Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ ТҮСІНІГІ, ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні ... ... ... ..10
1.3 Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігн арттырудың басым бағыттары ... ... ...25

2 КӘСIПОРЫНДА БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.1Туристік кәсіпорын қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау ... ... ...21
2.2Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың альтернативті стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Курстық жұмыстың өзектілігі:Қазіргі кезде Қазақстан нарықтық экономикалық ел ретінде танылған мемлекет, ол жаңа экономикалық даму кезеңіне жол ашты. Көптеген жылдар бойы қалыптасқан жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшуі, экономикада жаңа ұғымдардың пайда болуына алып келді. Сол ұғымдар арасында «Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі» ұғымы қазіргі уақытта кең қолданысқа ие. Өнімнің сапа және бәсекеге қабілеттілігі мәселесі қазіргі жағдайда әмбебап сипатқа ие.
2007 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында бәсекеге қабілеттілік – Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғам дастыққа табысты кірігуінің кілті деп айтылған. Бұл – біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыз және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту және мұның қажетті шарты – Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің озық халықаралық стандарттардың сапалық деңгейіне шығуы деп елбасымыз айтып кетті.
Қазіргі уақытта еліміз биік белесті бағындыру қарсаңында. Елдің дамуы бағытын анықтайтын және оған қарқын беретін « Әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына ену стратегиясы» және БСҰ-ға кіру нағыз ұлттық идеяға айналған. Осыған жетудің бірден-бір жолы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Нарықтық қатынас жағдайында тиімді еңбек ету бәсекелестік тартымдылықты күрделей түсе отырып, кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуіне итермелейді. Сапалы бәсекеге лайықты өнім өндіруге барлық өндірістер жұмыс істейді, бұл олардың тұрақтылық пен жаңалаудың бір түрі. Осы қойылған мақсаттарға дету үшін, олар өздеріне ұзақ мерзімді бағдарлама қабылдайды.
2010 жылдың қаңтарында ел халқына жолдауында елбасымыз Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жария етті.
Қазірдің өзінде оны жүзеге асырудың алғашқы жылының нақты қорытындылары бар. Халықаралық нарыққа шығу үшін сапалы өнім қажет және жоғары сапалы өнім өндіретін салалар білікті мамандармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонда ғана белгілі нәтижелерге қол жеткізгенімізге сенім артуға болады. Елімізде жүзеге асырылып жатқан индустриялық-инновациялық даму стратегиясы да дәл осы мақсаттарды көздейді. Бүкіл ел бойынша сегіз жүзге жуық әртүрлі өндіріс орны құрылды. Статистика мәліметтеріне жүгінсек 700-ге жуық тарта кәсіпорын халықаралық сапа белгісі ИСО – 9001-ге ие болды. Бірақ та бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін әлі де аздық етеді.
Нарықтық экономикада бәсекелестік маңызды фактор болып табылады. Ол адамдардың шаруашылық қызмет жүргізу түріне едәуір дәрежеде ықпал етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: берілген тақырып бойынша бәсекелестіктің мәні мен ерекшеліктерін айқындау, сонымен қатар кәсіпорынның шаруашылығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттырудың тиімділігін көрсету.
1. Ким И.Г., Тарапунова Г.С. Как разработать бизнес-план. Алматы: «LEM» 1998 г.-215-230 бб.
2. Е.П. Голубков. Маркетинговые исследования: теория, практика.-М.: «Финпресс», 1998 г.
3. Бизнес – план: Методические материалы/ Под рад, проф, р.Г.Маниловского.-М.: Финансы и статистика, 1996 г.
4. Тулегенов Б.Т., Джолдасбаева Г.К Разработка бизнес-плана на предприятии. – Алматы, 1997.
5. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия – Учебное пособие. – А.: «Экономика», 1998 г.
6. Бизнес-план : полнoе руководство – Колин Барроу, Пол Барроу, Роберт Браун. – Пер.с анг. М.Веселковой. – М.: «Фаир-Пресс», 2003
7. А. Қ. Мейірбеков, Қ. Ә. Әлімбетов Кәсіпорын экономикасы Алматы, 2003
8.Сажина М.А., Государство в институциональной экономике // Государственное управление: электронный вестник. 2006г. Вып №9.
9. К. Дүйсенбаев «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы, 2005
10. Тусаева А.К., ҚР бағалы қағаздар нарығы және оның үлгілері // АльПари.- 2007. № 3-4 -136-137 бб.
11. Смағұлова Р.О., Мадыханова Қ.Ә., Сатыбалдиева Ж.Ш., Тусаева А.К., «Қаржы, ақша айналысы және несие», - Алматы: Экономика, 2008.-400 бб.
12. Жүнісов Е.Б. Нарықтық экономика негіздері.-Алматы 1994.-167 бб.
13. Н. Л. Зайцев Өндiрiстiк кәсiпорындар экономикасы Қосымша оқулық Алматы, 2005
14. И. Сергеев Кәсiпорын экономикасы. Қосымша оқулық.- М: Қаржы және статистика, 2002 жыл
15. Фирманың экономикалық стратегиясы, қосымша оқулық. 1 А.П. Градов бойынша. – М: Арнайы әдебиет , 2004

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ

КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ ТҮСІНІГІ, ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні ... ... ... ..10
1.3 Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігн арттырудың басым бағыттары ... ... ...25

2 КӘСIПОРЫНДА БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.1 Туристік кәсіпорын қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау ... ... ...21
2.2 Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың альтернативті стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

Кiрiспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде Қазақстан нарықтық экономикалық ел ретінде танылған мемлекет, ол жаңа экономикалық даму кезеңіне жол ашты. Көптеген жылдар бойы қалыптасқан жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшуі, экономикада жаңа ұғымдардың пайда болуына алып келді. Сол ұғымдар арасында Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі ұғымы қазіргі уақытта кең қолданысқа ие. Өнімнің сапа және бәсекеге қабілеттілігі мәселесі қазіргі жағдайда әмбебап сипатқа ие.
2007 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында бәсекеге қабілеттілік - Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғам дастыққа табысты кірігуінің кілті деп айтылған. Бұл - біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыз және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту және мұның қажетті шарты - Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің озық халықаралық стандарттардың сапалық деңгейіне шығуы деп елбасымыз айтып кетті.
Қазіргі уақытта еліміз биік белесті бағындыру қарсаңында. Елдің дамуы бағытын анықтайтын және оған қарқын беретін Әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына ену стратегиясы және БСҰ-ға кіру нағыз ұлттық идеяға айналған. Осыған жетудің бірден-бір жолы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Нарықтық қатынас жағдайында тиімді еңбек ету бәсекелестік тартымдылықты күрделей түсе отырып, кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуіне итермелейді. Сапалы бәсекеге лайықты өнім өндіруге барлық өндірістер жұмыс істейді, бұл олардың тұрақтылық пен жаңалаудың бір түрі. Осы қойылған мақсаттарға дету үшін, олар өздеріне ұзақ мерзімді бағдарлама қабылдайды.
2010 жылдың қаңтарында ел халқына жолдауында елбасымыз Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жария етті.
Қазірдің өзінде оны жүзеге асырудың алғашқы жылының нақты қорытындылары бар. Халықаралық нарыққа шығу үшін сапалы өнім қажет және жоғары сапалы өнім өндіретін салалар білікті мамандармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонда ғана белгілі нәтижелерге қол жеткізгенімізге сенім артуға болады. Елімізде жүзеге асырылып жатқан индустриялық-инновациялық даму стратегиясы да дәл осы мақсаттарды көздейді. Бүкіл ел бойынша сегіз жүзге жуық әртүрлі өндіріс орны құрылды. Статистика мәліметтеріне жүгінсек 700-ге жуық тарта кәсіпорын халықаралық сапа белгісі ИСО - 9001-ге ие болды. Бірақ та бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін әлі де аздық етеді.
Нарықтық экономикада бәсекелестік маңызды фактор болып табылады. Ол адамдардың шаруашылық қызмет жүргізу түріне едәуір дәрежеде ықпал етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: берілген тақырып бойынша бәсекелестіктің мәні мен ерекшеліктерін айқындау, сонымен қатар кәсіпорынның шаруашылығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттырудың тиімділігін көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
2. кәсіпорын шаруашылығындағы бәсекеге қабілеттіліктің маңыздылығын арттыру;
3. кәсіпорын шаруашылығындағы бәсекге қабілеттілікті арттырудың қажеттіліктерін көрсету;
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің ататуы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.

1. КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ ТҮСІНІГІ, ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен ерекшеліктері

Бәсекелестік - бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес. Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес. Ол тауарлардың сапасы мен арзандығына байланысты. 19 ғасырдың ортасында нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен болды. Ол тұтынушылардың талабы мен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға еңбек өнімдерін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды.
Бәсеке (Состязание; contention) -- ортақ ресурсты пайдаланудағы жүйелердің немесе программалардың өзара таласушылығы; қандай жұмыс бекетінің арнаға қатынас құра алатынын анықтауға мүмкіндік беретін ұстаным.
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі. Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл ретінде жинақталады.
Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады:өндіріс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру; өндірісті ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі; бәсекеге төзімді өнім өндіру; өнімді сату. Бұл үшін оның саны анықталады, өткізілетін орны мен уақыты белгіленеді; пайда есебінен инвестициялық қор жасау және оны өндірісті кеңейту үшін пайдалану.
Өнімнің өмір сүру циклі бәсекелік күрес дәрежесіне елеулі әсер етеді. Өнімнің өмір сүру цикліне оның шығарыла бастауынан өндірілуі тоқтағанша жүріп отыратын мерзімі, өмірі жатады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады:жаңа өнімді игеріп, өндіріске енгізіп орналастыру. Бұл арада сату көлемі көп емес, шығарылған өнімнің бағасы жоғары болады; өндірістің өсуі - өндірістің масштабы өседі, сұраныс өседі, жоғары баға сақталады; кемелдену. Өндіріс көлемі ең жоғары дәрежеге жетеді, сұраныс толық қанағаттанады, өндіріс қарқыны бәсеңдейді, бәсеке шиеленіседі, баға төмендей бастайды; ескіру. Бұл фазада сұраныс төменгі шегіне жетеді, өндіру азаяды. Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнімнің басым көбінің өндірілуі тоқталады, жаңа өнім өндіру басталады.
Бәсекелестіктің негізгі 2 түрі бар:
1. сала ішіндегі бәсекелестік - бұл саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғарғы еңбек өнімділігі бар, ғылыми техниканы қолданып кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорынның табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін
2. салааралық бәсекелестік - бұл халық шаруашылығы салалар арасындағы күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады.
Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып халықтың әл-ауқаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми техникалық жетістіктер негізінде жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.
Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері - бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әрқайсысы кәсіпкерліктің қай түрінен болмасын айналасуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар:
1.өзі араласып кәсіп жасайды;
2.жұмысшылар жалдайды;
3.акция облигация сатып алады;
4. акциясын банкке салады, кейбірулер өндірісті қаржыландырады т.б.
Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күн көруге тырысады.Еркін бәсекелестік жағдайын ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса 2-ші салада тауар жетіспейді. Бұл фирманың табысы өссе 2- шісі күйрейді. Сонда өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады. Ол монополия құруына әкелді, яғни нарықты басып алады. Жетілмеген бәсекелестік нарығы бұл таза монополия. Монополиялық бәсеке - бұл олигополия. Таза монополия өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның 4 ерекшелігі бар:
1. сатушы тек қана бірфирма
2. сатылатын тауарлардың орнын басатын тауар жоқ.
3. монополист нарықты билейді және бағаны бақылайды
4.нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды.
Нарықтық экономиканы дамытудағы бәсекенің мәнін XVIII ғасырда ағылшынның кемеңгер экономисі Адам Смит әйгілі "көрінбейтін қол" қағидасында ашып көрсеткен. Адам Смит бойынша бәсеке механизм іспеттес, сол арқылы жеке көзқарастар мен экономикалық тиімділік қалыптасады, салалар арасында игіліктердің тиімді бөлінуі жүзеге асады, пайда мөлшері теңеледі.Қазіргі ғалым экономистер өз еңбектерінде бәсекеге қатысты көзқарастарын жаңа ойлармен сипаттап, бәсеке теориясының дамуына өз үлестерін қосуда.Ресейлік ғалым А.Ю. Юдановтың пікірінше "нарықтық бәсеке - нарық сегментінің тиісті бөлігінде, тұтынушының шектеулі көлемдегі төлем қабілеті бар сұранысы үшін фирмалар арасындағы тартыс"..
Бәсеке - белгілі бір мақсатқа жету үшін заңды немесе жеке тұлғалар (бәсекелестер) арасында болатын тартысты бейнелейді дейді Г.Л. Азоев пен А.П. Челенкоев.
Бәсеке - бұл субъектінің объективті немесе субъективті қажеттіліктерін заңдылық шеңберінде, не қалыпты жағдайда қанағаттандыру үшін бәсекелестерімен тартыс барысында жеңіске немесе басқа да мақсаттарға жетуде өзінің бәсекелестік артықшылықтарымен басқару үрдісі. Бәсеке қандай да бір қызмет аясында жақсы нәтижелерге жету үшін болатын экономикалық жарыс, тауар өндірушілердің тиімді шаруашылық жағдайы үшін, мол пайда алуға бағытталған күрес деп айтса да болады."Нарықтық экономиканың анықтамалығында" бәсеке дегеніміз - жеке өнім өндірушілер, жұмыс істеушілер, қызмет көрсетушілер арасында өз мүддесі жолындағы бәсекені айтады.
Нарықтық экономикада бәсекелестік негізгі реттеуші қызмет атқарады. Оның күш-қуаты стихиялы сипатқа ие, егер ол басқа мехенизмдермен түзетіліп отырмаса экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа да қажетсіз зардаптарға ұрындыруы мүмкін.Қазақстандық бір топ ғалымдар бәсекелестік қабілетке төмендегідей анықтама береді: "бәсекелестік қабілет - өнімдердің нақты қоғамдық қажеттіліктерге сәйкестік деңгеймен, сондай-ақ оны қанағаттандыруға кеткен шығындармен бейнелейді". Сол сияқты, тамақ өнеркәсібінің бәсекелестік қабілетін жүйелі түрде зерттеген ғалым-экономист С.Б. Ахметжанова "бәсекеге қабілетті өнім, бәсекелестердің нарыққа ұсынған ұқсас тауарларымен салыстырғанда, сапасы мен бағасы жағынан ерекшеленеді" деген пікір білдіреді.Өнімнің бәсекелік қабілетін оның бағасы арқылы сипаттау әрекеттері де қолданылуда. Бұл бағаны қалыптастырудың квалиметриялық әдістемесін жақтайтындардың анықтамаларында көрсетеді. Олардың пікірінше, тауардың бағасы - оның тұтынушылық және құндық қасиеттерін бейнелейтін әмбебеп сипатқа ие. Бағасына байланысты тауарлардың айырмашылықтары қалыптасады, осы себепті тауарлар бір-бірімен бәсекеге түседі. Алайда, бұл көзқарасты баға бәсекесі теріске шығарады, өйткені, біркелкі тұтынушылық сипатқа ие тауарлар әртүрлі бағамен сатылуы мүмкін.Өнімнің бәсекелік қабілетін екі топ факторлармен анықтайтын салыстырмалы сипатпен қарастыру жағдайлары да кездеседі, яғни, өнімнің сапасы мен қарастырылатын өткізу нарығының талаптары арқылы.
Шындығында, өнім бәсекеге қабілетті болу үшін өткізілетін нарықтың тиісті талаптарына сай жоғарғы сапалы болуы тиіс. Алайда, бұл жағдайдың өзі өнімнің бәсекеге қабілетті екендігін көрсетеді. Бәсекелестік қабілет өнімді өткізу барысында басқа тауарлар мен салыстыру арқылы анықталады.
Қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейі және оған кеткен шығындылық арқылы анықталатын өнімнің салыстырмалы сипаттағы бәсекелік қабілеті тұтынушылардың бір өнімнен екіншісін жоғары бағалау арқылы анықтайтынын ескермейді.
Осыған байланысты, өнімнің бәсекелік қабілеті - оның ұқсас басқа өніммен айырмашылығында ғана емес, салыстырмалы ерекшелігінің де болуында.
Негізінен, өнімнің бәсекелік қабілеті оның нақты қажеттілік үшін құндылығымен анықталады. Әр бір тұтынушы қандай да бір өнімді сатып аларда оның қажеттілігін өтеудегі тиімділігінескереді. Егер, өнім тұтынушылардың қажеттілігіне сай болып тұрса, онда оның бәсекелестік қабілетін бағалау құнына қарай ауысады. Яғни, тұтынушы, бір жағынан, өнімнің пайдалану тиімділігін ескерсе, екінші жағынан, оған кеткен шығынды ойлайды.
Бұл жерден шығатыны, өнімнің бәсекелік қабілеті - бұл өнімнің бәсекелес өндірушілерінің ұқсас өнімдерімен салыстырғанда жоғары тұтынушылық қасиеттерімен, төмен бағамен, тартымдылығымен және оның қажеттілікті өтеу құндылығымен ерекшелену сипаты. Бұл анықтама өнімнің бәсекелік қабілетінің маңызын мейлінше толық түрде бейнелейді деген ойдамыз.
Жалпы алғанда, өнімнің бәсекелік қабілеті бірнеше маңызды қасиеттерге ие:
1) бәсекелік қабілет - салыстырмалы шама, яғни ол ұқсас өнімдермен теңестіру арқылы анықталады;
2) ол динамикалық шама, яғни уақытқа байланысты өзгереді, тауардың өмірлік циклына және басқа да жағдайларға тәуелді;
3) әр бір тұтынушылардың жеке талғамы әр бір өнімнің бәсекелік қабілетіне өздігінше әсер етеді. Сондықтан, өнімнің бәсекелік қабілеті құбылмалы сипатқа ие;
4) бәсекелік қабілет нақты, яғни ол өнімнің белгілі бір түріне, нарыққа, ҒТП даму деңгейіне, қоғамдық еңбек жүйелеріне және т.с.с. байланысты.
5) бәсекелік қабілетке әсер етуге болады, ол оның құндылығын арттыру үшін маңызды.
Осы жағдайларға байланысты, бәсекелік қабілетті жүйелі түрде, уақытқа және қоғамдық талаптарға сай, тұтынушы үшін де, өндіруші үшін де зерттеу қажет.
Сонымен жоғарыда айтылған өнімнің бәсекелік қабілетіне қатысты анықтамаларды жинақтай келе, келесі пайымдауларды атап өтуге болады:
oo өнімнің бәсекелік қабілеті - бұл тек нарықтық экономикаға тән категория.
oo бәсеке жоқ жерде өнімнің бәсекелік қабілеті туралы сөз болуы мүмкін емес;
oo бәсекелік қабілет - салыстырмалы түсінік, өйткені ол тұтынушы талғамын қанағаттандыруға бағытталған тауарларды бір-бірімен салыстыру арқылы анықтайды;
oo өнімнің бәсекелік қабілеті - бұл өнімнің бәсекелес өндірушілердің ұқсас өнімдермен салыстырғанда жоғары тұтынушылық қасиеттерімен, төмен бағамен, тартымдылығымен және оның қажеттілікті өтеу құндылығымен ерекшелену сипаты.
oo бәсеке қабілеті өнімді қалыптастыру тұтынушылардың талғамын қанағаттандыратын сапалық және құндық, әрі тартымдылық сипаты тиімді ерекшеліктер арқылы жүзеге асады;
oo өнімнің бәсекелік қабілеті уақыт ағымына, өткізу нарығына, халықтың өзгермелі сұранысына тәуелді өзгермелі құбылыс.
Өнімнің бәсекелік қабілеті, түпкі нәтижеде, кәсіпорынның бәсекелік қабілетін анықтайтын көрсеткіш екенін ескерсек, осыған қатысты анықтаманы да келтіре кеткен жөн.
Өнімнің бәсекелік қабілеті сияқты, кәсіпорынның бәсекелік қабілетіне қатысты біріңғай қалыптасқан тұрақты анықтама жоқ. Бұл мағынаға қатысты бірнеше көзқарас қалыптасқан, олардың негіздері болып кәсіпорынның нарықтағы үлесі, табыстылығы, өнімді өткізу көлемі саналады.
М. Портердің негіздеуінше кәсіпорынның бәсекелік қабілетін анықтайтын бес бәсекелік күші бар:
oo бір саланың бәсекелес кәсіпорындары арасындағы тартыс;
oo ауыстырмалы-тауарлар шығаратын кәсіпорындар тарапынан болатын
oo бәсеке;
oo салаға жаңа бәсекелестердің ену қаупі;
oo тасымалдаушылардың саудаласу мүмкіндіктері;
oo тұтынушылардың саудаласу мүмкіндігі.
Тағы бір анықтама былайша пайымдалады: "кәсіпорынның бәсекелік қабілеті" деп - оның бәсекелес кәсіпорындармен салыстырса технология, тәжірибелік іскерлігі, персоналдардың білімі, стратегиялық және ағымды жоспарлау, сапа, коммуникация сынды артықшылықтарымен ерекшеленуін айтады.
Біздің көзқарас бойынша, төмендегі анықтама кәсіпорынның бәсекелік қабілеті туралы мағынаны толық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс ашады: "бәсекелестермен салыстырғанда бағалық және бағалық емес сипаттары бойынша тауарлары тұтынушыларға ұнамды, дер кезінде жоспарлап, дайындап, өткізуге нақты мүмкіндігі бар кәсіпорын бәсекеге қабілетті" болып саналады.
Өнім мен кәсіпорынның бәсекелік қабілеті тығыз байланысты болғанымен, мағыналары жағынан ерекшеленеді. Негізгі ерекшелену белгілері мыналар:
- біріншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті белгілі бір қысқа уақыт аралығында анықталса, кәсіпорынның бәсекелік қабілеті, салыстырмалы түрде, ұзақ уақыт бойынша анықталады;
- екіншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті тұтынушылардың әсеріне тікелей байланысты. Ал кәсіпорынның тиімділігін кәсіпкердің өзі анықтап, керек кезінде өндірістік-өткізу қызметіне қажетті стратегияларды енгізіп отырады. Кәсіпорынның бәсекелік қабілетті деңгейі туралы мәлімет инвесторлар мен әріптестер үшін маңызды. Тұтынушы үшін өндірістің тиімділігі мен шығындық көлемі қызықтырмайды;
- үшіншіден, кәсіпорын бірнеше өнім түрін шығарумен қатар, өндіріске байланыссыз басқа да қызмет түрлерімен айналысуы мүмкін (мәселен, инвестициялық, делдалдық және т.б). Кәсіпорынның бәсекелік қабілеті барлық өнім ассортиментінің бәсекелік қабілетіне және әр бір қызмет түрінің орындалу тиімділігіне байланысты.
- төртіншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті кәсіпорынның бәсекелік қабілетін анықтайды, бірақ толық көлемде емес. Мәселен, өнімнің бәсекелік қабілетін бағаны төмендету арқылы қамтамасыз етуге болады. Алайда, осы өнімді өндіруге кеткен шығын көлемі толық жабылмай, табыс болмауы да мүмкін. Бұл кезде кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері ықпал болып, оның бәсекелік қабілеті төмендеуі де мүмкін.
Сонымен кәсіпорынның бәсекелік қабілеті, өнімнің бәсекелік қабілетіне қарағанда, экономикалық маңызыжағынан кең ұғымды білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде, өнімнің бәсекелік қабілеті келесі факторлармен анықталады:
- өнім сапасының нарықтық және нақты тұтынушылардың талабына сай болуымен
- сатып алуға, жеткізуге кеткен шығындармен; - тұтынушыларға тиімді уақытта жеткізу жағдайымен; - кәсіпорынның нарығындағы беделімен және сенімді әріптес болатындығы туралы дәлелімен.
Біздіңше, өнімнің бәсекелік қабілеті 1-суретте көрсетілген негізгі кешенді үш факторларға тәуелді:
1. Міндет - өнімнің қандай мақсатқа пайдаланатынының оның функционалдық мүмкіндіктерін, сол арқылы осы өнімді тұтынушылар тобын анықтайды.
2. Жоғары сапа - бағалық емес бәсекеде үлкен мәнге ие. Сондықтан, сапаны өнімнің бәсекелік қабілетінің кешенді көрсеткіші ретінде қарастыруға болады.
3. Баға - тауар құнының ақшалай көрінісі. өнімге деген сұраныс пен ұсыныс тең болғанда баға мен құн да теңеседі. Ұсыныстың сұраныстан артуы бағаны төмендетеді, ал керісінше нарықтағы сұраныс артса, онда өнімнің бағасы құнынан әлде қайда жоғары болады. Нарықтық экономика жағдайында баға объективті экономикалық заңдылықтарға, ең алдымен, құн заңына сай қалыптасады.

1.2 Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні

Ұлттық экономикадағы нақты саланың дамуын қамтамасыз етуде, отандық өндірушілердің өнімдерін әлемдік нарыктың сұранысына сәйкестендіру бағытында атқарылатын іс-шаралардың тобына шығарылатын өнімдердің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету мәселесін жатқызуға болады.
Қазіргі кезде өзекті болып отырған мемлекеттің экономикалық, азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру әрекеттері де сырткы өндірушілердің ұқсас өнімдеріне төтеп бере алатын отандық өнімдердің өндірілуіне тәуелді.
Еліміздің табиғи, экономикалық, ұлттық ерекшеліктеріне сай иелігіміздегі кұндылықтарды барынша тиімді, әрі ұтымды жұмсау, тек ішкі нарықта ғана емес, әлемдік нарықта да жоғары сұранысқа ие болатын халық тұтынатын тауарлар шығару, сол нарықтың қомақты бөлігін қосылған құны жоғары өнімдер өткізу арқылы иемдену, осы арқылы мемлекетіміздің беделін арттыру бүгінгі таңда қарқынды жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық үрдістердің негізін қалайды.
Сонымен қатар, тұтыну нарығындағы өскелең талаптар да отандық тауар өндірушілерге шығаратын өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға қойып отыр. Мұның өзі бәсекелік ортаның дамуына, өндірілетін өнімнің сапасын жоғарылатуға, бағаны төмендетуге ықпалын тигізіп, тұтынушылардың кең көлемді сұранысын қанағаттандыруға итермелейді. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі фактор екенін уақыттың өзі дәлелдеуде.
Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз -- кез-келген экономикалық объектілерге тән қасиет. Физикалық табиғатына және атқаратын қабілетіне қарамай, барлық тауарлар, сондай-ақ оларды өндіру, пайдалану жүйелері бәсеке мәселесі шеңберінде қарастырылады, тіпті мұндай талдау аспектісі абстрактілі емес, нақты экономикалық қызметтің практикалық мәні.
М. Эрлих және Дж. Хайн пікірлері бойынша бәсеке қабілеті -- фирманың өз тауарын сату қабілеті.
Бәсеке қабілеттілік түсінігі XX ғасырдың 70 жылдарында Батыста пайда болды. Шамамен сол уакытта өнімнің бәсеке қабілеттілігі мәселесімен КСРО да айналыса бастады.
Бәсекеге қабілеттілік -- өнеркәсіптік өнімнің құндық және сапалық параметрлерін ғана қамтымай, сондай-ақ кәсіпорын қызметіндегі инвестиция мен инновациялық басқаруға, менеджмент деңгейіне тәуелді жан-жақты ұғым.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі -- тауарлардың тұтынушы қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықты өз орнын табуы. Басқа сөзбен айтқанда, бұл тұтынушының талғамына сай келетін және оның сатылуын қамтамасыз ететін онімнің қасиеттері.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің сипаттамалары қандай? Оның негізгі кұрауыштарын атап өтейік:
А. Негізгі құрауышы өнімнің өзімен тікелей байланысты және оның сапасына көп көңіл аударылады. Көптеген зерттеулер нәтижесінде өнімді сатып алу туралы қорытынды шешім (30-35%) оның сапалық сипаттамаларымен байланысты екенін көрсетеді.
В. Екінші құрауышы өнімді сату мен сервисімен байланысты. Тұтынушы көбіне өнімнің сапасы төмен, бірақ сенімді және қымбат емес сервиспеи (мысалы, авто-мототехника) сатылатын тауарды таңдайды.
С. Үшінші құрауыш бұл тұтыкушыға, субъективті фактор ретінде жағымды немесе жағымсыз әсерін тигізетінің бәрі.
Кәсіпорын өнімінін. Бәсекеге қабілеттілігін модельдеудің мақсаты бәкелес кәсіпорынның өнімдері арасында нарықты бөлудің нарықтық механизмін модельдеуге келіп тіреледі.
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір фактордардың ықпалымен қалыптасады. Олардың арасындағы негізгілері:
:: Баға;
:: Сапалық;
:: Жаңалык;
:: Жарнама;
:: Пайдалану сенімділігі;
:: Көркемдеу, мәнерлеу;
:: Буып-түю, т. б.
Кең мағынады бәсекеге қабілеттілік бұл - күрделі нарықтық жағдайдағы жұмыс философиясы. Ең алдымен ол тұтынушының қажеттілігін білу мен қанағаттандыру; нарықтың дамуы мен жағдайды тусіну; бәсекелестердің мүмкіндіктері мен қимылдарын алдын-ала білуіне бағытталған.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін оны баска өніммен салыстырғанда ғана анықталады, бұл салыстырмалы көрсеткіш болып табылады. Ол берілген тауардың басқа тауарынан белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру дәрежесі бойынша айырмашылығын көрсетеді. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтау үшін белгілі бір қажеттілікке сәйкес келу дәрежесі бойынш басқа тауарлармен салыстырып қана қоймай, сонымен бірге тұтынушының тауарға жұмсаған шығыны мен өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін оның әрі қарай қолданылуы да есептеледі.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілік мәселесі қазіргі жағдайдағы әлемде әмбебап сипатқа ие болды.Әрбір мемлекеттің тұтынушының экономикалық және әлеуметтік өмірі оның қаншалықты табысты шешілуіне қарай байланысты. Бәсекеге қабілеттілік - мемлекеттің, өндірушінің өнім шығару мен өткізудің мүмкіншілігінің жиынтығы десек те болады. Бәсекелік факторының өзі мәжбүрлік сипатқа ие нарықтан ығыстыру қорқынышы өндірушілерді өз тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі мен сапа жүйесімен тоқтаусыз шұғылдануға мәжбүр етеді, ал нарық олардың қызметінің нәтижелерін объективті және қатал бағалайды. Дамыған бәсекелестік нарыкта ӨНІМНІҢ бәсекеге қабілеттілігі оның коммерциялық табыстың шешуші факторы болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік тауардың нарық жағдайына тұтынушының қажеттілігіне тек сапа, техникалық экономикалық эстетикалық сипаттамалары бойынша ғана емес, сонымен бірге коммерциялық және өткізудің басқа жағдайларына (баға, жеткізу мерзімі,өткізу жолдары, сервис жарнама) байланысты болатын көп аспектілі түсінік. Сонымен қатар өнімнің бәсекеге қабіліттіліктің негізгі құрама бөлігі болып эксплуатация уақытына тұтынушының шығын деңгейі табылады. Басқаша айтқанда бәсекеге қабілеттілік - нарықтағы табысты анықтайтын гауардың тұтынушылық және құндылық (бағалық) сипаттамалардың кешені, яғни бәсекелес аналог тауарлардың алдында берілген тауардың артықшылығы. Тауарлардың артынан олардың өндірушілері тұрғандықтан, сәйкесінше бәсеке қабілеттілікті кәсіпорындар, кәсіподақтар, фирмалар, мемлекеттің негізінде айтуға болады. Нарықтағы әрбір тауар қоғамдық қажеттіліктерін қанағатгандыру көрсеткішіне тексеру өтеді: әрбір сатып алушы оның жеке қажеттілігін толығымен қанағаттандыратын тауарды сатып алады, ал барлық сатып алушылар бәсекелес тауарларға қарағанда қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан өнімнің бәсекеге қабілеттілігін (яғни, бәсекелестік нарықта коммерциялық тиімді өткізудің мүмкіншілігі) бәсекелестердің тауарларын бір-бірімен салыстыру негізінде ғана анықтауға болады. Басқаша айтқанда, бәсекеге қабілеітілік нақты бір сату уақытына байланысты салыстырмалы түсінік. Әрбір сатып алушыда өз қажеттіліктерін қанағаттандырудың бағалаудың жеке критериі бар болғандықтан, мұнда бәсекеге қабілеттілік жеке сипатқа ие болады. Cоыдыктан, бәсекеге қабілеттілік тұтынушы үшін қызуғышылық туғызатын (берілгеп қажеттіліктерді қанағаттандыруына кепіл береді) қасиеітермен ғана анықталады. Бұл қызығушылықтың шегінен шықкан өнімнің барлык қасиеітері бәсекеге қабілеттілікті бағалағанда белгілі бір жағдайда оған қатысы жоқ деп есептеледі. Нормалар, стандарттар мен құкықтардың шамадан тыс асуы (мемлекеттік талаптардан басқа) өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жақсартып қана қоймай, керісінше оны түсіреді, өйткені ол сатып алушының құндылығын көбейтпей, бағаның өсуіне әкеледі; сондықтан ол өнім тұтынушыға - тиімсіз болып көрінеді.
Өнімнің бәсекеге қабілетгілігінің зерттелуі оның өмірлік циклының фазаларына тығыз байланысты үздіксіз және жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Мұның өзі бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің төмендеудің бас кезеңін уақытылы анықтау мен лайықты шешімдерді қабылдау (мысалы. өнімді өндірістен шығару, оны модернизациялау, нарықтың басқа секторына ауыстыру, т.с.с.) үшін қажет.
Егерде ескі өнім өз бәсекеге қабілеттілік ұстанымын түгелдей жоймаса, ал кәсіпорын жаңа өнім шығаруды көздесе бұл экономикалық тиімсіз болады. Сонымем қатар, әрбір тауар нарыққа шыққаннан кейін өзінің бәсекеге қабілеттілік әлуетін бірте-бірте жұмсай бастайды. Бұл процесті баяулатып, уақытша ұстап тұруға болады, бірақ оны тоқтату мүмкін емес. Сондықтан. жаңа өнім ескі өнім бәсекеге кабілеттілігінде маңызды жоғалтулар болған кезде нарыққа шығаруды қамтамасыз ететін график бойынша болжайды. Яғни жаңа тауардың бәсекеге қабілеттілігі озық және ұзақ уақыттық болу қажет.
Тауар өндіруші өзінің нақты бәсекелестерін, олардың мүмкіндіктерін, артықшылықтары мен кемшіліктері ғана емес, сондай-ақ тандаған нарықтағы бәсекелестірдің жалпы жағдайын, яғни осы нарықтың бәсекелестік сипатына байланысты типін, өзінің салалық нарығындағы бәсекелестіктің қозғаушы күштерін өте жақсы білуі керек. Бұл жағдайда өз бәсекелестерінің іс әрекеттері сипатын бағалау жүйесін, оның ішінде олардың іс-әрекеттерінің құрылымдық талдауын пайдалануға болады.
Бәсекелестер өткізу торабының құралуын және олардың өткізуді ынталандыру құралдары талдау
Бәсекелестіктің салалық деңгейдегі қозғаушы күштерін зерттеу нарықық экономика жағдайында барлық деңгейлерде көрініс табатын жалпылама бәсекелестік механизмінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұндай зерттеу келесідей аспектілерді қамтиды: Салада потенциалды бәсекелестердің, яғни жаңа тауар өндірушілердің пайда болуы, бағалардың төмендеуі және (немесе) шығындардың өсуі, тиісінше пайда нормасының түсуіне алып келуі мүмкін өндірістік қуаттардың артуына әкеліп соқтырады.
Нарыққа жаңа бәсекелестердің енуі барысында белгілі бір тосқауылдар болуы мумкін. Олардың негізгілері:
:: өндіріс қажеттіліктерінің үнемделуі;
:: өнімнің жіктелуі мен сатып алушылардың да сол кезендегі шығындары:
:: тарату каналдарының салыстырмалы жетіспеушілігі;
:: саладағы артықшылықтардың болуымен белгіленетін тосқауылдар.
Нарықта әрекет етуші компаниялар арасында бәсекелестіктің қарқандылығы мынандай факторлармен анықталады:
:: бәсекелестердің сан жағынан көп болуы және олардың күштерінің теңдігі;
:: саланың салыстырмалы баяу өсуі;
:: үстеме шығындар немесе тауарлы-материалдық қорлар құны түріндегі тұракты шығындардың жоғары деңгейі;
:: дифференциацияның жоқтығы (және тиісіншс - конверсия шығындары);
:: куаттардың секірмелі өсімі;
:: жоғары деңгейге шығу тосқауылдары.
Бәсеке сипаттамалары және оларды анықтайтын факторларды шартты түрде микродеңгейлі (өнімнің сапасы мен бағасын көрсететін), мезодеңгейлі (салалардың қолда бар өндірістік қорларын тиімді қолданудың көрсеткіштерін жақсартатын) және макродеңгейлі (шаруашылық жүйелердің жалпы қалпын, олардың балансын, инвестициялық климатын, салық тәртібін, тариф кедендік саясатын және т.б. көрсетеді) болып бөлінеді.
Келтірілген бәсеке сайыстың және бәсекелесу қабілетінің факторлары мен сипаттамаларының субъектілерінің құрамы осы күрделі дәреженің элементтерінің құрамын сипаттауға және олардың байланысын шығаруға мүмкіндік береді. Бұл оның талдауына қажетті тиімді тәсілдер шығаруға, қолда бар қорларды алуға қосымша мүмкіндіктер ашуға және сүт өнімі кәсіпорындары үшін әр деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті жоғарлатудың стратегиялық бағытын анықтауға көмек көрсетеді.
Экономикалық әдебиетте бәсекені оның әдістері бойынша бағалық (баға негізіндегі бәсеке) және бағадан тыс бәсеке (тұтынушылық құнның сапасы негізіндегі бәсеке) бөлуге болады.
Қазіргі әлемде бағалық бәсеке бағадан тыс әдістердің бәсеке сайысына қарай мәнсіз болып келеді. Бұл қзіргі нарықта бағалар қактығысы жоқ дегенді білдірмейді, олар бар, бірақ соншалықты анық емес. Бағадан тыс бәсеке алдыңғы қатарлы бәсекелестерге қарағанда тауардың тұтынушылық кұнын арттырады. Бағадан тыс әдістердің санына фирманы басқарудың бүкіл маркетингтік әдістері жатады. Олардың негізгілері: тауардың жаңартылуы, сапа, жарнама, халыкаралық стандарттарға сәйкес келу, т.с.с.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауы, оның жақсаруы көбінде іске асырылатын өнімнің сапасы мен өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейіне тәуелді.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың бірнеше әдістері бар. Бірак барлығының да бір ортақ кемшілігі бар, онда тұтынушыны қызықтыратын өнім бағасы мен сапаның қатынасы ескерілмейді, тек тауардың басқа қасиеттерінің жиынтығы ретінде анықталады. Осылайша, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі біз оның өнімнің бағасы пайдалы тиімділікке қатынасындағы салыстырмалы баға деп анықтаймыз. Әрбір нарыктың өзіндік бір ерекшеліктері бар. Баға өткізу кезіндегі ұсынысты анықтау керек, ал жаңа өнім ұсынысы бағамен ынталандыруы қажет. Осылай, егер баға тек өнімді еткізу құралы ғана болса, бәсекеге қабілетті сапа нарық дамуының жалғыз факторы - тек өнімнің белгілі бір көрсеткіштері ғана емес, сонымен бірге ақырғы тұтынушыға бағытталған шаралар кешені Бәсекеге қабілетті сапа зерттелуі перспективті нарықты бөлшектеп зерттеуінен басталады:
:: жаңа өнімге талаптарды дайындау;
:: сапалы шикізат жабдықтаушылады таңдау және күшейтілген бақылау;
:: өндірістің барлык кезеңдері мен аралық бақылауды регламенттеу. Ақырғы өнімнің шығу кезеңінде ол барлық белгілі бір сипаттамаларға
( яғни бағалық ниша мен нарыққа шығудағы бастапқы баға, оның мақсатты сегменті анықталады өндірілетн көрсеткіштер мен қасиеттер) сәйкес келу керек. Бәсекеге қабілетті сапаның ажырамас белігі сервистік қызмет көрсету деңгейі болып табылады. өнімнің нарықта өмір сүруі үшін соңғы мәселе өте маңызды болып келеді және ол нарықтық жағдайлардың өзгеруіне тез және нақты жауап беруі тиіс.
Өнімді нарыққа шығару -- өте жауапты кезең. Жаңа өнім үшін жаңадан өткізу нарығын құру керек. Жаңа өнімнің бәсеке қабілеттілігіне немесе нарықта өнімнің өтуіне әсер ететін факторларды қарастырайық. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің жоғары көрсеткіші кезінде табысты өтуі тек өнімнің жаңалық дәрежесі мен оған тұтынушының қызығушылығы ғана емес, сонымен бірге бағалық стратегияға да байланысты. Әдетте, өнімнің модификациясы сату көлемін жаңалыққа қарағанда тезірек ұлғайтады, өйткені тұтынушы берілген өнім туралы біледі. Модификацияланған өнімнің бағасы бұл этапта модификацияланбаған өнімнің баға деңгейіне қарағанда сәл жоғары болуы мүмкін. Жаңалық өнімнің бағасы бірінші этапта аналог бағалық нишаның жоғарғы шегімен анықталады және жақсы жарнамалық, ақпараттық пен сервистік сүйеуден кейін бәсекеге қабілеттілік деңгейіне сәйкесінше жоғарылауы мүмкін.
Тауардың өмірлік циклының өсу этапында ғана өндіріс, маркетинг шығындары айтып, білінетін табыс алуға болады.

1.3 Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігн арттырудың басым бағыттары

Бәсекелестiкке қабiлеттiк - бірнеше деңгейде қарастырылатын экономикалық категория: тауардың (қызметтің) бәсекелестікке қабілеттілігі; тауар өндірушінің (немесе фирманың) бәсекеге қабілеттілігі; салалық бәсекеге қабілеттік; елдердің бәсекеге қабілеттілігі. Бұл деңгейлердің арасында тығыз іштей және сырттай тәуелділік бар: елдік және салалық бәсекеге қабілеттілік діттеп келгенде нақтылы тауар өндірушінің бәсекеге қабілетті тауар шығаруына байланысты. Тауардың бәсекеге қабілеттілігінің астарында оның ішкі және сыртқы нарықта табысын анықтайтын тауардың түтынушылык, багалық, сапалық сипаты жатыр. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі тек соған ұқсас тауарлармен салыстыруда ғана анықталады. Тауарлық бәсекеге қабілеттілік әртүрлі факторларга байланысты анықталады. Олардың арасында өнімдердің бағасы мен сапасына әсер ететін өндіріс шығындары, еңбектің өнімділігі мен қарқындылығы аса маңызды болып табьшады. Жаһанданушы әлемде әлемдік бәсе-кеге қабілеттілікте алдыңғы орынға әнімнің баға факторы емес, тауар сапасы, жаңалығы, ғылымилығы, зияткерлігі шығып отыр.
Сондықтан да әлемнің көптеген елдері әз тауарларының бәсекеге қабілеттігін инновациялар, жоғары технологиялық өнімдердің есебінен арттырып отыр. Ондай өнімдерді ғылыми-техникалық әлеуетті дамытпай шыгару мүмкін емес. Оны бағалау үшін инновацияға кеткен шығынның көрсеткіші қолданылады. Бұл көрсеткіш елдің инновациялық қызметке қабілеттілігін, ғылыми техникалық қамтуга шыққан шығынмен қоса дизайнға, маркетингке жұмсалған қаржы, ғылыми саладағылардың саны, елдің ішінде және шетелдерде алынған патенттер саны, зияткерлік қүқықтың қорғалу дәрежесі, білім саласының қаншалықты дамығандығын есепке алады
Бәсекеге қабілеттілік әр түрлі деңгейлерде қарастырылады, яғни, өнімнің, фирманың немесе кәсіпорынның, саланың, экономиканың және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі болып. Оны қамтамасыз ету үшін елдің экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету керек. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі саланың бәсекеге қабілеттілігіне байланысты болады. Саланың бәсекеге қабілеттілігі кәсіпорындардың және олардың өзара әрекеттестігі жүйесімен сипатталады. Ал кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі міндетті түрде - бәсекеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақсай нан НБК ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың бағыттары
Кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін арттырудың теориялық аспектілерін зерттеп, оның бәсекелік қабілетін арттыру бағыттарын зерттеу
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Бәсекелестіктің нарықтағы қызметтері
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері
−кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН жоғарылату
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мәні
Пәндер