Су факторларымен байланысты аурулардың алдын алу жөніңдегі шаралар


Кіріспе

Судың физиологиялық, гигиеналық және эпидемииологиялық маңызы.

Адам организмі өзін қоршаған ортамен үнемі алмасуда болады. Су органикалық орта дами алмайтын қоршаған ортаның бір элементі болып табылады. Адам денесінің 60-70 % судан тұрады: Организмнің тіршілікке маңызды процестері: ассимиляция, диссимиляция, осмос, диффузия, сорылу, сҥзілу судың қатысуымен жүреді. Тәулігіне адамның суға деген физиологиялық қажеттілігі орташа есеппен 2, 5 л. құрайды. Бұл қажеттілік нормасы адамның қызметіне, жасына, климаттық-географиялық жағдайларына байланысты өзгеріп отырады.

Тұрғындар арасында жұқпалы аурулардың дамуында судың алатын орны ерекше. Әсіресе ішек ауруларының дамуы су арқылы жылдам өтеді, оған тікелей әсер ететін төменде көрсетілген жағдайлар:

- науқас немесе бациллотасымалдаушы шығарыстарымен инфекция қоздырғышының су көзіне түсуі;

- қоздырғыш суда өзінің өмірін және вируленттілігін ұзақ сақтайды;

- ластанған су адамның асқазан-ішек жолына түсуі.

Су эпидемиясына тән қасиет бір мезгілде көптеген адамның науқастануы, ол су көзін пайдаланатын тұрғындар арасында басталады. Су арқылы берілетін инфекциялар: холера, іш сүзегі, лептоспироз, эндемиялық гепатит және т. б.

Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу

Су тұтынуға байланысты әр түрлі аурулардың алдын алу мақсатында, гигиена мамандары ауыз су сапасына қойылатын бірқатар талаптар дайындады . Біріншіден, ауыз су эпидемиялық және радиациялық жағынан қауіпсіз болуы тиіс, екіншіден, химиялық құрамы жағынан зиянсыз болуы керек, үшіншіден, органолептикалық қасиеттері (түсі, исі, т. б. ) жағымды болуы керек. Бұл талаптар келесі іс-шаралар кешенін орындау нәтижесінде жүзеге асырылады:

- заңнамалы гигиеналық шараларды орындау;

- су көзін таңдау;

- су көзінің санитарлық-қорғаныш аймағын (ЗСО) ұйымдастыру;

- суды тазарту, зарарсыздандыру және өңдеудің арнайы әдістерін қолдану;

- су құбыры жүйесін санитарлық қорғау.

Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету жүйесінің екі түрі бар:

· орталықтандырылған жүйесі - бұл, су көздерінен механикаландырып су алуды, оның сапасын жақсартуды (тазарту, зарарсыздандыру және өңдеу) немесе онсыз, суды сақтауды, ауыз су пайдаланатын орындарға беруді қарастыратын, елді мекендерді сапалы ауыз сумен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуге арналған шаралар мен құрылғылар, құрылыстар және су құбырларының кешені болып табылады.

· орталықтандырылмаған (жергілікті) жүйесі - бұл, ауыз суды тұтынатын орындарына жеткізіп бермейтің, жалпы халық пайдалану үшін ашық немесе жеке адамдардың пайдалануындағы құрылыстардан тұрғындардың өз бетімен су алуына арналған жүйе.

Сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесі су құбырларын орнату арқылы жүзеге асырылады. Су құбырлары деп , су көздерінен механикаландырып су алуды, оның сапасын жақсартуды (тазарту, зарарсыздандыру және өңдеу) немесе онсыз, суды сақтауды, ауыз су пайдаланатын орындарға беруді іске асыратын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге арналған инженерлік құрылыстар кешенін айтады. Қазіргі кездегі су құбырлары ашық және жер астылық су көздерінің суын пайдалана алады. Ашық су көздерінің суымен қамтамасыз ететін құбырлар:

а) су алатын құрылыстан;

б) суды жоғары көтеретін сору қондырғысынан;

в) судың сапасын жақсартуға арналған құрылыстан;

г) су құбырлары жүйесінен тұрады.

Құрылыстардың су құбырлар жүйесіне дейінгі бұл кешенінің барлығы бас құрылыстар деп аталады. Суды су көздерінен алу үшін, өзен ағысының бойымен елді мекеннен жоғары ұйымдастырылатын арнайы су қабылдағышты қолданады.

Жер асты су көздерінен орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесі, негізінен, кішігірім ауылдық елді мекендер, қалалардың жекелеген аудандары, кейде жеке мекемелер үшін ұйымдастырылады. Оның артықшылықтары: бұл жердегі су барлық ластаушылардан сенімді қорғалғандықтан, суды тазартудың қажеттілігі, әдетте, туындамайды; су алатын орның елді мекеннің өзінде немесе оған жақын жерде орналастырады.

Су алу үшін, жер астындағы су тұтатын горизонтқа дейін жететін вертикалды шахталар түріндегі, бұрғылағыш артезиан ұңғымаларын құрады. Бұрғылау кезінде алынған топырақ шахтаға түспеу үшін, шахтаның қабырғаларын бекітетін айналдыра сақиналар қойылады. Ұңғымадан суды тартып алу үшін, оған сорғыш орнатады. Бұндай су құбырларының санитарлық қауіпсіздігінің кепілдігі, жүйенің, әсіресе, айналдыра қойылған сақиналардың қосылған жерінде, жақсы герметизациялануы болып табылады.

Орталықтандырылмаған ауыз су-шаруашылық мақсатында сумен қамтамасыз ету үшін жер асты сулары пайдаланылады. Тұрғындарды және шаруашылық- тұрмыстық нысандарды сумен қамтамасыз ету, су алатын құрылыстарға арнайы құрал-жабдықтарды (тарату жүйесі жоқ ұңғымаларды, шахталық және құбырлы құдықтарды, бастау каптаждарын) орнату арқылы жүзеге асырылады.

Ұңғымалар, құдықтар мен бастау каптаждарын орнату үшін қажетті орындар геологиялық, гидрогеологиялық мәліметтер негізінде таңдалып алынады.

Санитарлық қорғау

Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінің су көздерін ластанудан қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасының санитарлық заңнамасы бойынша сумен жабдықтайтын су көздерінің санитарлық қорғау зонасы (СҚЗ) орнатылған, СҚЗ су көзінің жанындағы, санитарлық режимі ерекше, аумақ болып табылады.

СҚА үш белдеуден тұрады:

- бірінші белдеу (қатаң тәртіптегі ) су алатын орынды және су алу құрылыстарын ластанудан және зақымданудан қорғауға арналған, оған су алатын орындары мен су алу құрылыстары орналасқан аумақтар кіреді;

- екінші және үшінші белдеулер (шектейтін) шаруашылық-ауыз су мақсатында сумен қамтамасыз ететін су көздерінің микробиологиялық және химиялық ластануының алдын алуға арналған аумақтарды қамтиды.

СҚА белдеулерінің шекараларын орнату:

- сумен жабдықтау көздерінің түріне (жер бетілік немесе жер астылық) ;

- ластану сипатына (химиялық, микробтық) ;

- жер бетілік ластанудан табиғи қорғалу деңгейіне (жер асты су көзі үшін) ;

- гидрогеологиялық немесе гидрологиялық жағдайларына байланысты.

Орталықтандырылған сумен жабдықтауда ауыз судың сапасы, су тарату жүйесіне берілер алдында, сонымен қатар, сыртқы және ішкі су құбырлары жүйесінің су алынатын жерлерінде, гигиеналық нормативтерге сай болуы тиіс.

Ауыз судың эпидемиялық тұрғыдан қауіпсіздігі микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері бойынша кестеде көрсетілген нормативтерге сәйкес, бағаланады.

Жалпы микроб саны (ЖМС) бактериологиялық әдіс арқылы зерттелетін 1 мл судағы микроағзалар колониясының өсу санымен анықталады. ЖМС 50- аспауы керек. Жалпы колиформды бактериялар бойынша зерттеу 12 ай (1 жыл) бойына жүргізіледі, бұл кезде сыртқы және ішкі су құбырлары жүйесінің су алынатын жерлерінен алынған су сынамаларының саны 100 -ден кем болмауы керек және олардың 95% нормативтен аспауы керек.

Кесте

Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететін жүйедегі ауыз су сапасының микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері (28. 06. 2004 ж. ҚР ДМ санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінен)

Көрсеткіштері
Өлшем бірліктері
Норматив-тері
Көрсеткіштері: Жалпы микроб саны
Өлшем бірліктері: 1 мл-дегі колония түзетін бактериялар саны
Норматив-тері: 50-ден артық емес
Көрсеткіштері: Жалпы колиформды бактериялар
Өлшем бірліктері: 100 мл- дегі бактериялар саны
Норматив-тері: Жоқ
Көрсеткіштері: Термотолерантты колиформды бактериялар
Өлшем бірліктері: 100 мл-дегі бактериялар саны
Норматив-тері: Жоқ
Көрсеткіштері: Колифагтар
Өлшем бірліктері: 100 мл-дегі түймешек түзетін (бляшкообразующие) бірліктерінің саны(ТТБ)
Норматив-тері: Жоқ
Көрсеткіштері: Сульфитредуцирлеуші клостридийлердің споралары
Өлшем бірліктері: 20 мл-дегі споралар саны
Норматив-тері: Жоқ
Көрсеткіштері: Лямблиялардың цисталары
Өлшем бірліктері: 50 л-дегі цисталар саны
Норматив-тері: Жоқ

Термотолерантты (ыстыққа төзімді) колиформды бактерияларды, 100 мл суға үш рет зерттеу жүргізіп, анықтайды. Анықталған нәтижесі теріс болуы керек. Колифагтар мен лямблия цисталарын анықтау тек жер бетілік су көздерінен сумен жабдықтау жүйелерінде, суды тарататын жүйеге беру алдында, ал сульфитредуцирлеуші клостридийлердің спораларын - суды өңдеу технологиясының тиімділігін бағалау кезінде жүргізіледі. Бұларды анықтау нәтижелері де теріс болуы тиіс.

Ауыз судың химиялық құрамы бойынша зиянсыздығы, оның құрамындағы химиялық заттардың мөлшері - табиғи суларда ең жиі кездесетін зиянды химиялық заттардың, сондай-ақ, антропогенді текті зиянды заттардың нормативтеріне сәйкес келуімен анықталады. Химиялық кұрамы бойынша ауыз судың сапасын бағалайтын көрсеткіштерге жалпылама көрсеткіштер, табиғи суларда ең жиі кездесетін және жаһандық таралу алған антропогенді зиянды органикалық және бейорганикалық химиялық заттар, суды өңдеу үрдісінде суға қосылатын және соның нәтижесінде суда түзілетін зиянды химиялық заттар, адамның іс-әрекет нәтижесінде сумен қамтамасыз ететін су көздеріне түсетін зиянды химиялық заттаржатады (4. 4., 4. 5., 4. 6., 4. 7. - кестелер) .

Ауыз су құрамында 1- және 2- қауіптілік класына жататын және зияндылықтың санитарлық-токсикологиялық белгісі (с. -т. ) бойынша нормаланған бірнеше химиялық заттар анықталған кезде, суда анықталған әрбір заттың концентрациясының әр қайсысына тиісті ШРЕК-не қатынасының қосындысы 1-ден аспауы тиіс (суат суларының сапасына қойылатын талаптар сияқты) . Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:

С 1факт / С 1рұқсат + С 2факт. / С 2рұқсат . . . + С n факт / С n рұқсат ≤ 1

мұндағы - С 1, С 2, С n - 1- және 2- қауіптілік класына жататын жеке химиялық заттардың концентрациялары: факт. - фактіге негізделген; рұқсат- рұқсат етілген.

Кесте.

Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететін жүйедегі ауыз су сапасының жалпылама көрсеткіштері (28. 06. 2004 ж. ҚР ДМ санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінен)

Көрсеткіштері
Өлшем бірліктері
Нормативтері (шектік рұқсат етілген концентрациялары - ШРЕК), артық емес
Көрсеткіштері: Сутектік көрсеткіш
Өлшем бірліктері: рН мәндері
Нормативтері (шектік рұқсат етілген концентрациялары - ШРЕК), артық емес: 6-9 аралығында
Көрсеткіштері: Жалпы минералдануы (құрғақ қалдығы)
Өлшем бірліктері: мг/л
Нормативтері (шектік рұқсат етілген концентрациялары - ШРЕК), артық емес: 1000 (1500)
Көрсеткіштері: Жалпы кермектілігі
Өлшем бірліктері: ммоль/л
Нормативтері (шектік рұқсат етілген концентрациялары - ШРЕК), артық емес: 7, 0 (10)
Көрсеткіштері: Перманганаттық тотыққыштығы
Өлшем бірліктері: мг/л
Нормативтері (шектік рұқсат етілген концентрациялары - ШРЕК), артық емес: 5, 0
Көрсеткіштері: Мұнай өнімдері, барлығы (жалпы)
Өлшем бірліктері: мг/л
Нормативтері (шектік рұқсат етілген концентрациялары - ШРЕК), артық емес: 0, 1
Көрсеткіштері: Беттік белсенді заттар (ББЗ), анионды-белсенді
Өлшем бірліктері: мг/л
Нормативтері (шектік рұқсат етілген концентрациялары - ШРЕК), артық емес: 0, 5
Көрсеткіштері: Фенол индексі
Өлшем бірліктері: мг/л
Нормативтері (шектік рұқсат етілген концентрациялары - ШРЕК), артық емес: 0, 25

Кесте.

Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйесіндегі ауыз судың бейорганикалық заттары бойынша көрсеткіштері (28. 06. 2004 ж. ҚР ДМ санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінен)

Көрсеткіштері
Өлшем бірліктері
Нормативтері (ШРЕК), артық емес
Зияндылық көрсеткіші
Қауіптілік класы
Көрсеткіштері:
Өлшем бірліктері:
Нормативтері (ШРЕК), артық емес:
Зияндылық көрсеткіші:
Қауіптілік класы:
Көрсеткіштері: Алюминий (А1 3+)
Өлшем бірліктері: мг/л
Нормативтері (ШРЕК), артық емес: 0, 5
Зияндылық көрсеткіші: с. -т.
Қауіптілік класы:
Көрсеткіштері: Барий (Ва 2+)
Өлшем бірліктері: мг/л
Нормативтері (ШРЕК), артық емес: 0, 1
Зияндылық көрсеткіші: с. -т.
Қауіптілік класы:
Көрсеткіштері: Бериллий (Ве 2+ )
Өлшем бірліктері: мг/л
Нормативтері (ШРЕК), артық емес: 0, 0002
Зияндылық көрсеткіші: с. -т.
Қауіптілік класы:
Көрсеткіштері: Бор (В, барлығы)
Өлшем бірліктері: мг/л
Нормативтері (ШРЕК), артық емес: 0, 5
Зияндылық көрсеткіші: с. -т.
Қауіптілік класы:
Көрсеткіштері: Темір (Fе, барлығы)
Өлшем бірліктері: мг/л
Нормативтері (ШРЕК), артық емес: 0, 3 (1, 0)
Зияндылық көрсеткіші: орг.
Қауіптілік класы:
Көрсеткіштері: Кадмий (Сd, барлығы)
Өлшем бірліктері: мг/л
Нормативтері (ШРЕК), артық емес: 0, 001
Зияндылық көрсеткіші: с. -т.
Қауіптілік класы:
Көрсеткіштері: Марганец (Мn, барлығы)
Өлшем бірліктері: мг/л
Нормативтері (ШРЕК), артық емес: 0, 1 (0, 5)
Зияндылық көрсеткіші: орг.
Қауіптілік класы:
Көрсеткіштері: Мыс (Сu, барлығы)
Өлшем бірліктері: мг/л
Нормативтері (ШРЕК), артық емес: 1, 0
Зияндылық көрсеткіші: орг.
Қауіптілік класы:
Көрсеткіштері: Молибден (Мо, барлығы)
Өлшем бірліктері: мг/л
Нормативтері (ШРЕК), артық емес: 0, 25
Зияндылық көрсеткіші: с. -т.
Қауіптілік класы:
Көрсеткіштері: Мышьяк (Аs, барлығы)
Өлшем бірліктері: мг/л
Нормативтері (ШРЕК), артық емес: 0, 05
Зияндылық көрсеткіші: с. -т.
Қауіптілік класы:
Көрсеткіштері: Никель (Ni, барлығы)
Өлшем бірліктері: мг/л
Нормативтері (ШРЕК), артық емес: 0, 1
Зияндылық көрсеткіші: с. -т.
Қауіптілік класы:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эпидемиялық үрдіс туралы ұғым
Техника қауіпсіздігі
Жұқпалы аурулардың ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі
Ана мен бала денсаулығын қорғаудың қазiргi жай-күйi
Еңбек гигиенасының түрлері
Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары туралы ақпарат
Геожүйенің ластауындағы техногендік факторлар анализі
Өндірісте аурушаңдықты зерттеу кезіндегі деректерді іріктеуді анықтау, жинау және топтау, негізгі көрсеткіштерді есептеу
Пуллороз ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары
Құстың пуллороз ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz