Қазақстан 50 елдің қатарында



Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Жолдауында “Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шарушылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз”, деп дәл көрсетуі жаңа экономика – инновациялық экономика қалыптастырудың айрықша маңызды екендігін танытады.
Жаңа технологияларды дер кезінде игеру, жаңа тауарлар шығарып, жаңа қызмет түрлерін көрсету бәсекеге қабілеттіліктің айқындаушы факторына айналды.
Қазіргі Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық зерттеулер мен инновациялық саласы тоқырау жағдайында десекте болады. Бірақ сол қиындықтарға қарамастан Қазақстан кәсіпкерлері шет ел жаңалықтары мен ғылыми-техникалық жетістіктерін табысты түрде игеріп, оларды жоғарғы қарқынмен қызметтеріне енгізіп келеді. Әрине бұл инновациялар халықаралық технологиялар деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді, бірақ сол ғылыми-техникалық жетістіктердің көбісі тек біз үшін ғана инновация, ал шетелдіктер үшін олар кешегі күнгі жаңалықтар. Сондықтанда шетел технологиясы мен техникасын игерумен қатар өз ұлттық ғылыми-техникалық потенциалымыздың дамуына жағдай жасап, отандық ғалымдардың ғылыми жетістіктерін өндіріске енгізіп, оларды бағалай білуіміз керек. Осыған сәйкес қазіргі уақыта елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды бойына сіңірген республикамыздың индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданған. Стратегияның мақсаты – шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарды сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.
Өндірісті технологиялық жабдықтау құралдарына (жеке өндірістік қуат, техникалық деңгей) өндірістік жүйе белгілі бір сан мен сапа бойынша өнім өндіруге бағытталады. Өндірістік жүйелердің техникалық деңгейін шикізат, материалдар, энергия, табиғат ресурстарын үнемді пайдалану, қызметкерлер санын қысқарту, өндірістік жүйенің ұзақтығын қамтамасыз ету, өндірістің техникалық бағытын өзгертуде икемділігіне байланысты байқауға болады.
Басқаша айтқанда, өндірістік қуаттарды максималды пайдалану немесе кәсіпорын жұмыскерлерінің санын, өнімнің материал сыйымдылығын ғылыми қамтымдылығын немесе өндірістік жүйелердін қызмет ету режимін арттыру немесе: электр энергиясын тұтынуды қысқарту қандай пропорцияда болатындығын анықтау қажет.
Әрине, техникалық базаны күшейту жолдары саланың ерекшелігіне, кәсіпорын профиліне, нарық талаптарына, бәсекелестік ортаға және тағы басқа көптеген факторларға байланысты болады. Техникалық базаны жақсарту екі жолмен жүзеге

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан 50 елдің қатарында

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Жолдауында “Біз
Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел
болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген,
дүниежүзілік шарушылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген әрі
жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын
қалаймыз”, деп дәл көрсетуі жаңа экономика – инновациялық экономика
қалыптастырудың айрықша маңызды екендігін танытады.
Жаңа технологияларды дер кезінде игеру, жаңа тауарлар шығарып, жаңа
қызмет түрлерін көрсету бәсекеге қабілеттіліктің айқындаушы факторына
айналды.
Қазіргі Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық зерттеулер мен
инновациялық саласы тоқырау жағдайында десекте болады. Бірақ сол
қиындықтарға қарамастан Қазақстан кәсіпкерлері шет ел жаңалықтары мен
ғылыми-техникалық жетістіктерін табысты түрде игеріп, оларды жоғарғы
қарқынмен қызметтеріне енгізіп келеді. Әрине бұл инновациялар халықаралық
технологиялар деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді, бірақ сол ғылыми-
техникалық жетістіктердің көбісі тек біз үшін ғана инновация, ал
шетелдіктер үшін олар кешегі күнгі жаңалықтар. Сондықтанда шетел
технологиясы мен техникасын игерумен қатар өз ұлттық ғылыми-техникалық
потенциалымыздың дамуына жағдай жасап, отандық ғалымдардың ғылыми
жетістіктерін өндіріске енгізіп, оларды бағалай білуіміз керек. Осыған
сәйкес қазіргі уақыта елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге
негізделген жаңа ақпараттық технологияларды бойына сіңірген
республикамыздың индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға
арналған стратегиясы қабылданған. Стратегияның мақсаты – шикізат бағытынан
қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің
тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарды сервистік-технологиялық
экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.
Өндірісті технологиялық жабдықтау құралдарына (жеке өндірістік қуат,
техникалық деңгей) өндірістік жүйе белгілі бір сан мен сапа бойынша өнім
өндіруге бағытталады. Өндірістік жүйелердің техникалық деңгейін шикізат,
материалдар, энергия, табиғат ресурстарын үнемді пайдалану, қызметкерлер
санын қысқарту, өндірістік жүйенің ұзақтығын қамтамасыз ету, өндірістің
техникалық бағытын өзгертуде икемділігіне байланысты байқауға болады.
Басқаша айтқанда, өндірістік қуаттарды максималды пайдалану немесе
кәсіпорын жұмыскерлерінің санын, өнімнің материал сыйымдылығын ғылыми
қамтымдылығын немесе өндірістік жүйелердін қызмет ету режимін арттыру
немесе: электр энергиясын тұтынуды қысқарту қандай пропорцияда болатындығын
анықтау қажет.
Әрине, техникалық базаны күшейту жолдары саланың ерекшелігіне,
кәсіпорын профиліне, нарық талаптарына, бәсекелестік ортаға және тағы басқа
көптеген факторларға байланысты болады. Техникалық базаны жақсарту екі
жолмен жүзеге асырылады: біріншісі интенсивті, яғни прогрессивті құрал
түрлерін енгізу, іске қосылған құралдарды пайдалануды жақсарту және
тиімділігін көтеру, өндірісті қайта жарақтандыру және реконструкциялау,
инновациялық әлуетті көтеру және т.б., екіншісі, экстенсивті-техникалық
модернизация, жөндеу жұмыстарын жүргізу т.с.с. 1 сурет.
Техникалық ресурстардың ең басты сипаттамасына олардың прогрессивтілік
дәрежесі немесе ресурстардың техникалық деңгейі жатады.
Өнеркәсіпте техникалық ресурстардың прогрессивтілігін бағалаудың
әртүрлі әдістемелерінің көптеген түрлері қолданылады. Олар өндірістің
техникалық деңгейін бағалау әдістері деп аталады. Олардың көмегімен
өндірістік базаның жағдайын сандық бағалауға болады. Бірақ салалық әдістеме
бұл жағдайды өндірістік жүйе мақсатын жүзеге асыру мүмкіндіктері тұрғысынан
бағалауға мүмкіндік бермейді.
Өнеркәсіп салаларындағы технологиялық құрылымның бір-бірінен
айырмашылығы механикаландыру деңгейіне, құралдардың құрамына, қолданылатын
технология әдістеріне, жұмысшы мамандармен толықтырылуына байланысты
болады. Технологиялық үрдістердің ұйымдастыру-техникалық деңгейін бағалау
өндірістің ішкі резервтерін және мүмкіндіктерін өнімнің бәсеке қабілетін
көтеру арқылы жүзеге асырылады.
Технологиялық үрдістердің ұйымдастыру-техникалық деңгейін бағалау үшін
оған әсер ететін факторларды анықтау қажет.
Ұйымдастыру-техникалық факторлардың барлық жиынтығы олардың технико-
экономикалық мазмұнына қарай топтарға бөлінеді. Өнеркәсіптік өндірістің
ұйымдастыру-техникалық дең
гейі факторлардың екі тобымен анықталады: техникалық және
ұйымдастырушылық 2 сурет.
Кәсіпорындардың ұйымдастыру-техникалық деңгейін сандық бағалау:
кәсіпорынның ұйымдастыру-техникалық деңгейінің әртүрлі бағыттарын
сипаттайтын көрсеткіштерін салыстыру үшін, талдау мақсатымен олардың жеке
көрсеткіштерінің мәнін анықтау, өндірістің осал түстарын анықтау, ағындық
және перспективалық кәсіпорынның техникалық даму жоспарын жасау;
кәсіпорынның ұйымдастыру-техникалық деңгейін бірыңғай жалпылама
көрсеткіш көмегімен кешенді бағалау, кәсіпорынның техникалық базасын
жетілдіру үшін инвестиция тартуда оның деңгейін анықтау;
кәсіпорынның ұйымдастыру-техникалық деңгейінің өнімнің бәсеке
қабілетіне әсерін сандық бағалау арқылы оның сыртқы нарықтағы орнын
анықтау;
Өнеркәсіптік сектор әлеуметтік-экономикалық өсу мен ұлттық экономиканың
сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастар аясында тең құқылы серіктестікте болуға жағдай
жасайды. Соңғы жылдарда өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін талдау
нәтижелерімен жалпы ішкі өнім индексі 2006 жылы алдыңғы жылмен
салыстырғанда 9,2%-ға өскендігін байқаймыз. Республикалық жалпы ішкі
өнімдегі өнеркәсіптің ЖҚҚ-ның үлесі 2003-2006 жылдары 33,2% дан 29,5
пайызға төмендеген. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі жоғарыда айтылған жылдар
аралығында 1798260 млл. теңгеден 2836002 млн. теңгеге өсіп, отандық
экономиканың ілгері дамуына және экономикалық көрсеткіштердің біршама
артуына өз үлесін қосқан. Соның әсерінен анықтаушы факторға айналған.
Сонымен бірге, ондағы өндірістік қызметкерлердің саны 2006 жылы алдыңғы
жылмен салыстырғанда 73,8 мың адамға азайған (3 кесте). Бұл сектор
бюджеттің негізгі салық төлеушісі ретінде халықтың еңбекке қабілетті 25 %-
ға жуығын жұмыспен қамтамасыз етіп, негізгі әлеуметтік функциялардың бірін
орындады. Өнеркәсіп өнімдерінің мұнай, метал сияқты түрлері әлемдік нарықта
еліміздің мамандануын анықтаумен бірге валюталық түсімнің және экспорттың
едәуір көп бөлігін құрады.
4 кесте мәліметтерінен 2001-2006 жылдар аралығында өнеркәсіп
өндірісінің құрылымында меншік нысандары бойынша өндірілетін өнімдердің
үлесі мемлекеттік, Республикалық және коммунальдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымдық-экономикалық негіздеме
Бағдарламаның негізгі міндеттері
Ұлы отан соғысы. Қазақстан шикізат көзі ретінде
Жалған ақпарат арқылы халықтың миын улау
Стратегиялық жоспарлаудың түсінігі мен мәні
Түрлі мемлекеттердің сыртқы саясатына талдау
Еурооблигация
Қазақстандықтардың майдан мен тылдағы ерлігі
Менің семестрлік жұмысымның мақсаты - Ұлы Отан соғысы кезінде фашисттік аргессияға қарсы Қазақстандықтардың көрсеткен ерліктерін зерттеп, онды баға беру
Геосаяси сана мен саяси мәдениет
Пәндер