Версаль шарты
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ПАРИЖДЕГІ БІТІМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ МЕН ОНЫҢ
НЕГІЗГІ ЖҰМЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.1 Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы дипломатиялық күрес
және оның соғыстан кейінгі бітімге ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Бітім шартының негізгі жобалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.3 Ұлттар лигасының құрылуының өзекті мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2. ЕУРАПАДАҒЫ ҮШТІК ОДАҚ ЕЛДЕРІМЕН БІТІМ
ШАРТТАРЫН ЖАСАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
2.1 Версаль бітім шарты . Еуропадағы бітім жүйесінің өзекті
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
2.1 Германияның одақтастарымен бітім шартын жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51

1914 жылы 1-тамызда басталған бірінші дүниежүзілік соғыс төрт жыл үш жарым айға созылды. Соғысқа 36 мемлекет қатысты, соғысушы елдердің 10 миллион адамы қаза тапты, 20 миллион адам мүгедек болып қалды /1/. 1918 жылы 11-қарашада Компьен орманында Ретонд станциясында Германия мен Антанта арасындағы уақытша бітім шартына қол Қойылды. Бұл бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғандығын білдірген ресми құжат болды. Енді жеңімпаз мемлекеттер соғыстың қорытындыларын бекітуге, соғыстан кейінгі дүние тәртібін белгілеуге тиісті болды. Осы мақсатпен 1919 жылы 18-қаңтарда Парижде бітім конференциясы шақырылды. 18-қаңтар күні кездейсоқ таңцап алынған жоқ. 1871 жылы тап осы 18-қаңтарда Фрайцияның астанасында отырып, Бисмарк біртұтас Германия империясының құрылғанын жариялаған болатын.
Конферещия барысында жеңімпаз елдер жеңілген Германиямен, Австриямен, Болгариямен, Венгрюшен/2/ және Түркиямен бітім шарттарын жасады. Осы бітім шарттары тұтастай алғанда Версаль бітім жүйесін құрайды.
Версаль бітім жүйесі ірі мемлекеттер арасындағы бұрыннан келе жатқан қайшылықтарды одан Әрі тереңдетті және жаңа қайшылықтар туғызды. Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы халықаралық жағдайдың даму барысы осы қайшылықтардың дамуымен анықталады. Сондықтан Версаль бітім жүйесін неғұрлым кең талдап зерттеу XX ғасырдың бірінші жартысында адамзат дүниесінің екі рет соғыс апатына ұшырау себептерін соғұрлым тереңірек түсінуге мүмкіншілік береді.
Екінші дүниежүзілік соғысты тудырған жағдайлардың бастамасы сол Париж бітім конферешщясында-ақ жасалған болатын. Жеңілген Германияға Өте ауыр талаптар қою, Европаның саяси картасын қайтадан кесіп-пішу алдағы уақытта дау-дамай туғызбауы мүмкін емес еді. Париж бітім конференциясының барысында дау-тартыс көп болды, ал жеңімпаз мемлекеттердің осындай өзара қайшылықтарына орай бүкіл Версаль бітім жүйесі ішкі қайшьшықтарға толы тұрақсыз сипатта болды. Сондықтан да Версаль бітім жүйесі жасалғаннан кейінгі бейбіт өмір ұзаққа созылған жоқ. Демек, Версаль бітім жүйесінің ішкі қайшылықтарын зерттеп-талдау екі дүниежүзілік соғыстар аралығындағы халықаралық қатынастардың даму бағдарын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Міне, диплом жұмысы осындай гылыми маңызы бар бір тақырыпқа арналып отыр.
Версаль бітім жүйесі әжептеуір мәселелердің қатарына жатады. Е.И.Попованың 1966 жылы жарық көрген еңбегі Герман мәселесіне байланысты АҚШ-тың ұстанған бағытын зерттеуге арналған. Ұлттар

1. История международных отношений и внешней политики СССР. - М , 1986. Т.1. - С. 62.
2. Австро-Венгрия империясы ыдырап кеткендіктен Австиямен және Венгриямен жеке-жеке бітім шарттарын жасауға тура келді.
3. Версальский мирный договор. - М., 1925; Сен-Жерменский мирный договор. - М.. 1925; Мир в Нейм. -М., 1926; Трианонский мирный договор. — М.. 1926; (Бұл құжаттардың қазақша а\дармасын мына кітаптан алуға болады: Көкебаева Г.К. Халықаралық қатынастар тарихы: Хрестоматия 1-бөлш 1918- 1939. - Алматы, 1997).
4. Тардье А. Мир. - М., 1943; Никольсон Г. Как делался мир. - М., 1945; Хауз Э. Архив полковника Ха>за. - М., 1944. Т. 3-4; Алъдровани-Марекотти Л. Дипломатическая война: Воспоминания и отрывки из дневника (1914-1919). -М., 1944; Д.Ллойд Джордж. Правда о мировых договорах. - М., 1957. Т. 1-2.; Беккер Р.С. Вудро Вильсон. Мировая война. Версальский мир. - М. 1923.
5. Беккер Р.С. Вудро Вильсон. Мировая война. Версальский мир. - М., 1923. - С. 130
6. История международных отношений и внешней политики СССР. Т.1. - М., 1986. - С. 58
7. Международная политика новейшего времени в договорах, нотах и декларациях. - М., 1926. - С. 194-197.
8. Жуков А.И. Версальский договор. - М., 2001. - С. 56.
9. Ключников Ю.В., Сабанин А. Международная политика новейшего времени в договорах, нотах и декларациях. 4.2. - М., 1926. - С. 178; Көкебаева Г.К. Халықаралық кдтынастар тарихы: хрестоматия. -А., 1977. 13-14 бет.
10. Бұл мәселеш жан-жақгы талдау мьша еңбекте берілген- Рубешптейн Е Н Крушение Австро-Венгерской монархии. — М., 1963.
11. Лемин И.М. Внешняя политика Великобритания отВерсаль до Локарно. 1919-1925. - М., 1947. - С. 55-56.
12. Жуков Е.М. Дальний Восток после первой мировой войны и Вашингтонская конференция 1921-1922 годов. -М., 1961. - С. 10.; Солонцов З.В. Дипломатическая борьба США за господство на море и противоречия империалистических держав (1918-1945). -М., 1962. - С.8.; Попова Е.И. США. Борьба по вопросам внешней политики 1919-1922 гг. -М., 1966. -С. 16-17.
13. Толығырақ қараңыз: Попова Е.И. СПІА: Борьба по вопросам вневшей политики. 1919-1922- М., 1966. - С. 57-58; ЛСМЕН И.М. Указ. Соч.С.63-64
14. История международных отношений и внешней политики СССР - М., 1986 Т 1 - С 64
15. Бұл жобаның мазмұнын мына кітаптан табасыз: Ллойд Джордж. Правда о мирных договорах. - М., 1957. Т.1. - С. 68. 347-357.
16. Ллойд Джордж Д. Правда о мирных договорах.М., 1957. Т.І.С.348-349.
17. Л.Ждордж Д. Военные мемуары. - М., 1938. - С. 343-351.
18. Л.Джордж. Правда о мировых договорах. - М., 1957. Т.1. - С. 360.
19. Жоба мазмүнын толығырақ қараңыз: Көкебаева Т.К. Халықаралық қатынастар тарихы: хрестоматия. — А., 1997. 7-10 беггер.
20. Л.М. Морская политика и дипломатия политических держав. - М., 1964.С. 41
21. Иванов Архив полковника Хауза. Т.4. - М., 1944. - С. 128.
22. Архив полковника Хауза. Т.5. - С. 226
23. Л.Джордж. Правда о мирных договорах. Т.2. - М, 1957. - С.ЗО.
24. Международное рабочее движение. Вопросы истории и теории. - М., 1978. Т.З. - С. 516-517
25. Иванов Л.Н. Лига нации. -М., 1929 - С. 15-18.
26. Илюхина Р.М. Лига нации 1919-1934. - М, 1982. - С. 26-27
27. Л.Джордж Д. Правда о мирных договорах. Т.1. - С. 351.
28. Архив полковника Хауза. -М., 1944. Т.4. - С. 304-351.
29. Перри Г Лига наций. Ее слова и дела - М., 1923. - С. 16.
30. Бұл ұйымның құрамы, мақсатгары, бағдарламасы туралы мына еңбекген қараңыз: Попова Е.И. СІПА: Борьба по вопросам внешней политики.С.47-51.
31. История международных отношений и внешней политики СССР. - М., 1986. Т.1. - С. 57.
32. Илюхина Р.М. Лига нации. 1919-1934. - М, 1982. - С. 40.
33. Джордж. Правда о мировых договорах. - М., 1957. Т.1. - С.527.
34. Никольсон Г. Как делался в 1919 г. - М., 1945. - С. 48
35. Версальский мирный договор. Под ред. Ю.В.Ключникова и А.Сабанина. - М., 1925. - С. 3-7.; Көкебаева Г.К. Халық қатынастар тарихы: хрестоматия. І-бөлім. - А., 1997. 15-21 бб
36. Морозов Г.И. Лига нации: взгляд через полвека. - Вопросы истории, 1992, №2-3. - С.166.
37. Ходнев А.С. Лига наций в мировой политике. 1919-1946. - Ярославль, 1995. - С. 23.
38. Қараңыз: Попова Е.И. Борьба по вопросам внешней политик. - М., 1966. - С. 29-30; Индукаева Н.С. От войны к миру. Политика США в германском вопросе в 1918-1921 гг. - Томска, 1977. — С. 56-114; Джордан В.М. Великобритания, Франция и Германская проблема. 1918-1939 гт. Перевод с англ. - М., 1945. - С.ПІ-ХХІҮ; История дишіоматии. Т.З. - М., 1965. - С. 134-166; Европа с международных отношениях 1919-1939 гг. - М., 1979. - С. 36-68; Тарье Е.В. Сочинения. Т.5. - М., 1958. - С. 449-487
39. Тарье А. Мир.-М., 1943.- С.240-244. (Кейбір еңбектерде бұл төлем сомасы 800 млрд алтын мара депкөрсетілді. Қараңыз: История международных отношений и внешней политики СССР. -М., 1986. -С.74.).
40. Попова А.Е. США: Борьба по вопросам внешней политики. - М., 1966. - С.29-39.
41. Джордан В.М. Великобритания, Франция и Германская проблема в 1918-1939 гг. - М.,1945, - С.53-54
42. Фарбман Н.В. Германский империализм на пути к ревизии репароционных постановлений Версальского договора (1920-1922). В кн.: Ежегодник германской истории. 1972. - М., 1973. - С.198
43. Кейнстің есептеуінше, сошстағы жеңімпаз мемлекеттер шығарған нақты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Версаль шарты
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ПАРИЖДЕГІ БІТІМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ МЕН ОНЫҢ
НЕГІЗГІ
ЖҰМЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..8
1.1 Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы дипломатиялық күрес
және оның соғыстан кейінгі бітімге
ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Бітім шартының негізгі
жобалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.15
1.3 Ұлттар лигасының құрылуының өзекті
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2. ЕУРАПАДАҒЫ ҮШТІК ОДАҚ ЕЛДЕРІМЕН БІТІМ
ШАРТТАРЫН
ЖАСАУ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..31
2.1 Версаль бітім шарты - Еуропадағы бітім жүйесінің өзекті
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
2.1 Германияның одақтастарымен бітім шартын
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 42
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...51
КІРІСПЕ
1914 жылы 1-тамызда басталған бірінші дүниежүзілік соғыс төрт жыл үш
жарым айға созылды. Соғысқа 36 мемлекет қатысты, соғысушы елдердің 10
миллион адамы қаза тапты, 20 миллион адам мүгедек болып қалды 1. 1918
жылы 11-қарашада Компьен орманында Ретонд станциясында Германия мен Антанта
арасындағы уақытша бітім шартына қол Қойылды. Бұл бірінші дүниежүзілік
соғыстың аяқталғандығын білдірген ресми құжат болды. Енді жеңімпаз
мемлекеттер соғыстың қорытындыларын бекітуге, соғыстан кейінгі дүние
тәртібін белгілеуге тиісті болды. Осы мақсатпен 1919 жылы 18-қаңтарда
Парижде бітім конференциясы шақырылды. 18-қаңтар күні кездейсоқ таңцап
алынған жоқ. 1871 жылы тап осы 18-қаңтарда Фрайцияның астанасында отырып,
Бисмарк біртұтас Германия империясының құрылғанын жариялаған болатын.
Конферещия барысында жеңімпаз елдер жеңілген Германиямен, Австриямен,
Болгариямен, Венгрюшен2 және Түркиямен бітім шарттарын жасады. Осы бітім
шарттары тұтастай алғанда Версаль бітім жүйесін құрайды.
Версаль бітім жүйесі ірі мемлекеттер арасындағы бұрыннан келе жатқан
қайшылықтарды одан Әрі тереңдетті және жаңа қайшылықтар туғызды. Екі
дүниежүзілік соғыс аралығындағы халықаралық жағдайдың даму барысы осы
қайшылықтардың дамуымен анықталады. Сондықтан Версаль бітім жүйесін
неғұрлым кең талдап зерттеу XX ғасырдың бірінші жартысында адамзат
дүниесінің екі рет соғыс апатына ұшырау себептерін соғұрлым тереңірек
түсінуге мүмкіншілік береді.
Екінші дүниежүзілік соғысты тудырған жағдайлардың бастамасы сол Париж
бітім конферешщясында-ақ жасалған болатын. Жеңілген Германияға Өте ауыр
талаптар қою, Европаның саяси картасын қайтадан кесіп-пішу алдағы уақытта
дау-дамай туғызбауы мүмкін емес еді. Париж бітім конференциясының барысында
дау-тартыс көп болды, ал жеңімпаз мемлекеттердің осындай өзара
қайшылықтарына орай бүкіл Версаль бітім жүйесі ішкі қайшьшықтарға толы
тұрақсыз сипатта болды. Сондықтан да Версаль бітім жүйесі жасалғаннан
кейінгі бейбіт өмір ұзаққа созылған жоқ. Демек, Версаль бітім жүйесінің
ішкі қайшылықтарын зерттеп-талдау екі дүниежүзілік соғыстар аралығындағы
халықаралық қатынастардың даму бағдарын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.
Міне, диплом жұмысы осындай гылыми маңызы бар бір тақырыпқа арналып отыр.
Версаль бітім жүйесі әжептеуір мәселелердің қатарына жатады.
Е.И.Попованың 1966 жылы жарық көрген еңбегі Герман мәселесіне байланысты
АҚШ-тың ұстанған бағытын зерттеуге арналған. Ұлттар лигасын құру туралы
идеяның пайда болуы Версаль шартының жасалу жағдайы, конференция
барысындағы одақтас мемлекеттердің арасындағы дау-тартысқа көп көңіл
бөлінген. Еңбек Версаль системасында американ жоспарының орындалмауының
себебін, АҚШ пен басқа елдердің арасындағы келіспеушілік және американдық
окдіаулану саясатын зерттеуге арналған. Евгений Викторович Тарле шығармасын
бірінші дүниежүзілік соғыстың шығуы, мақсаты, барысы, қорытындысы, соғыстан
кейінгі дүниені қалпына келтіру мәселесіне арналған. Дүниежүзілік соғыстың
шығуы туралы көптеген естеліктер, құжаттық материалдар Тарленің еңбегінде
көптеп пайдаланылады. Тарле еңбегінде соғысқа дейінгі он жыл ішіндегі
империалистік елдер үкіметінің саясаты мен дипломатиясына көп көңіл бөлген.
Тарле Германия билеушілерін қатты сынайды. Ол Антанта үкіметтерін де
соғыстың шығуына себепші деп жазады, бірақ негізгі кінәні неміс өкіметіне
аударады. Тарленің тарихи еңбегінің әлсіздігі мен бір жақтьшығы осыған
байланыстырылады, ал еңбектің күштілігі - кайзерлік Германияның қылмысын
аяусыз әшкерелеуінде болып табылады.
Австрия тарихшысы Карл-Фридрих Новак өзінің Версаль деген еңбегінде
Версаль бітім жүйесін дайындауда негізгі роль атқарған мемлекеттік
қайраткерлер - Вильсон, Клемансо, Ллойд Джорж, Орландо, Граф Брокдорф-
Ранцауға саяси сипаттама мен мінездеме береді. Еңбекте конференцияға
қатысушылардың жеке бір-біріне қарым-қатынастарын өте айқын суреттейді.
Бұның өзі Версаль бітім жүйесіндегі біраз шешімдерді тереңірек түсінуге
мүмкіндік береді. Новактың зерітеу әдісі - аналитикалық емес, нақты
сипаттау. Соған қарамастан Новактың еңбегі Версаль мәселесіндегі құнды
еңбектердің бірі болып табылады.
А.С.Индукаеваның монографиясында АҚШ-тың бітім шарттарын жасау
қарсаңындағы Германияға Қарым-қатынасын зерттеуге арналған. Бұл еңбектің
басқа еңбектерден айырмашылығы - автор непзгі көңілді екі елдің билеуші
топтарының Кеңестік Россияға және Европадағы революциялық қозғалысқа қарсы
қимылын емес, американ-герман қарама-қайшылығын зерттеуге арнаған.
Лев Николаевич Ивановтың еңбегі негізінен жеңімпаз елдердің өз
ішіндегі, әсіресе ағылшын-американ, ағылшын-француз қарама-қайшылығын
зерттеуге арналады. Иванов бұл еңбегінде ағылшын-американ теңіз үстемдігі
бірлестігіне көп көңіл бөледі. Одақтастардың опарациялар, отар,
карусыздандыру, одакаралық соғыс қарыздары мәселесіндегі қайшылықтарын
тереңірек ашуға тырысады.
И.И.Леминнің еңбегі 1919-1925 жылдардағы ағылшын дипломатиясының қыр-
сырын ашуға арналған. Британ дипломатиясының дүниежүзіндегі финанстық
үстемдігіне негізделгендігін, сонымен қатар соғыс күшіне әсіресе британ
флотының үстемдігіне негізделгендігін ашуға тырысқан.
Р.М.Илюхинаның монографиясы ұлттар лигасының – дүниежүзіндегі ең
бірінші халықаралық ұйымның құрылуы мен қызметіне арналады.
В.И.Джорданның еңбегі Герман мәселесіне байланысты Англия мен
Францияның көзқарастарын зерттеуге арналған. Кітаптың алғашқы үш тарауы
Версаль шартына дейінгі ағылшын-француз қатынасына талдау жасайды, ал
қалған 12 тарауы Версаль шартының күніне енгеннен кейінгі 30 жылды қамтиды.
Бұл тараулар репарация, Германияны қарусыздандыру, территория және тағы
басқа мәселелерге арналады. Джорданның еңбегінің құндылығы оның зерттеуінің
құжаттық мәліметтерге және деректерге негізделуінде. Джордан деректерге
талдау жасай келіп, негізінен дұрыс қорытындыға келді. Джордан репарация
мәселесіне байланысты Англия мен Франция арасындағы қарама-қайшылықтың
негізін дұрыс ашып берді. Автор әр мемлекеттің ұстанған бағытын жеке
адамдардың пікірлерін келтіру арқылы ашуға тырысады. Мысалы, Англияның
мақсатын түсіндіруде Англияның бұрынғы финанс министрі Мак-Кеиннің
Европаның экономикасын кдлпына келтіру - біздің ең негізгі міндетіміз
болуы керек. Егер де біз бұны істемесек, онда біздің сыртқы саудамыз
құлдырап жойылады - деген сөзін берген. Францияның мақсатын Пуанкаренің
Германияның экономикасының өркендеп, нығаюы Франция үшін қауіптілігін
біліп, Германияның экономикасыңың қалпына келуін баяулатуға ұмтылуы
мысалында көрсетеді. Джорданның еңбегінің құндылығы да осында. Зерттеліп
отырған мәселе туралы пікірлерді сол кезеңцегі сыртқы саясат пен
халықаралық жағдайды талдауға арналған жалпылама еңбектерден де табуға
болады. Атап айтқанда: История дипломатии, История международных
отношений и внешней политики СССР, Европа в международных отношениях 1917-
1939, Всемирная история, Вопросы рабочего движения в Германии в
новейшее время, Международное рабочее движение. Вопросы истории и теории
және т.б. еңбектерде Версаль бітім жүйесі туралы мәліметтер келтірілген.
Версаль бітім жүйесін талдап оқуда пайдаланылатын деректерді үш топқа
бөлуге болады:
1.Версаль, Сен-Жермен, Трианон, Нейи, Севр бітім шарттарының
мәтіндері.
2.Бірінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында және соғыс кезінде
одақтастар арасында жасалған құпия келісімдер.
3.Париж бітім конференциясына қатысқан мемлекеттік қайраткерлердің
естеліктері.
Бірінші және екінші топқа жататын деректерді осы шарттар мәтіндерінің
жеке басылымдарынан немесе құжаттар мен материалдар жинақтарынан алуға
болады 3.
Үшінші топка жататын деректерден орыс тіліне аударылғандары
–А.Тардъенің, Г.Никольсонның, Э.Хауздың, Л.Альдрованди-Морескоттидің,
Л.Джордждың, Р.С.Беккердің 4 еңбектері. А.Тардье – Париж
конференциясындағы француз делегациясының мүшесі, Клемансоның өте жақын
кеңесшісі, Р.Никольсон - Парріж конференциясындағы ағылшын делегациясының
хатшысы; Э.Хауз — Париждегі Жоғарғы әскери Кеңестегі американ өкілі (1914-
1919 жылдары Вильсонның тікелей өз өкілі болған адам); Л.Альдрованди-
Марескотти Париж конференциясындагы итальян делегациясының бас хатшысы;
Р.С.Беккер - Париж конференциясындағы американдық баспасөз комитетінің
төрағасы. Бұл еңбектерде әрбір автордың Өзіндік субъективтік пікірлері
берілетін ұмытпауымыз керек. Атап айтқанда, Л.Джордждың естеліктері басылып
шыққан кезде жоғарыда аталған қайраткерлердің барлығының дерлік еңбектері
жарық көрген болатын. Сондықтан Л.Джордж осы еңбектерді кеңінен
пайдалануға, кейбір авторлармен ашық немесе емеурін түрінде айтыс жүргізуге
мүмкіндік алды. Әсіресе, Л.Джордждың жан-жақты оқып пайдаланғаны
А.Тардьенің естеліктері. Сондықтан өз естеліктерінде Л.Джордж
конференциясындағы француздардың принциптерін сынағанда үнемі А.Тардьенің
кітабымен дауласып отырады. Англияның ұстанған эгоистік мақсатын бүркемелеу
Л.Джордждың негізгі мақсаты болды. Рэй Стеннард Беккердің мемуары орыс
тіліне 1923 жылы аударылған. Беккер өзінің мемуарында Вильсонның
документтерін хаттарын көптеп пайдаланған. Беккер Париж конференциясын 1814-
1815 жылғы өткен Вена конгресімен салыстыра отырып, Вена конгресіне
қарағанда Париж конференциясы шиеленіскен жағдайда өтті дейді. Ол: Париж
конференциясының жұмысы әрбір мәселені талқылағанда шығыстан дүние жүзін
құртып жіберетіндей елес туып отырды. Венада Россия елесі болған жоқ.
Парижге қауіп төндіріп тұрғандай Вена революциядан корыққан жоқ5 - деп
жазады.
Тардье өзінің кітабында Париж конференциясындағы француз
империализмінің сыртқы саясатын бүркемелеуге тырысса, итальян елегациясының
бас секретары Альдрованди-Марескотти Өзінің 1934 ылы жарыққа шықкдн
кітабында Одақтастардың Италияны кдлай әбірлегенін жазады. Альдрованди-
Марескоттидің кітабы күнделік ретінде азылған.
Париж конференциясында ағылшын делегациясының мүшесі ретінде атысқан
Никольсонның күнделігі конференция барысында жазылған. Бұл күнделік
Никольсонның Как делался мир в 1919 г.- деген кітабының 2-тарауында Как
это казалось тогда деген атпен кіргізілген. Бұл күнделік өткеннен кейін 14
жылдан соң жарияланған. Осы жағдайларға орай бұл еңбектерге сын көзімен
қарап, бір-бірімен салыстыра отырып, пайдалану қажет.
Диплом жұмысы екі тараудан, кіріспеден және қорытындыдан тұрады.
Бірінші тарау екі параграфқа, екінші тарау екі параграфқа бөлінген.
Жұмыстың соңында деректер мен зерттеулердің библиографиясы берілген.

НЕГІЗГІ ЖҰМЫСЫ
1.1 Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы дипломатиялық күрес және
оның соғыстан кейінгі бітімге ықпалы
1914 ж. көктеміне қарай еуропалық мемлекеттер арасындағы қарама-
қайшылықтар өте-мөте шиеленісе түсті. Қалыптасып жатқан жағдайдың
күрделілігі белгілі бір дәрежеде тек қалыптасқан екі әскерии-саяси топ -
Үштік одақ пен Үштік келісім арасында ғана емес, сонымен бірге әр топтың өз
ішіндегі қайшылықтардың өсуімен анықталды.
Үштік одақтан бойын аулақ салған Италия осы одақтың ыдырауын күшейтуге
тырысты. Сондықтан Германияның әскери және саяси басқарушы топтары
өздерінің Австрия-Венгриядағы ықпалының күшеюіне мүдделі болды. Бұл жамау
империяны мекендеген халықтардың ұлттық қозғалыстарының өсуінен туындаған
терең дағдарыстың алдында тұрды және оның басқарушы топтары империяның
ыдырауының алдын алудың бір ғана жолы бар - қаруланудың өсуі және Сербияға,
ал қажет болған жағдайда Ресейге қарсы первентивті соғыс деген қорытындыға
келді.
Бұл агрессиялық бағытты іске асырудағы басты шарт Германия тарапынан
толық қолдау көрсетіледі деген сенім болды. Германияның билеуші топтары
бұған дайын болды. Германия австро-серб соғысын қалады, оның пайда болуына
көмектесті және өз одақтасына болысып бақты. Олардың саяси және
стратегиялық мүдделер қажеттілігінен туындаған есебі бойынша, Австрия-
Венгриядағы ұлттық дағдарыстың одан әрі тереңцеуі бұл одақтасын тек
әлсіретіп қана қоймай, қатардан мүлде шығарып тастау қаупінен сақтанды. Бұл
халықаралық аренадағы Германияның толық оқшаулануына әкелетін еді. Оның
үстіне 1914 ж. қарай жаңа әскери бағдарламаның орындалуы сәтті аяқталды
және бұл герман командованиесіне стратегиялық артықшылықтар берді 3.
Әрине теңіз қаруларының деңгейі әлі де болса көңілден шыға қоймады'
дегенмен де Англиямен жүргізілген келіссөздер оның белгілі бір кезеңде
бейтараптық ұстанымда болатынына негіздеме берді Англиядағы саяси дағдарыс
және оның Ресеймен Ирандағы бақталастығы бұл негіздемені бекіте түсті.
Германияның басқарушы топтары үшін Австрия-Венгрияның әскери
дайындығын күшейту мәселесі ерекше маңызға ие болды. 1914 ж. басына қарай
бұл топтар герман әскері, өзінің құрлықтағы бақталастарымен салыстырғанда,
бірқатар әскери-техникалық артықшылықтарға ие жене Балқандағы әскери іс-
қимыл арқылы әлемдік үстемдікке жету жолында үлкен секіріс жасауға жалпы
халықаралық-саяси жағдай ыңғайлы деген шешімге келеді.
Әскери қақтығыс үшін жалпы және жергілікті қарама-қайшылықтар
жеткілікті болды. Көп үзамай бірінші дүниежүзілік соғыс ошағының бастауына
айналған австро-серб қақтығысына себепкер болған оқиға болады. Австриялық
эрцгерцог Фердинандтың Сараеводағы өлімінен кейін еуропалық державалардың
қарулы қақтығысы басталады.
Герман дипломатиясы Балқанда қалыптасқан жағдайды пайдалану үшін
қолынан келген айла-амалды қарастырып бақты. Бұл жағдайда кайзер өзінің
австриялық одақтасына Сербияға ойсырата соққы бере отырып, оңтүстік
славяндардың бірігуін болдырмау және Балқанда өзінің толық ықпалын
орнықтыру арқылы осы туындаған жағдайды пайдаланып қалуға кеңес беруді жөн
деп тапты. Бұл соққы герман үкіметі алдына Гамбургтан Парсы шығанағына
дейінгі кең территориялық кешенді қамтушы экономикалық және саяси ықпалдың
шексіз күшею, сонымен бірге Балқан түбегіндегі және Кіші Азиядағы француз
капиталынын саяси ықпалын ығыстыру перспективаларын ашты.
Германияның басқарушы топтары өздерінің басты міндеті ретінде көп
ұлтты Габсбург империясының, сонымен бірге австро-герман одағының қүлауына
жол бермеу деп білді. Бұл кездері герман дипломатиясы әлі де болса соғыс
болған жағдайда, Италияның одақтық міндеткерлігін лоялды орындауына қол
жеткіземіз деп санады. Алайда 1914 ж. шілденің ортасында Италия өзінің
лоялдығы үшін ірі компенсация талап ететіндігі жөнінде қорытындыға келеді.
Егер Франция мен Ресей шілде дағдарысы басталғаннан-ақ Англияның
қолдауына ие болуға тырысса, Германия мен Австрия-Венгрия Англия тарапынан
бейтараптық саясат уөдесіне қол жеткізуге ұмтылды. Герман дипломатиясының
Англиямен жасас-қан саудасы оған жетістік өкелмеді. Ұлыбритания Германиямен
бақталастық күрес жолына түсті. Дағдарыс барысында Берлиннің саяси
топтарында алғаш рет күмәндану болды. Ал Балқанда болса, соғыс оты түтанып
кетгі. Еуропаның барлық елдерінде әскери дайындық жүргізілуде. Әрбір
еуропалық мемлекет уақыт үту, соғыс жауапкершілігін өзінің қарсыласына
аудара салу үшін өз дайындығын жасыруға тырысты6.
1914 ж. 20 маусымында Германияның келісімімен Австрия-Венгрия
Сербияға қарсы соғыс бастайды. Орыс үкіметі мобилизациямен жауап берді,
Германия тоқтатуын талап етеді, бірақ Ресей ол ультиматумды кері қайтарады.
Сонымен, 1 тамызда Германия Ресеймен соғысқа кіріседі. Германияда
мобилизация бүрыннан және өге мүқият дайындалған болатын. Германияның Бас
штабы Шлиффен жоспарын тезірек жүзеге асыру мақсатында Францияға
кешіктірмей бірден соғыс жариялауды талап етті. Мольт толықтырған
Шлиффеннің жоспарын іске асырған герман әскері Бельгия жеріне кіреді
және 3 тамызда Германия Францияға соғыс жариялайды. Дәл осы
уақытта ағылшын үкіметі де Германияға ультиматумдық нотаны бағыттайды,
бірақ ол қабылданбады.
Соғысқа Еуропапық мемлекеттердің отарлары да тартылды. Сонымен
соғыс дүниежүзілік сипат алды. Әлем ащы шындықтың алдында тұрды - бірінші
дүниежүзілік соғыс басталды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың себебі еуропалық держава-ларлардың
мүдделерінің қақтығысуы болды. Бірақ әрбір ірі держа-валардың билеуші
топтары өз отарларын кеңейту мүмкіндіктерін мүқият ұстанды, сондықтан
қақтығыстың ошағы Еуропа болды.
Тамыз айының соңына қарай соғыстың аумағы үлғая түсті. Жапония
Германияға соғыс жариялады. Оның мақсатына Қиыр Шығыс пен Тынық мұхитында
орналасқан Германияның отарларын басып алу кірді.
1915 ж. қаңтар айында Жапония Қытай үкіметіне жиырма бір талабын
жариялады. Онда Қытай тарапынан Жапонияға ерекше экономикалық және саяси
артықшылықтар берілу керектігі айтылды. Бұл талаптар бойынша, Қытайдағы
немістердің көмір концессиясының Жапонияға өтуі; жапон саудасы үшін қосымша
пунктар мен портгар ашу; Квантун облысының жалға алған мерзімін ұзарту;
Қытай үкіметі жанында жапондық саяси, қаржы экономикалық және әскери
кеңесшілер тағайындау керек. Қытай үкіметі болса жапондықтардың тарапынан
тенген қоқанлоққыдан қорықты әрі АҚШ пен Англияның берген кеңесі бойынша
бұл талапты аз ғана өзгерістермен орындауға мәжбүр болды.
Қыркүйек айының басында Германияның стратегиялық, яғни одақтастарды
біртіндеп талқандау туралы жоспары айқындапды. Бұл ағылшын-француз-орыс
келіссөздерінің барысын тездетті. Нәтижесінде 1914 ж. Германия және оның
одақтастарымен оңаша бітімге келіспеу туралы Лондон декларациясына қол
қойылды5.
Швейцария, Испания, Голландия, Дания, Швеция және Норвегия сияқты
бейтараптық танытқан мемлекеттер соғысушы мемлекеттердің бақталастығының
алаңына айналды.
Соғыс басталған бетте АҚШ-тың президенті В.Вильсон соғысып жатқандарға
шиеленісті реттеу үшін өзінің делдал болғысы келетінін ұсынды. Бірақ оның
делдалдығы ешкімге қажет бол-мады, себебі соғысушы екі жақ та өздерінің
жеңетініне сенімді еді.
Германияның күштеуімен Осман империясы Антанта елдеріне қарсы соғысқа
қатысты. Сондықтан Ресей Закавказьеде майдан құруға мәжбүр болды. Антанта
жағында Осман империясына қарсы Египет соғысқа кірді.
1914 ж. қараша айында Германия Франциямен бейбіт бітімге келуге
талпыныс жасады, бірақ Франция мүндай келіссөздің жүруі мүмкін емес деп
тойтарыс жасады. Француз бейбіт бағдарламасы төмендегідей міндетгерді
кіргізді: Эльзас пен Лотарингияны қайтарып алу; африкалық отарларға ие
болу; германдық мызғымастықты күйрету; Англияға Ганновер корольдіктерін
қосу; Англия-ның отарларға ие болуы; Данияға Шлезвиг пен Голынтейннің
қайтарылуы; бұғаздар мәселесіне байланысты Ресейді қолдау; Австрия-
Венгрияны бөлу; Польшаны Ресейге қосу; мықты Сербия мемлекетін құру.
Францияның көрнекті мемлекет қайраткерлерімен байланысты іздеуге
бағытталған германдық дипломатияның интенсивті іс-әрекеті нәтижесіз болды.
Белгілісі, Германия өз бағдарламасына Бельгияны вассалды мемлекеттерге
транформациялауды, Льеж, Варвь, Антверпенді аннексиялауды енгізген еді. Сол
сияқты Германия бельгиялық Конгоны өзіне қосып алғысы келген. Бірақ
соғыстың бір жағына шығу қажеттігі туындағаннан кейін Германия Бельгиядағы
жағдайды барлай бастады. Бельгиямен оңаша бітім жасау жолындағы ізденістер
нәтижесіз аяқталды.
ж. қараша айында Лондондағы орыс елшісі өз үкіметіне британдық сыртқы істер
министрі Э.Грейдің өтінішін тапсырды.
Онда Германия талқандалған жағдайда Константинополь мен бұғаздардың
тағдыры Ресейдің мүддесіне қарай шешілу керек делінген. Ағылшындардың
мұндай пікірін Франция қолдады. Нәтижесінде бұғаздарға байланысты
құпия ағылшын-француз-орыс келіссөзіне қол қойылды. Онда
Константинополь мен бұғаздарды Ресей империясының құрамына
қосу керектігі қарастырылған. Бұл Антанта елдерінің Түркияны бөліске
салу туралы жасаған бірінші құпия келіссөзі болатын.
ж. дипломатиялық күрес Италия төңірегінде шиеленісті. Бірінші дүниежүзілік
соғыс басталған кезде Италия өзінің бейтараптығын танытқан декларацияны
жариялаған еді. Себебі, елдің соғысқа қарсы жағдайы, әрі ағылшын-француз
флоты үшін елдің территориясының өте осал тұстары ескерілді.
Соған қарамастан, итальяндық дипломатия Антанта елдерімен құпия
келіссөз жүргізе бастады, яғни Италияның соғысқа кірген
жағдайда олардың жағында болатындығы және ол үшін
территориялық компенсацияға айырбас жасалынатыны белгілі
болды. Өз кезегінде Италия австро-германдық блокпен де қатар
келіссөз жүргізді. Содан кейін Англия және Франция, сонымен бірге олардың
күштеуімен Ресей итальяндықтардың талабын қанағаттандырған
Лондон келіссөзіне 1915 ж. қол қойды. Бұл келіссөз Италияның Антанта
жағында соғысқа кіретінін, қай елдермен әскери және теңіз
конвенциясын жасайтыны туралы шартты анықтады. Италияға
компенсация ретінде бірқатар
территориялар: Трентино, Тироль де Бреннера, Горица, Градиск, Триест және
Истрия аралы түтасымен, Далмация, Валона, Додеканесс аралдары
беріледі деген уәде айтты. Черногория, Сербия және Греция
арасында Албанияны бөліске салу жоспарланды. 1915 ж. мамыр айында
Италия Австрия-Венгрияға, ал келесі жылы Германияға соғыс жариялады.
Австро-германдық блоктың жетекшілері Болгарияның Германия және Осман
империясымен келісуіне қол жеткізді. Ол үшін оған Сербияның, Грецияның,
Румынияның, Түркияның біраз территориясын береміз деп уәде етті. Осылайша,
Төрттік Одақ, яғни құрамына Германия, Австрия-Венгрия, Осман империясы және
Болгария кірген әскерии блок пайда болды7.
Ресейдің одақтастарына деген тәуелділігі 1915 ж. Румынияны сотысқа
тартқан уақытта айқын кәрінді. Бірақ Румыния сияқты Ресейге, Бессарабияға
деген қызығушылығын жасырған жоқ. Сонда Англия мен Франция Ресейді қыспаққа
алғысы келді. 1915 ж. қыркүйек айында орыс үкіметі Бессарабияның жартысын
Румынияға беру керектігі туралы Франциядан хабар алды. Одақтастар
Константинополь мен бұғаздар мәселесін қайтадан қарастырамыз деп қорқытты.
Германия Ресейдегі үкімет басшыларымен байланысудың барлық
мүмкіншіліктерін іздестірді. 1915 ж. ақпан айында Скандинавия елдері арқылы
Ресейге ықпал етудің мүмкіндігі туды. Осы жылдың желтоқсан айында Германия
мен Түркия бір мезгілде Ресейді оңаша бітімге қол қоюға көндіруге талпыныс
жасады. Ресей Түркиямен келіссөз жүргізуден бас тартты, себебі Францияның
тарапынан қарсылық туындады.
Орыс үкіметінің пікірі бойынша, болашақ әлемнің жобасы мынадай
болды: Германияның мызғымастығын талқандау; ұлттық қағиданың негізінде
территориялық өзгерістерге қол жеткізу; Ресейге Неманның төменгі ағысын
және Шығыс Галлицияны, Польшаға шьгғыс Познань, Силезия және Батыс
Галлицияны қосу; Францияға Эльзас пен Лотарингияны және оның арастыруын
бойынша пруссиялық Рейн провинциясының бір бөлігін қайтару; Бельгияның
территориясын біршама ұлғайту; Данияға Шлезвиг пен Голынтейнді қайтару;
Ганновер корольдігін қалпына келтіру; Австрия-Венгрияны Венгрияға,
Австрияға және Чехияға бөлу; Сербияға Боснияны, Герцоговинаны, Дальмацияны
және Албанияның солтүстік бәлігін қосу; Англияға, Францияға, Жапонияға
германдық отарларды беру; Германия мен Австрия-Венгриядан контрибуция талап
ету; бұғаздар Ресейге қарау керек, ал Константинополь ерікті қала болу
керек. Осылайша, Ресей өзінің басқыншылық мақсатын алға тартты, ал ол ушін
одақтастардың оны қолдауы қажет. Міне, сондықтан орыс үкіметі өзінің
жоспарына одақтастарына да тиімді болашақ құрылыстың пунктарын ұсынды және
оның орындалуы үшін күресетіндігіне уәде берді.
Осылайша, бірінші дүниежүзілік соғыстың бірінші кезеңі коалицияны бұзу
мақсатында жауласқан елдердің бірімен оңаша келіссөздер жүргізуге ұмтылған
германдық дипломатияның белсенділігімен сипатталды.
Антанта елдерінің қатты күштеуімен Греция өз елінің территориясында
Балқандағы Салоники майданына Төрттік одаққа бағытталған күш — ағылшын-
француз және серб әскерлерін түсіруге келісімін берді.
1915 ж. ағылшын-француз-орыс құпия келіссөзі қарсаңында Ангия мен
Франция Ресейден араб елдерінен бас тартуды талап етті, оның орнына Ресей
үкіметінің Константинополь мен бұғаздарға деген талабын мойындады. Осы
келіссөздердің барысында араб елдерін бөлісу мәселесіне байланысты Англия
мен Францияның арасында қатты түсінбеушілік туындады. Осы түсінбеушілікті
реттеуге арналған 1915 ж.басталған Лондондағы келіссөздер 1916 ж. Сайкс-
Пико келісіміне қол қоюмен аяқталды. Бұл ымыраға келген келісім бойынша,
араб елдері бес аймаққа бөлінді: Францияға карайтын көк аймаққа Батыс Сирия
мен Ливан; Англияға - қызыл аймаққа кіретін Ирактың оңтүстік бөлігі және
бірқатар Палестиналық айлақтар; халықаралық аймаққа - қоңыр аймаққа енген
Палестина; Францияның ықпал аймағына А аумағын құрайтын Шығыс Сирия мен
Мосул виллайеті; Англияның ықпал аймағына Б аумағын құрайтын
Трансиордания мен Орталық Ирак кірді. Сайкс-Пико келіссөзі тек қана араб
елдеріне ғана емес, одақтастарына да құпия, өте сақтық жағдайда жасалды3.
Соғысушы елдер үшін бейбітшілік мәселесі 1916 ж. туды. Германияның Бас
штабының басшысы Фолькенгайн өз үкіметіне Антанта елдерімен ымыраға келу
үшін билік тізгінін Германия алу керектігі жайлы ұсыныс жасады. Бұл ұсыныс
германдық император ІІ Вильгельм тарапынан қолдау тапты. Соғыс барысында
пайда болатын адам және материалдық шығындардың орны, ешқандай жеңіс пен
бітімге келудің мүмкіншіліктерінің болмайтыны оған түсінікті болды.
Сондықтан Антанта елдері германдық бейбіт барлаудың нысанына айналды.
Орыс-германдық ымыраға келудін мүмкіншілігінің қолайлы сәті келді.
1916 ж. аяғына карай орыс патшасы соғыстан шығудың жоспарын құптады. Бұл
жөнінде орыс-герман құпия байланыстары туралы әдебиеттерде аз кездеспейді.
Осындай кездесулерге германдық одақтастардың - Австрия-Венгрия және
Болгарияның құпия эмиссарлары қатысқан.
Ресейде басталған революциялық оқиға соғыстың барысын елеулі түрде
өзгертті. 1917 ж. 6 сәуірде АҚШ және онымен бірге Латын Америкасының 14
мемлекеті Германияға соғыс жариялады.
Кеңестік Ресей 1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін Германиямен және оның
одақтастарымен келіссөздер жүргізе бастады. Антанта елдері бейбіт
келіссөзді болдырмау мақсатында соғыстың аяқталғаны жөнінде өз жоспарларын
жасады. АҚШ президенті В.Вильсонның бағдарламасы өзіндік мәнге ие болды. Ол
1918 ж. 8 қаңтарда 14 тараудан тұратын бітімнің шарттарын және соғыстан
кейінгі бейбіт құрылыстың қағидаларын конгреске жолдады. Президенттің осы
ұсынысы тарихқа 14 пункт деген атпен енді. В.Вильсонның бағдарламасының
негізіне мәні әлемді демократиялық тұрғыдан қайта құрудан құралған бейбіт
келісімдер енді. 14 пункт мынадай қағидаларды ұсынды:
1) келісімдер мен келісімшарттардың ашық болуы, барлық құпия
келісімдер мен келісімшарттарды мойындамау;
теңіздердің еркіндігі;
сауданың еркіндігі, яғни кедендік кедергілерді жою;
қару-жарақты қысқарту туралы кепілдік беру;
отарлау мәселелерін алаламай әділ түрде реттеу;
Германияның Ресейдің жаулап алған территорияларын азат ету, Ресейге өзінің
ұлттық саясатын анықтауға мүмкіндік беру және ерікті ұлттардың
қауымдастығына ену;
Бельгияны босату және оны қалпына келтіру;
Францияға Эльзас пен Лотарингияны қосқандағы Германияның жаулап алған
территорияларын қайтару;
Италияның шекарасын жөндеу;
10) Австрия-Венгрия халықтарына автономия беру;
11) Германияның Румыния, Сербия және Черногорияның жаулап алған
территорияларын қайтару; Сербияның теңізге шығуына мүмкіндік жасау;
түріктердің және Осман империясы құрамындағы ұлттық автономиялардың өз
бетінше өмір сүруіне жағдай жасау, әрі Қара теңіздегі бұғаздардың ашықтығын
мойындау;
тәуелсіз Польшаны құру;
14) халықтардың жалпыға ортақ ұйымын құру, яғни халықаралық
ұйым - Ұлттар лигасын құру8.
Германия алғашқыда Кеңестік Ресеймен Брест-Литовскіде өткен бейбіт
келісімдерге қарсылық танытқан жоқ. Ол әскери болжамдарына сай, Ресеймен
тез арада бейбіт бітімге келуді мақсат етті және Батыс майданда қарымтасын
қайтаруға ұмтылды. Сонымен бірге Германия шикізат көздерін кеңейтудің жолын
іздестірді. Брест-Литовскідегі келіссөздер Ресей үшін тиімсіз жағдайда
жүрді: герман әскерлері қаланың түбінде тұрды. 1918 ж. 3 наурызында, бір
жағынан, Кеңестік Ресейдің, екінші жағынан, Төрттік Одақ елдерінің
(Германия, Австрия-Венгрия, Болгария және Түркия) өкілдері Брест-Литовск
(Брест) келісімшартына қол қойды. Шарт 14 баптан, 2 қорытынды хаттамадан
және 4 - орыс-герман, орыс-австро-венгр, орыс-болгар, орыс-түрік қосымша
келіссөздерінен тұрды.
Келісімшартқа сәйкес, Ресей бірқатар территорияларынан айрылды:
Польша, Литва, Белоруссияның біраз бөлігі және Лифляндия (қазіргі Латвия)
Ресейден бөлінді. Сонымен қатар Ресейге бір мезгілде ол территориялардан
әскерін шығару керек болды. Германия өзіне Рига шығанағының көп бөлігін,
Моонзунд аралдарын сақтап қала алды. Ардаган округы, Карс және Батум
Түркияға қайтарылды. Сонымен бірге Ресейдің әскер мен флотты толықтай
демобилизациялауы қажет болды. Келісімшарт күшіне енгеннен кейін Кеңестік
Ресей мен Германияның және Төрттік одақтың басқа да мемлекеттері арасында
дипломатиялық және консулдық қатынастарды қайтадан қалпына келтіру
қарастырылды. Келісімшарттың арнайы ұсыныстары бойынша, Ресей тарапының
Германияға бірқатар сауда-экономикалық жеңілдіктер мен артықшылықтарды
қарастыруы анықталды.
Бұл бітім Ресей үшін тонаумен бірдей еді, соған қарамастан, 1918 ж. 15
наурызында Кеңестердің Бүкілресейлік IV съезінде күшіне енді. Бірақ
Германиядағы қараша төңкерісінің алғашқы күндерінде Ресей Брест бітімінің
күшін жойды.
Осылайша, көптеген қиындықтарға жол бере отырып, кеңес үкіметі Төрттік
одақ елдерімен шарт жасасты.
1.2 Бітім шартының негізгі жобалары
Германия үкіметі Брест шартына қол қойғаннан кейін армиясының бір
бұлігін шығыс майданнан батыс майданға әкетіп, одақтастар армиясына бірнеше
соққы беріп, соғысты жеңіспен аяқтаймыз деп жоспарлады. Бұл жоспарлар
ішінара ғана орындалды. Батыс майданда иеміс әскерлері бірқатар табысты
операциялар жасады. 1918 жылдың наурыз-шілде айларында Амень, Булонь, Париж
бағытында шабуылдар жасады. Мамырда неміс әскерлері Франция астанасынан 70
шақырым жерде тұрды. Бірақ бұл жеңістер негізгі стратегиялық міндетті -
Антанта елдері мен АҚШ-ты жеңу міндетін шешпеді. Герман армиясы көп шығынға
ұшырады. Ал Антанта елдері болса АҚШ-тан тың күш алып, армиясын толықтырып
отырды.
18-шілдеде одақтастар армиясы шабуылға шықты. 8-тамызда Амень түбінде
неміс қорғанысы бұзылды. Бұл күн тарихта герман армиясының қаралы күні
деген атпен қалды. Бір айдың ішінде неміс армиясы наурыз-шілде айларында
басып алған территорияларын тастап шығуға мәжбүр болды. Қыркүйектің аяғында
одақтастар әскері барлық майданда шабуылга шығып, екі айдың ішінде Бельгия
мен Францияның бірқатар территорияларын тазартты.
Соғыста жеңілу Германияның ішіндегі саяси жағдайды шиеленістіріп
жіберді. Өнеркәсіп өнімі күрт азайды, алыпсатарлық күшейді, армиядағы
тәртіп өте төмендеп кетті. Соғысты тоқтатуды талап еткен жұмысшылардың
ереуілдері көбейді.
Император мен жоғарғы Әскери басшылар соғысты одан әрі жалғастыра
беруді ойлады. Ал - либерал буржуазия өкілдері ағылшын-француз билеуші
топтарымен келісімге келу жолдарын іздеді.
Осыны іске асыру үшін қазанның алғашқы күндерінде Гертлинг укіметін
принц Макс Баденскийдің кабинетімен ауыстырды.
5-қазанда жаңа канцлер Швейцария үкіметі арқылы АҚШ-тың президенті
В.Вильсонға телеграмма жолдады. Телеграммада Герман канцлері Вильсоннан
барлық соғысты тез арада соғысты тоқтатып, Вильсонның 1918 жылы 8
қаңтардағы 14 пунктін басшылыққа ала отырып, бейбіт келіссөз жасауды
ұсынуды Өтінді 9. 8-Қазандағы президенттің жауабында: Егер Германия 14
пункттегі көрсетілгендей соғыс кезінде жаулап алған барлық территорияны
қайтарып, соғыстың шығуына себепкер болған адамдарды мемлекет басқаруынан
аластауға кепілдік бермесе, бейбіт келісім немесе бітім туралы сөз болуы
мүмкін емес6, – деп көрсетіледі.
Германия бұл талаптарды қабылдады, бірақ жаулап алынған жерлерді
қайтару уақытша бітімде қаралуға тиісті деді. Герман үкіметінің бұндағы ойы
әскерін қайта жасақтап, жаңа күшпен толықтыру үшін уақыт ұту болды.
14-қазаңцағы нотада АҚШ уақытша бітім жасау мәселесін талқылаудан бас
тартты. Келіссөз жасау талаптарына қатысты барлық мәселе одақтас елдердің
әскери сарапшыларыньщ жұмысы деп мәлімдеді. Осы кезде үштік (төрттік) одақ
іс жүзінде тарап кетті. 1918 жылы одақтастар әскері Македониядағы болгар
және неміс әскерлеріне қатты соққы берді. Болгар армиясында толқу басталды.
Олар монархияны жойып, Болгар республикасын жариялауды талап етті.
Армиядағы революциялық қозғалыстан қорыкқан Болгар үкіметі 29-қыркүйекте
Антанта мемлекеттерімен келісімге қол қойды.
Антанта армиясына Болгар территориясынан емін-еркін өте беруге, елдің
стратегиялық бөліктерін басып алуға мүмкіндік берді. Болгарияның соғыстан
шығуы Антанта мен оның одақтастарына Австро-Венгрия мен Германияға шабуыл
жасауға жол ашты.
1918 жылдың қазанында Түркия соғыстан шықты. 1918 жылдың жазы-күзінде
Австрия-Венгрия әскерлері соғыста жеңіліске ұшырады. Армия мен флотта
соғысқа қарсы және Габсбург монархиясына қарсы көтеріліс бұрқ ете түсті.
Осы кезде Чехия, Словакия, Хорватия, Словенияда өздерінің тәуелсіздігі үшін
күрес күшейді.
28-Қазанда Чехословакия Республикасы құрылды. 29-қазанда хорваттар мен
словендердің тәуелсіз мемлекеттерін құрды. Ал 1-желтоқсанда бұлар оңтүстік
славяндық мемлекет - Серб, Хорват, Словен корольдығы болып бірікті. Бұның
құрамына Сербия, Черногория, Хорватия, Словения, Далмация, Босния,
Герцеговина кірді10. 29-шы қазанда Австрияның кейбір қалаларында
жұмысшылардың көтерілістері болды. Ал 2-қарашада Австрия республика болып
жарияланды.
1918 жылы 6-қарашада Антанта елдері мен Габсбург (монархиясы) үкіметі
арасында уақытша бітімге қол қойылды. Бітім бойынша Австрия-Венфия әскері
қарусыздандырылатын болды, барлық соғыс кемелерін Антанта мемлекеттеріне
беретін болды, барлық стратегиялы пункттеріне одақтастар армиясы
орналастырылатын болды.
Осы себепті қазанның аяғында Германия өзінің барлық одақтастарынан
айырылды. Бұл кезде Герман әскерлері шығысқа қарай шегініп бара жатты.
Германияның өз ішіндегі жағдай да қиын болды. Соғыска, монархияға қарсы
жұмысшылардың, шаруалардың, солдаттардың қозғалысы күшейді. Қарашада бұл
революцияға ұласты. Революция бүкіл елді қамтыды. Макс Баденскийдің үкіметі
тез арада соғыстан шығуды көздеді.
Бұл кезде Парижде одақтас мемлекеттердің басшыларының арасында
Германиямен бітім жасау талаптары туралы келіссөздер жүріп жаткдн. Бұл
мәселені талқылау барысында АҚШ пен оның Европалық одақтастары арасында
терең қайшылық туды. АҚШ өкілдері болашақ бейбіт бітім 1918 жылдың 8-
қаңтарындағы Вильсон жобасының негізінде жасалуын талап етті. Ал Европа
мемлекеттері бұған қарсы шықты. Американ дипломатиясы Германиямен
сепараттық бітім жасаймыз деп қорқытты. Франция, Англия және Италия АҚШ-тың
бұл талабын кднағаттавдыруға мәжбүр болды, алайда кейбір өзгерістер
енгізуге мүмкіндік алды.
11-қараша күні таңертең Компьенде уакытша бітім шартына қол қойды. Бұл
шарт бойынша соғыс қимылдары тоқтатылды Франция. Бельгия, Люксембург,
Эльзас-Лотарингия, Румыния, Австро-Венгрия Түркия территориясынан 15 күн
ішінде неміс Әскерлері әкетілетін болды. Одақтастарға артиллериялық және
атысатын қарудың бір бөлігі, сүңгуір қайықтары түгелдей қарусыздандырылған
72 әскери кеме берілетін болды.
Одақтастар армиясы Рейннің сол жағалауын және Майнц, Кобленц, Кельннің
оң жағалауындағы көпір маңындағы бекіністерді иемденетін болды. Германия
Брест және Бухарест келісімдерінен бас тартатын болды. Шығыс Африкадағы
Герман Әскері әкетілетін болды. Германия соғыс тұтқындарын қайтаратын болды
7.
Компьенде бітімге қол қойылуымен бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.
Соғыс аяқталғаннан кейін одақтас мемлекеттердің алдында соғыс
нәтижелерін қорытындылау міндеті тұрды. Одақтас мемлекеттер арасындағы
дүниежүзін бөлісу реті сол мемлекеттердің күштерінің арасалмағына
байланысты болды.
Одақтастардың соғыс қарыздары өсіп кетті. АҚШ-тан алған қарыздарының
көлемі 1914-1918 жылдары 8839,6 миллион долларға жетті. Соғыс кезінде АҚШ
Антанта елдеріне қарыз беріп байып алды. Соғысқа дейінгі ағылшындардың
шетелдегі 20 миллиард доллар капиталының 4 миллиарды Америка Құрама
Штаттарында орналасқан болатын. Ал соғыс жылдарында Англия осы капиталынан
айрылып қана койған жоқ, оның үстіне АҚШ-қа 3,7 миллиард доллар қарыздар
болып қалды11. Антанта едцерінің финанстық тәуелділігін АҚШ өзінің
халықаралық аренадағы беделін нығайтуға пайдаланбақшы болды.
Соғысқа ресми түрде 1917 жылы 6-сәуірде кірген АҚШ соғыс қимылдарына
тікелей 1918 жылдың маусымынан бастап қана қатысты. Америка Құрама
Штаттарының соғыстағы адам шыгынынан Ұлыбританияның шығыны көп болды. Соғыс
кезінде сыртқы рынокқа ағылшын, француз, неміс тауарларының ағылып келуі
тоқтады да, оның есесіне американ тауарларына сұраныс көбейді12.
Сөйтіп соғыс жылдарында американ эскпорты 3 есе дерлік өсті. Дүние
жүзі халқының 6 процентін кұрайтын халқы бар АҚШ 1918- 1920 жылдарда
дүниежүзілік темір рудасы Өнімнің 55 процентін. автомобильдердің 85
процентін, тас көмірдің 52 процентін, мүнайдың 66 процентін, құрыштың 66
процентін, алтынның 22 процентін өндірді 13. Осы себепті соғыстың аяғына
қарай ірі соғыс - теңіз державасына айналып, өзінің күшінің өсіп
кеткендігін және одақтастардың финанстық тәуелділігін пайдаланып, соғыстан
кейінгі мәселелерді шешуде басты рольді аткармақшы болды.
Алайда бұл мақсатын іске асыруға бөгет болатын жағдайлар баршылық еді.
Соғыста әжептеуір шығынға ұшырағанына қарамастан, Англия өзінің
дүниежүзілік аренада да ғана мықты тұғырларын сақтап қалды. Соғыстың
нәтижесінде Англия өзінің негізгі мақсаттарына жетті. Яғни, Англияның басты
қарсыласы Германия талқандалды. Бұрын Осман империясының иелігінде болған
Таяу ІІІығыстағы үлкен территориямен Африкадағы және Океанияның оңтүстік
бөлігіндегі Герман отарлары Англияның иелігіне берілді. Оның соғыстағы адам
шығыны 744 мың өлген адам, 1693 мың жаралы адам болды. өндіріс өнімінің
кейбір салалары төмендеп, шетелдегі капиталы 25 процентке қысқарып қалса
да, Ұлыбританияның әскери-экономикалық куаты әлі де мықты еді. Орасан зор
отарлық территория, шетелдерге орналастырылған капитал, ежелден қалыптасқан
бүкіл дүниежүзін қамтыған банктің және сауда жүйесі, ұсақ европалық
елдермен (Дания, Голландия, Бельгия, Портуғалия, Испания т.б.), Азия мен
Латын Америкасы елдерімен бұрыннан қалыптасқан экономикалық және саяси
байланыстар халықаралық мәселелерге араласудан ғасырлар бойы жиналған
тәжірибе және дипломатиялық істегі шеберлік - осының бәрі Англияның болашақ
бітім конференциясында ең басты қазылардың бірі болғандығының кепілдігі еді
13.
Соғыстан Франция әлсіреп шықты. Францияның соғыстағы адам шығыны 1,4
млн. өлген адам, 2,8 млн. жараланған адам болды. Елдің Өндірістік
катыыастары жақсы дамыған солтүстік департаменттері Герман басқыншыларының
тонауына ұшырады. Алайда Францияның Өскері Рейннің сол жағалауындағы
аудандар мен Балкан және Таяу Шығыстағы бірқатар аудандарды басып алды.
Өзінің орасан зор мөлшердегі армиясына сүйенген және кайзерлік Германияны
талқандауда елеулі роль атқардым деп есептейтін Францшшың да европалық
мәселелерді шешуде негізгі тұтқалардың бірі болып, Европа континентінде
өзінің үстемдігін орнатқысы келді.
Соғыс жылдарында Жапонияның экономикалық және әскери куаты Өсіп кетті.
Шойын мен болат өндіру екі есе, ал 1919 жылы экспорт шығару көлемі 3,3 есе
өсті14. Жапония соғысқа ішінара қатысты. Бірақ соғыс Жапония үшін тиімді
болды. Ол Океаниядағы Каролина мен Мариан аралдарын басып алды. Соғысқа
дейін Герман иелігінде болған қытай территориясы Шаньдуньді қосып алмақшы
болды. Бітім конференциясында Жапон үкіметі өзінің осы қол жеткізген
табыстарын бекітпекші болды. Бірақ Жапонияның бұл жоспарына басқа ірі
мемлекеттер, әсіресе АҚШ қарсы шықты.
Жеңімпаз мемлекеттердің қатарына Италия да кірді. Соғыс қарсаңында
үштік одақтың құрамында болған Италия 1915 жылы соғыстан түсірген олжадан
көбірек береміз деп уәде берген Антанта жағына шығып кетті. 1915 жылғы 26-
сәуірдегі Лондон келісімі бойынша Италия, Оңтүстік Тирольді, Истрияны,
Австро-Венгрияның Адриатикалық жағалауын аралдарымен және Африкадағы отар
территорияларды алуга тиіс болды. 1917 жылы сәуірде Сан-Жан де Мориен деген
жерде жаңа келісім-шарт жасалды. Бұл шарт бойынша Италия Анатолияның
Оңтүстік бөлігін алатын болды. Алайда соғыс барысында бұл жоспарды Италия
орындай алмады. Бітім конференциясында Италия ірі жыртқыштардың арасындағы
шебердің ролін атқарды.
1919 жылы 18-каңтарда жеңілген елдермен бейбіт келісім жасау және
дүниежүзінің саяси картасын қайта реттеу үшін Парижде бітім конференциясы
шақырылды. Ұйымдастырушы мемлекеттерден басқа конференцияға Бельгия,
Бразилия, Греция, Гвалтиола, Гондурас, Гаити, қытай, Куба, Либерия,
Никарагуа, Панама, Полыда, Портуғалия, Румыния, Себр, Хорват, Словен
Корольдығы (Югославия), Сиам (Таиланд), Чехословакия (Австрия), Канада,
Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка Одағы) Британ доминиондары және Индия
Өкілдері қатысты. Конференцияға Германиямен Дипломатиялық қатынастарын
үзген Эквадор, Перу, Боливия, Уругвай сияқты мемлекеттерді шақырды.
Жеңілген мемлекеттер бейбіт келісім дайындауға қатыстырылған жоқ. Тек
конференцияның соңында ғана бұл елдердің Өкілдері дайындалған бітім шартын
тапсыруға шақырылды.
Конференция делегаттары ішінде Россияның өкілдері болмады. Россиядагы
большевиктер Өкіметі Германиямен сепараттық бітім жасағаны үшін
конференцияға шақырылмады.
Конференцияға қатысушылардың статусы бірдей болмады. Конференцияны
ұйымдастырушылардың бестігі жалпы сипаттағы мүдделері бар елдер тобына
жатты, бұлардың әрқайсысы конференцияға бес делегатпен келді, олар барлық
мәселелерді талқылауға және оның барлық орғандарының жұмыстарына қатысып
отырды. Конференцияның қалған мүшелері жекеше сипаттағы мүдделері бар
елдер тобына жатқызыдды. Олар конференцияда бір немесе үш адаммен келді әрі
тек өздеріне қатысты мәселелерді ғана талкылауға қатыстырылды.
Конференцияның осындай ұйымдастырылуы нәтижесінде көптеген елдер іс жүзінде
оның жұмысына қатыса алмады. Конференцияда барлық маңызды мәселелерді
Ондықтың кеңесі, Төрттіктің кеңесі және Бестіктің кеңесі талқылап шешті.
Ондықтың кеңесіне үкімет басшылары мен сыртқы істер министрлері кірді: АҚШ
- Вильсон мен Лансинг, Англия, Ллойд Джордж және Бальфур, Франция -
Клемансо мен Тимон, Италия -Орландо мен Соннино; Жапонияның екі өкілі -
Санондзи (бұрынғы премьер-министр) және Макино (бұрынғы сыртқы істер
министрі) кірді. 1919 жылдың наурызында тым кең болып кетті - деген
желеумен Ондықтың кеңесі Төрттіктің кеңесімен ауыстырылды, оның құрамына
тек Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Италияның үкімет басшылары ғана кірді.
Сонымен қатар көп жағдайда щешімдер тек Вильсон, Ллойд Джордж және Клемансо
арасындағы келісімдер негізінде қабылданып отырды.
Бестіктің Кеңесі Ұлыбританияның, Францияның, АҚШ-тың және Италияның
сыртқы істер министрлерінен және Жапонияның өкілінен тұрды. Бітім шартының
үш жобасы болды: ағылшын, француз, американ жобасы. Француз жобасы
Германияны жеке бөліктерге бөліп. әлсірету мақсатын көздеді. Француз
жобасының мазмұнын 1917 жылғы акданда Россия мен Франция арасында жасалған
келісімнен білуге болады. Россия егерде Франция оған Константинопольді,
бұғаздарды берсе және Россияның батыс шекараларын белгілеудегі еркіндігін
мойындаса, онда Германия мен шекара белгілеудегі француз жоспарына
келіспекші болды. Бұл құпия келіссөзде Франция Эльзас - Лотарингияны, және
Саар өзенінің бойындағы бүкіл көмір өндіретін бассейнді алатын болды.
Германия шекарасы Рейн арқылы жүретін болды. Рейннің сол жағалауындағы
Герман территориялары Германиядан бөлініп, автономиялық және бейтарап
мемлекеттер болатын болды. Германия бейбіт келісімде көрсетілген талаптарды
орындағанша, бұл мемлекеттерге француз әскерлері тұратын болды. Орасан көп
контрибуция төлету арқылы француздар Германияның экономикасын әлсіреткісі
келді. Францияның отарларын Германияның Африкадағы, Түркияның кіші Азиядағы
отарларын қосып алу арқылы ұлғайтпақшы болды.
Бұл жоспардың орындалуында - яғни Орталық және Шығыс Европаның біраз
бөлігін иемдену, Балканға келу, Африкадағы, Таяу Шығыстағы иеліктері арқылы
Франция Европада үстем бола алатын еді. Осы жоспарды бейбіт конференцияда
бекітпекші болды. Француз дипломатиясынын салмагы өте күшті болды, оның
соңында орасан зор армиясы тұрды. Соның өзінде Клемансонға өзінің жобасын
өткізу қиынға түсті.
Англияның жобасы 15 Ллойд Джордждың 1918 жылы 5-қаңтарда
тредюниондар делегаттарының конференциясында сөйлеген сөзінде және оның
1919 жылы 25-наурызда Клемансо мен Вильсонға жіберген Бітім шарттарының
түпкілікті жобасы жасалғанға дейінгі уақыттағы бітім конференциясына
қатысты кейбір ескертулер деп аталатын хатында берілді.
Англия қарудың күшімен әкеткен жобасын бейбіт келісім –аркылы
конференцияда бекітіп алмақшы болды. Англияның теңіздегі үстемдігі
конференциядағы орнын белгіледі. Германия теңіз державасы ретінде өзінің
өмір сүруін тоқтатты. Германияның флоты соғыста құрыған жау, оның біраз
бөлігі ағылшын гаван Скапе-Флоуда тұрды. Германияның отарының көп бөлігі
Англияның қол астына көшті. Таяу Шығыс Түркиядан тартып алынды. Англия
Жапониямен одақтасты, Жапониямен одақтасуы арқылы Англия АҚШ-қа қарсы тұра
алатын болды. Ал екінші жағынан Францияға қарсы АҚШ пен одақтасу тиімді
еді. Өйткені АҚШ-та, Англия да Германияны бөлшектеуге қарсы болатын.
Ллойд Джордж өзінің Клемансо мен Вильсонга жазған хатында былай деді:
Сіздер Германияның отарларын тартып алып, оның армиясын полициялық
күштің көлеміндей қылып, флотын бесінші дәрежедегі елдердікіндей көлемде
шектей аларсыздар. Бұның бәрі нәтижесіз болуы мүмкін: өйткені егер олар
1919 жылғы бітім шартын әділетсіз деп тапса, жеңімпаздарға кек қайтару үшін
күш табады... Осы себепті мен басқа ұлттардың пайдасына қажетсіз мөлшерде
Германиядан герман халқын бөліп оларға беруіне қарсымын16. Л.Джордж
поляк комиссиясының Польшаның қол астына 2100 мың немісті беруін талап
еткендігіне қарсы шықты. Рейн облысы 15 жыл оккупацияланады, бірақ
қарусыздандырылуы керек деді. Германия Францияға Эльзас-Лотарингияны
қайтарып беруі және Саар көмір бассейнін 10 жыл мерзімге пайдалануға беруі
керек. Бельгияға Мальмеди мен Эйпен кетеді. Данріяға Шлезвигтің біраз
бөлігі кетеді. Германия бұрынғы отарларынан айрылады. Германияның шығыс
шекарасында Польша Данциг төңірегін алу керек, бірақ онда неміс халкы
қоныстанғандығын ескеру керек деп көрсетті 17.
Территориялық мәселелердегі ұсынысын айтқаннан кейін Л.Джордж
репарация мәселесіне де тоқталады. Мен репарация мөлшерін тек соғысқа
қатысқан үрпақ толық бітетіндей қылып белгілеуін талап еттім 18, - деп
жазады Л.Джордж. Германиядан талап етілетін репарацияның көлемі Германияның
төлей алатын мүмкіншілігінен аспауы керек, дейді. Германиядан алған
репарацияның 50 проценті калған мемлекеттерге тиісті дейді.
Американ жобасы 19 Вильсонның 14 пунктіне негізделеді. 1917 жылдың
қыркүйегінде АҚШ президенті Вильсон өзінің кеңесшісі полковник Хаузге
болашақ бітімнің жоспарының декларациясын жасайтын эксперттік комиссия
құруды тапсырды. Комиссия құрамына тарихшылар, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz