Египет Араб Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым қатынастың даму тарихы (1992-2003 жылдар)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Диплом жұмысы

ТАҚЫРЫБЫ: «Египет Араб Республикасы мен

Қазақстан Республикасы арасындағы қарым

қатынастың даму тарихы (1992-2003 жылдар) »

Ж О С П А Р :

Кіріспе 3-9 бет.

І-тарау: Қазақстанның сыртқы саясаты 10-22 бет.

2-тарау: Египет пен Қазақстан арасындағы

қарым қатнас 23-41 бет.

2. 1 Египет Араб Республикасының тарихы мен

саяси жағдайы 23-29 бет.

2. 2 Египет Араб Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы саяси-экономикалық қарым-қатнастар 30-41 бет

3-тарау: Египет пен Қазақстан арасындағы мәдени-рухани
қарым-қатнастар 42- 57 бет.

  1. Египет мәдениетінің даму ерекшеліктері 42-46 бет.
  2. Екі ел арасындағы мәдени-рухани байланыстар 46-49 бет.

Қорытынды 50-54 бет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 55-58 бет.

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы мен Мысыр елі арасындағы қарым-қатнас тарихы кешенді түрде алынып зерттелмеген тың тақырыптардың біріне жатады. Осыған дейін тек сыртқы саясатқа байланысты алынып жекелеген мақалалар мен ғылыми еңбектерде үзінділер ғана берілгені болмаса толығымен екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатнастар тарихы ерекше қарастырылған жоқ. Егемен Қазақстан Республикасы бірінші күннен бастап көрші елдермен байланыс мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. КСРО ыдырағаннан кейінгі кездегі пайда болған тәуелсіз мемлекеттермен қатар, алыс шетелдермен, жақын шетелдермен, оның ішінде Орталық Азия елдерімен, Қиыр Шығыс, Таяу Шығыс елдерімен байланыс жас егемен еліміз үшін өте тиімді. Бүрын тек ғана бір атаумен Шығыс деген атпн аталған елдер арасында қайтадан байланыс орнап, ол елдер өздерін тең құқықты мемлекттер ретінде тани бастады. Отандық тарих ғылымының өзекті міндеттері қатарында шет елдермен қарым-қатнастарының барысын зерттеу кезек күттірмейтін мәселе болып табылады. Сондықтан да Египет Араб Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы саяси, экономикалық, мәдени-рухани байланыстар тарихын зерттеу бүгінгі таңдағы жас зерттеушілер үшін өзекті мәселелердің қатарына жатады. Зерттелу деңгейі. Египет Араб Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы қарым-қатнас тарихы бүрын кең түрде кешенді зерттелмеген тақырыптардың қатарына жатады. Ол туралы тек ғана біз мемлекет аралық келісімдердер, мемлекеттік құжаттар мен үкімет тарапынан қабылданған заңдардан ғана ала аламыз. Екі ел арасындағы байланыс мәселесінде ерекше тарихнамалық дерек болып табылатын ол екі ел арасындағы елшіліктердің қызметтері мен олардың бүхаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесулеріндегі сөздері, Египет-Қазақстан келісімі кезіндегі қабылданған жазбаша құжаттар жатады.

Сондықтан да біз Египет пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас тарихын сипаттайтын деректерді бірнеше топтарға бөлуімізге болады:

Бірінші топқа ресми қабылданған құжаттар-екі ел арасындағы жасалған келісім-шарттар: саяси, экономикалық, мәдени-рухани байланыстарды сипаттайтын, сонымен қатар экономикалық әр сала бойынша жасалған келісімдер (сауда, транспорт, әуе тасымалдауы, энергетика, ядролық-атамдық жүйелер бойынша, түсті және қара металдар және де мәдени-рухани сала бойынша, ғылым-білім мекемелері арасындағы жасалған шарттар мен келісімдер, бюллетеньдер т. б. ) ;

Бкінші топқа Египет пен Қазақстан Республикасының территориясындағы елшіліктердің құжаттары;

Үшінші топқа мәдени-рухани сала бойынша жасалған келісім бойынша екі ел арасындағы ғылым-білім саласындағы жүзеге асып жатқан шараларға байланысты екі елде білім алып жатқан жас ғалымдар, аспиранттар мен студенттердің жазбалары мен зерттеулері;

Төртінші топқа бүхаралық ақпарат құралдарының құжаттары, интернет мағлүматтары, шетелдік баспасөз беттерінде жарық көрген құжаттар, мақалалар мен хабарламалық деректер;

Бесінші топқа қазіргі жас ғалым-зерттеушілердің еңбектері-олар әліде аз болса, да осы кейінгі 10 жылдан астам уақытта біраз табысқа жетіп отыр.

Тарихнамалық зерттеулер қатарына жалпы қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына байланысты өз көзқарастары мен ойларын ортаға салып отырған, өз тәжірибелері мен күнделікті зерттеулері арқылы, жұмыстарына тікелей байланысты көптегең еңбек етіп жүрген Ел басымыз Н. Назарбаевтың еңбектері(1) . Ел басымыз өз еңбектерінде тәуелсіз Қазақстан Ресбуликасының бүгінгі таңдағы ұстап отырған сыртқы саясатындағы негізгі басты мақсаты алыс және таяу шетелдермен бейбіт және тең түрдегі қарым-қатнас орнату екендігіне ерекше көңіл бөледі. Н. Назарбаев өзінің еңбектері мен арнайы кездесулермен мемлекеттік тұрғыдағы сөздерінде біздің еліміздің ұстап отырған негізгі мақсаты-саяси, экономикалық және мәдени-рухани байланыстарды Араб елдерімен достық, бейбітшілік, өзара көмек бағытында ұстау және оны іс жүзінде. жүзеге асыру екендігін баса айтып көретеді. Қазақстан Республикасының қалыптасуымен дамуының стратегиялық бағдарламасында және де Қазахстан -2030 бағдарламаларында, кейінгі көлемді зерттеу еңбектерінде осы айтылған мәселелерге ерекше баға бере отырып келешектегі егемен Қазақстан Республикасының даму бағдарламасын көрсетіп берді (2) . Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіндегі жұмыстары мен ондағы тәуелсіздіктен кейінгі кездердегі қол жеткен табыстар мен мемлекеттің сыртқы саясатындағы басты бағыттар мен бағдарларды талдап, . оған кейінгі кезде өте кең түрде баға беріп, тұжырым жасап жүрген Қ. К. Тоқаевтың еңбектері(З) . Осы еңбектерінде қоғам қайраткері Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасының арасындағы қарым-қатынасқа да ерекше баға береді. Жалпы Қазақстан Республикасы батысшылдыққа ғана бара бермей, сонымен қатар азиаттық бағытты басымырақ қарастыруы керке деген пікірлерді де білдіреді(4), ол тәуелсіздік алған алғашқы күндерден бастап Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында тұрған басты мақсаттардың бірі рл қандай бағытты алады, кімдермен байланыс орнатады. Батыс Еуропалық дамыған мемлекеттермен қатар көрші орналасқан Араб елдерімен, туыстае, қандас елдермен, рухани байлығымыз ортақ, салт-дәстүріміз ортақ елмен байланыс орнату мәселелерін қойды. Қазақстан Республикасының Орталық Азия, Таяу Шығыс аймағындағы геосаяси мәселелерді үнемі бақылай отырып, оған өз көзқарастарьш білдіру және сонымен қатар жалпы көрші елдермен саяси, экономикалы-әлеуметтік, мәдени-рухани байланыс орнату мәселеріне ерекше баға бере отырып тоқталған. Жалпы Қ. К. Тоқаевтың еңбектерінің қүндылығы ол мол деректермен, болған оқиғаларды кең түрде талдай отырып оған баға беруімен ерекшеленеді жәнеде сол салада тікелей басшылықта істеп отырған қоғам қайраткерінің елдің сыртқы саясатындағы негізгі табыстары мен ондағы шешілген мәселелерді реттілікпен баяндауымен ерекшеленеді.

Египет пен Қазастан Республикасы арасындағы ынтымақтастық және өзара байланыс туралы Қазақстанның Египет Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Б. Тайжановтың кейінгі кезде баспасөз беттерінде жарық көріп жүрген мақалалары жатады(5) . Ол мақалаларында автор екі ел арасындағы мәдени-рухани байланыстарға, әсіресе Қазақстан мен Египет білім ордаларында білім алып жүрген студенттер туралы көп мәселелерге тоқталып өткен, сонымен бірге екі ел арасындағы байланыстың толығымен жүзеге аспай отырғанының ел ішіндегі жеке кәсіпкерлікке жол берілмеуі, олардың еркін дамуына мүмкіндіктердің шектелуі және сыртқы инвестицияның. мемлекет тарапынан толық қорғалмауы туралы мәселелерді атап көрсетеді. Сонымен қатар өзі елшілікте болған кездегі қол жеткен табыстарды баяндайды.

Египет пен Қазақстан арасындағы қарым - қатынас тарихына тоқталып, зерттеулер жазып жүрген А. Шоқыбаев(6) . Ол әсіресе егемендікке қол жеткен күннен бастап Қазахстан елін араб елдерінің тануы және батыстық емес азиаттық бағыт туралы пікір айтушылар қатарына жатады. Келешекте Египет пен Қазақстан арасындағы экономикалық, саяси және мәдени-рухани байланыстың нығаю жолдарының екі ел үшін де тиімділігіне тоқтала отырып, оны жүзеге асыру жолдары туралы пікірлер білдіреді. Келесі тарихнамалық деректер қатарына жататын зерттеулерге баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалар жатады. Каз. Правда, Егемен Қазақстан, Алматы ақшамы, Түркістан, Панарама, Деловой мир, Аналитическое обозрение газеттері мен журналдары бетінде жарық көріп жүрген саяси тақырыптар мен экономикалық-мәдени байланыстарға арналған ой толғаулар мен пікірлерді, тарихи деректер негізінде жазылған, яғни Мысыр елінің өткен тарихы туралы құжаттарды, мақалаларды алуымызға болады (7) . Бірақта толығымен Египет Араб Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы қарым-қатнас тарихын. барлық салада толығымен қамтып зерттеген зерттеу жұмысы жоқтың қасы. Сондықтан да тарих ғылымы саласында бұл әлі өз тарихы толығымен ашылмаған, енді зерттеуге бет алынған кешенді зерттеуді талап ететін тақырыптардың қатарына жатады.

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты мен міндеттері: Египет пен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатнас тарихын кешенді түрде алып зерттеу негізгі мақсат болып табылады. Ол үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру қажет:

  1. Египет Араб Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы саяси қарым - қатнасқа тоқтала отырып талдау жасау;
  1. Екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатнастарды талдау, оны баяндау және қол жеткен жетістіктерге тоқталу;
  2. Екі ел арасындағы рухани-мәдени байланыстарды баяндау, екі ел арасындағы ғылым-білім саласында, мәдени байланыстар саласындағы жүргізіліп жатқан шаралар, кездесулер мен конференциялар, ондағы қаралған мәледелерге талдау бере отырып баяндау;
  3. Екі ел арасындағы діни- рухани саладағы байланыстар, Египет діни-мәдени . орталыгының ашылуы және ондағы бүгінгі күнгі жүргізіліп жатқан шаралар мен алдағы бағдарламаға талдау жасау.
  4. Екі ел арасындағы сауда байланысы: тасымалдау, транспорт түрлері, түсті металдар және астық өнімдері мен шикізат алмасу және Египеттен Қазақстанға қажетті тауарларды көптеп алу мәселелеріндегі басты жүзеге асырылған салалар.

Хронологиялық шеңбері КСРО ыдырағаннан бастап тәуелсіздік ала бастаған жас мемлекеттердің сыртқы саясатының жаңа белес алған кезі, яғни 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықты қамтиды.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізіне тарих, саясат тану,

философия, әлемтану, экономика, мәдениеттану, дін тану және басқа да қоғамдық ғылымдардың негізгі заңдылықтары мен тұжырымдары және де осы сала бойынша жарық көрген ғалым-зерттеушілердің ой пікірлері мен зерттеу тұжырымдары алынады.

Практикалық қолданылымы Египет Араб Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатнас тарихын кешенджі зерттеу жұмысын арнайы курстарда, тілі оқытылатын елдер тарихы, тілі оқытылатын елдер экономикасы, идеологиясы мен дін тану және мәдениеттану пәндерінде жалпы қоғамдық ғылымдар саласында Египет мемлекетінің тарихына байланысты пәндерде қосымша құжат ретінде қолдануға болады. Сонымен қатар келешекте осы тақырып бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізген кездерде қолдану мүмкіндігі бар. Тарихнама мен деректік көздерін тарих пәндері бойынша қосымша құжаттар ретінде, тарихнамалық талдаулар кезінде қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы Египет пен Қазахстан Республикасы арасындағы қарым-қатнас тарихының тың деректер мен құжаттар арқылы алғаш рет кешенді түрде зерттелуі болып табылады.

Зерттеу жүмысының құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде негізінен тақырыптың өзектілігі, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті, тарихнамасы мен деректері және де хронологиялық шегі мен оның методологиялық негізі алынған.

I тарауда Қазақстан Республикасының егемендік алғаннан бастап сыртқы саясаты мен ондағы үстаған негізгі бағыттарына талдау жасалынды.

II тарауда Египет пен Қазақстан арасындағы қарым- қатынастың қалыптасу тарихына тоқтала отырып оны негізінен 3 тармақшаға бөле отырып Египеттің сыртқы саясаты, екі ел арасындағы саяси қарым-қатнас, экономикалық байланыстар мен мәдени қарым-қатнас деп жеке-жеке қарастырылды.

III Египет пен Қазақстан Республикасы арасындағы мәдени-рухани байланыстар мен қарым-қатнастар және ондағы қол жетікізілген жетістіктер мен жіберілген кемшіліктерге тоқталып өттік. Жалпы екі ел арасындағы келешектегі қарым-қатнас бағдарламасы және оның негізгі бағыттары туралы талданды.

Қорытынды бөлімде Египет Араб Республикасы мен Қазақстан Республиқасы арасындағы саяси, экономикалық, мәдени-рухани байланыстардың жетістіктері мен кемшіліктерін атай келіп негізгі қорытындылар берілді.

І-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ

Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін алған алғашқы күннен бастап - ақ халықаралық аренада Қазақстан мемлекетінің алатын орнын белгілеу және оның халықаралық саясаттағы беделін нығайтуда көптеген іс-шаралар жүргізілді. Осы мақсатта көп еңбек сіңірген Ел басымыз Н. Назарбаев болды. Президенттің жүргізген саясатының арқасында Қазақстан әлемдік, саяси және экономикалық қоғамдастықта өзіінң орнына ие бола алды. Халықаралық міндеттерді шешуде жауапкершілікпен қарап шеше алатын дербес мемлекет ретінде танылды. Территориялық көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орынға ие болған Қазақстан Республикасы сияқты еуразиялық мемлекет сыртқы саясатына ерекше мән берді. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты «Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасуының стратегиясы» атты еңбегінде және «Қазақстан -2030» бағдарламасында анық көрініс тапты(8) . Ол еңбектерінде Ел басымыз Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы негізгі бағыттарын белгіледі. Олар: елімізді әлемдік қоғамдастыққа енгізу; елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Қазақстанның экономикалық дамуына жәрдемдесу, шет елде жүрген қазақ азаматтарының құқықтары мен мүдцелерін қорғау, қарым-қатнасқа мүделік білдірген барлық мемлекеттермен өзара тиімді қарым-қатнастар орнату (9) .

Қазақстан Республикасы үшін КСРО ыдырағаннан кейін өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сыртқы саясатта қандай бағытты ұстауымыз керек деген мәселе ерекше орын алды. Ол жас тәуелсіз мемлекеттің өзінің географиялық жағынан орналасуына да және де отаршылдық кезден қалған қиын демографиялық жағдайына да тікелей байланысы болды. Қайта құру бағдарламасын ұсынған бүрінғі КСРО-ның алғащқы және ақырғы Президенті М. С. Горбачевтің өзі Қазақстанның жеке тәуелсіз мемлект ретінде өмір сүруі туралы айтқанда сенімді болмады. Ол негізгі ұлт өкілі сан жағынан аз болып отырған кезде ол мемлект ішкі саяси тұрақтылықты сақтап тұра алмайды сондықтан да оның ішкі ісіне қуатты державалар қол сүғуы мүмкін деген. Міне осындай ой айтылып отырған елдің сыртқы саясаттағы келешегі туралы көптеген саясаткрлер өз пікірлерін айта бастады. Сондықтан да 90-жылдары басталған сыртқы саясаттағы шиеленістер мен 1991 жылғы КСРО-ның ыдырап оның орнында саяси аренада пайда болған жас тәуелсіз мемлекттер өз тәуелсіздіктерінің алғашқы күнінен бастап- ақ қандай бағыт ұстау керек және қай елдермен қарым-қатнастарды орнату қажет, қандай жолды тандау керек деген көптеген кезек күттірмейтін сұрақтардың жауабын алу керек болды. Онда негізгісі батыс пн шығыс елдерімен арадағы қарым-қатнас мәселесі. 90-жылдардың басында-ақ Қазақстанда белгілі саясаткерлер М. Тэтчер, Дж. Бэйкрлер болды. Олар біздің елдің саяси және экономикалық дамуына баға беріп өздерінің көзқарастарын Батыс саясаткерлерінің, алдында ашық айтты. Қазақстанның келешегінің зор екендігі және Батыс Орталық Азия аймағындағы Қазақстанның алатын орнына ерекше баға беретіні белгілі болды. .

Қазақстан жеріне деген шет елдердің қызығушылығы оның тек табиғи байлығына ғана емес біздің елдегі пайдалануға даяр тұрған ядролық қарудың болғандығында еді. Біздің мемлектіміз өз Тәелсіздігін алған кзде ядролық мемлекттер қатарында болды(10) .

БҰҰ халықаралық қатынастар уставы негізіне алынған принциптеріне қатаң үстай отырып сыртқы саясатта прагматикалық және конструктивтік, ал ішкі саясатта азаматтық бейбіт саясат ұстап, тұрақтылықты сақтау, қоғамдық құрылысты демократияландыру және адам құқықтарын сақтауды жүзеге асыру қажет болды. Ол үшін әлемдік қоғамдастықта өзінің үстаған бағытынан ауытқымай, бейбітшілік саясатты басшылыққа ала отырып барлық көрші елдермен, жақын жіне алыс шет елдермен тең түрден келісімге келік, бейбіт қарым-қатнас ұстауы қажет болды. Осыған қол жеткізуде жас егемен еліміздің басшысы көп еңбек еткені барлығымызға да аян. Президент Н. Назарбаевтың бірінші күннен бастап дүрыс шешім қабылдауы елімізді әлемдік қауымдастықта өз орнын табуына мүмкіндік жасады. Қазақстан Республикасы бірінші болып ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Ядролық қаруды тататпау және ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде 1968 жылғы шартқа қосылып оған қол қойды (11) . Осылайша өз жерінде 1949 жылдан бастап ядролық қаруды жерасты және жерүстінде жарық келген мемлекет өз еркімен ол қаруды к, олданудан бас тартты. Осылайша Қазақстан Республикасы әлемдік қауіпсіздікті сақтаушы және бейбітшілікті жақтаушы ел ретінде өз дамуының жоғары деңгейін көрсетті. Ядролық аруды таратпау туралы келісімге қосылу тек Қазақстан Республикасы үшін ғана емес бүкіл өркениет үшін тарихи маңызы зор болды.

Қазақстан Республикасының осы үстаған саясатын қолдай отырып Еуропалық алдынғы қатарлы дамыған ядролық державалар оның қауіпсіздігін қолдайтындықтарын білдіріп қауіпсіздік кепілдігінберді.

1994 жылы Будапеште СБСЕ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңес) саммиті барысында Меморандумға қол қойды. Ол бойынша АҚШ, Ұлыбритания және Ресей ДНЯО-ға (ядролық қаруды таратпау туралы шешеім) қосылуы біздің еліміздің өзінің аумағынан барлық ядролық қару жарақтарды шығару туралы міндеттемелірені ескере отырып өздерінің «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін, егемендігін және қазіргі бар шекараларын құрмет тұтатындықтарын» мәлімдеді (12) . Сонымен қатар жоғарыдағы мемлекеттер «Қазақстан Республикасының тұтастығына және саяси тәуелсіздігіне қарсы күш қолданудан немесе күш қолдану қаупін төндіруден тартынатындарын» атап көрсете отырып міндеттеме алды.

1995 жылы Қазақстан Қазақстан қауіпсіздігіне кепіл болуға Қытай Халық Республикасы мен Франция мемлекеттері өз мәліметтерін білдірді. 1996 жылы Қазақстан барлық шет елдермен Халықаралық ұйымдармен байланыс орнатты (13) . ТМД-да Қазақстан мемлекеті шет елдік өкілдіктердің саны жөнінен Ресей мен Украинадан кейнігі үшінші орында болды. Әлемдік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясының барысында Н. Ә. Назарбаев бірінші болып Азиядағы қауіпсіздік құрылымын (АӨСШК) құру туралы ұсыныс жасады (14) . Бұл бастама осы кезеңде де халықаралық қатнастарда елеулі рөл алатын барлық Азиялық елдер тарапынан қолдау тапты. Иран, Египет және Израиль сияқты саяси жағынан көреғар көзқарастағы мемлекеттер де АӨСШК процесіне бёлсене қатысты. Ислам Конференциясы Ұйымы АӨСШК-ті қолдайтындықтарын білдірді. Бұл дипломатиылық жұмысқа АҚШ пен Украина байқаушылар ретінде қатысты. БҰҰ-ы сарапшылары қажетті құжаттарды дайындауда елеулі көмек көрсетті.

1999 жылы 14 қыркүйекте Алматыда кездесу болып, оның барысында Азиядағы қауіпсіздік институтын құру үшін принципті маңызы бар «АӨШК-ке мүше. мемлекеттер арасьшдағы қарым-қатнасты реттейтін принциптер декларациясына (15) тұңғыш рет қол қойылды. Бұл құжатта егеменді теңдік; егемендікке тән құқықтарды құрмет түту; күш қолданбау; күш қолдану қаупін болдырмау; мүше мемлекеттердің аумақтық тұтастығы; дауларды бейбіт жолмен шешу; ішкі істерге араласпау; қарусыздану және қару жараққа бақылау жасау; экономикалық, әлеуметтік және мәдени ынтымақтастық, адам құқығы және негізгі бостандықтар секілді маңызды мәселелер кең ауқымда қаралып, талқыланды.

Алматы қаласында 2002 жылы 3-4 маусым аралыгында өткен АӨСШК саммитін Қазақстанның сыртқы саясаттағы жетістіктері ретінде атап өту керек. Саммитте Азия құрылығындағы жетекші рөл атқарушы көптеген мемлекеттердің басшылары бас қосты. Олардың қатарында Қытай Халық Республикасының төрағасы Цзян Цземинь, Ресей Президенті В. В. Путин, Үндістан Премьер Министрі А. Ваджпай, Пакистан Президенті П. Мушарраф және басқалар болды.

Қазақстанның сыртқы саясатындағы алдыға қойған мақсаты бұл араб әлемімен қарым-қатнастарды қарқынды түрде жүргізу болып табылады. Араб елдерімен өзара іс-қимылды қарқынды түрде жүргізу Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы осы аймақтағы жетекші мемлекеттермен қарым-қатнас орнатуға бағытталған. Осы орайда Қазақстан мен араб елдерінің сырт қарағанда біраз айырмашылығы болғанымен екі жақты байланыстыратын факторлар бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай Халық Республикасы мен Сауд Арабиясы арасындағы байланыстар
Египет пен Орталык Азия елдері ынтымақтастыгы: бүгіні мен болашағы
Сахара маңайы аймағындағы елдерге экономикалық-географиялық тұрғысыдан толық сипаттама
Дүниежүзінің саяси картасы
Африка мемлекеттердің саяси - экономикалық жағдайы
Египет және Таяу Шығыста қалыптасқан геосаяси жағдай
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
ҚХР - дың Африканың дамушы елдеріндегі экономикалық саясаты
Палестина мемлекетінің тарихи кезеңдерде дамуы
Араб елдері Лигасы және Қазақстанмен қарым-қатынасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz