Жапониядағы демократиялық қозғалыстың өрлеуі (1917-1930 ж.ж.)


КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
«Жапониядағы демократиялық қозғалыстың өрлеуі» (1917-1930 ж. ж. )
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-10
I - Т А Р А У. Жапония еңбекшілерінің демократиялық өзгерістер үшін күресі
§ 1. Қазан революциясының Жапония демократиялық қозғалысына тигізген ықпалы . . . 11-18
§2. Жапония коммунистік партиясының құрылуы . . . 19-29
II - Т А Р А У. Демократияшыл күрестің одан әрі қарай өрлеуі
§ 1. Алғашқы репрессия кезіндегі ЖКП-ның жағдайы, солшыл оппортунизммен күрес . . . 30-39
§2. 1927 жылы Коминтерннің /Тезистері/ қарарлары революциялық қозғалыстың қайта өрлеуі . . . 40-48
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 49-52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 53-54
КІРІСПЕ
ТАҚЫРЫПТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ. Бүгінгі тандағы Кеңес одағындағы демократиялық өзгерістер мен қайта құрулар басқа елдердегідей демократиялық және революциялық қозғалыстар тарихын оқып үйренуді қажет етеді. Мәселенің осы аспектіде Жапония тарихы мысалы негізінде қарастырылуы, оның бүгінгі тандағы алдың қатардағы дамыған мемлекет дәрежесіне жету себептерін түсінугедеген ұмтылысын да туындады. Ресейдегі социалистік революция, басқа да көптеген елдердегі сияқты Жапонияда да үлкен демократияшыл өзгерістер жасауға деген белсенділікті күшейтті. Қазан революциясы жер шарында социализм идеясының кең тарап, коммунистер беделінің зор қарқында артуына әсер етті. Нәтижесінде Жапониядағы революцияшыл және демократиялық қозғалыстың жетекші күші еңбекшілер бұқарасына сүйенген коммунистер болып шықты. Бірақ олардың қимыл әрекеті мен күрес тактикасы көптеген елдердегіден өзгеше болды. Мұның өзі демократиялық өзгерістердің барысы мен дәрежесіне ықпал етті. Аталған әселелер тақырыптың маңызды екенін айқындайды деп түсінемін.
ТАҚЫРЫПТЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ДӘРЕЖЕСІ. Осы уақытқа шейін тарих ғылымының шығыстану бөлімдерінің тарихшылары Жапония коммунистік қозғалысы туралы проблемаларды Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңнің өзінде біршеме зерттеп, монографиялық еңбектер жазды. Мұнымен қатар сол кездегі партияның да документтері де /Жапонияға байланысты/ жарияланды. Жапония коммунистік партиясының сәселесі туралы 1927 жылғы 15 шілдедегі Коминтерннің Атқару Коммитетінің қабылдаған қарарлары мен тезистері. /1/.
Тағы да Жапония коммунистік партиясының бірқатар документтерімен ЖКП-ның көрнекті жетекші қайраткері Сейти Итикаванның 1931 жылғы соттағы сөзі Жапония коммунистік қозғалысының пайда болуымен дамуы туралы ең алғашқы тарихи документ болып қалды. /2/.
Жапония коммунитік партиясының тарихын жасаған және қүнды бай материал қалдырған ЖКП-ның ең алғашқы негізін қалаушы, 20-шы, 30-шы жылдардың аралығындағы шығыс елдерінің ұлт-азаттық қозғалысындағы халықаралық коммунистік қозғалысының ұлы қайраткері Коммунистік Интерноционалдың жетекшілерінің бірі болған Сэн Катаяманың еңбегі зор орын алады. Ол еңбектердің жинағы үзінді ретінде Сэн Катаяманың естелік шығармаларына жинақталған. Өзінің еңбектерінде Жапония жұмысшы қозғалысының практикасы мен теорияларының және коммунистік қозғалыстың проблемаларын көтерумен қатар көп мәселелерге жауап берген. /3/.
Кеңес және шетел ғалымдарының Жапония тарихы жөніндегі еңбектерінде, соның ішінде жұмысшылар социолистік қозғалысы мен ЖКП-ның құрылуы мен қызметі жайында әр түрлі еңбектер жазды. Кеңес тарихшыларының ішінде К. А. Гамосковтың «Марксизм-ленинизмнің Жапонияға таралу тарихы», Д. И. Гольберг «Жапония жұмысшы және социалистік қозғалыстың тарихы жөніндегі очеркі», Г. Д. Иванова «Дело об оскарблении торна», А. Б. Козоровидцкая «Борьба за единства рабочего класса Японии», «Очеріси истории коммунистического движения в Японии» еңбегінің маңызы зор. Бұл кезеңнің яғни екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі уақыттағы Жапония Коммунистік партиясының тарихын терең зерттеуде Коваленко максистік-лениндік методологиясына сүйене отырып, Жапония, Америка тарихшыларының және басқа да шетел тарихшыларның еңбектерінің бүрмаламау, тарихи фактілерді мойындамауын дәлелдеген, Жапония коммунистерінің шынайы күресінің шындығын қалпына келтірді. Бұл кезеңнің тарихын зерттеуде Коваленко қолданған көптеген жаңа заман тарихындағы доукменттер мен материалдардың бірі ЖКП-ның орталық комитетінің 1972 жылғы жарияланған «50 лет Коммунистической партии Японии» деген документ. Автор бұл еңбегінде Жапония коммунистік партиясының жаңа документтерімен, оның жетістіктерімен ең соңғы мәліметтермен байланыс жасаған. Сол елдің демократиялық күшінің күресінің жаңа этапын таныстырды. Марксизм-ленинизмнің негізін қалаушылардың көрсеткеніндей: «Без такого понимания необходимой исторической связи и тем самым вероятного хода развитие событии не возможно никакая успешная партийная политика». /4/.
В. И. Ленин осы мәселеге байланысты жазғанындай «Ең негізгі мәселе тарихи байланысты үмытуға болмайды, әр мәселені талдағанда, сол құбылыстың белгілі бір тарихи кезеңнің, белгілі бір этапында пайда болғаны туралы көзқараспен және ол құбылыстың қазіргі жағдайда қандай жағдайда тұрғанына мән беру керек». /5/.
Автор осындай диалектикалық методологияға сүйене отырып, бұл проблеманы алдымен Жапонияның әлеуметтік-экономикалық дамуын және жұмысшы табының саяси идеялық жағынан пісіп жетілуінің арқасында оның қоғамның революция арқылы өзгертудегі қозғаушы күшке айналуын көрсете білді.
Жапония империализміне тән спецификалық құбылыстарды баса көрсете отырып, жұмысшы табының қалыптасуына, оның таптық сана-сезімінің дамуына кедергі болғанын айқын көрсетеді. Жұмысшы және социалистік қозғалыстармен алғашқы марксистік топтардың құрылуы жөнінде, ал негізінен Жапония коммунистік партиясының құрылу тарихын зерттеген.
Көптеген буржуазиялық тарихшылар Жапонияда Коммунистік партия пайда болуға елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайында туындауы мүмкін емес, осы күштердің қысымымен құрылды деген.
ТАҚЫРЫПТЫҢ ДЕРЕКТЕРІ. Диплом жұмысын жазу үшін біз сол кездегі жапондық коммунистердің еңбектері мен мерзімді басылымдар -»Правда», «Хикари», «Тихий океан» - материалдары деректік мәліметтер ретінде пайдаланылды. Жапония Коммунистік партиясының документтеріне, яғни фактілерге сүйене отырып таптық күрестің дамуы арқылы өмірдің өзі жұмысшы табын марксизм-ленинизм теориясымен қаруланған жеке партиясын құруға жағдай туғызады және тағы бір факті болатын жағдай, партияның аз уақыт ішінде құрылуына үлкен әсерін тигізген Қазан революциясының тәжрибесі мен халықаралық жұмысшы табының алдындағы интернационалдық міндетін атқаратын Комитетінің қолдауы болып табылады. ЖКП-ның қайраткері С. Итикава революция жолында Қазан революциясының ықпалымен коммунистік қозғалысқа белсене қатысып, кейіннен былай деп жазған: «Жапония Коммунистік партиясы 1922 жылдың шілде айында Интернационалдың жапон-секциясы ретінде құрылды. Сонымен қатар оның пайда болуына Жапония капитализмінің дамуы әсерін тигізбейді деп айтуға болмайды. ЖКП-ның құрылуына негіз болған Жапония капитализмі».
ЖКП - Жапония пролетариатының саяси партиясы. /6/.
«Жапония жұмысшыларының талабының орындалуын тездеткен жағдай, орыс пролетариатының революциясының жеңісі». /7/.
Итикава коминтерннің көп көмегін ашып айтты. Жапония жұмысшы және коммунистік қозғалысының тарихы ең қиын кезеңде помещиктік езгі мен реакциялы-монархиялық құрылыстағы капиталистерге қарсы күресті. ЖКП-нің соғысқа дейінгі кезеңінде партияның бостандық пен бейбітшілік туына адал, ұлт-азаттық және халықаралық пролетарлық ынтымақтық үшін, қиын кезеңдерді басынан кешірді.
Импереалистік Жапония әскери-полицейлік аппараты ЖКП-ның легальді, яғни ашық түрде қызметіне жол бермеу үшін жанталасты, социализм идеясын бұқараға таратпауына бөгет жасаумен болды. Жапония пролетариатының коммунистік партия қатарына кіруі өте қауіпті еді, оларды заңсыз сот, қатаң жаза, күтіп түрды. Коммунистерді халық жауы ретінде көрсетті. ЖКП-ның қатарын репрессия әлсіретіп, дүниеге көзқарасын, күрес мақсатын ашық түрде айта алмады. ЖКП-ның қалыптасуына субъективтік және объективтік қиыншылықтары болды. Алғашқы кезеңде партияға әр түрлі социалистік группалар мен кружоктардан кірген мүшелердің басымы әлі де анархизм, синдикализм идеяларынан түгел арылмаған, сондықтан жұмысшы табының арасында бір тұтас, тиянақты үгіт жүргізе алмады. Жағдайдың ауырлануына тағы да себеп партия Жапонияның жұмысшыларының реформистік үгіттің үстем болып тұрған жағдайында әбден бытырап кеткен жұмысшы қозғалысымен бетпе-бет келуі. 1923 жылы Жапония Коммунистік партиясы жаппай репрессияға үшырауы, партия мүшелерінің арасында жіктелу және тарату сияқты ойлар туғызды.
1924 жылғы ақпан айының аяғы мен наурыз айының аралығында ЖКП-ның социал-реформистік тобының кездесуінде партияны тарату туралы басым көпшілік дауыспен шешім қабылдады. Бұл кездесудің формасы не конференция, не съезге келмейтін еді. Бұл істе белсенділік көрсеткен партия теоретигі Хитосия Ямакава мен кәсіподақтар ісімен айналысушы Кацумара Акамацу және т. б.
Коминтерн және Сэн Катаяма бұл хабарды естіп үзілді-кесілді қарсы шықты. Комитерн ЖКП-ның қайта қалпына келтіруде көп көмек көрсетті. Бұл кезең туралы «60 лет коммунистической партий Японий» деген еңбекте кеңінен жазылды. Бюро мүшесі Кюити Токуда Мәскеуге өкіл ретінде келіп, жағдайды мәлімдегенде дереу арада көмек көрсету керектігі туралы Коминтерн шешім қабылдады. 1924 жылғы шілдеде Коминтерннің V конгресі шақырылып, Жапония проблемасына арнайы комиссия құрды. /8/.
Бұл талқылауларға Катаяма, бюро мүшелері К. Токуда, Манабу Сано /Коминтерндегі щығыс бөлімінің қызметкері/ Эйдзо Кондо /Профинтерннің Жапония қызметкері/ қызмет атқарды. /9/.
Шынайы коммунистердің еңбегінің нәтижесінде 1926 жылы Госики қаласында ЖКП-ның тарихындағы қалпына ел келтіру болып саналатын III съезд ашылды. ЖКП-ның Орталық Комитетінің құрамына Ватанабэ, Сеити Итикава, Садатика Набэяма, Манабу Сано, Фумио Сано, Кюити Токуда, Кадзуо Фукумото кірді.
Осы кезеңде әлі де болса ЖКП-ның ішінде қызу күрес жүріп жатты. Оңшыл-оппортунистер мен күресу процесінде жеңіске жеткен ЖКП-ның басшылығын қолына алған солшыл топтың Фукумото группасы болды. Оңшыл-оппортунистерді сынай отырып, Фукумутистер де сектанттық жолға түсті. Олар ЖКП-ның құрамын азайту керек деп партияның ісін тек аз ғана профессионалды революционерлер басқару туралы «теоретикалық күребті» ұсынды. Бұл линия да партияны таратуға дейін барды. Бұл кезеңде Коминтерн Жапония Коммунистік партиясына дүрыс жол көрсетіп отырды. Жапония мәселесі туралы Коминтерннің Атқару Комитетінің тезистері /1927 жылғы тезис ЖКП-ның мүшелері Сэн Катаяма, Масоноскэ Ватанабэ, Киюто Токуда және т. б. қатысты/ партияның ревизионистерге, анархистерге қарсы күресіне көмек тигізді. Оппортунизмді жеңіп шығуы ЖКП-ның күшін қалпына келтіріп қана қоймай, оның құрамын біршама көбейтті. 1927 жылы желтоқсанда, 1928 жылғы наурыз айларының аралығында ЖКП-ның қатары үш есеге артты. 1928 жылы ЖКП сайлау компанияларына белсенді түрде араласып, ашық түрде қызмет атқарып тұрған «жұмысшы шаруа партиясы» /роното/ арқылы парламенттік сайлауға өз кандидаттарын ұсынды. Сол жылы партия ұйымының баспасы «Қызыл Ту» /»Сэкки»/ газеті шыға бастады. Жапония Коммунистік партиясы жұмысшы табымен бұқара халықты күреске шақырды. Демократиялық қозғалыстардың өршуінен қауіптенген үкімет ЖКП-ның және жұмысшы табын репрессияға ұшыратты. Өлім жазасы мен мезгілі белгіленбейтін каторгаға айдалу көбейіп кетті. 1928 жылы мамырда жаппай коммунистерді қамауға алу басталды. Ол 1929 жылдың 1 мамырында қайталанды. 1932 жылдың өзінде Токиода 2 мың коммунисті қамалды. Жалпы 1928-1933 жылдар аралығында 62 мың адам қамалды. Террорға қарамастан Жапония демократиялық күші күрестен тайынбады.
І-ТАРАУ
ЖАПОНИЯ ЕҢБЕКШІЛЕРІНІҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ҮШІН КҮРЕС
§ 1. Қазан революциясының Жапония демократилық қозғалысына тигізген ықпалы
1917 жылғы Қазанның естен кетпес күндерінен, қоғамдық прогрестің, шынайы адамдық тарихтың жаңа дәуірінің өз есебін жүргізе бастаған сол бір аңызға айналған күндерден бізді 70 жыл бөліп тұр.
«Қазан - азаматтың шын мәніндегі «Жұлдызды сағаты», оның нұрлы таңы. Қазан революциясы - халықтың революциясы және халық үшін, адам үшін, оны азат етіп, дамыту үшін жасалған революция». /1/.
Ресейде жұмысшы-шаруа үкіметінің құрылуы, оның Бейбітшілік және Жер туралы тарихи декреттері мен Ресейдің халқының құқығы туралы декларациясы, бүкіл елдің жұмысшы халқына, социализм идеясының өміршең екендігін дәлелдеп, әлеуметтік және ұлт-азаттық күреске жаңа күш пен жігер берді.
Бірақ, шындығында қазан оқиғалары туралы шетел жұмысшыларына үлкен қиыншылықтар арқылы жетті. Буржуазия Ресей революциясын әр түрлі тәсілдер арқылы бұрмалап, Кеңес үкіметінің жұмысшы шаруаға жасаған тарихи шешшдерш жасырып қалуға тырысты. /2/.
Қазан социалистік революциясы, Жапония революциялық қозғалысына қатты әсер етті. Ресейдегі революция жеңісінен кейін басқа да елдерде партияның жаңа типі - коммунистік партияның құрылып жатқан кезде Жапония шет қалған жоқ.
Жапония коммунистік партиясының құрылуы Қазан жеңісімен тікелей байланысты. Қазан социалистік революциясы Жапония жұмысшы-шаруа қозғалысының саяси күресін жандандырды. Бұл таң қаларлық жағдай емес еді, өйткені бұл кезде Жапония жұмысшы табы, капиталға қарсы күресте тәуір тәжірибе жинақтаған болатын.
Сол кездегі Қазан туралы алғашқы хабар жеткен кезде, Жапония бұқара халқының саяси жағдайына дәлел болатын жағдай бүкіл баспа бетінде «Қазан оқиғалары туралы күнделікті жарияланып тұрды». Жапон журналисі Огура, «Ресейден жеткен хабарларды жапон халқы, көздеріне жас алып шын көңілімен қабылдады». «Социалистік революция үшін, өмірлерін құрбан еткен С. Котоку және тағы басқа әріптестерінің өмірлері босқа кеткен жоқ» деп жазды.
1918 жылы тамызда Қиыр Шығыс Кеңесінің V съезіне Жапон социалистері өздерінің қүттықтау хатын жіберді. Бұл хатта былай деп жазылды:
Орыс жолдастарына.
Орыс революциясының алғашқы күнінен бастап, біз, Сіздердің жалынды қызметтеріңізді шын көңілмен қадағалаудамыз. Сіздердің қызметтеріңіз, біздің халқымыздың шамасына үлкен әсерін тигізді. Қазір біздің үкіметіміздің Сібірге жіберген әскерінің, сіздердің революцияларыңыздың тағдырына қауіп төндіріп тұрғанын білеміз. Оған қарсы қоятын біздің күшіміздің жоқ екеніне қынжылудамыз. Бірақ біз, жарқын болашақта бүкіл Жапонияда революция Қызыл туының желбірейтініне сенімдіміз.
Революциялық сәлеммен:
Токио және Иокагама социалистік тобының Атқару комитеті». /3/.
Имиграцияда Нью-Йоркте жүрген Сэн Катаяма және жұмысшы қоғалысының солшыл қанатының қайраткерлері Дж. Рид, Ч. Рутенберг Юдебс, Ч. Байкер және т. б. Қазан социалистік революциясының алғашқы қорғаушылары болды. Нью-Йоркте Сэн Катамаяның редакциясының шығарылып тұрған «Хэмин» газеті Қазан социалистік революциясы туралы «Жапон жұмысшы халқы Ресей революциясының жеңісін - зор қуанышпен қарсы алуда. Самодержавиенің құлап, еркін республикасының құрылуы, Жапония халқына бюрократтық қатаң режимге қарсы күресте қуатты қолдау мен жігер берді». /4/.
Қазан әсерімен, Жапонияда ғылыми социализм жасауға жағдайлар туды. Монархияны құлату, капиталистік-помещиктік қанауға қарсы күрес жолындағы жұмысшы табы мен шаруаларды ойландырған көптеген проблемалық сұрақтарына дүниежүзілік пролетариатының көсемі В. И. Лениннің еңбектерінен жауапты Жапонияның алдыңғы қатарлы күштері іздестірді. Тек социалистер ғана емес, прогрессивтік ойдағы интеллегенция Ленин еңбектеріне назар аудара бастады. В. И. Ленин еңбектерін Жапония прогрессивті баспалар басып шығара бастады. «1932 жылы В. И. Лениннің еңбектерінің негізгі бөлігін басып болды /В. И. Лениннің шығармалары Жапония еңбекшілері және революционерлеріне коммунистік партиясын құруына сабақ болды. / «Хакуесея» баспасы В. И. Лениннің 10 томдық еңбегін басып шығарып, оған хабарландыру жасаған кезде, былай деп жазды: «Лениннің түлғасы тарихтың көк жиегінде, әлемдегі жаңа құрылыстың жеңімпазының хабаршысы ретінде көрінеді. Ленин ойын түсіну, яғни адамзат тарихының бетбұрысының мағынасын және маңызын түсіну. Жұмысшы-шаруа азаттық жолындағы күресінің түп-нұсқасын зерттеудегі ғылыми негіз болып табылады. Бұл еңбектер әлеуметтік мәселені зеттеушілер мен саяси қызметкерлер жаңа экономистерге қажет». /5/.
Аз уақыт ішінде В. И. Лениннің «Мемлекет және революция», «Империализм капитализмнің ең жоғарғы сатысы», «Ресейде капитализмнің дамуы», «Жаңа экономикалық саясат», «Империализм және ұлттар туралы», «Социализм және соғыс», «Пролетарлық революция», «Пролетариаттың саяси жағдайы», «Не істеу керек?», «Материализм және империякритизм» деген еңбектері Жапонияда кең тарады.
Жапонияның алдыңғы қатарлы прогрессивтік халқы Қазан революциясын құшақ жая қарсы алып, қолдаса, билеуші топ - Қазан идеясын Жапония халқының арасында тез таралуынан қауіптеніп, премьер-министр Тэраути кабинеті бірден қатаң шаралар қолдануды талап етті.
Репрессиялық шаруларға қарамастан, елде жұмысшы қозғалысы күннен-күнге өсіп келе жатты. 1917 жылдың наурызында металлургия заводының 4 мың жұмысшысы қатысқан ереуіл, Мораран қаласында болып өтті, маусымда Нагасакидегі кеме жасаушылардың 10 мың жұмысшысы қатысқан көтерілісі болды. Жалпы осы жылы 398 ереуіл болып, оған 57, 3 мың адам қатысты. Бұл 1916 жылға қарағанда қақтығысулар төрт есе, ал қақтығысушылардың саны жеті есеге артты. /6/.
Жапония еңбекші халқыньщ күнделікті тағамы - күріш. Күріштің бағасының күрт өсіп кетуінен наразы болып, күннен-күнге жағдай шиеленісе түсті. 1918 жылдың ортасында Кеңестік Қиыр Шығысқа интервенцияға әскер жіберуіне байланысты, саудагерлер бүкіл күрішті жоғары бағамен сату үшін қолдарына жинады. 1914 жылы бір есе /1, 8 литр/ күріштің бағасы 12 сэн болса, 1918 жылы 25 сэннен 37 сянге өсті. 1918 жылы 3 тамыз күні Тояма профиктурасындағы шағын портты поселкада балықшылар жиналып, жергілікті үкіметке күрішті сыртқа шығаруды тоқтату туралы шағым айтты. Күрішпен сауда жасайтын саудагерлердің үйін қоршап, арзан бағамен сатуларын талап етті. Бірақ бұл оқиғаға полиция араласып, қақтығыста көптеген әйелдер жараланады. Бұл оқиғаны естіген басқа поселкалар да көтеріліп кетті. Киюто Осаку, Ногая, Кобэ сиқты қалаларды орман өрті секілді көтеріліс буы шарпыды. Барлық жерде полицейлермен қақтығысып, император армиясының гарнизондарының көмегімен жауыздықпен басып отырды. 1918 жылы 3 тамыздан 17 қыркүйекке дейін 36 профектурасын, яғни Жапония территориясының 3/3 қамтыды. Күріш бүлігін шахтерлар мен басқа да еңбекші бұқара қолдап, көтеріліске шыға бастады. Күріш бүлігіне барлығы 10 мың адам қатысқан. Үкімет билікті басу үшін бүкіл репрессиялық аппаратқа, тұрақты әскерді қоса аяусыз қан төгіспен басып тастады. Нәтижесінде 7813 адам қамауға алында. Баспаға «Күрішбүлігі туралы» жариялауды қатаң тиым салды. /7/.
Нью-Иоркте жүріп Катаяма «күріш бүлігін» естіп үлкен үмітпен қарсы алып, келіп жатқан хабарларды тиянақты жинап, талдады. 25 тамыз күні «күріш бүлігінің» нағыз қызған уақытында ең алғашқы материалын жариялайды. «Хэймин» газетінің қарашасындағы бүкіл нөмірлерінде «күріш бүлігін» хабарлады.
Мұнда негізінен 4 қазандағы хаты жарияланды.
Жұмысшылар мен кедейлер арзан күріш алғанымен, ешқандай заң өзгеріп немесе жойылған жоқ. «Күріш бүлігінің» салдарынан министрлер кабинеті қүлағанмен /Тэраути кабинеті/ оның орнына басқа кабинет келеді, оның жақсырақ болатыны күмән тудырады - Бірақ бір нәрсе ғана сенімді. Ол - күріш бүлігінің болашақтағы Жапониядағы әлеуметтік революциясының бастамасы екендігін дәлелдейді. /8/.
Күріш бүлігінің стихиалық жағдайда өткені жұмысшы табының авангарды болатындай партияның болмау әсер етті, бірақ, бұл оқиғадан кейін Жапония жұмысшы табы өзінің күшіне классикалық организацияның қажет екенін дәлелдеп, революциялық қозғалыстағы алға жасаған үлкен бір қадам болды. «Правда» газөеті күріш бүлігі туралы былай деп хабарлайды: «Қазір Жапония еңбекші бұқарасы соқыр әлсіздікпен астананың үйлерін, редакцияларын, күріш қоймаларын қиратып жатқанымен, ертеңгі күнде әсіресе орыс революциясының қаруымен нәтижелі күреске шығады» деп жазды. /9/.
Жапонияның жұмысшы және социалистік қозғалысының өрлеуіне себебін тигізген жағдай - бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі елдегі экономикалық кризистің басталуы. Соғыс аяқталған соң, соғыс жүргізіп жатқан мемлекеттерге шығаратын соғыс тапсырыстарының тоқтап халуы «Жапония буржуазия капиталына соққы болып тиді. Сыртқы рыноктың тарылуына байланысты, Жапония экспорты 40 пайызға қысқарды. Көптеген өндіріс салаларының қысқарылуы, бірқатар компаниялардың банкрот болуына әкеп соқтыз, ал бұл жағдай жұмыссыздықтың санын өсіріп, еңбекші бұқараның жағдайын нашарлатты. Жұмысшы қозғалыстары өршіп, кейбір жетістіктерге жете бастады. 1918-1922 жылдары көтеріліс 1910-1916 жылға қарағанда бес есе артты, қатысушы саны сегіз есе.
1921 жыл, жапон еңбекші федерациясы /Родо Содомэй/ құрылды. Жапония шаруаларының жағдайы да төмендеп кетті. /Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін/ Арендалық төлем дүниежүзіндегі ең жоғары салықтың бірі болып саналады. Ол өнімнің 60 пайызын алды. /Деревняларда арендалық қақтығыстар жиіледі. Егер 1917 жылы 35 қақтығыс болса, 1918 жылы 256 қақтығыс болды, 1919 жылы - 376, 1920 жылы-408, 1921 жылы- 1680, 1922 жылы- 1578, 1923 жылы -1917/. /10/.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz