Су тапшылығы мәселесін шешу


Реферат

Мазмұны

І . Кіріспе

Су - тіршіліктің қажетті шарты, тіршілік факторы . . . 1

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Жердегі су қоры . . . 4

2. 2 Қазақстанның су қорлары . . . 4

2. 3 Судың сандық мөлшерінің сарқылуы . . . 6

2. 4 Су қорының ластануы . . . 7

а) Суды ластаушы заттар . . .

ІІІ. Қорытынды

Су тапшылығы мәселесін шешу . . .

І . Кіріспе

Су - тіршіліктің қажетті шарты,

тіршілік факторы.

Жердегі барлық су біртұтас. Олар атмосферамен, литосферамен қатар жеке қабат - гидросфераға бөлінеді.

Су, сутек тотығы, Н 2 О - сутек пен оттектің қалыпты жағдайда тұрақты қарапайым химиялық қосылысы ( масса бойынша 11, 19 % сутек, 88, 81% оттек ) ; молекулалық массасы 18, 0160. Су - иіссіз, дәмсіз, түссіз ( терең жері көгілдір ) сұйық. Су табиғатта өте кең таралған, бүкіл гидросфера судан тұрады. Өсімдіктер мен жануарлар, адам организмінің дені - су. Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігінде жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Атмосферада су бу, тұман, бұлт, тамшы және қар кристалдары түрінде кездеседі ( барлығы 13 -15 мың км 3 ) . Табиғи су құрамында еріген тұздар, газдар және органикалық заттар болады.

Су адам үшін тек биологиялық қана емес, сонымен қатар, әлеуметтік те фактор болып табылады. Биологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамға тәулігіне 2-5 литр су қажет. Алғашқы кезде адам осы мөлшермен қанағаттанған. Шарушылық қызметіне өтуге байланысты қажетті судың мөлшері арта түсті. Судың шаруашылығын ұйымдастырудың қажеттілігі, мысалы, суармалы егіншілікке байланысты туады. Су барлық дерлік технологиялық процесстердің бөлінбес элементі және шарты болып табылады. Оған пайдалану жылдамдығының жоғары болуы тән. Мысалы, 1 т болат өндіру үшін 30 т су керек, спиртке - 300 т, целлюлозаға - 500т, синтетикалық талшықтарды алуға - 5000т қажет. Қазір дүние жүзінде орташа шамамен алғанда тәулігіне әр адамға шаққанда 1500 - 2000 литр су қолданылады. Олардың ішіне 100-150 л су тұрмыстық-коммуналдық қажеттіліктерге жұмсалынады. Судың негізгі бөлігі өнеркәсіптік және ауылшаруашылық мақсатында қолданылады. Жылдан-жылға судың бағасы артып барады. Кларктың (АҚШ) мәліметтері бойынша соңғы 50 жылда мұнайдың бағасы 10 есе, ал тұрмыстық қажетті суға - шамамен 100 есе, ауыз суға - 1000 есе артқан. Ауыз суды шыны бөтелкелерде сату әдеттегі көрініске айналды. Табиғи таза су маңызды ұлтық байлық көзіне айналып отыр. Қазірдің өзінде су халықаралық қатынастардың шиеленісуі себебіне айналып отыр. Мысалы, Колумбия өзенінің суы үшін АҚШ пен Канада арасында, Дунай өзенінің суын пайдалану үшін бірнеше мемлекеттер арасындағы шиеленістердің тууы белгі

Судың қасиеттері. Биосферадағы маңызды процестерге әсерін анықтайтын судың өзіне тән қасиеттері:

  1. Табиғат ресурсы және зат ретіндегі сарқылмайтыны. Жердегі барлық ресурстар жойылатын, шашырайтын болса, ал су әр түрлі күйге: сұйық, газ тәрізді және қатты күйге өтуіне байланысты мұндай жағдайға ұшырамайды. Су мұндай қасиетке ие болатын бірден - бір ресурс.
  1. Суға қату кезінде көлемінің артуы және сұйыққа өтуі кезінде көлемінің кемуі тән.
  1. Ең жоғарғы тығыздығы +4 С- да байқалады. Табиғи және биологиялық процестердің маңызды қасиеттері осыған байланысты болады. Мысалы, су қоймаларының терең қатуының болмауы.
  1. Жылу сыйымдылығының және жылу өткізгіштігінің жоғары болуы.

Тек оң ғана емес, теріс температурада да жеңіл газ тәріздес күйге өтуге қабілеттілігі. Теріс температурада қатты күйден ( мұз, қар ) бірден бу

  1. тәрізді күйге өтеді. Мұндай құбылыс -сублимациядеп аталады.
  2. Булану мен еру кезінде жылу сіңіріледі және будан конденсациялану мен қату кезінде жылудың бөлініп шығуы тән.
  3. Дисперсті ортада, мысалы, ұсақ саңылаулы топырақтар немесе биологиялық құрылымдарда байланысқан немесе таралған күйде өтуі. Мұндай жағдайда судың қасиеттері өте күшті өзгереді (қозғалғыштығы, тығыздығы, қату не булану температурсы, беттік керілуі және т. б) . Бұлардың табиғи және биологиялық жүелердегі процестердің жүруі үшін маңызы зор .
  4. Әмбебеп еріткіш . Сондықтан, табиғатта абсолютті таза су жоқ . Судың аталған және басқа да қасиеттері биосфералық процестерге, тірі ағзалар мен олардың меккен ету орталарына орасан зор әсер етеді.

Су - атмосфераны оттегімен толығуын (фотосинтез процесінде) бірден - бір көзі. Ол геологиялық (үлкен) және биологиялық (кіші) зат айналымдардағы химиялық элементтер мен қосылыстардың миграциясының шарты болып табылады. Қазіргі түсінік бойынша тіршілік суда пайда болған. Алғашқы кезеңдерде тірі ағзалар судан өте әлсіз бөлінген еді. Кейін ағзалар тәуелсіз су балансына өте бастады. Ағзалардың денесіндегі судың сапалық құрамы мен ондағы судың мөлшерін белгілі - бір денгейде ұстап тұратын құрылымдар пайда болды.

ІІ. Негізгі бөлім

Жердегі су қоры

Жердегі судың әлемдік қоры орасан зор. Планетамыздың жер бетінің ? бөлігін су алып жатыр Олар 1353985 мың км 3 . Егер гидросферадағы барлық суды біртекті етіп Жер бетіне жайсақ, оның қалыңдығы шамамен 2, 5 км болар еді . Әлемдік мұхит шегінде орташа тереңдік 3, 96 км, ал ең терең максималды тереңдік 11022 м ( Мариан шұңғымасы ) . Жердегі судың басым көп бөлігі тұзды су болып табылады . Ол жалпы қордың 97, 5% үлесін құрайды, бірақ тұщы судың көлемі де өте көп . Оның мөлшері 35 млн. Км (куб) -ге тең . Планетамыздың гидросфера қабатының 98% - шамасы мұхит және теңіз суларынан тұрады . Әлемдік мұхиттың аумағы -361, 2 млн кмнемесе жер бетіннің 70, 8% (жер бетінің аумағы 510 млн екен), орташа тереңдігі 3, 8 км, ал оңдағы судың көлемі 1370 млн км 3 . Әлемдік мұхит - Ат- лантика, Тынық, Индия және Солтүстік мұзды мұхиттардан тұрады . 35 млн. км 3 тұщы судың шамамен 70%-ы мәңгі мұздықтар мен мәңгі қар түрінде болады.

2. 1 Қазақстанның су ресурстары

Қазақстан жерiнде өзен, көл, мұздықтар мен жер асты суының таралуы және олардың деңгейлiк ерекшелiктсрi ең алдымен климат факторларына, жер бетiне түсетiн жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелдi. Су қорларының iшiнде, әсiресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күштi. Бiрақ көпшiлiк өзен-көлдердiң деңгейлерi үнемi күрт ауытқып отырады: кей жылдары су мөлш. қалыпты орташа деңгейден 2-4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтiк аймақта жайласқан Қ-ның маңызды табиғи қорларының бiрi - жер асты суы. Су қорлары кең-байтақ аумақта бiркелкi таралмаған. Мұздық. Қазақстандағы жер бетi ағын суы қорының негiзгi көзi - мұздықтар суы. Таулық өңiрлерден жалпы ауд. 2033, 3 км2-лiк 2724 мұздық анықталды (1985) . Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы (1000 км2-ден астам) Жетiсу Алатауында (мұздық аум. 1369 км2), қалғаны Iле мен Күнгей (610, 7 км2), Терiскей (144, 9 км2) Алатауларында, Алтай мен Сауыр жоталарында (106, 2 км2), Қырғыз және Талас Алатауларында (101, 5 км2) . Қазақстан мұздықтарын 3 топқа жiктеуге болады: аңғарлық мұздықтар, беткейлiк мұздықтар және денудациялық беткейлер мұздықтары (жұмыр, мүжiле тегiстелген шыңдарда) . Осылардың iшiнде көбiрек таралғандары (жалпы мұздықтардың 66%-ы) аңғарлық мұздықтар. Аңғарлық мұздықтардың көпшiлiгi Қазақстан табиғатын (әсiресе таулы өңiрлерiн) зерттеуге аса зор ұлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерiнiң есiмдерiмен аталған. Iле Алатауындағы Талғар массивiмен байланысты күрделi аңғарлық Корженевский мұздығы - Қазақстандағы аса iрi мұздық болып саналады: ұз. 11, 7 км, ауд. 38, 0 км2, мұзының жалпы көл. 6, 32 км3. Аңғарларда және аңғарлық беткейлерде қалыптасқан мұздықтардың көпшiлiгiнiң қалыңд. 50 - 100 м, ал таудың жоғары беткейлерiндегi мұздықтардiкi 10-30 м.

Мұздықтардағы мұздың жалпы көл. 100 км3. Мұз басудың төм. шекарасы мен фирн (мұзқар) сызығының (мұз шоғырының көбеюi кезiндегi жоғ. және ерiп азаюы кезiндегi төм. бөлiктерi арасындағы шегi) абс. биiктiгi солт-тен оңт-ке және батыстан шығысқа карай арта түседi. Егер де Алтайда бұл көрсеткiш 2500-2800 м болса, Тянь-Шань тауында 3500-3800 м. Бұның өзiнде оңт. беткейлерге қарағанда солт. беткейлердiң шекарасы 200-250 м төменiрек жатады. Қазақстан мұздықтары негiзiнен тым төмен темп-ралы келедi. Әсiресе, мұздың үстiңгi 12-15 м қабаты қыс кезiнде қатты суынады. Жаз маусымында мұздың 1 м-ге дейiнгi беткi С-ка дейiн ғана жылынады. Мұз қабатының жұқалығына, темп-расының°қабаты 0 төмендiгiне және жылдық жауын-шашынның шамалы түсуiне байланысты мұздықтар жылына 50-70 м-ге дейiн төмен қарай баяу жылжиды. Мұздықтардың абляциялық (еру және булану процесiнiң) маусымы қалыпты жағдайларда 2-2, 5 айға созылады. Абляцияның көп жылдық орташа мөлш. 1 м шамасында. Мұздық суы - тау өзендерiнiң толығу көзi. Әр тау өзенi ағынының басталар жерiндегi суының 85%-ы, жазыққа шығар бөлiгiндегiнiң 35%-ы мұздық суының үлесiне тиедi. Республика мұздықтары тартылуда. Кейбiреуiнiң ұз. жылына 5-20 м-ге, ауд. 1000 м2, мұз қоры 0, 05- 0, 1%-ға кемуде. Қазақстанның таулық бөлiгiнде ауд. 2 км2-дей көп жылдық тоң белдемi қалыптасқан; оның төм. шегi Алтайда 2000 м, Сауырда 2300 м. Жетiсу Алатауында 2800 м және Тянь-Шань жоталарында 3000 м-ге дейiн төмендейдi. Өзен. Қазақстан өзендерiн ұзындығы бойынша топтасақ, онда 85 022 өзеннiң iшiнде 84 694-i шағын (ұз. 100 км-ге дейiн), 305-i орташа (500 км-ге дейiн) және 23-i iрi (500-1000 км-ден астам) өзендер қатарына жатады. Республиканың шығысындағы Алтай, оңт. -шығысындағы Жетiсу және Iле Алатаулары ылғалы мол таулы өңiрлердегi өзен торының жиiлiгi (барлық өзендер ұзындығы қосындысының осы алаптың ауданына қатынасы) басқа өңiрлерге қарағанда жоғары, 0, 4-1, 8 км/км2 шамасында. Шағын өзендердiң көбi Ұлытау, Шыңғыстау, Қарқаралы тауынан, сонымен қатар Тарбағатай, Қаратау, Мұғалжар жоталарынан басталады. Арал және Каспий маңы шөлдi өңiрлерiнде өзен торының жиiлiгi тым сирек (0, 03 км/км2-ге дейiн) келедi. Өзендердiң басым көпшiлiгi Каспий, Арал т-дерiнiң, Балқаш, Алакөл және Теңiз сияқты көлдердiң тұйық алаптарына жатады. Тек Ертiс, Есiл және Тобылға кұятын өзендер ғана мұхитқа құятын Кара т. алабына қарайды. Қазақстандағы ең суы мол өзен - Ертiс. Оның республика жерiндегi ұз. 1700 км, жалпы ұз. 4248 км. Жоғ. бөлiгiндегi ағыны 2 iрi су электр ст-ларымен (Бұқтырма және Өскемен) реттелген. Өзен суының бiраз бөлiгi Ертiс-Қарағанды каналы арқылы Орт. Қазақстанға бұрылған. Ұзындығы жөнiнен республикадағы екiншi өзен - Сырдария. Қазақстандағы ұз. 1400 км, жалпы ұз. 2219 км. Егiн суаруға қарқынды пайдалануына байланысты ағыны кейбiр жылдары Арал т-не жетпей тартылып қалады. Балқаш к. алабындағы iрi өзен - Iленiң республика шегiндегi ұз. 815 км (жалпы ұз. 1001 км) . Оның iрi салаларының бiрi Шiлiк өз-нен бастап, Шамалған өз-не дейiн ұз. 200 км-ге жуық Үлкен Алматы каналы салынған.

Еліміздің табиғи-климаттық және географиялық жағдайы түрліше болғанмен, негізінен, шөл мен шөлейтті жерден тұратыны белгілі. Яғни даламыздың оннан тоғыз бөлігі дымқылдылығы төмен аймаққа жатады. Ертіс өзені бассейні бар солтүстік-шығыста су қоры барынша мол болса, оңтүстік-батыста, оның ішінде Маңғыстау облысында су қоры мейлінше тапшы. Негізгі су көздері - Орал, Ертіс, Есіл, Нұра, Шу, Сырдария, Тобыл өзендері; Балқаш, Зайсан көлдері мен Каспий және Арал теңіздері. Осыған байланысты мамандар Қазақстанды негізгі өзен бассейндері бойынша сегіз аймаққа бөліп қарастырады. Олар: Балқаш-Алакөл; Ертіс; Есіл; Нұра-Сарысу; Шу-Талас; Арал-Сырдария; Тобыл-Торғай; Орал-Каспий. Ал енді үлкенді-кішілі, майда-ірілігіне қарамай жалпы, су қорымызды түгел тізімдесек, Қазақстанда 85 мыңға жуық өзен мен өзек, 48 мыңдай көл және 4 мыңға тарта су қоймасы бар екен. Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған . Ең ірі сукөздеріне : Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері жатады . Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің көбеюі байқалып отыр . Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың деңгейінің табиғи ауытқула-рына байланысты болып отыр . Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясы - Ертіс өзені қалып отыр .

Еліміздегі жалпы су қоры бүгінде жылына 100, 5 текше метр болып бағаланады. Бұдан жиырма жыл бұрынғы су қорымыз 126 текше метр болып есептелген. Ғалымдардың жорамалынша, елімізде су қоры соңғы елу жылда 35 мың текше метрге азайып кеткен. Біздегі жағдай жақын маңдағы көрші елдерге де қатысты.
Оқымыстылардың айтуынша, Солтүстік Тянь-Шань тауларындағы мәңгілік мұз қабаттары 1957 жылмен салыстырғанда 30 пайызға кеміген, ал ол 2025 жылға қарай 50 пайызға дейін азаймақ. Мұндай ғаламдық жылыну түбінде Орталық Азиядағы су арналарының суалып-тартылып, жаппай құрғақшылық жайлауына әкеліп соқтырмақ. Түбінде Орталық Азияда шиеленіс туа қалса, оның «қара алтыннан» емес, кәдімгі қара судан туындау мүмкіндігі жиі ауызға алынатын болып жүр. Бұл мәселе көбіне- көп Қазақстанның оңтүстігіне қатысты. Шынында да, аталған аймақтағы су мәселесінің жылдан-жылға өткірленіп келе жатқаны өтірік емес. Орталық Азия елдері өз егемендігін алған соңғы 14 жылда екі ұлы өзен - Сыр мен Әмудің су ресурсын бірлесіп пайдалану жөнінде әлі күнге бір мәмілеге келе алмауда. Ал негізінде, бұл - халықаралық келісім жолы арқылы шешілетін мәселе. Суды бөліп пайдалануға байланысты ең алғашқы халықаралық жанжал Үндістан мен Пәкстан арасында туындап, соғыс өрті бұрқ ете жаздағанда, Халықаралық қауымдастық шегарааралық өзендерді теңдей - 50x50 етіп пайдалану турасында шешім қабылдаған. Осы шешім бойынша, Қазақстан Сырдарияны Өзбекстанмен, Қара Ертісті Қытаймен бөліседі. Мұны бір жағынан неге айтып отырмыз? Қазір артта қалған Ауғанстанның өзі су проблемасымен бас қатыра бастады. Осы орайда Халықаралық қауымдастық Ауған елінің егіс шаруашылығын тірілтуге қаржы салуды ойластыруда. Ал оны тірілтудің жалғыз жолы - сумен қамтамасыз ету. Соғыстан соры ашылмаған Ауғанстан осы уақытқа дейін Әмудің суын пайдаланған емес. Халықаралық келісім бойынша, енді бұл ел 50x50 тәртібін пайдалануға құқылы. Бұл жағдай көрші елдерді, оның ішінде Қазақстанды да алаңдатып отыр. Себебі су тапшылығы күшейе түспек. Оның үстіне бастауын Қытайдан алып, Қазақстан, Ресей арқылы Солтүстік Мұзды мұхитқа құятын Ертіс өзенінің бір бөлігін мұнайлы қалашықтың қажеті үшін байлап отырған Қытай, қазірдің өзінде сапасыз суы алаңдатып отырған өзенге түптің түбінде тосқауыл қойса, оның елімізге әкелер экологиялық зардабы қаншалықты мол болатынын шамалай беріңіз.
Енді еліміздегі су қорын сақтау мен дамытуға қатысты не тындырылып отыр дегенге келейік. Бұл орайда алдымен, 2002 жылы Үкімет қаулысымен еліміздегі су қоры мен су шаруашылығы саясатын дамытудың 2010 жылға дейінгі Тұжырымдамасы қабылданғанын, ол бойынша еліміздегі су қорын сақтау мен үнемді пайдалану, сондай-ақ су шаруашылығы саясатының ұзақ, орта және жақын мерзімдерге арналған бірқатар жоспарлары түзілгенін айта кеткен жөн. Осы орайда өткен маусым айының басында Қазақстанның суда жүзетін құстардың негізгі тіршілік көзі саналатын, халықаралық маңыздағы саз-батпақты жайылымдықтар жөніндегі Рамсар конвенциясына қосылуының Үкімет тарапынан заңдастырылуының маңызы зор десек болады. Яғни осы қосылу арқылы енді елдегі жоғарыдағыдай жайылымдықтарға халықаралық деңгейде мән беріліп, фаунасы мен флорасын сақтауға үлкен септігі тиюі тиіс. Дегенмен де, сөз басында айтып кеткендей, жобасы жаңа жасалып жатқан Ұлттық жоспардың директоры және Су қорлары жөніндегі құзырлы комитет төрағасы Әмірхан Кеншімовтің айтуынша, бүгінге дейін Қазақстандағы су қорлары жөнінде жүйелі түрде бағдарлама жасалмапты. Терең зерттеуді қажет ететін бұл күрделі мәселе енді ғана қолға алынып отыр екен. Ендеше, Қазақстанның аграрлы ел екенін, қазірдің өзінде судың ең көп тұтыну үлесінің: 76, 5 пайызы ауыл шаруашылығына тиесілі екенін еске тұтсақ, бізге суға қатысты саясатта сақ болмасқа әрі асықпасқа болмайды.

ІІ. 2 Судың сандық мөлшерінің сарқылуы

Қазір адам әр түрлі су көздерінен алып, тұщы судың табиғи қорының 0, 1-0, 15%-ын пайдаланады. Су - 0 0 С суықта қатып, 100 0 С-та қайнайды. Судың болмашы мөлшерінің алынуы сырт көзге судың жетіспеуін туғызбау керек сияқты. Бүкіл гидросферада судың таусылуы мүмкін емес, бірақ бұл мәселе аймақтық тұрғыда болуы мүмкін. Тұтас алғанда адамзат шамамен 3 млн. км (куб) суды пайдалана алады. Т абиғи су көздерін пайдаланған- да су ресуртарының қайта қалпына келу жылдамдығын есепке алу қажет . Көл сулары орташа шамамен 17 жылда, жерасты сулары тек 1400 жылдан соң қалпына келеді. Жер астының терең қабаттарындағы су қоры тіпті қалпына келмейді. Себебі атмосфера - жауын-шашын - құрлық - зат жұйесіндегі зат алмасуға қатыспайды. Қазіргі кезде ең таза болып есептелетін жер асты сулары олардың қорының көп болыуна қарамай тез таусылуы мүмкін. Техникалық және экологиялық жағынан ең тиімдісі - жылдам қайта келуі, жеңіл алынуы, территорияда салыстырмалы бірқалыпты орналасуы, жоғары дәрежеде өздігінен тазаруға қабілетіне байланысты өзен сулары болып табылады. Қазіргі кездегі суды пайдалану негізінен өзен көздерінен алынады. Адам ағзасындағы судың үлесі 60%-ға жуық бірақ жекеленген мүшелер мен ұлпаларда ол 1-96% дейін ауытқиды. Табиғи экожүйелердің тіршілігіндегі судың маңызы туралы онда түзілетін өнімнің су сыйымдылығына қарап, қорытынды жасауға болады. Ол транспирациялық коэфицент арқылы сипатталуы мүмкін. Бидайдың 1 тоннасын алуға 2500 т су, күрішке - 4560 т, мақтаға - 1 т, сиыр етіне - 3 т су жұмсалады.

Қазіргі дүние жүзі бойынша пайдаланылатын судың жалпы мөлшері 4000 км 3 (4 трлн. м 3 ) жақын. Судың негізгі бөлігі өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және басқа да салаларда қолданылады. Қайтымсыз суды қолдану негізінен суармалы егістікке тән . бұл жерде 60-70% және одан да жоғары. Бұл кезде суды пайдаланудың негізгі мақсаты судың максималды булануымен байланысты және ол судың берілген аймақтың су алмасуына шығарылуына әкеледі. Судың жетіспеуі өзен ағыстарының біртекті болмауы нәтижесінде де орын алады. Оның негізгі көлемі су тасу кезінде байқалады (қоңыржай белдеулердің жазық аудандарында - көктемде, тауда - мұздықтардың еруі кезінде, жазда, экватор маңында - жауынды кезінде) . Ағыстың уақытында әрекеттілігін нейтралдау үшін су қоймаларына су қорын жинайды. Бірақ бұл кезде де өзіндік теріс әсері болады. Олар ылғал айналымының бұзылуымен, жерлерді алу, су қоймасын бетіне судың көп булануы және т. б. құбылыстармен байланысты. Олай болса Жердегі тұщы су қорының көп болуына қарамай, адам мен көптеген экожүйе үшін судың жетіспеуі. Ол судың жекеленген категорияларының баяу қалпына

келуіне кеңістікте біртекті емес таралыуна уақыт бойынша су қорының динмикалығының, қайтымсыз пайдалану және т. б. құбылыстармен байланысты болады. Уақыт өте келе судың жетіспеуін болдырмау жолдарын іздеу қажет.

2. 3 Су қорының ластануы

Дүниежүзілік жүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.

Су айдындарының ластануын былайша топтайды:

  1. Биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш биімді заттар;
  1. Химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;
  1. Физикалық ластану: жылу - қызу, электромагниттік өріс, радиактивті заттар.

Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұщы су дефициті
Экономиканың аймақтық дамуы
Су тіршілік көзі
Қазақстанның мемлекеттік бюджеті
Су ресурстары жайында
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ АУМАҚТЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ
Гидросфераның ластануы
Қазақстандағы отын энергетикалық ресурстар мен пайдалы қазбалар көрсеткіштері және олардың қоры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ПАЙДАЛАНУ
Аштықты жоюдағы химияның рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz