АҚШ-та ұлттық саяси жүйенің қалыптасуы (1760-1810 жж.)



Кіріспе
І. Тарау. АҚШ.тың құрылуы барысында саяси жүйенің негіздерінің қалыптасуы.
1.1. АҚШ.тың тәуелсіздік алу кезеңіндегі саяси жүйелердің көптүрлілігі.
1.2. 1776 жылдан кейінгі АҚШ.тағы саяси жүйені құру үшін жүргізілген саяси идеялар күресі, нәтижелері.
ІІ. Тарау. АҚШ.та ұлттық саяси жүйенің қалыптасуы.
2.1. АҚШ.тағы жалпы ұлттық федералдық мемлекеттің құрылуымен оның ішкі құрылымы.
2.2. Америкадағы саяси жүйенің жетістіктері мен кемшіліктері.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1781 жылы Йорктаун түбінде француз әскерлерімен одақтасқан Д.Ж. Вашинктон ағылшындарды талқандады. 1483 жылы АҚШ тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүруге құқығы бар екенін растаған Англиямен бейбітшілік шартына қол қойды.
Тәуелсіздік үшін күрестің барысында американдықтар жаңа мемлекеттің саяси жүйесін құруға бағыттаған ішкі саяси өзгерістерге басты назар аударды. Томос Джеферсонның айтуынша әрбір американдық демократиялық жаңа саяси жүйені қалыптастыруға өз үлесін қосуға тырысты. Осы Томс Джеферсонның өзі атақты тәуелсіздік диклорациясынан бөлек өзінің туған штаты Вергиния үшін конституцияның үш жобасын жасады. Осы Джеферсонның пікірінше мемлекетке нашар үкімет келіп, нашар саяси жүйе қалыптасса онда Англияның үстемдігінен құтылудың қажеттігіде жоқ еді.
1. Американская цивилизация как исторический феномен / Под ред. Н. Н. Болховитинова. — М., 2001.
2. Болховитинов Н. Н. США: проблемы истории и современная ис-ториография. — М., 1980.
3. Бурим С. Н. Конфликт или согласие? Социальные проблемы Юга США (1642-1763). - М., 1980.
4. БурстинД. Американцы: колониальный опыт. — М., 1993.
5. История США / Под ред. Г. Н. Севостьянова: В 4 т. — М., 1983-1987. - Т. 1.
6. Паррингтон В. Л. Основные течения американской мысли: В 3 т. — М., 1962-1963.-Т. 1.
7. Покровский Н. Е. Ранняя американская философия: пуританизм. — М., 1989.
8. Слезкин Л. Ю. У истоков американской истории: Виргиния, Но¬вый Плимут. 1606-1643. - М., 1978.
9. Слезкин Л. Ю. У истоков американской истории: Массачусетс, Мэриленд, 1630-1643. - М., 1980.
10. Согрин В. В. Политическая история США. ХVП-ХХ вв. - М., 2001.
11. Американская цивилизация как исторический феномен / Под ред. Н. Н. Болховитинова. — М., 2001.
12. Болховитинов Н. Н. США: проблемы истории и современная ис-ториография. — М., 1980.
13. Бурим С. Н. Конфликт или согласие? Социальные проблемы Юга США (1642-1763). - М., 1980.
14. БурстинД. Американцы: колониальный опыт. — М., 1993.
15. История США / Под ред. Г. Н. Севостьянова: В 4 т. — М., 1983-1987. - Т. 1.
16. Паррингтон В. Л. Основные течения американской мысли: В 3 т. — М., 1962-1963.-Т. 1.
17. Покровский Н. Е. Ранняя американская философия: пуританизм. — М., 1989.
18. Слезкин Л. Ю. У истоков американской истории: Виргиния, Но¬вый Плимут. 1606-1643. - М., 1978.
19. Слезкин Л. Ю. У истоков американской истории: Массачусетс, Мэриленд, 1630-1643. - М., 1980.
20. Согрин В. В. Политическая
21. История США/Под ред. Г. Н. Севостьянова: В 4 т. — М., 1983-1987. - Т. 1.
22. Инаугурационные речи президентов США от Джорджа Вашинг¬тона до Джорджа Буша 1789-2001 / Под ред. Э. А. Иваняна. — М.,2001.
23. Кислова А. А. Религия и церковь в общественно-политической жизни США первой половины XIX в. — М., 1989.
24. Романова Н. X. Реформы Э. Джексона. 1829-1837. - М., 1988.
25. Согрин В. В. Президенты и демократия. Американский опыт. — М., 1998.
26. ТоквильА. де. Демократия в Америке. — М., 2000.
27. Черниловский 3. М. От Маршалла до Уоррена. Очерки истории
Верховного суда США. — М., 1982. 8. Шпатов Б. М. Промышленный переворот в США: В 2 частях. —
М., 1991.
28. Болховитинов Н. Н. США: проблемы истории и современная ис-ториография. — М., 1980.
29. Бурин С. Н. На полях сражений гражданской войны в США — М„ 1988.
30. Иванов Р. Ф. Авраам Линкольн и гражданская война в США -М., 1964.
31. Инаугурационные речи президентов США от Джорджа Вашинг¬тона до Джорджа Буша 1789-2001 / Под ред. Э. А. Иваняна - М 2001.
32. Согрин В. В. Идеология в американской истории. От отцов-осно-вателей до конца XX века. — М., 1995.
33. Согрин В. В. Президенты и демократия. Американский опыт — М 1998.
34. Хофстедтер Р.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: АҚШ-та ұлттық саяси жүйенің қалыптасуы
(1760-1810 жж.)

Жоспар

Кіріспе
І. Тарау. АҚШ-тың құрылуы барысында саяси жүйенің негіздерінің
қалыптасуы.
1.1. АҚШ-тың тәуелсіздік алу кезеңіндегі саяси жүйелердің
көптүрлілігі.
1.2. 1776 жылдан кейінгі АҚШ-тағы саяси жүйені құру үшін жүргізілген
саяси идеялар күресі, нәтижелері.
ІІ. Тарау. АҚШ-та ұлттық саяси жүйенің қалыптасуы.
2.1. АҚШ-тағы жалпы ұлттық федералдық мемлекеттің құрылуымен оның ішкі
құрылымы.
2.2. Америкадағы саяси жүйенің жетістіктері мен кемшіліктері.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
1781 жылы Йорктаун түбінде француз әскерлерімен одақтасқан Д.Ж.
Вашинктон ағылшындарды талқандады. 1483 жылы АҚШ тәуелсіз мемлекет ретінде
өмір сүруге құқығы бар екенін растаған Англиямен бейбітшілік шартына қол
қойды.
Тәуелсіздік үшін күрестің барысында американдықтар жаңа мемлекеттің
саяси жүйесін құруға бағыттаған ішкі саяси өзгерістерге басты назар
аударды. Томос Джеферсонның айтуынша әрбір американдық демократиялық жаңа
саяси жүйені қалыптастыруға өз үлесін қосуға тырысты. Осы Томс Джеферсонның
өзі атақты тәуелсіздік диклорациясынан бөлек өзінің туған штаты Вергиния
үшін конституцияның үш жобасын жасады. Осы Джеферсонның пікірінше
мемлекетке нашар үкімет келіп, нашар саяси жүйе қалыптасса онда Англияның
үстемдігінен құтылудың қажеттігіде жоқ еді.
Алғашында американдықтар біртұтас үкімет құруға ұмтылған жоқ. Олар әр
штат өзінше мемлекет болып, олар конфедирация негізінде ғана бірігеді деп
есептеді. Тәуелсіздік алғаннан кейін барлық штаттар өздерін Республикамыз
деп жариялады, әр штатта конституциялар қабылданды. Барлық штаттар биліктің
үш тармағының ішіндегі ең қауіптісі атқарушы билік, сондықтан оны әлсірету
қажет деп есептеді. Барлық штаттарда заң шығарушы биліктің қолында атқарушы
биліктің құқықтары жинақталды. Олар: - соғысты жариялау және бейбітшілік
жасау, атқарушы биліктің өкілдерін тағайындау, халықаралық істерді жүргізу,
судья прокурорларды тағайындау т.с.с. дерлік барлық штаттарда заң шығарушы
билік атқарушы биліктің басшысын тағайындауға және орнынан түсіруге құқық
алды.
Бірақ тәуелсіздік үшін әлсіз орталық билікті жақтаушылардың қатары
азайды. Конфедирацияның саяси және экономикалық жағдайы әлсіреуі,
штаттардың үкіметтерінің Континенталды конгресс алдындағы қаржылық
міндеттемелерін орындамау және олардың түрлі саяси көзқарастарды ұстануынан
соғыста жеңіліске ұшырауы, американдықтардың алдында күшті федералды үкімет
құру идеясын қолдаушыларды көбейтті.
Американың ұлттық мүдделеріне орталық мемлекеттік билікті күшейту
сәйкес келді. Тек қана күшті орталықтандырылған бірақ демократиялық
ұстанымдардан ауытқымаған мемлекет саяси жағынан күшеюге экономикалық
жағынан гүлденуге жете алатын еді.
1787 жылғы конституция бойынша Америкада күшті жалпы ұлттық мемлекет –
федералдық мемлекет құрылды.
АҚШ-тың конституциясы бойынша атқарушы билікті президентке берілді ол
әр төрт жыл сайын сайланатын және екі мерзімнен артық билік етуге құқы
болмады. Президенттің қолында атқарушы билік және маңызды заң шығарушы
құқықтар болды. Оның қолында президенттік жарлықтарды шығару және заң
шығарушы орган – конгресстің заңдарына Вето қоюға құқығы болды. Конгресс
президенттің Ветасын жеңу үшін дауыстардың 32 қамтамасыз ету керек еді.
Заң шығарушы орган – конгресс екі палатадан тұрды:
1. Жоғары палата сенат (әр штаттың заң шығарушы органдары синаторларды
сайлады, олардың 7 жылдық құқығы болды);
2. Төменгі палата (америка халқының сайлаушылары сенген адамдар).
Американың саяси жүйесін қалыптастыру барысында 1780 жылдары екі
партия жүйесі құрылды:
1. Федералдық партия;
2. Республикалық партия (демократиялық).
Федералдық партияны 34 жасар Алекандр Гамельтон, Республикалық
партияны 46 жасар Томас Джеферсон басқарды. Томас Джеферсон ненгізін салған
Республикалық партия АҚШ-тың аграрлы топтарының мүдделерін қорғайтын,
фермерлер Республикасын құруға бағытталған жоспары болды. Әрине уақыт өткен
соң Республикалық партия бұл ұстанымдарын кеңейтті.
Ал Гамельтонның федералдық партиясы өнеркәсіпті дамытуға, сауда финанс
капиталдарын өсіруге, мемлекеттің орталық үкіметін күшейту үшін күресті.
Алғашқы кезде федералдық партияның мақсаты сауда-қаржы капиталының
негізінде өндірістік мемлекет құру.
Тарихтың әр кезеңінде, осы күндерге дейін жоғарыда аталған екі партия
демократиялық шеңберде бір-бірімен күресіп, бір-бірін ауыстырып АҚШ-тағы
саяси жүйенің негізін құраған. Бірақ бұл екі партияның негізгі мақсаты АҚШ-
тың әлемдегі ең дамыған мемлекет екендігін қамтамасыз ету және оны дамыту.
Осылай бұдан 200 жыл бұрын қалыптасқан саяси ұстанымдар, АҚШ-та
құрылған саяси жүйе толықтыруларға ғана ұшырап, өзгермей дамып келе жатыр.

І. Тарау. АҚШ-тың құрылуы барысында саяси жүйенің негіздерінің қалыптасуы.
1.1. АҚШ-тың тәуелсіздік алу кезеңіндегі саяси жүйелердің көптүрлілігі.
Американы ашқан Колумб оны Үндістан деп атады, Себебі ол Үндістанды
ашуды өзінің мақсаты етіп қойған болатын. Қейін оның бұл қатесі әбден анық
болған соң, бұл жер Америго Веспуччидің атымен Америка деп аталып кетті.
Атлант мухитының жағалауларында Солтүстік Америкада 1607 жылы I Яков
корольдің рұқсатымен тұңғыш рет отарларды негіздегендер Лондон және Плимут
акционерлік компаниялары болды. Алғашқы Солтүстік Америка жағалауында
орныққан тұрақты колония — Виргиния. Олардың негізгі қожайыны король
болып есептелді, компаниялар ол жақта тапқан алтын мен күмістің бестен бір
бөлігін беруге тиіс болды және адамдарды қоныстандыру мен берілетін жерді
корольдің атынан жүргізуге міндеттейді. 1606 жылғы желтоқсанда жүзіп шыққан
Лондон компаниясы кемелермен сол жаққа қоныстануға тілек білдіргендерді
тиеп алып, 1607 ж. мамыр айында Джеймс өзенінде Джеймстаун фортын
негіздеді. Ере келген адамдар ауасына, суына бірден көндікпеді, қыста
жағдай ауыр болды, ашықты, әуелі үндістер көмектесті, кейіннен
келімсектердің зорлығын көрген соң көмек беруін тоқтатты. Жауласты. Көбі
аштан өлді. Виргинияға 1610 жылы 500 адам әкелінгенді, олардың тек 60-ы
ғана аман қалды.
Отардың ісін жолға қою үшін король үкіметі губернатор тағайындады.
Отарда бірінші күннен-ақ қоғамдық құрылым қалыптасты. Виргинияның
тұрғындарының ең жоғарғы тобы — губернатор бастаған отарлық әкімшіліктің
мүшелерінен, орташа топ - саны аз ағылшын джентельмендерінен, компанияның
акционерлерінен, Америкаға келердегі шығынды өзі төлеп келгендерден яғни
фримен — еріктілерден, ал төменгі топ — Виргинияға компания есебінен
жөнетілген адамдардан яғни белгілі мерзімге жұмыс істеуге келісім-шарт
жасасқан - сервенттерден тұрды.
Виргиния жері тың, ну күйде болатын. Содан да оны тазартуға көп күш
керек болды. Англиядан әкелінетін сервенттер өте қымбатқа түсті. Үндістерді
құлдыққа айналдыру әрекеті онша нәтиже бермеді. Отарға әкеліне бастаған
қара еріксіздер негрлер еңбегі тиімді болды, себебі оларға ешқандай
келісім-шарт керек емес, өмірлік құлдар еді. Тұңғыш рет негр - құлдарды
Виргинияға 1619 ж. Голландия кемесінің капитаны әкеліп сатты. Егер
1630 жылы Виргинияда бар болғаны 50 негр болса, 1660 жылы Солтүстік
Америкада 950 негр болды, 1700 жылы негрлердің саны - 23118, 1780 жылы
220582-ге жетті. Қазіргі АҚШ-тағы негрлердің тарихы осылай басталған.
XVII—XVIII ғасырлар барысында Атлант мұхиты жағалауында ағылшынның 13
отары құрылды. Орталық атлантикалық отарлар Пенсильвания, Нью-Йорк, Нью-
Джерси - астық өңдеуге маманданды Солтүстік отарларда - Жаңа Англия (Нью-
Темпшир, Коннектикут, Массачусетс, Род-Айленд) қолөнер, мануфактура кең
өріс алды. Фермерлік шаруашылық жасалды. Оңтүстікте Оңтүстік Каролина,
Джорджия - құл еңбегіне негізделген плантациялық шаруашылық негізделді.
Онда темекі, индигофера, күріш, мақта өсірілді. Олар жерді өте дөрекі
пайдаланды, 5-6 жылдан кейін жер тозды, жаңа жер алу керек болды. Бұлар
өндірген аты аталған өнімдерін Англияның фабрикаларына өткізіп отырды.
Сондықтан олар метрополиямен өте тығыз байланыста болды. Отарлардан
балық, құнды терілер, ағаш, темір жөнелтілді.
Еуропада, әсіресе, темекі өтімді өнім болды. Егер 1666 ж. Америкадан 8
мың кг темекі сыртқа шығарылса, келесі жылы екі еселенді, он жылдан кейін
600 мың кг, 1690 жылы - 8 миллион кг, 1775 жылы - 40 миллион кг-ға жетті.
Солтүстік және Орталық отарларда қолөнер мен мануфактура дамыды. 1631
жылы сыйымдылығы 60 тонна кеме жасалса, 1650 жылы сыйымдылығы 300 тонналық,
1725 жылы 700 тонналық кеме суға түсірілді. Франдияға, Испанияға,
Португалияға балық өнімдерін апарып сатты.
Тоқыма өндірісі жасалды. Әуелі ол жергілікті сұранысты өтеді. Ал кейін
рынок үшін өндіре бастады.
Король үкіметтері (Анна-1702-1714), I Георг 1714 ж. таққа келді) әбден
күшейіп, енді өзінің колонияларын пайда табудың көзіне айналдыруға қажетті
мүмкіндіктерге ие бола бастады. Отарлар тек Англиямен ғана сауда жасады,
басқа елдермен, өзі қалаған тауарлармен сауда жасау еркі болмады. Бұл
отарларда қалыптасып отырған жергілікті үстем тап өкілдері - буржуазияның
мүддесіне қайшы келді. 1699-1750 жылдар арасында жүн, қалпақ тері, темір т.
б. өнімдер түрі туралы қабылдаған король үкіметінің актілері жергілікті
өнеркәсіптің одан әрі дамуын тежеді. Ақша шығаруға тыйым салды. Ағылшын
кемелерін жасауға керек болады деп қоныс аударушыларға ағаштың тәуір
түрлерін кесуге рұқсат бермеді. Батыстың бос жатқан жерлерінен жер алуға
тыйым салды. Метрополия өзіне тиімді, қажет өндіріс салаларын дамытуға күш
салды (кеме жасау, темекі, мақта өсіру).
Көріп отырсыздар, Англияның король үкіметі жүргізген бұл шектеулер
отарларда буржуазиялық бағытта дамуға үлкен кедергіге айнала бастады,
әрине, бұл жерде отарлардағы капиталистік даму тоқтап қалған екен деген
ұғым тумасын, буржуазиялық бағыттағы даму одан әрі жалғаса берді. Қалалар
өсті. 1713 және 1763 жылдар аралығында отарлардағы қала тұрғындары үш есе,
жалпы отар тұрғындары - 5 есе өсті.
Оңтүстіктің плантаторлары да сауда және қаржы операциялары арқасында
тез байи түсті. Бұл бағыт олардың да метрополияның отарлардың буржуазиялық
дамуына жасап отырған шектеулеріне деген наразылығын күшейтті.
Американ ұлты қалыптаса бастады. Оның көрінісі Бенджамин Франклин 1727
жылы негіздеген Филадельфиялық хунта болды. Бұған жергілікті баспагерлер,
колөнершілер, саудагерлер, клерктер, тағы басқалар білім алуға
жұмылдырылып, отанының тағдыры үшін жаны ашығандар мүше болып бірікті. Б.
Франклин 1741 жылы жалпы американдық журнал шығарып, 1743 жылы Американдық
философиялық қоғам құрды. Ол кедей қолөнершінің баласы, жас кезінде
баспаханада жұмыс істеді, кейін ғылыммен айналысты. Діни соқырлыққа қарсы
күресті, пресвитериандық идеяларды қолдады. Экономия және тарихпен
айналысты. Ол өзінің көзқарасында буржуазиялық қатынастарды уағыздап, қор
жинауды колдады. Ағарту ілімін жақтады. Отарлардың дербестігін күшейту үшін
күресті, кейін революция барысында Англиядан бөлінуді уағыздады. Франклин -
буржуазияның өкілі, бұл оның нақыл сөздерінің мазмұнынан да көрінеді:
Ұйқыдағы түлкі тауық алмас, Бос қап тік тұрмайды, Уакыт - ақша.
Американ халқының ұлттық санасын оятуда және дамытуда зор еңбек
сіңіргендердің бірі жер аристократиясының ортасынан шыққан жан-жақты
білімді адам Томас Джефферсон, ол ағарту ілімін уағыздады. Франклин де,
Джефферсон да француз, және ағылшын ағартушыларының ілімдерінің ықпалында
тәрбиеленген адамдар еді. Бұлардың еңбектерінен осы ықпал сезіліп тұрады.
Территориялық жағынан тұтастығы, ортақ тілінің қалыптасуы мен ортақ
мәдениеттің жасалуы XVIII ғасырдың ортасында Англияның Солтүстік
Америкадағы отарларда жаңа ұлттық қалыптасқандығының сөзсіз белгісі еді.
Осылайша Англиядан бөлінуге қажетті – дербес республика құруға керек
шарттардың бәрі Солтүстік Америка отарларында толық қалыптасып болды. Бұл
айтылғандардың бәрі болайын деп тұрған Солтүстік Американың буржуазиялық
революцияның алғышарты - себептері. Оқушы осылай түсінуі керек.
Англия тарапынан жасалып отырған әділетсіздіктер мен зорлық-зомбылық
Солтүстік Американ тұрғындарының жаппай наразылығы мен одан бөлінуге деген
ұмтылысын күшейтті. Англияның тарапынан жасалған бұл сияқты зорлық-зомбылық
сипатын Практикум по новой истории (1640—1870), М. 1973 деген кітаптың
57-81 беттеріндегі деректі мәліметтерді оқу арқылы жақсы түсінуге болады.
Әсіресе, Томас Пейннің Здравый смысл деген памфлетін оқу аса қажет. Бұнда
автор корольді және оның үкіметін қатты сылады. Король тек соғысуды біледі,
қызметтерді таратуды ғана біледі, ұлтты қайыршыландырып, оның арасында
алауыздық туғызуды ғана біледі - деп жазды Т. Пейн (71-бет). Сондай-ақ ол
осы памфлетте Ұлыбританиямен байланысты әсірелеуші адамдарды
әшкерелеп, Англиямен байланыста болғалы Американық тек күйзелістен басқа,
дамуына келтірген кедергілерінен басқа ештеңе таппағанын айта келіп,
ажырасатын уақыт келді - деп жар салды. Қорольмен ымыраға келудің Америка
үшін өліммен тең екенін айта келіп, біздің күшіміз санда емес, бірлікте,
енді біздің күшіміз жеткілікті - деп сенім ұялатты.
XVIII ғасырдың 70 жылдарында Англия үкіметі тарапынан жасалып отырған
сауда және өнеркәсіптегі шектеулерден кұтылуға деген ұмтылыс күшейді.
Қорольдің тарапынан салынатын еркін салықтар да ығырын шығарды.
Жеті жылдық (1756—1763 жылдар) соғыстан кейін қарыз көбейді, пәтерлік
акт - деген құжат бойынша отарларға әскер әкеліп орналастырды. Оны отар
тұрғындары асырауға тиісті болды. Екінші жағынан, король әскерді әдейі
әкелгені түсінікті болып отыр.
XVIII ғасырдың басында отарларда жаңа мануфактуралар ашуға, отарлардан
жүн бұйымдар, басқа аспаптар алып шығуға тыйым салған жарлық шықты. Бұл
жарлық ағылшын көпестерінің экономикалық мүддесін көздеді.
1765 жылы ағылшын парламенті елтаңба салығын салды. Оның мәні -
шаруашылық және заң құжаттарын жасау үшін, хабарландырулар мен анықтамалар
үшін баж салығын салу болды. Елтаңба салығы Солтүстік Американ қоғамының
барлық әлеуметтік топтарын қамтыды. Анықтамасыз, хабарландырусыз,
шаруашылық құжаттарынсыз өмір сүру мүмкін емес. Бұл салық отар
тұрғындарының арасында наразылықтың күшеюіне зор түрткі болды. Салық
жинаушы - чиновниктерді сабап, өлтіріп жіберіп отырды. Отарларда
демократиялық күштер бірігіп топтаса түсті. Оның мысалы ретінде 1765 жылдың
аяғы мен 1766 жылдың басында құрылған Сыны свободы деп аталатын бірінші
көпшілік-революциялық ұйымды атауға болады. Бұл - қозғалыстың радикалды
көзқарастағы өкілдерінің ұйымы болды. Олар бірінші күннен-ақ көпшілікті өз
жағына тарту үшін әрекет жасады. Ағылшын тауарларына бойкот жариялауға
мұрындық болды. 1764 жылы тұңғыш әрекет болған бұл қозғалыс 1765 жылы
жаппай сипат алды. 1765 жылы қазанда Нью-Йорк көпестері бастаған бұл
бойкотқа кейін Филадельфия, Бостон көпестері қосылды. Ұйымның өкілдері
бойкот шартының бұзылмауын қатаң қадағалады. Ұйымға қоныс
аударушылардың қалың бұқарасының қатысуы оған үлкен түрткі болып, одан әрі
күшеюге итермеледі. Елтаңба салығының 1766 жылы 22 ақпанда қысқартылуы
үлкен жеңіс болды. Америка тұрғындарының енді Англия королінен жалынып
сұрау арқылы емес, күрес арқылы табысқа жетуге болатыны туралы сенімі
күшейді.
Бойкот үлкен нәтиже берді. Ағылшын тауарларының солтүстік және орталық
отарларға әкелінуінің көлемі - бір жылда 2,5 есе азайды. Ал 1770 жылдан
бастап (1770 жылғы 2 наурыздағы Бостон оқиғасы) тәуелсіздік жолындағы
қозғалыстың жаңа кезеңі - белсенді қарсыласу кезеңі басталды.
1765 жылы күзде 13 Солтүстік американ отарларының өкілдерінің конгресі
шақырылды. Онда Первая декларация прав колонистов и причин их
неудовольствия деген құжат қабылданып, отар тұрғындары өкілдерінің
Ұлыбританияның қауымдар палатасында жоқ екені туралы, салықтардың сырттан
салынатындығының әділетсіз екендігі туралы ашына айтып, отарлар мен
метрополия арасындағы қатынасты екі жаққа да тиімді етіп реттеп отыруға
болатынын ұсынды.
Ағылшын үкіметінің аграрлық саясаты да фермерлер мен жалгерлердің
наразылығын күшейтті. Қатаң рента шартын енгізді. Астық шықса да, шықпай
қалса да, су тасқыны, дауыл болып, бір сөзбен айтқанда табиғат құдіретінің
кесірінен өнім болмай қалса да жалгер жер иесіне белгіленген мөлшердегі
берешегін жерден қазса да тауып беруге тиіс болды.
Бұның бәрі елде британ отаршыларына қарсы үлкен наразылықтың негізі
бар екенін көрсетті, ал екінші жағынан отар тұрғындарының өз арасында да
әлеуметтік кайшылық шиеленісе бастады. Оған мысал тәуелсіздік жолындағы
соғыстың қарсаңында Солтүстік Америка отарлары үстем таптарының король
үкіметіне деген көзқарасында тәуелсіздік төңірегіндегі ұстанған бағытынан
көруге болады. Король сыйлаған жері бар Шығыстың жер иелері,
плантаторлардың Лондонмен немесе Англиямен тиімді байланыс жасап отырған
тобы, ағылшын рыногынан айрылып қалудан қауіптенген көпестер, король
үкіметімен байланысты қызмет атқарып отырған чиновниктер, дін басылары
Солтүстік Америка отарларындағы Англия үстемдігін қолдап, одан бөлінбеуді
уағыздады. (Бұлар тори тобы - роялистер). Ал Виги тобы да қалыптасты.
Бұлардың өзінің екі ағымы - самаркау және радикалды яғни революцияшыл-
демократиялық ағымы болды. Самарқаулар тобына кіргендер - плантаторлар мен
буржуазияның патриоттық тобы. Бұлар батыстан жер алып (Аллеган тауларының
аржағынан), отарлардың экономикасын дамытуға қажетті жағдайлар жасау үшін
ұмтылғандар. Фермерлер, қолөнершілер, жұмысшылар, ұсақ саудагерлер -
революцияшыл-демократиялық ағым ретінде тәуелсіздік сатысында батыл да
шешуші қимыл жасауға бейім топ болды. Сондай-ақ тәуелсіздік соғысы кезінде
негрлер үлкен үлес косты.
Революция басталған кезде негрлердің саны шамамен 600 мың яғни
көтерілген отарлардың тұрғындарының 20 процентіндей болатын.
Жоғарыда айтқан роялистерден 1775-1783 жылдардағы соғыс қимылы кезінде
30-дан 50 мыңға дейін адам Англия жағында соғысты. Мысалы 1780 жылы
роялистердің әскери құрамаларында 8 мың адам болса, Вашингтонның тұрақты
әскерінде 9 мың ғана адам болды. Бұл мысалды келтіріп отырғандағы мақсат
экономикалық мүддеден саясат шығатынына көз жеткізу.
1775 жылы 19 сәуірде тәуелсіздік жолындағы соғыс басталды. Соғыс жүріп
жатқанда 1775 жылы 10 мамырда шақырылған екінші континенттік конгрестің
жұмысы үзілістерімен 1781 жылдың 2 наурызына дейін созылды. Делегаттардың
біраз бөлігі жоғарыда көрсеткен себептерге байланысты күйректік көрсетіп,
Англиядан қол үзіп кеткісі келмеді. Қонгрестің аса маңызды шешімінің
бірі—1775 жылы 14 маусым күні қабылдаған тұрақты әскер құру жөніндегі
шешімі болды. Дж. Вашингтон тұрақты армияның Бас қолбасшысы болып
тағайындалды (1732-1799). Ол ағылшын отарлық саясатын жек көретін, король
үкіметінің кесірінен ондаған мың акр иелігінен айрылған адам еді.
Конгресс 1776 жылдың көктемінен бастап шешуші қимылға көшті. 10
мамырда барлық отарларға Британияда тәуелсіз жергілікті үкіметтерін жасауға
рұқсат берді. Бұл әрекет отарлардың тәуелсіздігін жариялауға қажетті
алғышарт болды. Тәуелсіздік декларациясын дайындау үшін Томас Джефферсон,
Бенджамин Франклин, Джон Адамс, Роджер Шерман, Роберт Ливингстон кірген
комиссия кұрылды.
Тәуелсіздік декларациясы 1776 жылы 4 шілде күні кабылданды. Бұл күн
бүгінге шейін Америка Кұрама Штаттарының ұлттық мейрамы. Декларация үлкен
өрлеу үстінде қабылданды. Шіркеулерде дұға оқылды, штаттарда салюттер
берілді.
Декларацияның мазмұны британ отаршыларымен байланысты ескі тәртіпке
қарсы күресіп отырған буржуазия мен оның кейбір плантатор одақтастарының
мүддесіне сай келді. Оған бұл құжатты қабылдауға кол қойған депутаттардың
құрамы куә. Қойылған 56 қол иелерінің 13-і көпес, 8-і плантатор, 28-і
адвокаттар. (бұлардың өздері саудамен және плантаторлық шаруашылықпен
айналысты), 7-і еркін мамандық иелері.
Бұл құжаттың тарихи маңызы зор. Солай бола тұра кемшіліксіз де емес.
Құлдықты сол күйінде қалдырды, үндістерге ештеңе берген жоқ. Әйелдерге
теңдік бермеді. Декларация нәтижесінде Америкада үкімет билігі ұлттық
буржуазия мен плантаторлар блогының қолына өтті. Америка Құрама Штаттары
деп аталған тәуелсіз мемлекет құрылды.
1777 жылы 17 қазанда Саратога түбіндегі жеңіс соғыстың барысына үлкен
бетбұрыс жасады. Дипломатиялық қатынастар орнату үшін Еуропа
мемлекеттеріне сәтті сапарлар жасалды. Бенджамин Франклин Францияға
барған сапарында қару-жарақ сатып алуға 2 миллион ливр ақша алуға қол
жеткізді. 1778 жылы 6 ақпанда Франция-американ одағы жасалды. Франция
отарлардың тәуелсіздігін мойындап, Америка Құрама Штаттарының Англияға
қоятын талаптарын қолдауға уәде берді. Бұдан кейін Испания, Голландия
мемлекеттері де АҚШ-ты танып Англияны оқшауландыра түсті. Франклин енді
өзінің барлық саясатшылдык шеберлігін Англияны келісімге көндіруге жұмсады.
Көптеген күрделі келіссөздер нәтижесінде 1782 жылы 30 қарашада
Англиямен алдын ала келісімге қол койылды. Англия АҚШ-тың
тәуелсіздігін мойындап, өз әскерінің қалдыктарын көп ұзатпай алып кетуге
міндеттенді. Англия Америка континентінде Канаданы, Ньюфаундлены және Вест-
Индияны өзінде сақтап қалды. Бірақ осы жағалауларда АҚШ-тын балык аулауына
рұксат берді.
1783 жылы 4 наурызда Англия соғыс қимылын тоқтатқанын хабарлады. Осы
жылы 3 қыркүйекте Париж келісіміне кол қойылып, ол 1784 жылы 4 қаңтарда түп-
кілікті бекітілді. Сөйтіп, 8 жылға созылған тәуелсіздік жолындағы соғыс
Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігін толық мойындаумен аяқталды.
Соғыстан кейін. Соғыстан кейін жас республиканың алдына соғыс
нәтижесінде қалыптасқан қиындықтарды жою міндеті тұрды: олар -
экономикадағы және мемлекеттік-саяси құрылысты нығайтудағы қиындықтар.
Бұларды жүзеге асырып реттеудің маңызды екенін және өте күрделі екенін
АҚШ-тың билеуші топтардың үкімет басында отырған өкілдері жақсы түсінді.
Экономикада терең дағдарыс болып отырды, Қаржыландыруда былық, ақшаның
құнсыздануы соғыстан кейін тіпті күшейіп кетті. Қағаз ақша көптеп
шығарылды. Баға адам айтқысыз дәрежеде өсті. Бір арба ақшаға бір арба азық-
түлік ала алмайтын күн туды. Соғыс кезінде шығарылған қағаз ақшадан үкімет
бас тарта бастады. Бұл фермерлер мен жұмысшы, қолөнершілердің есебінен
соғыс шығынын өтеу әрекеті болып шықты.
Бұл наразылықты күшейтті. Ел ішінде фермерлер қозғалысы өріс алды.
Қозғалыстардың жиынтық көрінісі — капитан Шейс бастаған фермерлер
көтерілісі болды. Шейс тәуелсіздік жолындағы соғыс кезінде өзінің
ержүрек жауынгер екенін көрсетіп, капитан атағына дейін жоғарылаған
адам еді. Әрине, Шейс көтерілісі аяғына дейін қаруланған жас
республиканың әскери отрядтарына төтеп бере алмады. Бұлар өте нашар
қаруланған еді, қару-жарақ, тіпті мылтықтың өзі аз болды. Жеңілді. Шейс
көтерілісін халық бұқарасының революцияны плебейлік әдістермен тереңдету
әрекеті деп түсінген дұрыс. Оның ықпалымен бұндай бас көтеру әрекеттері
Массачусетс, Жаңа Англияда, Нью-Йорк, Пенсильванияда, Солтүстік
Каролинада, Оңтүстік Каролинада, Виргиния, Мэрилендте т. б. жерлерде
болды, бірақ олар ұйымдаспаған, бір-бірімен байланысы жоқ бас көтерулер
болды. Бұл көтерілістерді билеуші топтар ұнатпады, оларды қатаң жазалауды
ұсынды. Дж. Вашингтон бұны тәртіпсіздік деп атап, оған қарсы шешуші
қимыл жасауды талап етті. Тек Т. Джефферсон ғана қоғамды дұрыс дамытуда
бұндай ұсақ бас көтерулер қазір де, кейін де пайдалы,— деді.
Шейс көтерілісінің басшылары (14 адам) өлім жазасына бұйырылды, ал жай
мүшелерінен ант алып босатып жіберді. Бұл көтерілістер билеуші топтың
өкілдері елдегі басқару аппаратын нығайту және күшейту керек деген тұжырым
жасады және оны жүзеге асыруға кірісті.
Дүние жүзінің тарихында тұңғыш қабылданған конституциялардың бірі АҚШ
Конституциясының қабылданғанына 200 жылдан асты. Америка Құрама Штаттарының
ресми топтары дүние жүзі қауымы алдында әсірелеп, американдық өмірдің
артықшылығын, адам құқығының буржуазиялық үлгісін дәріптемейді. Әрине,
бұл конституция өз заманы үшін тарихи маңызды оқиға болды, сол кездегі
мемлекеттік басқару формасы — буржуазиялық демократияның тез дамуына жол
салды.
Солай бола турса да, заңды негіздеушілер өздерінің таптық мүддесінен
аса алмады. Біз халық... деп бастай отырып, сол халық өкілдерінің құқығын
шектеудің өздеріне ауадай қажет екенін, өздерінің баю тетігі — халық
еңбегін қанау үшін, олардың құқығын шектеп ұстау керек екенін жадынан
бір сәт те шығарған жоқ.
Тәуелсіздік декларациясында жарияланған адам құкығына негізгі
конституциядан орын табылмады. Қонституцияның авторлары, сондай-ақ
революция кезінде халықтың бұрынғы өмір сүріп отырған тәртіпті революциялық
жолмен құлату туралы мәлімдемесін енгізуден бас тартты. Себебі оларға
халықтың революциялық жігері керек емес еді. Ертеңгі күні өздерінің елді
қалай, қандай мақсатта басқаратындарын олар естен шығарған жоқ. Егер
конституцияда халықтың ондай құқығын жарияласа өздерін де құлатып тастауы
мүмкін ғой.
Тіпті олар Конституцияға сөз, баспасөз, жиналыс, дінге сену, тағы
басқа да құқықтарды енгізуді қажет деп таппады. Конституция авторларының
бет бейнесі әсіресе негрлердің құлдығы мәселесіне келгенде айқын көрінді.
Олар оңтүстіктің плантаторларымен солтүстік американдық штаттардың мықты
одағын жасау мақсатында ымыраға келді. Солтүстік буржуазиясының белгілі
көсемдерінің бірі Г. Моррис солтүстіктің оңтүстікпен одағы, не адам құқығын
таңдау тура келгенде солтүстік пен оңтүстіктің одағын жасауды
таңдайтындығын ашық мәлімдеді. Осылайша Солтүстіктің адам құқығын яғни
ақтар мен қаралардың заңды теңдік идеясын уағыздаушылары жеке меншіктің
қолсұғылмайтындығы принципін нығайту жолында ол принципті құрбандыққа
шалды. Елге заңдағы ерекше бап бойынша қара кұлдар әкелуге рұқсат етілді.
Әрине, конституцияда құлдық деген сөз айтылмады, оны басқа сөздермен
алмастырды. Бұның өзі конституцияны негіздеушілердің екі жүзділігін
дәлелдей түсті.
Конституцияны американ қауымының талқысына беруде де оны
негіздеушілердің таптық мәні айқындалды. Тын мәнісінде кауым шартты
түрдегі сөз қабылдауға бүкіл АҚШ тұрғындарынын 3%-тен де аз өкілдері
қатысты.
Бұл жағдайлар демократиялық күштердің наразылығын күшейтті. 1789 жылы
конституцияға 10 түзету түрінде Құқық туралы билль енгізілді. Бұны олар
адам құқығы толық жарияланды деп дәріптеу үшін пайдаланды. Конституция
буржуазиялық құқық жеке меншік құқығын жариялап нығайтты. АҚШ конституциясы
өзінің түзетулерімен бүгінгі күнге дейін өмір сүріп отыр. Осы екі ғасыр
ішінде 10 мыңға жуық түзетулер ұсынылды. Олардың 33-і конгрестің екі
палатасынан қолдау тапты, тек 26-сы ғана қабылданды. Қөптеген түзетулер
американ халқы үшін оңайға түскен жоқ. Сонау азамат соғыстары кезінде
енгізілген 13, 14, 15-ші түзетулер көптеген адам өмірін ала кеткен
түзетулер болды, яғни қанды күрестер арқылы жүзеге асырылды.
14, 15-ші түзетулер негрлердің азаматтық және саяси тең құқықтарын
салтанатты түрде жариялаған болатын. Алайда АҚШ билеушілерінің барлық
әрекеті оны жоққа шығаруға бағытталды. Американ Қонституциясына жүгінсек
негрлер 1860 жылдан бастап ақтармен тен құқықты. 1865, 1868, 1870
жылдардағы заңдар құлдықты жойды, барлығымен тең сайлау құқығын берді.
Барлық айла-тәсілдерді қолдана отырып оны іс жүзіне асыруға мүмкіндік
бермеді. Үкімет орындары жоғарыдағы айтылған түзетулерді жоққа шығаруға
көмектесті, Қуклукс клан сияқты террорлық ұйымдар құрды.
1881 жылы оңтүстіктің Теннеси штатында теміржол транспортында ақтар
мен қаралардың бөлек жүріп-туруы туралы Заң қабылданды.
Кәзір Оңтүстік штаттарда американдықтардың үштен екісі бөлектетілген
(сегреграция) мектептерде оқиды. Қалалар ақ және қара кварталдарға
бөлінген. Өздерінің құқықтары үшін күрескісі келген қара американдықтарды
қарулы күшімен қорқытады. 1885 жылы Филадельфия қаласында полиция күзеті
үйсіз негрлер орналасқан бөлігіне бомба тастады. Ішінде бес бала бар, он
бір адам тірідей өртенді. Бұндай мысалдарды күнделікті баспасөз, теледидар
арқылы көптеп кездестіріп, естіп жүрміз. Кәзір негрлер америка халқының 11%-
ін құрайды, солардың 25%-і жұмыссыздар. Негрдің жылдық табысы ақ
американдыктың табысының 56,3%-ін құрайды. Негрлердің 6 проценті ғана маман
жұмысшылар.
Ал енді Американың өзінің негізгі тұрғыны үндістердің жағдайы қандай?
Түсіне қарап қудалауды жою туралы 14, 15-ші түзетулер енгізілген кездің
өзінде-ақ үндістер өздерінің атамекендерінен қуылды және біразы жойылды.
Капитализмнің одан әрі дами түсуімен орай жерге деген қажеттілік күшейді.
Капиталистер мен ірі жер иелері олардың жерлерін тартып алып отырды.
Теміржол компаниялары темір жол өтетін жердің өн бойын босаттырды. 1870
жылы үндістерді резервацияға қуып тығу туралы шешім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Еуропа мен Шығыстық Араб елдеріндегі саяси ілімдер
Қалмақ хандығының мемлекеттік құрылысы және құқықтық жүйесі (1664-1771 ж.ж.)
Латын Америка елдері
Латын Америка елдері туралы
Латын Америка елдеріне кіретін мемлекеттер
ФРАНЦИЯ МЕН ГЕРМАНИЯНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ТАРИХИ - ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ
Америка Құрама Штаттары
Ежелгі шығыс мемлекеттері
Психологияның дербес ретінде дамуы
Ежелгі және орта ғасырлардағы Русь (ІХ ғ.-ХҮІ ғ. басы)
Пәндер