Материалдық емес активтер туралы


Мазмұны
Кіріспе
Еліміз тәуелсіздік алып, нарықтық экономикаға көшкеннен бастап қызмет түрлерінің қай саласы болмасын алға жылжуы күшейіп келеді. Соның ішінде халық шаруашылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше.
Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіде болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алып отыр. Осыған байланысты қазіргі кезде мемлекет, ұйым және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым - қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс - әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін - өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс.
Бүгінде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде басты орындардың бірін алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бекітілген нормативтік - құқықтық актілердің жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай - ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыруы мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
Нарықтық қатынастардың дамуына орай субъективті активінің құрамында материалдық емес активтер пайда болады.
Нарық жағдайында материалдық емес активтердің маңызы артып отырады және тиісінше, субъекті активінде олардың үлесі ұлғая түспек. Бұлар бухгалтерлік баланста ұзақ мерзімді активтердің бірінші тобында көрініс табады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты - материалдық емес активтер есебінің мәнін, оның түрлері мен бағалануын ашып көрсету. Қазіргі кезде олардың ұйымдардағы қозғалысы мен амортизациялық тозуының есебінің жүргізілу үрдісін көрсету және де материалдық емес активтердің есебінің қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) көшудің негізгі ерекшеліктерімен әдістерін талдап өту болып табылады.
Қазіргі кезде көптеген деректемелерде материалдық емес активтерге: бұлар «нақтылы нысаны жоқ, сезілмейтін активтер, бірақ өзінің табиғатына қарай иелеріне ұзақ уақыт бойы немесе ұдайы қосымша табыс әкелуге қабілетті» деп анықтама беріледі.
«Материалдық емес активтер» ҚЕХС және «Материалдық емес активтер есебі» БЕС сәйкес материалдық емес активтер әкімшілік мақсатта және басқа субъектілерге жалға беруде, өндірісте және тауарларды өткізуде ұзақ уақыт бойы қолануға арналған, заттай формасы жоқ, үлестірілген ақшалай емес активтер.
- Материалдық емес активтер есебінің мәні мен міндеттері және жіктелуіМатериалдық емес активтердің мәні мен міндеттері
Материалдық емес активтер - бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашақта экономикалық олжа табады деп күтіледі.
2700 «Материалдық емес активтер» ҚЕХС (Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына) және 2700 «Материалдық емес активтер есебі» БЕС (бухгалтерлік есеп стандарты) сәйкес материалдық емес активтер әкімшілік мақсатта және басқа субъектілерге жалға беруде, өндірісте және тауарларды (жұмысты, көрсетілген қызметі) өткізуде ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға арналған, заттай формасы жоқ, үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:
а) анықтауға болады;
ә) субъект бақылайды;
б) қолданудан субъект болашақта экономикалық пайда алуды күтеді.
Материалдық емес бап материалдық емес актив болып саналады, егер:
а) материалдық емес активтер анықтамаларына сәйкес келсе;
ә) белгі - өлшемдерге сай келеді және мынадай жағдайда есепте тіркеледі:
- субъектінің осы активке тікелей байланысты болашақта күтілетін экономикалық пайда алу ықтималдылығы жоғары болса;
- актив құнын күмәнсіз сеніммен анықтауға болса;
- материалдық емес активтерді тану сәтінде олардың бастапқы құны бойынша бағаланғанында.
Материалдық емес активтердің бастапқы құнын оларды сатып алу құнына тең болады, бұған оларды алуға кеткен және қолануға әзірлейтін жағдайға (сатып алу бағасы, орны толып өтелмейтін салықтар мен алымдар және т. б. шығындар) келтіруге жұмсалған шығындар кіреді.
Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер де оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса; болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы болса. Материалдық емес активтерді субъект бақылай алатын болса, онда оның экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады.
Келешек экономикалық олжа, осы материалдық емес активпен тікелей байланысты, егер олар мынадай жағдайда алынса: болашақ экономикалық
олжаны өсіруде материалдық емес активтердің рөліанықталса; субъектінің осы активтік пайдалану қабілеттілігі мен ниеті болса; бүгінгі күнде пара - пар қаржылық, техникалық және басқа да ресурстар бар болып, субъектіге болашақта күтілетін экономикалық олжаны алуға қолайлы жағдай туғызса.
Материалдық емес (ұстап көтеруге болмайтын) активтер - нақты табиғи нысаны жоқ сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен материалды активтердің де, материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.
Мысалға, кәсіпорын технологиялық құрал - жабдықты басқару үшін, оны компьютерлік бағдарлама мен қамтамасыз ету керек, өйткені онсыз құрал - жабдықтар қызмет ете алмайды. Сондықтан, құрал - жабдықтың бөлінбейтін бөлігі болып саналады. Осыдан, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етуді ненің құрамында екенін пайымдап ақыл парасатпен анықтау керек, өйткені ол негізгі құралдың да, материалдық емес активтің дәл құрамында есептелуі мүмкін.
- Кейбір материалдық емес активтер физикалық заттың (алып жүргізушілердің) құрамында болады атап айтсақ: компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ететін - дискте, фильм - лентасында, заңды құжаттау (лицензия, патент) - қағазда болады, бірақ дискет те, лента да, қағаз да өз кезегінде қосалқы элементтер болып табылады және ол активтің мәнін анықтау үшін негіз бола алмайды.
Бұған қарамастан, материалдық та, материалдық емес активтерінің де есебіне көптеген ұқсастықтар бар, бірақ соңғысының есебінде теңестіру немесе ұқсастыру, өлшеу, пайдалылық қызмет ету мерзімін бағалау сиақты аспектілер өте күрделі болып саналады.
Кейбір материалдық емес активтер фирманың басқа да активтеріне жеке теңестірілуі мүмкін, мысалға, патент, сауда маркісі сияқты, ал басқалар болса жеке теңестірілмеуі мүмкін, керісінше, осындай материалдық емес активтердің құны басқа да фирманың активтерімен тығыз байланыста шығарылуы мүмкін: бұндай материалдық емес активтің қатарына гудвил жатады, ал клиенттердің сеніміне немесе қызметкерлердің машықты деңгейіне негізделеді. Мысал. Жоғары радиациялық (сәуле шығаратын) зонада орналасқан фармацевтикалық «Феникс» кәсіпорыны дәрі - дәрмек препараттарын өндіретін фармацевтикалық «Бота» фирмасымен лицензиондық келісім жасады делік. Ол радиациондық сәуленің әсерінен болатын ауруларды емдеу үшін қажет.
Компанияның келешектегі экономикалық пайдасы жоғарыда аталған лицензиондық келісіммен де тікелей байланысты болады. Егер де:
- сол жерде тұратын халықтың шығарылатын препаратқа деген сұранысы жоғары болса және онда жүргізілетін әлеуметтік мәселелердің сондай - ақ өндірілетін препараттың келешекте үлкен экономикалық пайда
әкелетіндігіне толық сенім болса;
- препарат өндіру үшін компания басшылығы келісімді пайдалануға ниет білдіріп, ол оның бизнес - жоспарында көрініс тапса;
- кредиторлардың, жасалған келісім - шартқа сәйкес қаржылық және басқа да қажет ресурстарды беруге ынтасы бар болса.
Субъект қай жағдайларды тиесілі заңды құжаттардың құқығын рәсімдемей - ақ осы экономикалық олжамен басқа кәсіпорындардың шұғылдануына тиым сала алады. Егер де шығарылатын өнімнің технологиясы патенттелген болса, онда ол басқа субъектінің айналысуына тиым салады.
Материалдық емес активтерге: лицензиондық келісімдер, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етулер, патенттер, авторлық құқықтар, тауар белгілері, қызмет ету белгілері, фирма атаулары, тәжірибелі - конструкторлық жұмыстар және т. б.
1. 2 Материалдық емес активтердің бағалануы және жіктелуі
Материалдық емес активтер актив ретінде болашақта экономикалық олжа әкелетін активтер ретінде танылады. Өз кезегінде, материалдық емес активтердің құны, активтердің белсенді нарығы бар кезде ғана дұрыс анықталуы мүмкін; кез - келген уақытта мәміле жасауға ынта білдіруші сатып алушы мен сатушы табуға және бұндай кезде сатылатын және сатып алынатын тауардың бағасы үшін қолайлы болады.
Біршама материалдық емес активтердің белсенді нарығы болмайды, өйткені олар өте сирек кездеседі мысалға, тауар белгілері, басылым атауы, кино мен музыкаға берілген авторлық құқықтары және бір актив үшін төленген сомасы, осы тәріздес басқа активтің құнын өлшеу үшін, негіз бола алмайды.
Сондықтан көптеген материалдық емес активтердің құнын, әдетте, екі жақтың келісімі бойынша анықтайды.
Материалдық емес активтер танылған кезеңінен бастап бастапқы құны бойынша бағаланады. Материалдық емес активтердің бастапқы құны олардың алынған тәсіліне байланысты болып келеді: сырттан түссе (сатып алынған бағасы, ұйымдар бірлестігінің күшімен; айырбастау арқылы немесе мемлекеттік субсидияның есебінен) немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің өз күшімен жазаласа.
Егер де материалдық емес активтер бартерлік (айырбас) негізінде алынса, онда олардың бағасы нарықтық құн немесе осы тәріздес материалдық емес активтер құны бойынша анықталады. Егер де материалдық емес активтің бастапқы құны несие есебінен алынса, онда сол несие үшін
төленетін пайыз бастапқы құнға қосылмайды, ал ол кезеңдік шығысқа жатқызылады. Егер материалдық емес активтің бастапқы құны мемлекеттің есебіне тегін (немесе номиналды атауы, немесе мемлекеттің субсидиясының есебінен) алынса, онда ол сату немесе белсенді нарықтағы материалдық емес активтердің бастапқы құны нақты шығындармен де және үстеме шығысымен де танылады. Осы шығындарды есепке алу үшін, 2700 «Материалдық емес активтер» шоттарының бөлімшесіне, жеке «Материалдық емес активтерді жасау шығындары» деп аталатын ішкі (субшоты) ашылуы мүмкін. Осы аталған субшотқа мынадай шығындар енеді:
- материалдық емес активтерді жасауға қатысқан еңбеккерлердің еңбек ақысы;
- заң бойынша белгіленген еңбек ақыдан жасалатын аударымдар;
- материалдық емес активтерді жасау кезінде тұтынатын материалдармен атқарылатын қызметтер;
- несие үшін төленетін пайыздар (марапаттаулар) ;
- басқа да шығындар;
- үстеме шығындар.
Материалдық емес активтер (МЕА) шартты түрде 4 - топқа бөлінеді.
Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа «ноу - хау», ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықталып, интегралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары, белгілі бір формуланы пайдалану технологиясы немесе өнімнің сыртқы бейнесі, өнеркәсіптік үлестері, сервитуттары және т. б жатады. «Ноу - хау» - құжатнама өндірістік озық тәжірибесін құжатталған түрінде көрсетілген нысан және т. б. түрінде көрінетін техникалық білімдерін айқындау үшін халықаралық қатынастарда қолданылатын термин.
Кең мағынасында «ноу - хау» техникалық құжатнама түрінде рәсімделген, бірақ патенттелмеген, белгілі бір өнім түрін ұйымдастыруға қажетті өндірістік тәжірибесінің техникалық, коммерциялық және басқа да қырсырларын көрсететін білім жиынтығы. Лицензиялық келісім - шарттарда, техникалық ынтымақтастық туралы шарттарда, лизингте, «кілті қолма - қол» кеңінен қолданылады. Жаңалықтар патенті, тауар белгілері, авторлық құқықтар мен патенттік ақпараттар субъектінің меншігі болып табылады. Кәсіпорын «ноу - хаудың» құпиясын сақтап, оны пайдаланудан түскен табыстарын бақылай алатын жағдайда ғана материалдық емес активтің анықтамасына жауап бере алады.
«Ноу - хау» өзінің бағасымен басты көрсеткіштерімен құнды.
Өзінің табиғаты және төлем нысаны жағынан ол лицензия бағасына ұқсас. «Ноу - хау» сатып алушылардың қосымша алынған табыстың есебінен қалыптасадыжәне ол оның иесіне төленетін сыйақының орнықты тағайын -
далған сомасы түрінде көрсетіледі. Субъект белгілі бір ақыға сатып алынған лицензиялар мен патенттерден «ноу - хаудың» өзгешелігі, ол әдетте, субъектінің жарғылық капиталына құрылтайшының қосқан материалдық үлесі ретінде салынуы мүмкін. «Ноу - хаудың» субъект балансына алынатын құны құрылтайшылар немесе қатысушылардың келісім шарттарының көмегімен анықталады.
Өндірістік ақпаратты пайдалану құқықтарын есепке алу. Оған материалдық емес активтер қатарына белгілі бір уақыт кезеңі ішінде табыс әкелетін, ақыға сатып алынған өндірістік ақпарат немесе субъектінің өнімін болашақ кезеңдегі тұтынушылары туралы; шикізатпен, материалдармен және қызметтермен жабдықтау туралы, бәсекелестерді және тағысы тағылар мәліметтер жатады.
Ұйымдастыру шығындары. Бірлескен немесе акционерлік кәсіпорындарды құру кезеңінде пайда болған шығындар ұйымдастыру шығындарына жатқызылады. Бұл шығындар пайда болған кезеңнен бастап, материалдық емес активтер болып есептелінеді. Бұған кәсіпорын қызметінің бастапқы қезеңіндегі шығындар мен кәсіпорынның әрбір қатысушысының ұйымдастыру шығындары кірмеуі тиіс. Мұндай шығындарға жарнамаларға кеткен шығын, кеңесшілерге төленген ақы, кәсіпорынды тіркеу, құжаттарды дайындау, банктерде шоттарды ашу т. б. шығындары жатады.
ЭЕМ бағдарламасымен жабдықтау - кәсіпорын иемденген, ұзақ уақыт бойы пайда әкелуге қабілетті бағдарламаларды пайдалануға қажетті мәліметтерді талдау және бағдарламалық құжаттар жүйесінің жиынтығы.
Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активер. Бұл топқа тауар таңбалары, тауарлардың шыққан жері және т. б. жатады.
Тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары деп тауарларды тиесілі таңбалары бойынша айыра алатын белгісін атайды. Кәсіпкерлікті жүзеге асырушы заңды немесе жеке тұлға атына тіркелсе, тауардың таңбасы құқықтық заңдармен қорғалады. Тіркелген тауар таңбасының иесі тауар таңбасын қалай пайдаланамын десе де толық құқығы бар, басқа тұлғаларға пайдалануға тиым сала алады. Тауар таңбасын немесе тауарды рұқсатсыз жасау, қолану, әкелу, сатуға ұсыныс жасау, шаруашылық айналымына өзгеріссіз енгізу тағы осы іспеттес әрекет жасалса, онда ол тауар иесінің құқықтарына қол сұғу болып есептелінеді.
Таңбалар сөз түрінде, көркемсурет түрінде, көлемді немесе бәрінің комбинациясы түрінде болмауы мүмкін: олар кез - келген түсте немесе түстер үйлесімінде тіркеледі.
Айыру белгісі жоқ, тек бір ғана белгіден тұратын, сондай - ақ мемлекеттік елтаңба, ту, эмблемалар, толық немесе қысқартылған аттары
ресми қабылданған бақылау кепілдік және сапасын көрсететін белгілері, мөрлер, марапаттау белгілері және басқа да айырым белгілерінен немесе соларға өте ұқсас, аралас деңгейіндегі белгілерден тұратын тауар таңбалары рұқсат етілмейді. Тауарды, тұтынушы немесе жасаушыны жаңылыстыратын элементі бар, қоғамдық мүдделер мен адамгершілік принциптеріне қайшы келетін тауар таңбалар да тіркелмейді.
Заңды немесе жеке тұлға тіркелген барлық тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты тауар таңбасын, оның иесінің келісімі бойынша бере алады. Бұл әрекет лицензиялық келісім бойынша белгіленген тәртіпке сай істелінеді.
Тауардың шыққан жерінің атауы - тауарды таңбалау үшін пайдаланылатын елдің, елді мекеннің, жердің немесе геграфиялық объектінің атын қоса және басқа да ерекшеліктері арқылы сипатталады.
Тауардың шыққан жерінің атауы геграфиялық объектінің тарихи атауы болуы мүмкін ол белгіленген тәртіп бойынша тіркеледі. Тауардың шыққан жерінің атауын пайдалану деп оны тауарда, қорабында, жарнамада, проспектілерде, банкілерде және басқа да тауарды шаруашылық айналымына енгізуге байланысты басқа да құжаттарды пайдаланғанды санайды.
Нарықтық экономика жағдайында тауар таңбасы кәсіпорынның өте қымбат активі болып табылады, себебі компания оны сата алады немесе жарғылық капиталға қосқан үлесі ретінде пайдалану құқын береді. Бірақ ол үшін тауар таңбасының құнын білу қажет. Есеп тәжірибесінде кәсіпорынның тауар таңбасын бағалаудың бірнеше әдісі бар: өзіндік құн, сатып алу құны, нарықтық құны бойынша бағалау. Алайда, меншікті тауар таңбаларын өзіндік құн арқылы есепке алған дұрыс болса, сатып алынған тауар таңбасын немесе тауар таңбасын пайдалану лицензиясын сатып алу құнымен, ал жарғылық капиталға үлес ретінде салынған тауар таңбасын нарықтық құнымен, ал жарғылық капиталға үлес ретінде салынған тауар таңбасын нарықтық құнымен есепке алған жөн. Тауар таңбасының нарықтық құнын анықтау үшін арнайы есептеулер жүргізу керек.
Қолдану (пайдалану) құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа жаңалық ашу құқығы, өндірістік ашу ақпараты қолдану құқықтары, көшіру құқығы лицензиялар және басқалар жатады.
Патенттер. Патент оның ұстаушысының патент қамтылған нәрсесін, процесін немесе қызмет түрін және дәл сондай әрекеті басқа тұлғаның жүзеге асыруына тиым салатын, бақылайтын, сататын, өндірілетін және пайдаланылатын құқық болып табылады. Патенттің қызмет мерзімі (15 - 20 жыл) ұлттық заңдармен белгіленеді. Сонымен қатар, патент деп белгілі кәсіппен, саудамен тауар сатып алумен шұғылданатын тұлғаларға берілген құжат саналады. Патент берілгенде патенттік алым ұсталынады. Патентті алуға көптеген кәсіпорындар мүдделі болып келеді. Себебі патент сатып алу-
ға да, патенттелінген жаңалықтарды өндіріске енгізуде де қаржысы болуы керек.
Өнеркәсіптік үлестер. Өнеркәсіптік үлестерді пайдалануға айрықша құқықты растайтын, патенттер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес беріледі. Өнеркәсіптік үлгілері: модельдермен, суреттерімен немесе екеуінің қосындысымен берілуі мүмкін. Егер үлгінің қоғамдық белгілері Қазақстан Республикасында немесе шетелдерде, белгісіз болып келсе, онда ол жаңа өнеркәсіптік үлгі болып табылады. Егер өнеркәсіптік үлгі өнеркәсіптік әдіспен бұйым ретінде жасалынып, шаруашылық айналымына түсуге дайын болса, онда оның өнеркәсіпте қолдануға болатындығы мойындалады. Өнеркәсіптік үлгілерге патент ҚР мемлекеттік тізіміне тіркелген соң беріледі.
Лицензиялық келісім бойынша патент иесі өнеркәсіптік үлгіні басқа тұлғаларға да бере алады. Лицензия - қандай да бір операцияларды жүзеге асыруға құзырлы мемлекеттік органдарының берген рұқсаты.
Лицензиялар келесі белгілері бойынша бөлінеді:
Субъект бойынша:
- ҚР заңды және жеке тұлғаларына берілетіндер;
- шетелдік заңды және жеке тұлғаларға, азаматтығы жоқ тұлғаларға, халықаралық ұйымдарға берілетіндер.
Қызмет ету көлемі бойынша:
- негізгі - мерзімі шектеусіз, белгілі бір қызмет түрімен шұғылданатындарға, егер де олардың қызметі біртұтас технологиялық кешеңге кіретін болса, онда бас лицензия қызметін бірнеше түрімен шұғылданатындарға да беріледі;
- бір жолғы - белгілі бір шаруашылық операциясын жасау үшін рұқсат етілген шегінде өнімнің көлемін, санын немесе салығын алуға беріледі;
- операциондық - волюта заңдылығымен анықталған, волюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты белгілі бір банк қызметінің операцияларын жасау үшін беріледі.
Мерзімдік әрекеті бойынша:
- тұрақты - берілетін мерзімі шектелмеген;
- уақытша - белгілі мерзімге берілген.
Аймақтық әрекет ету сферасы бойынша:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz