Ауғанстанға Совет әскерінің кіруі


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

«Ауғанстанға Совет әскерінің кіруі»

М А 3 М Ұ Н Ы

Кіріспе . . . …3-8 беттер

I тарау. Революция қарсаңындағы экономикалық және саяси жағдай . . . 9-15 беттер

II тарау. Сәуір (апрель) революциясы және Ауғаныстан
Демократиялық Республикасының құрылуы . . . … . . . 16-22 беттер

III тарау. Ауғаныстанға Совет әскерінің кіруі . . . 23-46 беттер

Қорытынды… . . . 47-49 беттер

Пайдаланған әдебиеттер . . . 50-52 беттер

КІРІСПЕ

70-жылдардың соңы - 80-жылдардың басында Ауғанстан өте ауыр жағдайда болды. Тіпті бейтарап, достық қарым-қатынаста деп саналатын мемлекет совет еліне қарсы аса қауіпті агрессиялық орталыққа айналу қаупі туды.

Жаулық ниеттегі мемлекеттер бірінші орында соққы беру алаңын дайындауды ойластырды. Орта Азия мен Қазақстан, Сібірге бағыт алған ракеталарды орналастыру көзделінді. Әсіресе американдықтар Таяу Шығыстың мүнай көздеріне бекінуді мақсат етті. Олар көршілес Пакистан жерінде "Жоба-706" деген атпен ядролық қару жасау үшін жанталасып жатты. "Исламдық" деп аталатын атом бомбасын жасады. Ядролық орталық Павапинди қаласына таяу жерде орналасты. Ауғаныстанды бөлшектеп, ірітуге дейін жеткізген партиялар мен ұлттар арасындағы қайшылық жағдайды қиындата түсті. Совет үкіметі ауғандықтардың өтініші бойынша, әрі қалай болғанда да оңтүстіктегі көрші мемлекеттің бей тараптығын сақтау үшін әскери күшін кіргізуге мәжбүр болды/1/.

Ондаған, жүздеген мың жастар Ауғаныстанда қатал сынақ мектебінен өтті. Қаншама адам өмірін қиып, мүгедек болып қалды, тұтқынға түсті. Осы қантөгіс адамзат алдына көптеген күрделі сауалдарды қойды. Бұл соғыс кімге пайда әкелді? Ауған-Совет қарым-қатынасының қазіргі кезеңі ондай жетістікке жеткізді? Міне осыны аяғына дейін анықтап білу тарих ғылымындағы маңызды да күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Диплом жұмысының тақырыбы осы мақсатта туды.

Ауғанстандағы 1970 жылдың соңына қарай қалыптасқан ауыр жағдай Совет Одағын елеңдетпей қойған жоқ. Бұл туралы партия съездерінде, пленумдарда, Біріккен ұлттар ұйымның сессиясында да айтылды.

Громыко А. А. Біріккен ұлттар ұйымының 34 сессиясында сөйлеген сөзінде: "Ауғанстан - өзіне демократиялық прогрессивтік даму жолын қалаған еді. Өзімен көршілес мемлекеттермен достық қарым - қатынаста болғысы келеді және басқа елдің сыртқы саясатына араласуды қаламайды. Совет Одағы Ауғанстанмен бұрыннан достық, көршілік қарым - қатынаста, сондықтан басқа елдің оның ісіне араласуын тоқтатуды қажет деп санайды"/2/, -деп көрсетті.

1981 жылғы февраль айында өткен Совет Одағын коммунистік Партиясының XXҮІ съезінде ауған жағдайына ерекше тоқталады.

Азаттық алған елдердің өздері өтініш жасаған жағдайда, басқа да туысқан елдермен бірге олардың қорғаныс қабілетін нығайтуға көмектесеміз.

Империализм ауған революциясына қарсы кәдімгі жарияланған соғыс ашты. Бұл біздің оңтүстік шекарамыздың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндірді. Мұндай жағдай бізді достас елдің өтініші бойынша оған әскери көмек көрсетуге мәжбүр етті. Баброн Кармаль бастаған Ауғанстан мен Үкіметінің ойластырылған, ұлттық мүддеге сай саясаты халықты нығайтты.

Ал Советтік әскер күшіне келетін болсақ, ауған үкіметімен келісім бойынша, оны әкетуге әзір боламыз. Ол үшін Ауғанстанға контрреволюциялық күштер жіберілу тоқтатылу керек. Мұның өзі Ауғанстанмен уағдаластықты баянды етуге тиіс", деп көрсетілді/3/.

КПСС - тің 1986 жылғы февраль - март аралығында өткен ХХҮІ съезінеде бұл мәселеге ерекше мән берілді: шиеленіскен қайшылыққа толы дүнисде төніп келе жатқан апат каупі алдында бірден - бір парасатты, бірден - бір қанымды жол бар, ол - қоғамдық құрылысы әр түрлі мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі. Бұл тек соғыстың жоқтығы ғана емес, барлық халықтардың пайдасы үшін ғылыми мен техника жетістіктерін, мәдени игіліктерді кең түрде алмасу", - деп көрсетіледі/4/.

Қандай да болмасын ол өзінің құрылықтығы, сондай-ақ теңіздегі шекараларының қауіпсіздігіне зор маңыз береді. Мысалы, контрреволюция мен империализм Ауғаныстанды қаны сорғалаған жараға айналдырды. Бұл елдің өз суверенитетін қорғауға бағытталған күш - жігерін Совет Одағы колдайды. Ауғанстан өкіметінің өтініші бойынша сонда жүрген Совет әскерлерін таяудағы болашақта елге қайтарып алғымыз келер еді. Ауғанстан Демократиялық республикасының ішкі істеріне қарулы күшпен сырттан араласуын нақты қамтамасыз етіп, оның қайта басталмауына сенімді кегіілдік беретін саяси жолмен реттеуге қол жеткен бойда - ақ оларды кезен - кезңімен алып кетудің мерзімі де ауған жағымен келісілген. Таяу және Орта Шығыста, планетаның барлық буырқанған нүктелерінде жанжалды жағдайларға тоқсам салу, әскери қарсы тірестің ұшығудын ең болмағанда бәсеңдету жалпыға бірдей қауіпсіздікті қамтамасыз еткен болар еді, - делінді/5/.

СОКП-ң 1988 жылғы 18 февраль болған пленумында халықаралық дәрежедегі оқиға - ауған мәселесін шешуге байланысты М. С. Горбачев: "Күрделі аймақтық шиеленісті шешу оңай нәрсе болған жоқ. Ауғанстанның тәуелсіз, бейтарап мемлекет болып қалуы үшін қосалқы шаралар қолданылуда. Әрине, біздің ауған мәселесіне араласуымыз - көп нәрсені қозғайтын, өте күрделі проблема. Бірақ адамзат баласы, бүкілхалықтық күш әскери қауіпке қарсы күреседі, жер жүзінде тыныштық болғанын қалайды", -деп атап өтті/6/.

Қазіргі кезенде соғыс және оның құралдары арқылы кездеген мақсатқа жету мүмкін емес. Бұған аймақтық дәрежедегі шиеленіскен жағдайлар тұрғысынан қарап көрейік. Бұл әр түрлі жағдайдан туып, әр түрлі жолмен дами келе жалпыға бірдей заңдылыққа, дәлірек айтқанда - ешқандай саяси дәрежедегі ретпен шешілмей, адам шыдай алмайтындай ұзаққа созылады. Бұл жөнінде Э. А. Шеварнадзе Біріккен Ұлттар Ұйымының 43-ші сессиясында сөйлеген сөзінде былай деді: "Аймақтық шиеленісті реттеу әлемдік дәрежедегі араласуды қамтыса, бұл тез арада шешіле қоймайды.

Женева келісімі - бұл аймақтық, шиеленісті реттеуге бағытталған жай ғана келісім емес. Бұл - бейбітшілікті нығайтуға бағытталған бірінші қадамы, екінші бір аймақтың жіберген міндеттердің бәрін орындайды.

Совет әскерлерін шығаруды бастаумен - ақ бірнеше қателіктер жіберілді. Аймақта қантөгіс азаюдың орнына, жергілікті бейбіт елге бағытталған террорлық әрекет тез өсіп кетті.

Бұны жіберуге болмайды. Ауғанстандағы шиеленісті реттеуге бағытталған жіпті үзуге болмайды"/7/.

1978 жылы апрель революциясына совет, ауған елінің саяси, экономикалық, мәдени саладағы қарым - қатынасына жол ашты. Ғалымдар, жазушылар, суретінілер, журналистер, екі жақтың интеллегенция топтары өзара туысшылық пен достықты нығайтуда көп еңбек етті. Москвадан, Ленинградтан, Тәжікстан мен Өзбекстаннан, тағы басқа елдерден Ауғанстанға барушылар көбейді, бір жағынан олардың да қызметкерлері Совет елінде жүріп жатқан зерттеу, талқылау жұмыстарына қатысты.

Ауған халқының өміріндегі аса маңызды өзгерістердің бірі - ұлттық демократиялық революциядан кейін оның тарихына, болып жатқан оқиғаның түп-тамырына, мақсаты мен себептерін білуге деген қызығушылық күшейді.

1982ж. Ю. Г. Гынковскийдің басшылығымен "Ауғанстан тарихы" шықты/8/. Бұл кітапта екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Ауғанстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық өміріндегі өзгерістерге үлкен мән берілген.

Ауған халқының тәуелсіздігін жолындағы күре тарихын көп зерттегендердің бірі - Н. А. Халфин оның "Победные трубы Майванда" және "Заря свободы над Кабулан"/9/ деп аталатын еңбегі 1973ж. Жарық көрді.

Ауғанстанның қазіргі кездегі тарихын зерттеу барысында біздің елмен қарым-қатынасына көп көңіл бөлінеді. Бұл проблема жөнінде зерттеу жұмысымен Л. Б. Мелинский көп айналысты.

Оның "Совет - ауған қарым - қатынасына 50 жыл: "Совет - ауған қарым - қатынасының тарихы" СССР және Ауғанстан" деп аталатын еңбектері бар/10/.

Осы мәселе төңірегіндегі Э. Р. Махмудов, М. Г. Пикулин, Р. Нашидов көп еңбек етті.

Совет шығыстанушылары 1978 жылы апрель революциясының келелі проблемаларын зерттеуге үлкен назар аударды.

Г. Мурадов жазған "Демократиялық Ауғанстан революциясы", Г. А. Поляков "Революциялық Ауғанстан", А. Д. Давыдовтың "Драның аграрлық заңдылықтары" деген еңбектер жарық көрді.

Ауған халқының бейбітшілікті жүзеге асыруға ынтасы, оның көршілес елдерге бейтараптығын саяси, экономикалық, мәдени саладағы қарым-қатынасынан көруге болады. М. Г. Пикулиннің "Ауғанстанның экономикалық және мәдени дамуы" деп аталатын еңбегі осы проблемалар төңірегінде және совет ауған қарым - қатынасына бағытталған/11/.

Ауған жерінде түнғыш рет демократиялық революция жүзеге асты. Ауғанстан өзіне көптеген қоғамдастықтардың, әрі жаулық көзқарастағы батыс елдерінің назарын аударды. Ауғанстандағы оқиға халықаралық саясатта прогрессивтік күштер мен революцилық топтар арасынад әр түрлі айтыс, қарама - қайшы көзқарастарды тудырды. Революцияның жеңісі нәтижесінде көршілес Ауған еліне басшылыққа халықтық - демократиялық партия басшылыққа келді. Г. А. Поляков "Афгнистан революционный" атты еңбегінде жаңа үкіметтің империализм, колониализмге қарсы батыл күресі мен бейбітшілік жолындағы күресін, қарусыздандыруға бағытталған шаралары. Апрель революциясының жақтастары мен жаулары, жас мемлекеттің алғашқы қадамдары туралы айтылған/12/

Енді бір еңбек ете көп деректерді, Ауғанстандағы Совет елшілрінің хабарлары, мемлекеттік қауыпсыздық комитетінің кеңесшісінің жіберген ықпаралары, Түркістан Әскери Округінің Саяси Басқармасының есебін қамтыған - А. А. Ляковский мен В. М. Забродин, бірігіп жазған "Тайны афганской войны" деген еңбегі. Онда Ауғанстанның ішіндегі қайшылықтардың пайда болуы мен дамуы, совет әскерлерінің көмегі, осы кезде ұлттық партия мен үкіметінің басында не болғаны туралы әңгімелейді. Бұл еңбекте келтірілген бұрынғы құпия, көп белгілі емес документтер мен фактілер келтірілген. Бұрын ол документтерде арнайы "құпия" деген мөр басылып, ашық жариялауға тиым салынған болатын. Кейінен рұқсат берілгеннен соң ғана жарияланаған/13/

Өзі Ауған жерінде болып, "Извстия" газетінің арнай тілшісі ретінде көрген оқиғаларын жазған дам - Г. П. Устинов.

Ол Ауған революциясы: "Жер - су реформасын, шаруа оперативтерінің құрылуы, жаңа өндіріс орындарының санылуы, оқу-ағарту рындарын ашуға мүмкіндік беретін әңгімелейді/14/ .

М. А. Конаровскийдің "Страна гор и легенд" атты еңбегі Ауғанстанның табиғат, елдің салт-дәстүрін, совет - ауған қарым-қатынасын зерттеуге арналған/15/.

Міне, осындай тарихи деректер мен зерттеулер менің диплом жұмысымды жазуға зор көмегін тигізді.

Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан және қорытынды бөлімдерінен тұрады.

Бірінші тарауда революция қарсағындағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы әңгімеленеді.

Екінші тарауында Апрель революциясын және Ауғанстан Демократиялық Республикасының құрылуы баяндалады.

Үшінші тарауда совет-ауған қарым-қатынасының қазіргі кезеңі қамтылады.

I - ТАРАУ

РЕВОЛЮЦИЯ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСИ ЖАҒДАЙ

Ауғанстан экономикалық даму жағынан, 1977 жылы дамушы 129 мемлекеттер ішінен 1080-ші орында болды. Елдің артта қалуына ескі делдалдық қарым-қатынастар мен рулық-патриархалдық құрылыстың белгілерінің осы уақытқа дейін сақталып қалуына себепші еді. Ауған халқының 90 % ауылдық жерлерде тұрады, және олар бай феодалдық, ру басылар мен дін басыларының қол астында болды. Жұмысшы табы тіпті жоқ болды, десе болатын еді, өйткені үш миллионға жуық ауғандықтар жартылай көшпелі және көнегелі өмір сүреді. Сонымен бірге жергілікті тұрғындардын жартысынан көбі сауатсыз болды.

Басты көрсетіп айтатын болсақ, ауғандықтар көптілде сөйледі және әр түрлі тайпалардан құралды. Сондықтан бір ұлттан тұрмағандықтан ұлттық-этникалық және феодалдық өзара жікке бөлінушілікке сақталды.

Ұлттық табыс адам басына шаққанда небәрі 162 долларға жетті, және елде бірде-бір теміржол болмады. Өнімнің көп бөлгі натуралды және ұсақ товарлы шаруашылықтарда өндірілді. Өндіргіш күштердің баяу дамуы, құрал-жабдықтарының нашарлығынан кей жылдры тіпті көптеген жерлер өңделмей қалып отырды.

Ауғанстан өзіне керекті азық-түлік товарларын шеттен әкелді, соның ішінде: астық пен майға сұранып көп болды, яғни тапшы болғандықтан.

Шаруалардың 1/3 жерсіз өмір сүрді. Халықтың 88-і сауатсыз болды, 22, 8 % ғаны ақып білім алды. Елдің 160 млн. халқына небәрі 71 аурухна, 3600 төсектен ғана келді/1/.

Бадахшан, Хазарджан, Кумар аймақтарында, пуштун тайпалары мен Ауғанстанның оңтүстік аудандары өзінің әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесі жағынан Герат, Кабул Провинцияларынан артта қалды. Әсіресе пуштундар арасындағы қауымдык, әрі тайпа - әдет-ғұрыптарының сақталуы олардың даму процесіне кедергі жасады.

Халықтың әлеуметтік -экономикалық және мәдени дамуындагы теңсіздік елдің әр аудандарындағы пуштун билеушілері мен ұлттық-этникалық аз топтар арасында, әсіресе солтүстік және орталык аудандарда қайшылықтың күшейгенін көрсетті/2/. Ұлттық қайшылықты шиеленістірген суниттер мен шейттер арасындағы айырмашылық болды. Соңғы 10 жылда халықтың халі оте нашарлады, жұмыссыздық етек алды, әсіресе білім алып шыққан жастардың жұмыс табуы қиынға соқты.

Қарапайым азаматтық праводан айрылған жұмысшылар, шаруалар, интеллегенция, қолөнершілер, ұсақ саудагерлер, көпестер оз еркі үшін ұйымдасқан түрде саяси күрес ұйымдастыра алмады. Саяси партиялар мен ұйымдарға елде заңды түрде қимыл жасауға тиым салды. 1970-72 ж. Құрғақшылық елдің онсыз да аз ресурсын сарқыды. Көптеген шаруалар деревнядан кетіп, қаладан бір жұмыс табу амалын іздеді. Парламаенттегі помещик топтары мен реакциялық қанаттағы мұсылман дін басылары заң жобасын жасауды кешеуілдетіп, оны үнемі бұзып отырды. 5 жыл ішінде парламент мемлекеттік финансын көтеруге бағытталғн бірде - бір заң жобасын қабылдамады/3/.

Сыртқы саясатта да басқарушылар оз тобының ғана мүддесін шешіп отырды.

Король сарайындағы бар шығынының орнын жабу үшін қосымша салықтарды кобейтті.

Мемлекеттік аппаратағылардың өзі сауда контрабандасымен байлаиыста болды/4/.

Мұның бәрі халықтың наразылығын тудырды.

Осындай киын жағдайда қоғамның әлеуметтік-экономикалык, саяси құрылысына озгеріс енгізу қажеттілігі туды.

Саяси омірде эппозициялық бағытты ұйымдастыруда ьасты рольді интеллегенция атқарды. Интеллегенцияның бастауымен алтыншы жылдарда прогрессивтік қозгалыс жанданды, елде саяси ұйымдар мен топтар құрылды.

Бұл ұйым жетекшілері мен мүшелері марксизм-ленинизм еңбектерімен таныс болды. Ауғанстан біріккен ұлттық майданы /МНДК/ құрылды, бұл саяси партия болды. Оның орталық бөліміне - жазушы Тараки Н. М., министр қызметкерлері Кармаль Б. мен Дост Ж. М. офицерлер Кхибер М. А. /хатбар/. М. Т. Бодахиш және т. б. кірді.

Ал 1965 ж. I қантарда Құрылтай съезіне Ауғанстан халық-демократиялық партиясы құрылғанын жариялады. Сы съезде НДПА-ның құрылымы, мақсаты мен бағыты белгіленді және Орталык Комитет сайланды/5/.

1965 жылы Ауғанстан деректері деп аталатын құжат бойынша Ауғанның Ұлттық Демократиялық партияның бірінші пленумында съезд делегаттары Нұрмүхммед Маражиді Бас секретарь, ал Бабрак Кармальді Орталық комитеттің секретары етіп сайлады. Партияның Орталық комитетіне 7 адам мүшелікке, 4 адам кандидаттыққа ұсынылды/6/.

1966 жылы сәуірде партияның орталык басылым органы - "Халық" газетінде Құрылтай съезінің шешіміне сәйкес НДПА-ның Программасы жарияланды. Бұл программаға мына мәселелер кірді: барлық прогрессивтік, патриотшыл және ұлтшыл күштерді НДПК-тың маңына топтастырып және соның басқаруымен антифеодалдық, антиимпериалистік халық - демократиялық революция үшін күресті ұйымдастыру, елдегі саяси білікті алу, еңбекшілер мемлекеттік құру, қоғамдык қайта құру, елдің артта қалғанын жою және прогрессивті дамуын қамтамасыз ету деп көрсетті.

1967 жылы колемінде жасырын түрде НДПА-ның Уставы басылып шықты. Бұнда оның ұйымдастыру құрылысы, партия принцип белгіленді, партия мүшелерінің еркі мен міндеттері айқындалып белгіленді.

Жартылай ашық және ғасыр жағдайда позиция коркем және Даудтық режимге қарсы белсенді саяси күрес жүргізді. Оның басшылыгымен ереуіл, митингілер, наразылық шерулері, еңбекшілері демонстрациясы, яғни революция мейрамдлары кезінде және революцияшыл әдебиеттер кеңінен таратылды. Сонымен бірге парламенттік күрес методы да қолданылды. Мысалы, 1965 жылдың күзінде парламенттік сайлауға партия қатысты және төменгі палатаға олардың төрт делегаты сайланды. : Б. Кармель, Н. Г. Канджвом, Р. Ратебзада, Гайзан-уль-Хак/7/.

Бірақ партия жұмысы оте қиын жағдайда жүрді. Өйткені реакцияшыл күштердің және солшылардың кері әрекеті, өкімет орындарының қудалады репрессиясы, еңбекші топтың төменгі саласы, партияның өзі ішінде әр түрлі топтан тұруы және кейбір мүшелерінің саяси сауатсыздығы партияның ұйымдасуы мен тактикасына орасан зор кесел келтірді.

ИНДПА құрылысымен соет басшылығы оның басшыларына коммунистік идеяларға асықпауына, ел ішінде жалпы демократиялық сипатта жұмыс жүргізуге кеңес берді. Өкінішке орай Траки мен оның жақтастары бұл кеңеске күлақ аспады, бұл кейіннен кері әсерін тигізді партия жұмысына.

1966 жылы күзде партияның одан әрі даму кезеңінде қиын уақыт тұрды. Оған себепші партия басшылары Н. Т. Тараки мен Б. Кармель арасындагы оз аракеліспеушілік пен бақталастық еді. Б. Кармель парламент депутаты болғандықтан, өзінің Ітартиядағы екінші роліне риза болмады. Сонымен бірге партияның жұмыс жүргізуінде тактикалық мәселелер жонінде де өзара келіспеушілік болды. Мысалы, Б. Кармель мен оның жолдастары Орталық комитетте партияны ашық күрес жолына шығуды жақтап, мәселе қойды. Сонымен бірге олар листовкалар тратуға, қарсы болды және олар митингілер мен демонстрацияларда партия басшыларының еңбекшілер алдында соз сойлеп, оларды ашық күреске шақырған тиімді деп санады. Ал Тараки және онын жақтастары жасырын күрес жағдайында партияғ жұмыс жасау тиімді қиын жағдайға Орталық Комитет эмиграцияга кету керек деп есептеді.

Сонымен бірге ол корольдік монархия жағдайында ашық күрес жүргізу партия үшін қауіпті, оның арты партия басшылары мен мүшелерін тұтқындауға әкеп соқтырды деп есептеді.

Сол сияқты Кармель партия мүшелігіне қабылдау кезде кандидаттық қай топтан шыққанына қарамау керек, тек олардың көзкарасы мен жұмыстау қабілетіне карау керек десе, Тараки партия қатарына жогарғы топ өкілдері мен король семьясы мүшелері енсе, партиялық принциптілігі бұзылады, халықтық алдында партияның беделі төмендейді деп ойлады.

Осылайша партия басшылары арасында озара келіспеушілік нәтижесінде, партия екі жікке болініп кетті.

1966 жылы күзде Б. Кармель өз жақтастарымен Орталық Комитет құрамынан шығып, "Тіарчам" /Знамя/ фракциясын құрды және ездерін НДГІА - барлық еңбекшілерінің партияыз деп жариялады, ал Тараки мен оның жактастары өздерін "НДПК - жұмысшы тобының авангарды" деп жариялады, бірақ ел ішінде олардың фракциясын "Халық" деп атады. Дегенмен екі фракция өздерінің органы, басылымы мен мүшелері арасында озгешілік, екі партия да алғашқы съезді қабылдаған программа мен уставты таныды.

"Халық" пен "Парчам" фракциялардың мүшелері қоғамның, яғни әр әлеуметтік топтар мен ұлттық жағынан бір-бірінен озгешілігі болды. Соган қараматсан революциялық күрес жолында олар нәтижеле роль атқарды.

Мысалы: Халықшылдардың құрамы еңбекшілер, жартылай жұмысшылар, шауралар, көшпенділер, ұзақ қызметкерлер, колөнершілер, әскери қызметінілер мен интеллигенциядан тұрды.

Сондықтан да халықшылар оте белсенді болды және халық пен демократияшыл бағыттағы топпен тыгыз байланыста болды.

Сонымен бірге олардың құрамында мемлекеттік аппараттың төменгі топтағы қызметкерлері, оқу орындары мен инженер-техниктер, кіші офицер топтарында болды. Халықтардың көпшілігі СССР-да оқитын еді/8/.

Ал Парчамның құрамы помещиктер, ірі судагерлер, армияның жоғары шенділері, интеллигенция, қала буржуазиясы мен дін қауымнан тұрды. Олар либеральреформалық бағыттағы күресті ұстады. Олардың көпшілігі - Батыс пен АҚШ-та окыған еді. Дегенмен олар өздерін революциөнерлер марксист деп есептеді:

НДПА-ның ұйымшылдық жағынан жікке болінуі 10 жылға созылды және Ауғанстандағы революциялық қозғалысына орасан зор зиянын тигізді. Екі фракция ел ішінде белсенді жұмыс жүргізді. Бірақ елде алдыңғы қатарлы жұмыс тобы болмағандықтан, олар демократиялық пиғылдағы интеллигенця мен патриоттық ниеттегі офицерлер арасында жұмыс жүргізуге деп қояды. Бұл бағытта олар көптеген жетістіктерге жетті.

Паралиистер парламентті өз көзқарастыра үшін пайдалана біліп, онда ашық күрес жүргізуде және 60-жылдар олар әйелдер арасында жұмысты жолға қойды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес – ауған соғысы
Екінші дүниежүзілік соғыс. «Қырғи-қабақ» соғысының ақырғы белесі
Ауған соғысы тарихқа енді
Ауған-Кеңес қақтығысы
КСРО-ң сыртқы саясатындағы Ауғанстан ( ХХ ғ. 70-80 ж.ж.)
ХҮІІ ғ. - ХХІ ғ. аралығындағы Азия елдері
Қазақ тарихындағы көп соғыстың бірегейі - ауған соғысы
Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945 ж.ж.)
Үндістанның Ұлы моғолдар империясынан тәуелсіздік алғанға дейінгі тарихы
Халықтың маньчжур үстемдігіне наразылығы өршіді
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz