Қазақстан Республикасының қаржылық қатынастары
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ МЕН ҚАРЖЫ САЯСАТЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Қаржылық қатынастар ұғымы, оның мәні мен қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қаржылық саясаттың мазмұны, міндеттері және қағидаттары ... ... ... ... 7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1 Мемлекеттің қаржы саясатын тиімді жүргізуді ұйымдастыру және басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Қаржы саясаты . нарықтық экономикада әлеуметтік.экономикалық мәселелерді шешуші процесс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.3 2013.2015 жж ҚР қаржы саясатының негізгі бағыттарын талдау ... ... ... ...
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... .11
3.1 Қаржы саясатын жүргізуде кездесетін мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
3.2 Мемлекеттің қаржы саясатын жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.
Қаржы саясаты – бұл қоғамның элеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.
Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қаржы саясаты қондырмаға жатады, ал қаржы саясатында білінетін және өндірістік қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржы қатынастары базистік болып табылады. Қаржы саясатын жасау процесінде елдің алдына қойылған міндеттердің орындалуы үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі. Сондықтан тап қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік сфераға ықпал жасаудың белсенді тетігі болып табылады.
Демек, қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және жинақтау және экономикалық саясат жасайтын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешеді.
Қаржы саясатының мақсаты – қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын, сондай-ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу үлесін анықтауға көп көңіл бөлінеді. Қоғамдық өндіріс салалары арасында қаржы ресурстарын бөлу жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ оларды экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.
Таяудағы мақсат ретінде – мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету және экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы жағдайын сауықтыру проблемасын шешу.
Менің курстық жұмысымның тақырыбының аты «Қаржы саясаты мен қаржылық қатынастар» деп аталады. Бұл жұмыс қазіргі таңдағы мемлекеттің қаржылық саясатының жағдайы туралы қарастырылған.
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын – ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.
Осы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлім – мемлекеттің

1. Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық – Алматы , 2005 – 252 б.
2. Мельников В.Д., Ли В. Финансы. Учебник. Алматы, 2005 – 148 б.
3. Сахариев С.С. Финансы: учебник – Алматы, Юридическая литература, 2004 ж, 66 б.
4. Финансы: учебник для вузов / под ред. Романовского М.В. –Москва: Перспектива, 2000 ж, 107 б.
5. Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық – Алматы , 2005 – 341 б.
6. Саясат: ақпаратты-аналитикалық журнал, 2002 – 2005 ж, 13 б.
7. ҚР Әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013-2015 жж арналған индикативтік жоспар туралы ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 12 қыркүйегіндегі % 926 қаулысы
8. Утегенова Г. Бюджетный контроль, 2010 ж, 97-б.
9. Қаржы - экономика сөздігі – Алматы: ҚР Білім және Ғылым Министірлігінің Экономика институты, 2007 ж.
10. ҚР Әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013-2015 жж арналған индикативтік жоспар туралы ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 12 қыркүйегіндегі % 934 қаулысы
11. www.banki.ru
12. www.banki.ru
13. www.nationalbank.kz
14. Интыкбаева С.Ж. Фискальная политика и её роль в обеспечении устойчивого развития экономики Казахстана.– Алматы, Каржы-Каражат, 2013,
15. ҚР Әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013-2015 жж арналған қаржылық жоспар туралы № 345 қаулысы
16. «Қаржы секторын бағалау бағдарламасы», 2013-2014 жж.

Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ МЕН ҚАРЖЫ САЯСАТЫ ТУРАЛЫ
ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1. Қаржылық қатынастар ұғымы, оның мәні мен
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Қаржылық саясаттың мазмұны, міндеттері және қағидаттары
... ... ... ... 7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..17
2.1 Мемлекеттің қаржы саясатын тиімді жүргізуді ұйымдастыру және
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Қаржы саясаты – нарықтық экономикада әлеуметтік-экономикалық
мәселелерді шешуші
процесс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..11
2.3 2013-2015 жж ҚР қаржы саясатының негізгі бағыттарын
талдау ... ... ... ...
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... .11
3.1 Қаржы саясатын жүргізуде кездесетін
мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..13
3.2 Мемлекеттің қаржы саясатын
жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
КІРІСПЕ h
Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал
жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай
экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе
кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.
Қаржы саясаты – бұл қоғамның элеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі
міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы
қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол
мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.
Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қаржы
саясаты қондырмаға жатады, ал қаржы саясатында білінетін және өндірістік
қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде
көрінетін қаржы қатынастары базистік болып табылады. Қаржы саясатын жасау
процесінде елдің алдына қойылған міндеттердің орындалуы үшін материалдық
жағдайлар қамтамасыз етіледі. Сондықтан тап қаржы саясаты экономика мен
әлеуметтік сфераға ықпал жасаудың белсенді тетігі болып табылады.
Демек, қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және
жинақтау және экономикалық саясат жасайтын дамудың бағыттары бойынша оларды
бөлудің міндеттерін шешеді.
Қаржы саясатының мақсаты – қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін
қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты
қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар
жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды
нысандарын, сондай-ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу
үлесін анықтауға көп көңіл бөлінеді. Қоғамдық өндіріс салалары арасында
қаржы ресурстарын бөлу жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға,
сондай-ақ оларды экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарына
шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.
Таяудағы мақсат ретінде – мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету
және экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы
жағдайын сауықтыру проблемасын шешу.
Менің курстық жұмысымның тақырыбының аты Қаржы саясаты мен қаржылық
қатынастар деп аталады. Бұл жұмыс қазіргі таңдағы мемлекеттің қаржылық
саясатының жағдайы туралы қарастырылған.
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын
қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және
әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді
орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын – ұлттық, геосаясатты,
әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.
Осы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлім – мемлекеттің қаржы
саясаты мен қаржылық қатынастар туралы жазылған. Қаржы саясатының мазмұны
мен міндеттері туралы, қаржы саясатының негізгі формалары туралы
қарастырылған. Екінші бөлімінде – әлеуметтік-экономикалық процестердегі
қаржы саясатының мәні мен маңызы туралы, қазіргі мемлекеттің қаржы
саясатының жағдайы, соның ішінде 2013-2015 жылғы мемлекеттің
қаржы қатынастар және қаржы жүйесі, ұлттық экономиканы дамыту туралы
мәлімделген. Үшінші бөлімде — ҚР қаржы саясатын дамыту, жетілдіру жолдары
жайлы мағлұмат берілген.
41 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ МЕН ҚАРЖЫ САЯСАТЫ
ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Қаржылық қатынастар ұғымы, оның мәні мен қажеттілігі
Қоғамда пайда болатын қаржылық қатынастар құқықтық реттеуді қажет
етеді. Бұл ретте қаржылық құқықтың әр түрлі нормалары қолданылады.
Қаржылық құқық - бұл қоғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттің және
басқа экономикалық субъектілердің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті
ақшалай қорларды жасау, бөлу және пайдалану үдерісінде пайда болатын
қаржылық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығы.Ол біртекті
қаржылық қатынастарға жататын жеке бағыттар бойынша: бюджеттік құқыққа,
салықтық құқыққа, шаруашылықтық құқыққа межеленіп айырылады; қаржының кең
ұғыным тұрғысында жалпы ақшалай қатынастар ретінде баян етілуіне байланысты
қаржылық құқыққа сонымен бірге валюта және сақтық заңнамасын, банктік
құқықты, мемлекеттік кредитті, ақша айналысын құқықтық реттеу сияқты
бөлімдер де кіріктіріледі.
Қаржылық құқықта қаржылық-құқықтық нормалар-құқықтың негізгі бастапқы
әлементтері, яғни құқық белгілеу органы қабылдаған және қаржылық
қатынастардағы мемлекеттік мәжбүрлеу (күштеу) шараларымен қамтамасыз
етілген қылықтың қатаң белгілі бір ережесі пайдаланылады.
Қаржылық-құқықтық нормалардың императивтік (әмірлік, бұйрықтық) сипаты
болады. Қағида бойынша, олардың үзілді-кесілді нысанда көрінетін талаптары
болады және оларды беталды өзгерте беруге жол берілмейді, қаржылық
қатынастар қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің ауқымын дәл
анықтайды. Қаржылық-құқықтық нормалар міндеттеушілік, тиым салушылық және
уәкілеттілік (яғни белгілі бір іс-қимылдарды жасауға бағытталған қаржылық
қатынастар қатысушыларының бекітуші құқықтары) болып бөлінеді.
Сөйтіп, базистік болып табылатын қаржылық қатынастар қаржылық-құқықтық
нормаларды пайдаланған кезде қаржының құқықтық қатынастарына жаңғырады.
Қаржының қосалқы категорияларының сыныптамасына сәйкес қаржылық құқықтық
қатынастар бюджеттік, салықтық, мемлекеттік-кредиттік, қаржылық-
шаруашылықтық, сақтық, валюталық-қаржылық, есеп-қисаптық, бақылау және т.б.
болып бөлінеді. Олардың қатысушылары субъективті заңи құқықтар мен
міндеттер арқылы өзара байланыста болады, ал байланыстар (қатынастар)
мемлекеттің мәжбүрлеуші күшімен қорғалады.
Нормативтік-құқықтың қатынастардан тыс қаржылық қызмет орындалмайды. Жүзеге
асуы мемлекеттің мәжбүрлеуші күшімен кепілдендірілген тек өзара байланысты
заңи құқықтар мен міндеттер кезінде болжанған кірістерді алуды, оларды
белгіленген мақсаттар бойынша бөлу мен пайдалануды мемлекеттің және басқа
экономикалық субьектілердің қамтамасыз етуі мүмкін. Бұл ретте бір
органдарға билік өкілеттіктері үлестіріліп берілген, қаржылық құқықтық
қатынастардың басқа қатысушыларының кәсіпорындардың, ұйымдардың,
мекемелердің және азаматтардың орындауы үшін міндетті нұсқамалар шығаруға
олардың құқы бар.
Нұсқамалардың мұндай түрі алғашқылардың бағынышындағы мемлекеттік
органдарға да бағышталуы мүмкін. Алайда мемлекет атынан қаржылық құқықтық
қатынастарға ене отырып мемлекеттік органдардың әмір ету құқығына ғана
емес, сонымен бірге олардың қаржылық қатынастарының басқа қатысушыларының
құқықтарымен байланысты міндеттері де болады.
Қаржылық қатынастардың барлық қатысушыларының құқықтары да, сол сияқты
міндеттері де мемлекеттің қорғауында болады және оның мәжбүрлеуші күшімен
қамтамасыз етіледі.
Өкіметтік мәжбүрлеудің, яғни билік органдарының субъективті іс-қимылдарының
нысандары мен әдістерінің көмегімен объективті қаржылық құқықтық
қатынастарды шаруашылық жүргізудің нақтылы нәтижелеріне жаңғырту қоғамның
қаржылық тіршілігін реттеудің құқықтық механизімі ретінде, ал сан алуан
қаржылық-құқықтық нормалар мен актілер оның тұтқалары ретінде көрінеді.
Сөйтіп қаржы және құқық нысандары мен әдістерінің экономикалық үдерістерге
қаржылық-құқықтық ықпал етудің бірыңғай механизміне қосылуы болады. [1, 252-
б ]
Қаржылық қатынастардың бір қатысушыларына тиісті өкілеттіктер
үлестіріліп берілген басқа қатысушылар тарапының өкіметтік нұсқамалары
қаржылық-құқықтық реттеудің әдістері болып табыпады (императіівтік әдіс).
Қаржылық міндеттемелердің орындалуы ең алдымен заңды сөзсіз орындаушыларға
негізделген сенім әдісі мен және азаматтар мен лауазымды адамдардың
саналылығымен қамтамасыз етіледі. Қаржылық міндеттемелерді орындамаған
шаруашылық органдары мен азаматтарға мәжбүрлеу әдісі қолданылады: бюджетке
уақытында түспеген төлемдерді даусыз өндіріп алу және қаржы санкцаялары.
Санкциялар қаржылық-құқықтық нормаларды бұзушыларға қолданылатын
жауапкершілік шараларын білдіреді. Олардың ақшалай сипаты бар және оларда
ақшалай қорлар мен қаражаттар арқылы нормаларды бұзушыларға мәжбүрлеуші
ықпал жасаудың шаралары болады. Санкцияларға өсімдер, айыппұлдар,
тұрақсыздық айыбы (төлемі), қаржыландыру мен несиелендірудің тоқтатылуы,
несиелендірудің шарттарын қатайту, ресурстарды артық жұмсағаны үшін
жоғарылатылған тарифтержәне т.б. жатады.
Басқа жағынан қаржылық қатынастардың субъектілеріне олардың құқықтарын
әкімшілік, сот тәртібімен немесе мемлекеттің билік жүргізуші органдарының
өкілдікті органдары мен жергілікті әкімшіліктердің қызметі үдерісінде
қорғау мүмкіндігі кепілдендіріледі; олар өздерінің бақылауындағы
құрылымдардың актілерін заңға сәйкес келмеген жағдайда бұза алады.
Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен
қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық
қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық
нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады.
Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау, яғни жеке және заңды
тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім мен
мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің
уақытында төленуін мемлекеттің арнайы органдары бақылап отырады.
Белгіленген мөлшерде, бюджеттік емес қорларға да міндетті жарналар
жіберіледі, мысалы зейнетақы жинақтау қорларын айтуға болады. Мемлекеттік
мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар
мен алымдар да міндетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі.
1.2 Қаржылық саясаттың мазмұны, міндеттері және қағидаттары
Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін
жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған
мақсаттарды іске асыруда қаржылық саясат маңызды рөл атқарады. Оны жасап,
жүзеге асыру үдерісінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың
шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың
белгілі бір құралы болып табылады.
Елдің қаржы заңнамасының негізінде қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу
және пайдалану жөніндегі мемлекеттің және басқа экономикалық агенттердің іс-
шаралары қаржылық саясат деп аталады. Ол мемлекеттің экономикалық
саясатының құрамды бөлігі болып табылады. Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі
мемлекеттің қаржылық саясатына негізделеді.
Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қаржылық
саясат қондырмаға жатады, ал қаржылық саясатта білінетін және өндірістік

көрінетін қаржылық қатынастар базистік болып табылады (1.1 сызбаны
қараңыз). h4
Қаржылық саясат қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі

қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі болып
табылады.
Қаржылық саясаттың бағыттары елдің экономикалық жай-күйіне, шешілетін
әлеуметтік-экономикалық және өзге міндеттерге байланысты болады.
Экономиканың дағдарысты жағдайы, бір жағынан, өндірістің құлдырауының
тоқтатылуына және өндірісті ынталандыруға (мысалы, өндірушілерге жекелеген
салық жеңілдіктері түрінде), қаржылық ресурстарды экономиканың белгілі бір
салаларына тиімді жұмсау мақсатында оларды жұмылдыруға, ал, басқа жағынан,
әлеуметтік бағдарламаларды тежеуге, қорғанысқа жұмсалатын шығыстарды
қысқартуға және т.с.с. бағытталған қаржылық саясатты алдын ала анықтайды.
Тиісінше, экономика басқа жай-күйге ауысқанда қаржылық саясаттың бағыттары
да өзгеріп отырады.
1.1 сызба. Қоғамдық - экономикалық формацияның базис және қондырма
жүйесіндегі қаржы
Тандап алынған қаржылық саясаттың дұрыстығы, сезсіз, елде қалыптасып
отырған экономикалық жағдайды сыни бағалауға, экономикалық теорияның алтын
ережесін сақтауға болжамдар мен ұсыныстарды әзірлеу кезінде экономикалық
жағдайды объективті бағалауға байланысты болады. Оның үстіне бұл аса
маңызды, өйткені дамудың жалпы үрдісі қаржы жүйесі арқылы, атап айтқанда,
әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі бағдарламаларға, табыстардың орташа
деңгейін қолдауға, денсаулық сақтауға, т.с.с. жұмсалатын мемлекеттің басым
шығыстары арқылы ұлттық экономиканы реттеуде мемлекеттің жоғары рөлі болып
табылады[2, 148 - б].
Қаржылық саясатты жасау үдерісінде елдің алдына қойылған міндеттердің
орындалуы үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі. Тап сондықтан
қаржылық саясат экономика мен әлеуметтік сфераға ықпал жасаудың белсенді
тетігі болып табылады. Демек, қаржылық саясат қаржылық ресурстарды
іздестірудің, шоғырландырудың және жинақтаудың және экономикалық саясатпен
жасалынатын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешеді.
Қаржы стратегиясын мемлекет коғам дамуының ірі тарихи кезеңдеріне
үйлестіре отырып жасайды. Оны жасау үдерісінде қаржыны дамытудың негізгі
үрдістері болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдары қалыптасады, қаржылық
қатынастарды ұйымдастырудың қағидаттары белгіленеді. Ұзақ мерзімді
мақсаттарды таңдап алу және қаржылық саясатта мақсатты бағдарламаларды
жасау қаржылық ресурстарды экономикалық және әлеуметтік дамудың басты
бағыттарында шоғырландыруды қажет етеді.
Қаржылық саясат экономикалық қатынастардан туындайды, өйткені қоғам
қаржылық саясатты жасауда ерікті емес, ол өзінің мүмкіндіктеріне,
объективті шындықтың шарттарына сүйенеді. Қаржылық қатынастар дамуының
өзінің айрықшалықты заңдары болады. Қаржының логикасы дамуға өзара кері
ықпал жасай алады: экономиканы тездетеді немесе оған кедергі жасайды.
Мемлекеттің қаржылық саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс-
әрекетін ескере отырып және коғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны
жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде
қаржылық саясаттың өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін,
қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін
және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.
Қазақстан Республикасында тиісті қаржылық саясатты және оны жүзеге
асыру механизмін жасау мен айтылған бағыттарды кіріктіретін рыноктық
реформаларды тереңдету жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру
жалғастырылуда.
Қазіргі кезеңде қаржылық саясаттың көмегімен шешілетін басты
міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде
қаржылық ресурстардың неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын
қамтамасыз ету;
ә) қаржылық ресурстарды қоғамдық өндірістің сфералары арасында,
Ұлттық шаруашылықтың секторлары арасында ұғымды болу және пайдалану,
ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті
қаржылық механизмді жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.
Қаржылық саясатты жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың
зор маңызы бар:
қолда бар нақты қаржылық ресурстарды негіздей отырып, бюджеттерді жасау,
бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлың қатысушыларының
әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;
қаржылық қатынастардың жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың
теңгерімділігі;
қаржылық резервтерді жасау (бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан және
салалық каржыларда қаржылық резервтердің асып түсуі);
мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субьектілердің арасында қаржылық
ресурстарды оңтайлы болу.
Қаржылық саясаттың тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарға
мыналарды жатқызуға болады:
объективті экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке алу;
нақты тарихи жағдайларды есепке алу;
өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені есепке
алу.
Ғылыми тәсілдеме мыналарды талап етеді:
Қаржылық саясаттың өндірістің объективті заңдылық дамуына сәйкестігі,
сондықтан сенімді ақпараттың болуының маңызы зор. Ақпарат тиімді қаржылық
саясатты жасаудың базасын құрайды. Кері байланыс қағидаттарын сақтаудың
қажеттігі қаржылық саясаттың дұрыстығының негізі.
Шешімдер есеп-қисаптардың және жүргізілетін іс-шаралардың салдарларын
анық көре білудің негізінде қабылдануы тиіс.
Маңызды талап қаржылық саясатты жасап, жүргізуге кешенді тәсілдемені сақтау
болып табылады. Үйлестіру негізгі міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс. Баға,
кредиттік саясатты және жалақыдағы саясатты ескерудің маңызы зор. Егер
келісімдік болмаса, онда оң нәтижелерге де жету мүмкін емес. Қаржылық
саясаттың айрықшалықты оған арналған амалдары мен қойылған міндеттерді
шешудің әдістері бар. Нәтижелерге жетудің түрлі жолдары іс-шаралардың
нәтижелерін болжау және зерделеу пайдаланылуы мүмкін[3, 66-б].
Экономиканы дамыту және Қазақстанның рыноктық реформаларын тереңдету
бағдарламаларында экономиканың қаржылық жағдайын сауықтыру және ақшалан -
кредиттік саясатты жандандыру, отандық өндірушілердің үлесін кеңейте отырып
тұтыну рыногын дамыту, өндіріс тұрақтылығын қамтамасыз ету, шаруашылық
байланыстарды нығайту жөніндегі шаралардың кешені қарастырылған. Рыноктық
қатынастарды дамытудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады: инфляцияны
ең аз деңгейде ұстау, экономиканы монополиясыздандыру, кәсіпкерлік пен
бәсекені, рыноктық инфрақұрылымды дамыту.
Осы бағдарламаларға сәйкес рынокқа көшу кезеңіндегі қаржылық саясат пен
қаржы жүйесінің қызметі қажетті қаржының ресурстарды алуға, оларды
бюджетке, басқа мақсатты қорларға толық және уақтылы жұмылдыруға,
әлеуметтік және экономикалық дамудың бағдарламалары мен жоспарларында
қарастырылған шараларды қаржыландыруға және материалдық, еңбек және
қаржылық ресурстарды мақсатты және ұтымды пайдалануды бақылауға бапталған.
Бұл мақсаттар тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету негізінде
республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын қаржымен қамтамасыз ету
қажеттігінен туындайды.
Қаржылық саясат қазіргі кезеңде қарама-қайшылықты міндеттерді шешеді,
демек, қаржылық саясат баланс тандырылған болуы тиіс.
Қазіргі жағдайда қаржылық саясаттың негізгі бағыттары мыналар болып
табылады:
шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының сферасында рыноктық
қатынастарды нығайту жөнінде шаралар жүргізу;
дағдарысты жай-күйді жою және қаржы жүйесін сауықтыру;
халықты әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу[4, 107-б].
h4
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Мемлекеттің қаржы саясатын тиімді жүргізуді ұйымдастыру және басқару
Экономикалық дағдарыстан шығу және одан ары серпінді даму мемлекеттің
сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған
қаржылық саясаттың басты субъектісі мемлекет болып табылады. Ол коғамның
ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының
стратегиясын әзірлейді және алдағы кезеңге арналған міндеттерді,
қаражаттарды және оған жетудің жолдарын анықтайды. Жалпы экономикалық
саясат сияқты қаржылық саясатты мемлекет экономикалық заңдардың қоғамның
экономикалық өмірінде мәнді, тұрақты қайталанып отыратын, объективті
байланыстар мен өзара тәуелді құбылыстардың және үдерістердің талаптарын
негіздей отырып жасайды.
Қаржылық саясатты жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары
қатысады. Қазақстан Республикасында оңын конституциялық ерекшеліктеріне
қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржылық саясатты жасаудағы басымдық
Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында
ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржылық саясаттың басты
бағыттарын анықтайды. Үкімет экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге
асыру және коғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы
Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс. Осыған орай биліктің атқарушы
тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржылық саясатты іске асыруға қажетті
заңдардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау үшін Президентке
тапсырады.h4
Қаржылық саясаттың жалпы бағыты экономикалық тиімділікті арттыруға
бағдарлануы және мақсатты қаржылық ресурстардың көлемін және пайдалану
тиімділігін өсіру болуы тиіс. Қаржылық қайтарым көрсеткішінің өсуі қаржылық
саясаттың әсерлігін куәландырады. Әрбір нақтылы жағдайда бөтен тәжірибені
көшіру пәрменді нәтиже бере бермейтіндіктен, қаржылық саясатты әзірлегенде
тәжірибені ескеру және бұл жағдай үшін нақтылы жағдайларды пайдалану қажет.
Рыноктық экономика жағдайында ұзақ мерзімді ғылыми қаржы болжамдарына
негізделген және қаржы реттеуіштерінің жүйесіне сүйеніп әрекет ететін
тиісті қаржылық саясат материалдық - заттай, ақша ағындарының күнделікті
әрі перспективалық тепе-теңдігіне жетудің, соның негізінде қоғамның үдемелі
экономикалық өсуін қамтамасыз етудің негізгі өркениетті әдісі болып
табылады. Ол бірінші кезектегі міндеттерді мемлекеттік бюджеттің тапшылығын
азайту, ішкі және сыртқы борышты қысқарту, қаржы рыногын дамыту,
қолданыстағы салық жүйесін жетілдіру, инфляцияның қарқынын төмендету және
т.б. шешу үшін пайдаланылады. Сонымен бірге қаржылық реттеуіштердің
жүйесімен айла-шарғы жасау арқылы белгілі бір түрде мемлекет пайдаланатын
қаржы айналымында жүрген нақты ресурстар тиісті қаржылық саясатқа жетудің
негізгі құралдары бола бастайды[5, 341-б].
Қаржылық саясатты нақты тарихи жағдайларға байланыстыра отырып жасау
қажет. Олар қоғам дамуының әрбір кезеңінің өзгешелігін, ішкі, сол сияқты
халықаралық жағдайдың да ерекшеліктерін, мемлекеттің нақты экономикалық
және қаржылық мүмкіндіктерін ескеруі тиіс. Қаржылық ресурстардың көлеміне
белгіленген және жұмсалған шығындардың тікелей тәуелділігі жай ғана
қаржылық саналылықтың айғағы болып табылады және шаруашылық жүргізудің
барлық деңгейлерінде қолдап отырылуы тиіс. Бұл маңызды талапты сақтамау
бюджет тапшылығының, мемлекеттік борыштың пайда болып, көбеюіне,
инфляциялық үдерістерге ұрындырады.
Кезең ерекшелігін есепке алу оның алдыңғы шаруашылық және қаржылық
құрылысының тәжірибесін, жаңа үрдістер мен прогрессивті құбылыстарды,
дүниежүзілік тәжірибені мұқият зерделеуді де қажет етеді. Ағымдағы кезеңнің
ерекшеліктерін, экономикалық дамудың толғағы жеткен қажеттіктерін есепке
алу негізінде қаржылық саясатты дер кезінде өзгертіп отыру алдыда тұрған
мәселелерді неғұрлым қысқа уақытта және ең аз шығындармен шешуге мүмкіндік
береді.
Қаржылық саясат қаржылық ресурстарды шоғырландыруға және зәру
міндеттерді шешуге бағытталған, мемлекетің тап осы коғамдық өндіріске ықпал
етуіне мүмкіндік жасайды. Экономика мен қоғамның әлеуметтік дамуына
қаржылық саясаттың ықпал жасауы қаржылық саясаттың ғылыми негізделген
теориясы негізінде жүзеге асуын талап етеді. Тек ғылыми көзқарас, саясатты
анықтайтын барлық факторларды біліп, зерделеу оның салыстырмалы
дербестігінің объективті экономикалық қатынастар тәуелділігіне ұласпауының
кепілі. Экономикалық дамудың тәжірибесі қаржылық саясаттың экономикадан қол
үзуінің қатаң экономикалық қиыншылықтарға ұрындыратынын, коғамдық дамудың
міндеттерін іске асыруды сезсіз тоқтататынын дәлелдейді.
Қаржылық саясат ғылыми зерттемелерге негізделсе және ғылыми тәсілдеме
қаржылық саясаттың нақтылы қаржылық қатынастардан үзілмейтіндігіне қызмет
етсе, онда қаржылық саясат прогрессивті болуы мүмкін.
Қаржылық саясатты жасаған кезде оның бірнеше нұсқалары дайындалады.
Олардың барлығы сараптық бағалаудан өткізіледі, неғұрлым оңтайлы нұсқасы
Үкіметке жіберіледі. Көп нұсқалы жоба математикалық моделдеу мен жобалауды
пайдалануды талап етеді. Мұнымен бірге үнемі өсіп отыратын қаржылық
ресурстардың босалқы қорын жасау қажет, сондай-ақ мемлекеттің шаруашылық
жүргізуші субъектілерінің табыстарын алудың неғұрлым оңтайлы үлестерін
анықтау қажет. Қаржылық саясатты жасаған кезде қаржылық ресурстарды бөлуге
және оларды негізгі бағыттарға шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.
Елдің қаржылық жағдайы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады:
жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс;
инвестициялаудың ауқымы;
негізгі капиталдарды жаңартудың қарқындары;
еңбек өнімділігінің өсуі;
халықтың тұрмыс деңгейі;
мемлекет бюджетінің тапшылығы[6, 13- б].
Соңғы жылдардағы Қазақстанның қаржы жүйесі мемлекет бюджетіне
төленбеген төлемдермен сипатталады. Жүйелі төлем қабілетсіздігінің
салдарынан мемлекеттік борышты арттыруға тура келеді.
Тұрақтандырудың қаржылық саясаты езіне мына міндеттерді кіріктіреді:
инфляцияны тоқтату;
бюджет тапшылығын ІЖӨ-нің 2%-ына дейін төмендету;
мемлекеттік борышты ІЖӨ-нің 48%-ына дейін жеткізу.
Қаржылық саясатқа ақшалай - кредиттік саясат қосылады. Қаржылық саясат
жетістіктерінің бірі — Ұлттық банк кредиттерін беру (эмиссия) жолымен
мемлекеттік борышты жабудан заңнамалық түрде бас тарту.
Қаржылық тұрақтандырудың міндеттеріне мыналар кіреді:
тұрақты бағалар (инфляция нөлге жуық). Алайда инфляция жылына шамамен 1,8%-
ға тең болатын дамыған елдерде де болады;
бюджет тапшылығы ІЖӨ-нің 2-3%-ынан аспайды;
мемлекеттік борыш аз соманы құрауы тиіс және тек ІЖӨ-нің өсуімен өсуі
тиіс[7].
Қаржылық саясатқа қойылатын маңызды талап қаржылық саясатты
жүргізгенде, яғни дамудың белгілі бір кезеңінің негізгі міндеттерін
орындауға шаралар бағыттау жолымен қаржы жүйесінің барлық буындарында
жүргізілетін шараларды келіскенде кешенді көзқарасты сақтау, сондай-ақ
экономикалық саясаттың кұрамды бөліктері арасында қаржы, кредит, баға
белгілеу, жалақы салалары саясатында тығыз өзара байланысты қамтамасыз ету
болып табылады.
Қаржылық саясат шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық саясатын,
қаржы рыногының, сақтандырудың саясатын қоса алғандағы саясаттың жалпы
бағыты.
Қаржылық саясат мемлекет қызметінің салық салу және экономикаға ықпал
ету мақсатымен мемлекет шығыстарының құрылымын реттеу саласындағы
(фискалдық саясат) және бюджетті реттеу саласындағы екі өзара байланысты
бағыттарынан тұрады. Қаржылық саясаттан фискалдық саясат яғни мемлекеттің
салықтық - бюджеттік саясаты бөліп көрсетіледі.
Мемлекеттің салықтық - бюджеттік саясатының және экономикалық
үдерістерде оны іске асыру механизмінің кешенді ұғымы деп түсінілетін
фискалдық саясат термині батыс теориялық тұжырымдамалары мен
практикасынан алып пайдаланылған.
Қаржылық саясаттың бағыттары экономикалық үдерістерді реттеумен
байланысты болатын экономикалық саясатты да кіріктіреді.
Сондай-ақ бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясатты айырады, (бұл
мәселелер оқулықтың 14 және 20 тарауларында толығырақ баяндалған).
Қазақстанда Үкіметтің орта мерзімді кезеңге 3 жылға арналған фискалдық
саясат жасалады, ол жыл сайын елдің дамуының өзгермелі ішкі және сыртқы
жағдайларына қарай негізгі параметрлер мен іс-шаралар нақтыланып отырады.
Сонымен бірге фискалдық саясаттың және оның құрамды бөліктерінің салықтық,
бюджеттік саясаттардың, мемлекеттік қарыз алу саясатының, сондай-ақ оларды
жүзеге асыру механизмдерінің мақсаты мен міндеттері нақтыландырылады[7].
Бұл мақсатқа жету мына негізгі міндеттерді шешуге жәрдемдеседі:
нәтижеге бағытталған бюджеттендіру әдісін енгізу мақсатымен бюджет
заңнамасын жетілдіру, бұл мемлекет шығыстарының тиімділігі мен
нәтижелілігің арттыруға, бюджет жоспарлары мен дамудың стратегиялық орта
мерзімдік жоспарларын үйлестіруді жүргізуге жәрдемдеседі;
қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына көшуге байланысты салықтық
заңнаманы жетілдіру және бухгалтерлік заңнаманы үйлестіру;
адами капиталды, инфрақұрылымды, мемлекеттік басқаруды, инновацияларды
өсірудің неғұрлым жоғары көрсеткіштерін ынталандыру есебінен бәсекеге
жарамдылықты тұрақты артыру;
нақтылы нәтижеге жету және аралық (жыл қорытындысы бойынша) нәтижелер мен
орта мерзімді мезгілдің өтуі бойынша нәтижелерді қарау үшін жауапкершілікті
күшейтумен мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлауды жетілдіру.
бүркемелі және бейресми кызметті тудыратын және ынталандыратын экономикалық
жағдайларды жою жолымен қадағаланбайтын экономиканың барлық құрамдас
бөліктері бойынша оның деңгейін төмендету;
макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканың осу қарқынының
кенет төмендеуіне және қаржы жүйесі дағдарысының тереңдеуіне жібермеу.
Бұдан басқа, фискалдық саясат мемлекеттің жалпы экономикалық саясатының
аса манызды құрамдас бөлігі бола отырып, жоспарланатын кезеңде инфляцияның
орташа жылдық деңгейі бойынша белгіленген дәлізді қолдануға, төлем
балансының тұрақтылығына, тауарлар мен қызметтерді түпкілікті тұтынудың
және капитал қорлануының өсуіне көмектесетін болады[8, 97-б].

мәселелерді шешуші процесс
Қазіргі жағдайда жасалынған қаржы саясаты концепсиясының мақсаты
шаруашылықты дамыту, қоғамдық өндіріс тиімділігі барынша арттыру негізінде
халық тұрмысының неғұрлым жоғарғы дәрежесіне жету. Қаржы стратегиясының
әлеуметтік бағыттылығы халықтың тұрмыс жағдайын арттыруға жұмсалатын қаржы
ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктерін іздестіруде ғана емес. Сонымен қатар
экономикалық саясаттың басты мақсатына деген принципті жаңа көзқараста
көрінеді. Тұрмыс дәрежесі енді өндіріс дамуын, қаржы ресурстарының бағыты
мен оны пайдалану құрлымын анықтайтын мөлшері болып табылады.
Әлеуметік бағдарламаның орталық пункті шығармашылық және жоғары өнімді
еңбек дербестік пен ынтаны көрсету, шынайы кәсіпкерлік үшін жағдайлар жасау
болып табылады. Сонымен қатар бір мақсатта бірінші кезекте аз қамтылған
азаматтарды (зейнеткерлерді, көп балалы отбасыларын), сондай — ақ табысы
тіркелген тұлғаларды (бюджет мекемелері, ғылым денсаулық сақтау, білім
беру және басқаларының қызметкелерін ) әлеуметтік қорғау жүйесі
қарастырылады. Әлеметтік қорғау ең алдымен табыстарды индекстеу арқылы,
яғни оларды бюджетті қаржыландыру есебінен, жеке жағдайларда өтемдер
есебінен де тұтыну бағыттарының индексіне сәйкес арттырып отыру жолымен
қамтамасыз етіледі.
Жаңа қаржы стратегия меншіктің әртүрлі нысандарын нарықтық қатынастардың
дамуын, тауар нарқының толық құқықты жұмыс істеуін, жұмыс күшін,
капиталдарды ескере отырып жасалған. Қоғам өмірінің экономикалық және
әлеуметтік салаларына қаржымен ықпал жасаудың негізгі әдістері мыналар:
— қаржы ресурстарын шебер пайдалану;
— салық салу;
— қаржыландыру;
— қаржы нарқы және басқалары.
Қаржы салаындағы дағдарыстың дәлелі мыналар:
-ақшаның үдейі түсіп отырған эмиссиясы және онымен қосарланып отырған
инфиляция;
-ішкі және сыртқы мемлекеттің борыштың өсуі;
-залал шегіп отырған және рентабельдігі аз кәсіорындар санының көп болуы;
-шаруашылықта өнімсіз шығындардың едәуір соммасы.
Дағдарыс құбылыстары мемлекеттің қаржылары саласында да шаруашылық
жүргізуші субъектілер саласында да көрінуде.
Қаржы реттеуіштердің бір бөлігі (мысалы: салықтар ) қоғамдағы қайта бөлу
процестерінің негізгі ауқымын және соның негізінде мемлекетке қажет ақша
қорларын қалыптастыруды қамтамасыз ете отырып, автоматтық режимде (оның
негізгі параметрлерін мемлекет анықтайды ) іс — қимылын жасауға қабілетті.
Күрделі экономикалық және қаржы ахуалы шаруашылықты жүргізудің
тиімділігі төмендеп отырған жағдайда шаруашылықтың қаржысын сауықтыруға
бағытталған шаралардың кешені жасалды. Басты бір жағдай кәсіпкерлік
қызметінің бостандығын мойындау болып отыр. Шаруашылықты жүргізудің сан
алуан нысандарын енгізу бәсекені дамытуда, қоғамдық қажеттіліктерді жақсы
қанағаттандыруда, ресурстарды сақтауда, өнімнің ассортименті мен
техникалық базаны жаңартуда еңбек ұжымының әлеуметтік проблемаларын шешуде
инициатива көрсетуде жағдайлар жасайды[9].
Әлеуметтік басқа қызметтерге бағытталатын қаржы ресурстарын өсіру ең
алдымен қорғанысқа, басқаруға және басқаларға жұмсалатын шығындарды щұғыл
қысқарту, мемлекеттік қаражатарды үнемдеу есебіне қарастырылады. Алайда
мемлекеттік шығындарды қысқарту тек қысқа мерзімді пайда беруі мүмкін.
Саяси, экономикалық және әлеуметтік сипаттағы сан алуан себептердің ықпал
жасауымен мемлекеттің шығындары үнемі өсіп отырады. Осыған байланысты
қазіргі қаржы саясаты мемлекеттің қаржы ресурстарының үнемі өсіп отыруын
қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қарастырады.
Жалпы табысқа салық салуға қөшу жұмыстың түпкі нәтижелері үшін
кәсіорындардың ынталылығы мен жауапкершілігін арттыруға жәрдемдеседі.
Мемлекет тарапынан барлық кәсіпорындарға бірдей талаптар белгілеу төлем
көлемін анықтаудағы субъективизімді жою, қаржы ресурстарын қайта бөлу
жолымен шаруашылықты тиімсіз жүргізуге тосқауыл қойылады. Салық
төлемдерінің жүйесін енгізуді мемлекеттік қаржының (мемлекеттік бюджеттің)
жай — күйінің кәсіорындардың тиімді қызметіне тікелей тәуелдігін белгілеу
тұрғысынан да принципті маңызы бар. Бюджетке түсетін төлемдердің көлемі
экономикадағы ағылып жатқан процестерді дәлелдейді, ал қалыптасып отырған
жағдайға талдау жасау шаруашылық буындардың іскерлік белсенділігін
жандандыруға бағытталатын қаржы саясаты саласында дер кезінде шаралар
қабылдауға мүмкіндік береді.
Қаржы нарығының дамуымен байланысты халық шаруашылығын дамыту және
жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін халықтың,
кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалай табыстары мен жинақтарын тартуын
өркениеті әдістері кеңіне қолдануда. Мемлекеттік облигациялар мен
қазынашылық билеттерді шығару тәжрибесін кеңейе түсуде.
Экономиканы көтеру және осының негізінде елдің қаржы мүмкіндіктерін
күшейте түсу үшін оның экономикасына шетелдік инвестицияларды тартудың
үлкен маңызы бар. Олар түрлі нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін.
Дүниежүзілік тәжірибе тура шетелдік инвестициялардың зор пәрменді
болатындығын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz