Кеден ісі аясындағы құқық бұзушылықтар


Мазмұны
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Кеден органдары қызметі - бұл экономикалық қауіпсіздігін қорғау, Қазақстан республикасы бюджетін толтыру, адам мен азамат құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан республикасы Конституциясын қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік сондай -ақ құқық бұзушылықтың алдын алуды қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасы кеден органдарының заңымен бекітілген негізгі фукцияларының бірі кеден ісі аясындағы қылмыстар және құқық бұзушылықтарымен, контрабандамен күрес. Кеден органының құқық қорғау мәртебесі ҚР Кеден ісі туралы кодексте 15-бапта бекітілген. Олардың құқық қорғау орган ретінде ерекшелері осында[1] .
Кеден қызметі мемлекет атқаратын жүзеге асыруды күнбе-күн назарда ұстайтын басты функциялардың бірі ғой. Кеден Қазакстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін аса маңызды саяси-экономикалық құрылым.
Құқық қорғау қызметі - құқық қорғау органдары лауазымдарындағы мемлекеттік қызметтің ерекше түрі.
Құқық қорғау органы - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін, өз құзыретіне сәйкес қылмыстылыққа және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асыратын, заңдылықты қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қолдау, құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, жолын кесу, тергеу, қылмыстық істер бойынша сот шешімдерін атқару жөнінде арнаулы өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган[2. ] .
Кеден істері аясындағы құқық бұзушылықтардың 38 түрі бар. Кеден істері аясындағы құқық бұзушылықтар 1 наурыз 2001 жылдан бастап ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекспен реттеледі. Сол уақытқа дейін ҚР Президентінің Жарлығымен 20 шілде 1995 жылы қабылданған «ҚР Кеден ісі» заңымен қарастырылған. ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 26 тарауы Кеден істері аясындағы құқық бұзушылықтар 400-438 баптарынды қамтылған.
20 қантар 2006 жылдан бастап 416, 419, 420, 436, 437, 422 баптар алып тасталды, ал 30. 06. 2010 жылдан бастап 408, 422, 432 баптар алып тасталды[4] .
Кеден бақылауы аймағының шекарасы арқылы және оның шегiнде тауарлардың, көлiк құралдарының және мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарын қоса алғанда, адамдардың орын ауыстыруы, сондай-ақ ҚР заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз осы аймақта кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру не кеден бақылауы аймағының режимiн бұзатын өзге де iс-әрекеттер жасау, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, құқық бұзушылық болып танылады.
Кеден ісі аясындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде 16 жасқа толған жеке адам әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. Бiр әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшін бiр негiзгi не негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазалардың қолданылуы мұмкiн.
Кеден ережелерінің бұзу туралы істі жүргізу және қараудың басты мақсаты
- құқық бұзушылық алдын алу;
- іс бойынша толық және жан-жақты мән-жайды анықтау;
- заңды түрде істі жүргізу;
- қаулының орындалуын қамтамасыз ету;
- құқық бұзушылық жасаудың себептерін анықтау.
Кеден ережелерінің бұзу туралы іс кеден ережелерін бұзғаны немесе кеден ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған жеке тұлғаның немесе лауазымды адамның әкімшілік жолмен ұсталғаны туралы хаттама жасалған сәттен бастап ашылған, ал ол бойынша іс жүргізу басталған деп есептеледі.
2001 ж 22 қаңтар ҚР құқық қорғау қызметін жетілдіру бойынша шаралар жөнінде ҚР Президент жарлығы сәйкес кеден орган жедел іздестіру қызмет жүзеге асыру бойынша өкілеттік пен функцияларынан айырғанымен бірақ кеден төлем жалтару және контрабанда жөнінде істер бойынша анықтау құқықтарды сақтады. 2004 ж 9 тамызынан бастап ҚР жедел ісдестіру қызметі мәселелері бойынша ҚР кейбір заң актілеріне өзгерту енгізу заңдарына сәйкес Кеден органдары жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру бойынша өкілеттік қайта берілді. Кеден кодексінің 15, 22 баптарын өзгертті[4] .
1. 1 Қазақстан Республикасы кеден органдарымен жүзеге асырылатын құқық қорғау қызметi.
Құқық қорғау органдары жүйесі заңдылық кағидасы негізінде әрекет етеді. Заңдылық - бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң, бұлжытпай орындау және сақтау қағидаты, әдісі мен тәртібі. Заңдылықтың мәні - құқық қорғаушы органдардың құқықтық нормаларды адал, жауапкершілікпен сақтауында, орындауында, пайдалана және қолдана білуінде. Заңдылық, ең алдымен, осы органдардың заң негізінде және оның шеңберінде мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға белсенді қатысуларын көздейді.
Құқықтық реттеудің мақсаты құқықтық тәртіп, нақ осыған қол жеткізу үшін өзге де нормативтік құқықтық актілер шығарылады, заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайту жөніндегі шаралар жүргізіледі.
Құқықтық тәртіп пен заңдылық арасында бір-біріне тікелей тәуелділік бар: заңдылықтың нығайтылу құқықтық тәртіпті нығайтады, ал бұған керісінше, егер заңдылық бұзылса, онда құқықтық тәртіп те іле-шала бұзылады.
Құқық қорғау қызметі кез келген тәсілмен ғана емес, ықпал етудің заңдық шараларын қолданудың көмегімен жүзеге асырылады. Олардың қатарына заңмен белгіленетін мемлекеттік мәжбүрлеу және жазалау шараларын жатқызуға болады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің төрт түрі белгілі:
1) қылмыстық-құқықтық (қылмыс жасаған жағдайда)
2) азаматтық-құықтық (қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтырмайтын мүліктік зиян келтірілген жағдайда) ;
3) әкімшілік-құқықтық (әкімшілікке теріс қылық жасау; мысалы, ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктер ішу) ;
4) тәртіптік (өзінің еңбек ету және басқа міндеттерін атқармау немесе оларға салдыр-салақ қарау) .
Заң құқық қорғау органдарынан заңның немесе өзге де құқықтық актілердің белгіленген тапсырмаларына ғана сәйкес келетін заң жөнімен ықпал ету шараларын қолдануды талап етеді. Егер заң бойынша суық қаруды сақтау тәртібін бұзғаны үшін айыппұл түріндегі санкция қарастырылған болса, әкімшілік жолымен тұтқынға алуды қолдануға болмайды. Құқық қорғау қызметі белгілі бір тәртіптің аясында орындалады. Мысалы, қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жазалау шараларын қолдану шегін қажетті тексерулер жүргізбей тұрып айқындауға болмайды.
Кеден органдарының құқық қорғау қызметі - кеден ісі аясының қоғам қатынас қорғау мақсат заң негізінде және сәйкес нысандарда жүзеге асырылатын қызмет түрі.
Кеден органдарының құқық қорғау қызметі мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылады. Кедендік құқықтық қатынастар аясындағы мемлекеттің сыртқы және ішкі қызметін жүзеге асыруды көрінеді. Қызметтің негізгі мақсаты әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, кедендік нормаларын қолдану орындалуын сақтауды қамтамасыз ету.
Қазақстан республикасының Кеден органдары заңмен бекітілген негізгі функциялардың бірі Кеден аясында құқық бұзушылықтарды және контрабандамен күрес болып табылады. Заңдық жауапкершілік дегеніміз құқық бұзушылық жасаған адамға атқару өндірісінің сәйкес бұзылған нормаға санкциямен қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.
Кеден органының құқық қорғау мәртебесі ҚР Кеден ісі туралы кодексте 15-бапта бекітілген. Олардың құқық қорғау орган ретінде ерекшелері осында. Кеден органдары контрабанда туралы, кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуден жалтару туралы істер бойынша анықтау органдары болып табылады, олар бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарының қарауына жатады[1, бет. 3] .
Кеден органдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен қылмыс деп танылған, олар бойынша іс жүргізу кеден органдарының қарауына жататын құқыққа қарсы әрекетті дайындайтын, жасайтын немесе жасаған тұлғаларды анықтау, халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық кеден ұйымдарының, шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзыретті органдарының сауал салуларын орындау мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады.
. Кеден органдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік процесті жүргізеді (іс жүргізуді жүзеге асырады) және тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тартады.
2001 ж 22 қаңтар ҚР құқық қорғау қызметін жетілдіру бойынша шаралар жөнінде ҚР Президент жарлығы сәйкес кеден орган жедел іздестіру қызмет жүзеге асыру бойынша өкілеттік пен функцияларынан айырғанымен бірақ кеден төлем жалтару және контрабанда жөнінде істер бойынша анықтау құқықтарды сақтады. 2004 ж 9 тамызынан бастап ҚР жедел ісдестіру қызметі мәселелері бойынша ҚР кейбір заң актілеріне өзгерту енгізу заңдарына сәйкес Кеден органдары жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру бойынша өкілеттік қайта берілді. Кеден кодексінің 15, 22 баптарын өзгертті[7, бет 45] .
2000 - 2002 жыл кезеңі кеден органдарын реформалаумен ерекшеленді, ол «Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалау бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қарашадағы № 1746 қаулысымен бекітілді. Осы бағдарламаның басты мақсаттарының қатарында кеден органдары қызметінің материалды-техникалық базасын нығайту, заңнамалық және құқықтық базасын жетілдіруден басқа, аталған бағдарламаның басты мақсаттарының бірі кадр саясатын одан әрі жетілдіру, құрылымы мен штат санын оңтайландыру болды. Реформалау нәтижесінде кеден органдары басшылық құрамының лауазымдарына орналасудың конкурстық жүйесінің механизмі әзірленді және енгізілді. Кеден органының қолданыстағы құрылымына талдау жүргізілді, қайталау функциялары алып тасталды, басқару деңгейлері арасындағы өкілдіктерді бөлу жүзеге асырылды.
Құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының прокуратура, ішкі істер, қаржы полициясы, қылмыстық-атқару жүйесі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, кеден органдары жатады.
Құқық қорғау органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарына Құқық қорғау қызметі туралы заңның 3-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Құқық қорғау қызметінің арнайы қағидаттары:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүддесін қылмыстық және өзге құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау міндеттілігі;
2) жүктелген міндеттерді орындау және берілген құқықтарды іске асыру кезінде Конституцияның, заңның үстемдігі;
3) азаматтардың құқық қорғау қызметіне кіру еріктілігі;
4) құқық қорғау органдарында құқық қорғау қызметін ұйымдастыруға көзқарастың біртұтастығы;
5) дара басшылық пен субординация (бағыныштылық) ;
6) мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл;
7) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болу болып табылады [2, бет18] .
Құқық қорғау органдарындағы қызметтің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР құқық қорғау қызметі туралы Заңында көзделген ерекшеліктерімен қоса Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметін реттейтін заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта ҚРҚҚ қызметі туралы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар көзделген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
ҚР құқық қорғау қызметі туралы Заңының 3 бабына сәйкес Құқық қорғау органдарына өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі жатады.
Құқық қорғау қызметі - құқық қорғау органдары лауазымдарындағы мемлекеттік қызметтің ерекше түрі.
Кеден органдары қызметкерлерінің құқық қорғау қызметін өткеруге байланысты құқықтары:
1) лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды белгіленген тәртіппен алуға;
2) өздерінің құқықтары мен лауазымдық міндеттерін айқындайтын ережемен, өзге де құжаттармен және жоғарылатуға ұсыну шарттарымен танысуға;
3) лауазымдық міндеттерін атқарумен байланысты мемлекеттік органдарға, ұйымдарға олардың ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, белгіленген тәртіппен кіріп-шығуға;
4) егер мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты болса, белгіленген тәртіппен осындай мәліметтерге қол жеткізуге;
5) лауазымдық міндеттерін атқаруға және кәсіби дамуына құқық қорғау органының қажетті жағдайлар жасауына;
6) қызмет әрекеті нәтижелерін, мемлекеттік қызмет өтілі мен біліктілік деңгейі ескеріле отырып, қызметте өсуіне;
7) өзінің кәсіптік қызмет әрекеті туралы пікірлермен және басқа құжаттармен олар жеке ісіне енгізілгенге дейін, жеке ісінің материалдарымен танысуына, сондай-ақ өзінің жазбаша түсініктемелерін және басқа құжаттар мен материалдарды жеке іске қосуына;
8) Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген тәртіппен, кәсіптік қайта даярлыққа, біліктілігін арттыруына және тағылымдамадан өтуіне;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз өмірінің, денсаулығының және мүлкінің, өз отбасы мүшелері өмірінің, денсаулығының және мүлкінің мемлекеттік қорғалуына;
10) өзінің дербес деректерінің қорғалуына;
11) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін, сондай-ақ құқық қорғау қызметін өткеруге байланысты жеке дауларды шешу үшін бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған лауазымды адамдарға, жоғары тұрған органдарға немесе сотқа жүгінуге;
12) медициналық және санаториялық-курорттық қызмет көрсетілуіне;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға;
14) тұрғын үймен қамтамасыз етілуге және әлеуметтік қамсыздандырылуға;
15) құқық қорғау қызметінің ерекшеліктері ескеріле отырып, қызметте тиісінше ұйымдастырушылық-техникалық және санитариялық жағдайлар жасалуына;
16) Заңға және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалуына;
17) оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметті жүзеге асыруына құқығы бар[2, бет15] .
1. 2. Кеден органдарының экономикалық тергеу қызметіне сипаттама
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 1000 Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарына бірігу жолымен қайта ұйымдастырылды.
Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелері экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кадр резервін қалыптастыру қағидасы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңың 34-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және кейін мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің экономикалық тергеу қызметі жоғары тұрған және басшылық лауазымдарының бос орындарына тағайындау үшін қызметкерлер санынан кадр резервін қалыптастыру тәртібін айқындайды. Кадр резерві жоғары тұрған және басшылық лауазымдарының бос орындарына тағайындау үшін кадр құрамын қалыптастыру мақсатында құрылды. Кадр резервін қалыптастыру міндеті және онымен жұмыс:
1) жұмыскерлердің қызмет бойынша қозғалысын жоспарлау механизмін реттеу;
2) басшылық кадрларды дайындаудың тиімділігін арттыру;
3) басшылық құрам лауазымына неғұрлым білікті қызметкерді орналастыру;
4) басшылық кадрды нығайту және тұрақтылық, олардың орынын басуды қамтамасыз ету;
5) құқық қорғау органдарында кадр мәселесін шешудің демократиялық бастауын күшейту болып табылады.
Кадр резерві тиісті жоғары тұрған және басшылық лауазымдарға тағайындау қажеттілігін ескере отырып, сондай-ақ аттестаттаудың нәтижесі бойынша жоғары тұрған және басшылық лауазымдарға жоғарлауға, көлемі үлкен жұмысқа ұсынылған қызметкерлер, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау кезінде не арнайы міндеттерді орындау кезінде жоғары ұйымдастырушылық және талдау қабілеттілігін көрсеткен тұлғалар қатарынан қалыптастырылады.
Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) лауазымы, егер оған құқық қорғау қызметіндегі бұрынғы лауазымы бойынша біліктілік сыныбына қарағанда біліктілік сыныбы неғұрлым шекті жоғары көзделсе жоғары тұрған болып саналады, ал біліктілік сыныбы тең болған кезде - құқық қорғау қызметіндегі лауазымы бойынша неғұрлым жоғары жалақы.
Кадр резервін қалыптастыру және олармен жұмысты ұйымдастыру үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) төрағасына немесе облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаментерінің, «Достық» кеденінің және мемлекеттік кірістер органының адами ресурстар бөлімшелерінің басшыларына (бұдан әрі - уәкілетті басшылар) жүктеледі.
Кадр резервіне қызметкерлерді қою үшін кандидатураларды іріктеу жылына кемінде бір рет жүргізіледі.
Кадр резервіне қызметкерлерді қою үшін кандидатураларды іріктеу кезінде:
1) қызметкердің білімінің болжамды жоғары тұрған және басшылық лауазым бойынша орналастыруға көзделген мамандық бойынша сәйкес болуы;
2) тиісті кәсіби дайындығының және қызметтің ұсынылған түрі бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы;
3) тиісті басшылық санатының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі;
4) денсаулығы;
5) кәсіби қайта даярлық және біліктілігін арттыру нәтижесі ескеріледі.
Тиісті жоғары тұрған және басшылық лауазымдарға орналастыру үшін кадрлық резервке қойылатын қызметкерлердің саны кемінде екі адамды құрауды.
Қызметкер кадр резервіне:
- қарамағында болған кезде лауазымға тағайындалғанға дейін;
- алынбаған тәртіптік және (немесе) әкімшілік жазалары болған кезде;
- қайта аттестаттау кезінде атқарып отырған лауазымына сәйкестігі туралы мәселенің шешілуіне дейін;
- тергеуге дейінгі тексерудің аяқталуына дейін;
- ақтау негіздері бойынша қылмыстық істі қысқартуға дейін;
- ақтау үкімдерінің заңды күшіне енуіне дейін;
- қызметтік тергеудің аяқталуы туралы мәселе шешілгенге дейін алынбайды.
Қызметкерді кадр резервіне алу мерзімі үш жылдан аспайды. Кадр резервіне алынған бірақ кадр резервінде болған кезеңде оларға жоспарланған лауазымға тағайындалмаған тұлғалар жалпыға бірдей негізде кадр резервіне қайта алынуы мүмкін.
Кадр резервінен шығару үшін:
1) резервте тұрушының жоғары тұрған және басшылық лауазымдарға орналасуы;
2) резервте тұрушының өз қалауы бойынша кадрлық резервтен алу туралы өтініші;
3) кадрлық резервке қойылған күннен бастап үш жылдың өтуі;
4) резервте тұрушының біле тұра жалған мәліметтерді ұсыну және құжаттарды бұрмалау фактілерін анықтау;
5) кадр резервіне алу туралы шешім қабылданған сәтте белгілі болмаған немесе болмаған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтың мемлекеттік қызметке келуін шектейтін негіздердің туындауы;
6) қызметкерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін, сондай-ақ қызметіне толық емес сәйкессіздігі туралы ескерту, атқарып отырған лауазымынан босату немесе бір сатыға біліктілік сыныбынан төмендету түріндегі тәртіптік жазаның салынуы;
7) кадр резервінде тұрған қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздерде мемлекеттік кірістер органдарында құқық қорғау қызметін тоқтатуы негіздер болып табылады.
Қызметкер оны кадр резервінен алу туралы шешіммен келіспеген кезде ол бұл шешімді жоғары тұрған лауазымды тұлғаға және (немесе) сотқа шағымдануға құқылы.
Қызметкерді кадр резервіне алу немесе одан шығару туралы ұсыным Комитеттің экономикалық тергеу қызметінің құрылымдық бөлімшесі басшыларының, уәкілетті басшыларының ұсынымы негізінде кадр резервіне алуға ұсынылған кандидаттың келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Кадр қызметі кадр резервіне алуға немесе одан шығаруға ұсынылған тізімді жасайды және қажетті құжаттарды дайындайды және Кадр резервіне алу үшін кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қарауына кадр резервіне алу немесе одан шығару туралы мәселені енгізеді[11] .
Комиссия кадр резервіне қызметкерлері алуға немесе Комитеттің орталық аппаратында Комитет төрағасының және уәкілетті басшылардың бұйрықтарымен одан шығаруға объективті көзқарасты қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде құрылады.
Конкурстық комиссияның құрамы Комитеттің орталық аппаратында: Комитет төрағасының орынбасарынан, сондай-ақ экономикалық тергеу қызметінің құрылымдық-бөлімшелерінің басшыларынан, кадр қызметінің, ішкі қауіпсіздік өкілдерінен;
Уәкілетті басшысының орынбасарынан, сондай-ақ экономикалық тергеу қызметінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан, кадр қызметінің, ішкі қауіпсіздік өкілдерінен құрылады. Комиссия мүшелері кадр қызметі, ішкі қауіпсіздік өкілдерін қоспағанда кадр резервіне енгізуге жататын қызметкерлерге қарағанда сондай немесе одан жоғары лауазымда болады. Комиссия алқалық ашық дауыспен шешім қабылдайды. Комиссия мүшелерінің жалпы санының дауысынан егер оған көпшілік дауыс берілсе шешім қабылданды деп саналады. Дауыс тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Комиссия хаттамамен ресімделетін мына шешімдердің бірін қабылдайды:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz