Delphi бағдарламалау тілі



КІРІСПЕ 3
I DELPHI бағдарламалаутілі
1.1. DELPHI.дің негізгі ұғымдары5
1.2.Бағдарламаның сыртқы құрлымы9
1.3.Delphi.дің графикалық мүмкіндіктері10
IIDELPHI бағдарламалау жүйесінің теориясы мен тәжірибесі 2.1.Бағдарламаны дайындау кезіндегі қажетті компоненттер13
2.2.Бағдарламаның құрылымы 14 2.3Қолданушыға нұсқау 16 ҚОРЫТЫНДЫ 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР23
ҚОСЫМША
Нақты әдістемелік құрал-дербес компьютерлер үшін DELPHI бағдарламалау ортасында қазіргі Windows-қосымшаларын (бағдарламаларын)құруға арналған.Көмекші құрал қосымшаны құрудың негізгі әдістерін сипаттауға бағытталған,сонымен бірге орта интерфейс, қосымшаны құрудың көрнекілік құралдары және қолданушының бағдарламалық кодын құрудан тұрады.Әдістемелік құрал үш бөлімнен тұрады.Әдістемелік құралдағы материалдар:теориялық деректер; иллюстрациялар; көмекші құралда көрсетілген материалдар көптеген мысалдармен қатар бекітілген, ал олар өз кезегінде бағдарламалаудың жаңа тәжірибелік әдістерін меңгеруге және ұғуға мүмкіндік береді, әрбір пункттің соңында жаттығулар берілген, олардың бірінші бөлімі жаттығуларды орындауға әдістемелік нұсқаудан, ал екінші бөлімі өз бетімен орындауға арналған жеке тапсырмалардан тұрады, олар оқылған материалдарды толық меңгеру үшін қолданылады.Бірінші бөлім «Delphi ортасымен танысу» Delphi ортасымен құрылған бағдарламаны толық меңгеру үшін қажет білімді береді:негізгі ұғымдар-класс, обьект, құрауыш; бағдарламаның ішкі құрылымы, жобаның құрылымдық элементтерінің өзара байланысы, бағдарламаның құрылуы барысында шешілетін тапсырмалар.Қазіргі уақытта обьектілі-бағытталған бағдарламалар өте танымал болып барады.Артық айтпасақ Delphi ортасында құрылған бағдарламаның 99% пайызы осыларға байланысты ұғымдарға сүйенеді. Сондықтан обьектілі-бағыттталған бағдарламалаудың негізін, сырттай қарағанда қарапайым нәрселердің ішкі жұмысын түсінбей ары жылжу мүмкін емес.
Оқу құралы бағдарламалаудың қазіргі технологиясымен танысамын, обьектілі бағытталған технологияның негізінде өздерінің меншік бағдарламасын құрамын деген студенттер, оқытушылар, мектеп мұғалімдері және қолданушылардың кең ортасында қолданылуы мүмкін.Менің курстық жұмысымның мақсаты Delphi бағдарламасының
1.Котов В.М.Волков И.А.Харитонович Методы алгоритмизации.Мн:Нар.асвета,1996-127с.ил
2.Нил Дж.Рубенкинг.Язык программирования Delphiдля "чайников".
Введение в Borland Delphi 2006= Delphi for Dummies.-М.:Диалектика,2007:--944с.--ISBN 0-7645-01.79-8
3.ХавьерПашеку.Программированияв Delphi 2006 дляпрофессионалов=Delphi for.NET Develpoer's Guide.---М.: Вильямс, 2006. - 944 с. - ISBN 0-672-32443-Х
4. Бородич Ю.С. и др. Пскаль для персональных компьютеров: Спарв. пособие / Ю.С. Бородич А.Н. Вальвачев, А.И. Кузьмич.-Мн.: ВЫш.шк.: БФ ГИТМП «Ника», 1991.-365с.:ил.
5. Бородич Ю.С. Раработка программных систем на языке Паскаль:
Справ.пособие.- Мн.: Выш.шл.,1992.143с.:ил
6. Вальвачев А.Н., Крисечев В.С. Программирование на языке Паскаль для персональных ЭВМ ЕС.- Мн.:Выш.шл,.1989.-223с
7. Вальвачев А.Н. Графическое программирование на языке Паскаль: Справ.пособие.-Мн.:ВЫш.шл,.1992.-143с.:ил
8. Вирт Н.Алгоритмы и структуры данных.М.:МИр,1989
9. Епанешников А.М., Епанешников В.А. Е Turbo Vision 2.0. Основы практического использования.-М.: «ДИАЛОГ-МИФИ », 1995.-240с.
10. Климов Ю.С и др Программирование в среде TurboPaskal 6.0: Справ.пособие/ Ю.С. Климов, А.И. Касаткин, С.М. Мороз. - Мн.: Выш.шл., 1992.158 с.:ил.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I DELPHI бағдарламалаутілі
1.1. DELPHI-дің негізгі ұғымдары 5
1.2.Бағдарламаның сыртқы құрлымы 9
1.3.Delphi-дің графикалық мүмкіндіктері 10
IIDELPHI бағдарламалау жүйесінің теориясы мен тәжірибесі 2.1.Бағдарламаны дайындау кезіндегі қажетті компоненттер 13
2.2.Бағдарламаның құрылымы 14 2.3Қолданушыға нұсқау 16 ҚОРЫТЫНДЫ 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 23
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ
Нақты әдістемелік құрал-дербес компьютерлер үшін DELPHI бағдарламалау ортасында қазіргі Windows-қосымшаларын (бағдарламаларын)құруға арналған.Көмекші құрал қосымшаны құрудың негізгі әдістерін сипаттауға бағытталған,сонымен бірге орта интерфейс, қосымшаны құрудың көрнекілік құралдары және қолданушының бағдарламалық кодын құрудан тұрады.Әдістемелік құрал үш бөлімнен тұрады.Әдістемелік құралдағы материалдар:теориялық деректер; иллюстрациялар; көмекші құралда көрсетілген материалдар көптеген мысалдармен қатар бекітілген, ал олар өз кезегінде бағдарламалаудың жаңа тәжірибелік әдістерін меңгеруге және ұғуға мүмкіндік береді, әрбір пункттің соңында жаттығулар берілген, олардың бірінші бөлімі жаттығуларды орындауға әдістемелік нұсқаудан, ал екінші бөлімі өз бетімен орындауға арналған жеке тапсырмалардан тұрады, олар оқылған материалдарды толық меңгеру үшін қолданылады.Бірінші бөлім Delphi ортасымен танысу Delphi ортасымен құрылған бағдарламаны толық меңгеру үшін қажет білімді береді:негізгі ұғымдар-класс, обьект, құрауыш; бағдарламаның ішкі құрылымы, жобаның құрылымдық элементтерінің өзара байланысы, бағдарламаның құрылуы барысында шешілетін тапсырмалар.Қазіргі уақытта обьектілі-бағытталған бағдарламалар өте танымал болып барады.Артық айтпасақ Delphi ортасында құрылған бағдарламаның 99% пайызы осыларға байланысты ұғымдарға сүйенеді. Сондықтан обьектілі-бағыттталған бағдарламалаудың негізін, сырттай қарағанда қарапайым нәрселердің ішкі жұмысын түсінбей ары жылжу мүмкін емес.
Оқу құралы бағдарламалаудың қазіргі технологиясымен танысамын, обьектілі бағытталған технологияның негізінде өздерінің меншік бағдарламасын құрамын деген студенттер, оқытушылар, мектеп мұғалімдері және қолданушылардың кең ортасында қолданылуы мүмкін.Менің курстық жұмысымның мақсаты Delphi бағдарламасының теориялық материалдар жинап Delphi-де жасалған ойынды үйрену. Курстық жұмысым 2 бөлімнен тұрады..DELPHI бағдарламалау тілі және II DELPHI бағдарламалау жүйесінің теориясы мен тәжірибесі.Бірінші бөлімде Delphi-дің негізгі ұғымдары және Бағдарламаның сыртқы құрылымы.Екінші бөлімде Бағдарламаны дайындау кезіндегі қажетті компоненттер мен бағдарламаның құрылымы жаздым.

I DELPHI бағдарламалау тілі
1.1 Delphi-дің негізгі ұғымдар
Бұл бөлімде қазіргі кезде жиі қолданылатын белгілі бір программалау тілдері, олардың құрлымы, қазіргі кездегі программалардың дамуының негізгі тұжырымдамалары қарастырлады.80-жылдардың ортасында программалауда жаңа бағыт орын алды, оны обьектілі-бағытталған программалау (ОБП)деп аталады.Программалаудың бұл бағытында да құрылымдық программалаудың принциптері маңыздылығын жойған жоқ.Оған мәліметтер мен программалаудың құрылымдылығы, модульдығы т.б айтуға болады.ОБП негізінде обьект ұғымы жатыр, бұл ұғымда мәліметтер мен олармен мүмкін амалдарды түсіну керек.Сөйтіп обьектіде оның қасиеттері мен қимыл-тәртібі топтастырылған.Обьектілердің құрылымы ұқсас, тек қана қасиеттердің мәнімен ажыратылуы мүмкін.Мұндай жағдайда,программалауда обьектінің бір құрылымына негізделген жаңа типтер жасалады,оны класс деп атайды.Ал осы кластың құрылымына дәл обьектіні кластың экземпляры деп атайды.Обьектілік,оқиғалық және құрылымдық программалаулардың технологиялары қазіргі заманда RAD-жүйелеріне біріктірілген,ондай жүйелердің құрамында көрнекі құрауыштар ретінде көптеген дайын кластар бар,олар программаға тышқанның бір түртуімен қосылады.Программист тек қана қолданба терезесінің сыртқы түрін және негізгі оқиғалардың өңделуін анықтауы қажет(яғни,түймешелерді,меню пункттерін,тышқан түймешесін басқанда қандай операторлар орындалатынын).Барлық қажетті алғашқы кодтарды программалау орталары өздері генерациялайды.Осындай орталарға Visual Basic,Visual C++,Delphi жатады.Осы кемшіліктер ескеріле отырып,Borland фирмасы Delphi программасын жасап шығарды. Delphi-обьектілі-бағытталған программалаудың тамаша жүйесі. Delphi-қазіргі кездегі жеке қолданбалы Windows программаларын құруға мүмкіндік беретін,сонымен қатар интернетте және корпоративтік жүйелерде жұмыс жасауға арналған жүйелердің бірі.Delphi-өте тез дамитын жүйе.Оның бірінші нұсқасы Delphi 1995 жылдың ақпан айында шыққан.Сосын жыл сайын жаңа нұсқалары шығып отырды.Сонғы нұсқау Delphi 7 бағдарламалау жүйесі.Delphi- Windows операциялық жүйесінде жұмыс жасауға бағытталған бағдарлама құру ортасы. Delphi-дегі бағдарлама қазіргі көркемдік жобалау технологиясының негізінде құрылады,ал олар өз кезегінде обьектілі. Delphi-дегі бағдарлама Object Pascal тілінде жазылады,ол Turbo Pascal тілінің қабылдауышы мен дамушысы болып табылады. Turbo Pascal бағдарламалау тілі мен ол қолданылатын біратты интегралдық құру ортасы кезінде бағдарламалық өнімді құру құралы,соның ішінде бағдарламалауды оқып-үйренетін құрал негізінде кеңінен танымал болған.Бұл танымалдық тілдің қарапайымдылығы,жоғары сапалы компилятор және қолайлы құру ортасына байланысты.Delphi бағдарлама құратын және жаңа бағдарламаны даярлайтын бағдарлама құру әдістерінен,сондай-ақ құрауыштар кітапханасынан тұрады. Delphi бағдарламасы-бұл өзара байланысқан бірнеше файлдар.Кез-келген бағдарлама жоба файлы (мұндай файл .dpr кеңейткіштен тұрады)және бір немесе бірнеше модульден тұрады(.pas кеңейткіші бар файлдар).Жоба файлы бағдарламаның жинақтаушы бөлігі болып табылады,ол өте үлкен емес және Delphi бағдарламалау жүйесінде автоматты түрде қалыптасады.Класс:Берілгендер мен оларға әрекет жасайтын арнайы тип.Ол өріс,әдіс және қасиеттерден тұрады.Кластың данасы болып обьект табылады.Обьект:Белгілі тапсырманы орындауға арналған,екілік бағдарламалық кодтың автономды бөлігі болып саналады.Обьектінің барлық құрауыштары обьект болып табылады,бырақ керісінше емес.Құрауыш: Delphi-дің стандартты класы, Delphi ортасында көрнекілік бағдарламаны іске асыруға арналған.Құрауыш болып меню,батырмалар,стандартты диалогтар(мысалы,қаріпті таңдау,файлды сақтау),енгізу терезесі және редактірлеу терезесі және т.б. табылады.Құрауыштар өріс ,әдіс және қасиеттерден тұрады.Қолданушының құрауыштармен жұмысы,оны негізгі терезедегі Құрауыштар палитрасынан таңдап және пішіннің терезесіне орналастырып,олардың қасиеттері мен мазмұнына қарай белгілі оқиғаға ықпалын икемдеу болып табылады. Delphi құрауыштары қолданушымен жылдам қарым-қатынас жасау үшін қолданылады.Құрауыштар қасиеті:Белгілі обьекті берілгенде немесе өзгергенде автоматты түрде оның атрибутын өзгертетін құрауыштың өрісі.Құрауыштың функциясын анықтайды.Құрауыштың оқиғасы: Құрауыштың қолданушы немесе операциялық жүйемен әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады.Әрбір құрауыш стандартты оқиғалардың жиынынан тұрады.Құрауыш хабарламаны өңдеу әдісінен тұрады,олардың әрқайсысы құрауыштың белгілі оқиғаға ықпалын анықтайды.Оқиғаны өңдеу деп:Өрбіген оқиғаға жауап ретінде белсенділік танытатын қосымшанын қосымшаның код бөлімін айтармыз.Құрауыш пішінге немесе басқа құрауышқа тиісті болуы мүмкін.
Пішін деп- Windows терезесінің қасиеттеріне ие және біркелкі функционалдық тағайындалумен байланысқан,құрауыштарды орналастыруға негіз болатын көрнекілік құрауышты айтамыз.Қосымшаның пішіні қолданушылық интерфейстің негізі болып саналады.Қосымшада бірнеше пішін болуы мүмкін.Пішін туралы ақпарат екі типті файлда сақталады-dfrn және pas,файлдың бірінші типі пішіннің файлы бұл екілік пішіннің кескінін және қасиеттерін сақтайды,екінші тип пішіннің модулі сіздің қосымшаңыздың фуекциясын іске асыратын кодтардан тұрады және пішін мен оның құрауыштары үшін оқиғаларды өңдеуді қарастырады.Екі файл да автоматты түрде Delphi-де синхрондалады.Әрбір пішінге өзінің модулі сәйкес келеді.

1.2.Бағдарламаның сыртқы құрылымы
Delphi-де дайындалатын программа проект(жоба)деп аталады.Форма программаны дайындау алдында ашылатын,программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Delphi атауымен көрінеді.Оның жиектеріне тышқан көрсеткішін орналастырып,ол екі жақты нұсқама түрінде айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсілі бойынша форманы кеңейту не қысу қиын емес.Құрылатын программада пайдалану үшін формада түрлі компоненттер орнатылады.Негізгі компоненттердің кейбірі Access берілгендер қоры жүйесінде пайдаланылатын элементтер панеліне енгізілген түймелер сияқты.Олар Delphi терезесінің компоненттер палитрасына орналастырылған.Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін.Оны экранға шығару үшін View-Forms командасын беру жеткілікті.Форманың және формаға енгізілетін компоненттердің түрлі қасиеттері бар.Қасиет(Сипаттама,параметр)айным алылардың ерекше түрі.Олар обьектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап,ағымдық күйін анықтайды.Мысалы,форма қасиеттерінің мәндері-форма тақырыбының мәтіні,өлшемі,экранда орналасуы,түсі т.б Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады.Форманы не онда орнатылған компонентті программа құру үшін дайындау оның кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады.Қасиеттер тізімі Обьектинспекторы терезесіне енгізілген.Тізімді инспектор терезесіне шығару үшін сәйкес обьектіні бір шерту арқылы таңдау керек.Инспектор терезесінің жоғарғы қатарына таңдалған обьект атауы да жазылып қойылады.Терезенің екі қосымша беті бар:Properties(Қасиеттер)және Events(Оқиғалар).Терезе ашылғанда екі баған енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашылулы тұрады.Бірінші бағанда көрінетіндер-қасиет атаулары,екінші бағанға сәйкес жазылғандар-олардың мәндері.Форма қасиеттері:Name(Атау)-формаға берілген атау.Ол Delphi обьектілерінің негізгі қасиеттерінің бірі. Delphi-дің жұмыс істеуі кезінде ол обьектіні осы атау бойынша ажыратып таниды. Delphi-дің формаға автоматты түрде алғашқы рет меншіктеген атауын (Form1)өзгертіп,басқа атау беруге болады.Форманың іс-әрекеті атауымен белгілі болуы үшін атауды мазмұнға жақын етіп енгізген жөн.Мысалы,форма квадрат теңдеуді шешуге пайдаланылатын болса, Form1 орнына KvTendатауын енгізу.Ол үшін қасиеттер терезесінен Name атауын таңдап,жаңа атауды клавиатура арқылы теріп алса болғаны.Терілген атау Name жолының оң қатарында жазылып қойылады.Font(Шрифт)-формаға енгізілген мәтін шрифтін орнату қасиеті.Оны таңдап оң жағында көрінген нүкте(...)түймесін шерткен кезде сұхбаттық шрифт таңдау терезесі көрінеді.Caption(Тақырып,бетіне жазу)-форма терезесінің тақырыбына енгізілетін мәтін.Алғашғы кезде қасиеттер терезесінің Caption қасиетіне тақырып үшін Form1 сөзі енгізіліп қойылған.Оны "Redactor"не басқа тақырыпқа алмастыру Name қасиетіне мән меншіктеу тәсілі сияқты (қасиет мәні енгізілген соң КҚ(каретканы қайтару,енгізу)клавишін басып қойған жөн.Color(түс)форманың түсін орнату қасиеті.Ол таңдалған кезде оң жағында тілсызық түймесі көрінеді.Тілсызық түймесі-қасиет мәнінің бірнеше екенінің белгісі.Тілсызық белгісін шерткен кезде мәндер(түстер)терезесі ашылады.Тізімде көрінген қалаған түсті шерткен соң форма сәйкес түске боялып қойылады.Width(Ең),Height(Биіктік)- пиксель өлшем бірлігімен берілген форманың ені мен биіктігін орнату қасиеттері .
Обьект қасиетін программа(программалық код)ішінде орнату да мүмкін.Мысалы,форма тақырыбы шрифтінің өлшемін 14 ету үшін программаға Form1.FontSize:=14 меншіктеу операторын енгізуге болады.Жалпы бір қасиет мәнімен танысу үшін оны қасиеттер терезесінде таңдап,+-1клавишін басу арқылы сәйкес анықтаманы шақыру керек. Delphi-де анықтамалар ағылшын тілінде жазылған.Ол түсініксіз болса,экранда орысша аудармасын көрсететін "Сократ 97"сияқты арнайы дайындалған программаны пайдаланған жөн.Экранда қасиеттер терезесі көрінбесе,оны шығару үшін View-Object Inspectorкомандасын беру жеткілікті.Ол +-11 клавиші басылған кезде де көрінеді.Ескерту.Жаңа проект іске қосылған кезде алдымен Delphi Direct терезесі іске қосылуы мүмкін.Терезеден Delphi News бумасын таңдау жеткілікті.
1.3 Delphi-дің графикалық мүмкіндіктері
Delphі 7ортасын жүктегеннен кейін экранда интегралданған бағдарламаланған ортасының терезесі пайда болады: негізгі терезе, проектілеу ортасы код редакторы және объектілер инспекторы.
Экранның жоғарғы бөлігінде негізгі терезе орналасады. Онда құрал-саймандар тақтасы (Standard. View. Debug және Custom) және компоненттер палитрасы орналасады. Негізгі терезе Delphi 7 ортасы жабылмайынша ашық тұрады. Негізгі терезені жабу арқылы Delphi 7 - ні жабамыз.
Тақырыбында қазіргі ашулы тұрған проектінің аты тұрады. Проекті орындалу немесе проектілеу режимінде ашық тұруы мүмкін. Проект орындалу режимінде ашық тұрса онда [Running] сөзі қосылып жазылады.
Мәзір жолағы бағдарламаны басқарудағы, тестілеуге және құруға керекті командалардан тұрады.Құрал-саймандар тақтасындағы түймелер мәзірдегі белгілі бір командаға сәйкес келеді. Мысалы File менюіндегі Open командасын таңдасақ та немесе Standard құрал-саймандар тақтасынан Open кнопкасын бассақ да бір нәтижеге әкеледі.Құрал саймандар тақтасындағы пернелер көмекші түсіндірмелермен (подсказка) жабдықталған.Егер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Объектілі бағытталған бағдарламалау ортасындағы Samples компоненттер тақтасы бетінің ақпараттық анықтамалық жүйесін жасау
Delphi бағдарламалық ортасында «Pascal бағдарламалау тілінде файлдармен жұмыс істеу» электрондық оқу құралынжасап шығару
Delphi бағдарламалау жүйесі
Деректер қорының реляциялық кестесі
Компьютерді ғылыми жұмыстарда қолдану
Деректер базасының түрлері
«Бағдаршам»бағдарламасын құру.
Delphi бағдарламалау тілінде проектіні құрастыру
«Биологиялық кітаптар»
Delphi ортасында видео және аудио кодектеррді оқитын бағдарлама құру
Пәндер