғыс жылдары 1. 196. 164. Қазақстандық сапқа тұрды. Патша өкіметінің 1916ж. тәжірибесін қолдана отырып, сталинизм Қазақстан мен Орта Азия түпкілікті халықтарынан және зорлап көшіріліп әкелінгендерден еңбек армиясы және арнауы құрылыс бөлімшелерін құрды, оларға Қазақ КСР-нан 700 мыңнан астам адам шақырып алынды.
Республика офицер кадрларын және армия мен флот үшін резерв даярлау ісіне лайықты үлес қосты. 1941-1945жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас Қазақстандық жіберілді, Республика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мың офицер даярлап шығарды.
Республиканың экономикасы әскери бағытқа көшірілді: бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады, жұмысшы күші, шикізат, станок жабдықтары сондай кәсіпорындардың пайдасына қайта бөлінді.
Майдан шебінен адамдардың, өндіріс потенциалының және мәдени байлықтардың еріксіз көшірілуі көптеген қиыншылықтар туғызды. 1941-1945жж. Қазақстаннан Батыс аудандардың 532, 5 мың тұрғыны баспана, жұмыс, тыл еңбекшілерінің қатарынан өз орнын тапты. Бөлшек сауда жүйесіне азық-түлік және көпшілік қолды таварлар бұрынғыдан 7-15 есе аз түсті, ал базардағы баға 10-15 есе көтерілді. Елде халықты нан және басқа аса маңызды азық-түлік пен жабдықтауға карточка жүйесі енгізілді, көмекші шаруашылықтар жүйесі, ұжымдық және жеке бақша шаруашылығы кеңейтілді.
Соғыс жағдайында кеңестердің атқарушылық жарлық берушілік қызметі күшейді. Қолы бос еңбекке жарамды халықты мобилизациялау, міндетті көлік тасымалын енгізу туралы шешімдер мен жарлықтар қабылдау практикасы кеңінен қолданылды. Қала халқы ұшақ алаңдарын тазалау, кең орындарынан отын тасу жұмыстарына тартылды. Соғыс жағдайындағы кеңестердің қызметіне жек басшылық жасау билікті шоғырландыру, жоғары ұйымшылдық, дәлдік пен жеделдік тән болды.
Соғыс жағдайында әйелдер қозғалысы өрістеді. 1943ж. Партия комитеттерінің жанынан әйелдер арасындағы жұмыс бөлімінің кәсіпорындарда, транспортта, колхоздар мен совхоздарда 4300 әйелдер кеңесінің құрылуы шығыс әйелдерінің социолистік отанды белсенділігін арттыруға, еңбекші әйелдерге идеялық тәрбие беру ісін жақсартуға көмектесті.
Әскери экономиканы жасау.
Соғыстың бірінші күнінен-ақ Қазақстан оның арсеналдарының біріне айналды. Мұның өзі жалпы одақтық экономикаға, өндірістің бар саласында да, сол сияқты жаңадан жасауға тура келген саласында оның үлесін арттыруды талап етті. Республика мыс (35 проц), қорғаныс (85 проц) өндірудегі жетекші орнын сақтап қалды, осымен бірге зерттелген кеніштердің негізінде металдар шығару байыту, балқыту кәсіпорындары: Шығыс Қоңырат молибден, Жезді марганец, Донск хромит кеніштері, Ақшатау молибден-болфрам, Текелі полиметал комбинаттары және т. б. салынды. Осылардың арқасында республика молибденнің одақтың көлемінің 60 проц, металл висмуттының 65 проц, полиметалл рудаларының 79 проц, берді. Бұл нәтижеге жетуге жұмысшылар техниктер мен инженерлер: Б. Аймұханов, Б. Смағұлов, В. Дементюк, А. Казакова, Д. А. Косых, Д. А. Конаев, М. А. Лукианова, А. Сафин, А. М. Серазутдинова, Г. Хайдин және олардың шәкірттері мен ізбасарлары ерекше үлес қосты.
Жалпы алғанда республикадағы өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 проц өсті, бұл соғыстың алдындағы төрт жылдағы өнімнен 2 проц. жоғары. Бұл нәтижелерге еңбектегі үлкен ауртпалыққа жоқшылық пен қиыншылыққа қарамай қол жетті. Бірақ соғыс алда тұрған міндеттерді орындаудың басқа жолымен әдістерін іздеу мүмкіндіктерінен жалпы айырды немесе оны мейлінше шектеді, сондықтан адамдар майданның талаптарын орындаудан күшінде, мүмкіндіктерін де аяған жоқ. Ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің еңбек жағдайы мен міндеттері күрт өзгерді. Ең қиыны кадрлар туралы мәселе болды: майданға аттанған Қазақстандықтардың шамамен 3/2 бөлігі ауылдар мен селолардан кетті. Әскер қатарына шақырылған еркектердің орнын әйелдер басты. Соғыстың аяғына қарай көптеген колхоздарда жұмыс істеп жүргендердің 70-80 проц әйелдер болды. Оның бер жағында жылына 400 және онан да көп, яғни міндетті минимумнан 3 есе жоғары, еңбек күн тапқан әйелдердің саны 1940ж. 20607-ден 1945ж. 94202-ге жетті.
Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері өздерінің патриоттық және еңбек парызын өтеді: 1941-1945жж. Олар майдан елге 5829 мың т. астық, 734 мың т. ет және басқа азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді. Соғыс жағдайында қажеті ең аз күш пен қаржы жұмсау арқылы денсаулық сақтау, халыққа білім беру және мәдениет пен ғылым мекмелерінің жүйесі сақталып және тіпті дамытылды. Барлық типтегі мектеп жүйесі өзгерген жоқ, бірақ оқушылар саны, әсіресе, ауылдық жерлерде азайды: жауынгерлердің жанұяларына мемлекеттің берген жәрдемі және жұртшылықтың көрсеткен көмегі барлық мұқтаж балаларды бірдей киім-кешекпен, аяқ киіммен қамтамасыз ете алмады.
Мәденит мекемелері азырақ сақталып қалды. Мәдениет сарайлары мен клубтардың шамамен 4/1 өндірістік орындарды немесе госпиталдарды орналастыруға берілді. Көпшілік кітапханалар екі еседен астам қысқарды, кітап қоры 3/1 дей азайды.
Ғылмның дамуында республикалардың ынтымақтастығы елеулі рөл атқарды. Қазақстан ғылымдарының жанында Мәскеудің, Ленинградтың, Киевтің және елдің басқа қалаларының 20 астам ғылыми мекемелерінің ұжымдары және академиктер И. П. Вернадсий, В. А. Обручев, А. М. Панкратова, А. А. Скоченский және басқалары сияқты дүние жүзіне мәлім ғалымдар жұмыс істеді.
Майдан мен тылдың бірлігін, халықтар достығын нығайтуға Шығыс аудандар халықтарының майдангерлерімен алысқан хаттары да сондай-ақ жаунгерлер жанұяларына көмек көрсету, жаралылар мен мүгедектерге қамқорлық шаралары, тылдағы аудандардың, жаудан азат етілген аудандардың көп жақты қалтқысыз көмегі игі қызмет етті. Республика Ленинград және Мәскеу обылысының бірсыпыра аудандарын, Арлов облысының қалалары мен селоларын шефтік қамқорлыққа алды. 1943ж. ғана Қазақстан өз ресурстарын Ресейдің Краснодар және Ставропол өлкелеріне, Украинаның шығыс облыстарына 2700 трактор, 123 комбайн, 880 сеялка, 2500 соқа және көп мал, азық-түлік, киім жіберді. Осының бәрін жеткізіп апарғандардың ішінен 295 комбайншы, 636 трактор бригадасының бригадирі, 115 механизатор, 115 агроном, 65 МТС директоры сонда қалып, шаруашылықты қалпына келтіруге көмектесті.
Тылдың майданға көмегі жаунгерлердің жағдайын жақсартып қана қоймай, олардың жаунгерлік рухын көтерді оларды жауды талқандау үшін мүмкін және мүмкін емес нәрсенің бәрін істеуге жігерлендірді.
Қазақстандықтар майданда.
Қазақстандықтар соғыстың алғашқы минутында батыс шекарада жаумен шайқасқа қатысқандардың арасында да, Берлинге Рейхстаг үйіне шабуыл жасағандардың арасында да бар еді. Соғыстың алғашқы айларында ауыр жеңіліске ұшырауымыздың себебі көп еді. Біріншіден, 12 мемлекеті басып алған және 14 одақтасы болған жаудың күші басым еді. Бүкіл шетелдік Европаның экономикасы Вермахтқа жұмыс істеді, ол батыстағы жедел жеңістердің барысында қазіргі заманғы соғысты жүргізудің тәжірибесін алды және өзінің жеңілмейтіндігіне сендірді.
Алайда 1941ж. Жеңілістің себебі жаудың күші ғана емес, сонымен бірге кеңес басшылыгының есебінен жаңылуында да болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz