Кәсіпорын балансы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I.Бухгалтерлік баланстың мәні және маңызы
1.1Бухгалтерлікбаланс туралы түсінік және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2Шаруашылықоперацияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
II.Баланстың құрамы және ХҚЕС талаптарына сәйкес баланс статьяларын тану
2.1ХҚЕС бойынша баланс құрылымы,оның баптарыныңмазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2 Кәсіпорын балансын талдау және оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
III.Бухгалтерлік балансты құрастыру тәртібі
3.1 Кәсіпорынның даму тарихы,қызметі мен сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
3.2 Кәсіпорын балансының құрамы мен құрылымын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
3.3 Кәсіпорын балансының өтімділігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

Қаржылық есептің негізгі атқаратын қызметінің функцияларының бірі пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру.Осындай ақпараттық мәліметтердің негізгі қайнар көзі- бухгалтерлік баланс. «Баланс» сөзі латын тілінен аударғанда теңдікті, теңдестікті және қандай да бір қызметінің тараптары арасындағы қатынастардың сандық көрсеткіштерін білдіреді. Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы- шаруашылық қызметті талдауда басқару ұйымдарының нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.
Бухгалтерлік баланстың мәні – оның атауына негізделеді. Бір жағынан ол бухгалтерлік есеп әдістерінің бір бөлігі болып саналса, екінші жағынан бухгалтерлік баланс –жылдық және кезеңдік есеп берулердің бір формасы болып табылады.Бухгалтерлік баланс көбіне ақпараттық формаға жатқызылады. Балансты оқып білу –оның әрбір баптарының мазмұнын,бағалау әдістерін, кәсіпорын қызметіндегі алатын орнын, басқа баптармен байланысын білу.Бұл тақырыптың маңыздылығы сол, бухгалтерлік баланс арқылы:
- талданып отырған кәсіпорын туралы көп көлемде ақпарат алынады;
-кәсіпорынның жеке айналым құралдарымен қамтамасыз етілуін анықталады;
- айналым құралдарының өзгеріс мөлшерін анықтауға болады;
-аналитикалық көрсеткіштерді есептеуінсіз кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайы бағаланады;
-жыл ішінде кәсіпорынның қаржылық жағдайында қандай өзгерістер болғаны анық көрінеді.
Сондай – ақ, бухгалтерлік баланс коммуникацияның нақты құралы болып табылады, ол арқылы басшылар ұқсас кәсіпорындар жүйесінде өз кәсіпорны қандай орын алатыны туралы, таңдалған стратегиялық курстың дұрыстығы туралы, пайдаланылатын ресурстар тиімділігінің салыстырмалы сипаттамасы туралы мәлімет ала алады, және кәсіпорынды басқару бойынша әртүрлі сұрақтарға байланысты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.Жұмысымның мақсаты – нақты кәсіпорынның материалдары бойынша бухгалтерлік баланстың мәні мен маңызын, оның басқару шешімдерін бақылаудағы ролін анықтау болып табылады.

1.Н.Қабылова, Ш.Доспалинова ,Е.Оразалинов «Бухгалтер»,2011 ж
2.А.Ныйқанбаева, Л.Қуанышова «Бухгалтерлік есеп негіздері» 2010 ж
3.Қ.К. Келумжанов; Н.А Құдайбергенов"Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" 2010 ж
4.К. Ш. Дүйсенбаев; Э.Т Төлегенов; Ж.Г Жумагалиева "Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау " 2008 ж

Жоспар
I.Бухгалтерлік баланстың мәні және маңызы
1.1 Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның түрлері
1.2 Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы
II.Баланстың құрамы және ХҚЕС талаптарына сәйкес баланс статьяларын тану
2.1 ХҚЕС бойынша баланс құрылымы, оның баптарының мазмұны
2.2 Кәсіпорын балансын талдау және оқыту әдістемесі
III.Бухгалтерлік балансты құрастыру тәртібі
3.1 Кәсіпорынның даму тарихы,қызметі мен сипаттамасы
3.2 Кәсіпорын балансының құрамы мен құрылымын талдау
3.3 Кәсіпорын балансының өтімділігін талдау
Қорытынды
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.1 Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

2.1 ХҚЕС бойынша баланс құрылымы, оның баптарының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2 Кәсіпорын балансын талдау және оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

3.1 Кәсіпорынның даму тарихы,қызметі мен сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3.2 Кәсіпорын балансының құрамы мен құрылымын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
3.3 Кәсіпорын балансының өтімділігін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Кіріспе
Қаржылық есептің негізгі атқаратын қызметінің функцияларының бірі пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру.Осындай ақпараттық мәліметтердің негізгі қайнар көзі- бухгалтерлік баланс. Баланс сөзі латын тілінен аударғанда теңдікті, теңдестікті және қандай да бір қызметінің тараптары арасындағы қатынастардың сандық көрсеткіштерін білдіреді. Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы- шаруашылық қызметті талдауда басқару ұйымдарының нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.
Бухгалтерлік баланстың мәні - оның атауына негізделеді. Бір жағынан ол бухгалтерлік есеп әдістерінің бір бөлігі болып саналса, екінші жағынан бухгалтерлік баланс - жылдық және кезеңдік есеп берулердің бір формасы болып табылады.Бухгалтерлік баланс көбіне ақпараттық формаға жатқызылады. Балансты оқып білу - оның әрбір баптарының мазмұнын,бағалау әдістерін, кәсіпорын қызметіндегі алатын орнын, басқа баптармен байланысын білу.Бұл тақырыптың маңыздылығы сол, бухгалтерлік баланс арқылы:
- талданып отырған кәсіпорын туралы көп көлемде ақпарат алынады;
-кәсіпорынның жеке айналым құралдарымен қамтамасыз етілуін анықталады;
- айналым құралдарының өзгеріс мөлшерін анықтауға болады;
-аналитикалық көрсеткіштерді есептеуінсіз кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайы бағаланады;
-жыл ішінде кәсіпорынның қаржылық жағдайында қандай өзгерістер болғаны анық көрінеді.
Сондай - ақ, бухгалтерлік баланс коммуникацияның нақты құралы болып табылады, ол арқылы басшылар ұқсас кәсіпорындар жүйесінде өз кәсіпорны қандай орын алатыны туралы, таңдалған стратегиялық курстың дұрыстығы туралы, пайдаланылатын ресурстар тиімділігінің салыстырмалы сипаттамасы туралы мәлімет ала алады, және кәсіпорынды басқару бойынша әртүрлі сұрақтарға байланысты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Жұмысымның мақсаты - нақты кәсіпорынның материалдары бойынша бухгалтерлік баланстың мәні мен маңызын, оның басқару шешімдерін бақылаудағы ролін анықтау болып табылады.

Бухгалтерлік баланс (французша balanсе -- таразы) -- шаруашылық жүргізуші заңды тұлғаның белгілі бір күнгі, көбіне күнтізбелік кезеңнің (айдың, тоқсанның, жылдың) басындағы не аяғындағы қаржы-шаруашылық.жай-күйін.ақшалай. түрінде.жинақтап сипаттайтын бухгалтерлік есеп құжаты. Өзара байланысты екі жақты кесте нысанында әзірленетін бухгалтерлік баланстың сол жағы (актив) шаруашылық құрал-жабдықтарының құрамы мен орналасуын, оң жағы (пассив) солардың құралу көздері мен нысаналы мақсатын көрсетеді.
Актив пен пассив қорытындылары бір-бірімен тепе-тең болады. Бухгалтерлік баланс мүліктің, міндеттемелердің нақты түріне, мүліктің құралу көзіне сай келетін баптарға бөлінеді.Баланстың әрбір жолының (бабының) реттік нөмірі болады, бұл әр бапты табуға және оған сілтеме жасауға мүмкіндік береді. Баланс кестесінің активі мен пассивіндегі әр баптың.тұсында.сомаларды.көрсететін .ашық.орындар.қарастырылған.
Бухгалтерлік баланс -- қаржылық жағдайды талдаудың басты құралы. Талдау жасау арқылы сол заңды тұлғаның төлем қабілеттілігі,алған несиелерді қайтару мүмкіндігі анықталады. Бухгалтерлік баланстың кіріспелік, мерзімдік (ағымдағы), жылдық, жиынтық, т.б. түрлері болады. Бухгалтерлік есептің негізгі жыне басты міндетінің, атқаратын қызметінің, атқаратын қызметі мен функциясының бірі - пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар көзі болып - бухгалтерлік баланс болып табылады. БАЛАНС сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тілне аударылғанда таразы немесе тепе-тең деген мағынаны білдіреді.
Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кестеге ұқсас болып табылады. Оның оң жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі мүліктері мен шығындары көрсетілсе (орналастырылған болса), оң жағында, яғни пассив бөлімінде осы ұйымның қорлану көздері қарастырылады.Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне, яғни қолда бар мүліктері қарастрылады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорынның әулетті табыстары ретінде таниды.Ал баланстың пассиві - деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қолдану көздері туралы ақпаратты мәліметтер жазылады. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған (сырттан немесе басқа жақтан алынған, қарастырылған) капитал деп екіге бөлінеді. Кредиторлардың қатарына осы кәсіпорыннан алашағы бар заңды немесе жеке тұлғаларды жатқызуға болады. Егер кәсіпорын өз кредиторларының алдындағы парызын уақтылы төлей алмаған жағдайда, олар ұйымынан активтерін сату арқылы қарызын қайтаруды талап ете алады. Кәсіпорынның меншікті капиталы инвесторлардың мүдделілігін танытады және олардың активтерінің жиынтық сомасынан міндеттемелерді қысқартылып тастағандығы қалдық сомаға тең болады. Инвесторлардың кредитордан айырмашылығы - кредитор өз алашағын алу үшін жанталасатын болса, ал инвестор жоғарыда аталған активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді қысқартылып тастағандығы қалдық сомаға, яғни меншіктік капиталдағы ие және де кәсіпорынның қожайыны болып табылады. Осы айтылғандарды қорытындылай отырып, ұйымның барлық активтері инвесторлар менен кредиторлардың меншігі екендігін көрсетеді.Әдетте кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беретін уақытқа қарай негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдың басына жасалады.Баланстың актив бөлімі ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер деп аталатын екі тауардан тұрады. Ұзақ мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның материалдық емес активтері, негізгі құралдары, ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестициялары), ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады. Ал ағымдағы активтер тауарында ұйымның материалдық құндылықтары, тауарлары, дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі, қысқа мерзімді дебиторлық борыштары, қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы активтері қарастырылады.Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі үш тараудан тұрады. Оның бірі меншікті капитал деп аталып, онда кәсіпорынның жарғылық қоры, резервтік қоры, бөлінбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны көрсетіледі. Пассив бөлімінің екінші және үшінші тараулары тиісінше ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер деп аталады. Ұзақ мерзімді қатарына кәсіпорынның ұзақ уақытқа алынған несиелері мен қарыздары жатқызылса, қысқа мерзімді міндеттемелер тарауында ұйымның алдағы кезеңдерінің табыстары, бюджетке қарызы, бюджеттен тыс мекемелерге қарызы, жабдықтаушы-мердігерлерге қарызы, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы бойынша қарызы, зейнетақы қорларына қарызы және басқа да кредиторлық борыштары көрсетіледі. Баланс 5 бөлімнен тұрады:
1) қысқа мерзімді активтер;
2) ұзақ мерзімді активтер;
3) қысқа мерзімді міндеттемелер;
4) ұзақ мерзімді міндеттемелер;
5)меншікті капитал.
Бухгалтерлік баланс түрлері:
Бастапқы баланс- ұйымның алғашқы бухгалтерлік есебін жүргізумен құрастырылады. Бірінші жағдайда баланс қарапайымдылығымен өзгеше болады. Өйткені оның құрамында ақша қаражаттарынан, негізгі құралдардан, ТМҚ-дан және басқа да баланстың активіндегі активтерден тұратын мүліктік массалар және Меншікті капитал бөлімінде көрсетілетін жарғылық капиталы ғана бар болады.
Жылдық бухгалтерлік баланс - есеп беру уақытында ұйымның қаржылық жағдайын сипаттайтын есеп беру.Бұл ақпарат мүддесі бар қолданушыларға экономикалық шешім қабылдау үшін қажет.Меншік иелерін, менеджерлерді субьектінің мүліктік жағдайына байланысты басқарумен таныстырады.Баланстан кәсіпорын жұмсай алатын материалдық құндылықтардың запастарын біле алады.Баланс бойынша жақын уақытта ұйым өзіне алған міндеттемелерді үшінші тұлғалар алдында орындай ала ма, немесе оған қаржылық қиыншылықтар туып тұрма,соны.анықтайды.Сауықтыру.бала нсы-субьектілер.банкрот нәтижесінде жойылған кезде құрастырылады. Нарықтық экономикада көптеген ұйымдар өздерінің қызметін меншікті және қарыз капиталдары арқылы жүргізеді. Соңғысы бізде өте қысқа уақытқа беріледі, және субьектілер өздерінің міндеттемелерін уақытында және үздіксіз жауып отыруды мақсат ету керек. Бірақ шаруашылық субьектілерінде меншікті капиталдан қарыз қаражаттары артып кетуі жағдайларынан төлемге қабілетсіз ситуациялары болуы мүмкін. Мұндай жағдайда банкрот жариялау жолымен жойылу дилеммасы туады немесе кредиторлармен төлемнің уақытын ұзартуға келісу қажет.Бірақ кредиторлар келісімге келсе де, алдын ала қаншалықты шығынға ұшырады, болашақта оны жабу мүмкін бе, соны білгісі келеді. Субьектінің нақты қаржылық жағдайын көрсету мақсатында есеп беру кезеңі бітпей - ақ балансты құру қажеттегі туады.Жойылу балансы -ұйымдар өздерінің өмір сүруін заңды тұлға ретінде тоқтатқан күніне мүліктік жағдайын сипаттайтын бухгалтерлік есептік баланс. Оны кредиторлармен есеп айрысқаннан кейін ликвидациялық комиссия құрастырады. Жойылу балансының әдеттегі баланстан айырмашылығы, онда бухгалтерлік есептің бір принципінен бас тарту - үздіксіз қызмет принципі.Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс - бір заңды тұлғаның балансындай құрастырылған негізгі ұйымның және оның барлық еншілес ұйымдарының жеке баланстары. Шоғырландырылған бухгалтерлік балансты құрастырудың негізгі мақсаты - мүдделі қолданушыларға негізгі және еншілес ұйымдарды толық бірге мүліктік және қаржылық жағдайына обьективті ақпарат беру.
1.2 Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы.
Кәсіпорын қызметі процесінде туындайтын көптеген шаруашылық әрекеттері актив және пассив жиынтықтарының теңдіктерінт бұзбайды,сонымен бірге жеке баптардың сомалары мен баланс нәтижелері өзгеріске ұшырауы мүмкін.Бұл әрбір әрекеттің баланстың екі бабына әсер етуімен түсіндіріледі:шаруашылық құралдарының құрамы мен олардың құрылу көздерінің мөлшері.Сөйтіп олар баланстың активінде және пассивінде немесе бір уақытта активте де,пассивте де болуы мүмкін.
Сонымен,шаруашылық әрекеттерінің нәтижесінде баланс баптарындағы өзгерістердің сипатына байланысты шаруашылық әркеттерін төрт топқа(типке) бөлуге болады.
баланс баптарының өзгеріске ұшырау типтері cызба№1
Актив
Пассив
Көбеюі
Азаюы
көбеюі
Азаюы
I
II
III
IV
Шаруашылық әрекеттерінің бірінші типінде активтегі бір бап көбейеді,ал екіншісі осы сомаға азаяды.Баланс валютасы өзгермейді. А+ Х - Х=П
Мысалы:Кәсіпорын қызметшілеріне жалақы беру үшін есеп айырысу шотынан кассаға 178 000 теңге сомасында ақша қаражаты алынды.Осы әрекетке сәйкес баланс активінің екі бабы өзгеріске ұшырайды. Есеп айырысу шоты және Касса. Касса шоты бойынша сома артады,ал Есеп айырысу шоты бойынша сома тең сомаға кемиді.
Шаруашылық әрекеттерінің екінші типі бойынша пассивтің бір бабы көбейеді де,екіншісі сол сомаға азаяды.Баланс валютасы өзгермейді.
П + Х - Х = А
Мысалы:Құрылтайшылар жиналысы хаттамасының негізінде кәсіпорын қарамағындағы қалған таза табыстың 54 000 теңге сомасындағы бөлігі резервтік капиталды арттыруға бағытталады.Осы әрекетке сәйкес баланстың пассивінде екі бабы: Таратылмаған табысазаю жағына және Резервтік капитал көбею жағына өзгеріске ұшырайды.
Шаруашылық әрекеттерінің үшінші типі бойынша активтегі де,пассивтегі де баптар бірдей сомаға көбейеді.А + Х = П + Х
Мысалы:Жабдықтаушылардан кәсіпорын қоймасына 120 000 теңге сомасына материалдар алынып,кірістелді.Осы әрекетке сәйкес баланстың активіндегі Материалдар бабы мен баланстың пассивіндегі Жабдықтаушылар мен мердігерлер бабы көбейеді.Баланс валютасы да осы сомаға артады.
Шаруашылық әрекеттерінің төртінші типінде активтегі де,пассивтегі де баптар бірдей сомаға азаяды.Баланс валютасы да сол сомаға азаяды.
А -Х =П-Х
Мысалы:Кәсіпорын қызметшілеріне 137 000 теңге сомасында жалақы берілді.Осы шаруашылық әрекетінің нәтижесінде баланм активінің Касса шоты мен баланс пассивінің Жұмысшылармен жалақы бойынша есеп айырысу шоты кемиді.Баланс валютасы да осы сомаға азаяды.
II.Баланстың құрамы және ХҚЕС талаптарына сәйкес баланс статьяларын тану.
2.1 ХҚЕС бойынша баланс құрылымы,оның баптарының мазмұны
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы ҚР Заңының 16-бабы бойынша және №30 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы және меншік нысанына тәуелсіз заңды тұлға болып табылатын барлық кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік баланс жасайды.Бухгалтерлік баланс 5 бөлімнен тұрады.Бухгалтерлік баланс 2 бөлікке бөлінеді:актив және пассив.Баланстағы әрбір айқындама баланс бабы деп аталады.Баланстың екі түрлі жағы-актив пен пассив болғандықтан,баланс баптары активтік немесе пассивтік болуы мүмкін.Баланстың реттеуші баптары екі түрде болуы мүмкін:тура реттейтін және контрарлық.Тура реттелетін баптар баланстың негізгі бабына қосымша болып табылады,ал контрарлық баптар негізгі баптардың шамасын азайтуды көрсетеді және баланста минус таңбасымен көрсетіледі.Баланс активі мынадай бөлімдерден тұрады:
I бөлім. Қысқа мерзімді активтер мынадай баптардан тұрады:
1.ақша қаражаты және олардың эквиваленттері
2.қысқы мерзімді қаржылық инвестициялар
3.қысқа мерзімді дебиторлық берешек
4.материалдық қорлар
5.ағымдағы салықтық активтер
6.өзге де қысқа мерзімді активтер
II бөлім. Ұзақ мерзімді активтер мынадай баптардан тұрады:
1.ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар
2.ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
3.үлес қосу әдісімен есептелінетін инвестициялар
4.инвестициялық жылжымайтын мүлік
5.негізгі құралдар
6.биологиялық активтер
7.барлау және бағалау активтері
8.материалдық емес активтер
9.кейінге қалдырылған салықтық активтер
10.өзге де ұзақ мерзімді активтер
III бөлім. Қысқа мерзімді міндеттемелер мынадай баптардан тұрады:
1.қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер
2.салықтар бойынша міндеттемелер
3.басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер
4.қысқа мерзімді кредиторлық берешек
5.қысқа мерзімді бағалау міндеттемлері
6.өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер
IV бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
1.ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
2. ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
3. ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері
4.кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер
5.өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер
V бөлім. Капитал мынадай баптардан тұрады:
1.шығарылған капитал
2.эмиссиялық кіріс
3.сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар
4.резервтер
5.бөлінбеген пайда
6.аздық үлесі
№1 ХҚЕС-на сәйкес ұйымдар баланста келесі баптарды көрсетеді:
а)негізгі құралдар
ә)жылжымайтын мүлікке инвестиция
б)материалдық емес активтер
в)сатуға арналған және қызметі тоқтатылған ұзақ мерзімді активтер
г)биологиялық активтер
д)үлестік қатысы әдісі бойынша есепке алынған инвестициялар
е)қорлар
ж)саудалық және басқа да дебиторлық қарыздар
з)ақша қаражаты және олардың баламалары
и)басқа да қаржылық активтер
к)саудалық және басқа да кредиторлық қарыздар
л)резервтер
м)басқа да қаржылық міндеттемелер
н)кейінге қалдырылған міндеттемелер және №12 ХҚЕС-на сәйкес активтер
о)ағымдағы салықтық міндеттемелер және №12 ХҚЕС-на сәйкес активтер
п)активтер бойынша міндеттемелер

Қаржылық есепті тексеру барысында аналитикалық шаралардың жүргізілуі қойылған мақсаттарға, сондай-ақ әр түрлі ақпараттық, мерзімдік, әдістемелік, кадрлық және техникалық қамтамасыз ету факторларына байланысты болады.
Аудитордың аналитикалық қызметінің логикасы оны, яғни талдауды екі модульдік құрылым түрінде ұйымдастыруды көздейді:қаржылық есепті экспресс-талдау,қаржылық жағдайды тереңдетіп талдау.Экспресс-талдаудың мақсаты шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы мен даму динамикасын көрнекті түрде және қарапайым бағалау болып табылады. Балансты оқи білу дегеніміз - бұл оның әрбір бабының мазмұнын, оны бағалау тәсілін, кәсіпорын қызметіндегі ролін, басқа да баптармен байланысын білу, бұл өзгерістердің сипаттамасы кәсіпорын экономикасы үшін мынадай мүмкіндіктер береді:
oo кәсіпорын туралы едәуір көлемді ақпараттар алу;
oo кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарымен қамтамассыз етілу деңгейін анықтау;
oo баланстың қандай да бір баптарының есебінен айналым қаражаттарының көлемі өзгергендігін анықтау;
oo аналитикалық көрсеткішткрді есептемегеннің өзінде кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайына баға беру.
Экспресс-талдаудың үш кезеңде жүргізілуі орынды:
1.дайындық
2.қаржылық есепке алдын ала шолу жасау
3.экономикалық оқу және есеп беруді талдау.
Бірінші кезеңнің мақсаты - қаржылық есеп беруді талдаудың мақсатқа сәйкестілігі туралы шешім қабылдау және оның оқуға дайындығына көз жеткізу.Бірінші міндет, аудиторлық есепте берілген ақпараттардың дәлдігі және олардың қолданылып жүрген нормативтік құжаттарға сәйкестігі туралы баға берілген бағасынан тұратын аудиторлық қортындымен танысу арқылы шешіледі.Есептің оқуға дайындығын тексеру аса күрделі емес және белгілі бір деңгейде техникалық сипатта болады. Мұнда есеп берудің формальды нышаны және мәні бойынша көзбен шолу және қарапайым есептік тексеру жүргізіледі: барлық нысандар мен қосымшылардың, деректемелер мен қойылған қолдардың барлығы анықталады; есептік нысандарды толтырудың дұрыстығы мен түсінікті болуы салыстырылып тексеріледі; баланс валютасы мен барлық аралық жиынтықтар тексеріледі; есеп нысандары көрсеткіштерінің өзара үйлесімділігі және олардың арасындағы негізгі бақылау қатынастары тексеріледі және тағы басқа тексерулер жүргізіледі.
Екінші кезеңнің мақсаты - балансқа қосымша түсіндірме хатпен танысу.Бұл есепті кезеңдегі жұмыс жағдайларын бағалау қызметтегі негізгі көрсеткіштердің тенденцияларын анықтау, сондай-ақ шаруашылық субъектісінің мүліктік және қаржылық жағдайындағы сапалы өзгерістерді анықтау үшін қажет.Ережеге сай, түсіндірме хатта кәсіпорын қандай есеп саясатын жүргізетіндігі айтылады, сондай-ақ кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер етуі мүмкін белгісіз жағдайлар мен қандай да бір, тәуекелдер туралы, қаржылық есепте көрсетілмеген кез келген ресурстар мен міндеттемелер туралы мәліметтерден тұратын басқа да маңызды ақпараттар ашылып көрсетіледі. Сонымен қатар, мұнда есепті жылдағы кәсіпорын қызметінің шаруашылық және қаржылық нәтижесіне әсер еткен негізгі факторлары, сондай-ақ кәсіпорындағы жылдық бухгалтерлік есепті қарастыру қорытындысы және таза табысты тарату бойынша шешімдер айтылады.Түсіндірме хатта кәсіпорынның бірқатар жылдардағы жұмысының маңызды экономикалық және қаржылық көрсеткіштердің динамикасы, болашақтағы капитал салымдары, жүргізілетін экономикалық шаралары мен басқа да жылдық бухгалтерлік есептің мүмкін болатын пайдаланушыларын қызықтыратын ақпараттар болуы тиіс. Мысалы, бұл хатта пайыздық мөлшерлемелер несиені өтеу мерзімі, төлем кезектілігі және несиелік келісімдер мен заем шарттарына байланысты басқа да ерекшеліктер ашылып көрсетілуі тиіс.Талдау жүргізушінің басқа да қосымша ақпараттармен, мысалы, нарықтық географиялық сегменттер туралы, салалық ерекшеліктер және басқа да мәліметтермен танысу қажет.Түсіндірме хатпен танысқаннан кейін, экспресс-талдаудың негізгі, үшінші кезеңіне - яғни экономикалық оқу және есепті талдауға көшу керек.
Үшінші кезеңнің мақсаты - кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижесін жалпылама бағалау болып табылады. Мұндай талдау түрлі көрсеткіштер мүддесінде белгілі бір нақтыланған деңгейде жүргізіледі. Сондықтан да объективті және әсіресе субъективті факторлардың әсерін есептегенде бұл талдауды жүргізудің түрлі варианттары болуы мүмкін.Экспресс-талдаудың негізгі элементтерінің бірі, жылдық есеппен жұмыс істей алу болып табылады, соның ішінде, кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалау мен талдау үшін оның негізгі ақпараттық үлгісі болып табылатын бухгалтерлік баланспен жұмыс істеу.Бухгалтерлік баланстың маңыздылығы сонша, көбіне қаржы жағдайын талдауды, балансты талдау деп атайды.
Балансты оқи білу дегеніміз - бұл оның әрбір бабының мазмұнын, оны бағалау тәсілін, кәсіпорын қызметіндегі рөлін, басқа да баптармен байланысын білу, бұл өзгерістердің сипаттамасы кәсіпорын экономикасы үшін - мынандай мүмкіндіктер береді:
* кәсіпорын туралы едәуір көлемді ақпараттар алу;
* кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу деңгейін анықтау;
* баланстың қандай баптарының есебінен айналым қаражаттарының көлемі өзгергендігін анықтау;
* аналитикалық көрсеткіштерді есептемегеннің өзінде кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайына баға беру.
Балансты оқуға мыналар жатады:
* зерттеу кезеңіндегі баланс валютасының өзгерісін бағалау;
* баланс валютасының өсу қарқынын өндіру көлемінің өсу қарқынымен, өнімді өткізу, жиынтық және таза табыстың өсу қарқынымен салыстыру;
* баланс бөлімдерінің, топтарының және жекелеген баптарының негізгі өзара байланысын зерттеу;
* баланстың жеке бөлімдері мен баптарының өзгеру сипатын талдау.
* Есепті оқу және талдай білу табиғи және белгілі бір дәрежеде тек мамандандырылған бухгалтерлер үшін ғана емес, сонымен қатар менеджерлер, аналитиктер, консультанттар үшін де өмірлік қажеттілік болып отыр.Балансты оқуды ең алдымен талдау кезеңіндегі баланс көлемінің өзгеруін анықтаудан бастайды, тұрақсыз болжамға келмейтін бағаның өзгерісіне және тағы басқаларға қарамастан, баланс валютасы кәсіпорынның қаржы жағдайының индикаторларын есептеуде негізгі қызмет атқарады. Кәсіпорын мүлкінің құнын зерттеу үшін, баланстың кезең басындағы жиыны мен кезең соңындағы жиынын салыстырады.
Бухгалтерлік балансты оқу процесінде әрбір бапты екі аспектіде қарастыру қажет:
1) экономикалық мазмұны, көлемі және динамикасы бойынша;
2) баланстың қарама-қарсы жағының қандай бабымен (баптар тобы) корреспонденцияланады.Басқаша айтқанда, баланс активінің әрбір бабы үшін сәйкесінше оны жабатын көздер қажет және керісінше, пассивтің әрбір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz