Ашық механикалық жарақаттың анықтамасы және түрлері



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Механикалық жарақат және оның пайда болу себептері
2. Ашық механикалық жарақат және оның түрлері
3. Ашық механикалық жарақаттың белгілері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Жарақатты таңу жөніндегі белгілі бір ережені сақтаған жөн: жарақатты жууға болмайды, өйткені оған іріңдететін микроб түсуі мүмкін. Жарақаттың үстін стерильденген дәке мен және сутегі тотығына немесе спирт кем алынған мақтамен бастырып, жараны мұқият жуады, есте болатын жағдай жараға микроб түспеуі үшін оны ішінен сыртына қарай жуу керек. Содан кейін жарақатқа тигізбей, айналасына йод жағады. Жарақатты уақытша таңған дәке салфетканы алып тастап, стерильденген дәкені бірнеше қабаттап салады. Қысқыш (пинцет) болмаса, дәкені шетінен ептеп ұстайды. Салфетканы бүктемей, жазып салу керек. Ал дәкенің үстіне тегістеп, онша қалыңдатпай гигроскопиялық (дұрыс — стерильденген) мақта салады. Содан кейін мұның барлығын дәкеден жасалған бинтпен орап байлайды
Жара — механикалық сыртқы әсерден терінің не ішкі органдардың кілегей қабығы бүтіндігінің бұзылуы. Жара кесілген, тілінген, тесілген, мылжаланған, т.б. болып ажыратылады. Пышақ кескен, балта шапқан жараны кесілген жара (оның шеті тегіс);ине, біз, пышақ кірген жараны тесілген жара, сынғанда не бірнәрсе қатты қысып қалғанда болатын жараны мылжаланған жара (айналасы қанталап, жырымдалып тұрады), хирургиялық операциядан кейінгі жараны кездейсоқ жара деп атайды. Ит қапқанда пайда болатын жараның шеті жырым-жырым болады. Жара асқынып, неғұрлым тереңдеген сайын бұлшық ет, сүйек, жүйке, сіңір, буын, кейде ірі қан тамыры жүйесінің де жаралануы мүмкін. Жараның ауыр не жеңілдігі оның денедегі орнына, мөлшеріне, адамның жоғалтқан қан мөлшеріне байланысты. Жараның қай түрі болса да, оны ең алдымен тазартып, қанын тоқтатып, антибиотиктер қолданып, қажет жағдайда тігіп, оған микроб түспеу үшін дереу таңу керек. Микроб түспеген жара асқынып кетпей, тез жазылады. Инфекция түсіп, іріңдеп, ісінген жара дене қызуын көтеріп, қабыну, сепсис, күбіртке, гангрена, т.б. аса қауіпті ауруға ұласуы мүмкін.
1. Ілиясов Б.К. Алғашқы ветеринарлық жәрдем. Алматы, 2001.
2. Дұрманов Қ.Д., Жалпы хирургия, Алматы 2006 ж. 230 бет.
3. Муралинов К.К., Оперативті хирургия, 2006 ж.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария факультеті

РЕФЕРАТ
РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Ашық механикалық жарақаттың анықтамасы және түрлері

Орындаған:

Тексерген:

АЛМАТЫ, 2015 ж.

Жоспары:
Жоспары:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Механикалық жарақат және оның пайда болу себептері
2. Ашық механикалық жарақат және оның түрлері
3. Ашық механикалық жарақаттың белгілері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

I. Кіріспе
Жарақатты таңу жөніндегі белгілі бір ережені сақтаған жөн: жарақатты жууға болмайды, өйткені оған іріңдететін микроб түсуі мүмкін. Жарақаттың үстін стерильденген дәке мен және сутегі тотығына немесе спирт кем алынған мақтамен бастырып, жараны мұқият жуады, есте болатын жағдай жараға микроб түспеуі үшін оны ішінен сыртына қарай жуу керек. Содан кейін жарақатқа тигізбей, айналасына йод жағады. Жарақатты уақытша таңған дәке салфетканы алып тастап, стерильденген дәкені бірнеше қабаттап салады. Қысқыш (пинцет) болмаса, дәкені шетінен ептеп ұстайды. Салфетканы бүктемей, жазып салу керек. Ал дәкенің үстіне тегістеп, онша қалыңдатпай гигроскопиялық (дұрыс -- стерильденген) мақта салады. Содан кейін мұның барлығын дәкеден жасалған бинтпен орап байлайды
Жара -- механикалық сыртқы әсерден терінің не ішкі органдардың кілегей қабығы бүтіндігінің бұзылуы. Жара кесілген, тілінген, тесілген, мылжаланған, т.б. болып ажыратылады. Пышақ кескен, балта шапқан жараны кесілген жара (оның шеті тегіс); ине, біз, пышақ кірген жараны тесілген жара, сынғанда не бірнәрсе қатты қысып қалғанда болатын жараны мылжаланған жара (айналасы қанталап, жырымдалып тұрады), хирургиялық операциядан кейінгі жараны кездейсоқ жара деп атайды. Ит қапқанда пайда болатын жараның шеті жырым-жырым болады. Жара асқынып, неғұрлым тереңдеген сайын бұлшық ет, сүйек, жүйке, сіңір, буын, кейде ірі қан тамыры жүйесінің де жаралануы мүмкін. Жараның ауыр не жеңілдігі оның денедегі орнына, мөлшеріне, адамның жоғалтқан қан мөлшеріне байланысты. Жараның қай түрі болса да, оны ең алдымен тазартып, қанын тоқтатып, антибиотиктер қолданып, қажет жағдайда тігіп, оған микроб түспеу үшін дереу таңу керек. Микроб түспеген жара асқынып кетпей, тез жазылады. Инфекция түсіп, іріңдеп, ісінген жара дене қызуын көтеріп, қабыну, сепсис, күбіртке, гангрена, т.б. аса қауіпті ауруға ұласуы мүмкін.

II. Негізгі бөлім
2.1. Жарақат -- сыртқы жағдайдың әсерінен орган мен тін қызметінің бұзылуы. Жарақат әр түрлі жағдайдың (химия, физика, механикалық, т.б.) әсерінен пайда болады. Осыған байланысты жарақат бірнеше түрге бөлінеді:
1) механикалық жарақат -- сыртқы күштің әсерінен пайда болады. Бұған, көбінесе, жара, буын шығу, сіңір созылу, қан кету, қан құйылу, т.б. жатады;
2) термикалық жарақат -- жоғары не төмен температура (үсу, күйік), электр тогы, рентген сәулелері әсерінен;
3) химиялық жарақат -- қышқыл, сілті, улы заттардың әсерінен;
4) биологиялық жарақат -- бактериялық уланудың (токсиндердің) әсерінен;
5) психикалық жарақат -- орталық жүйке қызметінің бұзылуынан болады.
Механикалық жарақат - организмге әсер еткен механикалық күшпен пайда болып, ұлпалар мен ағзалардың әр түрлі дәрежеде зақымдалуын тудырады. Жарақаттың пайда болуына себепкер факторларға организмге витаминдер мен минералдардық заттардың жетіспеушілігі, заттар алмасуының бұзылуы, малдың арықтап қалуы т.б. Осы сияқты жағдайлар жатады. Жарақаттың пайда болуы мал түлігінің жасына да байланысты, жас және кәрі малдардың терісі, ұлпалары сіңірі, тарамысы және сүйегі механикалық күштің әсеріне төзімділігі төмен болады. Жылқы мен иттің сіңірі тарамысы терісі және тарамысы ірі қара мал мен шошқаға қарағанда мықты болады. (И.И. Малда Б.З. Иткин, И.Н. Воронин 1979).
Механикалық күш организм ұлпаларына соғу, бұрау, қысу, жанасу, сияқты түрлерде әсер етеді. Ұлпалардың зақымдалу дәрежесі механикалық кұштің бағыты мен әсеріне, жағымдығына, әсер етуші заттың тығыздығына, көлеміне, ұлпалар мен ағзалардың физиологиялық жағдайына тікелей байланысты.
Мысалы: қуысы толы асқазан, қуық ішектерге оқ тисе олардың зақымдалуы қатты да көлемді болады. сол сияқты буаз малдарды остеомаляция дамығандықтан сүйектері сынған жағдай да көп жерден сынатыны байқалады.
Механикалық жарақат жабық және ашық, операциялық, кездейсоқ, тума және соғыс кезіндегі болып бөлінеді. Тері бүтіндігі бұзылмай пайда болған жарақаттар жабық жарақаттар дейміз. Бұған ұлпалар мен ағзалардың үзілуі, жарылыуы, созылуы, буынның шығуы, сүйектің сынуы жатады. Тері анатомо гистологиялық құрылысының ерекшелігіне байланысты өте созылғыш және мықты болады, сол себепті тарамыс - сіңірлер үзіліп, созылып жатқанда, сүйектер сынып жаншылып ұнтақталған жағдайларда терінің бүтінділігі сақталады. (К.И. Шакалов 1972, Л.И. Целишев 1965)
Егер тері немесе кілегей қабатының бүтіндігі бұылған жарақаттарды (кесілу тіліну) ашық механикалық жарақат дейміз. Оларға әр түрлі жаралар, ашық сынықтар мен буындардың ашық шығуы жатады. (И.Е. Паваженко, С.И. Братюха 1952)
Жарақаттар күш тікелей әсер еткен жерде одан алшақ жерде болуы мүмкін. Мысалы: күш малдың жілігіне тікелей әсер етсе, ол сүйек сол жерден шорт сынады. Ал егер мал биіктен алдыңғы аяғына салмақ түсіріп құласа, күш тіке тұяққа әсер етеді. Малдың тоқпан жілігі орнына тайып (шығып) кетуі мүмкін (Г.А. Ишмухамедов, 1995)
Кейде механикалық күштің әсерімен ұлпалармен ағзаларда молекулярлық өзгерістер пайда болса, оны шайқалу (сотресенние) немесе контузия дейді. (Белов А.Б, 1990)
Физикалық жарақат ыстық суықтық электрдің және сәуленің әсерінен пайда болады. Мысалы: малдың отқа күйгені, суыққа үсігені, электр тоғы немесе найзағайдың әсері жатады (Г.С. Кузнецов, 1980)
2.2. Жара (nulnus) деп - терінің кілегей қабығының және терең жатқан ұлпалардың ашық механикалық жарақаттануын айтамыз. Оның белгілері - ауырсыну, қабырғасының ажырауы, қан ағу және қызметінің бұзылуы. Терінің эпидермисінің жаралануын жырылу, тырналу дейді. Жараның жиегі, қабырғасы, түбі және қуысы болады. Жиегі тері немесе кілегей қабықтан, қабырғасы - борпылдақ дәнекер ұлпадан, шандырдан, бұлшық еттерден тұрады. Түбі бұлшық еттен немесе сіңірлерден тұрады. Анатомиялық табиғи қуысқа енген жараны қуысқа енген жара, ал жара дененің белгілі бір бөлігін тесіп өтіп, оның кірер және шығар тесігі болса оны тесіліп өткен жара деп атайды. Жара асқынып бүкіл денеге әсер еткен жағдайда жара ауруы дамиды.
Жара - бұл ашық жарақат. Жараларды зерттейтін
ғылым вульнерология деп аталады. Жаралар туралы ілім хирургияның негізін құрайды. Олар жарақаттардың кең таралған түрі болып табылады.
Жаралардың түрлері.
1. Жарақатқа байланысты - жаралар операциялық және кездейсоқ болып жіктеледі. Операциялық жаралар малға әртүрлі асептикалық операция жасағанда (пішу, жарыққа операция т.б.) және абсцесс, флегмона тағы сол сияқты инфекциялық процестерді тіліп өңдегенде пайда болады. Кездейсоқ және соғыс жаралары себептеріне қарай тағы бөлінеді. Олардың түрлері - түйрелген, шабылған, тілінген, соғылған, жыртылған, тістелген, жаншылған және уланған жаралар.
2. Зақымдалу түріне байланысты - жаралар кесілген, тесілген, шабылған, соғылған, жаншылған, жыртылған, тістелген, уланған, атылған және аралас болып бөлінеді.
3. Инфицирлену дәрежесіне байланысты - олар асептикалық (тек қана операциялық), инфицирленген (барлық кездейсоқ жаралар) болып жіктеледі.
4.Жанында орналасқан ішкі қуыстарға қатысына байланысты - енетін және енбейтін болып бөлінеді.
5. Әсер етуші факторларға байланысты - жаралардың асқынған және асқынбаған түрлерін ажыратады. Асқынбаған жарада тек механикалық зақым ғана болса, ал асқынған жараларда механикалық жарақатпен бірге, басқа да қосымша факторлардың әсері қосылады: удың, улы және радиоактивті заттардың, инфекцияның, күйік пен үсіктің әсері. Жаралардың ерте және кеш асқынуларын ажыратады. Ерте дамитын асқынулары: шок, қансырау, жедел қан жоғалту, анемия. Кеш пайда болатын асқынулары: іріңдеу, екіншілік кеш қансырау, жалпы іріңді инфекция сепсис, анаэробты инфекция, сіреспе.
Түйрелген жаралар (vulnus punctum). Ол үшкір заттармен (шеге, ағаш бұтағы, сым, темір, біз т.б.) жарақатталғанда пайда болады. Бұл заттар денеге ұлпаларды ығыстырып көп жарақаттамай енеді, тесік жаралардың ауызы кішкене, қуысы терең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың жарақаттанулары және оның алдын алу
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯ-2 ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Жарақаттан естен тану туралы түсінік
Жарақат туралы
Сот медицинасы - сот істерін жүргізу кезінде туындайтын медициналық және биологиялық мәселелерді зерттейтін медицина ғылымының бір саласы
Ауылшаруашылық жануарларының жарақаттары
Доғал заттармен салынатын жарақаттар және олардың жалпы сипаттамасы
Жарақат ұғымы және түрлері
Электр тоғының әсер ету механизмі
Зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету
Пәндер