Нарықтық экономика жағдайындағы өндірістегі тікелей және жанама шығындардың есебі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
1. Өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері...2
1.1. Ұйымдарда өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Өндіріс шығындарының экономикалық мазмұны мен жіктемесі ... 16
1.3. Шығындар есебінің әдісі және оларды қолдану саласы ... ... ... ...
2. Өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыру ерекшеліктері ... ... ... 16
2.1. Ұйымдағы тікелей шығындар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2. Көмекші өндіріс есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Үстеме шығындарды есептеу және оларды бөлуді жетілдіру ... ... 21
2.4. Ақаудың есебі
3. Өндіріс шығындарының аудиті және оларды талдау ... ... ... ... ... ..24
3.1. Өндіріс шығындарына аудит жүргізудің әдістемесі ... ... ... ... ...24
3.2. Өндірістегі тікелей және үстеме шығындарды талдау ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.
Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.
Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал,
электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Курстық жұмыс барсында қарастырылатын тақырыптар: өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құныны түсініктіеріне жалпы сипаттама; өзіндік құнынын талдау; өнімнің өзіндік құнын калькуляция баптары бойынша топтау; өнімнің өзіндік құныны негізінде өнімге баға белгілеу; өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.

1. Абдильдина Л.И. , Абдильдин С.С. Экономика предприятия. Алматы: Каз Нау ГРУ, 2004, 452стр.
2. Грибов В.Д., Грузинов В.П. . Экономика предприятии:Учебн. Практикум. -3-е изд.-М.: Финансы и статистика,2004.
3. Жалпы экономикалық теория Ө.Қ. Шеденов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Комягин./ Жалпы ред басқарған Ө.Қ. Шеденов- Ақтөбе 2004
4. Калдыбаев О., Темирбаев А. Экономика предприятия (фирмы).-Учебн. Пособие.-Алматы, «Санат», 1997.-208стр.
5. Кендирбаев А., Омаров Г., Хагай В., Тасибеков, Ауганбаев А. Бизнес: составляющие успеха/ В помощъ предпренемателю. –Алматы ПРООН/ЮНИДО ,2000
6. Сабырбаев Б. Экономикалық орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.-Алматы: Қазақстан, 1995
7. Экономика предприятия: Учеб. Для вузов/ И.Э Берзинь С.А., Н. Н. Савченко, С.Г Фалько-М.: Дрофа,2003.
8. Экономика предприятия: Учебник/ Под ред А.Е.Карменко М.Л. Шухгальтера. –М.: ИНФРА-М, 2004.
9. Экономика предприятия: Пер с нем-М: ИНФРА -М, 1999.
10. Экономика предприятия: Учебник/ Под ред. Проф О.И. Волкова. 2-е изд., перераб и доп.М.: ИНФРА-М 1999
11. Экономика предприятия: Учеб. Для вузов / Под ред. Проф В.Я Горфикеля, проф В.А. Швандара. -3-е изд,перераб и доп.-М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- --------------------------1
1. Өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері---2
1.1. Ұйымдарда өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері-------------------------- ----------------------------------- --------------6
1.2. Өндіріс шығындарының экономикалық мазмұны мен жіктемесі----16
1.3. Шығындар есебінің әдісі және оларды қолдану саласы---------------
2. Өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыру ерекшеліктері------------16
2.1. Ұйымдағы тікелей шығындар есебі ----------------------------------- ----16
2.2. Көмекші өндіріс есебі ----------------------------------- ----------------
2.3. Үстеме шығындарды есептеу және оларды бөлуді жетілдіру--------21
2.4. Ақаудың есебі
3. Өндіріс шығындарының аудиті және оларды талдау----------------------24
3.1. Өндіріс шығындарына аудит жүргізудің әдістемесі-------------------24
3.2. Өндірістегі тікелей және үстеме шығындарды талдау----------------
Қорытынды----------------------------------- ----------------------------------------------26
Кіріспе
Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.
Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.
Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал,
электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Курстық жұмыс барсында қарастырылатын тақырыптар: өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құныны түсініктіеріне жалпы сипаттама; өзіндік құнынын талдау; өнімнің өзіндік құнын калькуляция баптары бойынша топтау; өнімнің өзіндік құныны негізінде өнімге баға белгілеу; өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.
1. Өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері
1.1.Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. Өнім көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын тауарлардың мөлшері және оның бағасымен байланысты. Өндірістің шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығындар бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін нақты шығындар. Бұлар шикізат, материалдар, жалақы, амортизация, салықтар және т.б. Экономикалық шығындарға барлық шығындар жатады. Соның ішінде кәсіпорынның (фирма) өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланбағандағы айқынсыз шығындар. Сонымен экономикалық шығындар - бухгалерлік және балама шығындардан тұрады.
Бухгалтерлік шығындар = нақты шығындар.
Экономикалық шығындар = бухгалтерлік шығындар + балама шығындар
Қысқа мерзім кезеңінде өндірістің жалпы, тұрақты және айнымалы шығындары анықталады.
Жалпы шығындар (ТС) - бұл өндіріске кеткен барлық шығындар және тұрақты, айнымалы шығындардан тұрады.
ТС = ҒС + VС
Тұрақты шығындар (ҒС) - өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындар. Бұларға салықтар, жалға беру, төлемдер, сақтандыру, амортизация және т.б.
Айнымалы шығындар (VС) - бұлар өнім көлемі өзгерсе бірге өзгеретін шығындар. Олар шикізатқа, жалақыға, энегияға, транпортқа, материалдарға кеткен шығындар.
Өндірістік шығындарды талдағанда жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды талдаймыз. Өндірістің орташа жалпы шығындары (АТС) өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығындарды көрсетеді. Бұл шығын өнеркәіпте басқаруға көмектеседі. Бұл шығын арқылы бір өнім өндіргенде келеін пайданы табамыз.
АТС(АС) =ТСQ
Орташа жалпы шығындарды (АТС) 2 түрге бөлуге болады (АҒС).
а) орташа тұрақты шығындар: АҒС=ҒС Q
б) орташа айнымалы шығындар: АVС=VС Q
Өндірістің шекті шығыны (МС) жалпы шығындардың өзгеруіне өнім көлемінің өзгеру қатынасына тең болады және өнімнің қосымша данасын шығарғандағы кететін қосымша шығындарды көрсетеді.
МС= ТС Q
Өнім шығару көлемі өскен кезде тұрақты шығындар (ҒС) өзгермейді. Сондықтан жалпы шығындардың (ТС) өсуі айнымалы шығындардың (VС) өсуіне тең болады.
МС= VС Q
Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өндірістік тұрақты шығындар құрылымында қалдық және старттық шығындар туады.
Қалдық шығындар-өнімді өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын тұрақты шығындардың бөлігі. Неғұрлымшаруашылық қызметінің тоқтау уақыт ұзақ болған болған сайын, соғұрлым қалдық шығыннның көлемі аз. Бұл жағдайда фирмада жұмысшы күшін жалдау мен ғимараттарды жалға беру туралы түрлі шарттар мен келісімдерден құтылу мүмкіндіктері пайда болады.
Старттық шығындар-өндірісті қайта қосумен және өнімді өткізумен байланысты туатын тұрақты шығындардың бөлігі.
Кез-келген кәсіпорын (фима) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады.
Кәсіпорын табысы 2 түрлі көрсеткішке тәуелді болады: өнім бағасы және оның өндірісіне шығындар. Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Нарықтық баға қалыптастыру заңдарының әсерінен еркін бәсеке жағ-
дайында өндіруші немесе тұтынушы қалауына сәйкес жоғары немесе төмен болмайды, ол автоматтты түрде орнатылады. Өнім өндірісіне шығындар-өндіріс шығындары басқаша түрде болады. Олар тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.
Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық тадау болып табылады.
Өндіріс шығындарына және өнім өткізуге төмендегілерге байланысты шығындар қосылады:
* ұдайы өнім өндірісі, белгіленген технология деңгейінде өндірістің ұйымдастырылуы;
* табиғи шикізаттарды қолдану;
* өндірісті дайындау және үйрену;
* өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру, сонымен қатар өнім сапасын жақсарту, оның сапалығын арттыру, ұзақ тұтыну және басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды емес сипаттағы шығындар);
* рационалдау және құрастыру, тәжірибиелік жұмыстарын жүргізу, моделдер мен нұсқаларды дайындау және тексеру, авторлық сыйақы төлеу және т.б;
* өндірістік процеске қызмет ету; өндірісті шикізат, материал, жанармай, энергия, құрал-саймандар және басқада еңбек құралдары және заттарымен қамтамасыз ету, негізгі өндірістік қорларды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау, санитарлы-гигие-
налық талаптарға сәйкес жұмыс жасау;
* қалыпты еңбек жағдайын және техника қауісіздігін қамтамасыз ету;
* өндірісті басқару: кәсіпорынның басқару аппараты қызметкерлерінің, фирма және оның құрылымдық бөлімшелерін, іс-сапарларын қаржыландыру, техникалық басқару құралдарын ұстау және аудиторлық қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың коммерциялық қызметімен байланысты өкілеттілік шығындар және т.б.
* кадрларды дайындау және қайта дайындау;
* мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыруға аударымдар.
Әрине, фирманың, кәсіпорын қызметінің нәтижесі (табыс және шығын) өнім өткізуден (жұмыс және қызмет көрсету) фирманың, кәсіпорынның негізгі құралдары және басқа да мүліктерін өткізуге байланысты емес операциялардан түсім, осы операциялар бойынша шығындар сомасының азаюының қаржылық нәтижесінен құралады.
0.1. Өндіріс шығындарының экономикалық мазмұны мен жіктемесі
Отандық тәжірибеде шығындарды жоспарлау, есеп және
калькуляциялау мақсатында оларды келесі түрде классификацияланады:
* өндіріс түрі бойынша-негізгі және көмекші;
* өнім түрі бойынша-жеке бұйымдар, біртекті бұйымдар тобы,
тапсырыс, өзгертулер, жұмыстар және қызмет көрсету;
* шығындар түрлері бойынша-калькуляция баптары (өнімнің өзіндік
құнын калькуляциялау үшін және талдау есебін ұйымдастыру )
және шығын элементтері (шығындардың сметалық жобасын
құрастыру және шығындарының есебі);
* шығындардың шығу орны бойынша-участок, цех, өндіріс, шаруашылық есептегі бригада.
Басқару жүйесінде шығындардың қалыптасуын тәжірибелік
қолдануда мақсатты түрде шығындар элементтері және калькуляция баптары бойынша шығындар түрлері есепке алып шығындар классификациясын қарастыру керек.
Калькуляция баптарының тізімін және олардың құрамын, бөлу әдістерін өнім түрлері, жұмыс және қызмет көрсету бойынша салалық әдістемелік нұсқамасының есептік жоспарлау сұрақтары және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы өндірістің құрылымы мен есептік сипатына байланысты анықталады.
Мысал ретінде машина жасау зауытындағы кеңінен қолданылатын шығындар баптарының калькуляциясын қарастырайық.
1.Шикізат және материалдар.
2.Сатып алынатын бұйымдар, жартылай фабрикаттар және кооперативтік кәсіпорын қызметтері.
3.Негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы.
4.Қосымша өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы.
5.Негізгі және қосымша өндіріс жұмысшыларының еңбекақысынан әлеуметтік сақтандыруға аударымдар.
6.Өндірісті дайындауға және игеруге шығындар.
7.Құрал-жабдықты пайдалануға және ұстауға шығындар.
8.Цехтық шығындар.
9.Жалпы өндірістік шығындар.
10.Ақаулардан жоғалтулар.
11.Өндірістік емес шығындар.
Алғашқы сегіз шығын баптары цехтық өзіндік құнды құрайды. Цехтық өзіндік құн қосу жалпы өндірістік шығындар және ақаулардан жоғалтулар өндірістік өзіндік құнды құрайды. Нәтижесінде барлық 11 баптар өзалдына толық өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда келесідей өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың негізгі әдістері қолданылады:
* Тікелей есептік;
* Нормативтік;
* Есептік-талдау;
* Параметрлік.
Ең қарапайым және ең дәл - тікелей есеп әдісі болып табылады. Сонымен қатар бұл әдісте өнімнің бірлігінің өзіндік құнын анықтауда жалпы шығын сомасын дайын өнім көлеміне бөледі. Бұл әдісті қолдану біртекті өнімді өндіретін кәсіпорындарда ғана мүмкін болады, осыған байланысты бұл әдіс шектелген түрде қолданады. Сонымен бірге ол калькуляцияның жеке баптарында шығындар туралы мәлімет көрсете алмайды.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауның нормативтік әдісі кәсіпорындарда қолданылады, белгілі бір өнім бірлігінің өндірісіне нақты ресурс шығындарының өзгеру есебі нақты дәл көрсетілген. Ол материалдық, еңбектік, қаржылық ресурстарды нормалық және нормативтік пайдалануға негізелген. Сонымен қатар осы ресурстарды
нормалық және нормативтік пайдалану прогресивті және ғылыми негізделуі керек. Олардың көлемін жүйелі түрде қарастырылуы қажет.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауның ең дәл және жетілген әдісі есептік-талдау тәсілі. Сонымен бірге әдісте өндіріс адайын жн-жақты талдау және онда мүмкін болатын өзгерістерді талдау және өнімнің өзіндік құнына әсер ететін факторлар қарастырылады. Норма және нормативтер негізінде жобаланатын кезеңдегі техника-экономикалық және ұйымдық шарт қалыптасады.
Бір типті, бірақ сапасы жағынан әртүрлі бұйымдарды калькуляциялау кезінде параметрлік әдісі қолданылады. Ол өнімнің сапалық сипатына байланысты өндіріс шығындарының өзгеру заңдылығын бекітуге негізделген. Осылайша, бұйымның өзіндік құнын матералдар мен құрал-жабдықтардың бір килограммдық, бір тонналық құны негізінде анықталады. Берілген өнімге тән басқада көрсеткіштер қолданылуы мүмкін. Осы әдіс бойынша өнімнің сапасын жақсартатын қосымша шығындарды анықтауға болады.
Қазіргі нарықтық экономикаға өту жағдайында көптеген шағын және орта кәсіпорындарда калькуляция баптардың қысқартылған номенклатурасын қолданады, олар өзіне мыналарды қосады:
* материалды шығындар (шикізат, материалдар, жанармай және
технологиялық мақсатта қолданылатын энергия);
* еңбекақыға шығындар (тікелей шығындар );
* басқада тікелей шығындар;
* өндірісті басқару және қызмет ету шығындары;
Кәсіпорын алдында өндіріс шығындары туралы дәл нақты және тез ақпарат мәселесі тұрады. Көп жағдайда кәсіпкер алдында белгілі ұсыным базасында шығындар калькуляциясын құрастыру міндеті тұрады Сонымен бірге шығындар калькуляциясының міндеті-бұл берілген нормалар мен жоспарлардан ауытқады анықтауға мүмкіндік беретін индикативтік сипттағы ақпараттарда алу, осы ауытқулардың себесін
анықтау және осы сияқты ауытқуларды азайту немесе ысыру шараларын қабылдау.
Калькуляциямен салыстырғанда, топау әдісі көбіне қолданылады, өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар (жұмыс, қызмет көрсету) олардың экономикалық мазмұнына сәйкес келесідей жалпы бірыңғай элементтер топтастырылады:
* материалдық шығындар (қайтарымды қалдықтар құны есебімен);
* еңбекақыға шығындар;
* әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар;
* негізгі қорларға амортизация;
* басқада шығындар;
Материалдық шығындар элементінде өндіріске, өнім өндіруге қажетті шикізат пен материалдың, жабдықтаушы бұйымдар және жартылай фабрикаттар, технологиялық және өндірісті қамтамасыздандыратын жанармай мен энергияның барлық түрі (ғимаратты жылумен қамтамасыз ету, көліктік жұмыстар және т.б.). Материалдық ресурс шығындарынан қайтарымды қалдықтар бағасы алынып тасталынады, оларға өнім өндірісі процсінде қалыптасқан шикізат қалдықтары, материалдар, жылу тасымалдаушылар, тұтынушылық қасиетін толықтай немесе біртіндеп жоғалтқан бастапқы өнім және соның негізінде жоғары шығындармен қолданылатын немесе тіптен тікелей мақсатта қолданылмайтын шығындар жатады.
Еңбекақыға шығындар құрамына кәсіпорынның (фирма) негізгі өндіріс персоналының еңбекақысына кеткен шығындар, өндіріс нәтижелеріне жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы, ынталындырушы және компенсациялайтын төлемдер, сонымен қатар кәсіпорынның (фирма) штатында тіркелмеген, негізгі қызмете жұмысбасты жұмысшылардың еңбекақысы кіреді.
Негізгі қорлар амортизациясы құрамына негізгі өндірістік қорларды толықтай қалпына келтіруге жұмсалатын амортизацияық
аударымдар сомасы, олардың баланстық құныны бойынша есептеу және нормаларды орнату, және олардың актив бөлігіндегі жеделдетілген амортизацияны қоспағанда аударымдар кіреді.
Жоғарыда кетірілген шығын элементтері құрамына кірмеген басқа барлық шығындар, басқада шығындар элементтерінде көрініс табады. Олар салықтар, жинақтар, арнайы қорлардағы аударымдар, белгіленген ставка бойынша несиелік төлемдер, іс-сапарларға кеткен шығындар, байланыс қызметіне төлем және т.б.
Осылайша, шығындарды калькуляция баптары бойынша топтау шығындардың шығу орнын көрсетеді және барлық тауарлы өнім, өім бірлігін өткізу және өндіріске шығындар есебі және калькуляциясын жоспарлауға қолданылады. Ол көп жағдайларда шығындардың кешендік баптарын қамтиды.
Шығындар элемінті бойынша шығындарды топтау экономикалық элементтерді олардың шығу орны және шығындалу мақсатында тәуелсіз өзіне қосады. Заң бойынша бұлар тікелей шығындар. Нарық жағдайында отандық шаруашылықта шығындардың экономикалық жіктелуі оңайлатылып шетел тәжірибесіне негізделеді.
1.3. Шығындар есебінің әдісі және оларды қолдану саласы
1. Стандарт-кост жүйеcі бойынша өндірістік шығындардың есебін жүргізу
Батыстық экономикалық әдебиеттерде стандарт - кост жүйесіне әр түрлі мағынадағы анықтамалар беріледі, сондықтан осы түсінікке әр түрлі мазмұндар кіреді. Бірақ та, барлық жағдайларда бұл жүйе тікелей өндіріс шығындарын реттеуге бағытталған бақылаудың құралы ретінде түсіндіріледі.
Стандарт - кост жүйесінің артықшылығына мыналарды жатқызады: бұйымды сату және өндіруге жұмсалуы тиіс, яғни күтілетін шығындар жөніндегі ақпараттармен қамтамасыз ету, алдын ала есептелетін өнім бірлігінің өзіндік құны негізінде бағаларды белгілеу, нормативтерден ауытқуларды және олардың пайда болу себептерін көрсете отырып табыстар мен шығыстар туралы есеп берулерді жасау.
Стандарт - кост жүйесі, басқа да қолданылып жүрген шығындар жүйесі сияқты, оның да артықшылықтары мен ерекшеліктері бар: біріншіден, қаражаттарды жұмсау процесінде стандарттардан ауытқуларды анықтаудың негізі болып оларды құжаттау емес, арнайы шоттардағы бухгалтерлік жазулардан көруге болады; екіншіден, стандарттардан ауытқыған бөлігін көрсетумен ерекшеленеді және осы ауытқуларды есептеу үшін арнайы бөлек синтетикалық шоттарын ашады, сосын - калькуляциялау баптары бойынша олардың факторларын жіктейді.
Стандарт - кост жүйесінің мәні мынада: есепте тек болғанды ғана көрсету емес, сондай - ақ болатынды да, нағыз емес лайықты мәселелерін ескереді және пайда болған немесе орын алған ауытқуларды көрсетуді көздейді. Осы жүйенің алдына қойған негізгі міндеті - ұйымның табыстарындағы ауытқулар мен шығындардың есебі. Оның негізінде қандайда бір өнім немесе жартылай фабрикатты дайындаумен байланысты материаодар, энергия, жұмыс уақыты, еңбек, жалақы және т.б. шығыстарының нормасын анықтау мәселелері кіреді. Бұл белгіленген нормаларды асыра орындауға міндеттеу емес. Олардың 80%-ке жуығы орындалса, онда ол стандарт - кості жүйесінің мақсаты орындалған болып саналады.
Стандарттық жүйеде, өзіндікқұнды есептеудің алгоритмі бар. Мәселен, бұйымды дайындаумен байланысты барлық опрациялар нөмерленеді. Осы өнімге тиесілі кесімді және мерзімді жұмыстарының тізбесі анықталады. Мерзімді төленетін жұмыстарға кететін шығыстар операцияны орындау үшін қажет болатын стандарттық уақыты, стандартты сағатық мөлшерлемесіне көбейту арқылы анықталады. Материалдардың стандарттық құны стандарттық бағаның стандарттық шығысқа көбейтумен есептелінеді.
Стандарттық бағалар ретінде нарық жағдайында қалыптасқан бағалар қолданады. Олар франко - станция белгілеген шартымен есептелінеді.
Стандарт - кост жүйесі жағдайында стандарттар тек өндірістік өзіндік құн үшін ғанғ емес, сондай - ақ табыстылыққа әсер ететін басқа да факторлар үшін есептелінеді. Мысалы, сату көлемі үшін, коммерциялық және әкімшілік шығыстср үшін және т.б.
2. Директ-костинг жүйесі бойынша өндірістік шығындардың есебін жүргізу
Ендігі кезекте Дирек-костинг жүйесіне тоқталсақ. Директ-костинг жүйесін тәжірибеде қолданудың бірінші кезендерінде өзіндік құнға тек тікелей шығындары енгізілді, ал қалған барлық жанама шығыстар есеп беру кезеңіндегі қорытындысына, (яғни, қаржылық нәтижесіне) жатқызылып, есептен шығарылады, яғни аталған шығын табыстан шегіріледі. Осыдан -Direct - Costing - System (тікелей шығындардың есеп жүйесі) жүйесінің аталуы келіп шықты. Осы аталған әдістің құндылығы мынада, онда оның табыстың (1) пен шығындардың (2) және сатылған өнім көлемнің деңгейі (3) өзара байланысты екенін көрнекті түрде баяндап береді.
Қазіргі кезде директ-костинг әдісінің бірнеше нұсқалар бойынша қолданылады: классикалық директ-костинг ; айнымалы шығын жүйесі; өндірістік күшті жұмсауға байланысты ауысатын шығындар есебі жүйесі. Ортақтығы оның, калькуляция тек жартылай өзіндік құнға толық емес жүргізіледі. Директ-костинг түсінігі өнім көлеміне байланысты шығындардың тұрақты және айнымалы шығындар болып бөлінуі, осымен қоса тұрақты шығындар өнім бірлігінің өзіндік құнының калькуляциясына кірмейді. Жалпы қазір бұл системаны қолдану мен тұрақты теориялық негізделгеніне қайнар көз болған ғалымдардың қайсысы екенін айту қиынырақ түседі.
Директ-костингтің құрылуының маңызды элементі болып нарықтық экономика болып табылады, осыдан келіп бухгалтерлік есепке де қажеттіліктердің өзгеруіне әкеледі, көрсетілетін ақпараттардың иілгіштігі мен аналитикалығы. Есеп берудің алдында тұрған тапсырмалардың өзгеруі, өндірістік есептің тапсырмаларының өзгеруіне әкеледі, оның артынан директ-костинг әдісі бойынша ұйымдастырудың қолайлы да, тиімді мүмкіншіліктері ашылады.
Директ-костинг жүйесінің бірнеше айрықша ерекшеліктері де бар: бірінші - өндірістік шығындарды тұрақты және айнымалыға бөлу; екінші шектелген шығындар бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау; үшінші - табысты есептеп шығарудың көпсатылығы.
Директ-костинг жүйесін пайдалану белгілі қиыңдықтар туғызады: үстеме шығыстарды ауыспалы жене тұрақты шығысқа дәлме-дәл етіп бөлу қиын; өзіндік баға шығару және баға қалыптастыру үшін өнімнің толық өзіндік құнын ешбір жүйесіз белгілеуге тура келеді. Сөйте тұра, шығындардың тұрақты және ауыспалы болып бөлінуі есеп жүргізудің бақылау және талдау мүмкіншіліктерін күшейтеді, өнімнің барлық түрінен түсетін жалпы (маржиналдық) кірісті жылдам анықтап, осы орайда оңтайлы шешім қабылдауға мүмкіндік туғызады.
1. Өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
1.1. Ұйымдағы тікелей шығындар есебі
Үш өндірістік фактор-еңбек құралы, еңбек заты, еңбектің өзі-өнімнің өндірісі және өзінді құнды анықтайды.
Өзіндік құнды азайтуды талдауда осы негізгі экономикалық элементтер арасындағы шығындар арқылы енгізуге болады. Бірақ тәжірибеде мұндай талдауды енгізу қиын, себебі шығын мен өзіндік құнның калькуляциясының есебі экономикалық элементтер арқылы емес, ол элементтер кешенді түрде көрсетілетін шығындар абында көрсетіледі (мысалы, жалпы цехтық шығындар).
Өнімнің бірлігіне өзіндік құнды анықтау.
Өзіндік құнды есептеуге қажетті ақпарат кәсіпорынның бухгалтер-
лік құжаттарынан, жабдықтаушылар шоттрынан, еңбекақы есептерінен, материадарды жіберуге жарналардан, шығындық ведомостволардар және т.б. алуға болады.
Өнім бірлігіне өзіндік құнды толық есептеу алдында белгілі уақыт кезеңіндегі өнім өндірісіне жалпы шығындарды білу қажет.
Жалпы шығындар тікелей және қосымша болып бөлінеді.
Тікелей шығындарға өнімге қосылған материалдар құны, жұмысшылар еңбекақысы және әлеуметтік сақтандыруларғааударымдар. Бұл шығындарды шығарылған өнім немесе өнім топтарына тікелей қатысты қылуға болады.
Жанама шығындар-бұл фирманың қызмет етуіне қажетті шығындар: құрал-жабдықты ұстау бойынша шығындар, арендалық төлемдер, коммуналдық қызметтің бағасы, коммерциялық шығындар, өнім өндірісі процесінде жұмысбасты емес персоналдың еңбекақысы, несиелер бойынша пайыздар және т.б.
Шығындарды осылайша бөлу қызмет түріне тәуелсіз әр типті кәсіпорында қолданылады. Қызмет түріне тек өзіндік құн құрылымындағы тікелей және жанама шығындар арасындағы пропорция ғана тәуелді болады.
Өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеуге мысал ретінде ТОО АСЕЛЬ фирмасының бір батон өндірісіне жіберілетін шығындарды есептеуі қарастырылады:
Тікелей шығындар
1.Шикізат және материалдар
Нанның бірлігін өндіруге қажетті шикізат пен материалдардың калькуляциясы кезінде онымен байланысты шығындардың барлығы есепке алынады; мүмкін болатын жоғалтулар мен бүлінулер, сонымен қатар сәйкес көліктік дайындау шығындары.
Атауы
Саны
Бағасы
Сомасы
Ұн
0,400 кг
27 тенгекг
10,80 тенге
Ашытқы
0,010 кг
150 тенгекг
1,5 тенге
Тұз
0,010 кг
20 тенгекг
0,2 тенге
Витаминдер
0,005 кг
300 тенгекг
1,50 тенге
Барлық шығын
14,00 тенге
2.Тікелей еңбек
Тікелей еңбекті калькуляциялау үшін еңбекақы туралы есепті қарастыру керек:
а) Фирмада 6 жұмысшы бар делік, олар өндіріс процесіне тікелей қатысады және тариф бойынша жалақы алады, қажетті й сайынғы 5000 тенге сомасындағы аударымды қосқанда:
6 жұмысшы х 5 000 тенгежұм.орны = 30 000 тенгеайына
б) Еңбекақыға жылдық шығын сомасы есептелінеді:
30 000 тенге х 12 ай = 360 000 тенгежыл
с) Жұмыс уақытының жылдық қоры есептелінеді:
47 апта х 41 сағат х 6 жұмысшы = 11 562 сағат
д) Тікелей еңбектің бір сағаттық бағасы есептілінеді:
360 000 тенге 11 562 сағат = 31,14 тенге-сағат
е) Нанның бір батон өндірсіне қажетті уақыт 0,1 сағат болса, өнім бірлігіне кеткен тікелей еңбек бағасын аламыз:
0,1 сағат х 31,14 тенгесағат = 1,868 тенге = 3,1 тенге
Енді өнім бірлігіне тікелей шығынды есептеуге болады:
Материалдық шығындар 14,0 тенге
Тікелей еңбек 3,1 тенге
Тікелей шығыдардың барлығы өнім бірлігіне 17,1 тенге
1.2. Көмекші өндіріс есебі
Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру бухгалтерлік шоттар мен шығындарды топтастырудан тұрады. Оған мынадай факторлар ықпал етеді: кәсіпорынның қызмет түрі; кәсіпорын басқарудың ұйымдық құрылымын қа - былдауы (цехтық, цехсыз); кәсіпорынның құқықтық түрі; шығарылатын өнім көлемі.
Өндірістік есепті ұйымдастыру шығын есебінің объектісі болып не саналатынына байланысты кәсіпорынның белгілі бір топтасуын қарастырады. Мұндайда: шығындарды түрі, пайда болған жерлері, жауапкершілік орталықтары мен шығынды көтерушілер бойынша есептеу болуы мүмкін. Түрлер бойынша шығын есебі. Бұл шығынды қорытынды бақылау үшін қажетті шарт, ол кәсіпорынға өндірістік өнімнің өзіндік кұн құрылымын - өзіндік құнның кейбір элементтерінің өндіріс шығындарының жалпы құнына проценттік ара қатынасын есептеуге, өзіндік құнды төмендету бойынша қолда бар резервтерді айқындауға мүмкіндік береді. Өнімнің өзіндік құнына кірген шығындардың түрлері 7 Тауарлық-материалдық қорлар есебі атты Бухгалтерлік есеп стандарттары және оған Өнімнің (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) өзіндік құнына кіретін шығындардың құрамы мен жіктелуі атты әдістемелік ұсыныстармен белгіленеді, бұлар - материалдық шығындар, еңбекті өтеуге шыққан шығыстар, әлеуметтік салық аударымдары, қосымша шығыстар. Шығындарды пайда болған жерлері бойынша есептеу. Шы - ғындардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz