Ақсақ Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолостан шапқыншылығы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Ақсақ Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолостан шапқыншылығы

Кіріспе

І Тарау. ХІV-ХV ғғ. Қазақстан жеріндегі орта ғасырлық мемлекеттердің саяси жағдайлары.

І. І. ХІV-ХV ғғ. Қазақстан аумағындағы саяси жағдай.

І. 2. Әмір Темір жорықтары қарсаңындағы мемлекеттердің ішкі сыртқы саясаты.

ІІ. Әмір Темірдің жаулап алу жорықтары, тарихи салдары.

ІІ. І. Әмір Темір жорықтарының бастапқы кезеңі

ІІ. 2. Әмір Темір жорықтарының Қазақстанның саяси құрылымына тигізген әсері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

XIV ғасырдың ортасында Алтын Ордадан Ақ Орда, ал ыдыраған Шағатай мемлекетінен Моғолстан бөлініп шықты. Олар Шыңғыс ұрпақтарының билігінде болғанымен, жергілікті этникалық негізде қалыптасқан монғол дәуірінен кейінгі Қазақстан жеріндегі алғашқы ірі мемлекеттер еді.

Ақ Орданың билеушілері Ерзен хан, Мүбәрәк қожа, Орыс хан Сығанақ, Сауран, Отырар т. б. қалаларды салдырды. Этникалық тұрғыдан Ақ Орда, Ноғай Ордасы, түркі тілдес қышлақ, найман, арғын, керейіт, қаңлы, қарлұқ, қоңыраттар мен жергілікті халықпен ассимиляцияланған монғолдар, ал Оңтүстік шығыс Қазақстаңца (Моғолстан) дулат, қаңлы, керейіт, жалайыр, сары үйсін т. б. түркі және түркіленген монғол тайпалары мен топтары еді. Ақ Орда әсіресе Орыс ханның кезінде, XIV ғасырдың 60-70 жыпдары күшейе түсті. Моғолстан билеушілері Тоғлұқ-Темір ханнан бастап, Мауараннахрға қол созды. Алайда бұл мемлекетгердің нығаюы Тоқтамыс пен әсіресе Темірдің басқыншылық жорықтарының салдарынан қиындай түсті. Темірдің көрші халықтарға жүргізілген саясаты, К. Маркстің сөзімен айтсақ, еркек, ейел, жас өспірімдерді азаптап, қырып-жойып, жүрген жеріне үрей ұрығын себу болды. XTV ғасырдың 70-90 жылдары Темір Дешті Қыпшақ, пен Жетісуға оннан аса басқыншылық, тонаушылык жорықтар жасады, сондықтан Монғолстанда феодаддық бытыраңқылық күшейіп, XV ғасырдың 1-ширегінде Ақ Орда ыдырап, Ноғай Ордасы мен Әбілхайыр хандығына бөлінді.

Қазақстан аумағындағы мемлекеттік дамудың тамырлары тереңде жатыр. Ол ертедегі кезде және орта ғасырда, түріктерге дейінгі, түріктер мен монғолдар заманында мекендеген көптеген тайпалар мен халықтардың тарихына байланысты. Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы мен дамуын тарихи әдебиетге Қазақ хандығының дәуірімен байланыстыру қабылданған. Алайда, оның хандары көршілес мемлекеттер мен халықтардың билеушілерімен күрделі қатынастарда бола отырып, қазақтардың этникалық топтарын және олардың жерлерін әлдеқашан-ақ дайын Қазақстан халқының сан ғасырлық этникалық-саяси және шаруашылық-мәдени дамуының біртұтас мемлекетіне біріктіріп жинап отырған.

Дамудың маңызды кезеңдерінің бірі монғолдардан кейінгі кезең - XIV-XV ғасырлар болды. Сол кезде Шығыс Дешті Қыпшақтың (Қазақстанның далалық бөлігі), Жетісу мен Түркістанның (деректемелерде соңғы орта ғасырлардағы Оңтүстік Қазақстан аумағы осылай аталған) көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы-егінші халқын этникалық және саяси жағынан топтастыру аяқталды. Қазақ халқының қалыптасуын қалпына келтірді. Бұл ғасырда біртұтас халық пен оның мемлекетінің қалыптасуы жөніндегі тарихи процесс аймақтың саяси бытыраңқылығын жоюдың қиын жағдайларында өтті.

Қазақстан тарихындағы бұл күрделі дәуірдің бастапқы кезеңі - моңғол ұлыстарының - Дешті Қыпшақ пен Орта Азиядағы (Мауараннахрдағы) Шыңғыс ұрпақтары иеліктерінің ыдырауымен, соңғы кездері нақ қазақ мемлекетінің, Қазақ хандығының құрылуымен сипатталады. Бұл кезенде аймақ халқының саяси өмір нысандарының эволюциясы оның аумағында бірнеше мемлекеттің - Ақ Орданың (немесе Көк Орданың), Моғолстанның, Ноғай Ордасының, сондай-ақ неғұрлым кейінгі кезенде көшпелі өзбектер мемлекетінің немесе Әбілқайыр хандығының бөлініп шығуы арқылы өтті.

І Тарау. ХІV-ХV ғғ. Қазақстан жеріндегі орта ғасырлық мемлекеттердің саяси жағдайлары.

І. І. ХІV-ХV ғғ. Қазақстан аумағындағы саяси жағдай.

Орта Азияда, Дешті Қыпшақта, соның ішінде оның шығыс еуропалық бөлігінде, Еділ бойында, Батыс Сібірде, Шығыс Түркістанда шаруашылық-әлеуметтік, саяси, мәдени-тарихи даму деңгейі де әртүрлі өңірлерді біріктірген монғол ұлыстары да мемлекеттердің экономикалық жағдайының тұрақтылығы, беріктігімен ерекше болған жоқ. Әртектес этникалық қауымдар мекендеген, олар уақыт өте келе шаруашьшық және этникалық негізі бар саяси құрылымдарға бөлшектеліп кетті. Бұған өндіргіш күштердің біртіндеп қалпына келуі, қоғамдық қатынастар дамуындағы белгілі бір өзгерістер, этникалық процестердегі топтасушылық сарынының өpic алуы себеп болды.

Өзінің саяси билігін нығайтуға ұмтылған жергілікті феодал шонжарлардың рөлі артты. Монғолдар жаулап алған аумақтық еуразиялық бөлігінде ғана емес, Азияның ежелден отырықшы-егіншілік өркениетті елдерінде де осылай болды. Оларға қарасты аумақты феодалдық басқару жоққа шығарды.

Орта Азияда XIV ғасырдың 70 жылы ішінде 20 шақты хан алмасты. Шағатайдан тараған хандар Кебек, Тармашырын өз билігін Мауараннахрдың жергілікті феодалдық шонжарларымен жақындасу жолымен нығайтуға, ислам дініне кіруге, салық жүйесін реттеуге ұмтылды. Бірақ бұл саясат жаулап алынған өлкелерде шексіз билік жүргізуге ұмтылған көшпелі монғол шонжарларының көпшілік қайшылықтары әуелі Шағатай ұлысының, одан соң XIV ғасырдың ортасында Хайду мемлекетінің ыдырауын тездетті, оның шығыс бөлігінде Моғолстан хандығы құрылды.

XIV ғасырдың 50-60 жылдарында Мауараннахрда ірі түрік-монғол тайпаларының көсемдері арасында кескілескен күрес өріс алды. Қырқыс Шағатай және Үгедей ұрпақтарының монғолдардан, түріктерден, тәжіктерден тұратын полиэтникалық мемлекетті басқара алмайтынын көрсетті. Шағатай ұрпақтары көбінесе бұрынғы Шағатай ұлысы мен Үгедей иеліктерінің далалық аудандарында - Моғолстанда билік жүргізуді өз қолына алды. Мауараннахрдың ірі шонжарлары мен жоғары саудагер топтары елге мықты билік керек екенін түсінді. Әмір Темір өз қолына осындай билікті шоғырландырып, күшті мемлекет құра білді.

Жошы ұлысында (Ақ Орда, Алтын Орда, Көк Орда) монғолдар өте аз болды. Алтын Ордаға жаулап алу жолымен біртұтас жүйеге біріктірілген тайпалар мен хаңдықтар жинадды. Бұл мемлекет, оған күшті және жігерлі хандар билік еткен кезде болмаса, онша ұзақ уақыт қуатгы болған жоқ. Бірақ олардың біреуі Өзбек хан (ол 1312 жылдан бастап билік етті) кезінде-ақ мемлекеттің орнықтылығын шайқалтқан оқиғалар болды: мұсылман дініне кірген ол Шыңғысханнан тараған тектің жаңа дінге кіруден бас тартып, бабаларының нанымын сақтап қалғысы келген ондаған өкілдері мен барлық нояндарды қырып тастады.

50-жылдардың орта шенінде Жәнібек ханды оның үлкен ұлы Бердібек олтіргеннен кейін, орыс жылнамасының анықтауы бойынша, "ұлы апат" (1359-1379 жж. ) деген атпен мәлім болған жиырма жылдық өзара қырқыс бастадды. Алтын Орданың батыс бөлігі бірнеше иеліктерге бөлінді. Еділ бойында, Астраханда, Қырымда, Сарайшықта жергілікті әміршілер, Қара теңіз өңірінде түменбасы Мамай орнықты. Жошы ұрпағынан тараған жекелеген хандар мен ірі тайпалардың жетекшілері оларды уақытша біріктіріл-генімен де, XV ғасырдың өзінде-ақ бұл иеліктер тәуелсіз Қазан, Астрахан, Қырым, Үлкен Орда хандарына айналды. Қазақстан мен Түркістанның далалық аумағында жергілікті билік нығайды.

XIII ғасырдың ортасынан бастап Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес билеушілер, Рашид ад-Диннің айтуынша, өздерін Батый хан ұрпақтарының вассалдары деп сөз жүзінде ғана санаған "өз ұлысының тәуелсіз патшалары" болды.

XIV ғасырда Орда-Ежен тегінен шыққан әміршілердің билігі Шайбани ұлысына да таралды. Қазіргі зерттеушілердің бірқатары Қазақстан аумағында осы мемлекеттің құрылуына "Көк Орда" атауын теліп жүр. Олар Батый ханның Жайық өзенінің батыс жағында иеліктерін, соның ішінде Шайбани ұлысын да Ақ Орда деп атайды. Шайбани ұлысы Орда ұрпақтарының иеліктері құрамына енгеннен кейін "Ақ Орда" бүкіл біріктірілген мемлекетке көшкен болуы ықтимал. XIV ғасырдың аяғынан бастап Ақ Орда хандарының иеліктері деректемелерде Өзбек ұлысы деп атала бастаған.

Ақ Орданың саяси тарихы Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы Алтын Ордаға тәуелсіз хандардың өз билігін нығайту жолындағы күресімен, кейініректе - Ақ Орда хандарының ыдырап бара жатқан Алтын Ордадағы қырқысына араласуымен, содан соң Орта Азия билеушісі Әмір Темірдің агрессиясына тойтарыс берумен сипатталды.

Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы XIV ғасырдың екінші ширегінде, Ерзен мен Мүборак-Қожа кезінде болған делінеді. Ол XIV ғасырдың 60-70 жылдарында билік еткен Ұрыс хан кезінде едәуір нығайған. Сол кезеңде Темірге карсы Ақ Орданың тәуелсіздігі жолындағы күрестің негізгі ауыртпалығы соған түскен еді. Кейініректе Ақ Ордадағы билікті қолға алған Темірдің қолшоқпары, Жошы ұрпағы Тоқтамыс жергілікті шонжарларға және әскери ресурстарға сүйене отырып, Алтын Орданың батыс бөлігін басып алып, оның ыдырауын уақытша тоқтатты. Бірақ 90-жылдарда Орданы Темір талқандады.

XІV ғасырдың аяғы - XV ғасырдың басындағы сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда едәуір әлсіреп кетгі. Жиырмасыншы жылдарда Ұрыс ханның немересі Барақ хан өз әулетінің билігін бірсыпыра уақытқа қалпына келтірді. 20-жылдардың аяғывда Шығыс Дешті Қыпшақ үлкен бөлігінде билік Шайбани ұрпағы Әбілқайырдың қолына көшті. XV ғасырдың екінші ширегінде Ұрыс хан мен Барақ ұрпақтары Қазақстанның Оңтүстік аудандарында өз биліктерін сақтап қалды.

Ақ Орда - монғолдардан кейінгі кезеңде Қазақстан аумағында жергілікті этникалық негізде құрылған тұңғыш ірі мемлекеттік құрылым. Оны осы жерлерде ежелден мекендеген және монғолдардың жаулап алуынан көп бұрын-ақ қыпшақ бірлестігінің құрамына кірген, сондай-ақ Шыңғысханның шапқыншылығы кезінде Қазақстанның Шығыс және Ощүсгік шығыс аудавдары мен Алтайдан қоныс аударған түркі тілдес тайпалар орныққан еді. Онда қыпшақтармен қатар наймандар, үйсіндер (ушундар), қарлұқтар, керейіттер (керейлер), сондай-ақ қоңыраттар, маңғырттар және басқалар мекендеген.

Мұсылман әулеттерінің хронологиялық кестелерінде Ақ Орда хандарының есімдері мьшадай решен келтіріледі: Орда-Ежен, Сартақ, Қоныша, Байан, Сасы-Бұға, Ерзен, Мүбәрак, Шымтай, Ұрыс хан, Қойыршақ және Барақ.

XIV ғасырдың бас кезінен Орда-Ежен ұрпақтары Сыр өңірінің қалалары мен Жетісу жайылымдары үшін Шағатай ұрпақтарымен күрес жүргізілді. Сонымен бірге далалық аудандардың көшпелілері мен жартылай көшпенділерінің жөне Сыр өңірі жазирасының отырықшы аудандарының халқы арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды қалпына келтіру сарыны күшейді. Ақ Орда билеушілерінің әкімшілік орталығын өз иеліктерінің Оңтүстік шет жағына, Сығанақ қаласына аударғаны кездейсоқ емес.

Ақ Орда хандары Ертістен Сырдарияға, Алтайдан Ұлытау мен Аралға дейінгі кең далада эстенсивті мал шаруашылығын сақтап, үстана отырып және дәстүр бойынша жазғы жөне қысқы жайылымдарға көшіп-қонудың қалыптасқан тәртібін орнықтырып, Сырдарияның орта ағысының, Таластың, Шудың отырықшы-егіншілік жазиралары мен Ұлытау даласында шаруашылық жөне мөдени өмірді қалпына келтіруге қадамдар жасады. My ин ад-дин Натанзи Ақ Орда хандарының бірі Ерзеннің Сығанақты көркейтіп, Отырарда, Сауранда, Жентте, Баршыкентте біраз үйлер салдырғанын хабарлайды. XIV ғасырда Ақ Орда хандары теңгелерді енді тек өз атынан соқтырды.

Оңтүстік Қазақстан астанасы Сығанақта болған Ақ Орданың Орта Азия мен Хорезмнің отырықшы аудандарымен байланыстардың кеңеюіне жәрдемдесті.

Түрік және түріктеніп кеткен жергілікті феодаддық үстем таптың экономикалық және саяси жағдайының нығаюы негізінде Ақ Орда билеушілері Мүбәрак-Қожа ханнан (1320-1344) бастап, Алтын Ордадан біршама тәуелділіктің өзінен де біржола қол үзді.

Ақ Орда Алтын Орданың ыдырауы кезеңінде. Жәнібек хан қайтыс болғаннан кейін Алтьш Ордада кезекті аласапыран кезең мен сарай төңкерістері басталды, таққа дәмеленген бірнеше хан өз теңгелерін соқтырды. Бытыраушыпық күшейіп, тәуелсіз иеліктер құрыла бастады, оларды өз билеушілері басқарды. Алтын Орда мемлекетіндегі жоғары билік жолындағы күреске сол қанаттың феодаддары белсене қатысты және Қызыр ханнан (1359-1361) бастап, Алтын Орда тағына бірінен кейін бірі, ал кейбір бір мезгілде Жошы ұрпақтарының шығыс тармақтарының өкілдері, атап айтқанда, Темір-Қожа, Орда-Шейх, Мүрид және басқалар көтерілді. Жошы ұлысының екі бөлігін өз билігінде саяси жағынан тұтас етіп біріктіргісі келді. Бердібек хан елгеннен кейін сарай тағына отыруға мысалы, Ақ Орда ханы Шымтай (1344-1361) ресми түрде шақырылды, ол шақыруды қабылдамады, бірақ оның балалары, әсіресе Ұрысхан Алтын Орда тағы үшін күреске белсене қатысты.

Ұрысхан 1368 жылы Ақ Орда ханы болды. Қадыр-Әли Жалаири, My ин ад-дин Натанзи оны батыл мінезді, күшті әрі құдіретті билеуші деп сипаттайды. Ұрыс кезінде Ақ Ордадағы хан билігі күіпейіп, ол Алтын Орда тағына белсенді түрді ұмтыла бастады. 1368 жылы "державанын тіректері мен сарай шонжарларынын" қолдануына сүйенген Ұрысхан Еділ бойы жағына жорық жасады. Ол 1374-1375 жылдары Сарайды алып, Қажы-Тарханды (Астраханды) коршады, деректемеде "Ұрысхан жұрты" деп атаған Қама бұлғарларының жерін бағындырды.

Алайда, Ұрыс ханның табысы ұзаққа бармады, сөйтіп, келесі жылдың өзінде-ақ ол Еділ бойынан кетуге мәжбүр болды. Ұрыс хан өзара қырқыс кезеңінде феодалдардың қолдауымен Алтын Орданың батыс бөлігінде едәуір билікке қол жеткізген Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамайды жолынан тайдыра алмады. Ал Ақ Орданың оңтүстік шегінде Орта Азияның билеушісі Әмір Темір өзінің агрессиялық қимылдарын өрістетіп жатқан еді.

Темірдің көмегімен Ақ Ордадағы билікті қолына алған Тоқтамыс Жошы ұлысының Шығыс және Батыс бөліктерін біріктіру саясатын жалғастырды. Алтын Орданың уақытша жандануы соның есімімен байланысты. Тоқтамыс өзін Сығанақта Ақ Орданың ханы деп жариялап, соның материалдық және әскери ресурстарына сүйеніп, 1380 жылы Жошы ұлысының батыс бөлігін жаулап алды. Темірмен соғыстар, Тоқтамыстың русь пен Орта Азияға шапқыншылықтары, Ақ Ордадағы тартыстар оның Сарай мен Сығанақтағы билік қүрған кезін сипаттайды. 1395 жылы Тоқтамыс Темірден күйрей жеңіліс тауып, Сібірге қашып кетті.

Бүліктер мен қырқыстар, орыс халқының азаттық күресі, сондай-ақ Темірдің шапқыншылықтары Алтын Орданың іргесін шайқалтып, оны екінші дәрежелі мемлекет жағдайына түсірді. Темір Алтын Ордаға Ұрыс ханнан тараған өз қолшоқпарын (Қойыршақ, Темір-Құтлұқ) отырғызды, бірақ олар оның бұрынғы ұлылығын қалпына келтіре алмады. Алтын Орда маңғыт әмірі Едіге 1399 жылыда таққа отырды. Ол он бес жыл бойы Алтын Орданы басқарып, 1406 жылы Тоқтамысқа қарсы Сібірге жорық жасады, содан соң өзі қойған Шәдібекке қарсы күресіп, оны қашып кетуге мәжбүр етті. Едіге 1408 жылы Темір-Құтлұқтың ұлы Поладты Алтын Орданьщ ханы етіп қойды. Алайда, Поладты 1411 жылдын өзінде-ақ Қырымның ханы қуып шықты.

Толассыз аласапырандар, хандар арасындағы қырқысушылық 1419 жылы әмір Едігенің қаза табуына әкеп соқтырды. Алтын Орда шын мәніңде орталық билігі бар мемлекет болуын тоқтатып, XV ғасырдың ортасына қарай біржола ыдырады, оның аумағында Қазан, Астрахан, Қырым хандары пайда болды, ал Хорезм Темір ұрпақтары мемлекетінің құрамына кірді.

XV ғасырдағы Ақ Орда. Монғолдар жаулап алуының ауыр зардаптары уақыт от келе біртіндеп жойыла берді. XIV ғасырда Қазақстанның оңтүстігі мен Оңтүстік шығысында қала мәдениеті, егіншілік, қолөнер өндірісі жандана түсті. Қазақстанның орталығындағы далалық өңір мен Жетісудың Қазақстанның Оңтүстігі мен Орта Азия жазираларымен сауда байланыстары қалпына келтірілді.

Шаруашылықтың жаңғыруы, феодалдық қатынастардың нығаюы мен жергілікті түрік және түріктеніп кеткен феодалдық үстем таптың жағдайы күшейе түсті. Халық бұқарасының монғолдар тәртібіне наразылығын пайдалана отырып, Жошы мен Шағатай ұлыстарында түрік шонжарлары Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісуда өздершің саяси билігін орнату жолында күрес жүргізді. Содан Қазақстан аумағында Алтын Ордадан Ақ Орда біржола оқшауланып шығып, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан пайда болды.

XIV ғасырдың басында Жошы ұрпақтары иеліктеріндегі Еділ бойындағы дала, Еділдің Батыс жағасындағы жерлерді, Қырым, Солтүстік Кавказ және Хорезмнің Солтүстік белігі (оң қанат) бұрынғысынша Алтын Орданы құрады. Жошы ұлысының қазіргі Қазақстанның (Жетісуды қоспағанда) Жайық өзенінің Шығыс жағындағы жөне Арал теңізі мен Сырдарияның Солтүстік жағындағы кең-байтақ аумақты қамтыған бөлігі (сол қанат) Ақ Орда құрамына кірді. Алтын Ордада - негізінен Батый ханның ұрпақтары, Ақ Ордада Орда-Еженнің ұрпақтары билік құрды. Ұлыстың екі бөлігінде де Жошының 13-ші ұлы Тоқа-темірдің ұрпақтары билік етті.

Жоғарыда атап өтілгеніндей, Орда-Еженнің иеліктері мен Алтын Орданың арасында орналасқан аумағы Шайбани мен оның ұрпақтарына бағынышты болды. XFV-XV ғасырдың басында бұл аумақты шығыс авторлары бірде Ақ Орда, бірде Көк Орда деп атайды. Мүны Орда-Ежен әулеті өкіддері билігінің осы аумаққа таралуымен түсіндіруге болады, мұны мұсылман әулеттерінің хронологиялық кестелері дәлелдейді.

Сонымен, XIV-XV ғасырлардағы деректемелерде Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейінгі Қазақстан даласының, Сырдарияның Орда-Ежен мен Шайбани ұлыстарының жері Ақ Орда деп аталған. Алтын Орда жай ғана "Орда" немесе "Жайық" сырты "Ордасы", "Еділ Ордасы" деп атаған орыс жылнамаларында Жайық өзенінің оңтүстік-шығысындағы далалық аумақ "Көк Ордасы" немесе "Жайық" сырты "Ордасы" деген атаумен көрсетілген, ал орыс жылнамаларында "Ақ Орда" ұғымы пайдаланылмаған.

Моғолстанның құрылуы саяси және экономикалық жағынан біртұтас ел болмаған Шағатай ұрпағы мемлекетінің ыдырауымен байланысты. Мауараннахрды жаулап алған монғолдар жергілікті отырықшы-егінші және қала дәстүрлерінің ықпалымен жағдайға бейімделіп, отырықшылыққа ауысты. Ал Жетісудағы қалған монғолдар мұнда да едәуір дәрежеде түріктенгенімен, негізінен, көшпелі тұрмысын сақтап қалды, ол былай тұрсын, жергілікті халықтың егіншілері мен жартылай көшпелілерде осы бағытта өрбіді.

Таусылмайтын соғыстар мен тартыстар елдің ауыл шаруашылығын күйзеліске ұшыратты, ал Мауараннахрды мекендеген хандардың оны осындай жағдаңцан қүтқармақ болған әрекеттері түріктердің көшпелі бөлігі мен монғолдардың түріктеніп кеткен үстем тобының наразылығын туғызды. XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұрпағы мемлекеті дербес мемлекеттерге айналған батыс және шығыс бөліктерге бөлінді.

Моғолстан атанған бұрынғы Шағатай ұрпағы мемлекетінің шығыс аймақтарының көшпелі шонжарлары (хижра бойынша 748 ж. ) 1347-1348 жылы шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді хан қойды. Мүнда XIV ғасырдың ортасында саяси өмірдегі басты рөлді Мауараннахрдан бөліну жолындағы қозғалысты басқарған дулат тайпасының көсемдері атқара бастады. Дулатгар бұл кезде Жетісудағы ең ірі түрік тайпаларының бірі болатын және едәуір аумақты жерді мекендейтін.

Дулаттардың феодал үстем табы XIV ғасырда Шығыс Түркістанның отырықшы-егіншілік жазираларында иелік етгі. Мырза Мүхаммед Хайдар-дулат руының шонжарлары Шығыс Түркістандағы өз иелігін (иқта) XIII ғасырда-ақ алған деп жазды. "Шағатай хан өз мемлекетін (үлестерге) бөлгенде, ол өмір Полодшының атасы Әртөбеге (Орте-Бараққа) Мандай Сүбені (облысын) берді . . . " Оның шығыс шекарасы - Құсан (Құша) мен Тарбүкір, Батыс шекарасы - Шаш (Ташкент) ., Раз бен Жақишман, оның соңғысы Ферғана уелатында орналасқан. Солтүстік шекарасы - Ыстықкөл, ал Оңтүстігінде - Жарқан мен Сарыұйғыр Әмір Полодшы билеген осы аталған бүкіл аумақ Маңлай Сүбе аталды. Сол уақытта бұл елде бірнеше қалалар болды. Олардың ішінде ең үлкендері Қашғар, Қотан, Жаркент, Қашан, Ақшыкент, Әндіжан, Ақсу, Атбасы, Құсан. Осы қалалардың ішінен әмір Полодшы Ақсуды өзінің ордасы етіп таңдап алды". Кейіннен бұл аудан Моғолстан билеушілері өкіметінің ауық-ауық тірек базасы ролін атқарды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
11-15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер
«Алтын Орда» мен «Ақ Орда» дәуірі
Ақ Орда мемлекетінің саяси тарихы
Ақ Орда
Мұхаммед Хайдар Дулатидің тарихи тәлімдік тағылымдары
Ұлы Жібек жолы.Монғол мемлекетінің саяси тарихы.
XIV-XV ғасырдағы Ақ Орда мемлекеті
Ақ Орда-Ноғайлы дәуіріндегі Қазақстан туралы ақпарат
Әлемді мойындатқан даңқты қолбасшылардың бірі - Ақсақ Темір
Қазақ хандығының тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz