Египеттің саяси экономикалық және әлеуметтік жағдайы (Х-ХІІ ғасырда)


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

«Египеттің саяси экономикалық және әлеуметтік жағдайы (Х-ХІІ ғасырда) »

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

1-тарау. Египетте Фатимидтер әулетінің орнауы

  1. Фатимидтер әулетінің шығу тарихы 6
  2. Египеттегі билік үшін саяси күрестер 11
  3. Фатимидтер әулетінің сыртқы саясаты 12

2-тарау. Фатимидтер кезіндегі Египеттің экономикалық жағдайы

  1. Жер шаруашылығының дамуы 18
  2. Қолөнер 31
  3. Сауда мен ақша айналымы 37

3-тарау. Фатимидтер кезіңцегі Егапеттің әлеуметтік жағдайы

  1. Әлеуметтік топтарға сипаттама 42
  2. Дін басылары 44
  3. Бюрократия 45
  4. Әскерилер 49
  5. Ішкі әулеттік күрес 52

Қорытынды 55

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 57

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Египеттегі Фатимид әулетінің екі ғасырлық (969-1171) билігі тарих зерттеушілеріне өте қызықты кезең деп санаймын. Материалдық өндіру мен діни өмір облыстарында елеулі өзгерістер болып, ол елдің ішкі дамуының нақты кезеңімен сәйкес келеді. Бірақ Фатимидтік Египеттің экономикалық және әлеуметтік құрылысын Египет тарихының өте аз зерттелген тарауларының бірі болып саналады. Бұның себебі деректердің аз болуы. Бүгінгі күнге дейін машықтанған тарихшылардың бірде-бір еңбегі бізге жеткен жоқ. Шииттердің билік еткен династиясы еретикалық болған, Аббасидтер қайтадан билікке келгеннен кейін жазылған деректердің көбісі құртылып жіберілген.

Тарихнама. Әлеуметтік экономикалық құжаттар қазіргі зерттеушілерге тек соңғы уақытта С. Гоитейннің жұмыстарының арқасында ғана белгілі болды. Бұл американдық ғалымға Генизаның толық каталогына жатады, оның бірінші томы 1967ж. шыққан. Оның ішінде әлеуметтік- қысқаша мазмұндамалары тек қана иудей қауымынәлеуметтік-экономикалық жағдайын суреттемей, сонымен бірге Жерорта теңізінің жағалауындағы елдердің, әсіресеФатимидтік Египёттің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көрсеткен.

Фатимидтік Египетті зерттеуді біреулер халифтардың және олардың уәзірлер мен әскери қолбасшылардың істерін жүйелі түрде көрсетеді: Г. Вейл мен А. Мюллердің кейбір жұмыстар, Ф. Вюстенфельдің «Фатимид халифтерінің тарихы», О'Лиридің «Фатимидтердің тарихы» деген еңбектері, сонымен қатар С. Лен-Пуль және Г. Вьетаның ортарасырлық Египеттің тарихы туралы очерктерін атауға болады.

Зерттеудің басқа түрі Египет медиевисті X. Хасанға және оның оқушыларына жатады. X. Хасанның «Тарих ад-даула ал-фатимийа» («Фатимидтер тарихы») тарихи процестің әртүрлі жақтары жақсы реттелген деректердің жинағы, бірақ оның сатыларын және заңдылығын ашура тырыспаған.

Хасанның оқушысы Р. Барави экономикалық факторға көп көңіл бөлген. Оның «Халат миср ал-икти садийа фи ахд ал-фатимиин» («Фатимид дәуіріндегі Египеттің экономикалық жағдайы») атты еңбегінде жер шаруашылық, қолөнер және сыртқы сауда туралы жазылған. Барави сол кездегі экономикасын капиталистік деп санаған.

X. Хасанның екінші оқушысы А. Мушаррафтың «Нузум ал-хукум би Миср фи аср ал-Фатимиин» («Фатимидтік Египет кезіндегі өкімет билігі») жұмысында халифтардың өмірі, уәзірлер, сот қызметкерлері, мемлекеттік мекемелер туралы жазылған.

Соңғы он жылдықта батыс медиевистикада ортағасырлық Египеттің, соның ішінде фатимид дәуірінің ақша айналым процестері туралы зерттеулер өткізілді (А. Эренкрейтц, С. Лабиб, Е. Аштордың) .

Ортағасырлық Египеттің әлеуметтік және экономикалық тарихын зерттеу революцияға дейін орыс арабистиканы қызықтырмады. Кеңестер кезінде материалдық мәдениётті зерттеуде тек кейбір жеке ғана сұрақтар қаралған, бірақ соған қарамастан кеңес зерттеушілердің ішінен Фатимидтер әулеті Египеттегі билік дәуіріндегі экономикалық және әлеуметтік жақтарын зерттеуде Л. А. Семенованы атап көрсетуге болады. Ол Фатимидтер әулеті туралы, әсіресе мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жағдайын зерттей келе «Из истории фатимидского Египта» деген еңбекті жазады, ол жерде Л. А. Семенова сол кездегі жазушылар мен фатимидтік әулетін зерттеген батыс тарихшыларына сүйеніп, ортағасырлық Египеттің аз зерттелген әлеуметтік және экономикалық жақтарын аша түседі.

Деректік негізі. Фатимидтердің соңғы авторлардың еңбектерінде сақталған, фатимид тарихшылардың үзінділері ғана қалған. Олардың ішінде ең маңызды орындардың бірін Таки ад-дин Ахмад ал-Макризи (1364-1442) алып жатыр. Оның еңбектерінің ішінен ең бағалы «Китаб ал-маваиз ва-л-итибар бизикр ал-хитат ва-л-асар» (Каирдің ескерткіштер мен кварталдар бойынша насихат) кітабы болып саналады. Оған Х-ХІІ ғасырда болған Ибн Зулак (919-998), Ибн Мамун ал-Батаихи (1125- . . . ), Мусаббихи (977-1029), Ибн Тувайр (1130-1221), Қади ал-Фадил сияқты фатимид тарихшыларының көптеген цитат сөздері енген.

Фатимидтер кезеңін зерттеуге Макризинің «Китаб иттиаз ал-хунафа би ахбар ал амма ал-фатимиин ал-хулафа» (Книга по учению верующих через сообщение об имамах - Фатимидских халифах) еңбегінің де маңызы зор. Ол «Хитат» кітабынан ерте жазылған және де бізге толығымен жеткен жоқ, «Хитатқа» қарағанда Макризи осы жұмыста мәліметтерді қайдан алғанын көрсетпеген. Бірақ «Иттиаз» кітабында Макризи мұғалімнің Ибн Халдуна «Китаб ал-ибар» кітабымен ұқсастық өте көп, яғни олардың бір мәліметтерді пайдаланғаны мүмкін. Ибн Халдун Ибн ал-Асир, Ибн-Тувайра, Ибн Абу Тайи шығармаларын кеңінен пайдаланған.

Макризи мен Ибн Халдунмен қатар Фатимидтер туралы Абу Шама (1203-1267), Абу-л-Фида (1273-1331), Ибн Давадари (1333 ж. қайтыс болды), Ибн Фурат (1334-1405), Ибн Ийас (1448-1524) және басқа да мамлүк авторлары өз еңбектерін қалдырған.

Калқашанди мен Ибн Фурат көбіне Ибн Тувайрдің шығармаларына негізделген. Ибн Тагри-Бирдинің жылнамаларында әрбір халифтің өмірбаяны туралы да бөлімдер кездеседі, ол негізінен Ибн Абу Тайи, Сибта ибн Джаузи және Ибн Тувайраға, сонымен қатар Ибн ал-Асирдің және өзінің мұғалімі Макризинің шығармаларына сүйенген. Ибн Ийас та Сибта ибн Джаузидің еңбектерінен мол мәліметтер алып отырған.

Абу Шама өз еңбегінде негізінен Ибн Абу Тайи Қади ал-Фадил, Абу-л-Фида және Ибн ал-Асираға сүйенген. Ибн Давадари Фатимидтік Египетке арналған өзінің тарих бөлімдерінде Сибт ибн Джаузинің (1186-1257) 1 еңбектеріне сүйенген. Жоғарыда айтылып өткен авторлардың еңбектерінде Фатимидтердің Пайғамбардан шығуын дәмелендеудің орны көп болды. Бүкіл аталған авторлар суннит сұлтандар билігінің астында болғандықтан, Абу-л-Фида, Макризи және Ибн Халдуннан басқа, фатимидтер билігін ешқандай негізсіз теріске шығарып отырған. Олардың еңбектерінде бір-бірін толықтырып отырған, мазмүны жағынан әртүрлі болып келетін фатимидтер туралы деректер бүгінгі күнгі зерттеушілерге өте бай мәліметтер болып саналмаса да, Фаимидтер тарихын қайта құруға маңызды фактілердің бірі екені сөзсіз.

Қазіргі таңға дейін фатимидтік Египетке сапар шеккен үш саяхатшының еңбектері жеткен. Бұл басында суннит, одан исмаилит болған белгілі парсы авторы Насир Хосровтың (1003-1088) «Сафар намэ» («Саяхат кітабы») деген еңбегі. Ол Египетте, әсіресе Каирде 1047 ж. бастап бірнеше жыл өмір . сүрген. Өз кітабын жазған уақыты нақты белгісіз. Оның Египеттің ішкі өмірі туралы берген мәліметтер өте бағалы болып саналады, өйткені қандай шетел азаматының берген бағасы жергілікті тұрғындардың көзқарастарынан қарағанда объективті түрде беріледі.

Басқа саяхатшы Ирактан шыққан Ибн Халкал; классикалық мектептің географтардың бірі, ол «Китаб ал масалик ва-л-мамалик» («Мемлекеттер және жолдар кітабы») еңбегінің авторы.

Үшінші саяхатшы Мукаддасинің (946-1000) «Ахсан ат-такасим фи марифат ал-акалим» («Лучшее разделение для познания климатов») шығармасы фатимидтер кезеңіндегі қолөнер мен жер шаруашылығын зерттеушілерге мәліметтердің маңызы өте зор.

XII ғасырдың ортасындағы мемлекеттің ішкі жағдайын жақсы суреттеп берген, сол жылдары Египеттің сарай шиеленістеріне белсенді қатысқан Сирияның серісі Усама ибн Мункызаның (1095-1188) «Китаб ал-итибар» («Нақыс сөздер кітабы») шығармасы болып табылады. Сонымен қатар Фатимид дәуірінің аяғы мен Аййубид кезеңінің басына жататын, ортағасырлық Египет әдебиетіне тән, шенеуніктерге арналған екі анықтама-трактат белгілі. Біріншісі ірі шенеунікке қади Махзумиге жатады. Трактаттың аты «Китаб ал-минхадж» («Жолдар кітабы»), онда әртүрлі салық жинаудың нұсқаулар және Фатимид дәуіріндегі есеп құжаттарының үзінділері келтірілген. Осы трактаттың ең маңызды бөлімдері, әсіресе Жерорта теңізіндегі сауда туралы жазбалар Кл. Каэннің публикацияларының шығуына байланысты бізге мәлім болып отыр.

Екінші шығарманың авгоры, мемлекеттік ведомствоның инспекторы болған Ибн Мамматии. Сонымен қатар Гениза ХІ-ХІІ ғ. ғ. араб-иудей құжаттар қоймасы өте бағалы деректерде жатады. Олардың негізінде Я. Ман «Фатимид халифтар кезіндегі Египет және Палестинадағы иудейлер» (1920) атты кітабы жарық көрген. Онда ішкі қауымның құрылысы және оның Египет билеушілерімен арақатынас туралы жазылған.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Мен өзімнің жұмысымда жоғарыда айтылып кеткен, сонымен қатар басқа да құжаттарға сүйене отырып, бұл өте аз зерттелген Египеттің Фатимидтер әулеті кезіндегі экономикалық және әлеуметтік жағдайды қысқаша ашып көрсеткім келеді.

Методологиялық негізі. Тарихи зерттеу методологиясы, қоғамдық гылым салаларының тарихи айналымдағы түжырымдары мен бізге дейінгі ғалым зерттеушілердің еңбектеріндегі негізгі ғылыми пікірлер алывды. Зерттеудің методологиялық негізіне қоғамдық ғылым салалар: тарих, әлеуметгану, философия, дінтану, саясаттану, дипломатиялық тарих, мәдениеттану, соғыс тарихы, экономика негіздері алынды. Методологиялық негізде салыстыру, талдау, нақты түжырымдарды беру тәсіддері қолданылды.

Диплом жүмысының құрылысы. Бүл диплом жүмысы кіріспе, үш тарау және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен түрады.

Диплом жұмысының бірінші тарауында қысқаша жалпы Фатимидтер әулетінің шығу тарихы мен Фатимидтер династияның Египет, Сирия жерлеріндегі үстемдігінің орнатылуы туралы айтылады. Екінші тарауында экономикалық жағдайдың ерекшеліктері, яғни жер шүаруашылығының, ақша айналымы, сыртқы және ішкі сауда және қолөнер туралы айтылып кетеді. Ал үшінші тарауында Фатимидтер мен олардың алдында билік еткен мемлекеттердің әлеуметтік құрылыстың айырмашылығы және фатимидтік Египеттің өзіне тән әлеуметтік ерекшеліктер ашылып көрсетіледі.

І-ТАРАУ. ЕГИПЕТТЕ ФАТИМИДТЕР ӘУЛЕТІНІҢ ОРНАУЫ

1. 1. Фатимидтер әулетінің шығу тарихы.

969 ж. Египетте билікке келген Фатимидтер әулеті шиит-исмаилиттік болған. Шиизм, араб тілінен аударғанда «шиа» - партия деген мағына береді, Исламдағы негізгі екі діни ағымдардың бірі, ол VII Р. халифатта араб саяси демократиялық қозғалыс пен меккалық курейшит ақсүйектердің арасындағы билік үшін болған күрес кезінде пайда болды. Шииттер төртінші халифтің, яғни Али ибн Абу Талибтің жағында болған, оны діни басшы - имам ретінде және пайғамбардың туысқаны ретінде билікке құдайдан құқығы бар адам деп санаған. (Али Мұхамедтің күйеу баласы және немере ағасы болған) .

Келесі жүзжылдықтарда жаулап алынған жерлерді феодализациялау және исламның таралуы шиизмнің өз әлеуметтік базасының кеңеюіне себеп болды. Оның діни оқуы дамып, еңбекші шаруалардың мүддесін көздеген (ол араб, не араб емес екеніне қарамаған) сунизмге қарсы діни-саяси идеологияға айналды. Аббасидтер династиясы шииттік қозғалыстың нәтижесінде ғана билікке келген. Шииттердің көп ағымдардың бірі исмаилиттер сектасы VIII ғ. ортасында пайда болды. Шииттерде бірінші имам Али қайтыс болғаннан кейін (661 ж. ) имамат оның мүрагерлеріне көшіп отырған, бұл дәстүр алтыншы имам Джафар Садиктің кезеңіне дейін сақталынып отырды. Джафар Садик өзінің үлкен баласы Исмаилдың саяси көзқарасымен келіспей, оның орнына өзінің кіші баласын Мұса Казимді мұрагер етіп жариялайды. Шииттердің бір бөлігі осы әрекетті заңсыз деп бағалап, соның нәтижесінде исмаилидтер деген жаңа ағым пайда болды. Исмаил өзінің әкесінен бұрын қайтыс болып (762 ж. ), исмайлидтер Исмаилдың баласы Мұхамедті жетінші имам деп тағайындайды.

Исмаилиттерге шииттік «фатимийа», «хаттабийа»2 және т. б. секталар қосылды.

Мұхаммед ибн Исмаил ең соңғы «көрінетін» имам болып саналады, өйткені аббасидтер таққа келіп, бағынбайтын шиит бірлестіктер мен олардың имамдарын қуа бастайды. Исмаилидтердің оқытуы бойынша, сенушілер сөзсіз имамға табыну керек, исмаилидтердің оқытуы ол бір жағынан әлеуметтік-саяси бағдарлама сияқты болып көрінеді, ол бойынша бүкіл мұсылман әлемі бірігу қажет, оны Али тұқымынан шыққан мұрагер билеуге тиіс.

Исмаилит имамдар өздерінің құпия резиденцияларынан көпсанды миссионерлердің қызметтеріне басшылық еткен. IX ғ. соңғы ширегінде исмаилиттердің миссиялары Оңтүстік Ирақта, Бахрейнде, Йеменде, Иранда, Батыс Үндістанда түрақтанған. Ирақта миссионерлер ауыл тұрғындарына көп көңіл бөлсе, Бахрейнде бедуиндердің арасында насихат жұмысы жүргізілген. Ал Иран мен Үндістан облыстарында және Мавереннахрде исмаилиттер тек X ғ. соңына қарай келген, үгіт-насихат жергілікті ақсүйектер мен билікте отырған мүшелер арасында жүргізілді -Саманидтер, Мусафаридтер, Бану Сама, Бану Сумра.

Фатимидтік насихат жұмысының табыстары да зор болды, Ибн Хаусхаб йемен миссионері 883 ж. Иеменге барып 30 жылдың ішінде жергілікті бүқара халықпен жүмыс істеп, көпшілігінің исмаилизмге қарай бет бұруына себеп болған, сонымен қатар бұл исмаилиттердің әлеуметтік бағдарламасына да байланысты болды.

Исмаилиттер ең үлкен табысқа Солтүстік Африкада жетеді, Бахрейнде сияқты олар бедуиндер арқылы насихат таратты. Осындай әрекеттердің нәтижесінде жаңа тәуелсіз Фатимидтер мемлекеті пайда болды, «зухур» - имамдардың билік кезеңі басталды.

Солтүстік Африкадағы исмаилиттер қозғалысы біраз қиыншылықтарға ұрынран. Халифаттың орталығынан алыс орналасқан таулы жерді мекендейтін бербер тайпалары ежелден азаттық жолында күрес жүргізіп отырған. Араб жаулаушығынан кейін бұл жерде хариджизм, ал кейінен оның бір тармағы ибадизм таралған. Осы дәстүрлерді ұстайтын кутамиттерден шыққан берберлер болған, олар бірнеше тайпамен одақтысып Ифрикияда3 орналасқан. Солтүстік Ифрикияның кутамиттері аббасид наместниктерінен тәулсіз болған, яғни салық төлемеген. Бүл наместниктердің суниттік династиясы - Аглабидтер, олар 800 ж-дан бастап Ифрикияны билей отырып, аумақты бүкілімен қол астына қаратуға тырысты. IX ғ. аяғында кутамиттердің жағдайы нашарлай түсті, Тахерттің ибадит имамдары Рустамиттер Аглабидтермен бірігіп солтүстікке қарай жылжуды жеңілдетті.

Аглабидтер тайпалардың ақсүйектерін өз жағына тарта отырып, тәуелсіз жерде орналасқан қамалдарды ала бастады, бірақ кутамиттердің көпшілігі келе жатқан Аббайит күштерінің қол астына қарағысы келмеді. Рустамидтер көмегінің болмауы Ифрикияда хариджтер ықпалының әлсіреуіне әкеліп, исмаилиттердің үгіт-насихат жұмыстарына үлкен дем берді. Бұл кездерде Солтүстік Африкада шиизм белгілі болған, Мағрибте 788 ж. Алидің түқымынан шыққан Идрис ибн Абдаллах құрған эмират шииттік идеологияны ұстанған. Сонымен қарат Ифрикияда көптеген шииттік миссионерлер дін таратқан: Абу Суфиан, Хулвани, Ибн Хаусхаб және т. б. Ибн Хаусхаб Йеменде тұрақталғаннан кейін, Солтүстік Африкаға жаңа миссионерді Абу Абдаллахты жібереді. Кутамиттер аумағында Икджан деген тауда орналасқан Абу Абдаллах өз сөзін жүргізе бастайды және де ол өте табысты өтеді. Оның жанынад жан-жақтан кутами тайпаларынан берберлер топтаса бастайды. Шииттік қауымды топтастыра білген Абу Абдаллах оны ірі, әрі күшті армияға айналдырады. Қауымның өмірі бірлік пен теңдіктің этикалық принциптеріне негізделетін, исмаилиттік оқу оларды жауға Аббасидтерге қарсы соғысып, билікті саламийлік имамға, Фатиманың мұрагерлеріне беруді үйретті.

Аглабидтерге қарсы ірі күрес 903 ж. басталды. Икджаннан шыққан көп санды берберлер әскерлері Ифрикияны жаулауға ұмтылды. Көптеген аумақтар шииттерге соғыссыз беріле бастады. Соңғы Аглабид басшысы Зийадаталлах өз армиясының қажеттілігің өтеу үшін халықтан алым-салық мөлшерін көбейтуге мәжбүр болды, соның нәтижесінде бүқараның біраз бөлігі Абу Абдаллахқа қосылды. Ал Абу Абдаллаз керісінше соғыссыз бағынаған қалаларға оның алдында жиналған салықты қайтадан таратқан, бұл әрекет оның армия са*нының өсуіне себеп болды. Аглабидтердің астанасы Каируан қаласына жету және оны жаулап алура үш жыл кетеді, сөйтіп 909 ж. Зийадаталлах өз Раккада резиденциясын тастап, Египетке қашура мәжбүр болады.

Абу Абдаллахтың күресі мен үгіт-насихаты имам Убайдаллахтың таққа келуі үшін жүргізіліп жатқан әрекет. Исмаилиттердің табысты жаулаушылығынан кейін Убайдаллах Абу Абдаллахтың шақыруымен Саламиядан Мағрибке келеді, бірақ ол бірден кутамиттерге бармай көршілес жатқан Сиджилмас деген Хариджит эмиратына соғады. Бұған оның саяси көзқарасы, Аглабидтердің күші әлі де болса мықты және Абу Абдаллахтың толық жеңіске келмеуі себеп болды. Сиджилмастың басшысы Йаса ибн Мидрар Зийадаталлахқа көніп, Убайдаллахты тұтқынға алады.

909 ж. Абу Абдаллах имамды босатып, оны таққа отырғызу үшін үлкен армиямен Сиджилмасқа аттанады. Осы экспедиция кезінде жергілікті халықтар көмегімен Тахертте Рустамиттердің билігін құлатады. Сиджилмас соғыссыз беріледі. Абу Абдаллах Убайдаллах пен оның баласын тұтқыннан босатып, халыққа: «Бұл Махди және де сендер оған табынуға тиіссіңдер» - деген үндеу айтады.

Экспедицияның қайтар жолында 910 ж. Убайдаллах «сенушілердің эмирі», яғни халиф деген атаққа ие болып, сонымен қатар ресми түрде «мағди» титулын алды, ал бүл исмаилиттік оқу бойынша әділеттісізден тұрған жалған өмірдің бітуі, «алтын ғасырдың» басталуы деген мағына беретін.

Солтүстік Африкада жаңа шииттік мемлекеттің пайда болуы мұсылман әлемінде бір-біріне қарсы тұрған үш халифаттың болуына әкелді: Фатимидтер, Аббасидтер және кордова Омейядтары.

Махдидің пайда болуы берберлерге күткен бақытты әкелмеді. Кайруанға кірген Абу Абдаллах оның түрғындарына өмір мен олардың мүліктерінің сақталынып қалатына уәде берген, бірақ Махди Убайдаллах тек өмір гарантиясын берді. Сонымен қатар Убайдаллах исмаилизмді мәжбүрлеу арқылы таратқан, қарсы шыққан адамдардың барлығын дарға салған. Бұл саясат фатимидтерден берберлердің біраз тайпаларының кетуіне себеп болдв.

Абу Абдаллах халық арасында өз белсенді істерімен белгілі болған. Бұл Махдинің саясатымен келіспеді, 911 ж. оның бүйрығымен Абу Абдаллахтың басын шауып тастады. Осыған жауап ретінде кутамиттердің көтерілісі басталады. Оларға қарсы Махди өзі көтерілісті басатын күштерді басқарды, соған қарамастан Ифрикияда толқулар аяқталмады. Олардың ең ірісі 922 ж. Зеват, Хавара және т. б. бастаған Аурас және Заба тауларында болған бербер тайпаларының көтерілістері болған. Көтерілістің басшысы кутамитердің шейхі, хариджизм ағымының адамы Абу Йазит болды. Көтерлісшілер жаңа тәуелсіз берберлер мемлекетін құруды мақсат етті. 928-929 жылдары болған ашаршылық көтерілістің кең аймаққа таралуына себеп болды. Берберлердің көтеріліске қатысатын тайпаларды басу Убайдаллахтың (910-934) және оның мұрагерлерінің -Каим (таққа отырғанда Абу-л-Қасым, 934-946), Мансұрдың (946-953) ішкі саясатындағы негізі проблема болған.

Махдинің кезінде шығыста Барка мен Триполи бағындырылды. Рустамиттер мен Мидрариттердің жеңілуі Фатимиттердің Махридтің біраз бөлігіне ие болғаны деген сөз. Бірақ бүкіл Махридке билік етуге Идрисидтердің шиит эмираты кедергі жасаған.

917 ж. Идрисидтер Фатимидтердің үстемдігін мойындағанына қарамастан, олар кей уақыттарда кардова Омейядтармен одақтасып отырған, ал олар өз кезегінде Солтүстік Африкада өз билігін орнатқысы келген.

Мағрибтің толық бағыһуы Муизздің (953-975) тұсында өтті. Ол 958 ж. Джаухарды армияның қолбасшысы етіп, батысқа аттандырады. Джаухар фатимидтердің билігін Тахиртте және Сиджилмаста күшейтіп, Идриситтердің астанасы Фас қаласын жаулап алады. Берберлердің соңғы бағынбайтын тайпалар сыйлықтармен немесе биліктегі жоғары қызмет орындармен өз жағына тартылды. Енді Фатимидтер халифтің туы астында Солтүстік Африканың Египетке дейін бүкіл теңіз жағалау болған. Аббасидтердің наместниктері аглабидтердің толық талқандалуы фатимидтердің Сицилияға өзінің билігін орнатып және Мағрибке теңізден бола алатын шабуылды тоқтату деген сөз. Мансұр халиф Абу Йазидті женген соң Сицилияның басшысы етіп араб Калби фамилиядан шыққан Хасанды отырғызады, осыдан кейін бұл фамилия наместниктердің династиясына айналады. Аралға үстем етуге Византияда үлкен роль атқарды. Көптеген қанды соғыстар мен қақтығыстарға толы Византия мен Фатимидтер әулетінің күресі 964 ж. Никифор II Фока (963-969) тұсында Византияның жеңілуімен аяқталды. Сөйтіп, фатимидтер өз билігін тек қана Сицилияда күшейтіп ғана қоймай, сонымен қатар Византияның территориясында орналасқан Калибрияны жаулап, оны джизия салығын төлеуге мәжбүрледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Египет мәдениеті
Египет. Ежелгі египеттің өркениеті
Крест жорықтарының сипаты мен алғашқы крест жорықтары
Ежелгі дүние тарихы пәнінің ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мәмлүктер билігі дәуіріндегі Египет (ХІ – ХV ғғ.)
Ежелгі Египет мәдениетін мектепте оқытудың әдістемесі
Египет пирамидаларының тарихы
Ежелгі Египет тарихын дәуірлеу
Математика тарихының кезеңдер
Египет Араб Республикасы туралы жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz